Қызметтік жүйелер туралы Анохиннің ілімі.
Жоспар
Системогенез
НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Нейрондар қызметі жағынан 3 топқа жіктеледі:
Нерв талшықтарының қасиеттері.
Орталық нерв жүйесіндегі нерв орталықтары арқылы қозудың өтуі
Қозуды біржақты өткізу
Нерв орталықтары арқылы қозудың кешеуілдеп өтуі
Нерв орталықтарында қозудың жинақталу құбылысы
Қозу ырғағының трансформациясы
Әрекет соңы
Нерв орталықтарының шаршауы
Қолданылған әдебиеттер:
594.16K
Категория: МедицинаМедицина

Қызметтік жүйелер туралы Анохиннің ілімі

1. Қызметтік жүйелер туралы Анохиннің ілімі.

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК
МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Физиология кафедрасы
СӨЖ № 2
Қызметтік жүйелер туралы Анохиннің ілімі.
Орындаған: 2-16 топ ОМ Бәтенова Ұ.Ғ
Тексерген: Ахметова М.Ж
Қарағанды – 2015

2. Жоспар

I Кіріспе
1 ФУНКЦИОНАЛЬДЫ ЖҮЙЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ИЕРАРХИЯСЫ
2 СИСТЕМОГЕНЕЗ
3 НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
3.1 НЕРВ ТАЛШЫҚТАРЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
4 НЕВТЕРДЕН ҚОЗУ ӨТУДІҢ ЗАҢДАРЫ
III Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

3.

Функционалдық жүйе – өзінің үйлесімді қызметінің нәтижесінде белгілі
бір мақсатты әрекеттің туындауын қамтамасыз ететін, өздігінен
реттеліп отыратын органдардың жылжымалы бірлестігі.
Бұл ұғымды И.П.Павловтың рефлекстік теориясы негізінде көрнекті
физиолог Н.К.Анохин ұсынған. Функционалдық жүйе туралы ілім
рефлекстік теорияны әрі қарай дамытуда, тереңдетуде, кеңейтуде,
айқындай түсуде маңызды рөл атқарады. Бұл ілімді рефлекстік
теорияның жоғары, жаңа мазмұнды деңгейі деуге болады.
Пётр Кузьмич Анохин – совет физиологі. Функционалды жүйе теориясын
құрушы, академик. Ленин сыйлығының лауреаты (1972). Азамат
соғысына қатысқан. «Қызыл Дон» журналының бас редакторы болған.
Еңбектері: «Декарттан Павловқа дейін. Рефлекс теориясына 300 жыл»,
«Иван Петрович Павлов. Өмірі, қызметі және ғылыми мектебі»,
«Функционалды жүйе физиологиясының очерктері», «Шартты
рефлекстің биологиясы мен нейрофизиологиясы» т.б.

4.

Функционалды
жүйелер- динамикалық
өзіндік ұйымдасқан
және өзін-өзі реттеуші
орталық пен шеткі
құрылым және
организм үшін өзара
әсерлесетін жағымды
әрекеттердің барлық
құраушы
компоненттері.
Функционалдық жүйелердің
өзін-өзі реттеуі.
Функционалдық жүйелер
нәтижесінің белгілі дәрежеден
ауытқуы кезінде , қалыпты
метаболизм немесе
организмнің қоршаған ортаға
бейімделуін қамтамасыз
ететін қосымша орындаушы
механизм қосылады және олар
бұл дәрежені оптималды
жағдайға дейін жеткізеді.
Функциональды
жүйелер теориясы –
жалпы функционалдық
жүйелердің арақатынасына,
метаболиттік,
гомеостатикалық және
психикалық дәрежеге
негізделген тұтас
организмдегі
қызметтерді түсіндіреді.

5.

Функционалдық жүйелердің анықтық алдын ала көрінісі- функционалдық жүйенің болар
оқиғаны , акцептордегі жорамалдау параметр нәтижесінде пайда болған , жүре пайда болған
және генетикалық есте сақтау әрекетінің механизмі болып табылады.
Әрекет нәтижесінің акцепторы – функционалдық жүйелердегі шындықтан бұрын жүретін
бөлім.
Функционалдық жүйелердегі әр түрлі элементтер әр түрлі тіндерден болса да таңдамалы
қосылады.
Функционалдық кибернетикалық қасиеттері- нәтиженің параметрінде кері афферентация
болуымен ерекшеленуі , соңғы нәтиже мен әрекет нәтижесінің акцепторына, функционалдық
жүйелердегі нәтижелер туралы тұрақты ақпараттың айналымы.
Функционалдық жүйедегі элементтердің өзара әсері - қарсы келуші немесе әрекеттесуші
нәтиже элементтерінің функционалдық жүйелердегі өзара әсері болып табылады

6.

Функционалдық жүйелердің иерархиясы- тұтас
организмде функционалды жүйелердің әсерлестігі,
яғни осы езде органимді биологиялық немесе
әлеуметтік жағынан мағынасы басым басым
функционалдық жүйе басқарады, ал басқа жүйелер
осы доминанттыға бағынады немесе тежеледі.
Функционалды жүйелердің доминанттылығы А.А. Ухтомский ашқан доминанттық принципіне
негізделеді.

7.

8. Системогенез

Системогенез- функционалды жүйе туралы жалпы теорияның
бөлімі.Пре- және постнаталды кезеңдегі функционалды
жүйелердің арнайы және бірізділік жетілуі.
Гомеостатикалық мультипараметрлік әрекеттестік –
гомеостаттикалық дәрежеде функционалды жүйелердің
әрекеттесуі кезінде, организмнің ішкі ортасының – қан мен тін
аралық сұйыұтық көрсеткішінің әсерлесуі.
Пайдалы бейімделген нәтиже- жүйе түзетін фактор,
функционлды жүйенің молекулярлық ,гомеостатикалық, мінезқұлық және топтық деңгейде іс-әрекетін анықтайды.
Функционалдық жүйелердің изоморфизмі- түрлі деңгейдегі
ұйымдастырушы функционалды жүйелердің бірдей
архитектоникасы, негізінен организм үшін пайдалы бейімделу
нәтижесі кезінде іске асады.

9. НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ

Нерв жүйесі организмді өзгеріп отыратын сыртқы орта
факторларына бейімдеп, оның біртұтастығын
қамтамасыз етеді.
Нерв жүйесі жасушалардың ұлпалардың, мүшелер мен
мүшелер жүйесінің қызметтерін реттеп, оларды өзара
байланыстырады.
Нерв жүйесі сыртқы және ішкі тітіркедіргіштерге
организмнің жауап қайыру мүмкіндігін береді.
Нерв жүйесінің жоғары бөлімдері психикалық ісәрекеттің көрініс беріп жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
Нерв жүйесі – информацияны жылдам жеткізетін және
басқаруды жүзеге асыратын күрделі үйымдасқан әрі
жоғары дәрежеде маманданған жүйе

10.

Нерв жүйесін негізгі 2 бөлімге бөліп қарастырады:
•Орталық нерв жүйесі: жұлын мен бас миы
•Шеткі нерв жүйесі: орталық нерв жүйесінен тараған
нервтер мен орталық нерв жүйесінен тысқары
орналасқан нерв жасушаларының шоғыры (ганглилер)
жатады.
Нерв жүйесі қызметтік жағынан 2 бөлімге жіктеледі:
•Соматикалық нерв жүйесі: тірек – қимыл аппаратын
нервтендіріп, денеміздің сезімталдығын қамтамасыз
ететін нерв жүйесінің бөлігі
•Вегетативтік нерв жүйесі: ішкі органдарды
нервтендіріп, олардың қызметін реттейтін, ондағы зат
алмасуға әсер ететін нерв жүйесінің бөлігі

11.

Нерв жүйесі нерв ұлпаларынан тұрады
Нейрон және глиальдық немесе нейроглия жасушалары.
Информацияны қабылдау, өңдеу, сақтау, одан әрі беру үрдістерін
нейрондар іске асырады Нейрон денесінен өсінділер шығады аксон
– ұзын, бір ғана өсінді; дендриттер - қысқа, көп тармақталған
өсінділер. Аксон арқылы нерв импульсі (қозу) келесі бір нейронға
өтеді, яғни аксонның ұшы басқа нейронға сигнал беруге
маманданған. Қысқа өсінділер – дендриттер арќылы қозу нейрон
денесіне өтеді.
Нейрондар денелерінен шығатын өсінділердің саны бірдей
болмайды
Оларды униполярлы, псевдоуниполярлы, биополярлы,
мультиполярлы деп бөледі. Униполярлы нейрондарда бір ғана
өсінді болады. Псевдоуниполярлық нейрондарда да бір өсінді
болады, бірақ ол әрі қарай екі тармақталып кетеді. Биополярлық
нейрондарда екі өсінді бар. Мультиполярлық нейрон денесінен
әдетте жуан, ұзын бір аксон және бірнеше дендриттер шығады

12. Нейрондар қызметі жағынан 3 топқа жіктеледі:

•Афференттік (сезімтал, ќозуды орталық нерв
жүйесіне ќарай(ОНЖ) өткізеді);
•Эфференттік (моторлы, қимыл-қозғалыс, ќозуды
орталық нерв жүйесінен жұмыс мүшесіне ќарай
өткізед);
•Қондырма (қосымша немесе аралыќ нейрон,
афференттік нейрондарды эфференттік
нейрондармен байланыстырады).

13. Нерв талшықтарының қасиеттері.

Нерв талшықтарының яғни нерв жасушала өсінділерінің ең
негізгі қасиеті - өздері арқылы қозу импульстерін өткізу болып
есептеледі. Нерв талшықтарының морфологиялық белгісіне
қарай балдырлы немесе миелинді және балдырсыз деп 2 топқа
айырады. Миелинді сезгіш және қозғағыш талшықтар сезім
органдары мен қаңқа еттерін жабдықтайтын нервтердің,
сондай-ақ вегетативтік нерв жүйесінің құрамына енеді.
Миелинсіз талшықтар омыртқалы жануарларда негізінен
симпатиқалық нерв жүйесіне тән.

14.

Невтерден қозу өтудің заңдары.
•Нерв талшығы морфологиялық функциональдық зақымданбаған, сау болуы
керек. Мұны талшықтың анатомиялық және физиологиялық үзіліссіздік заңы
деп атайды. Егер талшықты кесіп қиса н\е оның бір бөліміне жоғарғы не төменгі
температурамен, я улы заттармен анестетиктермен әсер етсе ол арқылы қозу
өтпейді.
•Екі бағытта өткізу, яѓни нерв талшыѓы ќозуды екі бағытта да өткізе алады. Бұл
заңдылықты 1877 жылы өз тәжірибесінде Бабухин дәлелдеген.
•Нерв талшығының салыстырмалы шаршамайтындығы. Егер нерві препаратын
ұзаќ уақыт ырғақты тітіркендірсек, біраздан кейін ет шаршап, жиырылуын
тоқтатады, ал нерв қозу өткізу қабілетін жоғалтпайды.
•Жекелеп өткізу. Қандай да болмасын шеткі нерв бағаны түрліше нерв
талшықтарынан құралған. Онда қозғағыш, сезгіш және вегетавтивтік нерв
талшықтары болады. Бірақ, әр нерв ќозуды жекелеп өткізеді. Осыған орай бір
нерв өзіндегі әр түрлі талшықтар арқылы түрлі шеткі органдарға импульстер
жеткізіп, олардың қызметін өзгертеді. Мәселен, кезеген нерв көкірек
қуысындағы барлық органдарды, құрсақ қуысындағы көптеген органдарды
жабдықтайды.

15. Орталық нерв жүйесіндегі нерв орталықтары арқылы қозудың өтуі

Нерв орталығы белгілі бір рефлекстердің жүзеге асуына
қажетті және ағзадағы белгілі бір қызметтерді реттеуді
жүзеге асыратын нейрондардың шоғыры болып
табылады. Орталық нерв жүйесінде қозу өтудің
ерекшіліктері нерв орталықтарын құрайтын нейондар
арасыдағы синапстар қасиеттерімен тікелей
байланысты.

16. Қозуды біржақты өткізу

•Орталық нерв жүйесінде қозу тек бір жақты,
рецепторлық нейроннан эффекторлық нейронға қарай
өткізіледі. Бұл қасиет орталық нерв жүйесіндегі нерв
орталықтарында көптеген синапстық байланыстың
болуына байланысты. Синапстарда қозу тек бір жақты
ғана беріледі. Пресинапстық мембранадан бөлінетін
медиатор постсинапстық мембранаға әсер етеді.

17. Нерв орталықтары арқылы қозудың кешеуілдеп өтуі

•Бұл қасиет синапстардың санына байланысты. Себебі,
рефлекторлық доға жүйесінде қозу орталық нерв
жүйесінің синапстары арқылы кідіріп өткізіледі.
Нақты өлшеу жүргізгенде бір синапстағы кідіру 0,5
мсек болатындығы анықталған.Соған байланысты
рефлекстің орталық уақыты қондырма нейрондардың
санына тәуелді болады.

18. Нерв орталықтарында қозудың жинақталу құбылысы

•Жинақталу құбылысын нерв орталықтарының қасиеті ретінде алғаш байқап
сипаттаған И.М.Сеченов (1863) болды. Бұл қасиет нерв орталықтарының бірінен
кейін бірі әсер еткен табалдырық асты күшіндегі тітіркендіргіштерді
ұштастырудан туындаған өзгерістерді (єлсіз ќозуларды) жинақтауынан жауап
реакцияны алуымыздан кµрінеді. Жиынтықталудың екі түрін айырады: жүйелі,
бірізді (уақыттық) және кеңістік. Уақыттық жиынтықталу – нерв орталығына
бір афференттік нерв талшығы арқылы қысқа интервалмен бірінен соң бірі
келетін қозулар арасындағы өзара әрекеттесуден көрінеді. Кеңістік
жиынтықталуды алу үшін бір рецептивтік алаңдағы екі немесе бірнеше
рецепторлар бір мезгілде тітіркендіріледі. Сонда, бір ғана рецептор бір рет
тітіркенгенде тумайтын рефлекторлық акт байқалады.

19. Қозу ырғағының трансформациясы

•Нерв орталықтары өздеріне келген импульстер ырғағын
өзгерте алады, трансформациялайды. Сол себептен де нерв
орталығының жұмыс органына жіберетін эфференттік
импульстері белгілі шамада тітіркендіру сипатынан басқаша
бола алады. Афференттік нервке түскен бір стимулға жауап
ретінде нерв орталығы жұмыс органына қозу
импульстарының тобын жібереді. Нерв орталықтарынан
шеткі жұмыс органдарына секундына 50-200 нерв
импульстары түседі.

20. Әрекет соңы

•Бұл қасиет жауап реакциясының ұзақтығы тітіркендіру
ұзақтығынан артық бола алуында. Неғұрлым тітіркендіру
күші жоғары болса және оның әсер ететін уақыты көп
болса, соғұрлым әрекет соңы да ұзаққа созылады.

21. Нерв орталықтарының шаршауы

Нерв талшықтарына қарағанда нерв орталықтары жеңіл және тез шаршайды.
Сондықтан да афферентік нерв талшықтарын ұзақ тітіркендіруден бастапқы
кезде рефлекторлық акт біртіндеп әлсірей келе, ақырында тіпті тоқтайды.
Н.И. Веденский орталыққа тепкіш нейронды тітіркендіргенде рефлекторлық
жауаптың 10-40 сек. кейін жоғалғанын байқаған. Одан кейін ол тітіркендіруді
орталықтан тепкіш нервке көшіріп, рефлекстің қайта пайда болатынын
байқаған. Бұл бақылау шаршаудың орталық нерв жүйесінде туындайтынын
дәлелдейді.

22.

Функционалдық жүйе туралы ілім организмнің әртүрлі күрделіліктегі, белгілі мақсатқа бағытталған ісәрекеттік реакцияларының, мінез-қылығының механизмін, ішкі сырын түсіндіреді.
Функционалдық жүйе құрамалары екі топқа бөлінеді: 1-тұрақты бөлімдер тобы. Бұл функционалдық
жүйенің тиянақты, өзгермейтін бөлігі, оның морфологиялық және функционалдық негізін құрайтын
элементтер (мысалы, тыныс алу органдары – тыныстық функционалдық жүйенің, ас қорыту органдары – ас
қорыту функционалдық жүйесінің тұрақты бөлімдері, т.с.с.) болып табылады.
2-өзгермелі бөлімдер тобы. Оларды нақтылы жағдайда мақсатты нәтижеге қол жеткізуге бағытталған ісәрекеттерді қамтамасыз етуге қажетті, функционалдық жүйе құрамына уақытша қосылған элементтер
құрайды (мысалы, ас қорыту процесі қажетті деңгейде жүру үшін функционалдық жүйе құрамына қан
айналым, тыныс алу органдары қамтылады). Бұл бөлімді құрайтын топ мақсатты нәтиже алынғаннан кейін
және организмнің күйіне байланысты бір жүйе құрамынан екіншісіне ауысып отырады2-өзгермелі бөлімдер
тобы. Оларды нақтылы жағдайда мақсатты нәтижеге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттерді қамтамасыз
етуге қажетті, функционалдық жүйе құрамына уақытша қосылған элементтер құрайды (мысалы, ас қорыту
процесі қажетті деңгейде жүру үшін функционалдық жүйе құрамына қан айналым, тыныс алу органдары
қамтылады). Бұл бөлімді құрайтын топ мақсатты нәтиже алынғаннан кейін және организмнің күйіне
байланысты бір жүйе құрамынан екіншісіне ауысып отырады
Әрбір функционалдық жүйе құрамына мына бөлімдер міндетті түрде енеді:
1. Афференттік жинақтау (синтез)
2. Шешім қабылдау
3. Әрекет бағдарламасы және әрекет нәтижесінің акцепторы
4. Іс-әрекет
5. Әрекет нәтижесі және оның көрсеткіштері
6. Әрекет параметрлерін кері афферентациялау

23. Қолданылған әдебиеттер:

1.
2.
3.
4.
Сәтпаева Х.К. Адам физиологиясы : оқулық / Х. Қ. Сәтбаева, А. А.
Өтепбергенов, Ж. Б. Нілдібаева. - 2-ші бас., эҝз. ж.толық. - Алматы :
Эверо, 2011.
Сәтпаева Х.К. Адам физиологиясы : Оқулық / Х. Қ. Сәтбаева, А. А.
Өтепбергенов, Ж. Б. Нілдібаева. - 2 бас., - [б. м.] : Эверо, 2010.
Сәтпаева Х.К. Адам физиологиясы : Оқулық / Сәтбаева, Ханиса
Қанышқазы, Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. - Алматы : Дәуір, 2005.
4. Судаков К.В., ауд. Миндубаева Ф.А. / Қалыпты физиология/ - М.:
ГЭОТАР – Медиа, 2015. 5. Судаков К.В., В.В.Андрианов, Вагин Ю.Е.,
И.И.Киселев ауд. М.Қ. Қанқожа / Адам физиологиясы:Атлас
динамикалық сызбалар/ - М: ГЭОТАР-Медиа, 2009. 6. Қалыпты
физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар. /
А.С.Сайдахметова, С.О.Рахыжанова Семей, 2006.
English     Русский Правила