Похожие презентации:
Еңбек жағдайының гигиеналық бағалау критерийлері мен жіктелуі
1.
Қарағанды Мемлекеттік Медицина УниверситетіЭпидемиология және еңбек гигиенасы кафедрасы
Тақырыбы: Еңбек жағдайының гигиеналық
бағалау критерийлері мен жіктелуі.
Орындаған:Даниярова А.Б
«Қоғамдық денсаулық сақтау»3-003
Қабылдаған:Дархан Сайлаубекович
Қарағанды 2018ж
2. Жоспар:
I. Кіріспе.II. Негізгі бөлім.
1)Еңбек жағдайы.
2) Өндірістік факторлар туралы түсінік. Кәсіптік
зияндылықтар және адам денсаулығы.
3) Еңбек жағдайының жіктелуі.
4) Өндірістік факторлардың қолайсыз әсерінің алдын алу.
III. Қорытынды.
3. Еңбек жағдайы.
Еңбек жағдайы - еңбек үдерісінде адамның денсаулығы мен жұмыс істеуқабілетіне әсер ететін өндірістік орта факторларының жиынтығы.
Еңбек жағдайын құрайтын факторлардың мынадай негізгі топтары бар:
1)санитарлық-гигиеналық факторлар — зиянды химиялық заттар, өндірістік шуыл,
шаң-тозаң, діріл, электр-магниттік өpic пен электр өрісі, сәуле (ионданушы,
лазерлік, ультракүлгін), өндірістік үй-жайдағы микроклимат, жарық, т.б.;
2)психологиялық-физиологиялық факторлар — ауысымдағы тұрақты жүктеме,
көтеретін жүктің бір жолғы шамасы, жұмыс қарқыны, зейінге түсетін күш, бір
сарындылық, жүйке-сезімге түсетін күш, жайсыздық, ауысымдылық, т. б.;
3)эстетикалық факторлaр — үй-жайдын, жабдықтың, арнаулы киім-кешек пен
аяқкиімнің сәндік-көркемдік тұрғыдан безендірілуі, жарық-түс композициясының
үйлесімі, т. б. Бұл орайда өндірістік фактордың рұқсат етілген шекті деңгейіне,
қауіпті деңгейіне және зиянды деңгейіне ажыратылады.
4.
Қызметкердің еңбекжағдайлары зиянды немесе
қауіпті өндірістік факторлар
мен олардың әсер ету
деңгейлерінің болуымен,
ауырлық дәрежесімен,
кернеулігімен, еңбек
процесімен және жұмыс орнын
ұйымдастыруымен
сипатталады.
5.
6.
Өндірістік ортаныңфакторлары
Еңбек үрдісінің ауырлығы еңбек процесінің сипаттамасы,
негізінен жүктеменің тірекқозғалыс аппаратына және
функционалдық жүйелер
организміне түсуі.
Еңбек жағдайы
Еңбек процесінің кернеулігі
- жүктемені ОЖЖ-не,
эмоциялық сезіміне еңбек
процесінің көрсететін
сипаттамасы.
7. Өндірістік факторлар. Кәсіптік зияндылықтар және адам денсаулығы.
Еңбек үрдісінде адам өндірістік үрдіс технологиясының ерекшеліктерімен, микроклиматжағдайларымен, орындалатын еңбек іс әрекеттерінің сипатымен байланысты әр түрлі
факторлардың әсеріне ұшырайды. Бұл факторлардың көпшілігі өздеріне тән патологияның –
кәсіби аурулардың - дамуына себеп болуы, сонымен қатар, этиологиясы кәсібі емес аурулардың
ағымын ауырлатуы немесе олардың пайда болуының қауіп-қатер факторы болып табылады.
Еңбек іс әрекетінің адам ағзасына тигізетін теріс салдарының алдын алудың ғылыми негіздерін
және практикалық шараларын дайындаумен еңбек гигиенасы айналысады. Ол өндірістік орта мен
еңбек үрдісінің факторларын, олардың адам денсаулығына әсерін зерттейді және алынған ғылыми
мәліметтер негізінде жұмысшылардың денсаулығын сақтау, кәсіптік аурулардың алдын алу,
сонымен бірге, жұмысшылардың кәсіптік емес ауруларының өршуі мен олардың асқынуының
алдын алу мақсатында еңбек жағдайын жақсарту жөнінде шаралар дайындайды.
Өндірістік орта деп, адамның өндірістегі еңбек әрекеттері жүзеге асырылатын ортаны түсінеді.
Адамға өндірістік орта өндірістік үрдіс факторлары, табиғи-климаттық (ықшам климаттық)
факторлар, сонымен қатар, еңбектің жалпы санитарлық жағдайларымен байланысты (рационалды
емес және жеткіліксіз жарықтандыру, қанағаттанарлықсыз тұрмыстық жағдайлар, жоспарлау және
т.б.) факторлары арқылы әсер етеді.
8.
Өндірістік үрдіс факторларының табиғаты химиялық, физикалық және биологиялық болуымүмкін. Олар барлық өндірістерде кездеседі, бірақ олардың құрамы өндіріс сипатына
байланысты болады.
Физикалық факторларға шу, ультрадыбыс, инфрадыбыс, діріл, иондаушы емес және
иондаушы электромагниттік сәулелену, барометрлік қысым, ауаның температурасы,
ылғалдығы, ауаның қозғалу жылдамдығы, жылу радиациясы, жарық деңгейі және басқалар
жатады.
Химиялық факторлар өте көп, оларға шикізат түрінде қолданылатын немесе технологиялық
үрдіс барысында түзілетін аралық не болмаса ақырғы өнімдер болып табылатын
бейорганикалық та, органикалық та қосылыстар жатады.
Биологиялық факторлар тобына жұқпалы және паразиттік аурулардың қоздырғыштары
(бактериялар, вирустар, микроскопиялық саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, гельминттер),
микроағзалар-продуценттер, микробтық препараттарда болатын тірі микроағзалар мен
споралар кіреді.
9.
Еңбек іс әрекеттерін орындай отырып, жұмысшылар тек өндірістік орта факторларыныңәсеріне ғана емес, сонымен бірге орындалатын жұмыстың сипатына, ұзақтығы мен
қарқындылығына, оның ұйымдастырылыуына байланысты еңбек үрдісі факторларының
әсеріне де ұшырайды.
Еңбек үрдісінің факторларына жататындар:
статикалық және динамикалық шамадан артық жүктемелер (ауыр заттарды көтеру және
тасу, мәжбүрлі дене қалпы, жүкті көтеріп тұруда, статикалық күш салу, кеңістікте қозғалу
және т.б.);
· жүйкелік-психикалық жүктемелер: интеллектуалдық (ой жұмысындағы зорлануы),
сенсорлық (анализаторлардың зорлануы), эмоционалдық;
· еңбектің бір сарындылығы;
· гиподинамия;
· жекелеген мүшелер мен жүйелердің (дыбыс байламдарының, қан айналу, тыныс алу
жүйелерінің және т.б.) зорлануы;
· физиологиялыққа сай емес күн тәртібі (жұмыс күнінің ұзаруы, үзілістердің қысқартылуы
немесе болмауы, түн мезгілінде ауысымдармен жұмыстың ретсіз ауысуы).
Осы факторлардың әсерімен еңбек әрекетінің ауырлығы мен кауіртілігі анықталады. Еңбек
ауырлығы басым тірек-қимыл аппаратына және ағзаның іс әрекетін қамтамасыз ететін
функционалдық жүйелерге (жүрек-тамыр, тыныс алу және басқа) түсетін жүктемелерді
көрсетеді. Еңбек кауіртілігі негізінен орталық жүйке жүйесіне, сезім мүшелеріне,
жұмысшының эмоционалдық сферасына түсетін жүктемемен сипатталады.
10. Кәсіптік зияндылықтар және адам денсаулығы.
Жұмысшының денсаулығына қолайсыз әсері еңбекке қабілеттіліктің төмендеуімен, кәсіптікаурулар мен уланулардың дамуымен, жәй патологиялардың дамуы және күшеюінің жиіленуімен,
ағзаның қарсы тұру қабілетінің төмендеуімен, ұрпақтарының денсаулығының бұзылуымен
білінетін факторларды зиянды факторлар деп айтады.
Қауіпті факторлар деп, денсаулықтың жедел бұзылуын, тіпті, адамның өлімін де туғызуы
мүмкін, зиянды факторларды атайды.
Барлық зиянды факторларды, басқаша айтқанда, кәсіптік зияндылықтар деп айтады, ал олардың
адам ағзасына тек сол факторлардың әсерімен немесе олардың басым әсер етуі нәтижесінде
пайда болатын ауруларды - кәсіптік аурулар деп атайды. Бұл кезде кәсіптік аурулардың екі тобын
ажыратады.
Бірінші топқа, сол ауруларға тән белгілердің дамуындағы басты немесе жетекші рөл тек бір ғана
өндірістік факторға тиесілі болатын аурулар жатады. Мұндай кәсіптік ауруларға мысалы, діріл
ауруын, силикозды, сынаптық улануды жатқызуға болады. Мысалы, силикоз тек бос күйіндегі
кремний қос тотығы бар шаңмен тыныс алғанда, сынаптан улану – тек сынап қосылыстары әсер
еткенде ғана дамиды.
Екінші топқа әр түрлі факторлардың әсерінен пайда болатын, бірақ, нақты жағдайларда аурудың
дамуында өндірістік ортаның белгілі бір факторымен себептік байланысы дәлелденген, аурулар
жатады. Мұндай ауруларға мақта шаңымен байланысы болған жұмысшыларда дамыған кәсіптік
бронх демікпесін, туберкулезбен ауратын жануарлармен жұмыс істеген мал дәрігерлерінің
кәсіптік туберкулезін және де басқаларды жатқызуға болады.
11.
Жұмысшылардың денсаулығын сақтау және нығайту, кәсіптік жәнекәсіппен байланысты аурулардың пайда болуын болдырмау, кәсіптік
емес аурулардың ағымының ауырлауының және ұзақ уақыттан
кейінпайда болатынсалдарлары дамуының алдын алу үшін, қауіпсіз
еңбек жағдайларын жасау қажет. Олар, жұмыс істеушілерге зиянды
және қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмаған жағдайда немесе
олардың деңгейі гигиеналық нормативтерден аспағанда ғана, қауіпсіз
болып табылады.
Еңбек жағдайының гигиеналық нормативтері деп, аптасына 40
сағаттан аспайтын уақыт (демалыс күндерінен басқа күндері) бүкіл
еңбек өтілі бойына зиянды өндірістік факторлармен күнделікті жұмыс
істеген кезде, жұмыс үрдістері барысында немесе кәзіргі және
келешектегі ұрпақтарда ол факторлардың әсерінен ұзақ уақыт өткеннен
кейінгі өмірінде, қазіргі кездегі зерттеу әдістерімен анықталатын
аурулар немесе денсаулық жағдайында ауытқулар тудырмайтын,
зиянды өндірістік факторлардың деңгейлерін түсінеді. Жаңа зерттеу
әдістерінің пайда болуы денсаулық жағдайындағы бұрынғы әдістермен
анықталмаған ауытқуларды анықтауы мүмкін, соған байланысты,
гигиеналық норматив те өзгертілуі мүмкін. Бірақ, нормативтердің
сақталуы сезімталдығы жоғары адамдардың денсаулығын сақтауға
толық кепілдік бере алмайды.
12. Еңбек жағдайының жіктелуі. Өндірістерде байқалатын жұмыс жағдайлары өндірістік орта факторларының зияндылық және қауіптілік
көрсеткіштері бойынша жәнееңбек үрдісінің ауырлығы мен қауырттылығы бойынша 4 классқа бөлінеді.
Қолайлы еңбек жағдайлары (1
класс) – жұмыс істеушілердің
денсаулығы сақталатын және
еңбекке қабілеттілігі жоғары
деңгейде сақталуына алғы
шарттары бар, еңбек
жағдайлары. Өндірістік
факторлардың қолайлы
нормативтері микроклимат
параметрлері мен еңбек үрдісінің
факторлары үшін орнатылған.
Басқа факторлар үшін, өндірісте
қолайсыз факторлары жоқ
немесе факторлардың деңгейлері
халық үшін қауіпсіз деп
қабылданған деңгейлерден
аспаса, еңбек жағдайлары
шартты түрде қолайлы деп
қабылданады.
Рұқсат етілген еңбек жағдайлары
(2 класс), жұмыс орындары үшін
бекітелген гигиеналық
нормативтерден аспайтын,
өндірістік орта мен еңбек үрдістері
факторларының деңгейімен
сипатталады, ал ағзаның
функционалдық жағдайында
болатын өзгерістер
регламенттелген демалыс
уақытында немесе келесі жұмыс
ауысымның басында қалпына
келеді және жұмыс істеушілер мен
олардың ұрпақтарының денсаулық
жағдайына жақын уақытта және
ұзақ уақыт өткеннен кейінгі
кезенде қолайсыз әсер етпеуі тиіс.
Рұқсат етілген еңбек жағдайларын
шартты түрде қауіпсіз еңбек
жағдайларына жатқызады.
Зиянды еңбек жағдайлары (3
класс), деңгейі гигиеналық
нормативтерден асатын,
зиянды өндірістік
факторлардың болуымен
сипатталады, сол себепті бұл
факторлар жұмысшының
және/немесе оның ұрпағының
ағзасына қолайсыз әсер етеді.
Зиянды еңбек жағдайлары
гигиеналық нормативтерден
артық болуы және
жұмысшылардың ағзасындағы
өзгерістердің айқындық
дәрежесіне байланысты төрт
зияндылық дәрежесіне
бөлінеді.
13.
3 класының 1 дәрежесі (3.1) – Жұмыс жағдайы, ағзада функционалдық өзгерістерді тудыратын жәнеденсаулыққа зақым келтіру қауіпін арттыратын, гигиеналық нормативтерден ауытқитың зиянды
факторлардың деңгейлерімен сипатталады. Бұл функционалдық өзгерістер, әдетте, зиянды факторлармен
байланыста болуды келесі ауысымның басталауынан да ұзағырақ. уақыт ұзгеннен кейін, қалпына келеді.
3 класының 2 дәрежесі (3.2) – Еңбек жағдайы, тұрақты функционалдық өзгерістерді түдыратын, көпшілік
жағдайларда өндіріспен байланысты аурушаңдыққа әкеп соғатын (еңбек қабілеттілігін уақытша жоғалтқан
аурушандық деңгейінің өсуімен, оның ішінде, ең алдымен, берілген зиянды факторлардың әсеріне ең осал
мүшелер мен жүйелердің жағдайын көрсететін, аурулар деңгейінің жоғарылауымен білінетін), ұзақ уақыт
әсер еткеннен кейін (жиі 15 және одан да артық жылдан кейін) пайда болатын кәсіптік аурулардың
бастапқы белгілерін немесе жеңіл (мамандығы бойынша жұмыс қабілеттілігі сақталған) түрлерін
тудыратын, зиянды факторлардың деңгейлерімен сипатталады.
3 класының 3 дәрежесі (3.3) – Еңбек жағдайы, еңбек іс әрекеті кезенінде, әдетте, ауырлығы жеңіл және
орташа дәрежедегі (мамандығы бойынша еңбекке қабілеттілігін жоғалтып) кәсіптік аурулар дамуына,
сонымен бірге, өндіріспен байланысты созылмалы патологияның және оған қоса, еңбекке қабілеттілігін
уақытша жоғалтуымен сипатталатын аурушаңдық деңгейінің жоғарылауына әкеп соғатын, зиянды
факторлардың деңгейлерімен сипатталады;
3 класының 4 дәрежесі (3.4) - Еңбек жағдайы кәсіптік аурулардың ауыр түрлерінің (еңбекке қабілеттілігі
жалпы жоғалған) пайда болуы мүмкіншілігімен, созылмалы аурулар санының едәуір өсуімен және еңбекке
қабілеттілігін уақытша жоғалтқан аурушаңдық деңгейінің жоғары болуымен сипатталады.
14.
Қауіпті (экстремальды) еңбек жағдайы (4 класс)жұмыс ауысымы бойына (немесе оның бір бөлігінде)
әсер етуі өміріне қауіп тудыратын, жедел кәсіптік
зақымданулар, оның ішінде ауыр түрлері, дамуының
қауіпін жоғарылататын, өндірістік факторлардың
деңгейлерімен сипатталады.
15.
16. Өндірістік факторлардың қолайсыз әсерінің алдын алу.
Кәсіпорындардың жұмысшыларына емдеу- аурудың алдын-алу көмегін ұйымдастыру.Жұмысшылардың денсаулығын сақтау және нығайту, кәсіптік зияндылықтардың қолайсыз әсерінің
алдын алу үшін, бағыты бойынша ұқсас, бірақ әр түрлі өндірістерде өзіндік ерекшеліктері бар,
сауықтыру шараларының тұтас кешенін жүргізеді. Бұл шаралардың мазмұны еңбек жағдайын
сауықтыру және медициналық жолмен жұмысшылардың денсаулығы бұзылуының алдын алу болып
табылады. Алдын алу шараларының кешеніне кіретіндер:
1. Заңдылық;
2. Технологиялық
3. Техникалық және санитарлық-техникалық;
4. Ұйымдастыру;
5. Емдеу-алдын алу.
Заңдылық шараларға өндірістік факторларды гигиеналық нормалау, стандарттарды, еңбек жағдайын
сауықтыру бойынша санитарлық ережелер мен ұсыныстарды дайындау, сонымен қатар құқықпен
бекітілген жұмысшылардың еңбегін қорғау жатады.
Бұл шаралардың құқықтық негізін еңбекті қорғау жөніндегі заңдылық құжаттар және, еңбек гигиенасы
жөніндегі нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік құжаттар мен стандарттар құрайды.
Алдын алу шараларының ішінде жеке басты қорғайтын құралдарды қолдану міндетті болып табылады.
Оларға теріні, тыныс алу мүшелерін, көзді және т.б. қорғауға арналған әр түрлі құралдар кіреді.
17. Еңбекті қорғау бойынша негізгі ережелер ҚР Конституциясында, «ҚР Еңбек Кодексінде» (15.05.2007ж.), «Халықтың
санитарлықэпидемиологиялық саулығы туралы» Заңында(04.12.2002ж.), ҚР ДМ № 243
«Зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне
ұшырайтын жұмысшыларға алдын ала және кезеңдік медициналық
тексерулер өткізу тәртібі және кәсіп түріне жарамдылығын анықтау туралы»
бұйрығында және басқаларында көрсетілген. Бұл құжаттармен жұмыс
уақытының ұзақтығы, қосымша демалыстар, зейнеткерлікке ерте шығу,
арнайы киіммен және жеке басты қорғайтын заттармен қамтамасыз ету,
жұмысқа қабылдауға қарсы көрсетілімдер тізімі, зиянды жағдайлары бар
жұмыстарға балалар мен жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін
әйелдерді жібермеу, емдеу-алдын алу жөніндегі тамақтандыруды тегін беру
туралы қарастырылған.
18. Қорытынды.
Еңбек жағдайларын жақсарту және қауіпсіздігіөндірістік жарақаттану және кәсіби аурулардың
төмендеуіне әкеледі. Міндетті түрде оңтайлы еңбек және
демалыс режимін орнату керек, ал ол үшін кешенді
әлеуметтік-экономикалық тәсіл керек. Мұндай тәсілдің
мақсаты толық және жан-жақты бағалау, және оны
оңтайландыру тұрғысынан есепке алу жеке және
қоғамдық мүдделер мүдделері болып табылады.
19. Пайдаланылған әдебиеттер:
1) http://gostrf.com/2) https://www.syl.ru/article/
3) http://www.bestreferat.ru/
4) https://kk.wikipedia.org/
5) Бакаева Т.Н. Безопасность жизнедеятельности. Часть II:
Безопасность в условиях производства: Учебное пособие.