Қазақ қызы-ұлттық тәрбие бастауы
Қазақтың қызы! Осы бір аяулы есім жаныңды тербеп, жараңды емдеп, шабыттандырып, қолыңды сермеп, сезім гүлдеп, жүректегі отты
1.19M
Категория: КультурологияКультурология

Қазақ қызы-ұлттық тәрбие бастауы

1. Қазақ қызы-ұлттық тәрбие бастауы

Сыдық Ұлболсын

2.

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
Қыз өссе-елдің көркі-деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

3. Қазақтың қызы! Осы бір аяулы есім жаныңды тербеп, жараңды емдеп, шабыттандырып, қолыңды сермеп, сезім гүлдеп, жүректегі отты

үрлеп жібереді. Қазақтың мұңы,
зары, арманы, үміті, ардағы, аманаты, тарихы, өмірі – бәрібәрі қазақ қызының кірпігінде тұрғандай көрінеді. Ұлт
болып ұйысуда, жұрт болып жұмылуда, халық болып
қайрат танытуда қазақ қызының (әйелдерінің) атқарар
рөлі, алар орны тым ерекше. Өйткені тал-бесікті тербеткен
аналар ұлттың ұлын тәрбиелейді.

4.

5.

Бойында намыс оты
ойнаған, ұлт тәрбиесін
сіңірген, иманды да
инабатты, тәрбиелі, ана
тілін ардақтаған қазақтың
текті қыздары ғана ұлттық
құндылықтарды
қастерлеп, адалдық, арнамыс, ізгілік қасиеттерді
бойына жинақтары сөзсіз.

6.

Қызға тән қасиеттер:
Кегнагг
Қарапайымдылық
Сабырлылық
Тәрбиелілік
Білімділік
Тазалық
Жинақылық
Әдемілік
Қылықтылық
Мейірімділік
Еркелік
Ақылдылық

7.

Қызды қырық үйден тыю
1. Үлкенге сәлем бер, жолын кесіп өтпе, жалғыз қыдыруға тыйым.
2. Үлкендер алдында жарыса сөйлеуге тыйым.
3. Талтайып отыруға тыйым.
4. Шалқайып жатуға тыйым.
5. Көп алдында ұятқа қалмауды, ағайынға жеккөрінішіті болмауды әрқашан ойлап жүр.
6. Орынсыз іске ұрынудан тыйым.
7. Өтірік, өсек айтпа және оны айтушыларды тыңдама.
8. Әурет жерлеріңді жауап, ашық-шашық жүруге тыйым.
9. Өзгелерге тіл және қол тигізуге тыйым.
10. Кісіге қарап керілуге, есінеуге тыйым.
11. Дастарқан үстінде әдемі отыр, әдепті сөйле. Орынсыз сөзден тыйым.
12. Ұрлық-қарлыққа тыйым.
13. Жаназа оқылып жаткан жерден айналып кетпе. Адамды жерлеуге бара жатқандардан озба,
жолын кеспе.
14. Бұраңдауға, қылымысуға тыйым.
15. Қызыл іңірде жатып, түске дейін ұйықтауға тыйым.
16. Жалқаулыққа, ластыққа тыйым.
17. Кісі алдында қасынуға, киім ауыстыруға тыйым.
18. Аш болсаң да, тоқ болсаң да құдайынды ұмытпа.
19. Бей әдеп сөз айтудан тыйым.
20. Үйге, мешітке, қасиетті орындарға оң аяқпен кіру керек.Үлкендердің атын атауға тыйым.

8.

21. Ішімдік-шегімдікке тыйым.
22. Ұрыс-керіске тыйым.
23. Беттен алып, төске шабуға тыйым.
24. Ер адамға әйел киімі жараспайтыны сияқты әйелдер мен қыздарға ер киімі де
қонымсыз әрі тәңірінің бұйрығында да жоқ нәрсе.
25. Біреудің байлығына, дүние-мүлкіне, ақшасына сұқтанба.
26. Түнде суға жалғыз баруға тыйым.
27. Жат жыныстылармен араласып жатуға тыйым.
28. Құран, намаз оқылып жатқанда сөйлеме, қозғалма, тұрып кетпе.
29. Тарс-тұрс жүріс, қарқ-қарқ күлкіге тыйым.
30. Ерді қорлауға, зорлауға тыйым.
31. Адамды және жан-жануарларды тебуге тыйым.
32. Бүйірін, жағын таянуга тыйым.
33. Тәкаппарлыққа, сайқы-мазаққа тыйым.
34. Тамақты өз алдыңнан алып же, кісі алдындағы қол созба.
35. Шектен тыс жасанып, сылануға тыйым.
36. Қызғаншақтыққа, күншілдікке тыйым.
37. Менмендік пен өзімшілдікке тыйым.
38. Алдап-арбауға тыйым.
39. Көрсеқызарлыққа, нәпсіқұмарлыққа тыйым.
40. Тойымсыздыққа тыйым.

9.

Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Жақсы қыз ел-жұртының сақтар салтын
Күлсе де, сөйлесе де көпке ұнап,
Көрікті күте білер сыр-сымбатын

10.

11.

Шаш –адамның ажары

12.

Сұлулық құрбандықты талап етеді

13.

14.

Қазақтың ару қыздары

15.

Кессе де ептеп бұрымды,
Бәрібір сұлу жаны, нұр.
Жүрегі оның бұрынғы,
Қазақтың қызы ол бәрібір!
Өзінде бәрі ғажаптың,
Көзінде көркем әлемі.
Ақиқат жалғыз:
Қазақтың
қызының бәрі әдемі!

16.

Назарларыңызға рахмет!!!!
English     Русский Правила