Студенттің өзіндік жұмысы
Кіріспе
Жауырын торы
Шынтақ бүгілісіндегі Артериалды аностомоз
Қол басы аймаағындағы артериялық анастомоздар
Бас аймағындағы артериалдық анастомоздар
Мойын аймағындағы анастомоздар
Артериялық анастомоздардың маңыздылығы
Виллизиев шеңбері
Бас миының қалыпты түрде қанмен жабдықталуы жүзеге асырылмаса оның жұмысы мүмкін емес. Бас миының қанмен қамтамасыз етілуіне
Каротидты жүйенің артериялары
Пайдаланылған әдебиеттер
4.59M
Категория: МедицинаМедицина

Артериалды анастомоз

1. Студенттің өзіндік жұмысы

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Факультет: Жалпы медицина
Кафедра: Морфология және физиология негіздері
Дисциплина:Қалыпты анатомия
Тақырыбы: Артериалды анастомоз. Практикалық маңызы.
Каротидты бассейн және оның ерекшеліктері
Орындау әдісі: презентация
Тобы:204А
Орындаған:Ғалымжанова М. Қанат І.

2.

Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Артериалды анастомоз туралы түсінік және оның практикалық маңызы
Каротидты бассей және оның ерекшеліктері
ІІІ. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

3. Кіріспе

Жүрек-қан тамыр жүйесінің негізгі қызметі – тасымалдау арқылы
организмде жүретін зат алмасу процесін жүзеге асырады. Тамырлар
бойымен аққан қан тіндер мен жасушаларға тіршілігіне қажетті
заттарды (ақуыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер, тұздар, оттегі)
жеткізіп, олардан зат алмасудың соңғы өнімдері мен көмірқышқыл
газын алып кетеді. Бұдан басқа қан тамырлар арқылы эндокринді
бездерден бөлінетін, зат алмасудың арнайы реттеушілері болып
табылатын гормондар мен организмнің әртүрлі ауру тудырушы
агенттерге қарсы қорғаныс реакциясына қажетті антиденелер
тасымалданады. Осылайша тамыр жүйесі реттеушілік және
қорғаныстық қызметтер атқарады. Жүйке жүйесімен бірігіп организмнің
тұтастығын жүзеге асыратын мүшелер мен жүйелер жұмысын реттейді.

4.

Анастомоз (гр. άναστομωσις — анастомоз, жалғама)- адам мен жануарлар
организмдері мүшелері мен жүректі тікелей байланыстыратын негізгі
(магистральды) қан тамырларының бүйірлік тармақтарының
магистральды тамырлардан шеткей жатқан өзара жалғасы. Жалғама —
құрылысы мен жалғану сипатына байланысты артерия доғалары,
артерия торлары, ғажап торлар, тамырлар тораптары, артериолавенулалық жалғама болып бірнеше түрге бөлінеді. Артерия доғалары —
бір мүшені қоректендіретін бірнеше артериолаларды өзара доға тәрізді
біріктіреді. Қан тамырлары соңғы тармақтарының өзара байланысып
торлануын артерия торлары деп атайды. Ал екі артерия немесе вена
тамырлары аралығындағы қылтамырлар (капиллярлар) торын "ғажап
тор" дейді. Ғажап торлар бауырда (вена капиллярларының торы) және
бүйректе (артерия капиллярларының торы) кездеседі. Дене мүшелерінің
әртүрлі жазықтық деңгейінде орналасқан қан тамырларының
байланысып жалғасуынан — тамырлар тораптары түзіледі.
Артериолалар мен венулалардың қылтамырларға тарамдалмай, тікелей
өзара байланысуынан артериола-венулалық жалғама пайда болады.
Анастомоз — негізінен қозғалмалы ағзаларда (қарын, ішек т.б.), аяқтар
буындарында, түлғада жақсы байқалады. Анастомоз денедегі қан
қысымын реттеумен қатар, айналма тармақтар түзіп, мүшелердің
қанмен толық деңгейде жабдықталуын қамтамасыз етеді.

5. Жауырын торы

6.

Жауырын аймағындағы жауырынүсті артериясы A.
SUPRASCAPULARIS пен жауырынның айналма
артериясы A. CIRCUMFLEXA SCAPULAE арасындағы
анастомоздың практикалық маңызы иық артериясы
бітеп тастаған жағдайдада коллатеральды
қанайналымды қамтамасыз етеді

7. Шынтақ бүгілісіндегі Артериалды аностомоз

1 a. brachialis; 2 — a. collareralis
radialis; 3 — a. collateralis media;
4 — a. recurrens radialis; 5 — a.
interossea recurrens; 6 — a.
interossea communis; 7 — a.
radialis; 8 — a. ulnaris; 9 — a.
recurrens ulnaris; 10 — ramus
anterior a. recurrens ulnaris; II —
ramus posterior a. recurrens
ulnaris; 12 — a. collateralis
ulnaris inferior; 13 — a.
collateralis ulnaris superior; 14 —
a. profunda brachii.
A Interossea recurrens a.
Collateralis media a.
Collateralis radialis
расындағы анастомоз

8. Қол басы аймаағындағы артериялық анастомоздар

9. Бас аймағындағы артериалдық анастомоздар

Жүйеаралық анастомоздар:
Көздің медиалды аймағы ( көз артерисы мен бет
артериясы таомақтары арасындағы анастомоз)
Маңдай аймағында (көз артериясы мен беткей самай
артериясы тармақтарының арасындағы аностомоз
Жүйеішілік анастомоздар
Төменгі ерін аймағы
Маңдай аймағы

10. Мойын аймағындағы анастомоздар

Анастомоз құрайтын
аймағы
Қалқанша безінің беткейі
мен тереніңде
Көмей қабырғасының
теоеніңде

11. Артериялық анастомоздардың маңыздылығы

Артериялық
анастамоз денедегі
қан қысымын
реттеп, айналма
тармақтар түзіп,
мүшелердің қанмен
толық деңгейде
жабдықтайды.

12. Виллизиев шеңбері

13.

Алдыңғы ми артериясы мидың алдыңғы
бетіне қарай бағытталып, сүйелді дене үстімен, ми сыңарларының
арасымен жүріп отырып, мидың ішкі бетін қоректендіреді. Ортаңғы
ми артериясы мидың бүйір сайын қуалай жүріп отырып, сыртқы
бетіне тарамдалады.
Омыртқа артериялары шүйде сүйектің үлкен тесігі арқылы ми
сауытына енгеннен кейін, көпірдің алдыңғы бетінде өзара қосылып,
негізгі артерияны түзеді. Одан көпір мен мишықты қоректендіретін
артериялар таралады. Ал, негізгі артерияның өзі сәл жоғары
көтеріліп, көпірдің жоғарғы жиегінің тұсында екі артқы ми
артерияларына тарамдалады. Олар үлкен ми сыңарларының шүйде
бөліктерін қанмен қамтамасыз етеді.
Алдыңғы, ортаңғы және артқы ми артериялары мидың астыңғы
бетінде өзара қосылып артерия шеңберін түзеді, оны Виллизиев
шеңбері деп атайды. Осы артериялы шеңбер, мидың негізгі үш
артерияларын бір-біріне байланыстырып жатады. Осының
нәтижесінде қан бір артериядан екіншісіне көшіп отырады.

14.

Екі артериялық жүйенің
(каротидтік пен вертебралдық)
байланысы виллизиев артериялық
шеңбері арқылы іске асады.
Виллизиев шеңбері: негізгі
артерия, артқы ми артериясы,
артқы біріктіруші, ішкі ұйқы,
алдыңғы ми, алдыңғы біріктіруші
артериядан пайда болады.
Виллизиев шеңберлерінің
тармақтары ми ішіне кірмей, оның
сыртына жайылады да, тік бұрыш
жасап шығатын көптеген жіңішке
бұтақшаларға біртіндеп бөлінеді.
Олар үлкен жарты шарлар
сыртында қан ағымының біркелкі
таралуын қамтамасыз етіп, ми
қыртысын қан тамырлармен
қамтуға қолайлы жағдай жасайды.

15. Бас миының қалыпты түрде қанмен жабдықталуы жүзеге асырылмаса оның жұмысы мүмкін емес. Бас миының қанмен қамтамасыз етілуіне

каротидты
бассейн жауапты болып табылады. Егер де белгілі
бір себептермен каротидты жүйенің
артерияларының қабырғалары бұзылса қанның
тасымалдануы бұзылып бас миы өзінің
функцияларын атқара алмай, түрлі аурулар пайда
болуы мүмкін

16. Каротидты жүйенің артериялары

17.

Каротидты бассейн ұйқы артерияларының
қосылуынан пайда болады. Және бас миының қанмен
қамтамасыз етілуінің 80 пайызына дейін атқарады
Ұйқы артериялары өзінің бастамасын кеуде
клеткасынан алады. Каротидты бассейн бас миымен
қоса көру мүшелерін және бастың жұмсақ тіндерін
қанмен қамтамасыз етеді

18. Пайдаланылған әдебиеттер

1Аубакиров адам анатомиясы атлас 3том 107 бет
2Аубакиров адам анатомиясы атлас 3том 102 бет
3 http://yamedik.org/?p=770&c=anatomiya/bil_02.
4 https://meduniver.com/Medical/Topochka/85.html
5 https://kk.m.wikipedia.org/wiki/Анастомоз.
6 fireaid.org
7 medspecial.ru
8 https://kazmedic.org/archives/5868.
English     Русский Правила