Похожие презентации:
Инфра-ультра дыбысты және лазерлік сәулеленуді гигиеналық бағалау. Қолайсыз әсерлерінің алдын алу
1. “Астана медицина университеті” АҚ Жалпы гигиена кафедрасы
Тақырыбы: “Инфра-ультра дыбысты және лазерлік сәулеленуді гигиеналықбағалау. Қолайсыз әсерлерінің алдын алу. Өндірістік ортаның биологиялық
факторлары және олар тудыратын аурулардың алдын алу. Иондаушы емес
электромагниттік сәулеленудің электрлік және магниттік өрістердің гигиеналық
маңызы және олардың зиянды әсерлерінің алдын алу шаралары”
Орындаған: Санайхан Айнұр 325топ
Тексерген: Курумбаева Меруерт Болатханқызы
Астана 2018 ж
2. Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Адам ағзасына инфрадыбыстың әсері және олардың алдын алу.
Адам ағзасына ультрадыбыстың әсері және олардың алдын алу.
Адам ағзасына лазерлік сәулелердің әсері және олардың алдын алу.
Өндірістік ортаның биологиялық факторлары және олар тудыратын
аурулардың алдын алу.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
3.
Ультрадыбыс (лат. ultra – шектен тыс, үстінде жәнедыбыс) – адам құлағына естілмейтін жиілігі 20 кГцтен жоғары серпімді толқындар. Ультрадыбысты
жануарлар (жарғанаттар, балықтар, жәндіктер)
қабылдай алады.
Ал тербеліс жиілігі 16 Гц-тен төмен дыбыс
толқындары инфрадыбыстар деп аталады.
Бұл дыбыстарды адам құлағы қабылдамайды, бірақ
олар белгілі бір дәрежеде адам организміне әсер
етеді. Мысалы, 5 Гц-тен 9 Гц-ке дейінгі жиілік
аралығында инфрадыбыстар бауырдың, асқазанның,
көкбауырдың тербеліс амплитудаларын арттырады,
көкірек қуысында ауыртпалық туғызады, ал 12—14
Гц жиіліктерде құлақта шуыл пайда болады.
4.
Инфрадыбыстардың адам организміне кері әсері болғандықтан, олар техникадакеңінен қолданыс таппаған.
Алайда инфрадыбыстардың бірнеше жүздеген километрге таралу мүмкіндігі
оның әскери мақсатта, балық аулау кәсібінде пайдаланылуына жол ашты. Теңізде
туындайтын инфрадыбыстарды медуза, су шаяны тәріздес теңіз жәндіктері
жақсы қабылдайды.
Инфрадыбыстардың әсерінен қорғану жолдарының бірі — дыбысты естілетін
жиіліктер аймағына көшіру. Ол үшін әртүрлі құрылғылардың қатаңдығы
арттырылады, резонанстьж, камералық сөндіргіштер пайдаланылады.
5. Адам ағзасына инфрадыбыстың әсері және олардың алдын алу
Инфрадыбыс(лат. іnfra – төмен, астында) – жиілігі адам еститін дыбыс толқыныжиілігінен төмен (16 Гц-тен төмен) серпімді толқын. Амплитудасы үлкен И-тар жер
сілкіну, су асты, жер асты қопарылыстары, қатты дауыл кезінде, цунами толқындарынан,
т.б. пайда болады. Инфрадыбыстық ауытқулар табиғатта желмен, найзағаймен,
жарылыстармен, жер сілкіністермен бірге кездеседі. Қазіргі уақытта гравитациондыакустикалық толқынды тіркеу үшін және штормаларды ескерту үшін инфрадыбысты
толқындарды қабылдау бойынша арнайы құрылғылар шығарылады.
6.
Инфрадыбыстар ағзадағы жүйке, жүрек тамыр, тыныс жүйелерінің, сонымен қатар кохлеовестибулярлыанализаторлар қызметтерінің бұзылулары инфрадыбыстардың әсер ету ұзақтықтарына, жиілігіне,
деңгейіне байланысты. Инфрадыбыстың әсерінен туған бұзылулар туралы мәліметтер аз зерттелген. Адам
организмі жоғарғы жиіліктегі дыбыстардың ауытқуларына әсер етіп қана қоймай, санымен қатар ол
терінің механорецепторына да әсер етеді. Тері инфрадыбыс ауытқулар үшін « кіру қақпасы» болып
табылады. Механорецепторлпрдан туған қозу жауабы бас ми қабығының орталығына, соның ішінде оның
таламус бөлңміне түсетін жүйке импульстерінде пайда болады. Төменгі жиіліктегі акустикалық
ауытқулардың әсерінің нәтижесінде алдыңғы ми қабығындағы клеткалардың қозғыштығының төмендеуі
байқалады. 6-8Гц жиіліктегі инфрадыбыстың әсерінен резонанс тууы мүмкін және ол организімінің
жағымсыз сезінуіне тудырады. Қазіргі уақытта инфрадыбыстың организіміне әсер етуі ОЖЖ, жүрекқантамыр жүйесінің, тыныс алу жүйесінің қызметінің бұзылуын және есту анализаторының өзгеруін
тудырады.
7.
Клиникалық көрінісіИнфрадыбыстың ұзақ уақыт әсер еткенде ауыздың құрғауы, жұтқыншақта қырылдау сезімі, жөтел,
тұншығу, мазасыздану сезімі, қозуының жоғарлауы байқалады. Обьективті қараған кезде әлсіздікке,
апатияға, көңіл күйінің жоқтығына, қажудың жоғарлауына, қозғыштыққа көңіл аударуға болады.
Бірінші орында ОЖЖ қызметінің бұзылу симптомдары гипотаниялық түр бойынша
нейроциркуляторлы дистанциялық көріністегі астеновегетативтік синдром түрінде білінеді.150дБ
жоғары интенсивтегі инфрадыбыстың ұзақ әсер етуі жүректің соғу дыбысының әлсіреуі, жүректің
жиырылу күщінің төмендеуі көрінетін миокардиодистрофия симптомдарын тудырады. Көбінесе
есту мүшесі зақымдалады. Дабыл жарғағының гиперимиясын, құлақта қысымның жоғарлауының
сезімі, есту ақауларының жоғарлауын анықтауға болады.
8.
Вестибулярлы реакцияларды Воячек сынамасымен тексерген кездевестибулярлы-соматикалық реакцияның гипертрофиясын анықтауға болады.
Сонымен қоса кейбір науқастарда тепе-теңдік функциясының нашарлауына және
сызықты жылдамдықты қабылдайтын отолитті аппараттың сезімталдығының
жоғарлауы анықталады. Инфрадыбыс вестибулярлы аппараттың анық әсерін
тудырмайды. Патологиялық процесс компинсирленген сипатта болады. Осыған
байланысты ауруға тән симптомдардың көрінуінде инфрадыбыс әсері бар
жағдайға жұмысты уақытшы тоқтатып, симптоматикалық ем қабылдау керек.
9.
Профилактикалық шараларПрофилактикалық шаралар инфрадыбыстың ауытқуларды
шектейтін көліктерді, агрегеттарды шығаруға бағытталу керек.
Ең басты инфрадыбысты жұтуға арналған құрылғыларға көңіл
аудару керек. Жеке қорғаныш заттарды міндетті түрде қолдану
керек. Кезеңді медициналық тексеруді 24 айда1 рет отолариголог,
невропотолог, теропевт мамандарының қатысуымен жүргізіп
отыру керек. Жұмысқа қабылдау алдында қосымша медициналық
қарсы көрсеткіштер бодлып табылады.
10. Адам ағзасына ультрадыбыстың әсері және олардың алдын алу.
Ультрадыбыс дегеніміз 2 х 104 нен 1013 Гц жиілік толқынды айтады. Әдетте 20КГц жиіліктегі механикалық тербелістер адам құлағымен қабылданбайды.
Ультрадыбыс табиғатта кеңінен таралған, өндірісте ол шудың
қосымшасы болып, мысалы реактивті двигателдер жұмысында,
сонымен қатар, газ трубалары және басқада процестерде.
Ультрадыбыстар механикалық және электромеханикалық
әдістермен алынады. Өндірісте магнитострикциялық және
пьезоэлектрлік сәулелерді қолданады
Ультрдыбыстардың тесуші әсері медицинада және өндірісте кеңінен қолданады.
Ультрадыбыстың көмегімен сварка, пайка, бөлшектерді тазалау, сұйықтықтарды
стерилдеу, бұрғылау, кесу, шлифовка және полировка жүзеге асады.
11.
• Ультрадыбыстар жүйке жүйесіне әсер етіп, жүрек тамыр,эндокриндік жүйедегі зат алмасу процестерінің бұзылыстарына
әкеледі. Сонымен қатар клетка мембраналарының өтімділігінің
бұзылыстарына әкеледі. Кавитирлеуші сұйықтықпен қатынаста
болған қол қолдың кәсіптік ауруларына әкелуі мүмкін.
Церебралды микроорганикалық симптоматика болуы мүмкін.
12.
Клиникалық ағымына байланысты 3 кезеңін бөледі:алғашында вегетатамырлы
дистонияның
аяқтардағы вегетативті
невралгиялық
синдромдары
басымырақ болады;
шамалы айқындықта –
астеновегетативті
синдромдар мен
қолдағы вегетативті
полиневропатия
симтомы;
айқын – таламиялық
гипоталамиялық
көріністермен
диэнцефалды
патология.
13.
Алдын алу шаралары дыбыс қысымының адам ағзасына әсерлерінтөмендетуге арналған. Яғни оған ультрадыбыспен қатынаста болатын
уақыт ұзақтығының қысқаруы, дистанционды басқаруларды қолдану,
электромагниттік толқындардан дыбыстарды шектейтін экрандарды
қолданулар, жеке басының қорғаныс заттарын қолдану жатады.
Ультрадыбыспен қолдардың байланысын үзу мүмкін болмаған
жағдайларда резиналы перчаткаларды қолданады. Құралдардаың
шектейтін қол саптары болу керек. Кезеңді түрде 12 айда бір рет,
жұмыс басталғаннан кейін алғашқы 36 айда бір рет медициналық
қараудан өту керек. Барлық тексерушілерге суықтық сынамасын,
вибрациялық сезімталдықтарын тексеру керек. Шеткі тамырлардың
ангиоспазмы, Рейно ауруы, облитерирлеуші эндартериит, шеткі жүйке
жүйеснің сүлелі аурулары ультрадыбыспен байланыста болатын
жұмыстанр үшін медициналық қарсы көрсеткіш болып табылады.
14. Адам ағзасына лазерлік сәулелердің әсері және олардың алдын алу.
Лазерлі құрылғылар, күшті жарық көзі болып табылады, оптикалық диапазондағыэлектромагниттік сәулелермен, ол қалыпты жарық көздерінен монохромдылығымен,
когеренттілігмен, сонымен қатар күн сәулесінен бөлінетін энергияға тең 109 Вт
көлеміндегі энергияның жоғарғы қарқындылығымен бөлінуі. Лазерлі сәулелердің
биосубстраттармен әсерінің нәтижесіне, лазерлі сәулелердің белгілерінен басқа,
сәулелену құрлымының арнайы қасиеттері, олардың жылу сыйымдылығы және
жылуды өткізгіштігі, пигменттер және сумен қанығуы, олардың механикалық және
акустикалық қасиеттеріде белгілі бір мөлшерде әсер етеді. Тіндердің биологиялық
сәулелену қабілеті жұтылған және нәтижесінде көрінетін энергияның көлеміне
байланысты. Лазерлі сәулелер үшін көрінбейтін ағзадағы тіндер мен клеткалар жоқ.
Бірақта жұтылған лазерлі сәулелердің деңгейінің энергиясы біршама ерекшеленеді.
Аққа қарағанда қара тері энергияны көп жұтады. Лазерлі сәулелер гемоглобин,
меланин, мидың ақ затымен салыстырғанда сұр затында, роговицамен салыстырғанда
нұрлы қабатында белсенді түрде жұтылады.
15.
Лазердің көмегімен адамның көзінің түсін өзгертетін технология16.
• Клиникасына келсек көз және тері жабындылары лазерлісәулелердің әсеріне ұшырайтын критикалық ағзаларға жатады. Бұл
жағдайларда көздің зақымдануларының арнайы белгілері болмайды,
ол көздің басқа аурулары түрінде көрінеді. Лазерлі сәулелермен
шыны дененің күйігі катарактаны шақыруы мүмкін, ол туа пайда
болған немесе жасына сай өзгерістер түрінде болады, нұрлы
қабаттың күйігі меланоманы тудырады.
• Астениялық және астеновегетативті синдромдар, сонымен қатар
вегетотамырлық дистония лазермен жұмыс істейтін науқастарда жиі
кездесетін клиникалық синдромдарға жатады. Жұмыс
стаждарының ұлғаюларына байланысты науқастарда
гипертониялық ауру дамуы мүмкін.
17.
Алдын-алуСанаторлы курортты шаралар арасында жұмыс орындарындағы лазерлі сәулелердің
РБД жүйелі түрде бақылануы, сәулелену көзінен сақтану шараларын жүргізу,
автоматты түрде блокировка жасау, лазер шоғырларын шектеу, дистанционды
басқару, сонымен қатар жеке басының қорғанысының шараларын , яғни арнайы
киімдер, көз әйнектер және т.б. Міндетті түрде алдын ала (жұмысқа орналасқан
кезде) және кезеңді (12 айда 1 рет, окулист – 3 айда 1 рет) медициналық қараудан өту,
онда терапевт, невропатолог, окулист қатысады. Медициналық қараулар кезіндегі
сапалы тексерулерге лазерлі сәулелерге сезімтелдығы жоғары ағзаларды тексеру
жатады. Емдеу сауықтыру шаралары медициналық алдын алуларға жатады. Жұмыс
кезінде 10-15 минут арнайы физкультура жаттығуларын жүргізу ұсынылады. Қыс
көктем мезгілдерінде жұмысшыларды витаминмен қамтамасыз ету керек,
витаминмен қамтамасыз ету үшін аэровит препараттын қолданамыз. Аэровитті 3060 күн ішінде күніне бірден қолданамыз. Аэровит болмаған жағдайларда В1
виаминін және аскорбин қышқылын қолданады. Витаминнен бөлек глютамин
қышқылының, аминалон және т.б профилактикалық курстар ұсынылады.
18. Өндірістік ортаның биологиялық факторлары және олар тудыратын аурулардың алдын алу.
Өндірістік орталардағы қолайсыз факторларға шу жатады. Адам ағзасынаолардың әсері ең алдымен жаңа жоғары өнімді құралдарды қолдану кезіндегі
әртүрлі станоктар мен агрегаттардың жоғары жылдамдықта жұмыс істеулерімен
байланысты. Насостар, компрессорлар, трубиналар, пневматикалық құралдар,
станоктар және тағыда басқа қозғалыстағы құралдар шудың көзі болып
табылады. Сонымен қатар, соңғы жылдардағы қаладағы транспорттардың
көбеюіне байланысты, қолайсыз факторлар ретінде шудың әлеуметтік маңызы да
зор. Шудың әсерінен адам ағзасында ең алдымен есту, жүйке, жүрек тамыр
жүйесінің өзгерістері дамиды. Олардың айқындылығы шудың параметрлеріне,
шу жағдайындағы жұмыс ету стажына, жұмыс уақытындағы шудың ұзақтығына
және ағзаның сезімталдығына байланысты. Кәсіби кереңдіктің клиникасы,
шулардың адам ағзасына қолайсыз жағдайларының клиникасындағы маңызды
белгілерге естудің кохлеарлы тип бойынша баяу үдемелі төмендеулері жатады.
Екі құлақта бір деңгейде зақымданады
19.
Алдын алуҚарқынды өндірістік шулардың әсерінен пайда болған маңызды
алдын алу шараларына, шуға қарсы қолданылатын индивидуалды
қорғаныс заттары жатады, оны қолданылатын жағдайлар:
1) параметрлер рұқсат етілген деңгейден жоғарлаған кезде;
2) техникалық заттар және шуды төмендететін әдістерді қолдану
мүмкін емес жағдайларда немесе олар қауіпсіз деңгейге дейін
шуды төмендете алмайды;
3) қарқынды шу жағдайларына жұмысшылардың үздіксіз келуі
кезінде. Жеке қорғаныс заттарына шуға қарсы қолданылатын
құлаққа тағатындар және шлемдер жатады
20.
• Иондаушы емес электромагниттік сәулелену мен өрістерге оптикалық жәнерадиожиілікті диапазонындағы электромагниттік сәулеленулерді, сонымен
қатар шартты-статикалық электрлік және тұрақты магниттік өрістерді
жатқызу қабылданған.
• Электромагниттік сәулеленулер (ЭМС) толқын ұзындығымен - λ(м), тербеліс
жиілігімен - f(Гц) және таралу жылдамдығымен -V (м/с) сипатталатын
элктромагниттік толқындар түрінде таралады. Бос кеңістікте ЭМС таралу
жылдамдығы жарық жылдамдығына тең - С=3·108. м/с
• Ағзаға әсер ететін факторлардың бұл тобына:
· табиғи иондаушы емес электромагниттік сәулеленулер мен өрістер;
· статикалық электрлік өрістер;
· тұрақты магниттік өрістер;
· электромагниттік сәулелену мен өнеркәсіптік жиіліктегі және радиожиілікті
диапазонындағы өрістер;
· лазерлік сәулелену жатады.
21.
• Ағзаға тек магниттік толқу (буря) ғана қолайсыз әсер етіп қоймайды, сонымен қатар,адамның әлсіз электромагниттік өріс жағдайында ұзақ уақыт болуы факторы да, оның
ішінде, жұмысы экрандалған бөлмелер мен құрылыстарда істелетін бірқатар
өндірістерде де қолайсыз әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда жұмыс істеушілер жиі
көңіл-күйінің және денсаулығының нашарлағанына шағымданады, бұл-геомагниттік
өрістің әсерін зерттейтін гигиенаның жаңа бағытының пайда болуына негіз болды.
Геомагниттік өрістің төмен деңгейі тек экрандалған құрылыстарда ғана емес, сонымен
қатар метрополитеннің жерасты құрылыстарында (2-5 есе), темір-бетонды
конструкциялардан салынған ғимараттарда (1,3-2,3 есе), тез жүретін лифт
кабинасында (15-19 есе), бұрғылау қондырғылары мен эксковаторлардың
кабиналарында, жеңіл автокөліктердің салонында (1,5-3 есе) және басқаларда да
байқалады.
• Гипогеомагниттік өрістің орталық жүйке жүйесіне (негізгі жүйкелік үрдістердің
дисбалансы, ми тамырларының дистониясы, жауап реакциясы уақыттының ұзаруы),
вегетативтік жүйке жүйесіне (тамыр соғуымен, артериалды қысымның лабильділігі,
гипертензивті типті нейроциркуляторлық дистония, миокардтың реполяризация
үрдісінің бұзылуы), иммундық жүйеге (Т-лимфоциттердің жалпы санының, IgG және
IgA концентрацияларының азаюы, IgE концентрациясы жоғарылауы) әсер ететіні
анықталған.
• Әлсіз геомагниттік өрістің әсерін регламенттейтін гигиеналық ұсыныстар жоқ. Берілген
жергілікті жерге тән геомагниттік өріс деңгейі, адам үшін қолайлы болып есептеледі.
22.
Иондаушы емес сәулеленулердің адам ағзасына қолайсыз әсерінің алдын алу.Ең алдымен, алдын ала жүргізілетін және кезеңдік медициналық тексерулерді
жүргізу. Иондаушы емес сәулеленулердің жеке түрлеріне қатысты алдын алу
шараларының өзіндік ерекшеліктері бар.
Тұрақты магниттік өрістің жұмысшылардың ағзасына жалпы әсері кезінде деңгейлері
ШРЕД-тен асатын өндірістік зонаның учаскелеріне «Қауіпті. Магниттік өріс» деген
арнайы ескерту белгілері қойылуы тиіс. Сонымен бірге рационалды жұмыс режимі
мен демалу режимін ұйымдастыру және тұрақты магниттік өріс әсер ететін жағдайда
болу уақытын шектеу, цех ішінде тұрақты магниттік өрістің деңгейі минимальды
маршруттармен жүру сияқты ұйымдастыру шараларын жүргізу керек. Электрондық
өнеркәсіп кәсіпорындарында тұрақты магниттік өрістің қол басына әсер етуі кезінде
жартылай өткізгіш құралдарды жинаумен байланысты жұмыстар үшін өтпелі
технологиялық кассеталарды қолданған жөн. Тұрақты магниттер өндірісінде - өнімнің
магниттік параметрлерін өлшеу үрдісін автоматтау, магнитті материалдарды ұстау
үшін қашықтықтан ұстауға бейімделген заттарды қолдану, қол басы тұрақты магниттік
өрістің әсер ететін зонасына түскен кезде электромагниттік қондырғыны өшіретін
блокадалайтын құрылғыларды қолдану.
23.
Жұмысшыларға өнеркәсіптік жиіліктегі электромагниттік өрістердің әсер етуікезінде үш қорғаныс қағидасы қолданылады: уақыт арқылы қорғау, ара
қашықтық арқылы қорғау және ұжымды немесе жеке басты қорғайтын
заттардың көмегімен қорғау. Бұларға әр түрлі қорғайтын экрандар жатады.
Радиожиілікті электромагнитті сәулеленуден қорғану кезінде ұйымдастыру
(қондырғылардың жұмыс істеу режимі; персоналдың сәулелену әсер ететін
зонада болатын орнын және уақытын шектеу), инженерлік-техникалық
(қондырғыларды рационалды орналастыру, экрандау) шаралар жүргізіледі, жеке
басты қорғау құралдары (қорғайтын көзілдіріктер, дулығалар, қорғайтын киім)
қолданылады.
Лазерлік сәулеленуден қорғану ұйымдастыру-техникалық (бөлмелерді
жоспарлау және ішкі бетін өңдеу, лазерлік қондырғыларды дұрыс орналастыру,
жұмыс орнын ұйымдастыру, лазерлермен жұмыс жүргізілетін жерге кіруді
шектеу) және санитарлық-гигиеналық (жұмыс орындарындағы зиянды және
қауіпті заттардың деңгейіне бақылау жасау, сәулеленудің әсер ету уақытын
шектеу, қорғайтын заттарды пайдалану, алдын ала жүргізілетін және кезеңдік
медициналық тексерулерден өтуін бақылау) шаралармен іске асырылады.
24. Қорытынды
• Инфрадыбыстар ағзадағы жүйке, жүрек тамыр, тыныс жүйелерінің, сонымен қатаркохлеовестибулярлы анализаторлар қызметтерінің бұзылулары инфрадыбыстардың әсер ету
ұзақтықтарына, жиілігіне, деңгейіне байланысты. Инфрадыбыстардың ұзақ уақыт әсер ету
нәтижесінен астения, еңбек ету қабілетінің төмендеуі, вегетоневротикалық симптомдар пайда
болады: тітркенгіштік, жүрек айну.
• Ультрадыбыс дегеніміз 2 х 104 нен 1013 Гц жиілік толқынды айтады. Ультрадыбыстар жүйке
жүйесіне әсер етіп, жүрек тамыр, эндокриндік жүйедегі зат алмасу процестерінің бұзылыстарына
әкеледі. Сонымен қатар клетка мембраналарының өтімділігінің бұзылыстарына әкеледі. Алдын
алу шаралары дыбыс қысымының адам ағзасына әсерлерін төмендетуге арналған.
Лазерлі құрылғылар, күшті жарық көзі болып табылады.
• Клиникасына келсек көз және тері жабындылары лазерлі сәулелердің әсеріне ұшырайтын
критикалық ағзаларға жатады. Бұл жағдайларда көздің зақымдануларының арнайы белгілері
болмайды, ол көздің басқа аурулары түрінде көрінеді. Лазерлі сәулелермен шыны дененің күйігі
катарактаны шақыруы мүмкін, ол туа пайда болған немесе жасына сай өзгерістер түрінде болады,
нұрлы қабаттың күйігі меланоманы тудырады.
Өндірістік орталардағы қолайсыз факторларға шу жатады. Шудың әсерінен адам
• ағзасында ең алдымен есту, жүйке, жүрек тамыр жүйесінің өзгерістері дамиды. Шудың
әсерінен вестибулярлы, көру және тері анализаторларының қызметтері өзгереді, қолды созған
кезде саусақтардың треморы байқалады, айқын жағдайларда көзді жұмып Ромберг позасында
тұрған кезде тұрақсыздық байқалынады. Қарқынды өндірістік шулардың әсерінен пайда болған
маңызды алдын алу шараларына, шуға қарсы қолданылатын индивидуалды қорғаныс заттары
жатады