Денсаулық сақтау жүйесіндегі аккредиттеудің құқықтық негіздері
Аккредиттеу
14-бап. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу
168.61K
Категории: МедицинаМедицина ПравоПраво

Денсаулық сақтау жүйесіндегі аккредиттеудің құқықтық негіздері

1. Денсаулық сақтау жүйесіндегі аккредиттеудің құқықтық негіздері

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ
С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ
АККРЕДИТТЕУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
Орындаған:Қасымқазина Ә.А
Қабылдаған: Еспаева Г.Б
Топ: ҚДС-13-001-02

2. Аккредиттеу

АККРЕДИТТЕУ
Аккредитация (Сrеdіt — латын сөзі,
аудармасы — сенім) - көрсетілген
қызметтердің белгіленген талаптарға
сәйкестігін, денсаулық сақтау субъектілерінің
осы тұрғыда қызмет атқаруына мүмкіншілік
тудыратын немесе стандарттарға сәйкестігін
растайтын, өкілетті органдар жүргізетін ісшаралар.

3. 14-бап. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу

14-БАП. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
САЛАСЫНДАҒЫ АККРЕДИТТЕУ
1. Көрсетілетін медициналық қызметтердің
денсаулық сақтау саласындағы белгіленген
талаптар мен стандарттарға сәйкестігін тану
мақсатында, сондай-ақ денсаулық сақтау
саласындағы мамандардың кәсіптік
даярлығына бағалауды жүргізу және
біліктілігінің сәйкестігін растау үшін
денсаулық сақтау субъектілері денсаулық
сақтау саласында аккредиттелуге жатады.
Жеке тұлғалар денсаулық сақтау
субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама
жүргізу үшін аккредиттелуге жатады.

4.

Денсаулық сақтау субъектілері – денсаулық
сақтау ұйымы, сондай-ақ жеке медициналық
практикамен және фармацевтикалық
қызметпен айналысатын жеке тұлғалар

5.

Аккредиттеу стандартының дәрежесі –
стандарттың, оның пациенттердің
қауіпсіздігіне әсерінің маңыздылығына
байланысты деңгейі;

6.

38. Аккредиттеуден өтуге:
1) денсаулық сақтау саласындағы
мемлекеттік органдарда немесе медициналық
қызметтер және (немесе) дәрілік заттардың,
медициналық мақсаттағы бұйымдардың
немесе медициналық техника айналымы
саласындағы сапа сараптамасын жүзеге
асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында;
2) медициналық немесе фармацевтикалық
білім беру ұйымдарында (ғылымипедагогикалық құрам);
3) кәсіптік медициналық (клиникалық
практика) және (немесе) фармацевтикалық
қызметте кемiнде 7 жыл жұмыс өтiлi бар жеке
тұлғалар жіберіледі.

7.

2.
Аккредиттеу ерікті сипатта
болады және аккредиттелетін
субъектінің қаражаты есебінен
және тыйым салынбаған өзге
де қаражат есебінен жүзеге
асырылады.

8.

3. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу олардың
қызметiнiң уәкiлеттi орган бекiтетін аккредиттеу
стандарттарына сәйкестiгiн сыртқы кешенді бағалау
негізінде жүргiзiледi және ол тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін көрсетуге мемлекеттік
тапсырысты орналастыру кезінде ескерiледi.
Медициналық ұйымдарды фармакологиялық және
дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техникаға клиникалық зерттеулер жүргізу
құқығына аккредиттеу олардың қызметінің уәкілетті орган
бекітетін клиникалық зерттеулер жүргізу жөніндегі
талаптарға сәйкестігін бағалау негізінде жүргізіледі.
Сынақ зертханаларын биологиялық активті заттарға,
медициналық мақсаттағы бұйымдарға клиникаға дейінгі
(клиникалық емес) зерттеулер жүргізу құқығына
аккредиттеу олардың қызметінің уәкілетті орган бекітетін
клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер жүргізу
жөніндегі талаптарға сәйкестігін бағалау негізінде
жүргізіледі.
Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы
бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын сараптау және
бағалау жөніндегі монополиялық қызметті жүзеге
асыратын сынақ зертханаларын аккредиттеу уәкілетті
орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.

9.

Аккредиттеуші орган – Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық
және фармацевтикалық қызметті
бақылау комитеті (бұдан әрi – Комитет) және
оның аумақтық департаменттері (бұдан әрi –
Департаменттер) не Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрлігі аккредиттеген ұйым;

10.

Аккредиттеу жөніндегі комиссия – өтініш
берушінің материалдарын қарайтын
аккредиттеуші орган құрған комиссия, осы
Қағидалардың талаптарына олардың
қызметінің сәйкестігін бағалау жүргізеді және
ұсыным сипатындағы шешімдерді
қабылдайды;

11.

4.
Денсаулық сақтау
субъектілерінің қызметіне тәуелсіз
сараптама жүргізуі үшін жеке
тұлғаларды аккредиттеу олардың
біліктілігін кешенді бағалау
негізінде жүргізіледі.
Тәуелсіз сарапшылар тарту
тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

12.

Сарапшы
– біліктілік
қорытынды беру үшін
шақырылған немесе
жалданған маман.

13.

5.
Аккредиттеуді уәкілетті
орган не уәкілетті орган
аккредиттеген ұйым
жүргізеді.

14.

Қазақстан Республикасында Білім және ғылым
министрінің 2012 жылғы 27 маусымдағы №304
бұйрығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Министрлігі аккредиттеу органдарының Ұлттық реестрі
құрылып, оған 6 аккредиттеу агенттіктері енді:
1. Білім беру сапасын қамсыздандыру тәуелсіз
қазақстандық агенттігі (БСҚА,Қазақстан Республикасы)
2. Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі
(АРТА, Қазақстан Республикасы)
3. Инженерия, информатика, жаратылыстану
ғылымдары және математика бағдарламалары
бойынша аккредиттеу агенттігі (ASIIN e.v., Германия)
4. Аккредиттеу, сертификаттау және сапа институты
(ACQUIN, Германия)
5. Австриялық сапаны қамсыздандыру және
аккредиттеу агенттігі (AQ Austria, Австрия)»
6. Инженерия және технология бойынша аккредиттеу
кеңесі (ABET, АҚШ)

15.

6.
Денсаулық сақтау субъектілерін
аккредиттеуді жүзеге асыратын орган
(ұйым) денсаулық сақтау саласындағы
аккредиттеу жөніндегі тиісті
комиссияларды құрады және
аккредиттелген субъектілер мен
тәуелсіз сарапшылардың деректер
банкін қалыптастырады.
Аккредиттеу жөніндегі комиссия
туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.

16.

Назарларыңызға
рахмет!
English     Русский Правила