Похожие презентации:
Қазақтың ұлттық десерті «құрт-май» дайындау тәсілі
1. Тақырыбы:
Қазақтың ұлттық десерті «құрт-май» дайындаутәсілі
Студент Датқаева А
Ғылыми жетекші:Қажғалиев Н.Ж
2.
Қазақтың ұлттық дастарханында болатын негізгітамақтардың түрлері: ет тағамдары, сүт тағамдары және ұн
тағамдары.
Соның ішінде қазақ халқының сүттен жасалған ұлттық тағам
ретінде кеңінен қолданатын тағамының өте көне түрінің бірі
– құрт. Құрт ежелгі замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі
күнге дейін өз қасиетін жоғалтпай, жақсы сақталған ұлттық
тағам ретінде пайдаланылады.
Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің
мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны
береді. Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп
дорбада сүзіп алып, тұздап өреде кептіріп сақтайтын
тағам түрі. Жасалу тәсілдеріне қарай құрт сықпа құрт, ақ
құрт, қара құрт, майлы құрт деген түрлерге бөлінеді.
3.
Құрттан жасалатын немесе кұрт қосылатын тағамдардыңбірнеше түрлері болады.
Жасқұрт. Сүзбеде тұрған құртты сары маймен жентектеп
бастырма ретінде шаймен бірге дастарқанға қояды. Әсіресе кепкен
құртқа, бауырсаққа тісі өтпейтін қарттар үшін өте кенеулі ас
саналады. Ертеректе жас құртты мипалауға, құйрық-бауырға қосқан.
Ыстық құрт. Қайнап жатқан құртты алып, май қосып сапырып
ішетін кенеулі ас. Өкпе ауруына, суық тиіп ауырған сырқаттарға ем
саналған.
Сықпа құрт. Бұл құрттың түрі кайнатқан кұрттан
айырмашылығы сол ашыған айран қапқа кұйып сүзіледі де
тұздалып, әр түрлі үлгімен бөлшектеліп тақтайшаға кептіріледі.
Сықпа құрт та бастырма ретінде пайдаланылған. Мұндай кұрт
жайған әйел ауыл балаларына арнап дөңгелек жасап, жіпке тізіп
мойындарына іліп қуанту салты болған.
4.
Құрт тағамының түрлері5. Малта. Езілген құрттың таусыншақ түйіршіктері, ол әрі жұмсақ, әрі сүйкімді ас саналады. Ұзақ сапарларда ауызға салып суын
жұтқан кезде әрі сусын, әрі қорекболған.
Езген құрт. Сорпаға, тұздыққа, көжеге және басқа тағамдарға қосу немесе сұйық
күйінде ішу үшін кепкен құрт астауға салып ұнталады, келіге түйіледі немесе қол
диірменге тартылады. Езген құрт — ұлттық тағамдардыңың ең бір сүйкімдісі
және
кенеулісі.
Ақмалта. Езген құрттың ең соңғы шайындысы. Ол өте жұғымды және тез сіңетін
тағам
болып
саналады,
оны
сол
сұйық
түрінде
ішеді.
Ұнтақ құрт. Арнайы түйіп ұсатқан немесе қап түбінен жинап алған үгінді. Оны
сүттің
піскен
қаймағына
былғап
жейді.
Құрт-май. Сары майға батырып табақ жасайтын кепкен, сықпа жалпақ құрт. Оны
асығыс кезде дәм таттыру үшін немесе жеңіл-желпі түстік ретінде дастарқанға
қояды. Кейде құрт, ірімшік, май тағамдарының қосындылары да кұрт-май деп
аталады.
Құрттың сарысуын сүт қосып қайнатып, ірімшік жасайды, ауырған малға
ішкізеді, әйелдер бас жуады, сондай-ақ одан тері илеу үшін малма жасайды
6.
7. Дәстүрлі құрт дайындау әдісі
Құрт өнімінің қай түрі болмасын, ортақ бір даярлау технологиясыменәзірленеді.
Сиыр сүтінен дайындалатын құртты жасау әдісі:
Белгілі бір мөлшердегі сүт өнімін 85-900С температурада пісіреді.
Пісірілген сүт 35-400С температурада суытылады.
Суытылған сүтке 20 г ұйытқы қосып, 6-7 сағат ұйытылады.
Ашыған айранды қазанға құйып, түбі күйіп кетпес үшін, әлсін-әлсін
қазанның түбін араластырып отырамыз.
Араластыра отыра, 5 г тұз қосылады, өйткені тұз қосылған айранның
сарысуы тез бөлінеді.
Әбден қоюланған айранды матадан тігілген қалтаға (дорбаға) құйып, бір
тәулікке іліп қоямыз.
Құрғатылған өнімге белгілі бір мөлшерде ас тұзын қосып, әбден
араластырып, мөлшері 20-260 г домалақ пішінді түр (форма) береміз.
Тақтаға жайылған құртты әр күн сайын аударып, 2-3 күн кептіреміз.
8.
9.
Қазақтың ұлттық десерті «құрт-май» дайындау тәсіліҚұрт-май дайындау технологиясы қарапайым. Ұйыған сүт әбден қойылған
соң қапқа құйып, керегенің басына немесе ашаға іліп, сары суын ағызады. Құрт
капта бір тәулік тұрған соң, суы әбден сарқылып, құрғайды. Өнімді қатты ұйытып
жібергеннен көрі ұю біршама іркілдек болып тұрған кезде ертерек ыдыстан алу
керек, одан кейін 10°С-ден жоғары емес температурада суытады және сондай
жағдайда сақтайды, бұл уақыт аралығында өнім біркелкі консистенцияға келуі
керек. Бұдан кейін құртты қаптан алып, қазанға салып қайнатамыз, суы ұшып,
ірікпектелген кезде құрттың мөлшеріне тең етіп қант қосамыз, бұл қоспаға
майлылығына әрі қалауыңызға қарай сары май қосып, тағы бір қайнатамыз.
Дайын болған құрт-май ірітпекті, сары түсті болады. Дайын болған құрт-май +4оС
дейін суытылып шай ішуге ұсынылады .
Бір килограмм құрт-май дайындау үшін келесідей шикізаттар қажет:
2 л көлемінде майсыз сиыр сүті немесе 0,5кг дайын сүзбе;
300гр қант;
250гр сары май (майлылығы 82%).
10.
Құрт-май дайындау үшін қажет шикізаттар:11.
Зертханалық жағдайда зерттеу100г дайын тағам құрамында 25% май, 52,6% ақуыз және
21,4% қант болса, ал сүзбеде ақуыз мөлшері бар болғаны
14,5-18,6%-ды құрайтыны және құрт-май қуаттылығы
370,1 кДж тең екені анықталды.
12. Ұсыныс
Құрттыңқұрамы
мен
формалары
балаларды
қызықтыратындай болады. Олар жануарлар, құстар, аңдар
бейнесінде болмақ. Құрт түрлері санитарлық нормаға
сай арнаулы көз тартарлықтай ыдыстар мен қағаз қораптарға
салынады. Қораптың сырты пайдаланушылардың жас
ерекшеліктеріне сәйкес безендірілген, құрамы мен қасиеті
толық жазылған болады.
Қазіргі кезде балалар
көп
пайдаланатын әртүрлі сағыздар мен шоколодтардың (киндер
сюрприз, синикерс, чупа-чупс,т.б.) орнын сол құрттар басады
деп ойлаймын. Балалар ойнап жүргенде, бос кездерінде
ауыздарына сағыз салғанша құрт салса, денсаулығына да өте
пайдалы болар еді.
13. Балалар тағамына қолдану
14.
ҚорытындыМенің зерттеуімнің нәтижесінен туған осы бір жаңалық өзім
сияқты студентерді қызықтырады деген ойдамын.
Зерттеу жаңалығы: — Болашақта құртты үнемі пайдалану
әдістері;
-Қоғам дамуына байланысты ұлттық тағамның жасөспірімдер
арасында кең таралуына ықпал ету;
15.
Назарларыңызғарахмет!!!!!