Похожие презентации:
Балалардағы жүрек-қантамыр жүйесі мүшелерінің құрылысының ерекшеліктері
1. ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Гистология кафедрасы
Тақырыбы:«Балалардағы жүрек-қантамыр жүйесімүшелерінің құрылысының ерекшеліктері».
Топ: 3-026 ЖМФ
Орындаған:Турдибаева Д.А
Қабылдаған:Койшиманова У.С
2017ж
2. Жоспар
• I. Кіріспе• II.Негізгі бөлім
• 2.1.Балалардағы қан тамырларының
құрылысының ерекшелігі
• 2.2.Балалардағы жүректің ерекшеліктері
• 2.3.Балалардағы жүрек қабырғасы
қабықшаларының гистологиялық ерекшеліктері
• III.Қорытынды
• IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3. Кіріспе
• Жүрек-қан тамырлар жүйесіне: жүрек жәнелимфалық тамырлар жатады. Бұл жүйе
организмде қанның, қоректік
және
биологиялық белсенді заттардың, газдардың және
энергияның таралуын қамтамасыз етеді.
• Жүрек –қан –тамыр жүйесінің орталық мүшесі.
Балалық шақта жүректің өсуімен қатар жүрек
тіндерінің қайта құрылуы, ажыратылуы жүреді
4.
Балаларда да жүрек қантамыр жүйесінің орталығы
жүрек болып табылады.Ол
постнатальды кезеңнің
бастапқы 1 жылында овальді
формалы, кейін 3 жаста –
конус тәрізді формаға ие
болады.
Баланың жүрегі үздіксіз
өсіп, жетіліп, 10 – 14 жастың
арасында жүректің ақырғы
тіндік дифференциясы
аяқталады, сонымен
морфологиясы жағынан
өлшемінен басқа,
ересектер жүрегінің даму
дәрежесіне жетеді.
5.
Баланың жасының өсуіне байланысты жүрек құрылысы даөзгереді. 3 жасқа дейін ұзынша бағытта өседі. Соның
нәтижесінде 1 жаста сопақша, 3 жаста конус тәрізді пішінде
болады. 2-6 жасқа дейін жүрекше мен қарынша бір қалыпты
өседі. 10 жастан кейін қарынша тез өседі. Жүректің салмағы
5-6 жаста ұлдарда қыздарға қарағанда үлкен. 9-13 жаста
қыздарда үлкен, 15 жаста ұлдарда үлкен болады. Сол жақ
қарынша миокарды оң жаққа қарағанда тез өседі. 16 жасқа
дейін осы көлемдері сақталады. 1 жастағы балаларда қарынша
ішіндегі бұлшық етті трабекулалар ішкі бетін толық жабады.
Трабекулалардың едәуір қатты өсуі жас өспірім шақта(17-20
жж.).
6.
Миозин мен актин құрылымының молекулярлықерекшелігі бар.
Балалардың миокардында өмірінің алғашқы
айларында миозиннің бета-изомері байқалады, яғни
салыстырмалы түрде төмен АТФ-азалық активтілігі
болады. Бала организмінің өсуі кезінде ол жоғары
АТФ-азалы
активті
альфа-изомермен
орын
алмастырады.
Миокардтың
қызметтік
мүмкіндіктерінің жоғарылауына байланысты актин
изомерлері мен оның альфа-формасының өзгерістері
болады. Бұл процесс алғашқыда тәж артерияларының
бұлшықеттерінде, кейін қарыншалар миокардінде
және соңында жүрекше миокардінде орын алады.
7.
Ерте жастағы балалардың эндокардыборпылдақтығымен ерекшеленеді, өскен
сайын клапандары қалыңдайды.
Жаңа туған балалардың миокарды жіңішке, өзара
толық ажырамаған, көп ұсақ, сопақша ядролары бар
бұлшық ет талшықтардан құрылады. Дәнекер тіні
мен эластикалық талшықтар аз дамығандықтан көлденең
сызықталу және ұзынша бөліну нашар білініп тұрады.
Жас өскен сайын миофибрилдер, Пуркинье
талшықтары қалыңдайды, ядролары таяқша тәрізді, ірі
болып өзгереді, бірақ саны азаяды. Дәнекер және
эластикалық тіні одан әрі дамып, бұлшық
еттердің көлденең сызықталуы күшейеді.
Эпикард жас балаларда өскен сайын қалыңдайды.
8.
3 жастан бастап 7-8 жас аралығында дене массасының баяуөсуіне байланысты жүрек тінінің соңғы дифференцировкасы
болады,
10
жаста
оның
гистологиялық
құрылымы
ересектердікіндей болады.
2-10 жас аралығында жүрек бұлшықетінің дифференцировкасы
мен өсуі болады. Миокард жуандығы циркулярлық қабықтың
дамуына байланысты дамиды. 5-6 жастан бастап дәнекер тінінің
саны жоғарылай бастайды, қантамырлық жүйенің магистральді
типте дамуы басталады. Осы уақыттарда жүректің эластикалық
аппаратының күші жоғарылай бастайды. Эндокардта жұмсақ
бұлшықеттік қабық түзіледі. Пубертантты кезеңде өзгерістер тағы
да басталады, қыз балаларда бұл өзгерістер темпі жоғары болады.
Бұл кезеңде құрылымдардың диаметрі үлкейеді, ішкі мүшелер
қантамырларының,
нервтік
аппараттың,
қақпақшалардың
құрылысы аяқталады.
9.
Балаларда жүректі қанмен қамтамасыз ету үшінұсақ капиллярлар торы жақсы дамыған, яғни
Тебезия –Вьессена тамырлары.
М.С Толгской және М.В Тилосани мәліметтері
бойынша 3 жасқа дейін тәждік артериядан
бірдей калибрлі артериялар тармақталынады.
Кейін бұлшықетті қабықшаның дамуына
байланысты оның диаметрі өзгереді.
10. Қан-тамырлар ерекшелігі:
Балаларда ересектерге қарағанда қан тамырларыжұқа, бұлшық ет және эластикалық талшықтары нашар
дамыған. Артериялардың және веналардың
саңылауы шамамен бірдей, бірақ веналардың өсуі озып
кетеді, сондықтан 16 жасар балаларда олардың ені 2
еселенеді. Сонымен қатар тамырлардың бұлшық
еті, дәнекер тіні дамиды, әсіресе ішкі қабаты қалыңдайды.
Бала өскен сайын тұрғаннан, жүргеннен бері
капиллярлардың саны, ұзындығы ұлғаяды, коллатеральді
тамырлар көбейеді, дененің төменгі бөлігінің вена
жүйесінің үдемелі дамуы байқалады. Ал кіші шеңбер
тамырлары, керісінше инволюцияға ұшырап,
жұқарады, саңылаулар кеңейеді.
11.
Жүректің өсуімен қатар магистральды тамырлардыңдамуы байқалады, бірақ олардың өсу қарқыны неғұрлым
баяу болып келеді. Туар кезінде өкпе артериясының
саңылауы аортадан кең, аорта 16 мм, өкпе артериясы 21
мм, 10-12 жаста олардың саңылаулары теңеледі,
ал ересектерде аорта өкпелі артериядан біршама
кең болады – аорта 80 мм, өкпе артериясы 74 мм.
12. Қорытынды
Қорытындылай келетін болсақ, жүрек құрылымының өзгеруігемодинамиканың өзгеруіне, басқа да факторларға және
мүшелер мен тіндердің тез өсуіне байланысты. Яғни
балаларда жүректің дамуы эмбриогенездің 3 аптасында
басталады. Жүрек бастамасының түзілуі 2-3 аптада, 2
камералы жүрек және қан айналым шеңберінің сатысы 4-5
аптада,
4
камералы
жүрек,
артериовенулярлық
қақпақшалар, үлкен және кіші қанайналым шеңбері сатысы
– 6 аптада, қан тамырларының қалыптасу сатысы – 7-8
аптада дамиды.
13. Пайдаланылған әдебиеттер
1.Гистология. 2014ж Мәскеу. Редакцияны басқарғанпрофессор Ю.И.Афанасьев, профессор Н.А.Юрина; қазақ
тіліне аударғандар және жауапты редакторлары: м.ғ.к.
Р.Ж.Есимова, м.ғ.к. К.Т.Нурсейтова;
2.Гистология, эмбриология, цитология: Учебник / ред.:
Афанасьев Ю. И.; Кузнецов С.Л.; Юрина Н.А., / -М.:
Медицина, 2004.-768 с.
3.Гистология, эмбриология, цитология, учебник для
вузов.- / Афанасьев Ю.И., Юрина Н.А./М.: ГЭОТАРМедиа, 2012г.- 800 с.
4.Гистология, цитология и эмбриология.: Учебник для
мед. вузов./ Кузнецов С.Л., Мушкамбаров Н.Н./ М.:
Медицинское информационное агентство, 2007. – 600 с./