МӘЛІМЕТТЕР

Сүт өнімдері

1.

СҮТ
ӨНІМДЕРІ
ДАЙЫНДАҒАНДАР: Анишбек А.
Мұхтарқызы Г.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

11.

12.

13.

14.

15.

16.

17.

18.

19.

20.

21.

22.

23.

24. МӘЛІМЕТТЕР

• Сүт — барлық жастағы адамдар үшін жұғымдылығы
жоғары оңай сіңетін өнім. 100 грамм сүтте 3 граммға жуық
ақуыз, 3,2 грамм эмульгацияланған оңай сіңетін май,
көптеген мөлшерде оңай сіңірілген кальций мен фосфор
қосындылары, сондай-ақ белгілі мөлшерде А1, В2,
Д витаминдері бар және де жазғы уақытта сиыр сүтіндегі
бұл витаминдер қыстағыдан едәуір көп болады. 100 грамм
сүт организмге 60-қа жуық килокалория береді. Сүт ақуызы
негізінен, казеиннен (2,7 %), лактальбуминнен (0,4 %) және
лактоглобулиннен (0,1%) тұрады. Сүт ақуызының 75-96
пайызы организмге сіңімді келеді. Құрамындағы лактоза не
сүт қанты тез ашиды. Бұл қасиетті сүт ашытуда
пайдаланылады. Минерал заттары органикалық және
бейорганикалық қышқыл тұздары түрінде кездеседі.
Сондай-ақ, 60-тан астам фермент, әртүрлі гормон
(окситоцин, пролактин, фолликулин, адреналин, инсулин
т.б.), иммундық заттар (антитоксин, глотинин, онсонин т,б,),
газдар (СО2 , О2, Н2, NH3), микроорганизмдер болады.

25.

• Сүтті пісіріп, бетіндегі қаймағын алып жеп, өзін ішеді, сүттен
әртүрлі тағамдар әзірленеді. Сүтті тартып, шикі қаймақ
алады. Ешкінің сүтін емге ішеді. Қымыз – биенің сауылған
сүті – саумалды ашытып, күбіде пісіп, дайындайды. Өте
шипалы, адам жанына күш-қуат беретін сусын. Сүт Сауын
малдан, яғни жылқыда—биеден, түйеде— інгеннен,
сиырда—сауын сиырдан, қой, ешкіде— саулықтан
алынатын сүтті және оның қымыз, шұбат, айран, қатық
сияқты өнімдерін бір сөзбен "ақ" деп атайтынын жоғарыда
айттық. Сүт және одан жасалатын тағамдардың сапасы да,
құнары да, нәрі де өте жоғары болады. Сондықтан да қазақ
халқы ақтың орнын басқамен айырбастамайды. "Аузы аққа
тиді", "уызында жарыған" немесе "уызында жарымаған"
деген сөздер арқылы адам өмірі мен денсаулығы үшін
сүттің орны зор екенін көрсетеді. "Ақты төкле", "ақты
аттама", "ақты ысыраптама, малдың желіні қетеді" деген
қағида қалыптасқан ел ішінде. Көш алдынан ақ алып шығу,
ұшынған өртке қарсы ақ төгу, үйге кірген жыланның басына
ақ құйып шығару, кісіге ақтан ауыз тигізу халық дәстүрінде
бұлжымас заң, белгіленген жол-жоралғы болған.

26.

• Ел ішінде, ауылда бұл әдет әлі де сақталған. Балаларға
сүт, басқа да ақ ішкізу, дімкәс, науқас адамдарды сүт,
қымыз, шұбат, тосаппен емдеу сүттің қазақ өмірі мен
тұрмыс-салтында, емшілік өнерінде ертеден келе
жатқан тәжірибе қазір де бар. Мыңдаған жылдар мал
өсірумен және оның қыр-сырын терең меңгерген қазақ
елі оның сүтін тағам ретіңде ұтымды әрі сәтті
пайдалана білді. Мысалы, бие сүтінен қымыз, түйе
сүтінен шұбат, сиыр, қой-ешкі сүтінен май, қаймақ,
құрт, ірімшік, ежігей тағы басқа алуан түрлі тамаша
тағамдар жасап даланың дарқан дастарқанын барынша
байыпты. Бұлардың бәрі де жеңсік, дару әрі зәру
тамаққа айналды. Бір сөзбен айтқанда кәдімгі сүттің өзі
де дәмді тағам. Оны қайнатып ішеді, шайға қатады.
Сөйтіп сүт және оның өнімдері аты да, заты да халық
мәдениеті мен тұрмысындағы айтуға тұрарлық және
мақтанарлық дастарқан мәзірі. Демек, сүт қазақтың
тағам байлығының бірі жəне оның қайнар көзі.

27.

• Мал сүті – құнды тағамдық зат, одан әртүрлі сүт
тағамдары, май, балмұздақ, т.б. жасалады. Адамның күнделікті
тағамдық рационында сиыр сүті көп пайдаланылады. Сиыр сүтінің
құрамында су (87,5%),
сүт қанты (4,7%), май (3,9%), ақуыздар (3,3%), минералды
заттар (0,7%), витаминдер мен ферменттер бар. Мал сүтінің
құрамындағы ақуыздар: альбумин – жас организмнің
өсуі; глобулин – иммунитеттің қалыптасуы үшін қажет. Сүт майы
глицеридті қоспалардан тұрады. Салқындатылған сүтте май
түйіршіктерінің диам. 0,1–20 мкм болатын суспензия, ал жаңа
сауылған сүт пен ысытылған сүтте эмульсия түрінде болады. Осы
түйіршіктер сүт біраз тұрғаннан кейін оның бетіне кілегей болып
жиналады. Сүт лактозасы (дисахарид) – таза күйінде ақ түсті,
кристал тәрізді ұнтақ. Оны айран, қымыз ашыту үшін және
медицинада, бактериологияда қоректік орта дайындау үшін
қолданады. Сүттің минералдық құрамы: макроэлементтер
(кальций, фосфор, натрий, калий, күкірт, хлор, магний, т.б.) мен
микроэлементтерден (цинк, мыс, темір, күміс, т.б.) тұрады. Сондайақ ферменттер, гормондар, иммунды денелер, газдар да кездеседі.
Сүт құрамындағы вегетативті микробты (оның ішінде патогендік
түрін) жою үшін пастерлеу әдісін қолданады.[1]

28.

• Қымыз – бұл бие сүтінен немесе басқа да
ауыл шаруашылығы малдарының майы
алынған сүттерінен жасалатын қышқыл сүтті
диеталық сусын. Егер қымызды сиыр сүтінен
жасаса, онда қаймағы алынбаған
және қаймағы алынған сүт қоспасын, сүт
іріткісін және қантты (2,5%)
зарарсыздандырады, суытады, сосын қышқыл
сүт пен спирттен тұратын аралас ашытуды
қамтамасыз ететін арнайы ашытқыда
ашытады, бұл антибиотикалық (туберкулезге
қарсы) заттың қалыптасуына себеп болады.

29.

30.

• Шұбатты түйе сүтінен жасайды. Ол қымызға
қарағанда қоюрақ және майлылырақ болады,
жақсы сақталады, өзінің емдік қасиетін ұзақ
уақыт бойы жоғалтпайды.
• Құрт – бұл қарапайым тұздалып, кептірілген
ірімшік. Сүтті ашыту керек, сосын ұзақ уақыт
араластырып, сұйықтықтың айтарлықтай бөлігі
қайнап суалғанша қайнату керек. Сүзіп, тұздап,
алақанмен пішінін келтіріп, таза ауада кептіру
қажет. Бұл – ең қарапайым тәсіл.

31.

32.

• Айран – бұл Қазақстанда кеңінен тараған
қышқыл сүтті сусын. Айранды дайындау үшін
бір литр сүтке жарты стақаннан 3/4 –іне дейін
ашытқы құю керек. Ашытқы ретінде қатық,
айран немесе қаймақты пайдалануға болады.
Сүтті әбден қайнатып, бөлме температурасына
дейін салқындату қажет, дайындалған
ашытқыны қосып араластыру, сосын шыны
ыдысқа немесе керамикалық ыдысқа құю
керек, содан кейін әбден ұюы үшін бес-алты
сағатқа қою қажет.

33.

34.

• Қаймақ зарарсыздандырылған кілегейден
алынады, қышқыл сүт бактерияларының таза
дақылдарынан ашытылып, дайын болуы үшін
біраз уақытқа қойылады. Кілегей 18-20° С
температурада 3 сағат бойы ашытылады,
мұндайда қаймақтың қышқылдығы көтеріледі.
Алынған қаймақ бір тәулікке 2-6° С
температураға қойылады. Ақуыздың бөрту
процесі мен май түйіршіктерінің қатуы
нәтижесінде қаймақ таза консистенцияға ие
болады, хош иісті заттар мен қышқылдықты
бойына жинайды.

35.

36.

• Қымыз литрі – 400 теңге, тәулігіне Сіз5 литрге
дейін сата аласыз х 400 теңге = 2 000 теңге (бір
бірліктен), сонда айына 2 000 теңге х 30 күнге
= 60 000 теңге.
• 1 литр сүт – 100 теңге, яғни 10 литр х 100 теңге
= 1 000 теңге күніне, ал айына 30 күнді х 1 000
теңге = 30 000 теңге (бір бірліктен).
• 1 литр шұбат – 300 теңге, 3 литр х 300 теңге =
900 теңге күніне, онда айына 900 теңге х 30
күнге = 27 000 теңге (бір бірліктен).
• 1 кг ірімшік 250 теңге х 30 күнде = 7 500 теңге.
• 1 литр айран – 150 теңге х 30 күнге = 4 500
теңге.
• 1 кг құрт = 100 теңге х 30 күнге = 3 000 теңге.

37.

НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ.
English     Русский Правила