9 – дәріс Улануда сойыс өнімдерін ветсансараптау
Уланған және химиялық препараттармен залалдалған мал ұшасы мен ағзаларын ветеринариялық-санитариялық сараптау.
Сойғаннан кейiнгi диагностика.
Сойғаннан кейiнгi ұша мен ағзаларды ветеринариялық-санитариялық сараптау
Ет өнімдерінің санитариялық бағасы
Радиациямен зақымданған малдың сойыс өнiмдерiн ветеринариялық-санитариялық сараптау.
Сойғаннан кейiнгi диагностика
Назарларыңызға рахмет!!!
472.81K
Категория: МедицинаМедицина

Улануда сойыс өнімдерін ветсансараптау

1. 9 – дәріс Улануда сойыс өнімдерін ветсансараптау

2.

• Қазiргi заманда дүние жүзiнде әр түрлi
химикаттарды
ауыл
шаруашылығында
пайдалану жылдан-жылға артып отыр.
Химиялық заттар ауыл шаруашылығының
зиянкестерiне, арам шөпке қарсы күресте
үлкен маңызы бар екенiн ешкiм жоққа шығара
алмайды. Бiрақ кейбiр жағдайларда олар ауыл
шаруашылығы, мал шаруашылығы өнiмдерi
арқылы адам денсаулығына нұқсан келтiруi
мүмкiн.
• Осыған байланысты, мал дәрiгерi мал өнiмдерi
арқылы адам денесiне зиянды заттардың
өтуiне жол бермеуi қажет.

3. Уланған және химиялық препараттармен залалдалған мал ұшасы мен ағзаларын ветеринариялық-санитариялық сараптау.

• Ауылшаруашылық малдарының минералдық тыңайтқыш, улы
өсiмдiктер, ас тұзы және басқа да уытты заттармен (мышяк,
мыс т.б.) уланып қалуы жиi кездесiп тұрады. Өсiмдiктердiң
зиянкестерi, аурулары және арам шөптермен күресте, сондайақ малдарды шыбын-шiркейден, терi паразиттерiнен қорғау
үшiн пайдаланылатын фосфорорганикалық, хлорорганикалық
қоспалар, карбамит, сынапты препарат және пестицидтермен
(улы химикаттар) уланған мал өнiмдерi адам үшін өте қауiптi.
Адамға уланған мал етiнiң сапасыздығы және организмге
тигізетін зиянды әсері көптеген жағдайға байланысты.
Көптеген пестицидтер және басқа препараттар қауiптi улы
заттар қатарынан саналады, яғни ет iшiнде олар аз мөлшерде
болса да, адамға зиянды әсер етедi. Кейбiр карбомит және
басқа пестицидтер гонадо және эмбриотоксигендiк әсер етеді.
Хлорорганикалық
және
сынапты
препараттардың
кумулятивтiк (бiрте-бiрте қорлануы) қасиеттерi бар, ет iшiнде
олар ұзақ сақтағанда, жоғары және төменгi температурада
өңдегенде жойылмайды.

4.

• Екiншi жағынан пестицидтер және басқа уытты
заттармен уланған мал организмiнiң әртүрлi
зиянды әсерлерге төзiмдiлiгi нашарлайды. Сол
себептi улағыш зат iшек микрофлорасының
малдың бүкiл организмiне тарауына және
қосалқы инфекцияның шығуына жағдай
жасайды, оның iшiнде қауiптiсi сальмонеллез.
Салмонелла және iшек бактериялары өсiп-өнген
еттi тағамға пайдаланғанда адам аса ауыр
тағамдық ауруға шалдығуы мүмкiн.
• Уланған
малдың
сойыс
өнiмдерiн
ветеринариялық-санитариялық сараптауда және
етке санитариялық баға беруде улану
сипатының маңызы зор. Уланған малдың
организмiне енген уытты заттың дозасы мен
түрiне қарай улану жiтi немесе созылмалы
түрде өтедi.

5.

Бауыздау
жерiнiң
жағдайы.
Лимфа
түйiндерiнде
гi өзгерiстер
Сойғанна
н кейiнгi
диагности
ка.
Қанталау.
Қансыздану
дәрежесi

6. Сойғаннан кейiнгi диагностика.

• Уланған малдың ұшасы мен ағзаларындағы болатын
патологиялық-анатомиялық өзгерiстердiң iшiнен
төмендегi ақауларға көңiл аудару керек.
• Бауыздау жерiнiң жағдайы. Денi сау малдың
ұшасының бауыздаған жерi тегiс емес және қан
қатты сiңген. Ауру, сондай-ақ қатты уланған малдың
ұшасының бауыздаған жерi тегiс, қанталауы нашар,
бұл жердегi еттiң түсi ұшаның басқа бұлшық
еттерiнiң түсiмен сәйкес.
• Қансыздану
дәрежесi.
Уланған
малда
қанағаттанарлық, нашар немесе өте нашар болады.
Осыған орай етiнiң түсi қоңыр қызыл, ал етiн тiлiп
қарағанда қанды телiмдер көрiнедi, май ұлпалары
қызғылт, плевра және iшiнара қан тамырындағы
қанның қалдықтары көрiнедi, iшкi ағзалары қанға
толы келедi.

7.

• Қанталау.
Ауыз
қуысының
шырышты
қабықтарында және сiрi қабықтарында қан
талау
байқалады.
Қанға
iшек
микрофлораларының өтуiне және қосалқы
инфекцияға байланысты
өзгерiстер пайда
болады.
• Лимфа түйiндерiндегi өзгерiстер. Қосалқы
ауруларда жақсы байқалады. Сау малдың
ұшасындағы
лимфа
түйiндерiнiң
түсi
өзгермеген, тiлiнген жерi ашық-сұр немесе
сары реңкiлi. Уланғанда және қосалқы
аурулардың әсерiнен лимфа түйiндерi iсiнiп,
көлемi ұлғаяды, тiлiнген жерiнiң түсi қызғылт,
қанталаған, қабынған.

8.

• Удың түрi, дозасы және уланудың сипатына қарай iшкi ағзаларында әр
түрлi өзгерiстердiң болуы ықтимал. Уланудың көпшiлiк жағдайында
бауыры ұлғаяды, жұмсарады, сары балшық түстес немесе қара қоңыр.
Өт қалтасы Ұлғайған және жабысқақ өтке толы, шырышты қабығына
ноқатты қан құйылған. Бауыр, бүйректерi, жүрек, өкпе, ми,
жұлындарында қан iркiлген және қанталаған. Жiтi уланғанда өкпесi
iседi, ателектаз ошағы пайда болады. Бүйректерi аздап жұмсарған, бiрақ
үлкеймеген, қабаттарының шекарасы бiлiнбейдi, қарыны немесе
ұлтабары, сондай-ақ iшектерiнiң сiрi қабықтарының астында қан
құйылады, iшек-қарын жолында қан құйылуы мүмкiн және некроз
учәскесi мен сұйықты жара шығып қабынады. Бұнымен қатар уланған
малдың ағзалары мен ұшасынан белгiлi бiр улы заттарға тән
патологиялық-анатомиялық өзгерiстердi көруге болады. Мәселен,
цианид, нитрат және нитриттермен уланған малдардың қаны мен етi ал
қызыл түстi, акридин, және азот қышқылымен уланғанда етi және
үлпершектi ағзалары сары түстi болады: қорғасынмен уланғанда
қуықтың бет жағы сарғыштанады, ТМТД мен уланғанда көбiнесе көк
бауыры семидi.

9. Сойғаннан кейiнгi ұша мен ағзаларды ветеринариялық-санитариялық сараптау

• Сойғаннан
кейiнгi
ұша
мен
ағзаларды
ветеринариялық-санитариялық сараптау әдеттегi
тәртiппен жүргiзiледi. Дегенмен уланғанына күдiк туса
ұша мен ағзаларын тексергенде бүйректерiн ұзынынан
терең етiп кесiп iшкi құрылымын (қабаттары, бүйрек
түбінің шырышты қабықтары) тексередi, сондай-ақ
қарынды, iшектерiн және қуықты тiлiп қарайды.
Уланудың белгiсi бар немесе соған күмәндi малдарды
сойған кезде қойылған диагнозды нақтылап және сойыс
өнiмдерiне дұрыс санитариялық баға беру үшiн
химиялық-токсикологиялық және бактериологиялық
тексерiстер жүргiзедi. Бұдан басқа, малдың сояр
алдындағы жағдайын бiлу үшiн еттi биохимиялық
тексеруден де өткiзедi.

10.

• Үлгi алу, оларды жiберу және тексеру тәртiбi.
Токсикологиялық зерттеу жүргiзетiн зертханаға 50-200
грамдай ет, май ұлпасы және бауырды, сондай-ақ қарын
iшiндегiсiн жiбередi. Егерде сүттегi пестицидтердiң
қалдығын анықтау керек болса зертханаға 250 мл сүт
жiбередi. Қатты үлгiлердi балауызды немесе пергамент
қағаздармен орайды, сыртынан байлайды, сүргі салады,
нөмiрлейдi, жалпы пакетке салады, қарын iшiндегiлерiн,
сондай-ақ сүттi таза, құрғақ шыны ыдысқа құяды.
Алынған үлгiнi зертханаға тез жеткiзу керек. Зерттеуге
жiберiлмекшi материалға жолдама құжат жазылады, онда
малдың түрi, үлгiнi алған уақыты, үлгiнiң массасы
көрсетiлген
атаулары,
ыдыстың
және
орамның
сипаттамасы, үлгiнi зертханаға жiберу себептерi
жазылады. Сондай-ақ, уланудың клиникалық белгiлерiн
көрсетедi, ағзалары мен ұлпаларындағы байқалған
паталогиялық-анатомиялық өзгерiстердi де толық жазады.
Нендей улы затты анықтау керектiгiн көрсетедi. Жолдама
құжатқа мал дәрiгерi немесе үлгiнi тексеруге жiберушi
лауазымы бар адам қол қояды, зертхана үлгiнi алғаны
туралы, орамның және сүргі тұтастығын, әкелiнген
уақытын көрсетiп қолхат бередi.

11.

• Химиялық-токсикологиялық зерттеудiң тәртiбi. Тексеруге
жiберiлген материалдың жолдама құжатындағы деректермен
және паталогиялық-анатомиялық тексерудiң қорытындысымен
байланысты. Қажеттi жағдайда (жолдама құжаттағы деректер
түсiнiксiз болса) шаруашылықтан соңғы кезде мал және өсiмдiк
шаруашылығында қандай улы химикаттардың қолданылғанын,
қандай тыңайтқыштардан малдың улануы мүмкiн екендiгi
туралы мәлметтер сұрайды. Сондай-ақ рационның құрамы мен
мал азығының сапасын да анықтау қажет.
• Егерде улану себебi белгiсiз болса, зертхана алдымен қарын
iшiндегiсiн ауыр металл тұздарына, пестицидтерге, алколойд,
микотоксиндерге топтық әдiсiмен тексерiп, улануға диагноз
қояды,сосын ет және май ұлпаларын және бауырды уға
тексередi. Зерттеудi Республиканың Денсаулық сақтау
министрлiгi бекiткен ресми әдiстердi пайдаланып жүргiзедi.
Зертхана өзiнiң жауабында удың қалдық мөлшерiн анықтаудың
әдiсiн көрсетедi, уланған малдың сойыс өнiмiн пайдалану
жолдарын жазады.
• Биохимиялық зерттеуде - еттегi рН және переоксидазаның
белсендiлiгiн анықтайды, ал сиыр етiмен қосымша бейтарап
формалинмен (формол реакциясы) реакция қояды.

12.

• Биохимиялық анализдi малды сойған күнi
жасамайды,
жетiлмеген еттен дұрыс
көрсеткiш болмауы ықтимал. Еттiң мұндай
үлгiсiн орамынан босатып аэрациялайды.
Төменгi
температурада
(тұрмыстық
тоңазытқышта) биохимиялық тексерiс үшiн
оны келесi жұмыс күнiне дейiн қалдырады.

13.

Сойыс өнiмдерiн санитариялық
бағалау үшiн барлық уытты заттар
ет пен
ет және ет
субпродуктыларды
өнiмдерiнде шектi
пайдалануға
мүмкiн мөлшерi
рұқсат етiлмейтiн
белгiленген заттар
уытты заттар
заттармен уланған
малдың сойыс
өнiмдерiн
пайдалану

14. Ет өнімдерінің санитариялық бағасы

• Уланған малдың сойыс өнiмдерiнiң санитариялық бағасы әр түрлi.
Химиялық-токсикологиялық анализдi қорытындылауда улағыш заттың
уыттылығы және кумулятивтiгi туралы деректерден басқа сезiмдiк,
бактериологиялық,
сондай-ақ
биохимиялық
зерттеулердiң
көрсеткiштерiн ескередi. Уланған мал жанталасып жатқанда лажсыз
сойылса етi мен субөнімдерін тағамға пайдалануға жарамсыз деп
табады. Бұндай ет барлық ағзаларымен бiрге техникалық қайта
өңдеуге жiберiледi немесе улану дәрежесiн ескерiп, аң азығына
пайдалануға болады. Ол үшiн алдымен бактериологиялық тексеру
жүргiзедi және аңның 3-4 басына берiп зиянсыздығын анықтайды.
• Сойыс өнiмдерiн санитариялық бағалау үшiн барлық уытты заттар 3
топқа бөлiнедi. Бiрiншi топқа ет пен субпродуктыларды пайдалануға
рұқсат етiлмейтiн уытты заттар жатады: цианидтер, сары фосфор,
пропазин, гептахлор, альдрин, ТМТД, ДДВФ, цинеб, байгон, севин,
ялан, фосфорорганикалық қосындылар, сынап препараттары, т.б.

15.

• Улы химикаттардың екiншi тобына ет және ет
өнiмдерiнде шектi мүмкiн мөлшерi белгiленген заттар
жатады. Улануына байланысты лажсыздан сойылған
малдың бұлшық ет ұлпасындағы улы химикаттардың
қалдығы Республика денсаулық сақтау министрлiгi
белгiлеген шектi мөлшерден аспаса, еттi тек пiсiргеннен
кейiн шығарады, ал iшкi ағзаларын оның iшiнде iшекқарынын, сондай-ақ желiндi және миды техникалық
өңдеуге жiбередi.
• 1 килә шикi еттегi улы химикаттың ең жоғарғы рұқсат
етiлген деңгейi (ЖРД) төмендегiдей: қорғасын - 0,5,
мышьяк - 0,1, кадмии - 0,05, сынап - 0,03, мыс - 0,5,
цинк - 70,0, ГХЦГ (альфа, бета және гамма изомерлерi) 0,1, метаболттерi - 0,1, диазинон - 0,7 (майда), фентион
– 0,3 (майда), дибром - 0,3, циодрин - 0,05,
нитрозоаминдер (НДМА және НДЭА қосындысы).
• Егерде етте пестицидтердiң және басқа уытты
заттардың қалдықтары рұқсат етiлген мөлшерден 4
еседен аспаса еттi құрғақ мал азығын дайындауға
жiберуге болады.

16.

• Үшiншi тобын құрайтын заттармен уланған малдың
сойыс өнiмдерiн пайдалану, оны лажсыздан сойылған мал
ұшасы мен ағзаларын пайдалану жұмысына сәйкес
жүргiзiледi. Яғни еттi бактериологиялық, физикохимиялық тексеруден өткiзу қажет. Және мiндеттi түрде
химикаттардың қалдығын анықтау үшiн пiсiру сынамасы
жүргiзiлуi тиiс. Мұндай уыттарға, ас тұзы, қышқылдар,
сiлтiлер, хлор және хлорлы дезинфекциялаушы заттар,
мочевина, цинк, фосфор, құрамында азот және фосфорлы
тыңайтқыштар, микотоксиндер, глюкозид, сапонин, эфир
майлары, фотосенситилизациялық заттары бар улы
өсiмдiктер, нитраттар, нитриттер, микробиологиялық
синтездеу нәтижесiнде алынған азықтық қоспалар жатады.
• Химиялық-токискологиялық анализдiң қорытындысында
еттен уытты зат табылмаса және ұшаның сезiмдiк
көрсеткiштерi қанағаттанарлық болғанымен, бұлшық ет
ұлпасы, лимфа түйiндерi немесе үлпершектi ағзалардан
етiн тағамға пайдалануға шек келтiрмейтiн микробтар
табылса, оны пiсiргеннен кейiн шығарады немесе ет
нанын, әйтпесе ет консервiлерiн дайындауға жiбередi.

17.

• Қазiргi ережелерде көрсетiлмеген және тағамдық
өнiмдердегi
рұқсат
етiлмеген
мөлшердегi
у
химикаттардың тiзiмiнде жоқ улы заттармен уланып
қалған малдың сойыс өнiмiнiң санитариялық бағасын әр
уақытта
химиялық-токсикологиялық
және
бактериологиялық зерттеулердiң қорытындыларын негiзге
алып, медициналық-санитарлық қызмет орындарымен
келiсе отырып анықтайды, ал керек болған жағдайда
тәжiрибе малдарына (күшiк, мысықтың баласына т.б.)
биологиялық байқау жүргiзедi.
• Малдәрiгерлiк-санитариялық
сараптау
жұмысында
пестицидтермен жiтi ауырып жазылған немесе шыбыншiркей және кенеге қарсы химиялық препараттармен
домдалған малдарды етке союға рұқсат етiлетiн мерзiмiн
бiлудiң маңызы зор.
• Жiтi уланып жазылған малдарды улану белгiсi бiлiнгеннен
бастап осы заттардың нормативтi құжаттарында
келтiрiлген уақытқа дейiн союға болмайды, ал ол
мерзiмнен бұрын сойылса, оны лажсыздан сою деп
бағалап, жоғарыда көрсетiлген тәртiп бойынша жүргiзедi.

18.

• Емдiк немесе профилактикалық мақсаттарда
антибиотик қолданылған малдың сою мерзiмi,
оларды малдәрiгерлiк практикада пайдалану
нұсқауларында
көрсетiледi.
Демек
бордақылаудағы малдарға антибиотиктер берудi
союына 7 күн қалғанда
тоқтатады. Егерде
антибиотиктер емдеу үшiн пайдалынса немесе
профилактикалық мақсатта егiлсе, оларды сояр
алдында қолдануды тоқтату мерзiмi төмендегiдей:
әдеттегi
препараттарды
(бензилпеницилин,
эритромицин, олеандлмицин) қолданғанда – 1,
хлортетрациклин, окситетрациклин, тетрациклин,
левомицитин, неомицин, полимицин - 7, ал
бицилин егiлсе - 6, дитетрациклин - 25 тәулiк.

19. Радиациямен зақымданған малдың сойыс өнiмдерiн ветеринариялық-санитариялық сараптау.

• Радиациямен зақымданған малдардың сойыс өнiмдерiн малдәрiгерлiксанитариялық сараптауда сәулеленудiң түрлерi маңызды орын алады.
Олар сырттай, iштен тiркес (аралас) сәулелену деп ажыратылады.
Ядролық жарылыстың негізінде пайда болып, ауа, жер және
төңiректегi заттар мен терi үстiне жиналған радиоактивтiк заттардың
(РЗ) өткiш радиациясынан сырттай сәулелену пайда болады; iшкi
сәулеленуде РЗ малдың денесiне түседi, ал тiркескен (аралас)
сәулеленуде - осы айтылған сәулеленудiң екi түрi бiрден әсер етедi.
Иондаушы сәуле дозасының әсерiнен жiтi және созылмалы сәуле
ауруы (СА) өрiс алады, ал ауырлықтарына қарай жеңiл (дозасы 150250 Р, немесе 1,5-2 г,) орташа 250-400 Р немесе 2,5-4,0 Гр, ауыр (400600 Р, немесе 4-6,0Гр) және өте ауыр (6 Гр жоғары) деп бөлiнедi.
Орташа және ауыр сәуле ауруларының төрт кезеңi болады. Олар
алғашқы реакциялар, жасырын, өршу және шешiлу. Аурудың аса ауыр
түрiнде алғашқы реакция бiрден соңғы кезеңiмен ұласып малдың
өлiмiмен аяқталады.

20.

• Сояр алдындағы диагностика. Ауруға диагноз қою
клиникалық, гематологиялық, дозиметриялық, ал РЗ мал
денесiне
енгенде
бұларға
қосымша
радиометриялық
зерттеулерге
негiзделген.
Осындай
тексерiстердiң
қорытындыларына қарап аурудың қандай дәрежеде екенiн
анықтап және ауру малды пайдалану жолын не iстеу керек
екенiн шешедi.
• Сырттай сәулеленуде аурудың алғашқы кезеңiнде ауру малдың
тынышсызданады, жабырқаңқылау, әлсiреген, азыққа көңiлi
шаппайды, жүрек соғысы жиiленедi (тахикардия) көрiнетiн
шырышты қабықтары қанталайды, тынысы тарылады,
денесiнiң қызуы 0,3-0,5 С көтерiледi, iшектiң жиырылуы
күшейедi, кейде құсады және iшi өтедi. Қанында лимфоцит
санының азайып нейтрофилдi лейкоцитоз болғанымен ақ қан
түйiршiктерiнiң жалпы саны көп өзгермейдi, сөйтiп алғышқы
кезең бiрнеше сағаттан 2-3 тәулiкке дейiн созылады (дозасына
байланысты). Аурудың жасырын екiншi кезеңiнде малдың
жалпы жағдайында көп өзгерiс болмағанымен қандағы ақ қан
түйiршiктерiнiң саны 20-80% дейiн азаяды (лейкопения) және
азғындайды (дегенерация). Қызыл қан түйiршiктерi мен
тромбоциттердiң саны кемидi. Ауру тым ауыр болса оның
алғашқы және жасырын кезеңдерiндегi өзгерiстерде айқын
байқалады.

21.

• Үшiншi кезең - аурудың күшейген кезiнде денесiнiң
ыстығы көтерiледi, азықтануы нашарлайды,
тышқақтайды. Қан түзiлетiн ағзаларының және
жүрек-тамыр жүйесiнiң жұмыстары бұзылады, ақ
қан түйiршiктерiндегi лимфоциттердiң саны мықтап
кемидi. Шырышты қабықтарында және терiсiнде
қан құйылғаны байқалады. Иммунобиологиялық
қорғаныштың нашарлауына орай пневмония және
сепсис өрiс алады. Сәуленiң әсерiнен терiсi
өлiеттенiп қабынады, жүндерi түседi, лимфа
түйiндерi ұлғаяды, қолмен ұстағанда ауырсынады.
Аурудың өршiген кезеңiнiң ұзақтығы орташа
есеппен жұмаға дейiн (малдың 10 өледi)
созылады, ал ауыр және аса ауырында алғашқы 7-10
күнiнде - 100 өледi.

22.

Көрсеткiштерi
Сәуленiң дозасына қарай өзгерiстер,Р (Гр)
400-600 (4-6)
Жалпы жағдайы
Денесiнiң
жұмысы
қызуы
жабырқаңқы, аяғын баса
күштi жабырқанқы, аяғын баса
алмай тәлтiректейдi
алмай тәлтiректейдi.
iшек-қарын 0,3-1,0 С көтерiледi,iшi өтедi.
Күйiс қайыру
Қан
түйiршiктерiнiң
(%):
-Эритроцит
-Лейкоцит
-Тромбоциттер
Болжам
600 және одан артық
ауырлаған
0,5-1,5 С көтерiледi, қан араластырып
тышқақтайды.
қайырмауы
азаюы
15-20
50-80
40-50
50 процент өледi
Алғашқы 10-12
күн iшiнде сою
20-30
70-90
40-60
100 проц.өледi
Алғашқы 3-6 күн
iшiнде сою

23.

• Төртiншi кезеңнiң - ауырлығы орташа
болғанымен сауығуы 3-6 айға созылады да,
малдың өнiмдiлiгi бұрыңғы қалпына келе
бермейдi.
• РЗ - iшек қарын жолы мен тыныс жолдары
арқылы малдың денесiне енедi. Iштен
сәулеленудiң
бастапқы
кезеңiнде
клиникалық-гематологиялық
белгiлерi
болмайды. Жасырын кезеңiнде (ол өте
қысқа) лейкоцитоз өрiстейдi, ал аурудың
ауыр жағдайында лейкоцит үш есе
көбейедi.

24.

• Аурудың күшейген кезiнде лейкоцитоз лейкопениямен
алмасады (қанның түзiлуi төмендейдi). Iшектерi уытты жараөлiеттенiп қабынғандықтан қан араластырып тышқақтайды,
арықтайды. Тыныс жолдары зақымданғанда ринит, бронхит,
пневмония байқалады. Геморрагиялық синдром тек қана iшекте
болады. Жүнi түспейдi. Ауру 3-айға созылады, бiрақ ауру
қауырт болса мал өледi. Тiркес сәулеленумен зақымданған
малда ауру қауырт өтедi, аурудың жасырын кезеңi қысқарады
және болжам үмiтсiздеу. Сәуле ауруының созылмалы түрiн жеңiл орташа және ауыр деп үшке бөледi. Жеңiл дәрежесiнде
жүрек қан тамыр жүйелерi және ас қорыту ағзаларының
жұмыстарында функционалдық өзгерiстер байқалады. Қан
көрсеткiштерiнiң деңгейi төмендейдi орташа дәрежесiнде
лимфоциттер мен нейтрофилдердiң сандары кемiп жалпы
лейкопения байқалады, тромбоциттерi азаяды, қызыл қан
түйiршiктерi аздап кемидi, iшi өтедi. Зат алмасуы мен
эндокриндiк (iшкi секреция) бездерiнiң қызметтерi бұзылады.
Жұқпалы аурулармен асқынып өлiм-жiтiмге жиi ұшырайды.
Зақымдану аса ауыр болса дистрофиялық және атрофиялық
өзгерiстер жиi кездеседi, әсiресе олар қан түзiлетiн ағзаларда
жиi болады.

25.

• Зақымданған малды алғашқы ұқсату. Алдымен
зақымданған малдарды 4 топқа бөлiп - бiрiншiсiн
әдеттегiше ұстайды, екiншiсiн емдейдi, үшiншiсiн
союға шығарады, төртiншiсiн сойған соң сойыс
өнімдерін техникалық қайта өңдеуге жiбередi.
• Бiрiншi топқа жататын СА жеңiл түрiмен ауырған
малдар жақсы күтiм мен құнарлы азықты қажет
етедi.
• Екiншi топтағы СА жеңiл түрiмен ауырған төлдер
және орта түрiмен ауырған жоғары өнiмдi, сондайақ бағалы малдар дұрыстап емдеудi қажет етедi.
• Үшiншi топтағы СА ауыр және өте ауыр түрлерiмен
ауырған малдарды союға жібереді. Егерде ондай
малдар көп болса сою кезегiн тағайындайды.
Жалпы сырттай сәулеленуде малдың қоңын
жоғалтпай, мүмкiншiлiгiне қарай тезiрек сойған
жөн.

26.

• Iштен сәулеленуде денедегi РЗ меншiктi радиоактивтiлiгi кемуi
үшiн малды союды кiдiртедi. Бiрақта малдың қоңын қадағалап
отыру қажет. Бұндай жағдайда малды iшiнара сойып, ұшадағы
РЗ қалдығының мөлшерiн анықтаған жөн. Сапасы жоғары ет
алу үшiн, сою мерзiмiн белгiлерде, жасырын кезеңiнiң
ұзақтығын ескередi. Тiркес сәулеленуде сою мерзiмi қысқарады
малдың терiсiндегi сәулелену дәрежесi жоғары болса, тиiстi
ережеге сай (нұсқау) терiсiн зарарсыздандырады. Сырттай
сәулеленуде малды сою, сау малды союдан ешқандай
айырмашлығы жоқ, ал iштен сәулеленуде және РЗ терiсi
ластанған малдарды союдың кейбiр ерекшелiктерi бар. Демек
оларды сойғанда қауiпсiздiк шаралары сақталып, союға
қатынасқан адамдар дозиметрлiк бақылауда болады. Малды
бауыздап, терiсiн сыпырған адамдарды ұшаны мүшелеуге
жiбермейдi, iшек-қарынын бiрден ақтарып мал сою цехынан
оқшау жерге шығарады. Жуынды су мен конфискаттарды
жинайтын шұңқыр дайындайды, оны жұмыстан кейiн
қалыңдығы 70 см топырақпен көмедi. Мал сойған орын, құралсаймандар мен жабдықтарды дезактивациялайды және
дозиметриялық бақылау жүргiзедi. Жұмысшылар санитариялық
байқаудан өтедi.

27. Сойғаннан кейiнгi диагностика

• Сырттай сәулеленудiң жасырын кезеңiнде ұшасы мен
ағзаларында аздаған қан құйылғаны байқалады. Iшектiң
шырышты
қабықтарының
кейбiр
жерлерi
жалаңаштанып, қанталағаны байқалады. Лимфа
түйiндерi iсiңкi, құрсақ қуысына қан құйылған, жiлiк
майы сары немесе қызыл-қоңыр түстi, қоймалжың.
Аурудың өршу кезiнде лейкоцитарлық реакция
байқалмайды (лейкопения болады), ауыз қуысы және
iшектерiнде уытты жара некроз ошақтары бар аралас
геморрагия байқалады. Көк бауыры кiшiрейген, күштi
қанталаған, ұлпасы күңгiрт-қызыл түстi, пышақ
сыртымен қырылмайды. Кең көлемдi қанталау
(геморрагиялық пневмония) эмфизема және ателектаз
телімдерінің болуына орай өкпесi шұбарланады. Ауру
ұзаққа созылғанда бауыры азғындайды, өлiетттенедi,
майлы азғынның болуы ықтимал, терi асты күштi
қанталаған, сондай-ақ жарақаттанған жерлерiнде
көлемдi қанды iсiк пайда болады.

28.

• Патологиялық өзгерiстер малдың түрiне, сәулелiк
зақымданудың күштiлiгiн және сәулеленуден
кейiнгi уақыттың ұзақтығына орай құбылып
тұрады. РЗ iшек-қарын жолдары арқылы iшекке
түскенде, оның кiлегей қабығының суланып
қабынғанын және iрiңдеген фиброзды уытты
жараны көруге болады, кейбiр жерi тесiлiп
перитонит болады.
• Тоқ iшектегi өзгерiстер бiркелкi жақсы байқалады.
РЗ демалу ағзалары арқылы түссе ринит, бронхит,
бронхопневмония
байқалады,
олардың
экссудаттарында лейкоцит көп болады. РЗ көп
жиналғандықтан ұлпалы ағзалардың зақымданғаны
айқын байқалады. Етi майсыздау, кейде арық.
Геморрагиялық синдром анық байқалмайды, жiлiк
майында
өзгерiс жоқтың қасы, терiсi түгiнен
арылмаған.

29.

• Санитариялық баға. Аурудың жасырын кезеңiнiң
бастамасында және аурудан айығып келе жатқан кезеңiнде
патологиялық өзгерiстерi болмаса сырттай сәулеленген
малдың ұшасы мен ағзаларын шектеусiз пайдаланады.
Егерде
патологиялық
өзгерiстер
бола
қалса
бактериологиялық тексерiс жүргiзiп, соның қортындысына
қарап баға бередi. Терiсiн шектеусiз шығарады. Iштей
сәулеленуде сойыс өнiмдерiн радиометрлiк зерттеуден
өткiзедi; патологиялық өзгерiстерi болмаса, меншiктi
радиоактивтiлiгi рұқсат етiлген мөлшерден (РЕМ) аспаса
ұшасы мен ағзаларын шектеусiз шығарады. Патологиялық
өзгерiстер болса iшкi ағзалары техникалық өңдеуге
жiберiледi, ал етi мiндеттi түрде бактериологиялық
тексеру жүргiзедi. Меншiктi радиоактивтiлiгi РЕМ көп
болса ұшаны дезактивациялайды, ал iшкi ағзаларын
техникалық өңдеуге жiбередi.
• РЗ пен еттiң сыртынан ластануы оны сақтаған уақытта
шаң-тозаң арқылы немесе лас затпен жанасқанда т.б
жағдайларда болуы ықтимал. Оны радиометриялық
аспаптардың көмегiмен анықтайды.

30.

• Мал шаруашылығы өнiмдерiн дезактивациялау. Еттi дезактивациялау
үшiн бiрнеше әдiстердi пайдаланады. Етiн сылу (етiн сүйектен
ажырату). Егерде мал сәулеленгеннен кейiн 2-4 күн өткеннен соң
сойылса, сылынған еттiң радиоактивтiгi 15 дейiн, ал 25-күндiгiнде
45 дейiн кемидi. Етiнен тазаланған сүйектi тереңдiгi 70 см жерге
көмедi.
• Пiсiру. 2 килә (артық емес) ет кесегiн 1сағат пiсiредi, мұнда РЗ 60
дей ін сорпаға шығады. Ұзақ пiсiруден радиоактивтiлiгi
төмендемейдi. Сорпаны тереңдiгi 70 см шұңқырға көмедi.
• Тұздау. Тұз ерiтiндiсiнде ұзақ сақтағанда РЗ өзiнен-өзi ыдырайды
және 30 дейiн тұздыққа шығады.
• Мұздаған түрiнде ұзақ сақтау. РЗ табиғи ыдырауына байланысты,
радиоактивтiгi төмендейдi. Дезактивацияның ұзақтығы РЗ жартылай
ыдырау мезгiлiмен байланысты. Бұл әдiс еттiң тез ыдырайтын
изотоптармен ластанғанында қолданылады. РЗ ет сыртынан
ластанғанда сумен ғана жуады
немесе еттiң бет жағынан
қалыңдығын 0,5см етiп сыпырады.
• Сиыр iштей сәулеленгенде йод-131 алынған дозасының 8 дейiн,
стронций-90 19 дейiн, цезий-137-93 дейiн сүтпен бөлiнедi. РЕМасып кетсе сүттi дезактивациялайды. Сырттай сәулеленгенде сүттi
шектеусiз пайдаланады. Сүттi сүт тартатын машинадан өткiзу
дезактивацияның ең жақсы әдiсi. Бұнда бiркелкi таза өнiмдер (май,
қышқыл, казейн) алынады.

31.

• Алғашқы
мөлшерiнiң (саны) 65
сарысуда болады.
Ластанбаған сүт алу үшiн малды меншiктi радиоактивтiлiгi 0,1
р/сағ
аспайтын жайылымдарда жаю керек. Тауықтың
организмiне РЗ түскенде, денесiне енген радиоиод 3,25 дейiн
жұмыртқаның сары уызына, ақзатында - 9,25 дейiн жиналады.
Жұмыртқаны дезактивациялау үшiн ақзат сары уызды жекежеке жұмыртқа ұнтағына айналдырып рұқсат ететiн мөлшерiне
жеткенше сақтайды. Бұнда 43 күннiң iшiнде жұмыртқаның
ақзатының радиоактивтiгi 10 есе, ал сары уызынiкi - 14 күнде
осы шамада кемидi, сырттай сәулеленген тауықтың
жұмыртқасын шектеусiз шығарады.
• Жүндi дезактивациялаудың негiзгi әдiсi - ұзақ сақтаудан
изотоптардың өздiгiнен ыдырауы, ал терi үшiн оған қоса тұз
ерiтiндiсiмен тұздау.
• Радиометриялық зерттеулерге үлгi алу ережесi. Ыдыс ретiнде
полиэтилен бұйымдары, пергамент қағазы, клиенка, калька,
сондай-ақ пластмасса, эмальданған және шыны ыдыстарды
пайдаланады. Олардың iш жақтарын азот немесе тұз
қышқылдарының 2 ерiтiндiлерiмен суланған мақтамен
сүртедi, шайқап жуады.

32.

• Жалпы радиоактивтiлiгiн анықтау үшiн үлгiнi
әрқайсысынан 100 г есебiмен бауыздау мен белдемеден,
1-2 қабырға немесе мойын
омыртқасын,
әрқайсысынан 100 г бауыр, жүрек, өкпе кесектерi,
бүйректi бүтiндей алады. Құсты тексеру үшiн 3-4
ұшасын алады. Ет сырт жағынан РЗ ластанғанда
қалыңдығы 10 мм екi кесiндi алады. Сүттi тексеру үшiн
250-500 мл алады (формалинмен консервiлеуге де
болады). 250 г сүт ұнтағын 100-150 г май және сыр
(iрiмшiктiң зауытта iстелген түрi), әр тауық қорадан 2-4
ондық жұмыртқа, 25-30 г жүн, 100-150 мл қан және
несеп, 30-50 г нәжiс алынады.
• Радиохимиялық сараптау үшiн (залалданған өнiмдегi әр
изотоптың түрiн анықтау үшiн) 3 килә ет, 500 г сүйек,
қалқанша бездi толығымен, 7л сүт алынады. Үлгiнi аса
сақтықпен алады, қорғаныш заттарды пайдаланады.
Үлгi алған адамдар санитариялық домдаудан өтедi.

33.

34.

35.

• Қорытынды
• Улы
заттармен
зақымданған
сойыс
өнiмдерiн
тағамға
пайдалану,
оның
организмдегі
мөлшеріне,
сезімдік,
биохимиялық
және
токсикологиялық
зерттеулердің
қорытындыларына
байланысты шешіледі.
• РЗ зақымдалған өнімдерге дозиметрлік
және радиометрлік зерттеулер жүргізіледі.

36. Назарларыңызға рахмет!!!

English     Русский Правила