Перикардит
Жоспар:
Этилогиясы
Патогенезі
Паталогиялық анатомия
62.30K
Категория: МедицинаМедицина

Перикардит

1. Перикардит

Қабылдаға: Жакипов Б
Орындаған: Мүтәлі Н

2. Жоспар:

Кіріспе
Этиологиясы
Патогенезі
Паталогиялық анатомиясы
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

3.

Перикардит жүрек қабының және жүректің
сыртқы қабығының қабынуы. Перикардит
көбінесе басқа ауруларға немесе жүректің
өз ауруларына байланысты дамитын сырқат.
Клиникалық көріністеріне қарап
перикардитті: жедел және созылмалы,
морфологиялық өзгерістеріне байланысты:
экссудативті және пролиферативті деп
бөлеміз

4. Этилогиясы

Перикардиттің дамуына вирустық,
бактериялық инфекциялар, туберкулез,
аллергиялық аурулар және ревматизмдік
бөлініп шығатын азотты улы заттар да,
миокард инфарктына байланысты некроз
да перикардтқа тікелей әсер етіп, оны
қабындырады.

5. Патогенезі

Инфекциялар перикардқа лимфогендік
немесе гематогендік жолмен түседі.
Жоғарыда айтылған улы заттар перикардқа
тікелей әсер етеді. Кейде перикард
иммундық қабынудың бір түрі есебінде
дамиды.

6. Паталогиялық анатомия

Экссудаттың түріне қарап перикардиттің:
серозды, серозды-фибринозды,
фибринеозды, іріңді, геморрагиялық
түрлерін ажыратады. Перикардит көбінесе
фибринді қабыну түрінде дамып, эпикард
және перикард бетінде фибрин жіпшелері
пайда болады, осы көрініске түкті жүрек
деген ат берілген.

7.

Егер осы фибринге бай экссудат дәнекер
тінге айналса жүрек қабы бүтіндей бітіп
қалады немесе эпикард пен перикард
арасында өте қатты фиброзды тін пайда
болады, кейде осы жерге кальций тұздары
шөгіп қалып, сауытты жүрек көрінісі
дамиды. Ол жүректі темір құрсудай қысып,
оның жұмысын қиындатады.
English     Русский Правила