Аудиттің ілеспе қызметтері
Ішкі аудит
Операциялық аудиттің түрлері
Функционалды операциялық аудит
1.13M
Категория: ЭкологияЭкология

Аудиттің ілеспе қызметтері

1. Аудиттің ілеспе қызметтері

2.

Экологиялық аудит қоршаған ортаның ластануын
және радиацияның стандарттарына сәйкес келетін
дәрежені анықтайтын тексерулерді жорамалдайды.
Экологиялық аудит - бұл қоршаған ортаның
нақты жағдайының ішкі және сыртқы
экологиялық стандарттарының алғашқы
берілгенінен ауытқуларын бағалаудың тәсілі. Бұл
тәсіл бойынша кәсіпорынға қауіп төндіріп тұрған
өмірдебар және болашақ экологиялық
тәуекелдіктерді анықтауға болады.
Қазіргі кезде экологиялық аудит ұйымдастыру
бойынша нормативті-әдістемелік құжаттардың
жобалары жасап шығарылған. Осы құжаттарға
сәйкес экологиялық аудит міндетті және
бастамашылық болып бөлінеді.

3.

Бастамашылық экологиялық
аудит
жетекшілердің, сонымен қатар аудиттеліп
отырған субъектінің шешімдерді
қабылдайтын басқа да тұлғаларының
шешімі бойынша жүргізіледі.

4.

Міндетті
экологиялық аудит келесі
жағдайларда жүргізіледі:
- қоршаған ортаны қорғау саласында
халықаралық міндеттемелерді іске
асыруда;
- банкротқа ұшырау процедураларын іске
асыруда;
- міндетті экологиялық сақтандыру
жүргізу мақсатымен;
- инвестициялаудың шарттары бойынша
қарастырылғанда инвестициялық
жобалар мен бағдарламаларды дайындау
мен негіздеу кезінде және т.б.

5. Ішкі аудит

Ішкі
аудиттің ең негізгі мақсаты — ол,
кәсіпорын шаруашылығы туралы құралған
мәліметтің дұрыстығына, шындығына
бақылау жасау, сөйтіп басқару барысында
қолданылатын мәліметтің шындығын,
дұрыстығын қамтамасыз ету.

6.

Операциялық
аудит - жүйенің жұмысын
жетілдіру мақсатымен басқарудың әртүрлі
кезеңдеріндегі ұйымдастыру қызметінің
тәуелсіз және жүйелі түрдебағалау.
Операциялық аудит тек бухгалтерлік
ақпаратты пайдаланумен ғана шектелмейді,
өйткені оның шеңберінде кәсіпорынның
өндірістік, қаржылық, сатып-өткізу қызметіне,
ұйымдық құрылымына, ішкі бақылау
жағдайының бағалануы жүзеге асырылады.

7. Операциялық аудиттің түрлері

Функционалды
операциялық аудит
Ұйымдастырушылық
операциялық аудит
Арнайы
операциялық аудит

8. Функционалды операциялық аудит

шаруашылық жүйесінің атқаратын
қызметтерінің бір немесе бірнешеуіне
қатысты болады. Мысалы, дебиторлық
борыштардың қозғалысы кәсіпорынның үш
атқаратынқызметін: қамтамасыз етушілік,
өндірістік және сатып-өткізу қызметін
қамтиды. Осы арқылы аудитор дебиторлық
борыш жөніндегі ақпараттың дәлдігін,
дебиторлық борыштың өтімділігін,
жоғарыда айтылған қызметтердің әрбір
кезеңде күмәнді талаптар бойынша
резервтердің қалыптасуын анықтай алады.

9.

Ұйымдастырушылық
аудитті жүргізу
компанияның функционалдық және
линиялық бөлімдері қызметінің реттелуі
мен үйлестірілуін, жоспарлануын анықтауға
мүмкіндік береді. Бұл оның активтері мен
капиталының тиімді түрде қалыптасуы мен
пайдалануына жағдай жасайды.

10.

Арнайы
операциялық аудит кезінде
кәсіпорын басшылығының қажеттілігін
қамтамасыз ету үшін ақпарат
дайындалады. Аудиттің бұл түрі
көптеген мәселелерді қамтиды.
Мысалы, өнімнің өзіндік құнының
төмендеуі, шикізаттар мен
материалдарды тиімді түрде пайдалану,
еңбек өнімділігінің жоғарылауы және
т.б.
English     Русский Правила