Похожие презентации:
Қазақстанның қазіргі кездегі агроөнеркәсіптерінде улы химикаттарды қолдануы
1. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті.
СөжТақырыбы\ Қазақстанның қазіргі кездегі
агроөнеркәсіптерінде улы химикаттарды қолдануы.
Дайындаған\ Сейтмухамбетова Ж.Ш.
Тексерген\Нуршабекова А.Б.
2. Жоспары
Кіріспе.Негізгі
бөлім.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер
3. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені
Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасыныңнегізгі салаларының бірі болып табылады.
Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да
қазақстандық қоғамның экономикалық және
қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын
факторы болып келді және әлі де болып
келеді.Республика экономикасы дамуының
басым бағыттарының бірі бола отырып, ауыл
шаруашылығы аса зор әлеует пен үлкен қорға ие.
Қазақстанның әр түрлі климаттық жағдайлары
қоңыржай жылы белдікте барлық дерлік
дақылдарды өсіруге және мал шаруашылығын
дамытуға мүмкіндік береді.
4. Агроөнеркәсіптік кешен: күрделі құрылым
Олардың негізгі бөлігін ауыл шаруашылығы өндіреді.Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдын, өзі
жеткіліксіз. Оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін
халыққа уақытында жеткізу керек. Ауыл шаруашылығы
бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше
алмайды. Сондықтан оның қажеттіліктерін қамтамасыз
етіп, өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістері мен ауыл
шаруашылығының арасында тікелей байланыс
қалыптасқан. Басқаша айтқанда, агроөнеркәсіп кешені
(АӨК) пайда болды.
Агроөнеркөсіптік кешеннің негізгі мақсаты - халықты
азык-түлікпен, ал өнеркәсіпті қажетті шикізатпен
қамтамасыз ету.
5. «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметі регламенті
. Осы «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметрегламенті «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27
қарашадағы Заңы 9-1-бабының 4)тармағына сәйкес әзірленді.
2. Осы мемлекеттік қызметі регламентінде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік қызмет – пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу;
2) пестицидтер (улы химикаттар) – зиянды және ерекше қауіпті зиянды
организмдерге қарсы, сондай-ақ егінді жинау алдында құрғатып алу, жапырақтарды
түсіру және өсімдіктердің өсуін реттеу үшін пайдаланылатын химиялық, биологиялық
және басқа да заттар;
3) пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тipкeу – препараттарды
биологиялық, уыттылық, гигиеналық және экологиялық бағалау процесін аяқтайтын
рәсім, оның нәтижесі бойынша жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан
Республикасының аумағында оларды Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау
туралы заңнамасына сәйкес қолдану құқығына тіркеу куәлігі беріледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі
– Комитет) көрсетеді.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет:
6. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушы тиістіқұжаттарды берген күннен бастап – үш жылдан көп
емес;
пестицидті (улы химикатты) тіркеулік сынау жүргізу
– екі жылдан көп емес;
пестицидті (улы химикатты) өндірістік сынау жүргізу
– бір жыл;
пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуге
әзірленген материалдарды қоршаған ортаны қорғау
және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік
органдармен келісу – 30 жұмыс күні;
куәлікті алғанға дейін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ
уақыты – 30 минуттан көп емес;
тұтынушыға рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 60
минуттан көп емес.
7. Қазақстан Республикасында пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеулiк, өндірістік сынақтарын жүргiзудiң және мемлекеттiк
1. Бұл ереже Қазақстан Республикасында пестицидтердi (улыхимикаттарды) тiркеу және өндiрiстiк тiркеу сынақтарына
қатысты, пестицид шығарушы, тiркеушiлердiң (мәлiмдеушi)
препараттары жайлы қажеттi көлемдегi негiзгi құжаттарын
анықтап, сонымен қатар тiркеу сынақтарын жүргiзу жүйесiне
кiрген ғылыми-зерттеу мекемелерiне қатысты ақпараттық
хабарларын регламенттiк тәртiбiн жүзеге асырып белгiлейдi.
2. Пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттiк тiркеу препараттардың биологиялық шаруашылық тиiмдiлiгiне,
токсикологиялық, санитарлық-гигиеналық және экологиялық
тiркеулiк сынақтары нәтиже бағасына сүйене отырып,
Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жайлы заңына
сәйкес жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан аймағында
қолдануға құқықтық тiркеу куәлiгi берудiң рәсiмдеу процесiнiң
аяқталуы;
8. Пестицидтер (улы химикаттар) тізіміне толықтырулар - қосымша тіркелетін және бекітілген пестицидтер (улы химикаттар) тізіміне
Тыйым салынған пестицид (улы химикат) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығыминистрлiгi қоршаған ортаны қорғау және
денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік
органдардың қорытындыларына немесе тiркеуге
өтiнiшi қабылданбаған, пайдаланудың тiркелген
барлық түрiне тыйым салынған препарат;
Құрамдастырылған пестицид (улы химикат) құрамында екi және одан да көп әсер етушi заты
бар препарат;
пестицидтiң қолдану мөлшерi (улы
химикаттардың) - өңделетiн алаңға кететiн
пестицидтiң массалық өлшем бiрлiгi (бiр гектарға
килограмм немесе литрi);
9. Токсикологиялық гигиеналық сипаттама
1. Әсерлі затқа токсикологиялық сипаттама (техникалықөнім):
1) пероральды өткір улы (тышқан, егеуқұйрық) LD 50;
2) теріге улылығы өткірлігі - LD 50;
3) ингаляциялық өткір улылығы - LD 50;
4) интоксикациялық созылмалы өткір клиникалық
уланудың пайда болу механизмі (мүше нысаналары);
5) тыныс жолдары және теріні тітіркендіру;
6) біртіндеп тауықтың нерв жүйелеріне әсер етуі
(фосфороорганикалық пестицидтерге арналған, басқаларға
талапқа сай);
7) пероральды асты өткір улы (кумулятивті қасиетті)
кумуляция коэффициенті;
8) теріасты өткір улануы;
9) иммунотоксичность, сескену әсері;
10) созылмалы улану (тиімсіз мөлшердің шегі);
10. Жалпы ережелер
Осы Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік сынақтарынжүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар)
«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы
3 шілдедегі Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді
және пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік сынақтарын
жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) айырмашылық (саудалық) атауы – аталған пестицид (улы
химикат) тiркелетiн, заттаңбаланатын, жарнамаланатын және өнімді
басқа пестицидтерден (улы химикаттардан) айрықша ету мақсатында
оны тiркелушi (өтінім беруші) ғана пайдалана алатын атау;
2) арнайы техника – пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдануға
арналған құрылғы және (немесе) жабдық;
3) әрекет етушi зат – әртүрлі препараттық нысандар түрінде
пайдалану зиянды организмге немесе өсімдіктердің өсуі мен дамуына
уытты әрекет етуге әкелетін пестицидтiң (улы химикаттың)
биологиялық белсенді бөлiгi;
4) жалпы қабылданған атау – пестицидтiң (улы химикаттың) әрекет
етушi затына стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйым берген немесе
техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті
мемлекеттік орган туыстық (топтық) немесе жекелiк (тек белгiлi бiр
әрекет етушi затқа) атау ретiнде қолдануға қабылдаған атау;
11. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу тәртібі мыналарды қамтиды.
1) пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу және өндірістік сынақтарынжүргiзуге өтінімдер қабылдауды;
2) пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік сынақтарын
ұйымдастыруды;
3) орындаушы ұйымдардың пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу,
өндірістік сынақтарын жүргізуін;
4) орындаушы ұйымдардың пестицидтердi (улы химикаттарды)
токсикологиялық бағалауды жүргізуін;
5) пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттік тiркеу және өндiрiстiк
сынақтар, сондай-ақ токсикологиялық бағалау нәтижелері туралы есептерді
қарастыруды;
6) тіркелушінің (өтінім берушінің) тіркеу досьесін қарастыруды;
7) пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеуді денсаулық сақтау
және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдармен келісуді;
8) пестицидтi (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуді;
9) пестицидтi (улы химикатты) мемлекеттік тіркеу туралы тіркеу куәлігін
беруді;
10) пестицидтi (улы химикатты) пестицидтер (улы химикаттар) тізіліміне,
пестицидтер (улы химикаттар) тiзiмiне және пестицидтер (улы химикаттар)
тiзiмiне толықтыруларға енгізуді
12. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) өндiрiстiк сынақтары
Өндiрiстiк сынақтар пестицидтердi (улы химикаттарды) сынаудың соңғыкезеңі болып табылады және ұсынылып отырған пестицидтердi (улы
химикаттарды) қолдану регламенттерінің биологиялық және шаруашылық
тиiмдiлiгiнің тұрақтылығын өндiрiстiк жағдайда тексеру және растау
мақсатында жүзеге асырылады.
1.Пестицидтердiң (улы химикаттардың) өндiрiстiк сынақтарын
жүргізуге өтiнiмді тiркелушi (өтінім берушi) Ведомствоға осы Қағидаларға
1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы жылғы 1 наурызға дейін
бередi.
2. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) өндiрiстiк сынақтарын жүргiзу
үшiн тiркелушi (өтінім берушi):
3. сәйкестік сертификатымен және Қазақстан Республикасының
аккредиттелген зертханаларында жүргізілген әрекет етуші зат пен
қоспалар құрамын зертханалық зерттеу деректерімен бірге зауыттық
орамдағы пестицидтiң (улы химикаттың) тәжiрибелiк үлгiсiн;
4. сәйкестік сертификатымен бірге зауыттық орамдағы эталондық
пестицидті (улы химикатты) ұсынады.
5. Өндiрiстiк сынақтар үшін әкелiнетiн пестицидтердің (улы
химикаттардың) мөлшерi сынақтар жүргізу көзделген әр топырақтықклиматтық аймақта әр дақылда 10 (он) гектарды өңдеуге қажетті
мөлшерден аспауы тиіс.
13. Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану кезінде жұмыскерлердің еңбек шарттарын гигиеналық бағалау
Зерттеулер пестицидтердi (улы химикаттарды) ең жоғары шығыс нормаларыкезіндегі қолдану технологиясын ескере отырып қолданыстағы әдістемелік
құжаттарға сәйкес жүргізіледі және операторлар үшін қатерді бағалауды, қолмен
және механикаландырылған жұмыстарды жүргізуге арналған өңделген
алқаптарға қауіпсіз шығу мерзімдерін негіздеуді қамтиды:
1) танаптық дақылдарды сырықты бүрку кезінде;
2) бақ дақылдарын вентиляторлық бүрку кезінде;
3) дақылдарды әуелік әдіспен өңдеу кезінде;
4) дақылдарды жабық топырақ жағдайында өңдеу кезінде;
5) дәрілеу жөніндегі зауыттарда және дәрілеу пункттерінде тұқымды егу
алдында өңдеу кезінде;
6) пестицидтермен (улы химикаттармен) өңделген тұқымды себу кезінде
(препараттың қауіптілік сыныбы, топырақта тұрақтылығы, қолдану аясы
ескерілген көрсеткіштері бойынша);
7) фумигациялау кезінде;
8) пестицидтерді (улы химикаттарды) басқа технологияларды пайдалана
отырып қолдану кезінде.
Қажет болған жағдайда көрсетілген зерттеулерді жүргізу орынсыздығына
негіздеме келтіріледі.
Еңбек шарттарын гигиеналық бағалау белгіленген тәртіппен гигиеналық
бағалаудан өткен техника мен жабдықтарды пайдалану кезінде ғана жүргізілуі
тиіс.
14. Қазақстан Республикасының аумағында пестицидтер (улы химикаттар) өндірісін (формуляциясын) гигиеналық бағалау техникалық
Бұл ретте:1) барлық технологиялық операцияларда
жұмыс орнындарын аттестациялай отырып
өндірістік ортаны бағалау жөнінде зертханалық
зерттеулер жүргізу;
2) ластағыштарды сәйкестендіру,
жұмыскерлерге кешенді әрекет ету қатерін
бағалау;
3) жабдықты, материалдарды, аспирация
жүйелерін гигиеналық бағалау;
4) жалпы шығарындылар мен жерге жақын
концентрациясын есептеу;
5) өндірістік сарқынды суларды, өндіріс
қалдықтарын, ыдыстарды және т.б.
залалсыздандыру және кәдеге жарату тәсілдерін
бағалау жүзеге асырылады.
15. Пестицидті (улы химикатты) тасымалдау, сақтау, қолдану және залалсыздандыру жөніндегі ұсыныстар
1. Пестицидтiң (улы химикаттың) айырмалық атауы, фирма (тiркелушi).2. Әрекет етуші зат (ISO бойынша) немесе микроорганизмнің түрлік атауы,
штамның немесе изоляттың атауы.
3. Концентрациясы (г/л немесе г/кг) (тiрi жасушалардың немесе олардың
тіршілік әрекеті өнімінің титрi, вирустық түйіршіктер, қоспалар титрі).
4. Пестицидтiң (улы химикаттың) препараттық нысаны.
5. Пестицидтiң (улы химикаттың) және жұмыс сұйықтығының мақсаты,
қолдану технологиясы, шығыс нормасы.
6. Өзге пестицидтермен (улы химикаттармен) үйлесімділігі.
7. Фитоуыттылығы.
8. Резистенттiк туындау мүмкiндiгi.
9. Флора мен фаунаның пайдалы объектiлерін қорғау жөніндегі ұсыныстар.
10. Пестицидпен (улы химикатпен) жұмыс кезiндегі қауіпсіздік шаралары.
11. Уланған жағдайдағы алғашқы көмек.
12. Пестицидті (улы химикатты) тасымалдау, сақтау және қолдану кезіндегі
сақтық шаралары.
13. Төгiлген немесе шашылған пестицидті (улы химикатты)
залалсыздандыру, препаратты және оның ыдысын кәдеге жарату тәсiлдерi.