Похожие презентации:
Безгек:алдын алу және күресу
1.
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІМЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ
Түркістан 2018
2. Жоспар:
I. Кіріспе;II. Негізгі бөлім:
2.1. Безгек ауруы;
Этиологиясы
2.2. Пайда болу себептері;
2.3.Алдын алу және күресу шаралары;
III. Қорытынды;
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
3. КІРІСПЕ:
Безгек (Маlаrіа - безгек)карапайымдылармен шақырылатын,дұрыс интермиттеуші қызбамен,
анемиямен, көк бауыр ұлғаюымен және
аурудың кайталануымен сипатталатын
ауру, яғни жедел антропонозды
трансмиссивті инфекция.
Бұл безгекпен ауыратын адамның қанынан
безгек паразиттерін сорып алатын шыбыншіркейлер, маса-соналар арқылы тарайды
және олар басқа адамды шағып, оның
қанына безгек инфекциясын түсіреді,
бірнеше мәрте қайталатын ауру түрі.
4. Қоздырғыш түрлері
Безгек коздырғышының дамуыныңекі түрін
жынысты түрі
(спорогония)
жыныссыз түрі
(шизогония)
бұл аралық ие адамның
Аnopheles масасының аналык
организмінде өтеді.
түрінің организмінде өтеді
Масалар ауру адамды немесе тасымалдаушыларды шаққан кезде қанмен бірге маса
организміне еркек және ұрғашы гематоциттер енеді.Спорогония 1-15 ай ішінде
өтіп,спорозиттер қалыптасуымен аяқталады.Адам организміне спорозиттер
инфекцияланған масаның сілекейімен де(шаққан кезде) щизогония 2 кезеңмен
өтеді:
бауыр клеткаларында – тінді щизогония
эритроциттерде – эритроцитарлы щизогония
5. Этиологиясы:
Қоздырғышы-Protozoa типінің, Sporozoa класының,Plasmodiidae тұқымдастығының Plasmodium
туыстастығының қарапайымдылары.
Адамда плазмедийлардың 4 түрі ауруды тудырады:
P.vivae- 3 күндік безгектің қоздырғышы
P.falciparum- тропикалық безгектің қоздырғышы
P.malariae- 4 күндік безгектің қоздырғышы
P.ovale- овале безгектің қоздырғышы
6. Эпидемиологиясы
Безгек — антропоноз. Инфекция көзі — ауру адам, көбінесе эндемиялық ошактағыбалалар және паразит тасымалдаушылар.Табиғи беріліс жолы трансмиссивті
Эндемия жоғары деңгейлі ошақтарда көбінесе наукас балалар инфекция көзі болады,
себебі жоғары гаметоцитемиялық иммунитеті бар адамға карағанда, балалар
өмірінің алғашкы жылдарындағы жүре пайда болған иммунитеті жок және
паразитемияның аз деңгейінің өзінде де жеңіл жұқтырылады. Қайталанатын
реинфекцияда ересек адамдарда антидене түзіледі, масаның организмінде
антиденемен зақымдалған гаметоциттер спорогонияға қабілетті болмайды.
Безгек берілісі Аnopheles тұқымының ұрғашы масасы аркылы жүреді, Безгектің
қарқынды берілісі климатты-географиялык және тасымалдаушы түріне
байланысты. Плазмодияның барлық түрімен Р.vivax, Р.оyаlе тез жұктырылады.
Бірқатар отандық және шет елдік авторлар Африкадағы Р.vivax, Р.оyаlе тропикалық
штаммның жұқтыратын әлсіз белдеулік аймақта тіршілік ететін Р.vivax, Р.оyаlе
түрінің резистенттілігін көрсетеді.
Аурудың басқа берілу жолдары:
Парентаральды-қанында ұзақ паразиттасымалдаушылығы субмикроскопиялық
деңгейдегі безгек реконвалесцентінен қан құйғанда жұғады.
Нашақорлардың шприцтері мен инелерімен де берілуі мүмкін.
Эпидошақта зақымдалған плацента арқылы немесе босану кезіндегі жұғу қаупі де
қарастырылады.
7. Эндемиялық ошақ
Оның 4 түрін ажыратады:1 Гипоэндемиялық-көкбауырлық индекс 2-9 жастағы
балаларда 10% ке жетеді.
2 Мезоэндемиялық-көкбауырлық индекс 10-50 %.
3 Гиперэндемиялық-көкбауырлық индекс 50 % дан
жоғары.
4 Голоэндемиялық-көкбауырлық индекс 70% дан
жоғары.
Соңғы екі ошақта жұғу қаупі өте жоғары әсіресе,
Африка, Оңтүстік Шығыс Азияда. Эндемиялық
ошақтарда көбінесе 2-5 жастағы балалар ауырады.
Қабылдау мүмкіншілігі- жоғары. Иммунитет: тұрақты
емес, түріне байланысты өте баяу түрде қалыптасады.
Көбінесе безгек масасының шағуынан жұғады. V
ғасырдан бері белгілі, балшық маңындағы тропикалық
немесе субтропикалық аумақтарда кең тараған.
8.
КлиникасыБезгек үстамасы әдетте 3 сатыдан тұрады:
1.Безгек қалтыраудан басталады және бас жиі ауырады. Науқас 15
минуттан 1сағатқа дейін қалтырайды.
2.Қалтырау ыстықтың көтерілуіне жалғасып, ол 40°-қа дейін және
одан да жоғары көтеріледі. Адам әлсірейді, терісі
қызарады,сандырақтайды. Ыстық бірнеше сағат немесе күн бойы
сақталады.
3.Ақырында адам малшына терлейді және ыстық түседі. Ұстамадан
кейін адам әлсірейді, бірақ өзін біршама сергек сезіне бастайды.
Әдетте адамда безгек кезінде әр 2—3 күн сайын қызу болады (безгектің түріне
қарай), ал ұстама басталатын кезінде қызу күн сайын қайталайды. Ыстықтың түсуі
мен кетерілуі оқтын-оқтын өзгеріп тұрады Сондықтан себепсіз ыстығы көтерілген
әрбір адам қанын безгекке тексерту керек.
Созылмалы безгек көбіне қанның азаюына себепші болады.
Жас балаларда беттің бозаруы мен қанның азаюы бір-екі күннен кейін басталады.
Бұл жағдай безгек миды зақымдаған кезде болады (церебральды безгек), қызба
үстамасы естен тану үстамасына жалғасады. Науқастың қолы көгіс тартады,
демалысы жиілеп, тереңдейді. (Ескерту: Емшек сүтін ембеген балалар безгекпен
тым жиі ауырады).
9. Безгектің әртүрлі түрлерінің клиникалық ерекшеліктері:
Безгектің әртүрлі түрлерінің клиникалық ерекшеліктері:Тропикалық безгек:
ұстамалар көбінесе түске дейін басталады
қалтырау кезеңі қысқалау және бәсеңдеу өтеді
қызу кезеңі (температура 39-40С) 10-12 сағ-қа дейін
терлеу кезеңі – шылқылдаған тер баспайды
3 күндік безгек:
ұстамалар түстен кейін (14-15 сағ) туады
қатты қалтырау 15 минуттан 2-3 сағ-қа дейін
терлеу кезеңі 15 минуттан 2-3 сағатқа дейін өтіп, қатты тер
шығумен сипатталады.
Овале-безгек:
ұстамалар көбінесе кешкілі уақытта немесе түнде басталады
қатты қалтырау 15 минуттан 2-3 сағатқа дейін болады
қызу кезеңі 2-6 сағат
генерализденген термен аяқталады
4 күндік безгек:
ұстамалар көбінесе түскі уақытта болады
10.
Безгек циклді түрде өтеді:Инкубациялық кезең
продромальды кезең
қызба кезеңі
2-лік латентті кезең
ерте рецидивтер кезеңі
кеш рецидивтер кезеңі
Ауырлығы бойынша
безгек:
жеңіл
орташа ауырлықта
ауыр түрде өтеді
Инкубациялық кезең:
3 күндік безгекте 10-20
күн,8-14 ай
овале безгекте 11-16 күн,814 ай
4 күндік безгекте 21-42 күн
тропикалық безгекте 8-16
күн
Продромальды кезең
ұзақтығы 2-4 күн
бас ауруы
артралгия, миалгия
әлсіздік
Қызба кезеңі
ұзақтығы 3-5 күн.
жоғары
температура
әлсіздік, бас ауруы
миалгия,
артралгия
бел ауырсынуы
Гепатоспленомегал
ия
Жалпы белгілері:
бас ауруы
гепатоспленомегалия
жоғары температура 39-40С
бас айналу, құсу
галлюцинация, қалтырау
тахикардия
2-лік латентті кезең:
субфебрильді температура
вегетативті бұзылыстар
Ерте рецидивтер кезеңі 2 апта немесе 3
айдан кейін пайда болады.
бас ауруы
миалгия
қызба болмайды
гепатоспленомегалия
Кеш рецидивтер 6 айдан кейін пайда
болады. Клиникалық белгілер болады,
кейде ауыр өтеді.
11.
ПатогенезіТінде шизогония безгектің барлық түрлерінде инкубациялық мерзімге сәйкес
өтеді. Безгектің барлық клиникалық көріністері эритроцитарлы щизогонияға
байланысты: инкубациялық мерзім аяғында эритроциттердің ішіне тінді
меразоиттар енеді.
•эритроцитарлы шизогония басталады
Оның ұзақтығы:
•3 күндік 48 сағат
•тропикалық – 48 сағат
•овале безгекте – 48 сағат
•4 күндік безгекте – 72 сағат.
Нәтижесінде безгек пароксизмі пайда болады.
Безгек пароксизмі бұл эритроцитарлы щизогония нәтижесінде пайда
болатын пирогенді заттарының патогенезі әсеріне сенсибилизденген
организмнің спецификалық емес жауапты реакциясы. Әр ұстама кезінде:
•қанға биологиялық белсенді заттар шығады
•тамырлардың өткізгіштігі жоғарылайды
•қан сұйықтығы тінге шығып, ісіндіреді
•трембтар пайда болады
Анемия пайда болуындағы жағдайлар:
•паразитемияның деңгейі
•зақымдалған эритроциттердің саны
•аутоиммунды өзгерістер (гемолиз, әсіресе тропикалық безгекте)
12.
АсқынуларЦеребральды безгек
Инфекция-токсикалық шок
Бүйректік кома
Бүйректің жедел жетіспеушілігі
Гемоглобинуриялық қызба
ТШҚҰ синдромымен
Тропикалық безгекте кома дамиды және ол паразитемия кезінде
иммунды емес адамдарда байқалады. Әуелі бас ауру, бас айналу, көп
көлемде құсу, тынышсыздықпен басталады. Содан кейін науқас естен
танып сопорға түседі де, менингиальді және ошақтық неврологиялық
симптомдармен, тырысу, психомоторлық қозумен байқалады. Содан
соң кома арефлексия түрінде дамиды, ол қарашықтың және корнеальді
рефлекстердің бұзылыстарымен, Чейн-Стокс тынысының шуымен
көрінеді. Соңғы кезеңінде адам өліміне алып келеді.
Бүйректің жедел жетіспеушілігі микроциркуляция бұзылыстарының,
тубулярлық некроздың және капиллярларда паразиттердің дамуынын,
«Мегреттің цитотоксикалық субстанциясының» тікелей әсерінен және
бүйректің тамырларында иммундық комплекстің орналасуынан
дамиды. Олигоанурия қанда азоттық заттардың жоғарлауы және жедел
уремияның клиникалық көріністері дамиды.
13.
ДиагностикасыДиф.диагностика:
•клиникалық көріністермен
•эпидемиологиялық мәліметтермен
•лабораторлы тексерумен
Безгектің дифференциальды диагнозын висцеральды лейшманиозбен, іш
сүзегімен ,лептоспирозбен, гриппен ,геморрагиялық қызбалармен, вирусты
гепатиттермен, иерсениозбен жүргізеді.
Диагноз қою эпидемиологиялық анамнезге ,аурудың анық клиникалық
көріністеріне және зертханалық зерттеулердің деректеріне негізделген.
Эпидемиялогиялық анамнезде:
1Ауру басталғанға дейін эндемиялық ошақта болу;
2Ауру басталғанға дейін 3 ай бұрын гемотрансфузия парентеральды
манипуляция жүргізеді.
Безгектің диагностикасы безгектің инвазиялық үштігіне негізделеді.
•Дұрыс интермитирлеуші қызба, дене қалтырауы ,температураның
жоғарлауы ,терлеу.
•Сарғыштану мен бірге дамыған анемия.
•Спленомегалия және гепатомегалия.
Паразитологиялық диагностика клиникалық маңыздылығымен қатар
нақты диагноз қоюды қамтамасыз етеді сонымен бірге ол
эпидемиологиялық қадағалауда да үлкен орын алады. Плазмодияларды және
оның түрін анықтау үшін қан препараттарын жұқа жағынды және қалың
тамшы түрінде Романовский Гимзе әдісін қолданады.Бұл әдістер бір бірін
толықтырады Олардың артықшылығы да кемістігі де бар.
14. АЛДЫН АЛУ:
Безгек ыстық жаңбырлы маусымдарда жиі болады. Бірақ күш-жігер жұмсап,оны болдырмауға болады. Барлық алдын алу шаралары жедел іске асырылуға
тиіс
Өзіңізді шыбын-шіркей, масадан аулақ ұстаңыз. Олар жоқ жерге немесе
масаханада үйықтаңыз. Баланың бесігін маса кірмеу үшін жұқа матамен жауып
қою керек.
Безгектен сезіктенсеңіз жедел емдеуге кірісіңіз. Сіз емделіп, сауыққаннан
кейін сізді шаққан шіркей басқаға ауруды таратпайды
Осы ауруды емдейтін органдармен, олардың өкілдері сіздің ауылыңызға келген
кезде, ынтымақтасып жұмыс істеңіз. Егер сіздің отбасы мүшелерінің бірінің
ыстығы көтерілсе, оларға бұл жөнінде хабарлап, айтыңыз және олардың қан
алып, анализ жасауына мүмкіндік жасаңыз.
Шіркейлерді және оның ұрықтарын құртыңыз. Шіркейлер лас суда тез
көбейеді. Тоғандарды, шұңқырларды, лас су жиналып қалатын ескі банка
немесе құтыларды тазартыңыз. Шіркейлер көбеюі мүмкін барлық су
тоғандарын немесе батпақты құрғатыңыз. Құмдарды бамбук қадаларымен
толтырыңыз.
Безгекке қарсы дәрілерді ұдайы пайдалану арқылы безгекті болдырмауға
болады немесе оның таралуын елеулі түрде азайтуға болады.
Безгекті шеттен енгізуге қарсы шаралар
Аурулар мен паразит тасымалдаушыларды уақытында айқындап емдеу
15.
16. Әсер ету түріне байланысты безгекке қарсы препараттар 4 топқа бөлінеді
1. Гематошизотропты4 аминохинолин туындысы (делагил)
Хинин, акрихин, препараттар
Фоль қышқылының антогонистрі (пириметамин, прогуанил)
2. Гистошизотропты;
8 аминохинолин туындысы; примахин, хиноцид
Фоль қышқылының антогонистері; пириметамен, бигумаль
3. Гамонтоцидты
8 аминохинолин туындысы; примахин, хиноцид
4. Споронтоцидты
8 аминохинолин туындысы; примахин, хиноцид
Фоль қышқылының антогонистері; пириметамен, бигумаль
17.
Химиопрофилактика және этиотропты препараттар:БЕЗГЕКТІҢ химиотерапиясы келесі сатылардан
тұрады;
1. Безгектің жедел көріністерін емдеу;
препараттың табиғи топтары (хинин)
4 аминохинолин туындылары; хлорохин (делагил),
(камохин) плаквинил
Фоль қышқылының антогонистері; пириметамин
(хлоридин), прогуанил (бигумаль)
2. 3 -4 күндік безгектің рецидивтерін емдеу (радикальды
ем)
8 аминохинолин туындысы; примахин (родохин), хиноцид
3. Асқынған безгектің емі;
Хинин, акрихин, делагил, бигумаль, инъекциямен
4. Безгектің дәріге тұрақты түрінің емі;
Сульфаниламидтер мен безгекке қарсы препараттар
Фансидар 1т.500мг сульфодокси, 25мг пириметамин
Метакельфин 1т.500мг сульфален, 25мг пириметамин
Дарахлор 1т.0,015г Дараприм (пириметамен) +0,15 хлорахин
18.
ҚорытындыБезгек - Plasmodium тұқымдасындағы қарапайымдылармен шақырылатын, трансмиссивті
механизмен берілетін адам организмінде эритроциттерді зақымдап, клиникасында
ұстама тәрізді қызбамен, гепатоспленомегалиямен, анемиямен өтетін антропонозды
инфекция.. Таратушы Anopheles тобына жататын масалар. Клиникасында ұстамалы
қызба, гипохромды анемия, көкбауыр мен бауырдың өсуі болады.
Безгекпен ауырып болғандар және эндемиялық ошақтардан келген адамдарға 3 ай
бойы диспансерлік бақылау жүргізіледі.
Егер сіз безгекпен ауырдым-ау деп сезіктенсеңіз немесе қызба ұстамасы жиі
қайталай берсе, мүмкіндігінше қанды тексерту үшін емдеу мекемесіне барыңыз.
Безгектің фальципарум деп аталатын аса қауіпті түрлері тараған жерде жедел түрде
емдеуді бастаңыз.
•Егер сіз безгекпен ауыру деңгейі жоғары ауданда тұрсаңыз, кез келген ыстықтың
себепсіз көтерілуіне безгектің белгісі ретінде қараңыз. Безгекке қарсы өзіңіз тұрған
жерде жақсы ем болып жүрген дәрілерді қабылдаңыз.
•Егер дәрі ішкеннен кейін тәуірірек бола бастасаңыз, бірақ, қызба бірнеше күннен
кейін қайталаса, онда, мүмкін, сізге дәріні алмастырып, басқасын ішуге тура келетін
шығар. Бұл женінде жақын маңдағы емдеу мекемесінен кеңес алыңыз.
•Егер безгекпен ауыратын адам талып қала берсе немесе менингиттің басқа да
белгілері байқалса, онда бұл адамда церебральды безгек болуы мүмкін Бірден
безгекке қарсы дәрі шанышыңыз.
19. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдемкөрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне
аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—
Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет.
Патологиялық анотомия терминдерінің орысша –
латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8
WebMD > Malaria symptoms Last Updated: мамыр 16,
2007.