Похожие презентации:
Ауыз қуысының кілегейлі қабығының тіс жақ жүйесінің бұлшықеттерін тексеру әдістері
1. Тақырыбы: Ауыз қуысының кілегейлі қабығының тіс жақ жүйесінің бұлшықеттерін тексеру әдістері
Қарағанды Мемлекеттік Медицина УниверситетіТерапиялық және оротопедиялық стоматология
кафедрасы
Тақырыбы: Ауыз қуысының кілегейлі
қабығының тіс жақ жүйесінің бұлшықеттерін
тексеру әдістері
ОРЫНДАҒАН: БОПАН М. 4-002 СТОМ
ТЕКСЕРГЕН: АУБАКИРОВ С. Е.
ҚАРАҒАНДЫ 2015Ж.
2. Жоспары:
Электромиография;Мастикоциография;
Миотонометрия;
Христиансеннің
шайнау сынамасы;
Рубиновтың физиологилық негіздегі
шайнау сынамасы.
3. Электромиография
Бұлшық еттердің биопотенциалын тіркеп жазумен жүретінжүйесін зерттеу функциональді әдіс болып табылады. Көп
түбірлі тістерді тексергенде электромиографиямен арнайы
датчиктермен
тері
үстілік
электродтар
қолданылады.
Электродтарды зерттейтін бұлшық ет нүктесіне медициналық
желімнің көмегімен бекітеді. Бұлшық еттердің күш түсу кезіндегі
жиырылуын саусақпен сипау арқылы анықтайды. Электродтар
арасындағы ара қашықтық тұрақты болу керек. Бұлшық еттердің
физиологиясы тыныштықта, шайнау мен жұтынуы еркін және
жақтардың еркін қабысуы кезінде зерттеледі. Анализ кезінде бір
шайнау циклы кезіндегі шайнау қозғалысының мөлшерін, бір
циклдық ұзақтығын, биоэлектрлік белсенді фазаны және секунд
аралығындағы биоэлектрлік тыныштықты, биопотенциалдардың
ортасына амплитудасы бойынша анықталады. Берілген әдіс
бұлшық еттің қозу және басылу процестері кезіндегі жиырылу
икемділігін анықтауға мүмкіндік береді.
4. Электромиография
Электромиографиялық зерттеудісамай
төменгі жақ буыны мен бұлшық ет жүйесмен
ауруларын жорамалдау кезінде, сонымен
қатар тіс жақ жүйесінің ауытқуларында
ортопедиялық емдеудің нәтижелігін бақылау
мен жүргізу кезінде қолданылады.
5. Электромиограф
6. Электромиография
7. Электромиограф
8. Электромиография
9. Мастикоциография
Төменгіжақтың шайнау қозғалысын анықтауға
арналған әдіс. Әдістің мәні: төменгі жақтың
жабық жүйедегі ауаның толқуын тіркеуге
негізделген. Жүйе иекке, таңғыш арқылы
бекітілген резеңке балоннан, резеңке түтікшесі
кез – келген тіркегіш құралда жазып алынады.
Қозғалыстың жазылуы әртүрлі тағамдардын
0,8г орман жаңғағын шайнау кезінде
басталады.
10. Мастикоциография
11. Мастикациограмма
Мастикациограмма- толқын тәрізді шайнаутолқындары мен тісшелерден тұрады. Тағам қабылдау
әрекетін шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөлуге
болады:
1. Тыныштық жағдайда.
2. Тіс қатарын қабыстырып, сілекейді жұту.
3. Ауызды ашу, тағамды күрек тістер арасына еңгізу. 4.
Тағамды тістеп, шайнау тіс топтарына қарай ығыстыру және
шайнау.
5. Шайнау циклының толқыны – төменгі жақтың түсірліп,
көтерілуіне байланысты, жоғарылаған және төмендетілген
тізеден тұрады.
12. Мастикациограмма
Мастикациограмма көмегі арқылы – шайнау циклыныңжұтуға дейінгі ұзақтығын және оның жекелеген
кезеңдерін, шайнау қозғалғыштығының мөлшерін,
ауыздың ашылу амплитудасын анықтауға болады.
Мастикоциограмманың анализі кезінде осы параметр
арқылы шайнау әрекетінің бұзылысын нақтылауға болады.
Мысалы: девитальді циклдың ұзындығы бойынша 14
секундтан қалыпты жағдайда 42-45 секундқа дейін.
Миография шайнауға қатысатын жекелеген бұлшық
еттердің жиырылуын кинографқа жазып алу миография
деп аталады, ол арқылы бұлшық еттермен олардың кейбір
талшықтарының ойдағыдай жұмыс істемейтіндігін табуға
болады.
13. Миотонометрия
Миотонометрарқылы шайнауға қатысатын
және
қимылдайтын
бұлшық
еттердің
кернемесін өлшейді. Қалыптан ауытқу болса,
бұлшық еттердің кернемесі де өзгереді.
Мысалы, асқынған тіс жегісі кезінде
шайнайтын бұлшық еттердің кернемесі
тыныш тұрғанда көтерліп кетеді, сөйтіп ол
тістің ауруына себеп болады. Аталмыш аспап
байқағышпен граммен межеленген шкаласы
бар өлшегіштен құралады.
14. Миотонометр
15. Электромастикациография.
Бұләдіс
арқылы
бұлшық
еттердің
биотобының жазбасы мен төменгі жақтың
қозғалысының үйлесімі қарастырылады. Бұл
тәсілдің көмегімен мастикоциограммадағы
жазбалардағы бұлшық еттердің биологиялық
потенциялының кеңістіктері айқындалады .
Осы тәсілді емдеу әрекеттерінің тиімділігін
анықтауға да қолдануға болады
16. Христиансеннің шайнау сынамасы.
1923 жылы Христиансен бірінші болып шайнаудыңтиімділігін шайнау сынамасы арқылы анықтаудың
тәсілін ойлап тапты. Тексерілетін адамға шайнау
үшін кокос жаңғағынан тұратын үш бірдей цилиндр
беріліп, олар 50 рет шайнағаннан соң ыдысқа
түкіріліп, жуылып, жүз градус температурада бір
сағат кептірілген кейін әртүрі үш сүзгіден өткізіледі.
Сүзгіден өтпей қалған түйірлерге қарап шайнаудың
нәтижесін анықтайды.
17. Гельманның шайнау сынамасы
Гельман шайнаудың нәтижесін Христиансен сияқтышайнаудың санымен емес, тағамнын елу секунд уақыт
аралығында шайналуы арқылы анықтауды дұрыс деп
есептейді. Шайнауды сынау үшін тыныш жағдай
керек. Өлшеп оралған бадам жемісі, шұңғыл ыдыс,
қайнаған суы бар стакан, диаметрі 15х15 сантиметр
шыны түтік, өлшемі 20х20 см дәке салфетка, су
құйатын cтакан, диаметрі 2,4мм тесігі бар темір сүзгі,
таразы сияқты заттар дайындалып алғаннан кейін,
тексерілетін адамға 5 грамм бадам жемісі 50 секунд
ішінде шайнауға беріледі.
18. Гельманның шайнау сынамасы
Осыдан кейін шайналған бадам дайын тұрған ыдысқа түкіріледі,ауызы сумен шайылып, шайынды да сол ыдысқа құйылады. Оған 810тамшы 5 пайыздық алмас ертіндісі қосылып, ыдыстағы заттар
дәкеден жасалған салфетка арқылы шыны түтікке сүзіледі. Дәкеде
қалған бадам, суы бар стакан үстіне кептірілуге қойылады. Бұл
жағдайда тым кеуіп кетпеуге сақ болғаны жөн, өйткені оның
салмағы азайып кетеді. Бөлшектер бір – бірімен жабыспай, бөлек –
бөлек күйге келгенде сынама кептірілді деп есептеуге болады.
Бадамның түйірлерін темір сүзгіден өткізеді. Тіс қатарының
қалыпты жағдайында барлық шайналған тағам сүзгіден өтіп кетеді,
бұл шайнау тиімділігінің 100 пайыз екендігінің дәлелі. Сүзгіден
өтпей қалған түйірлер болса, олар өлшеніп, прапорция арқылы
шайнау нәтижесінің бұзылу шамасы анықталады, ол үшін
қалдықтың барлық шайналған бадамның салмағына деген қатынасы
ескеріледі.
19. Рубиновтың физиологилық негіздегі шайнау сынамасы
Рубиновтыңфизиологилық
негіздегі
шайнау
сынамасы. Рубиновтың пікірі бойынша, 5грамм
бадам шайнауға қиындық келтіреді, сондықтан
алынған нәтиже дәл бола бермейді. Оның ойынша,
шайнауға жабайы жаңғақтың салмағы 500 мг
болатын 1 дәңін берген дұрыс сияқты. Шайнау
уақыты жұтуға дейінгі аралықтан анықталады. Ол
орта есеппен 14 секундқа тең. Жұту рефлексі
басталған сәттен сынама ыдысқа түкіріледі, әрі
қарай тексерілу Гельман тәсіліне сүйінеді.