Похожие презентации:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі
1. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі
"Халық денсаулығы және денсаулықсақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы
18 қыркүйектегі Қазақстан
Республикасының Кодексі
Орындаған: Келдібек Т
Қабылдаған:
Курс: 5
Факультеті: ҚДС
Тобы: 12-001-02
2. 3-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ АККРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ АТТЕСТАТТАУ
3.
Жоспары1.
2.
3.
4.
14-бап. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу
14- бапта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Акредиттеу туралы министрлердің бұйрықтары
15-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды
кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттау
5. 15- бапта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
6. Аттестаттау туралы министрлердің бұйрықтары
4.
1)2)
3)
4)
5)
6)
14- бапта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Акредитация – объектінің белгіленген шарттарымен
көрсеткіштеріне сәйкес ресми түрде рәсімделуі
Аккредиттеуші орган – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және
фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (бұдан әрi – Комитет)
және оның аумақтық департаменттері (бұдан әрi – Департаменттер)
не Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрлігі аккредиттеген ұйым;
Аккредиттеу стандартының дәрежесі – стандарттың, оның
пациенттердің қауіпсіздігіне әсерінің маңыздылығына байланысты
деңгейі;
Аккредиттеу туралы куәлік – белгілі бір аккредиттеу саласында
өтініш берушінің аккредиттелгенін растайтын құжат;
Аккредиттеу туралы куәлігінің қолданыс мерзімін ұзарту –
аккредиттеуші органның аккредиттеу туралы куәлігінің қолданыс
мерзімін ұзартудың ресми процедурасы;
Аккредиттеу жөніндегі комиссия – өтініш берушінің
материалдарын қарайтын аккредиттеуші орган құрған комиссия,
осы Қағидалардың талаптарына олардың қызметінің сәйкестігін
бағалау жүргізеді және ұсыным сипатындағы шешімдерді
қабылдайды;
5.
14-бап. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу1. Көрсетілетін медициналық қызметтердің денсаулық
сақтау саласындағы белгіленген талаптар мен
стандарттарға сәйкестігін тану мақсатында, сондай-ақ
денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік
даярлығына бағалауды жүргізу және біліктілігінің
сәйкестігін растау үшін денсаулық сақтау
субъектілері денсаулық сақтау
саласында аккредиттелуге жатады.
Жеке тұлғалар денсаулық сақтау субъектілерінің
қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін
аккредиттелуге жатады
6.
2. Аккредиттеу ерікті сипатта болады жәнеаккредиттелетін субъектінің қаражаты есебінен және
тыйым салынбаған өзге де қаражат есебінен жүзеге
асырылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
3-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда
көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.01.2017
бастап қолданысқа енгізіледі).
7.
3. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу олардыңқызметiнiң уәкiлеттi орган бекiтетін аккредиттеу
стандарттарына сәйкестiгiн сыртқы кешенді бағалау
негізінде жүргiзiледi және ол тегін медициналық
көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге
мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде
ескерiледi.
Медициналық ұйымдарды фармакологиялық және
дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техникаға клиникалық зерттеулер
жүргізу құқығына аккредиттеу олардың қызметінің
уәкілетті орган бекітетін клиникалық зерттеулер
жүргізу жөніндегі талаптарға сәйкестігін бағалау
негізінде жүргізіледі.
8.
Сынақ зертханаларын биологиялық активті заттарға,медициналық мақсаттағы бұйымдарға клиникаға дейінгі
(клиникалық емес) зерттеулер жүргізу құқығына
аккредиттеу олардың қызметінің уәкілетті орган бекітетін
клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер жүргізу
жөніндегі талаптарға сәйкестігін бағалау негізінде
жүргізіледі.
Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы
бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын сараптау және
бағалау жөніндегі монополиялық қызметті жүзеге
асыратын сынақ зертханаларын аккредиттеу уәкілетті
орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.
9.
4. Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметінетәуелсіз сараптама жүргізуі үшін жеке тұлғаларды
аккредиттеу олардың біліктілігін кешенді бағалау
негізінде жүргізіледі.
Тәуелсіз сарапшылар тарту тәртібін уәкілетті орган
белгілейді.
5. Аккредиттеуді уәкілетті орган не уәкілетті орган
аккредиттеген ұйым жүргізеді.
6. Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді
жүзеге асыратын орган (ұйым) денсаулық сақтау
саласындағы аккредиттеу жөніндегі тиісті
комиссияларды құрады және аккредиттелген
субъектілер мен тәуелсіз сарапшылардың деректер
банкін қалыптастырады.
Аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережені
уәкілетті орган бекітеді.
10.
Акредиттеу туралыминистрлердің бұйрықтары
11.
12.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 7бабы 1-тармағының 76) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау саласындағы
аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігінің Медициналық қызметті стандарттау
департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның
күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және
"Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялауға
жіберілуін;
13.
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтаужәне әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында
орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан
Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
бірінші вице-министрі
С.З. Қайырбековаға жүктелсін.
1) "Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеу
стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешендік бағалау жүргізу
жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан
Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы
23 шілдедегі № 542 бұйрығы (нормативтік құқықтық актiлердi
мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 6432 болып тіркелген, "Егемен
Қазақстан" 2010 жылғы 2 қазандағы № 402-405 (26248); "Егемен
Қазақстан" 2010 жылғы 5 қазандағы № 406-409 (26252); "Егемен
Қазақстан" 2010 жылғы 6 қазандағы № 410-413 (26256); "Егемен
Қазақстан" 2010 жылғы 12 қазандағы № 418-421 (26264) газетінде
жарияланған);
14.
2) "Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеустандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешендік бағалау жүргізу
жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 шілдедегі № 542
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 99
бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде № 8425 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" 2013
жылғы 23 қазандағы № 237 (28176) газетінде жарияланған).
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 10 наурыздағы
№ 127 бұйрығымен бекітілген
15.
3. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуге:1) қызметінің Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрінің 2012 жылғы 2 қазандағы №
676 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8064 болып
тіркелген), денсаулық сақтау субъектілеріне арналған
аккредиттеу стандарттарына және Қазақстан
Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2014
жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығымен бекітілген
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде № 9148 болып тіркелген) (бұдан әрi –
стандарттар) қан қызметі саласындағы денсаулық сақтау
ұйымдарының аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін
тану мақсатындағы медициналық ұйымдар;
2) фармакологиялық және дәрілік заттарға,
медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техникаға клиникалық зерттеулер жүргізу құқығына
медициналық ұйымдар;
16.
3) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсізсараптамалық бағалау жүргізу үшін жеке тұлғалар;
4) денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік
даярлығын бағалау және біліктілікке сәйкестігін растау
жөніндегі ұйым – денсаулық сақтау саласындағы
мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау және
біліктілікке сәйкестігін растау жөніндегі қызметті жүзеге
асыратын денсаулық сақтау;
5) биологиялық активті заттарға, медициналық
мақсаттағы бұйымдарға клиникаға дейінгі (клиникалық
емес) зерттеулер жүргізу құқығына сынақ зертханалары
(ғылыми-зерттеу зертханалары) жатады.
4. Аккредиттеу ерiктi сипатта болады және
аккредиттелетiн субъектiнiң қаражаты есебiнен және
тыйым салынбаған өзге қаражат есебiнен жүзеге
асырылады.
17.
5. Денсаулық сақтау саласында аккредиттеудi жүзегеасыратын орган (ұйым) денсаулық сақтау субъектiлерiн
аккредиттеу жөніндегі комиссияны және жеке тұлғаларды
аккредиттеу жөніндегі комиссияны құрады, сондай-ақ
денсаулық сақтаудың аккредиттелген субъектiлерiнің және
денсаулық сақтау саласындағы тәуелсiз сарапшылардың
деректер банкін қалыптастырады.
6. Комиссия туралы ереже Кодекстің 14-бабы 6тармағының талаптарына сәйкес бекiтiледi.
18.
2. Медициналық ұйымдардың қызметерлерін аккредиттеустандарттарына сәйкестікке мойындау мақсатында
аккредиттеудi
жүргiзу тәртiбi
7. Аккредиттеуші органға өтініш бермес бұрын
медициналық ұйым өз бетінше немесе тәуелсіз
сарапшыларды тарта отырып, "Медициналық көрсетілетін
қызметтердің сапасын басқару жүйесі" (бұдан әрi – МҚСБЖ)
автоматтандырылған дерекқорындааккредиттеу
стандарттарына сәйкестікке өзiн-өзi бағалауды жүргізеді.
8. Медициналық ұйымдар аккредиттеуден өту үшін
орналасқан жері бойынша тиісті Департаментке осы
Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш
ұсынады.
9. Департамент өтінішті алған күннен бастап екі жұмыс
күнінің ішінде өтініштің толықтығын және дұрыс
толтырылуын тексереді. Өтініштің толық болмау және дұрыс
толтырылмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілген
мерзімде аккредиттеуден жазбаша дәлелді бас тарту береді.
19.
10. Медициналық ұйымдардың аккредиттеу стандарттарына сәйкестігінсыртқы кешенді бағалау (бұдан әрі – Бағалау) мынадай кезеңдерді
қамтиды
1) кабинетте зерттеу (өзін-өзі бағалау нәтижелерінің негізінде
құжаттарды және медициналық ұйым туралы басқа ұсынылған
құжаттарды зерделеу);
2) аккредиттеу стандартының дәрежесін ескеріп, балдық жүйе
негізінде бағалау парақтарын толтыру арқылы аккредиттеу
стандарттарына сәйкестігін сараптамалық бағалау;
3) сыртқы кешенді бағалау нәтижелерін "Медициналық қызметтердің
сапасын басқару жүйесі" дерекқорына енгізу.
11. Бағалауды жүргізу үшін аккредиттеуші орган сараптама
топтарын құрады және сарапшылар арасынан топ басшысын
айқындайды.
Сараптама тобының құрамына аккредиттеуші органның мамандары,
денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшылар және денсаулық
сақтау саласындағы аккредиттеу мәселелері бойынша оқытылған
денсаулық сақтау ұйымдарының бейінді мамандары кіреді.
20.
12. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша Департамент медициналықұйымды Бағалау жүргізу күні туралы хабардар етеді.
13. Медициналық ұйымның аккредиттеу стандарттарына
сәйкестігін сараптамалық бағалау аккредиттеуші орган бекітетін
графикке сәйкес жүзеге асырылады.
14. Сараптамалық бағалауды бастамас бұрын, Департамент
сараптама тобының мүшелеріне ақпараттық жүйеге кіру үшін логин
және пароль береді. Ақпараттық жүйеге кіруге арналған логин және
пароль туралы ақпарат құпия болып табылады, жариялау мен
таратуға жатпайды. Құпия ақпаратты беру фактілері анықталған
жағдайда сарапшы одан арғы аккредиттеу рәсімінен дереу
алыстатылады, ал оның ақпараттық жүйеге енгізген нәтижелері
жойылады.
15. Сараптама тобының мүшелері медициналық ұйымға шықпас
бұрын, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
медициналық ұйымды зерттеп-қарау жөніндегі іс-шаралар жоспарын
жасайды.Сараптама тобы денсаулық сақтау ұйымының аккредиттеу
стандарттарына сәйкестігіне сараптамалық бағалау жүргізу кезінде осы
Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір бөлігі
бойынша жеке-жеке денсаулық сақтау ұйымының аккредиттеу
стандарттарына сәйкестігіне бағалау жүргізу үшін бағалау парақтарын
толтырады.
21.
16. Сараптамалық бағалау нәтижелері МҚСБЖ автоматтандырылғандерекқорына енгізіледі. Сыртқы кешенді бағалау барысында алынған
денсаулық сақтау ұйымының қызметі туралы, пациенттер мен
персонал туралы мәліметтерді басқа адамға беруге (соның ішінде
стандарттар бөлімі (блогы) бойынша ақпаратты МҚСБЖ
автоматтандырылған дерекқорына енгізу құқығын беру) жол
берілмейді.
17. Ақпаратты МҚСБЖ дерекқорына енгізгеннен кейін
стандарттардың бөлімдері (блоктары) бойынша толтырылған бағалау
парақтарын сараптама тобының мүшелері топ басшысына
тапсырады.
18. Көрсетілген рәсімдер аяқталғаннан кейін сараптама тобының
жұмысы туралы есепті сараптама тобының басшысы Департаментке
тапсырады.
19. Пациенттер мен персонал арасында сауалнама осы
Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
Респонденттерді таңдау кездейсоқ таңдау арқылы жүргізіледі.
Медицина персоналының ішінен респонденттердің саны денсаулық
сақтау ұйымының штат қызметкерлерінің саны кемінде 5 %-ын және
сауалнама жүргізу кезінде стационарлық емделудегі немесе
медициналық көмекке жүгінген адамдардың саны кемінде 5 %-ды
құрайды.
22.
Респонденттер арасында сауал жүргізуге арналған сауалнамалардааккредиттеу стандартының тиісті өлшемшартының нөмірі және
сауалнама жүргізу күні көрсетіледі.
Стандарттың тиісті өлшемшарттарын бағалау кезінде сұхбат
жүргізу үшін респонденттердің саны әрбір нақты жағдайда жеке
белгіленеді, бірақ 3 адамнан кем болмайды.
Сұхбат жүргізу кезінде стандарт өлшемшартының мазмұнына сүйене
отырып, респондент үшін түсінікті және екі жақты түсіндіруді
болдырмайтындай етіп жазылған сұрақтар қойылады.
20. Аккредиттеу стандарттарына сәйкестікті бағалау балдық жүйе
негізінде жүргізіледі:
5 балл – стандарт талаптарына толық сәйкестік;
3 балл - стандарт талаптарына ішінара сәйкестік;
0 балл – стандарт талаптарына сәйкес келмеу;
"қолданылмайды";
23.
21. Кабинеттік зерттеу үшін сараптама тобына ағымдағы кезеңдеөзектілендірілген мынадай құжаттар ұсынылады:
1) ұйымның жарғысы (көшірмесі);
2) медициналық ұйымның қосымшалары бар өзін-өзі бағалау
нәтижелері;
3) стратегиялық жоспар (көшірмесі);
4) бизнес жоспар;
5) ұйым жұмысының кешенді жоспары;
6) жылдық жоспар және соңғы 3 жыл ішіндегі сапаны
жетілдіру жөніндегі есеп;
7) соңғы 3 жыл ішіндегі медициналық ұйым қызметінің
индикаторларын мониторингтеу жөніндегі есеп;
8) тәуекелдерді басқару жоспары және есебі.
Ұсынылған құжаттарды зерттеу негізінде сараптама тобы
түпкілікті бағалауға қол жеткізу үшін медициналық ұйымды
қарау кезінде жинауға қажет болатын жеткіліксіз ақпаратты
айқындайды.
24.
22. Стационарлық көмекті жүзеге асыратын және құрылымындаемханалық бөлімшесі, шұғыл/авиациялық қызмет бөлімшесі бар
денсаулық сақтау ұйымы үшін осы құрылымдық бөлімшенің
клиникалық қызметін бағалау стационарлық көмек көрсететін
денсаулық сақтау ұйымдарына арналған аккредиттеу стандарттары
бойынша жүзеге асырылады және емханалық қызмет амбулаториялықемханалық көмек стандарттары бойынша (Д блоктары) және шұғыл
медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының
стандарттары бойынша (Д, Е блоктары) қосымша бағаланады.
23. Консультациялық-диагностикалық көмекті жүзеге асыратын
және құрылымында күндізгі стационар бөлімшесі бар денсаулық
сақтау ұйымы үшін осы құрылымдық бөлімшенің клиникалық
қызметін бағалау амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін
денсаулық сақтау ұйымдарына арналған аккредиттеу стандарттары
бойынша жүзеге асырылады.
24. Диагностикалық орталықтарды бағалау амбулаториялықемханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына арналған
аккредиттеу стандарттары бойынша жүзеге асырылады.
25.
26. Бағалау аяқталғаннан кейін ақпарат ақпараттық жүйеге денсаулықсақтау ұйымының әрбір құрылымдық бөлімшесі бойынша жеке, оның
ішінде ұйымның басқа мекенжайы бойынша орналасқан құрылымдық
бөлімшелері, оның ішінде филиалдар бөлінісінде жеке енгізіледі.
27. Әрбір стандарттың өлшемшарттарын қолдануға болмайтын
жағдайда медициналық ұйымның қызметін бағалау үшін оның өзіндік
ерекшелігіне байланысты тиісті бағанда "стандарт өлшемшарты осы
ұйым үшін қолданылмайды" деп белгіленеді. Стандарт бойынша
орташа бағаны есептеген кезде осы өлшемшарт ескерілмейді.
28. Әрбір стандарт бойынша бағалау нәтижелері сарапшылар
тобының барлық мүшелерімен келісіледі.
29. Стандарттың әрбір өлшемшарты бойынша балдардың нақты
жиынтығы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
автоматтандырылған МҚСБЖ жүйесі аккредиттеу стандарттарының
дәрежелері кестесіне сәйкес есептеледі:
"I" дәрежедегі салмақтық коэффициент - "1,0";
"II" дәрежедегі салмақтық коэффициент - "0,9";
"III" дәрежедегі салмақтық коэффициент - "0,8".
26.
30. Сараптамалық бағалау аяқталғаннан кейін медициналық ұйымперсоналының қатысуымен қорытынды жиналыс өткізіледі, онда
сарапшылар стандарттардың әрбір бөлімі (блогы) бойынша
сараптамалық бағалаудың негізгі нәтижелерінің жиынтық мәліметтерін
ұсынады.
31. Медициналық ұйымда жүргізілген Бағалау нәтижелері бойынша
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыртқы кешенді
бағалау кезінде анықталған аккредиттеу стандарттарының талаптарына
сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспары құрылады.
32. Сараптама тобының басшысы Бағалау аяқталғаннан кейін екі
жұмыс күнінің ішінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан
бойынша медициналық ұйымды аккредиттеу стандарттарына
сәйкестікке аккредиттеу жөнінде есепті жасайды және оны
Департаментке жібереді.
33. Медициналық ұйымдарды бағалау аяқталғаннан кейін олардың
нәтижелері Комиссияның отырысына шығарылады. Аккредиттеуші
орган немесе уәкілетті орган аккредиттеген ұйым Комиссия
отырысының қорытындылары бойынша аккредиттеу немесе
аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді бекітеді.
27.
35. Аккредиттеуді жүргізу мерзімі аккредиттеуден өтугеөтініш тіркелген кезден бастап аккредиттеуші орган тиісті
шешім шығарғанға дейін 45 жұмыс күннен аспайды.
36. 1-дәрежедегі стандарттарға кемінде 60 %, 2-дәрежедегі
стандарттарға кемінде 55 %, 3-дәрежедегі стандарттарға кемінде
50 % сәйкестік бағалау нәтижелерімен аккредиттеуден өткен
денсаулық сақтау субъектісіне аккредиттеуші орган тиісті
шешім шығарғаннан кейін 10 жұмыс күнінің ішінде осы
Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу
туралы куәлік беріледі. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданыс
мерзімі аккредиттеу туралы шешім қабылданған сәттен бастап
3 жылды құрайды.
37. Аккредиттелген медициналық ұйымының атауы өзгерген
жағдайда, аккредиттеушi орган тиiстi өтiнiш берiлген күннен
бастап күнтізбелік жеті күн iшiнде аккредиттеу туралы куәлiктi
қайта ресiмдейдi.
Бұрын берiлген аккредиттеу туралы куәлiк бар болған
жағдайда аккредиттелген субъектiлердiң дерекқорына тиiстi
ақпарат енгiзiле отырып, аккредиттеушi органға қайтарылады.
28.
3. Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсізсараптамалық бағалау жүргізу үшін жеке тұлғаларды
аккредиттеуді жүргізу тәртібі
38. Аккредиттеуден өтуге:
1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік
органдарда немесе медициналық қызметтер және (немесе)
дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы
бұйымдардың немесе медициналық техника айналымы
саласындағы сапа сараптамасын жүзеге асыратын
денсаулық сақтау ұйымдарында;
2) медициналық немесе фармацевтикалық білім беру
ұйымдарында (ғылыми-педагогикалық құрам);
3) кәсіптік медициналық (клиникалық практика) және
(немесе) фармацевтикалық қызметте кемiнде 7 жыл
жұмыс өтiлi бар жеке тұлғалар жіберіледі.
29.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілгентұлғаларды қоспағанда, аккредиттеу туралы куәлікті алғашқы рет алуға
үміткер тұлғаларға өтініш беру кезінде соңғы 2 жылдың iшiнде
денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және бiлiм беру ұйымдарында
сараптама жүргiзу мәселелерi немесе сараптама қызметiнiң негiздерi
бойынша жалпы көлемi кемiнде 216 сағат бiлiктiлiгiн арттырғанын
куәландыратын құжат қосымша ұсынылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген
тұлғаларды қоспағанда, аккредиттеу туралы куәлікті қайта алуға үміткер
тұлғаларға өтінішті беру кезінде соңғы 5 жылдың iшiнде денсаулық
сақтау саласындағы ғылыми және бiлiм беру ұйымдарында тиісті
мамандығы бойынша және (немесе) медициналық қызметтердің сапасын
басқару мәселелері бойынша кемiнде жалпы көлемi 216 сағат бiлiктiлiгiн
арттырғанын куәландыратын құжат қосымша ұсынылады.
39. Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз
сараптамалық бағалау жүргізу мақсатында аккредиттеуден өту үшін
жеке тұлғалар аккредиттеуші органға мынадай құжаттарды ұсынады:
30.
1) "Медицина және фармацевтика мамандықтарыныңноменклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №
774 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5885 болып тіркелген) медицина және
фармацевтика мамандықтарының номенклатурасына сәйкес, өтінім
берілген аккредиттеу мамандығын көрсете отырып, осы Қағидаларға 9қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) жоғары кәсіптік медициналық немесе фармацевтикалық білімі
туралы дипломның көшірмесі (шетелдік білім беру мекемелері берген
дипломдар үшін "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімін өткенін
растайтын құжаттың көшірмесін ұсыну қажет) немесе осы
Қағидалардың 38-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген
салалардағы жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмесі;
31.
4) осы Қағидалардың 38-тармағы 1) және 3)тармақшаларының талаптарын ескере отырып, еңбек
кітапшасының көшірмесі немесе кемінде 7 жыл жұмыс
өтілі бар екендігін растайтын басқа құжат;
5) осы Қағидалардың 38-тармағы 2) және 3)
тармақшаларының талаптарын ескере отырып,
біліктілігін арттыру және (немесе) қайта даярлау туралы
құжаттардың көшірмелері;
6) жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін
бірінші немесе жоғары біліктілік санаттарын беру
туралысертификаттардың көшірмелері;
7) ғылыми дәрежелерінің, атақтарының (бар болған
жағдайда) болуын растайтын құжаттардың көшірмелері.
32.
40. Аккредиттеуден өтуге өтініш тіркелген кезден бастап,аккредиттеуші орган тиісті шешім шығарғанға дейін аккредиттеуді
өткізу 22 жұмыс күнінен аспайды.
Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптамалық
бағалау жүргізу құқығына жеке тұлғаларды аккредиттеу олардың
біліктілігін кешенді бағалау негізінде жүргізіледі және ол 2 кезеңнен
тұрады:
1) тестілеу;
2) әңгімелесу.
41. Құжаттарды қабылдауды, сондай-ақ мамандарды тестілеуді
үміткердің негізгі жұмыс орны бойынша аккредиттеуші органның
Департаменттері жүзеге асырады.
Құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда үміткер аккредиттеуден
өтуге жіберілмейді.
42. Тестілеу автоматтандырылған компьютерлік тәсілмен немесе
қағаз жеткізгіште үміткердің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе
орыс тілдерінде өткізіледі. Нәтижелері екі данада басып шығарылады,
олардың біреуі үміткерге беріледі, үміткердің қолы қойылған екінші
данасы аккредиттеуші органның тиісті Департаментінде сақталады.
33.
43. Сараптама қызметінің негіздері бойынша тестсұрақтарының саны - 50. Тестілеу уақыты 60 минут.
Тестілеуден өту үшін дұрыс жауаптардың шекті деңгейі
сұрақтардың жалпы санының 70 %-ын құрайды.
Жеке тұлғаларды аккредиттеу жүргізілген соң, тестілеу
нәтижелері бір жылға дейін жарамды.
Тестілеу нәтижелері белгіленген шекті деңгейден төмен
болған жағдайда үміткер аккредиттеу рәсімінің келесі
кезеңіне жіберілмейді.
44. Осы Қағидалардың 39-тармағында көрсетілген
құжаттарды Департамент аккредиттеу рәсімінің екінші
кезеңін өткізу үшін тестілеуді өткізгеннен кейін 3 жұмыс
күнінен кешіктірмей Комитетке жібереді.
45. Үміткерлермен әңгімелесу аккредиттеуші органның
төрағасының бұйрығымен бекітілген Аккредиттеу жөніндегі
комиссиямен Комитетте немесе аккредиттеу жөніндегі
Комиссияның Департаменттерге шығуымен жүргізіледі.
34.
46. Аккредиттеуден тестілеудің және әңгімелесудің оңнәтижелерімен өткен жеке тұлғаға осы Қағидаларға 10қосымшағасәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы
куәлік беріледі. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданыс
мерзімі аккредиттеу туралы шешім қабылданған кезден
бастап 5 жылды құрайды.
47. Тәуелсіз сарапшының тегi, аты, әкесiнiң аты (бар
болған жағдайда) өзгерген жағдайда, аккредиттеушi орган
тиiстi өтiнiш берiлген күннен бастап күнтізбелік жеті
күннің iшiнде аккредиттеу туралы куәлiктi қайта
ресiмдейдi. Бұрын берiлген аккредиттеу туралы куәлiк
болған жағдайда тәуелсіз сарапшылардың дерекқорына
тиiстi ақпарат енгiзiле отырып, аккредиттеушi органға
қайтарылады.
35.
Ұйымдардың, мамандардың, лабораториялардың,фармакологиялық және дәрілік заттарға, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға
клиникалық зерттеулер жүргізу құқығына
медициналық ұйымдардың акредитациясын Қазақстан
Республикасының мемлекеттік стандарттау ұйымдары
тексереді немесе сол ұйымдардың уәкілетті өкілі
Акредитация талаптарына сәйкес болмаған жағдайда
мамандар өз қызметінен ажыратылады,
фармакологиялық және дәрілік заттарға, медициналық
мақсаттағы бұйымдар қолданыстан шығарылады,
лабораториялар, медициналық техникаға клиникалық
зерттеулер жүргізу құқығынан медициналық ұйымдар
ажыратылады және т.б.
36.
15-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптікқұзыреттілігіне аттестаттау
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және
астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың
жергілікті органдары басшыларының және олардың
орынбасарларының, уәкілетті органға ведомстволық бағынысты
денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының, олардың
орынбасарларының, филиалдары басшыларының, облыстардың,
республикалық маңызы бар қалалардың және астананың
денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті
органдарына ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау
ұйымдары басшыларының, халықтың санитариялықэпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге
асыратын денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсіптік
құзыреттілігінің деңгейін айқындаудың кезең-кезеңмен жүзеге
асырылатын рәсімі денсаулық сақтау саласындағы мамандарды
кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттау (бұдан әрі – аттестаттау)
болып табылады.
37.
2. Аттестаттауды объективті және құзыретті түрде жүзеге асырумақсатында уәкілетті орган, облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды
мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, сондай-ақ
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы
саласындағы мемлекеттік орган аттестаттау комиссияларын
құрады.
3. Уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар
қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік
басқарудың жергілікті органдарының басшыларын және олардың
орынбасарларын, уәкілетті органға ведомстволық бағынысты
ұйымдардың басшыларын, олардың орынбасарларын, сондай-ақ
филиалдарының басшыларын аттестаттауды жүргізеді.
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және
астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың
жергілікті органдары өздеріне ведомстволық бағынысты
денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын аттестаттауды
жүргізеді.
38.
5. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялықсаламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласында қызметті жүзеге асыратын
денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын
аттестаттауды жүргізеді.
6. Аттестатталатын адамдар әрбір келесі үш жыл
өткен сайын, бірақ тиісті лауазымға орналасқан
күннен бастап бір жылдан кейін аттестаттаудан өтеді.
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 06.04.2015 №
299-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
39.
Аттестаттау туралы министрлердіңбұйрықтары
40.
Денсаулық сақтау саласындағымамандарды кәсіптік
құзыреттілігіне аттестаттауды
өткізу қағидаларын бекiту
туралы
41.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы"Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау
саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды
өткізу қағидалары бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің 23.04.2015 № 258 (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарының күші
жойылсын деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
42.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтауминистрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті
(Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген
тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан
Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А.
Вощенковаға жүктелсін.
6. Осы бұйрық оның бірінші ресми жариялаған күнінен
бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа
енгізіледі.
Министрдің м.а.
Б. Садықов
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2009 жылғы 6 қарашадағы
N 660 бұйрығымен
бекітілген
43.
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптікқұзыреттілігіне аттестаттауды өткізу қағидалары
1.
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және
астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті
органдарының басшылары және олардың орынбасарлары;
2) ведомстволық бағынысты уәкілетті органның денсаулық сақтау
ұйымдарының басшылары және олардың орынбасарлары,
филиалдардың басшылары;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және
астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті
органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік денсаулық сақтау
ұйымдарының басшылары (бұдан әрі – аттестатталатын адамдар)
жатады.
2. 3. Аттестаттауды объективті және құзыретті түрде жүзеге асыру
мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі
– уәкілетті орган) және облыстардың, республикалық маңызы бар
қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік
басқарудың жергілікті органы (бұдан әрі - жергілікті мемлекеттік
орган) аттестаттау комиссияларын құрады.
44.
Аттестаттауды өткізуге дайындықты ұйымдастыру5. Аттестаттауды өткізуге дайындық мынадай іс-шараларды
қамтиды:
1) аттестатталатын адамдарға қажетті құжаттарды дайындау;
2) аттестаттауды өткізу кестелерін әзірлеу және бекіту;
3) аттестаттау комиссияларының құрамын айқындау;
4) аттестаттауды өткізу мақсаттары мен тәртібі туралы түсіндіру
жұмысын ұйымдастыру;
5) аттестаттауды өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 30 күннен
кешіктірмей аттестатталатын адамдарды оны өткізу мерзімі туралы
жазбаша хабардар ету;
6) аттестаттауға жататын адамдардың құжаттарын қабылдауды
және талдауды жүзеге асыру.
6. Уәкілетті органның басшысы уәкілетті органның немесе жергілікті
мемлекеттік органдардың кадр қызметі ұсынған ақпарат негізінде
бұйрық шығарады, онда аттестаттауға жататын адамдардың тізімі
бекітіледі, аттестаттауды өткізу мерзімі және аттестаттау
комиссиясының құрамы, сондай-ақ оның жұмыс кестесі белгіленеді.
Жергілікті органының басшысы кадр қызметінің ұсынысы бойынша
бұйрық шығарады, онда аттестаттауға жататын адамдардың тізімі
бекітіледі, аттестаттауды өткізу мерзімі және аттестаттау
комиссиясының құрамы белгіленеді.
45.
7. Денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының кадр қызметкеріаттестаттау үшін аттестаттау комиссиясына әрбір аттестатталатын
адамға қатысты мынадай құжаттарды жібереді:
1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша органның
басшысы қол қойған, қызметтік мінездеме;
2) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
3) өмірбаян;
4) білімі туралы дипломның көшірмесі;
5) соңғы 5 жылда біліктілікті арттыру циклдарынан өткені туралы
куәліктердің көшірмелері;
6) ғылыми дәрежесінің, атағының бар екендігі туралы (олар болған
кезде) куәліктердің көшірмелері;
7) маман сертификатының көшірмесі;
8) еңбек кітапшасының немесе жұмыс өтілін растайтын өзге де
құжаттардың көшірмесі.
8. Аттестаттау комиссиясының хатшысы осы Ережеге 2қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестатталатын адамға аттестаттау
парағын ресімдейді.
46.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың жәнеастананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті
органдарының басшылары мен орынбасарларына аттестаттау өткізу
тәртібі
9. Тестілеуді уәкілетті орган өткізеді.
10. Тестілеу компьютерде жүргізіледі (100 сұрақ).
11. Тестілеу кезінде аттестатталатын адам сөйлесуге және тест өткізілетін
үй-жайдан шығып кете алмайды.
12. Қанағаттанарлықсыз күйдегі аттестатталатын адамдар тестілеу кезінде
тест басталғанға дейін уәкілетті органның маманына ол туралы хабарлайды.
13. Тест тапсырмаларын орындауға бөлінген жалпы уақыт - 90 минут.
14. Тесті орындауға бөлінген уақыт өткеннен кейін бағдарлама автоматты
түрде жабылады.
15. Компьютерлік тестілеудің дұрыс жауаптарын санау автоматты түрде
компьютерге салынған бағдарламаның көмегімен жүргізіледі. Тестілеу
нәтижелері принтерде екі данада басып шығарылады, оның бірі
аттестатталатын адамға беріледі.
16. Сұрақтардың жалпы санынан кемінде 70% дұрыс жауап алған
жағдайда аттестатталатын адам үшін тестілеу нәтижесі теріс деп саналады.
17. Тестілеуден өту кезінде теріс нәтиже алған аттестатталатын адам
аттестаттаудың екінші кезеңіне (әңгімелесуге) жіберілмейді және қайта
тестілеу осы Ережеде айқындалған тәртіппен бастапқы тестілеу өткен күннен
бастап алты айдан кейін өткізіледі.
47.
Тестілеу нәтижесі бойынша қайта тестілеуден өтетін адамдар үшін шешім,аттестаттауды өткізетін уәкілетті органның бірінші басшысы не оны
алмастыратын тұлғаның бұйрығымен бекітіледі.
18. Қайта тестілеуден өтпеген аттестатталатын адамдар аттестатталмаған
болып танылады.
Өткізілген тестілеудің қорытындылары бойынша аттестатталатын
адамдардың тестілеу нәтижелерін аттестаттау комиссиясына әңгімелесуді өткізу
үшін тестілеуден өткен күннен бастап күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей
жолдайды (қағаз және электрондық жеткізгіштерде).
19. Тестілеу нәтижесі аттестаттау өткізетін органда және аттестатталатын
адамның жеке ісінде үш жыл бойы сақталады.
Өткізілген тестілеудің нәтижелері бойынша аттестатталатын адамдардың
тестілеу нәтижелерін аттестаттау комиссиясына әңгімелесуді өткізу үшін
тестілеуден өткен күннен бастап күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей жолдайды
(қағаз және электрондық жеткізгіштерде).
20. Аттестатталатын адамдармен әңгiмелесудi осы Ережеге 3қосымшада көрсетілген қызметі туралы есептің құрылымына сәйкес соңғы 3
жылдағы ұйымның қызметі туралы есебі мен алдағы үш жылдық кезеңге
арналған жоспармен таныстыру нысанында уәкілетті органның аттестаттау
комиссиялары жүргiзедi.
21. Аттестаттау комиссиясы комиссия мүшелерінен және хатшысынан
тұрады. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің ішінен төраға тағайындалады.
Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің саны кемінде жеті адамнан тұруы тиіс.
48.
Аттестаттау комиссиясының құрамына уәкілетті органның, оның аумақтықбөлімшелерінің, денсаулық сақтау ұйымдарының, медициналық ғылым және
білім беру, үкіметтік емес денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері кіреді.
22. Егер аттестаттау комиссиясының отырысына оның құрамының кемінде
үштен екісі қатысса, ол заңды болып саналады.
23. Дауыс беру нәтижелері комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен
айқындалады. Дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы
шешуші болып табылады. Хатшы дауыс бере алмайды.
24. Аттестаттау комиссиясы ұсынылған материалдарды зерделеп,
аттестатталатын адаммен әңгімелесе отырып, мынадай шешімдердің бірін
қабылдайды:
1) аттестатталды;
2) қайта әңгімелесуге жатады;
3) аттестатталмады.
25. Аттестаттау комиссиясының отырысын өткізу кезінде бейне немесе
аудио жазба жүзеге асырылады.
26. Аттестаттау комиссиясының шешімі осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес
нысан бойынша аттестаттау комиссиясының әрбір мүшесі аттестатталатын
адамның дербес әңгімелесуді бағалау парағына жеке-жеке қойған балдарды
есептеудің нәтижесі бойынша қабылданады.
27. Аттестаттау комиссиясының шешімі отырыс хаттамасымен
ресімделеді, оған отырысқа қатысқан аттестаттау комиссиясының төрағасы,
мүшелері және хатшы қол қояды.
49.
Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің ерекше пікірі, ол білдірілген жағдайдажазбаша түрде жазылып, комиссия хаттамасына қоса беріледі.
28. Аттестатталатын адам аттестаттау комиссиясының шешімімен танысады.
29. Аттестаттау комиссиясының шешімі аттестаттау өткен күннен бастап
аттестаттауды өткізген органның бірінші басшысының немесе оның міндетін
атқарушы тұлғаның бұйрығымен күнтізбелік 30 күн мерзімінде бекітіледі.
30. Аттестаттау комиссиясының бекітілген шешімдері аттестатталатын
адамдардың аттестаттау парақтарында жазылады. Аттестаттаудан өткен
аттестатталатын адамның аттестаттау парағы және оған берілген қызметтік
мінездеме аттестаттау ісінде сақталады.
31. Тестілеуде немесе аттестаттау комиссиясының отырысында дәлелді
себептермен болмаған аттестатталатын адам жұмысқа шыққаннан кейін
аттестаттау комиссиясы белгілеген мерзімде аттестаттаудан өтеді. Келмеу
себептері тиісті құжаттармен расталуға тиіс.
32. Қайта аттестаттау осы Ережеде айқындалған тәртіппен алғашқы
аттестаттау күнін өткізгеннен бастап 6 ай өткеннен кейін жүргізіледі.
Аттестаттау комиссиясы қайта аттестаттау қорытындылары бойынша мынадай
шешімдердің бірін қабылдайды:
1) аттестатталды;
2) аттестатталмады.
Қайта аттестаттау кезінде теріс нәтиже алу аттестатталатын адаммен еңбек
қатынастарын тоқтату үшін негіздеме болып табылады.