Похожие презентации:
Медицина тарихы ғылым ретінде. Медицина тарихының зерттеу көздері
1.
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық УниверситетіТақырыбы:Медицина тарихы ғылым ретінде.
Медицина тарихының зерттеу көздері.
Орындаған:Досмұқамет Д. Б
Тексерген:Дауытбекова М.Қ
2.
Жоспары:А)Кіріспе бөлім:
Медицина туралы жалпы түсінік.
В)Негізгі бөлім:
а)Медицина тарихы ғылым және пән ретінде
в) Медицина тарихының негізгі міндеттері
с)Медицина тарихының алдына қойған мақсаттары
д)Медицина тарихының зерттеу көздері.
С)Қорытынды бөлім:
3.
Медицина (лат.medicina: medicus — дәрігерлік, емдік) — адамдардыңденсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу,
денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір
сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі.
Медицина тарихы, ғылым ретінде адамзаттың дүниежүзілік тарихы негізде
медицина мен емшіліктің пайда болу, даму және жағдайын зерттейді..
4.
Медицина тарихы нені оқытадыМедицина тарихы ғылым және пән
ретінде,дәрігер мамандарын даярлауда
өте маңызды орын алады,сонымен
қатар келешектегі ғылыми даму
прогресіне,әлеуметтік-саяси
көзқарастарын дұрыс түсуінуіне,жалпы
және арнайы мамандық тәрбиесіндегі
дәрежелерін жетілдіруге үйретеді.
Медицина тарихы пәні-үлкен екі
бөлімнен тұрады:жалпы және жекеше
медицина тарихынан.
5.
• Жалпы медицина тарихы- дүниежүзілік медицинасын оның түрлісалаларының дамуының жалпы заңдылықтарын, олардың ерекшелігін,
басты мәселелерін, жетістіктерін, жаңалықтарын зерттейді, ғылымға
еңбегі сіңген атақты ғалымдардың өмір жолымен таныстырады.
Дүниежүзінде дәрігерлік ілімнің калай пайда болғанын, медицинаның
халық мәдениеті мен тарихи дамуы мен бірегей екенін көрсетеді.
• Жеке медицинада әрбір дәрігерлік салаларға байланысты. Мысалы,
терапия, хирургия- арнайы өз кафедрасында зерттеледі, аурудың алдың алу
жолдары, оның пайда болу себептері, кеселдің түрін анықтау және емдеу
әдістері көрсетіледі.
6.
Медицина тарихының негізгі міндеттері:Студенттерге тарихи зерттеу әдістерін және тарихи ойлануды
үйретеді.Тарихи зерттеу ілімі-кең және біріккен төмендегі ғылыми
түйіндегі түсінік болып табылады.
Медицинадағы материалдық және идеологиялық даму бағыттарын
көрсетеді,сонымен қатар медицина теориясына талдау және қорытынды
жасайды.
Дүниежүзілік медициналық даму тарихын оқыту арқылы халықаралық
ынтымақтық түсінікті нығайтуға, әр елдердің дәрігерлерінің ғылыми
және тәжірибелік жетістіктерін білу арқылы халықаралық медициналық
тәжірибелік алмасуларды жақсартуға үйретеді.
7.
Медицина тарихы мынадай мәселелерді зерттеуді алдына мақсат етіпқояды:
• Медицинаның дамуындағы құбылыстардың заңдылығын көрсету, оның
мирасқорлық екенін түсіндіру;
• Медицина тарихында дәрігерлік салаларды жалғастыруын;
• Дәрігерлік ілімнің дамуын жалпы қоғам дамуымен байланысты екенін
көрсету арқылы ой-өрісті кеңейтіп, отанға деген сүйіспеншілікті арттыру.
8.
• Медицина тарихы зерттеу, іздену әдісіне үйретеді, емдеу дағдысынабағдарлайды. Ауру түрін анықтау, аның алдын алу, сонымен бірге осы
айтылғандардың маңызын түсіне білу медицина тарихын оқып білу арқылы
болады.
• Қоғамның даму процесстерінің өндірістік күштердің, саяси ағымдардың
медицинаны дамытуда, қандай әсерін тигізді, медицинаның құрамы өзгерді ме,
нендей жаңалықтар болды, міне мұны да медицина тарихы үйретеді.
9.
Өткен ғасырдың қыршынды жылдары проф.М.Н.Тихомировтың жәнекейінірек қайта қаралып нақты түрде профессор А.П.Пронштейн ұсынылған
жіктеу бойынша барлық тарихи көздер жеті топқа бөлінеді:
Материалдық деректер: археологиялық қазбаларда табылған заттар мен
түрлі деректер (палеантропологиялық т.б.),
10.
• Жазбаша деректері: ежелден бізгежеткен көне заманның графикалық
белгілері, қолжазбалар немесе
басылым құжат қағазға, папирусқа,
қышқа түсірілген жазба
айғақтарына жақын эпиграфиялық
жазулар, олар тасқа, катты
балшыққа, ағашқа, ағаш қыртысына
немесе қабыққа (береста) т.б.
қалдырған жазулар.
• Этнографиялық деректер- бұл
өткен заманнан адамзатқа мұра
болып жеткен қоғамдық, мәдени
өмірдің көріністері. Бұлар заман
өзгеруіне сәйкес жаңа түрде өзгерілуі
мүмкін. Мысалы: сенім, ұғым,
дәстүр т.б.
11.
• Ауызша (фолькорлық) деректер. Бұлар болған істі нақты кейіпті сөзбенаңыз ретінде, мақал-мәтел, өлең, ертегі т.б. әдіспен жеткізді.
• Лингвистикалық деректер-бұл деректердің пайда болуы фотосуретке
түсіру мен киноманографиялық дамуымен байланысты
• Фоноқұжаттар- бұл деректер тарихи фактілердің дыбыстық жақтарын
бейнелейді де болған жағдайдың бір мезгіліндегі фонограммасын
көрсетеді.
12.
Медицина тарихын зерттейтін және оқып үйренетін зерттеулердің негізгікөздері:
-мәдени ескерткіштердегі медицина мағынасы;
-халықтық эпостардың және фольклорлардың медицина мағынасы;
-жазылған мұралардан медицина мағынасы;
-мемлекеттік және қауымдық өмірдегі құжаттардан медицина мағынасы;
-дәрігерлердің щығармаларынан;
-әдеби шығармашылық жазылымдардан медицина мағынасы;
13.
-көне-көз дәрігер қарттардың естеліктерінен медицина мағынасы;- археологиялық табылымдардан медицина мағынасы;
-мұрағаттың құжаттардан медицина мағынасы;
-мемлекеттік медициналық статистикалық есептерден;
-нумизматикадан медицина мағынасы;
-фото-,кино-және видео-материалдарынан медицина мағынасы;
-атақты дәрігерлердің және дәрігер ғалымдарының ғылыми
еңбектерінен,және олардың келешек мамандарға қалдырған мектептерінің
мағынасын зерттеу арқылы және тағы басқа деректерден аламыз.
14.
Қорытынды:Медицина ол адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды
емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік
жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін
тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі.
Медицина тарихы ғылым және пән ретінде,дәрігер мамандарын даярлауда
өте маңызды орын алады,сонымен қатар келешектегі ғылыми даму
прогресіне,әлеуметтік-саяси көзқарастарын дұрыс түсуінуіне,жалпы және
арнайы мамандық тәрбиесіндегі дәрежелерін жетілдіруге үйретеді.
15.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:1)Мұхтар Әлиев.Қазақстан медицина тарихына қатысты маңызды
деректер.
2)Бигалиева Р.К. Бүкіләлемдік медицина тарихы.-Алматы,2004.-390б.
3)Камалиева М.А.,Бигалиева Р.К.,Хабиева Т.Х. «Қазақстан халық
медицинасы және қоғамдық денсаулық сақтау тарихы» .Алматы,2009.-173б.