1.Еңбек гигиенасы ғылым ретінде, даму тарихы. Еңбек гигиенасы саласындағы мемлекеттік санитарлық қадағалау.
782.69K
Категория: МедицинаМедицина
Похожие презентации:

Еңбек гигиенасы ғылым ретінде, даму тарихы. Еңбек гигиенасы саласындағы мемлекеттік санитарлық қадағалау

1. 1.Еңбек гигиенасы ғылым ретінде, даму тарихы. Еңбек гигиенасы саласындағы мемлекеттік санитарлық қадағалау.

2.

КІРІСПЕ
Еңбек гигиенасы – профилактикалық медицинаның ғылыми
нормативтерді және кәсіптік аурулар мен еңбек жағдайларының
жұмысшыға көрсететін әсерінің, басқа да қолайсыз
салдарларының алдын алу құралдарын ғылыми негіздеу
мақсатында адам организміне еңбек үрдісі мен өндіріс ортасы
факторларының әсерін зерттейтін бөлімі
Еңбек гигиенасы өндірістегі еңбек жағдайларын
зерттейді.
Еңбек жағдайлары - әлеуметтік-экономикалық
үрдістердің әсерімен қалыптасатын өндірістік
факторлардың жиынтығы болып табылады.

3.

Жұмысшыларға әсер ететін өндірістік факторларға
мыналар жатады:
химиялық, физикалық және биологиялық зиянды
факторлар
өндірістік үрдістер мен құрал-жабдықтардың ерекшеліктері
еңбектің сипаты мен ұйымдастырылуы
жұмыс орындарының ұйымдастырылуы
санитарлық-техникалық қондырғылар мен жеке қорғану
заттарының жағдайы мен гигиеналық тиімділігі
өндірістегі жұмысшылардың тұрмыстық қамтамасыз етілуі
еңбек ұжымындағы психологиялық климат

4.

Еңбек гигиенасының негізгі міндеттері –
еңбек жағдайларының организмге әсерін сапалық және сандық
бағалау.
Соның негізінде жұмысшылар денсаулығына зиянды әсердің
болмауы жағдайындағы барынша еңбек өнімділігін қамтамасыз
етуге қабілетті шаралар жасалып, қолданысқа енгізіледі.
Еңбек гигиенасының ағымдағы міндеттері халық шаруашылығының
дамуымен анықталады және еңбек жағдайларын барынша
жақсартуға және сауықтыруға, кәсіптік ауруларды азйтуға және
жоюға бағытталған.
Еңбек гигиенасы
Гигиеналық нормативтерді (еңбек жағдайларын сауықтыру
саласындағы заңнама негізі)
Өндірістік кәсіпорындарды ұйымдастыру мен ұстаудың
санитарлық ережелерін
Еңбек үрдістері мен жұмыс орындағрын, еңбек пен демалыс
тіртібін ұтымды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар жасайды.

5.

Еңбек гигиенасының міндетіне қолданылатын
сауықтыру шаралырының тиімділігін бағалау кіреді.
Еңбек гигиенасы сондай-ақ жұмыс істеп тұрған,
салынып жатқан және жобаланатын өнеркәсіптік, ауыл
шаруашылық және басқа да мақсаттағы өндіріс
нысандарын санитарлық қадағалау мәселелерін де
шешумен айналысады.

6.

Еңбек гигиенасы ғылыми пән ретінде өзінің міндеттерін шешуде
түрлі зерттеу әдістерін қолданады
Өндірістегі қоршаған ортаны зерттеуде
физикалық және химиялық
әдістер
Еңбек үрдісінің сипаты мен өндірістік
орта факторларының жұмысшы
организмінің физиологиялық
реакцияларының динамикасына әсерін
бағалау үшін
физиологиялық, биохимиялық,
психологиялық және басқа әдістер
Жұмысшы ұжымның еңбек жағдайын,
аурушылдығын зерттеу үшін
Клиникалық және санитарлықстатистикалық әдістер
Өндірістік орта факторларын
нормалау кезінде
Тәжірибелік зерттеулер
(электрофизиологиялық,
биохимиялық, патоморфологиялық,
гематологиялық, токсикологиялық,
эмбриологиялық және басқа да
әдістерді қолданумен)

7.

Еңбек гигиенасы кәсіптік патологиямен,
сондай-ақ теориялық және клиникалық пәндермен
(аналитикалық химиямен, физикамен,
физиологиямен, неврологиямен, дерматологиямен,
оториноларингологиямен және т.б.)
тығыз байланысты.

8.

Еңбек гигиенасы жалпы және жеке болып бөлінеді
Жалпы еңбек гигиенасы
өндірістік ортаның жекелеген факторлары мен еңбек
үрдістерінің және олардың бірігіп организмге әсерінің
заңдылықтарын зерттейді, олардың қолайсыз әсерінің алдын
алу шаралары мен әдістерін жасайды.
Жалпы еңбек гигиенасының ірі бөлімдеріне еңбек
физиологиясы мен өндірістік токсикологияны жатқызуға
болады.
Жеке еңбек гигиенасы
Өнеркәсіп (тау-кен, металлургия, машина жасау, т.б.) және
ауыл шаруашылығы (егін шаруашылығы, мал шаруашылығы,
т.б.) жекелеген салаларындағы еңбек жағдайының адам
денсаулығына жіне жұмысқа қабілеттілігіне әсерін кешенді
зерттейді.

9.

Қазақстандағы еңбекті қорғау
мен еңбек гигиенасының
құқықтық негіздері

10.

Қазақстандағы еңбекті қорғау мен еңбек гигиенасының
құқықтық негіздері
Жұмысшылардың еңбегін қорғауға, еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасын
қамтамасыз етуге құқығын қамтамасыз ететін негізгі құжаттар
1. ҚР Конституциясы (30.08.95 ж.)
24-бап.
1. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына
құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда
немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.
2. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына,
еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ
жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.
3. Ереуіл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгіленген тәсілдерді
қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы
мойындалады.
4. Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс істейтіндерге
заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке
күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі.
29-бап.
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы
бар.
2. Республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық
көмектің көлемін тегін алуға хақылы.

11.

Қазақстандағы еңбекті қорғау мен еңбек гигиенасының
құқықтық негіздері
Жұмысшылардың еңбегін қорғауға, еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасын
қамтамасыз етуге құқығын қамтамасыз ететін негізгі құжаттар
1. ҚР Конституциясы (30.08.95 ж.)
2. ҚР Еңбек Кодексі (15.05.2007 ж., №251-ІІІ)
4. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР
2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV Кодексі
Бұдан басқа, бұл құқық ҚР ратификацияланған бірқатар халықаралық
Конвенциялар мен Келісімдермен бекітілген.
Бұлардың заңдылық күші ұлттық заңдардан жоғары (мысалы, «Конвенция
МОТ» № 155 «О безопасности и гигиене труда и производственной
среде» - Женева, 3.06.1981 .; Соглашение о сотрудничестве в области
охраны труда.– Москва, 9.12.1994 г.).

12.

Қазақстандағы еңбекті қорғау мен еңбек гигиенасының
құқықтық негіздері
Еңбекті қорғау және еңбек гигиенасы бойынша қызметті реттейтін
заңдылықтар деңгейлері
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
ҚР Конституциясы
ҚР еңбек және денсаулық сақтау туралы заңдары
ҚР Министрлер Кеңесінің Қаулылары
Құрылыс нормалары мен ережелері (СНиП), санитарлық ережелер мен
нормалар (СанПиН), ШРЕК (ПДК), ШРЕД (ПДУ), ЗШҚД (ОБУВ) және т.б..
ҚР Министрлер Кеңесінің Мемлекеттік стандарттар комитетінің
құжаттары (ГОСТ, ССБТ)
ҚР ДМ мен басқа да ведомтволар бекіткен ведомствоаралық
заңдыылық құжаттар
Ведомстволық құжаттар (ҚР ДМ бұйрықтары, нұсқаулықтар, әдістемелік
ұсыныстар мен хаттар, гигиеналық талаптар), еңбекті қорғау бойынша
салалық ережелер мен нормалар
Халықаралық конвенциялар, келісімдер, декларациялар

13.

Кәсіптік зияндылықтар мен кәсіптік аурулар
туралы негізгі түсініктер
ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЫ – адамның қызметі жүзеге асырылатын
өндірістік орта мен оның еңбек үрдістерінің факторларының
жиынтығы.
ЗИЯНДЫ ӨНДІРІСТІК ФАКТОР –
белгілі бір жағдайларда (қарқындылығы, ұзақтығы, т.б.) жұмысшыға әсері
кәсіптік ауру, жұмысқа қабілеттіліктің уақытша / тұрақты төмендеуін
туғызуы,
сомалық және жұқпалы аурулардың жиілігін арттыруы, ұрпақ
денсаулығының бұзылуына әкелуі мүмкін
ортаның және еңбек үрдісінің факторы.

14.

Негізгі түсініктер
ЗИЯНДЫ ӨНДІРІСТІК ФАКТОРЛАР :
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР:
температура, ылғалдылық, ауаның қозғалу жылдамдығы, жылулық
сәулелену;
иондамайтын ЭМ өрістер мен сәулеленулер: электростатикалық
өрістер, тұрақты магниттік өрістер (соның ішінде геомагниттік), өндірістік
жиіліктегі (50 Гц) электрлік және магниттік өрістер, радиожиілік
диапазонындағы ЭМ сәулеленулер, оптикалық диапазондағы ЭМ сәулеленулер
(соның ішінде лазерлік және ультракүлгін);
Иондаушы сәулелер;
өндірістік шу, ултрадыбыс, инфрадыбыс;
діріл (жергілікті, жалпы);
аэрозолдар (шаң), негізінен фиброгенді әсері бар;
жарықтандыру: табиғи (болмауы немесе жетіспеу), жасанды (жеткіліксіздігі,
тікелей және шағылған, шағылыстыратын, жарықтандырудың пульсациясы);
ауаның электрлік зарядталған бөлшектері – аэроиондар;

15.

Негізгі түсініктер
ЗИЯНДЫ ӨНДІРІСТІК ФАКТОРЛАР :
ХИМИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР,
солардың қатарында табиғаты биологиялық заттар (антибиотиктер,
витаминдер, гормондар, ферменттер, ақуыз препараттар);
БИОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР: микроорганизмдер-продуценттер,
препараттардың құрамындағы тірі жасушалар мен споралар, патогенді
микроорганизмдер.

16.

Негізгі түсініктер
ЗИЯНДЫ ӨНДІРІСТІК ФАКТОРЛАР :
ЕҢБЕК ҮРДІСІНІҢ ФАКТОРЛАРЫ :
Еңбектің ауырлығы– негізінен организмнің тірек-қимыл аппаратына
және функционалдық жүйесіне (жүрек-тамыр, тыныс және т.б.) түсетін
жүктемені көрсететін еңбек үрдісінің сипаттамасы.
Еңбектің ауырлығының сипаттамалары: физикалық динамикалық
жүктеме, көтеретін және жылжытылатын жүктің салмағы,
стереотиптік жұмысшы қозғалыстардың жалпы саны, статикалық
жүктеме мөлшері, жұмыс қалпытың формасы, дененің еңкею дәрежесі,
кеңістікте орын ауыстыру.
Еңбектің қауырттылығы – негізінен жұмысшының ОЖЖ-не, сезім
мүшелеріне, эмоциялық сферасына түсетін жүктемені көрсететін еңбек
үрдісінің сипаттамасы.
Еңбек қауырттылығын сипаттайтын факторлар: интеллектуалдық,
сенсорлық, эмоциялық жүктемелер, жүктеменің монотондылық
дәрежесі, жұмыс тәртібі.

17.

Негізгі түсініктер
ҚАУІПТІ ӨНДІРІСТІК ФАКТОР – жедел аурудың
немесе денсаулықтың күрт нашарлауының, өлімнің
себебі болатын ортаның және еңбек үрдісінің
факторы.
Сандық сипаттамасына және әсерінің ұзақтығына
байланысты жекелеген зиянды өндірістік
факторлар қауіпті болуы мүмкін.

18.

Негізгі түсініктер
Еңбек жағдайының гигиеналық нормативтері (ШРЕК,
ШРЕД) –
күнделікті (демалыс күндерінен басқа), бірақ аптасына 40
сағаттан асырмай бүкіл еңбек өтілі бойына жұмыс істегенде
жұмыс істеу барысында немесе одан кейінгі кезеңдерде
осы және кейінгі ұрпақтардың денсаулық жағдайында
заманауи зерттеу әдістерімен анықталатын ауруларды
немесе ауытқуларды туғызбайтын
зиянды өндірістік факторлардың концентрациясы/деңгейі.
Гигиеналық нормативтерді сақтау сезімталдығы жоғары адамдарда
денсаулық жағдайының бұзылыстарын жоққа шығара алмайды.
Ескерту. Гигиеналық нормативтер 8 сағаттық жұмыскүні есебімен
негізделген. Жұмыс ауысымы ұзағырақ болған әрбір нақты жағдайларда
жұмыс істеу мүмкіндігі мемлекеттік санэпид.қадағалау органдарымен
келісілуі керек.

19.

Негізгі түсініктер
Экспозиция – зиянды фактор әсерінің қарқындылығы мен
ұзақтығының сандық сипаттамасы.
Кәсіби тәуекел (риск) – өндірістік орта мен еңбек үрдісі
факторларының қолайсыз әсерінің нәтижесіндегі
салдарлардың ауырлығын ескергендегі денсаулықтың бұзылу
(зақымдалу) ықтималдығының мөлшері. Кәсіби тәуекелді
бағалау соңғылардың экспозиция мөлшерін, жұмысшылардың
денсаулық жағдайы мен еңбекке қабілеттілігін жоғалту
көрсеткіштерін ескере отырып жүргізіледі.
Уақытпен қорғау – өндірістік орта мен еңбек үрдісі
факторларының жұмысшыларға қолайсыз әсерін олардың
әсер ету уақытын азайту есебінен төмендету: ауысым үшінде
үзілістер енгізу, жұмыс күнін қысқарту, нақты жағдайлардағы
еңбек өтілін шектеу.

20.

Негізгі түсініктер
Денсаулық – бұл аурулар мен физикалық ақаулардың болмауымен
қатар толық физикалық, рухани және әлеуметтік қолайлылық жағдайы
(ДДҰ Жарғысының преамбуласы).
Кәсіптік аурулар – пайда болуында өндірістік орта мен еңбек үрдісі
факторларының қолайсыз әсері шешуші орын алатын аурулар.
Кәсіптік аурушылдық – жыл бойында кәсіптік аурулармен және
уланулармен жаңадан анықталған науқастардың сандық көрсеткіші.
Өндірістік орта мен еңбек үрдісі факторларының қолайсыз әсеріне
ұшыраған 100, 1000, 10000, 100000 жұмысшыға есептеледі.
Өндірістік шартталған аурушылдық – қолайсыз еңбек
жағдайындағы еңбек өтілінің ауртуына байланысты жоғарылау
тенденциясы бар және бқл көрсеткіші зиянды факторлармен
жанаспайтын кәсіптік топтарға қарағанда жоғары болатын түрлі
этиологиялы (негізінен полиэтиологиялы) жалпы аурулармен
аурушылдық (жас бойынша стандартталған).

21.

Негізгі түсініктер
Еңбекке қабілеттілік – физикалық, ақыл-ой және
эмоциялық мүмкіндіктердің жиынтығы еңбек етушіге
белгілі бір көлемде және спада жұмыс атқаруға
мүмкіндік беретін адамның жағдайы.
Жұмысқа қабілеттілік – талап етілетін уақыт
интервалында берілген сападағы белгілі бір көлемдегі
жұмысты атұару қабілетін сипаттайтын физиологиялық
және психикалық функциялардың мүмкіндіктерімен
анықталатын адамның жағдайы.
Жұмыс күні (ауысым) – заңмен бекітілген тәуліктегі
сағатпен алынған жұмыс уақыты.

22.

Еңбек жағдайларының
жалпы градациясы
Гигиеналық критерилерге, принциптерге байланысты
еңбек жағдайлары 4 класқа бөлінеді:
1.
2.
3.
4.
оңтайлы,
рұқсат етілетін,
зиянды,
қауіпті.

23.

Еңбек жағдайларының жалпы градациясы
ОҢТАЙЛЫ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫ (1 класс) –
жұмысшылардың денсаулығы сақталатын, және жұмысқа
қабңлеттіліктің жоғары дәрежесін ұстап тұруға жағдайлар
жасалатын жағдайлар.
Өндірістік факторлардың оңтайлы нормативтері
микроклимат параметрлері мен еңбек үрдісінің
факторларына белгіленген.
Басқа факторлар үшін оңтайлы ретінде қолайсыз
факторлар болмайтын немесе олар халыққа қауіпсіз деп
қабылданған деңгейлерден аспайтын еңбек жағдайлары.

24.

Еңбек жағдайларының жалпы градациясы
РҰҚСАТ ЕТІЛЕТІН ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫ (2 класс) –
орта мен еңбек үрдісінің факторлары жұмыс орындары
үшін бекітілген гигиеналық нормативтерден аспайды, ал
организмнің функциялық жағдайының ықтимал өзгерістері
регламенттелген үзіліс кезінде немесе келесі ауысым
басына дейін қалпына келеді және жақын және кейінгі
кезеңде жұмысшылар дың және олардың ұрпақтарының
денсаулық жағдайына қолайсыз әсер көрсетпеуі керек.
Рұқсат етілетін еңбек жағдайларын шартты түрде
қауіпсізге жатқызады.

25.

Еңбек жағдайларының жалпы градациясы
ЗИЯНДЫ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫ (3 класс)
гигиеналық нормативтерден асатын және жұмысшының және/немесе
оның ұрпақтарының организміне қолайсыз әсер көрсететін зиянды
өндірістік факторларының болуымен сипатталады.
Зиянды еңбек жағдайлары гигиеналық нормативтерден асып түсу
мен жұмысшылар организміндегі өзгерістердің айқындық дәрежесі
бойынша зияндылықтың 4 дәрежесіне бөлінеді:
3 класс 1 дәрежесі (3.1.) –зиянды факторлардың деңгейінің
гигиеналық нормативтерден ауытқулары, әдетте, зиянды
фактормен котактіні ұзағырақ (келесі ауысымның басына
дейінгіге қарағанда) үзгенде қалпына келетін функциялық
өзгерістер туғызатын және денсаулықтың зақымдалу қаупін
арттыратын еңбек жағдайларымен сипатталады.

26.

Еңбек жағдайларының жалпы градациясы
ЗИЯНДЫ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫ (3 класс)
гигиеналық нормативтерден асатын және жұмысшының және/немесе
оның ұрпақтарының организміне қолайсыз әсер көрсететін зиянды
өндірістік факторларының болуымен сипатталады.
Зиянды еңбек жағдайлары гигиеналық нормативтерден асып түсу
мен жұмысшылар организміндегі өзгерістердің айқындық дәрежесі
бойынша зияндылықтың 4 дәрежесіне бөлінеді:
3 класс 2 дәрежесі (3.2.) – зиянды факторлардың деңгейі
тұрақты функциялық өзгерістер туғызады, басым жағдайларды
өндіріспен шартталған аурушылдықтың артуына (уақытша
еңбекке жарамсыздық болатын аурушылдық деңгейінің артуы,
бірінші кезекте осы фактор үшін ең осал мүшелер мен
жүйелердің жағдайын көрсететін аурулар), ұзақ экспозициядан
соң (15 жыл) тйындайтын кәсіптік аурулардың бастапқы
белгілерінің (кәсіптік еңбекке жарамдылықты жоғалтпай)
немесе жеңіл формаларының пайда болуына әкеледі.

27.

Еңбек жағдайларының жалпы градациясы
ЗИЯНДЫ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫ (3 класс)
гигиеналық нормативтерден асатын және жұмысшының және/немесе
оның ұрпақтарының организміне қолайсыз әсер көрсететін зиянды
өндірістік факторларының болуымен сипатталады.
Зиянды еңбек жағдайлары гигиеналық нормативтерден асып түсу
мен жұмысшылар организміндегі өзгерістердің айқындық дәрежесі
бойынша зияндылықтың 4 дәрежесіне бөлінеді:
3 класс 3 дәрежесі (3.3) –
әсері, әдетте, еңбек ету барысында жеңіл және орташа
дәрежелі ауырлықтағы кәсіптік аурулардың (кәсіптік еңбекке
жарамдылықты жоғалтумен) пайда болуына, уақытша
еңбекке жарамсыздық болатын аурушылдықпен қоса
созылмалы (өндірістік шартталған) патологияның өсуіне
әкелетін зиянды факторлар деңгейімен сипатталатын еңбек
жағдайлары.

28.

Еңбек жағдайларының жалпы градациясы
ЗИЯНДЫ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫ (3 класс)
гигиеналық нормативтерден асатын және жұмысшының және/немесе
оның ұрпақтарының организміне қолайсыз әсер көрсететін зиянды
өндірістік факторларының болуымен сипатталады.
Зиянды еңбек жағдайлары гигиеналық нормативтерден асып түсу
мен жұмысшылар организміндегі өзгерістердің айқындық дәрежесі
бойынша зияндылықтың 4 дәрежесіне бөлінеді:
3 класс 4 дәрежесі (3.4) – кәсіптік аурулардың ауыр
формаларын (жалпы еңбекке жарамсыздық болатын)
туғызатын еңбек жағдайлары. Созылмалы аурулардың
айтарлықтай өсуі уақытша еңбекке жарамсыздық деңгейінің
жоғары болуы байқалады.

29.

Еңбек жағдайларының жалпы градациясы
ҚАУІПТІ (ЭКСТРЕМАЛДЫ) ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫ (4
класс)
Өндірістік факторлардың жұмыс ауысымы барысындағы
(немесе оның бір бөлігіндегі) әсері өмірге қауіп
төндіретін, жедел кәсіптік зақымданулар, солардың
ішінде ауыр формалары дамуының жоғары қаупін
туғызатын деңгейлерімен сипатталады.
English     Русский Правила