Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасы
Жоспар
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
Азаматтық алу құқы
Азаматтың құкықтың қағидаларына:
Азаматтық құқық бөлімдері
1-тарау Жалпы ережелер 1-бап. Азамат және мемлекет
Мына адамдар ҚР азаматы бола алады:
4-бап. Азаматтық туралы құжат
Қазақстан Республикасы азаматтығын алу 10-бап. Азаматтық алу негіздері
16-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау шарттары Қазақстан Республикасының азаматтығына:
3-тарау Азаматтықты тоқтату 19-бап. Азаматтықты тоқтату негіздері
21-бап. Азаматтықтан айырылу Қазақстан Республикасы азаматтығынан:
ІІІ.Қорытынды
ІV.Пайдаланылған әдебиет
Назарларыңызға рахмет!!!
1.92M
Категория: ПравоПраво

Азаматтықтың жалпы және ерекше қағидалары

1. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасы

Тақырыбы: Азаматтықтың жалпы және
ерекше қағидалары
Орындаған: Жүнісбай А
Тобы: 201 «Б» ҚДС
Қабылдаған: Сатаев А
Шымкент 2016

2. Жоспар

• І.Кіріспе
• ІІ.Негізгі бөлім
1. Азаматтық ұғымы туралы жалпы түсінік
2. ҚР «азаматтық туралы» заңы
3. ҚР азаматтылығының қағидалары
• ІІІ.Қорытынды
• ІV.Пайдаланылған әдебиет

3. І.Кіріспе

• Конституциялық құқық жүйесінде азаматтық
институт маңызды орын алады. Бұл институт
Қазақстан Республикасының ІІ бөлімінде
конституциялық түрде бекітілді.
Азаматтықпен байланысты қатынастар
«Қазақстан Республикасының азаматтығы
туралы» 1991.20.12. Заңмен, ҚР Президентінің
1995.03.10. заң күші бар жарлығымен
енгізілген өзгертулер және толықтырулармен
реттеледі.

4.

5. ІІ.Негізгі бөлім

• Қазақстан республикасының азаматтығы туралы
заңы - Қазақстан Республикасының азаматтығы
адамның мемлекетпен тұрақты саяси-құқықтық
байланысын айқындайды, бұл байланыс олардың
өзара құқылары мен міндеттерінің жиынтығынан
көрінеді. Қазақстан Республикасында әрбір
адамның азаматтық алуға құқығы бар.
• Азаматтық — адамның нақты бір мемлекетке саяси
және құқықтық қатысы. Мемлекеттің және оның
билігіне бағынатын адамның арасындағы өзара
қарым-қатынасты білдіреді: мемлекет өз
азаматының заңды құқылары мен мүдделерін
қамтамасыз етуге, қорғауға және оған шет елде
қамқорлық жасауға кепілдік береді; ал азамат
мемлекеттің заңдарын және т.б. өкімдерін бұлжытпай
сақтауға және оның белгіленген міндеттерін
орындауға міндетті.

6.

• Қазақстан Республикасының Конституциясы
10-бап
• “Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға
сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай
негізде алынғанына қарамастан бірыңғай және
тең болып табылады. Республиканың азаматын
ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің
азаматтығын өзгерту құқынан айыруға, сондай-ақ
оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға
болмайды. Республика азаматының басқа
мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды”
делінген.

7. Азаматтық алу құқы

Қандық
Түп тамыр
Австралия,
Бразилия,
Норвегия,
Аргентина т.б.
Италия,
Финляндия
т.б.
Қазақстан Республикасының 1991 жылы 20желтоқсанда қабылданған (1993 жылы 3 қазанда
түзетулер мен толықтырулар енгізілген) “Азаматтық
туралы заңы” бойынша Қазақстанда қандық құқы
негізге алынады.

8. Азаматтың құкықтың қағидаларына:

• • тараптардың теңдігі;
• • шарт еркіндігі және таңдау құкығы;
• • еркіндік;
• • меншікке қол сұкпаушылык;
• • біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы;
• • азаматтык құкықтардың еш кедергісіз жүзеге
асырылуы;
• • бұзылған құқыктарды калпына келтіруді
қамтамасыз ету;
• • азаматтық-құқықтык қатынасқа катысушылардың
құқықтарын сот арқылы корғау жатады.

9. Азаматтық құқық бөлімдері

Жалпы
Жалпы ережелерді
реттейтін нормалар:
келісімшарт, меншік
құкығы және
міндеттемелік құкығы.
Ерекше
Нақты катынастарды
реттейтін нормалар
құрайды: айырбас,
жалға алу, сатып алусату, интеллектуалдық
меншік, авторлық
құқық және өсиетнама.

10.

• Қазақстан Республикасының азаматтығы Қазақстан
Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен және
Қазақстан Республикасының соған сәйкес шығарылатын басқа
да заң актілерімен реттеледі. Осы Заң күшіне енгізілген күнге
дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын; Қазақстан
Республикасының аумағында туған және шет мемлекеттің
азаматтығында тұрмайтын; осы Заңға сәйкес Қазақстан
Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан
Республикасының азаматтары болып табылады. Қазақстан
Республикасы азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында
болуы танылмайды. Қазақстан Республикасы жаппай қуғынсүргін, күштеп үжымдастыру кезеңдерінде, адамгершілікке
жат өзге де саяси шаралар салдарынан Республика аумағынан
кетуге мәжбүр болған адамдар мен олардың ұрпақтарының өз
территориясына қайтып оралуы үшін, сондай-ақ басқа
мемлекеттерде территориясында тұратын қазақтар үшін
жағдай жасайды.

11.

12. 1-тарау Жалпы ережелер 1-бап. Азамат және мемлекет

• Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттік
органдары мен лауазымды адамдары арқылы
Республика азаматтары алдында жауапты, ал
Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан
Республикасы алдында жауапты. Ол Қазақстан
Республикасының Конституциясы мен заңдарын
сақтауға, Қазақстан Республикасының
мүдделерін, оның территориялық тұтастығын
қорғауға, мемлекеттік тіл мен оның
территориясында тұратын барлық ұлттардың
тілдеріне, әдет-ғұрпына, дәстүрлеріне құрметпен
қарауға, Қазақстан Республикасының күшқұдіретін, егемендігін және тәуелсіздігін

13. Мына адамдар ҚР азаматы бола алады:

• 1.Осы Заң күшіне енгізілген күнге дейін Қазақстан
Республикасында тұрақты тұратын;
2.Қазақстан Республикасының аумағында
туған және шет мемлекеттің азаматтығында
тұрмайтын;
3.Осы Заңға сәйкес Қазақстан
Республикасының азаматтығын алған адамдар
Қазақстан Республикасының азаматтары болып
табылады.
4.Қазақстан Республикасы азаматының
басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы
танылмайды.

14. 4-бап. Азаматтық туралы құжат

• Қазақстан Республикасының азаматтығын
растайтын құжат Қазақстан Республикасы
азаматының жеке куәлiгi немесе
Қазақстан Республикасы азаматының
паспорты болып табылады. 16 жасқа
дейінгі баланың азаматтығы оның туу
туралы куәлігімен, ата-анасының
қайсысының болса да паспортымен
расталады.

15.

16.

• 7-бап. Қазақстан Республикасы азаматтығының сақталуы
Қазақстан Республикасы азаматының республикадан тыс
жерлерде тұруы Қазақстан Республикасының азаматтығын
тоқтатуға әкеп соқтырмайды.
Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматшасының
республика азаматы емес адаммен некеге тұруы, сондай-ақ мұндай
некені бұзуы азаматтықтың өзгеруіне әкеп соқтырмайды.
8-бап. Қазақстан Республикасының азаматын басқа мемлекетке
беруге болмайтындығы
Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше
белгiленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет
мемлекетке беруге болмайды.
9-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi
азаматтарды қорғау
Қазақстан Республикасы өзiнiң одан тыс жерлерде жүрген
азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепiлдiк
бередi.

17. Қазақстан Республикасы азаматтығын алу 10-бап. Азаматтық алу негіздері

• Қазақстан Республикасының азаматтығы:
1) тууы бойынша;
2) Қазақстан Республикасының
азаматтығына қабылдау нәтижесінде;
3) Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарында көзделген
негiздер мен тәртiп бойынша;
4) осы Заңда көзделген өзге де негіздер
бойынша алынады.

18. 16-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау шарттары Қазақстан Республикасының азаматтығына:

• 1) Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде
кемінде бес жыл тұрақты тұратын не Қазақстан
Республикасының азаматтарымен кемінде үш жыл некеде
тұратын адамдар қабылданатын болады.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаған
кезде кәмелетке толмағандардан, әрекетке қабiлетсіз және
Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбек сiңiрген
адамдардан не Қазақстан Республикасының Президентi
белгiлейтiн тiзбе бойынша кәсiптерге ие және талаптарға сай
келетiн адамдардан және олардың отбасы мүшелерiнен осы
тармақшаның бiрiншi абзацында көзделген шарттардың болуы
талап етiлмейдi;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының iшiнде жақын
туыстарының бiрi - баласы (оның iшiнде асырап алған баласы),
жұбайы (зайыбы) және ата-анасының бiреуi (асырап алушысы),
апа-қарындасы, аға-iнiсi, атасы немесе әжесi бар, Қазақстан
Республикасына тұрақты тұру мақсатымен келген, бұрынғы
одақтас республикалардың азаматтары, Қазақстан
Республикасында тұру мерзiмiне қарамастан, қабылданатын
болады.

19. 3-тарау Азаматтықты тоқтату 19-бап. Азаматтықты тоқтату негіздері

• Қазақстан Республикасының
азаматтығы:
1) Қазақстан Республикасы
азаматтығынан шығу;
2) Қазақстан Республикасы
азаматтығынан айырылу салдарынан
тоқтатылады.

20. 21-бап. Азаматтықтан айырылу Қазақстан Республикасы азаматтығынан:

• 1) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық
шарттарында көзделген реттерді қоспағанда, адамның басқа
мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік қызметіне, полицияға,
юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет
және басқару органдарына орналасуы салдарынан;
2) егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу
жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету
нәтижесінде алынса;
3) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық
шарттарында көзделген негіздер бойынша;
4) алынып тасталды - ҚР 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
5) егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған
болса;
6) егер адамның Қазақстан Республикасының
азаматтығын алуына негіз болған Қазақстан Республикасының
азаматымен некесін сот жарамсыз деп таныса, айрылады.

21. ІІІ.Қорытынды

• Азаматтық — адамның нақты бір мемлекетке саяси және
құқықтық қатысы. Мемлекеттің және оның билігіне бағынатын
адамның арасындағы өзара қарым-қатынасты білдіреді:
мемлекет өз азаматының заңды құқылары мен мүдделерін
қамтамасыз етуге, қорғауға және оған шет елде қамқорлық
жасауға кепілдік береді; ал азамат мемлекеттің заңдарын
және т.б. өкімдерін бұлжытпай сақтауға және оның белгіленген
міндеттерін орындауға міндетті.
Қазақстан Республикасының азаматын ешқандай
жағдайда азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан
айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге
аластауға болмайды.
Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын
құжат Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi
немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты
болып табылады. 16 жасқа дейінгі баланың азаматтығы оның
туу туралы куәлігімен, ата-анасының қайсысының болса да
паспортымен расталады.

22. ІV.Пайдаланылған әдебиет

• «Азаматтық туралы» ҚР Заңы.20.12.1991 ж.
• Қазақстан Республикасының
Конституциясы.1995 ж
• Г.Сапарғалиев ҚР Конституциялық құқұқ
.Академиялық курс Алматы «Жеті жарғы» 2004
ж
• О.Ашитов ҚР құқұқ негіздері.Алматы 2003 ж
• www.wikipedia.org

23. Назарларыңызға рахмет!!!

English     Русский Правила