Похожие презентации:
Инвазиялық ауруларда ет пен ет өнімдерін малдәрігерлік-санитарлық сараптау
1.
ИНВАЗИЯЛЫҚ АУРУЛАРДА ЕТ ПЕН ЕТ ӨНІМДЕРІН МАЛДӘРІГЕРЛІК-САНИТАРЛЫҚСАРАПТАУ.
Қазақстанда малдың инвазиялық аурулардың көптеп кездесетіні белгілі. Кейбір инвазиялық
аурулар адам үшін де аса қауіпті. Соңғы жылдары елімізде трихинеллез, эхинококкоз, токсоплазмоз
тәрізді аурулардың халық арасында көбейіп кеткенін медицина қызметкерлері айтып жүр. Бұл тарауда
малдың инвазиялық ауруларын балау және сойыс өнімдері арқылы адамға ауруды жұқтырмау, сыртқы
ортаны қорғау шаралары әңгімеленеді. Мал өнімдері арқылы адамға жұғатын инвазиялық аурулар
Трихинеллез. Trichinellsis азықты талғамайтын және ет коректі жануарларға тән жіті және
созылмалы түрінде кездесетін антропозооноз ауру. Аурудың қоздырушысы жұмыр құрттар тұқымдасы
– Trichinellidae. Сойыс малынан шошқа ауырады. Табиғи жағдайда көптеген жабайы хайуандар: аю,
жабайы кабан, борсық, түлкі, қасқар, түлкі, сусар, сасық күзен, күзен, сондай-ақ кеміргіштерде (егеу
құйрық, тышқан, сасық құндыз т.б.) трихинеллезбен ауруы мүмкін. Солтүстік аймақтығы теңіздік сүт
коректілерінде де (поляр дельфині, морж, итбалық) бұл ауру кездеседі. Жоғарыдағы айтылған
хайуандар адам үшін өте қауіпті инвазияның табиғи көзі. Соңғы кезде Францияда жылқының да
трихинеллезбен ауырғаны туралы мәлімет бар. Бұл негізінен жануарлар тектес азықты мол
пайдаланудан деп есептеледі.
2.
Паразиттiң iшектiк (жыныстық жетiлген) және бұлшық еттiк (личинка-балаң құрт) екi формасы болады.Жыныстық жетiлген трихинеллалар ет қоректi жануарлардың iшектерiн мекендейдi, олар iшiнде паразиттiң
қабықшалы тiрi личинкасы бар залалданған еттi жеп зақымданады. Қарынның iшiнде қабығы жарылып
iшiнен балаңқұрт шығады да он екi елi iшекке енiп, 30-40 сағаттан кейiн ересек (iшектiк) трихинеллаға
айналады. Трихинеллалар айырым жынысты, ұрғашысының ұзындығы -3-4 мм, еркегi-1,4-1,6 мм. Ұрғашысы
бас жағымен кiлегейлi қабыққа енiп еркегiмен ұрықтанады, сонан соң еркегi өлiп қалады, ал ұрғашысы 6-7
күннен кейiн тiрi личинкалар туады.
8-10 апталық өмiрiнде әр ұрықтанған трихинелла ұзындығы 0,08-0,12 мм және енi 0,006 мм 1500 ден 4000
дейiн личинкалар туады, олар алдымен сөл, сонан соң қан жүйесiне енiп, қан айналасымен бүкiл денеге
тарайды. Сөйтсе де трихинелланың личинкалары көлденең жолақ бұлшықеттер талшықтарының iшiнде өсiпөнедi Бiрiңғай салалы етте және жүрек етiнде, сондай-ақ үлпершектi ағзаларда трихинелланың личинкалары
өспейдi. Қабық iшiндегi трихинелла май ұлпасында да болмайды, бiрақ шел майының қалдық еттерiнде
кездеседi, ет талшықтары майланғанда немесе азғындағанында да тiршiлiгiн сақтайды.
Капсуланың iшiндегi қуыста трихинелланың личинкалары спираль тәрiздес ширатылған, паразит (15.2сурет) капсуласы сопақ немесе домалақ пiшiндi, қуысы мөлдiр сұйықтыққа толы, оның iшiнде әдетте бiреу,
кейде 2-3 паразит орналасады. Қуыстың диаметрi 0,2 мм, сондықтан да оның iшiндегi трихинеллалар,
сығылған бұлшық ет кесiндiлерiн 50-75 рет үлкейткенде жақсы көрiнедi. Диафрагманың етегi жиi
зақымданады, сонан соң диафрагма етi, тiл, көмекей, мойын, қабырға аралық және құрсақ еттерi
зақымданады. Бiрегей бұлшық еттiң бiр жерi күштi зақымданса, екiншi бiр жерiнде трихинелла болмайды,
көбiне бұлшық еттiң сiңiрге жақын жерi зақымданады. 6-айдан соң капсула iшiне әк тұздары шоғырлана
бастайды да, 15-16 айдан кейiн олар әктенедi. Осындай капсуланың iшiнде трихинелланың личинкалары 20
жылға дейiн (онан да артық) өмiр сүредi.
3.
Трихинелласы бар ет адамға өте қауiптi, паразит токсин (уыт) түзедi. Ет талшықтарында болатынөзгерiстер осы токсинмен байланысты деп есептеледi. Токсин, еттi термиялық өңдеуден өткiзгенде де
жойылмайды, трихинеллезде етке өте қатаң санитариялық баға берудi осымен түсiндiруге болады. Бұлшық
ет трихинеллалары сыртқы ортаның әсерiне де төзiмдi, 60-700С қыздырғанда ғана өледi. Төменгi
температура (-18-190С) трихинеллаларды 10-20 күннен кейiн өлтiредi. Трихинелланың тiршiлiк ұзақтығы
еттiң майлылығы және личинканың даму сатысымен байланысты. Тұздаған етте трихинелла 14 күннен кейiн
өледi деген де хабар болған. Бiрақ та кейiннен тұздаған және ыстаған сан еттерде тiрi трихинелланың
болатыны дәлелдендi және бұндай еттi жеп адамдардың залалданғаны анықталды. Сойғаннан кейiнгi
диагностика. Трихинеллезге сойғаннан кейiн диагноз қоюдың ең жақсы әдiсi бiздiң елiмiзде заңданған
(дүние жүзiнiң көпшiлiк елдерiнде) шошқа және тағамға пайдаланатын жабайы ет коректi жануарлардың
(жабайы қабан, аю, және басқалары) ұшасын сараптаудан өткiзгенде еттi трихинеллоскопиялау болып
табылады. Торайдың ұшасын 3-апталықтан бастап трихинеллезге тексередi. Трихинелоскопия үшiн
диафрагманың екi етегiнен массасы 25 г дейiн еттiң екi тiлiмiн алады. Егер де бұндай үлгiнi алуға мұмкiндiк
болмаса, басқа бұлшық еттерден (диафрагманың қабырға бөлiмi, қабырға аралық, белдеме, жақ және мойын,
белдеме, тiл, өңеш еттерi) алады.
Алынған үлгiлерден компрессориумға мiндеттi түрде 24 кесiндi (әр үлгiден 12 кесiндi) дайындайды.
Компрессориум iшiнде қысылған кесiндiлердi микроскоппен (трихинеллоскоппен) кiшi үлкейткiште (50-70
рет) немесе проекциялық трихинеллоскоппен қарайды, проекциялық трихинеллоскоптың, әдеттегiден
артықшылығы көп.
4.
Эпидемиологиялықэпизоотологиялық аймақАуру көрсеткіші
Адамның ауруға шалдығу
Тексеру әдісі және шамасы
Шошқаның ауруға шалдығуы
Компрес-сориуммен
тексеру
Жасанды қарын
сөлінде еріту
Трихинеллезден таза
Соңғы 10 жылда кездеспеген
Соңғы 10 жылда кездеспеген
24 кесінді (0,3 г)
1,0 г
Қауіпті
Соңғы 10 жылда кездеспеген
Соңғы 5 жылда кездеспеген
48 кесінді (0,6 г)
2,0 г
Мал трихинеллезынан таза емес
Соңғы 5 жылда кездеспеген
Жыл сайын кездеседі
72 кесінді (0,9 г)
3,0 г
Жыл сайын кездеседі
Жыл сайын кездеседі
96 кесінді (1,2 г)
4,0 г
Адам және мал трихинеллезынан таза
емес
5.
Ажырату диагнозы. Тексерiстегi етте екi емiзiкшелi (двуустка) бұлшық ет паразитi (Adamodistomumsuis) - болуы мүмкiн. Бiрақ ол шошқа етiнде сирек кездеседi де, көбiне батпақты жердi мекендейтiн жабайы
хайуандардың етiнен табылады. Двуустка ет аралығындағы дәнекер ұлпаларда орналасады. Оның
личинкасы қозғалады, жалпақ, мөлдiр, сұр түстi, ұзындығы 0,4-0,7 мм, көлденеңi 0,2 мм. Двуустка ұлпада
бос түрiнде орналасады, ал кейде сыртынан қабықпен қапталады, әктенедi. Ет аралығындағы дәнекер
ұлпалардан, iшiнде
тас байланған сыртынан капсуламен қоршалған, жетiлмеген цистицерктер де
табылады. Осындай кiшкене түйiндердi жай көзбен көруге болады. Бұндай тас байланған цистицерктердi
тұз қышқылының 20% немесе сiрке қышқылының 80% ерiтiндiлерiмен домдап, микроскоппен қарағанда
сколекстiң хитиндi iлмектерiн көруге болады. Тас байланған саркоцистер - Мишер қапшығы (шошқалар
жиi зақымданады) зақымданған трихинеллез капсуласына ұқсас. Тұздалған шошқа етiнде және шикiлей
ысталған майлы етiнде, тас байланып ақауланған трихинеллез капсуласына сырттай ұқсайтын, тирозиннiң
кристалдарының кездесуi мүмкiн, олар ақшыл түйiншектерге ұқсайды сондықтан да көзбен көруге болады.
Балауса, консервiленген, тұздалған, тоңазытылған және шошқа шпигiн тексеру, сондай-ақ
трихинелланы, цистицерк, саркоцист, тас байлану т.б. ажырату әдiстерi мен техникасы зертханалық
сабақтарда әңгiмеленедi.
Санитариялық баға. Компрессориумдағы еттiң 24 кесiндiсiнен бiр ғана трихинелла табылса да (өлi не
тiрi) ұшаны және ет ұлпасы бар ағзаларды, сондай-ақ өңеш, тiк iшек және араласып кеткен өнiмдердi
техникалық өңдеуге жiбередi. Шел майды (шпик) сылып алып шыжғырады. Шыжғырылған майдың
температурасы 20 минут бойы 1000С кем болуы керек. Iш майы шектеусiз шығарады. Iшектерiн, тiк
iшектен басқасын, әдеттегiдей өңдегеннен кейiн шектеусiз пайдаланады. Терiсiнен ет ұлпаларының
қалдығын алып техникалық өңдеуге жiбередi.
6.
Цистицеркоздар - (финноздар ет құрты) – Cysticercosis - гельминтiнiң личинка формасы (көпiршiк)малдың бұлшық етiнде немесе iшкi ағзаларында мекен ететiн инвазиялық ауру. Iрi қара
цистицеркозының қоздырушысы - Cysticercus bovis личинкасы. Ересек формасы - T.aeniarinchus
saginatus (өгiз таспа құрты) -адамның iшегiнде тiршiлiк етедi. Iрi қарадан басқа енеке, қодас және зебу
ауырады.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Дөңгелек немесе сопақ пiшiндi, ақ-сұр түстi, көлемi түйреуiштiң
басынан бұршақтың үлкендiгiне дейiн жететiн мөлдiр көпiршiк сияқты цистицерктi (финн) ұшадан табуға
негiзделген. Олар сыртынан iшiндегi паразит көрiнетiн, нәзiк дәнекер ұлпалы капсуламен қоршалған.
Сұйыққа толы көпiршiктiң құйрық жақ iшiнде басы мен мойыны iшке қарай иiлген. Көпiршiктi қысқанда,
онан басы (сколекс) шығады. Лупа немесе микроскоптың кiшi үлкейткiшiмен қарағанда жақсы жетiлген,
iлгексiз төрт емiзiкшелерi жақсы көрiнедi. Цистицерктер етаралық ұлпаларда өседi, демек бұлшық ет
талшықтарының арасында жатады, бұны трихинеллезден ажыратқанда ескеру керек.
Iрi қара малда цистицеркоздар жүрек етiнде жиi кездеседi (15.4-сурет), жақ, тiл, сондай-ақ белдеме,
шынтақ, мойын,және бауыр жақ еттерiнен табылады.
Кейбір байқауларға қарағанда мойын, өңеш және диафрагма еттерiнен басқа олар ми, өкпе, өте сирек
бауыр және талақта да кездесiп жүр.
Сойғаннан кейiнгi сараптауда iрi қара малдың цистицеркозын анықтау үшiн жақ және жұрек, қаңқа
бұлшық еттерiн, ағзаларын тексередi.
7.
Шошқаның цистицеркозы - Cysticercus cellulose (целлюляр цистицеркi). Жыныстық жетiлген формасы- Taenia solium (шошқа таспа құрты) - адам iшегiнде тiршiлiк етедi. Шошқадан басқа, жабайы қабан, аю,
түйе, ит, мысық, қоян аралық иесi бола алады, яғни цистицеркозбен ауырады.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Iрi қара малдiкiндей жүргiзiледi. Целлюляр цистицеркi домалақ
немесе эллиппiс пiшiндi, көлемi 0,5-0,8 см жартылай бұлыңғыр көпiршiк. Көпiршiктiң iшiнде бүгiлген
сколекс ақ нүкте сияқты көрiнедi. Микроскоппен 50-70 рет үлкейткенде ауыз тесiгiн (ботрия), төрт
емiзiкшесiн және екi қатар орналасқан 28-32 хитиндi iлмектерiн көруге болады. Шошқада әсiресе жақ,
анконеус, жүрек және тiл, белдеме, мойын және жауырын бұлшық еттерi зақымданады. Көпшiлiгiнде
ұшаның алдыңғы бөлiгiнiң бұлшық еттерi зақымданады, ал артқы жағы (сан және бөксе бұлшық еттерi) аз
зақымданады. Личинка мида да кездеседi.
Еттi тексергенде кейде сыртынан дәнекер ұлпалы капсуламен қапталған казеозды азғындаған, әктенген
цистицерктер табылады. Кейде цистицерктерге ұқсас қосындылар байқалады. Оларды кесiп,
айналасындағы ұлпалардан тазалап, компрессориумның екi әйнегiнiң арасына салып қысады да
трихинеллоскоппен тексередi. Азғындаған болса сколексi ыдырайды. Дегенмен етке санитариялық баға
бергенде өлген цистицерктермен қатар, тiрiсi де болатынын есте ұстау қажет.
Iрi қара мал, шошқа цистицеркоздарында ұша мен ағзаларға санитариялық баға. Бас пен
жұректiң бұлшық еттерiн тiлгенде цистицерктер табылса, мойын, жауырын, шынтақ, жота, артқы аяқтары,
диафрагма еттерiн қатарлап екi рет кеседi. Ұша және ағзаларын бағалау зақымдану дәрежесiне қарай
жүргiзiледi.
8.
Егер де бас немесе жүрек бұлшық еттерiнен немесе ұша бұлшық етiнiң бiр тiлiгiнде кескен (көлемi 40см2) жерiнен үштен артық тiрi немесе өлi личинка табылса, ұшаны, басты және iшкi ағзаларын (iшектен
басқасы) техникалық қайта өңдеуге жiбередi. Iшкi және терi асты майын (шпик) шыжғырады
(тоңазытуға немесе тұздауға жiберуге болады). Бастың жақ етiнiң кесiлген 40см2 жерiнен үштен кем тiрi
немесе өлi цистицерк табылып, ал ұша тiлiктерiнен табылмаса немесе саны үштен аспаса басы мен
жүрегiн қайта өңдеуге жiбередi, ал ұшасын және басқа ағзаларын (iшектен басқасы) пiсiредi, тоңазытады
немесе тұздайды. Еттi қайнатып залалсыздандыру үшiн, оны массасы 2 кг, қалыңдығы 8 см аспайтын
бөлiктерге бөлiп ашық қазанда 3 сағат, ал жабық қазанда будың артық қысымын 0,5 МПа жеткiзiп 2,5
сағат қайнатады. Егер, еттiң iшкi температурасы 800С кем болмаса, шошқа етiн кескенде, кесiндi ақшылсұр түстi болып, қан қалдықтары байқалмаса, кесiндiден аққан сөл түссiз болса, ет залалсызданды деп
есептеледi. Ет комбинатында газды пештер болса, мұндай ет, ет нанын дайындауға жiберiледi. Сонымен
қатар, ет консервiсiн дайындау талаптарына сәйкес келсе, консервi дайындауға болады. Цистицеркозбен
зақымданған еттi тоңазыту арқылы залалсыздандыру төмендегi тәртiппен жүргiзiледi. Шошқа етiн, оның
қалың қабатындағы температурасын –100С дейiн төмендетiп, камерадағы температураны минус 120С-қа
дейiн асырмай 10 тәулiк немесе ет температурасын минус 120С-дейiн төмендетiп, температурасы минус
130С аспайтын камерада 4 тәулiк ұстайды. Сиыр етiн залалсыздандыру үшiн оның температурасын минус
120С жеткiзгеннен соң шығарады, немесе температурасы минус 60С дейiн төмендетiп, температурасы
минус 90С аспайтын тоңазытқыш камерасында 24 сағат ұстайды. Ет температурасы жамбас етiнiң 7-10 см
қалыңдығында анықталады.
9.
Залалсыздандырылған ет (тоңазытқан, тұздаған) фаршталған шұжық, фаршталған консервi өндiрiсiндепайдаланылады, ал субөнiмдерiнен ливер шұжығын дайындайды. Мұндай еттi тұздау арқылы
залалсыздандыру үшiн массасы 2,5 кг аспайтын бөлiктерiн, ет массасына есептеп 10 тұз, себедi,
кейiннен тұзы 24 тұздық құйып 20 күн ұстайды.
Залалсызданған iшкi мүшелер өндiрiстiк өңдеуге жiберiледi. Iшектерi мен терiсiн цистицеркозбен
зақымдану дәрежесiне қарамастан әдеттегi өңдеуден кейiн шектеусiз шығарады. Токсоплазмоз –
Toxoplasmosis - үй хайуандарының көптеген түрлерiнде және жабайы жануарларда, сондай-ақ адамда
кездесетiн протозооз ауруы. Ауру қоздырушысы - Toxoplasma gondii қарапайымдыларға жататын торша
iшiнде болатын паразит.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Ауруға тән өзiндiк патологиялық-анатомиялық өзгерiстерi
байқалмайды. Сойыс малдарының шырышты қабықтарының сарғайғанын және бас пен мойынның лимфа
түйiндерiнiң ұлғайғанын байқауға болады. Өкпесi iсiңкi және плевра астына қан құйылған, бронх пен
кеуде қуысы лимфа түйiндерi ұлғайған, нығыз. Бауыр болар-болмас ұлғайған, некроз ошақтары бар және
капсуласының астына қан құйылған. Көк бауыры ұлғайған, қарақошқыл түстi, қан құйылған және
инфаркт болады. Бүйректерi ұлғайған, iшкi қабатында сақина және нүкте тәрiздi қан құйылған.
Диагнозды тиянақтау үшiн материалды (жүрек, бұлшық ет) малдәрiгерлiк зертханасына,
токсоплазманы табу үшiн, гистологиялық тексерiске жiбередi.
Санитариялық баға. Ауру малдың ұшасын пiсiргеннен кейiн шығарады, миы және iшкi ағзалары
қайта өңдеуге жiбередi.
10.
Саркоцистоз - Sarcocystosis тұқымына жататын қарапайым жәндiктер тудыратын клиникалық белгiсiбайқалмайтын ауру. Алғашқы рет бұл паразиттi -Мишер 1843 ж тышқанның бұлшық еттерiнен тапқан,
сондықтан да оны Мишер қапшасы деп атаған. Осы ауруды тудыратын қазiргi уақытта 30 шақты
саркоцистiң түрлерi бар. Аурудың қоздырушысы малдың көлденең жолақ бұлшық еттерiн және дәнекер
ұлпаларын мекендейдi. Ауру шошқа, iрi қара және ұсақ малдар,енеке, жылқы, түйе, бұғы, үй қояны, ақ
бөкен, елiк, кенгуру, қоян, үй және жабайы құстар, ит, мысық, егеу құйрық, тышқан, сондай-ақ
бауырымен жорғалайтындар және балықта кездеседi. Қазақстанның кей облыстарында қой, iрi қарада 70100 дейiн кездеседi. Саркоцистiлер бұлшық ет талшығында ұзындығы 0,4-4 мм және енi 0,3-3мм
ақшыл немесе ақшыл-сары түйiршiк сияқты болып орналасады. Малдың түрiне қарай паразит жиi
мекендейтiн жерi болады. Iрi қара малда оларды жиi өңештiң қабырғасынан және оған жақын орналасқан
дәнекер ұлпалар, диафрагма, қабырға аралық бұлшық ет, тiл, жүрек, ал сиректеу басқа жердегi бұлшық
еттерден табады. Шошқа саркоцистi диафрагма, қабырға аралық, сондай-ақ сауыр және жота бұлшық
еттерiнен табылады.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Паразиттiң жиi орналасатын жерiндегi бұлшықеттерiн және өңеш,
жұтқыншақ, тiлдi тексередi. Бұлшық еттерi күштi зақымданғанда және саркоцистiге тас байланғанда
ұшада склерофициралық миозиттiң белгiсi байқалады. Шошқаның бұлшық етiндегi саркоцистiң
микроскопиялық формасын, еттi трихинеллезге тексергенде байқауға болады. Саркоциста мен
трихинелланы ажырату балауы трихинеллездi жазғанда айтылған.
11.
Санитариялық баға. Бұлшық еттерiнен саркоцист табылғанымен, оларда азғындау өзгерiсi болмасаұшаны шектеусiз шығарады. Бұлшық еттерiнiң түсi және консистенциясы айтарлықтай өзгерген ұшаны
техникалық өңдеуге жiбередi. Майды, iшектi шектеусiз пайдаланады.
Лингватулез - Linquatulosis. Аурудың қоздырушысы өрмекшi тәрiздi паразит Linquatula serzata ит,
қасқыр және кейде адамның кеңсiрiк қуысын мекендейдi. Ауру iрi қара мал, сиректеу қой мен ешкiде
кездеседi. Лингватулалар балаң құрты залалданған малдың өкпесiнде, бауырында және лимфа
түйiндерiнде болады.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Шөпкоректi жануарлардың шажырқай лимфа түйiндерi, бауыр және
өкпесiнен жас, қозғалатын ақ түстi, домалақ немесе ұзынша келген, сыртында дәнекер ұлпалы қабығы бар
паразит табылады.
Санитариялық баға. Ұшасы және зақымдалмаған ағзалары шектеусiз шығарылады. Ағзаларының
зақымдалған жерлерiн және шажырқай лимфа тұйiндерiн техникалық өңдеуге жiбередi.
Спаргоноз. Үй және жабайы шошқа, ет қоректілер, құс, бауырымен жерғашлаушылар, амфибиялар
және адамның Spirometra erinacel europaci цестодының балаңқұрты тудыратын ауруы.
Құрттың ақырғы иелері ет қоректілер –қасқыр, түлкі, қарсақ, ит, мысық т.б. Жыныстық жетілген
гельминт бұл жануарлардың ішегін жекендеп, сыртқы ортағы жұмыртқа шығарады.
Аралық иелері - әр түрлі циклоптар денесінде процеркейд өседі. Ал гелминттің залалды балаңқұрты
плероцерконд немесе спарганум қосымша аралық иелері амфибиялардың (қос мекенділер), бауырымен
жорғалаушылар, сүт керекті жануарлардың адамның ішкі ағзаларында, дене қуыстарында, тері асты
клетчаткасында өсіп-өнеді. Ақтың иелеріне түскен плероцеркоид 11-14 күн ішінде жетілген гельминтке
ауысады. Адам зақымданған қос мекенділер мекендеген суды пайдаланғанда немесе плероцеркоидпен (ет,
ағзалар) жұқтырады.
12.
Аурудың клиникалық белгілері инвазияның интенсивтілігі мен зақымды орнына байланыстыинвациямен зақымдану жоғары болмаса ауру клиникалық көрініссіз өтеді. Ауру күшті болғандашошқаның өсуі тежеледі, ішек-қарын жұмысы бұзылады және арықтайды.
Сойғаннан кейін тері асты клетчаткасын, май, ұлпасын, ішкі ағзаларын, құрсақ, кеуде қуыстарын
мұқият плероцеркоидқа тексереді.
Санитариялық баға. Егер тері асты клетчаткасында етте, ішкі ағзаларда не болмаса басқа жерлерінде
аздаған плерцеркоидтар (1-3) табылса және құрт жолы (свищевый ход) болмаса тазартылғаннан кейін ұша
өндірістік өңдеуге жіберіледі, ал зақымданған ағзаны утильдейді, зақымданбағанын - қайнатып
залалсыздандырады.
Егер плероцеркоидтар етте, ішкі ағзаларда, тері асты клетчаткасында 4 тен көп болса ұша мен ағзалар
утильге жіберіледі.
Мал өнімдері арқылы адамға жұқпайтын, бірақ адам да
ауыратын инвазиялық аурулар.
Эхинококкоз (беріш, бершімек) -Echinococcosis-жетiлген сатысында ит, тұлкi, қасқыр, қорқау қасқыр
iшегiнде тоғышарлық ететiн Echinococcus granulosis таспа қҰртынан болады. Личинка сатысында iрi
қара мал, шошқа, қой, ұй қояны, жылқы түйе, және адам да ауырады. Эхинококкоз жылауығы өкпе,
бауырында орналасады, дегенмен жұрек, бұйректер, көк бауыр, өте сирек бҰлшық еттерi және
сұйектерiнен де табылады.
13.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Эхинококтермен зақымданған бауыр мен өкпеден сҰйық кернегенжылауықты көруге болады. БҰндай ағзалар ұлкейедi (сиырдың бауыры 60 киләдан 100 килоға жетедi)
нығыздалады немесе қатаяды. ¶лпершектi торшалар семидi, фиброзды Ұлпа өседi. Ауру малдың Ұшасы
арық болады, тұсi сарғыш тартады. Жетiлмеген, тас байланған эхинококтарды тiлiп қарағанда
туберкулез ошағына Ұқсағанымен, ондағы әк тҰзы тез шығады. Эхинококкозда лимфа тұйiндерiнде,
туберкулездегiдей көзге көрiнетiн өзгерiстер (бҰдырмақтар) болмайды.
Санитариялық баға. Сарғайған, арық және кұштi зақымданған Ұша техникалық өңдеуге жiберiледi.
Аздап зақымданған iшкi ағзаларды тазартқаннан соң пайдаланады, ал кұштi зақымданса техникалық
өңдеуге жiбередi.
Альвеококкоз-Alveococcosis-табиғи оншақты гельминтоз жыныстық жетiлген сатысында
тұлкi,қасқыр, ит және мысық денесiнде паразитарлық тiршiлiк ететiн таспа қҰрттың личинкасы Alveococcus multilocularis. Альвеокок личинкаларының тҰрқы көп камералы эхинококтерге Ұқсайды
және өте көп, Ұсақ (iшiнде сҰйықтық жоқ жылауықтардан тҰрады), тiлген кезде торға Ұқсайды. Адам
инвазияланған малмен жанасқанда (ит), әсіресе аңшылар түлкі, қасқыр сойғанда немесе тұлкi, қасқыр
мекендейтiн жерден жиналған жуылмаған жемiстi жесе ауруға шалдығуы мұмкiн.
Сойғаннан кейiнгi диагностикасы және еттiң санитариялық бағасы эхинококкозға Ұқсас.
14.
Фасциолез-Fasciolosis.Аурудың
қоздырушысы
сорғыш
класына
жататынFasciola
hepatica,F.gigantica.Фасциола өт жолдарын және сирек жағдайда өкпенi зақымдайды. Ауылшаруашылық
малдарынан iрi қара мал, қой, кейде шошқа, өте сирек жылқы ауырады. Адам да фасциолезбен ауырады,
бiрақта еттен емес, адолескариялармен ластанған көкөнiстi жесе немесе қайнатылмаған суды iшкенде
жҰқтырады. Фасциолез қоянда, ұй қояны, бҰлан, аю, елiк, бҰғы т.б кездеседi.
Фасциолез мал арасындажіті және созыламы түрде өтеуі. Жіті жас құрттардың денеге енген кезінде
бастап, ересек сабыға жетуіне дейінгі мерзімге 2-2,5 айға созылады.ауру көбінесе, күзде тіркеледі.
Дертке жалдыққан малдың дене қызуы көтеріледі, азыққа зауқы шаппайды ішікебеді, ауыз танау, көз
қабықтары қансызданып бозарады, тынысы тарылып демігеді. Бауыры ұлғайған, ас қорыту жүйесі
бұзылады. Кейде іші қатады кейде тышқақтайды. Мал тез арықтап, шығынға ұшырайды. Созымалы
түрлі көбінесе қыста кездеседі. Азыққа тәбеті кемиді, ас қорытуы нашарлайды іші өтеді немесе қатады,
кілегей қабықтары бозарып кейіннен сарғаяды жүні үрпиіп сынғыш және жұлынғыш келеді. Буаз мал
іш тастауы мүмкін қатты жүдейді.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Созылмалы гепатит, кейде бауырында цирроз болады. Диагноз
мал бауырын өт жолдарын кесiп фасциоланы табуға негiзделген. Бауыры ісіген, өт жолдары ұлғайған,
ісінген, іші сұрғылт, немесе қоңыр түсті өті қоюкейде әктелген, мұнда тұздануы себепті түйіршіктер
кездеседі. Осы жолдардан тірі құртты көруге болады.
15.
Санитариялық баға. µшасын әдетте шектеусiз шығарады. Iшкi ағзалары бауыры мен өкпесiн аззақымданса тазартқаннан кейiн шығарады. Арық, сарғыш тұстi Ұшаны, сондай-ақ iшкi ағзаның
зақымдануы 2/3 бөлiгiнен асса ағза техникалық өңдеуге жiберiледi.
Дикроцелиоз-Dicrocoeliosis. Аурудың қоздырушысы сорғыш класына жататын Dicrocoelium
lanceatum. Ересек паразиттер бауырдың өт жолдарында болады, оның Ұзындығы 7-10 мм, 1,5-2,5 мм.
Ауру қой iрi қара мал, ешкi, шошқа және жабайы шөпкоректiлерде кездеседi.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. ґт жолдарының қабырғалары зақымданады. Бауырда майлы
инфильтрация байқалады. Бастапқысында бауыр ұлкейедi, ал циррозға айланса кiшiрейедi.
Санитариялық баға. µшаны шектеусiз шығарады. Зақымданған бауырды немесе бөлiгiн техникалық
өңдеуге жiбередi.
Трихомоноздар. Жануарлар мен адамның қарапайымдылар трихомонад тудырадын инвазиялық
аурулар. Дүние жүзінің көптеген елдерінде ең көп таралғаны ірі қара трихомонозы. Сирегірек жылқы,
шошқа, құс ауырады.
Ірі қараның трихомонозы. Ірі қара малдың жыныс мүшелерін мекендейтін бір торшалы
қарапайылдылар қоздыратын, қынаппен оның кіреберісі және жатыр қабынатын буаз сиырдың іш
тастауымен, бұқаның ені қабынып ұрық беру қабілетінен ошыратын (белсіздік) тәрізді белгілермен
сипатталатын протозоид ауруы.
Қоздырушысы Trichomanas foetus –алмурт тәрізді, кейде сопақша келген ұзындығын 10-25 мкм, ені
5-10 мкм. Трихомоналар ұзынша бойынан екіге бөлініп көбейеді. Олар эритроциттермен микробтармен,
шырышпен қоректенеді. Олардың көбеюі барысында бөлінетін уытты заттар жыныс мүшелерін
қабындырады.
16.
Адам трихомонозын Tr.vaginalis – тудырады. Триномоноздардың басқа турлері, жылқыда екі түрі(бірі мұрын қуысында, асқазанда және қанатында кездеседі.
Трихомоноз әдетте малдың табиғи жағдайында шағылысу кезінде жұғады. Ауру бұқалар срт
қарағанда сау көрінуі мүмкін. Сол сияқты ауру ластанған құрал-сайман, аспаптар арқылы да жуғуы
мүмкін. Трихомоноз еліміздің Оңтүстік аймақтарында эпизоотия түрінде кездеседі.
Трихомонозды анықтағанда эпизоотологиялық, клиникалық деректерді ескере отырып
лабораториялық зерттеулер жүргізеді. Сиырлардың іш тастауы, күилеу беруі, ал сояр алдыңдағы
тексеруде вагинит, эндометрит, шырышты- іріңді бөлінуі трихомонозда күдік тудырады.
Лабораториялық тексеру үшін жыныс жылдарынан шайынды алынады.
Сойғаннан кейінгі диагностика негізінен малды сояр алдындағы өзгерістерді есепке алады.
Сойғаннан кейін жыныс жолдары тексеріледі. Қынап пен жатыр іші ісінген, қызарған, әр жері
қақталаған жатыр ішінде қатаральды іріңді, кейде жалқаяқ жиналған. Ұрық жолдары жуандаған, ішінде
ірімшік тәрізді зат жиналған.
Бұқалардың үретрасы нығыз, қатқарлы, әр жерінде ұсақ түйіндер байқалатын, жыныстың қосалқы
бездерінде қабыну белгілері байқалады.
Санитариялық баға. Жыныс мүшелерін зақымданған ұлпалар, лимфа түйіндері утильге жіберіледі.
Ұша мен ағзалары шектеусіз шығарылады.
17.
Егер ауру жатырдың іріңді қабынуымен асқынған болса ұшаны санитариялық бағалаубактериологиялық тексеру қорытындысына байланысты шешіледі, ал ішкі ағзаларды тексеру
нәтижесінде қарамастан утильдейді.
Қой ценурозы (айналма, тентек).
Қазақстанда қой шаруашылығында елеулі зиян келтіретін, кең тараған инвазионды ауру.
Ценуроз тұдыратын құрттың жыныстық жетілген сатысы иттің, қасқырдың, қарсақтын және
түлкінің ащы ішегін, ал көпіршік ларвоциста сатысында қойдың, сирегірек ешкінің, бұзаудың, түйеінің
және адамдың сол сияқты кейбір тағы тұяқтылардың орталық жүйке жүйесі ұлпаларын (миы, жұлыны
мекендейді.
Қоздырышысы имаги Multiceps muiticeps –ұзындығы 40-60 см-ден 1-1,5 м ень 5 см дейін жетеді.
Көпіршігі (личинкасы) Coenurus cerebralis – іші түссіз сүйыққа толы, ішкі жағынан бүртік секілді
нуктедей жеті жүзден артық сколекстерді байқалады. Мида 2-3 көпіршік үлкендігі 10 см жетеді және
одан да артық болған мүмкін.
Мультицепс ит ішегін мекендейді. Оның жетілген буылтығында мыңдаған жұмыртқалар болады.
Күн сайын ондаған буынтықтар құрт денесінен үзіліп, нәжіспен бірге сыртқа шығады. Бүынтықтар
сыртқы ортаның әсерінен ыдырайды да, жұмыртқа өсімдікке, суға түсір сыртқы ортағы тарайды
жұмыртқамен зақымданған өсімдік, сумен бірге ол мал денесіне түседі.
18.
Асқазанда сыртқы қабатынан айырылып, одан шыққан анкнсфера ішектін өтіп, қан арқылымиға, жұлынға орналасады, 3 ай ішінде ценурозға (тентек көпіршігі) айналады. Ал ит ішегіне
түскен көпіршік 1,5-2 айда жетіліп 6-8 ай кейде 1,5-2 жыл тіршілік етеді.\сояр алдындағы
диагностика. Ауру 2 жасқа дейінгі жас малда кездеседі. Сыртқы белгілері қоздырушының
орналасқан жеріне санына байланысты.
Мал аз жусап, денесі дірілдейді, тігін қайрайды, елеңденді, шошынған қалып танытады.
Аурудың асқынған кезеңінде қорадан малдан бөліне қашады, бағытсыз жүдеу, кілт тоқтап артқа
шегіну, оңтыноқтын басын қисаитып, бағдарсыз жүру, сүріну, бір орнында айналу сияқты белгілер
байқалады.
Егер көпіршік жұлында өссе жүрісі өзгеріп, тәлтіректеиді, аяғын баса алмай жатып қалады.
Сойғаннан кейін диагностика. Мидың беткі қабатында, немесе тереңінде әр көлемді
көпіршіктер көрінеді. Бас сүйектің жұқаруы, мидың атрофиясы байқалуы мүмкін. Аурудың
алғашқы кезеңінде ми қабығы қызарған, мидың әр жерінен балаңқұрттың іздері байқалады.
Санитариялық баға. Зақымданған бас, жұлын утилге жіберіледі. Ұша мен ағзалары шектеусіз
шығарылады.
19.
Тек қана мал ауыратын инвазионды аурулар.Іылмойынды цистицеркоз- (Цистицеркоз тонкошейный)-Cysticercosis tenuicolis-қасқыр, және
басқа еткоректi хайуандардың iшектерiнде тiршiлiк ететiн Тaenia hydatigena паразитiнен болады. Іой,
ешкi, шошқа кейде iрi қара мал ауырады. Көптеген жабайы сұткоректiлерде де кездеседi.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Cysticerсus tenuicollis (қыл мойынды финн) паразитiнiң
личинкасы Ұша мен ағзаларды сараптағанда көлемi грек жаңғағынан ересек адамның жҰдырығына
дейiн жететiн, iшi сҰйыққа толы жҰқа қабықты көпiршiктi көруге болады. Олар көпшiлiгiнде шарбы
май немесе шажырқайда орналасып, Ұзын мойынды, кейде бұтiн бiр шоң болып iлiнiп тҰрады.
Іылмойынды финн бауырдың бет жағынан кездеседi.(17-сурет).
Басқа ағзалардың сiрi қабықтарының ұстiнде де личинканың болуы мұмкiн. Көпiршiктiң қабығы
арқылы ұлкен ақ нұкте тәрiздес сколекстерi жақсы көрiнедi. Сколексiнiң 50-75 рет ұлкейткенде жақсы
көрiнетiн 4 емiзiкшесi және 28-40 iлмектерi бар. Кейде көпiршiктiң iшiндегiсi азғындайды немесе тас
байланады.
Санитариялық баға. Көпiршiктi шажырқаймен бiрге алады, ал бауыры немесе өкпесi зақымданса
оларды айналасындағы Ұлпаларымен бiрге техникалық өңдеуге жiбередi. Зақымдалмаған Ұшасы және
көпiршiктен тазартылған ағзаларды шектеусiз шығарады.
20.
Іойдың цистицеркозы- (қой етқұрты) Cistisercosis ovis-иттiң iшегiнде паразитарлық тiршiлiк ететiнTaenia ovis таспа гельминтiнiң личинкасынан пайда болады.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Cisticercus ovis паразитiнiң личинкасын Ұша мен ағзаларын сойғаннан
кейiн сараптағанда табады. Іойдың цистицеркi шошқанiкiне қарағанда кiшi, нәзiк, 4 емiзiкшесi және 24-36
iлмектерi бар. Жұрек, диафрагма, шайнама бҰлшық еттерiнде, тiлде, Ұшаның басқа да бҰлшық еттерiнде
кездеседi. Кейде өкпе, бауыр, өңеште қабырғасы және қарында, сондай-ақ бұйректерiнде кездеседi. Іойдың
цистицерктерi жылдам азғындайды. Іой цистицеркозымен ешкi және тұйе де ауырады.
БҰғы цистицеркозы-Cysticercosis tarandi-ит және көптеген еткоректi жануарлардың ащы iшектерiнде
тiршiлiк ететiн Taenia krabbei таспа қҰртының личинкасынан болады. Паразиттiң личинкасы (бҰғы
финнасы)-Cystisercus tarandi-сыртқы көрiнiсi және көлемiмен iрi қара малдың цистицеркозына Ұқсас, сопақ
немесе домалақ пiшiндi көпiршiк. Басында 4 емiзiкше және iлмектерi бар. Цистицерктер (личинкалар) жұрек
және қаңқа бҰлшық еттерiнде (шайнама, мойын, жауырын, қабырғааралық,жота т.б.). БҰғы цистицеркозы
елiк және тауешкi цистицеркозымен Ұқсас деп саналады. Іой және бҰғы цистицеркоздерiне санитариялық
баға. µша мен ағзалары цистицеркозбен зақымдануы жоғары болмаса (40 см2 кесiлген жерде личинка 5
артпайды) және Ұшаның бҰлшық етi мен ағзаларында өзгерiстерi болмаса, оларды тоңазытып
залалсыздандырады да фаршты шҰжық немесе фарштық ет консервiлерiн дайындауға жiбередi. µшаның
зақымдануы жоғары болса (тiлiнген жердегi личинка 5 және онан көп) немесе Ұшаның бҰлшық етiнде
патологиялық өзгерiстер болса Ұшаны техникалық өңдеуге жiбередi, ал майын шыжғырады.
21.
Жабайы және ұй қоянының цистицеркозы-Cysticercosis pisiformis-иттiң iшегiнде тоғышарлық тiршiлiк ететiн Taenis pisiformis
личинкасынан болады. Паразит личинкасы бҰғының цистицерктерiне
Ұқсас, домалақ пiшiндi, iшi мөлдiр сҰйыққа толы көпiршiк, оның
iшiнде басы 34-48 iлмектi екi жҰлығы және 4 емiзiкшесi бар.
Паразиттiң личинкалары
қоянның бауыр қапшығында, бауырда
қҰрсақ, кейде кеуде қуыстарының сiрi қабықтарын, етті мекендейдi.
22.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. ІҰрсақ қуысының сiрi қабықтары, бауыр, қарын, көк бауыр, өкпесi жәнебасқа ағзаларын жақсылап қарайды. Паразиттiң мекендеген жерiнен цистицерктердiң кейде мыңға дейiн
жететiн ұлкен шоғырын табады. Цистицеркпен зақымданған қоян, әсiресе көжек арық, бҰлшық ет Ұлпасы
ылғалды, iшкi ағзалар кейде сарғыштау, иiсi жағымсыз. Цистицеркпен Ұша қҰрсақ қуысының сiрi қабаттары
зақымданса еті сарғыйса Ұша және ағзалар техникалық өңдеуге жiберiледi. Тек қана бауыры зақымдана ол
утильге, ұша шектеусіз шығарылады.
Пироплазмидоздар-Pyroplasmidosis - ұй жануарлары ауруларының қан паразиттерi-пироплазмидтерден
болатын, ұлкен тобы (пироплазмоз, бабезиоз, франсаиллез, тейлериоз, анаплазмоз,нутталиоз). Олар
эритроциттарда, лейкоциттерде лимфа түйіндерінде, бауырда, көк бауырда, сүйек майында (теплериялар) қан
плазмасында тіршілік етеді. Ауру малдан сау малға кенелер арқылы тарайды.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. ґкпе, бауырды қарағанда өкпесiнiң iсiңкiлiгiн және өкпе плеврасының
сарғайғанын, жұректiң ұлкейгенiн және жұрек бҰлшық еттерiнiң болбырлығын, эпикард және эндокардтық
қанталағанын, кейде бауырдың ұлғаиғаның, болбырланғанын, қоңыр-сҰр тұстiлiгiн көруге болады. Көк
бауырды 2-3 есе өскен, Ұлпасы қызыл-көк тұстi,бiрақта кескен кезде Ұлпасы былжырамаған, бұйректерi
ұлкейген, iсiңкi, бозғылт-сары, капсуласының астына қан қҰйылған. Басы және Ұшасын қарағанда шырышты
және сiрi қабықтары қансызданған,сарғайған, ноқатты тәрiздi қан қҰйылған. Терi асты клечаткасы және
бҰлшық ет Ұлпалары сарғайған. Ағзалары мен Ұшасының лимфа тұйiндерi Ұлғайған. Тейлериозде көк
бауыр Ұлғаймайтынын есте Ұстау керек, десек те лимфа тұйiндерi тым-тәуiр Ұлғаяды және оларға қан
қҰйылады, бауыры Ұлғаяды, бұйректерi және бауырында ортасы өлiеттенген кiшiгiрiм тұйiндер кездеседi.
Диагнозды тыянақтау ұшiн қаннан жағынды дайындап Романовск-Гимзе әдiсiмен бояп микроскоппен
қарайды. Эритроциттiң iшiнде цитоплазмасы жасыл-көк, ядросы кұрең қызыл тұстi пироплазмаларды көруге
23.
Санитариялық баға. Етi сарғыштанбаған және азғындамаған Ұшаны және iшкi ағзаларын шектеусiзшығарады. µшаның сарғыш тұсi кетпесе, сол сияқты Ұша арық май жиналатын жерлерде, ет Ұлпасында iсiк
байқалса, етте атрофиялық, дегенеративтiк өзгерiстер және лимфа тұйiндерi зақымданған болса, Ұшасы және
iшкi ағзалары техникалық өңдеуге жiбередi.
Безнойтиоз-Besnoitiosis-iрi қара мал, жылқы, бҰғы және кемiргiштердiң қарапайым - Besnoitia besinoiti
болатын созылмалы протозоа ауруы. Ауру малдың терiсi, терi асты Ұлпасын, апоневроздары, фасциясы,
көздiң, танаудың Ұлпаларының шырышты қабықтары және сiрi қабықтары қабынады.
Сойғаннан кейiнгi диагностика-терiсi және терi асты клечаткасында фасцияларында ақ тұстi, ұлкендiгi
әрқалай трофозоитқа толы цисталарды көруге болады. µшаның қоңы төмен көбiнесе арық. Iрi қараның
зақымданған жерi кейде туберкулез ауруындағы iнжуге
Ұқсайды, бiрақ безнойтиозда оның бҰдырмақтары
тығыз орналасқан, сыртынан фиброзды Ұлпамен қоршалған және кескен кезде сары тұстi Ұсақ ошақтары
(цисталар) көрiнедi. БҰлшық ет талшықтарының аралығындағы дәнекер Ұлпасы iсiңкi, сарғыш-қызыл тұстi.
Іабықтанған цисталар көздiң, танаудың шырышты қабықтарында көрiнедi.
Санитариялық баға. Шамалы зақымданған Ұшасы мен ағзалары шартты жарамды, кұштi зақымданғаны
утильге жiберiледi.
Эимериоздар – Coccidia отрядына, споровиктер тобына жататын қарапайымдылар тұдыратын мал мен
құстың ішек кілегей қабатының ішек эпителий торшаларын зақымдайтын протозоидтық аурулар. Жеке мал
түлігіне бұл ауруларды Eimaria туысына жататын қарапаиымдылар түрлері тудыратындықтан, оларды
эимериоз деп атайды, ал кокцидиоз отряд атауынан шығатын жалпылама атау.
24.
Эимориозбен негізінен жас құс, қоян сирек ірі қара, қой ауырады.Қоздырушысы: құста эимерияның 10, қойда 9, ірі қарада 10 нан астам қойда 8 түрі паразиттік тіршілік
етеді. Олар аш ішек пен таң, ішектің эпителиалды торшаларында, бауырда жиналады, көбейеді. Паразиттің
мөлшері 11-42 х 9-30 мкм.
Аурудың негізгі белгісі- іш өтуі. Нәжісі сүйық, қан араласқан. Қоянда ішектің метеоризімі көп кездеседі.
Мал температурасы көтеріледі, жүйкежүйесінің зақымдануы, аяқтарының дірілдеді (қоянда) салдануы
(тауықта) байқалады. Мал қатты арықтайды, дене қызуы көтеріледі.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Іоянның бауырында ұлкендiгi тары дәнiнен бҰршақ дәнiне дейiн
жететiн, сары-сҰр тұстi, кокцидиялар табылады. Iрiңге толы тұйiндер болады. ґт жолдары қалыңдайды,
бауыры қатаяды. Iшектiң шырышты қабығы iсiңкi, қызарған, кейбiр жерiнде ойық жара бар, әсiресе соқыр
iшегi қатты зақымданған. Кокцидиоздың созылмалы тұрiнде қоянның Ұшасы арық, сары тұстi. Iшектiң
қабырғасы қалыңдаған, перитонит болуы мұмкiн. Бауыры, талағы, бұйректерiндегi тұйiндерi кокцидиi бар
iрiңге толы болады, тұйiннiң көлемi кендiр дәнiнiң ұлкендiгiне дейiн жетедi. Бауыры мен талағы болбыр, оңай
бөлiнiп кетедi. Iшек қабырғаларында паразитке толы сары-сҰр тұстi тұйiндер болады. µшасының қоңы
ортадан төмен.
Іші қара және қойдың кілегей қабықтарында үлкендігі 3 мкм болатын ішінде даму барысы әр түрлі
сатыдағы, празит бар ақшыл-сүр түсті түйіндер кездеседі. Аш ішек пен он екі елі ішек ісінген, қанталаған
шажырқай сөл түйіндері ұлғайған. Сальмонеллез және туберкулезден ажырату ұшiн тұйiн iшiндегiсiн
микроскоппен тексередi.
Санитариялық баға. Зақымдалған ағзаларын (бауыр, iшек т.б.) техникалық өңдеуге жiбередi. µшасы
арық болмай және сары тұссiз болса тағамға пайдаланады. Сары тұстi және арық Ұшаны утильге жiбередi.
25.
шалдыққан малдың жыныс мұшелерi, терiсi және жұйкесi зақымданады. Ауру сол сияқты есекте,т қашырдакездеседi.
Іоздырушысының Ұзындығы 22-28мкм, енi 1,4-2,6 мкм болатын бiр торшалы паразит.
Киеңкi трипанозомасы жыныс мұшелерiнiң кiлегей қабығын мекендейдi. Жергiлiктi жылқыда ауру
клиникалық белгiсi байқалмай өтедi. Аурудың клиникалық белгiлерi негiзiнен асыл тҰқымды жылқыда
байқалады. Ауру жҰқтырған жылқыда, алғашқы кезеңде қоздырушы зәр, жыныс мұшелерiнде өсiп-өнедi.
БҰл ағзаларда қабыну процесi байқалады. Кейiннен трипанозома қан арқылы iшкi ағзаларға тарайды.
Сояр алдындағы диагностика. Аурудың өтуi ұш кезеңге бөлiнедi. Алғашқы кезеңiнде айғырдың Ұмасы,
қасасы, кұпегi iсiнедi, ал биенiң желiнi, қынабы iсiнген. Iсiктер жҰмсақ қамырға Ұқсас, салқын, қынаптан
сҰрғылт тұстi қан аралас сҰйықтық бөлiнедi. Жыныс мұшелерiнiң терiсiнде кiшкене тұйiндер пайда болып,
кейiннен жараға айналады. Жара жазылған соң орнында ақшыл дақтар қалады.
Аурудың екiншi кезеңiнде мал терiсiнде бөртпелер пайда болады. Ол сауырында және қарын жағында
дөңгелек диаметр 4-20см шығырық тәрiздi iсiктермен сипатталады. БҰл iсiктер бiрнеше сағаттан кейiн
жойылып, аздан соң қайта шығуы мұмкiн. Буаз биелер iш тастайды. Ал, аурудың соңғы кезеңiнде жұйке
жұйесi зақымданып парез-паралич болады. Жылқының бiр қҰлағы салбырайды, ернi қисаяды, артқы
аяқтарын сылтып басады, сауыр еттерi семи бастайды. Кейде артқы аяқтарын баса алмай, ит сияқты
шоңқиып отырып қалады. Сондықтан орысша подседал деп аталады. Жалпы жылқының 30-50 өлiмге
Ұшырауы мұмкiн.
26.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. µша мен ағза кiлегей қабықтары бозарыңқы. Жыныс мұшелерiмаңында домбығу, жара, тұсiнiң өзгеруi байқалуы мұмкiн. Лимфа тұйiндерi iсiңкi, ауру асқынған жағдайда
көк бауырдың да Ұлғайғаны байқалады. Жалпы сойғаннан кейiнгi балау бiршама қиындық туғызады.
Малдың тiрi кезiнде диагноз қою ұшiн эпизоотологиялық деректердi, клиникалық белгiлерiн есепке ала
отырып, микроскопиялық және серологиялық (КБР, иммунофлуоресценция) зерттеулер жұргiзедi.
Микроскопиялық зерттеу ұшiн бие қынабынан айғырдың ұрпi каналынан қырынды алып төсенiш шыныға
бiр тамшысын тамызып ұстiнен жапқыш шынымен қысып көруге болады. Санитариялық баға. Арық
малдан алынған, сол сияқты етте, дистрофиялық өзгерiстер болса Ұша мен ағзалары техникалық қайта
өңдеуге жiберiледi. Ал серологиялық оң реакция берген жылқы етi, iшкi ағзалары пiсiрiлiп дайындалатын
шҰжық өндiрiсiнде немесе консервi өндiрiсiнде пайдаланылады.
Жылқы мен тұйе су- ауруы -(трипанозомоз). Су- ауру жылқы мен тұйенiң трансмиссивтi яғни
буынаяқтылар тасымалдайтын протозоид ауруы. Ауру, малдың дене қызуының көтерiлiп, денесiнiң әр
жерiнен iсiктер пайда болуымен, лимфа бездерiнiң iсiнуiмен, малдың қатты жұдеуiмен сипатталады.
Ауру қоздырушысы 28-32 х 1,4-2,8 мкм болатын Trypanosoma evani. Ауру малдан сау малға
қоздырушысы қансорғыш соналар арқылы жҰғады. Табиғи жағдайда тұйе мен жылқыдан басқа есек,
қашыр, ал лабораториялық хайуандардан ит, қоян, теңiз шошқасы, ақ тышқандар ауырады.
Іазақстанда ауру Оңтұстiк Іазақстан, Іызылорда, Атырау облыстарында шыбын-шiркейi көп Орал,
Сырдария өзендерi алқаптарындағы батпақты шалшық сулы жайылымдарда көп кездеседi.
27.
Сояр алдындағы диагностика. Аурудың клиникалық белгiлерi көп байқала бермейдi. Паразит қанғаенгенде дене қызуы көтерiлуi мұмкiн. Мал тез шаршайды, арықтайды, денесiнiң әр жерiнде iсiктер болуы
мұмкiн. Аурудың асқынған кезеңiнде мал терлейдi, жата бередi. Лимфа бездерi Ұлғаяды, оларды Ұстағанда,
мал ауырсынады. Кейiннен артқы жағы парез болып, жұйке жұйесiнiң зақымданғаны байқалады. Жылқы алға
Ұмтылады немесе сiресiп тҰрып қалады. Ал, тұйе айнала бередi. Танаудан, көзден сҰйық ағады.
Клиникалық, эпизоотологиялық деректермен қатар микроскопиялық, серологиялық зерттеулердiң маңызы
зор. Жылқының қан сарысуын комплементтi байланыстыру реакциясымен, ал тұйенiң қан сарысуын
формалин реакциясымен тексередi.
Сойғаннан кейiнгi өзгерiстер. Сойылған малда ерекше өзгерiстер байқалмайды. Кiлегей қабықтары
бозарыңқы, iшкi ағзалары қанталаған. Жұрек етi босаң, қанталаған. Лимфа бездерi мен, көк бауырдың
Ұлғайғаны байқалуы мұмкiн.
Санитариялық баға. БҰл аурудың ветеринариялық-санитариялық сараптамасы толық зерттелмеген.
Сондықтан бағалау киеңкi ауруына сәйкес жұргiзiлу Ұсынылады. Эиктиокаулез –(өкпе қылқұрт
ауруы).диктиокаулдар ірі қара, түйе, жылқы, қой, ешкі бұғы, марал т.б. шөп қоректілердің кеңірдегі мен ауа
тамырларында (бронх) тіршілік ететін Dictyocaulidae тұқымдастығына жататын нематодалар.
Қоздырушысы. Dictyocaulis viviparous (ірі қара, қодас, зебу және т.б.) D.jilaria (қой, ешкіде) жіп тәріздес,
ақшыл түсті. Еркегінің ұзындығы 17-80 мм, қалыңдығы 0,35-0,40 мм, ұрғашысы тиісінше 23-150 мм және
0,27-0,59 мм. Диктиокаулдердің ұрғашысы бронхта жетілген жұмыртқа салады, ол мал жетеліген кезде ауыз
қуысына түсті, жұтылады.
28.
Ішекті жұмыртқадан балаңқұрт шығады да нәжіспен бірге срытқы ортағы түседі. Балаңқұрт екі рет түлеп,инвазиялық түріне өтеді. Сөйтіп, D.filaria 3-5 тәуліктен а D.viviparus 5-10 тәуліктен кейін малды ауруға
шалдықтыру мүмкіндігіне ие болады. Жануарлар балаңқұртты азықпен, сумен бірге жұтым зақымданады.
Лимфа, қан жүйесі арқылы балаңқұрт өкпеге ауысады. Әрі қарай бронх, кеңірдекке ығысады. Мал
балаңқұртты жұтқан кезден ересек құртқа айналу үшін D.viviparus 3-4 апта, ал D.filaria-6-8 апта керек.
Тыныс алу жолдарында құрт 2-6 ай (арық малда жылға дейін) тіршілік етеді. Сояр алдындағы
диагностика. Аурудың белгілері мал жасына және тыныс жолдарындағы нематодалардың шамасына, малдың
күшіне байланысты ауру жас малда жиі, айқын көрініс береді. Аурудың негізгі көрініс жөтел, мұрнынан
сүйықтық ағады, кейіннен оған ірің араласуы мүмкін.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Мал өкпесінде бронхоэктазия, бронхопневмония, эмфизема өртиді.
Өкпенін, зақымданған аумағында нығыз, ақшыл немесе сұрғылт түйіндер (бұршақтан-жаңғақ, мөлшерінде)
байқалады. Ол диктиокаулюске, жұмыртқаға толы.
Бронхтардан созымалы ішінде жіпше құрттар бар шырып бөлінеді. Бронх, кеңірдек кілегей қабықтары
қанталаған. Кішкене бронхтарда іріңдеу көрінеді. Өкпе лимфа түлікдері ісінген, қанталаған. Күшті
зақымданған мал ұшасы арық.
Санитариялық бағалау. Зақымданған ағзалар қойға өңделге жіберіледі, ұша шектеусіз шығарылады.
Шошқа метастронгилезі. Үй және жабайы шошқалардың, ауатамырлары мен ауытамыршаларын
мекендейтін Metastrongyeidae тұқымдастығына жататын нематодалар тұдыратын ауру. Көбінесе торайлар
ауырады өлімі 30% дейін жетеді. Ересек жануарлардың құңы төмендейді, етінің сапасы нашарлайды.
29.
Қоздырушысы. Metastrongylis – аң немесе сары түсті ұзын, жіңішке құрт. Еркегінің ұзындығы 12-20 см,ұрғашысы – 10-50 см. Ұрғашысы бронхта жұмыртқа салады, ол сүйықтыкпен бірге біртіндеп жылжи отырып
көмекеиге ауыз қуысына жетеді. Шошқа жұтынғанда ол ішек-қарынға түсіп, нәжіспен бірге сыртқы ортаға
түседі.
Оларды паразиттің аралық иелері жаңбыр құрттары жұтып 1,5-3 аптадан соң жұқпалы сатысына жетеді.
Шошқа зақымданған жауын құртын жеп ауру шағынады. Асқорыту жүйесінде жауын құрты қорытып
балаңқұрт босанып шығады. Олар ішек кілегей қабатына еніп, лимфа, қан арқылы өкпеге жетеді.
Мұнда олар екі дүркін түлеп 23-24 күн ішінде ересек құртқа айналады. Сояр алдындағы диагностика.
Аурудың клиникалық белгілері құртпен зақымдану деңгеиіне байланысты. Құрт саны аз болса ауру белгілері
нашар немесе байқалмайды. Күшті зақымданған жағдайда. Құрт ішек қабаттарының, өкпе қантамырларының
тұтастығын бұзауы, лимфа түйіндерін жарақатайды. Аурудың алғашқы сатысында шошқада жөтел пайда
болады, ол қозғалыс барысында күшенеді жануарлар демігеді, таңауынан қою, сарғыш түсті сүйық ағады.
Кілегей қабықтары бозарады. Тыныс алуыжиіленді, өкпесі сырылдайды. Кейде дене қызуы көтеріледі.
Метастронгилезде эозинофилия тән құбылыс болып табылады.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Тыныс жолдарында экссудативті іріңді-қатаралуы бронхопневмония
байқалады. Өкпеде, дәнекер ұлпалармен қоршалған түйіншітер ұшырасады.
Санитариялық баға. Ұша арық болса, ұша мен ағзалары қайта өңдеуге жіберіледі. Ал тек қана, өкпесі
зақымданған болса, ол қайта өңдеуге жіберіледі ал ұша мен басқа ағзалар шектеусіз шығарылады.
30.
Шошқа аскаридозы Негізінен 2-6 айлық торайлардың созымалы ауруы. Қоздырушысы Ascarissuumшошқаның ащы, сирек жағдайда ен екі елі, мықын ішекте мекендеитін ірі жұмыр құрт. Оның түсі
ақшыл-қызғылт түсті, еркегінің ұзындығы 10-22 см, ұрғашысыныкі 22-30 см-ге жетеді. Ұрғашысы күн сайын
100-250 мың жұмыртқа шығарады, олар нәжіспен бірге сыртқы ортағы түсіп, инвазиялық сатыға дейін өседі
(3-4 апта). Шошқа жұмыртқаны жем-сумен бірге жутады. Жануар ішегінде балаңқұрттар шығады да, ішек
кілегей қабаты арқылы қан тамырларына түседі. Одан бауыр, жүрек арқылы өкпеге жетеді. Өкпеде 2 рет
түлеп, ара қарай тыныс жолдары мен көмекеиге өтеді де, шошқа жұтынғанда қайта ішекке түседі. Онд 1,5-3
айдан кейін ересек құртқа айналады да 4-10 ай өмір сүреді. Сояр алдындағы диагностика. Балаңқұрттық
даму кезінде пневмония белгілері байқалады. Жануар жөтел пайда болады, тыныс алуы жиіленді,
температурасы көтеріледі. Сонымен қатар жүйке жүйесінің бұзылуы (тәлтірептеу, етінің тартылуы) байқалуы
мүмкін. Ішек сатысында ауру созылмалы түрде өтеді. Іші өтеді немесе қатады, аяқтары дірілдейді тісін
қайрайды.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Аурудың алғашқы сатысында пневмония және гепатит белгілері өкпеде
бауырда теңбіл түс көрінеді. Аурудың екінші кезеңінде ішекте аскаридтер табылады, ішек қабаты катаральды
қабынған. Кейде ішектің тесілуі, перитений байқалады.
Санитариялық баға. Егер ұшада гидремия байқалса ұша және ішкі ағзалары қайта өңдеуге жіберіледі. Ал
ондай белгілер болмаса ұша мен ағзалар шектеусіз шығарылады.
Жылқы параскаридазы. Жылқының (есек, қашыр) қауіпті гельминтозының бірі. Негізінен жас малда
кездесіп, оның ащы ішегінде мекендеиді. Ересек малда ауру созымалы түрде өтеді.
31.
Қоздырушысы – Parascaris guorum. Ірі жұмыр құрт еркегінің ұзындығы 15-30, ұрғашылары 20-40 см. Малнәжісімен сыртқа түскен жұмыртқасы 10-30 күн аралығында, жұқпалы сатысына жетеді. Мал денесіне
зарарлы жұмыртқа жем-су арқылы түседі. Кеиінгі дамуы шошқа аскаридозына ұқсас. Толық жетілуі 1,5-2 ай
ішінде өтеді.
Сояр алдындағы диагностика. Малдың кілегей қабықтары бозарған, іші өтеді немесе қатады. Аурудың
алғашқы кезеңінде мал жөтеледі, танауынан, кілегеилі, сүйық ағады, демалысы жиілеген. Кейіннен құрт
ішекке түскенде энтерит белгілері байқалады. Жүйке жүйесі зақымданып, бұлшық еттері тырысады,
дірілдейді.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Ішектің ішкі қабаты ісінген, қанталаған іші құртқа толы. өкпе,
бауырдың түсі біркелкі емес тенбіл – пневмония, гепатит белгілері.
Санитариялық баға. Етте гидемия белгісі байқалмаса ұша мен ағзалар шектеусіз шығарылады, ал ондай
белгілер байқалса қайта өңдеуге (утиль) жіберіледі.
Күиістілер несаскаридозы. Негізінен 4-5 айлық жас малды, ащы ішекті кейде тазқарынды мекендеитін
Anisakidae тұқымдастығына жататын нематод Neoascaris vitulorum тұдыратын күйістілер, ауруы
неоскаридозға ірі қара, қой, ешкі төлдері бөлім неоскаридтердің адамда да паразиттік етуі мүмкін деп
есептеледі.
Қоздырушысы – ақшыл –сарғыш түсті, ұрғашысының ұзындығы 15-30 см, еркегі-10-15 см. Нәжіспен
бөлінген жұмыртқа 3-4 аптадан кейін инвазиялық сатыға өтеді. Бұзау негізінен жатырда залалданады. Буаз
мал жем-сумен инвазионды балаңқұртты жұтады. Сиыр денесінде жұмыртқадан шыққан балаңқұрт, қан
арқылы ұрық айналасындағы суга өтеді. Тууына 1-2 апта қалқан ұрық балаңқұртты осы сумен бірге жутып
залалданады. Осыдан кейін 2-4 апта ішінде паразит ересек құртқа айналады.
32.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Ашы ішекті құрт көрінеді ішек қабынған күшті зақымданған төл етіненхлороформ немесе эфирге ұқсас иісі шығады, дәмі жағымсыз.
Санитариялық баға. Егер жағымсыз иіс және патологоанатомиялық өзгеріс болмаса ұша мен ағзалар
шектеусіз шығарылады. Күдікті жағдайда қайнату сынамасы жүргізіледі. Егер иіс бөлінбесе ет өндірістік
өңдеуге, ал иіс білінсе қайта өңдеуге (утиль) жіберіледі.
Күйіс қаиыратындар стронгилятоздары. Күйіс қайыратын малдың ішек-қарынында нематода тобына
жататын көптеген түрлері тіршілік етеді. Ауруларды (гемонхоз, нематодироз, қой хатертиозы,
буностомоздар,эзофагостомоздар, остертагиоздар нематодириллез) қоздырушылардың өсіп - өнуі аурудын
бегілері бір-біріне жақын. Қарын ішекте өмір сүретін стронгилятолар геогельминттер, яғни олар аралық иесіз
дамып көбейеді. Ерсек құрттардың жұмыртқасы нәжіспен берге сыртқа шығады. Онда жұмыртқа ішінде
балаңқұрттар дамидыжұмыртқадан сыртқы шығып 2 рет түлеиді де инвазиялық сатысына ауысады. (кейбір
құрттарда жұмыртқа ішінде түлеиді). Балаңқұрт жануар денесіне шөппен немесе шалшық сулармен түседі.
Мал денесінде 2 рет түлеп 20-30 күннен кейін ересек құртқа айналады.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Паразиттің жиналған жеріне байланысты жұмыртшақ қарында, ащы,
тең ішекте катаралды қабыну, ноқатты қанталау, майда жаралар және сұрғылт түйіншектер табылады, іші
құрттарға толған.
Санитариялық баға. Патологоанатомиялық өзгеріс болмаса ұша шектеусіз шығарылады. Ал ұша арық
болса, ішек күшті зақымданса қайта өңдеуге жіберіледі.
33.
Парамористомоздар – қоздырушылары қанмен қоректенетін паразит. Олар ірі қараны, қой, ешкі, енеке,бұлан және басқа да күйіс қайыратын малдарды зақымдайды. Ақтық иесінің денесін түскеннен кейін,
тіршілік ету сатыларына байланысты ересектері малдың мес. Жұмыртшақ кейде жалбыршақ қарындарының
кілегей қабықтарында, ал балаңқұрттары ұлтабар, он екі елі ішектің алдыңғы бөлігі кілегей қабығында
орналасады. Жас тремотодалар жетілуіне байланысты қарынға орын ауыстырып отырады. Парамисталар
жұмыртқалары нәжіспен сыртқа шыққаннан кейін, шамның сулы жерде 10-30 күн ішінде жұмыртқада
мирацидий дамиды. Олар аралық иесі ұлуға екі дамуын жалғастырады 1,5-3 ай ішінде жетілген церкарийлер
ұлудан шығып су өсімдіктеріне жабысып, осы жерде жұқпалы аделоскарийге айналады.
Ауру малдың іші өтеді, не іші қатады. Кілегей қабықтары безғылт. Денесінің кейбір тұстары ісінген.
Сойғаннан кейін паразит мекендеген ас қорыту мүшелерінде (қарын, ішек) кілегей қабықтары ісінген,
домбыққан. Бұл мүшелерде көптеген сорғыштар көрінеді.
Санитариялық баға. Патолого-анатомиялық өзгерістербайқалса ұша мен ағзалар шектеусіз шығарылады.
Ал ұша арық болса, ішекті күшті зақымдану байқалса оларды қайта өңдеуге жібереді.
Монозиоздар. Ірі қара, қой, ешкі, түйе және жабайы аңдардың – цестодоздары. Moniezia туыстығына,
Anoplocephalidae тұқымдасына жатады. Олар жануарлар аш ішегінде тіршілік етеді. Құрттардың ұзындығы
бірнеше метрге (2,5-10 м дейін түріне байланысты) жетеді, сколексі қарусын, аралық иелері топырақ кенелері.
Санитариялық баға. Патологоантомиялық өзгеріс жоқ ұша мен ағзалар шектеусіз шығарылады. Арық
ұша, сол сияқты күшті зақымданған ішек қайта өңдеуге жіберіледі.
34.
Гиподерматоз (оқыра, сәйгел). Ірі қараның (қой, ешкі, жылқының) тері астын мекендейтін, Hypedermaтуысына жататын бөгелектердің балаң құрттары қоздыратын энтомоз ауруы қоздырушысы Hypederma bovis –
кәдімгі сиыр бөгелегі және H.lineatum - өңеш бөлілегі балаңқұрттарының ұзындығы 3 см, ені-1,5 см.
Оқыра бөгелектері мал терісінің түгіне жұмыртқамайды3-7 тәуліктен соң жұмыртқадан шыққан балаң
құрттар тері астына енеді. Hypederma bovis құртықан тамырлары мен жүйке тамырларын бойлап, малдың
жотасына жылжиды, омыртқа аралық ұлпаға еніп жұлынның майлы қабатына орналасады. H.lineatum құр
құрттары өнешке жылжып, оның кілегей қабатының астына орналасады. 5-6 аидан соң олар мал жотасы бен
бел тұсына жылжиды. Күн ысығанда терідегі тесік арқылы жерге түсіп топыраққа енеді. 20-40 тәуліктен соң
көбелекке айналады.
Сояр алдындағы диагностика. Мал жатасын сипағанда түйіндер байқалады. Балаң құрттар өскенін тері
тесіледі, ішінен жалқаяқ шығады да тері қымиығын желімдеп тастайды. Сипағанда тері температурасы
жоғарылығы, малдың ауырсынғандығы байқалады.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Жон, арқа және жанындағы еттердің беткі қабатында, тері асты
клетчаткасында ұзыгнша іріңді өзектерді, өзек қапсиықтарын (капсула), оның аиналасындағы жалқаяқтарды
байқауға болады. Тері астындағы клетчатқада инфильтрат, іріңді, қабынған ошақтар көрінеді.
Санитариялық баға. Қабынған, ісінген ұлпалар болса, одан тазартылған қан кейін ұша мен ағзалар
шектеусіз шығарылады.
Қой эстозы (жалған айналма, қойдың кеңсірік құрт ауруы, тысқарақ) Oesfzus ovis – қой бөгелегінің балаң
құрттары тудыратын ауру. Олардың қойдың танауына, маңдай және бастық қосалқы қуыстарына орналысып,
сол жерлердің кілегей қабығын қабындырады.
35.
Қоздырушысы – балаң құрттар оның даму кезеңі үш сатыға бөлінеді. Қойдың танауына енген балаңқұрттардың (сатысы мұрын қуысында, өмірсүреді ақ түсті, ұзындығы 1,2 мм құрт. ІІ және ІІІ сатыдағы
балаңқұрттар маңдай, жоғарғы жақ, мүйіз қуыстарында тіршілік етеді ұзындығы 10-30 мм. Ауру созымалы
ринит, фронтитпен сипатталады. Тыныс алуы қиындайды. Сойғаннан кейін танау, маңқай т.б. басқуыстарында
балаң құрттар көрінеді, кілегей қабығының қабынғаны байқалады.
Санитариялық баға. Зақымданған бас, көмекей жұтқыншақ утилденеді. Ұша мен ағзалар шектеусіз
шығарылады.
Ірі қара сетариозы – Sefaridae тұқымдастығына жататын Setaria labiatopapillosa жұмыр құрты тұдыратын
ірі қара, жылқы, қой бұғы, енекі, қодастың созылмалы түрде өтетін ауруы. Ересек нематодалар құрсақ кейде
көкірек қуысында тіршілік етеді. Құрт жіңішке, ақ түсті, ұзындығы -6,0-8,0 см ұрғашысы 12,0-13,0 см.
Аралық иелері масалар.
Сойғаннан кеінгі диагностика. Құрсақ сірі қабұлғанда қанталау, перитонит ошақтары,дәнекер ұлпалы
түйіндер байқалады. Құрсақ қуысында нематодалар кездеседі.
Санитариялық баға. Зақымданған ұлпалар тазартылған соң, ұша мен ағзалар шектеусіз шығарылады.
Альфартиоз – таң тұятылардың тоң ішегінде тіршілік ететін Alfoztis edentatus нематодозы тұдыратын
гельминтоз. Құрттың еркегінің ұзындығы 23-26,5 мм, ұрғашысы 32-40 мм. Балаң құрт жұмыртқадан сыртқы
ортада дамып 5-6 күннен кейін инвазиялық сатысына енеді балаңқұрт ішектен ішек қабықтарын байлап, сірі
қабығына, одан әрі шажырқай бойымен жылжып, құрсақ қабатының ішкі көк шандыры астымен кіндікке,
төске жылжып, майлы ұлпаларға енеді. Олар мекендеген жерлерде іші қанға толы гематомалар пайда болады.
Осы жерде ол дамып түлейді де 5-6 айдан кейін жас нематодалар ішек қабығына қайта ауысады. Бір айдан
кейін ересек құртқа айналып ішек қуысына түседі. Толық даму айналымы 8-10 айға созылады.
36.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Альфартиозды перитонит, құрсақы қазарған, гематомалар көрінеді. Сіріқабатынан қызғылт және аң түсті, ұзынша немесе қисық алфортия балаңқұртарын көруге болады.
Санитариялық баға. Ұша мен ағзаларды, зақымданған жерлерін тазартқаннан кейін шектеусіз
шығарады. Онхоцеркоздар. Filavidae тұқымдастығына жататын Onchocerca cervicales, O.zeficulata (жылқы,
есек, қашыр) O.gutturosa, O.lienalis (сиыр, енеке, зебу) тұдыратын инвазия. Нематодоның еркегінің ұзындығы
28-33 мм (O.guttulosa) 80 мм-ге (O.cerincalis), ені -0,09-0,10 мм 0,15-0,3 мм, ұрғашысы анағұрлым үлкен
ересек құрттар сіңір, тарамыстарда, ал балаң құртары теріні мекендейді. Онхоцерктің ұрғашысы
балаңқұрттар енесінен шыққан соң теріге жылжиды. Ары қарай даму үшін олар аралықиесі қансорғыш
жәндіктерге түсуі қажет (шошқа, мокроце) Жәндіктер денесінде 8-25 күн аралығында өсіп, жұқпалы
сатысына жетеді.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Зақымданған ұлпаларда әр түрлі деңгейдегі қақталау, дәнекер
ұлпалардың өсуі, өліеттену әктенген ошақтар байқалады. Асқынған жағдайда іріңді, өліеттену, өзектер
көрінеді.
Санитариялық баға. Зақымданған ұлпалардан тазартқаннан кейін, ұша мен ағзаларды шектеусіз
шығарады. Ал іріңді, некрозды үрдістер байқалса бактериологиялық зерттеу жүргізіледі.
Саркоптоз (қышыма қотыр) терінің жоғарғы эпидермис қабатын мекендеитін,Sarcoptes S.egui, ірі қарада
S.bovis, қойда S.ovis,түйеде S.cfmeli,шошқада S.suis итте – scanis саркоптоздың алғашқы белгілері малдың
басында көзмақында, тұмсығында байқалады (жүнінің түсуі, терінің қабынуы, қышу). Жылқы мен
шошқаның алуымен мойнында, жауырынында сонан соң төске тарап, құйрығының түбіне жылжиды.
Түйенінің қотырға мойыны сандарының ішкі жағы, бас теріс, аяғында жұлығы, бақайларының арасы
шалдығады. Ірі қара мен қойда саркоптоз сирек кездеседі, қойдың бас терісі, сиырдың бас, мойын терімен
зақымданады.
37.
Санитариялық баға. Ұша мен ағзалар өндірістік өңдеугежіберіледі арық мал ұшасы, ағзаларын ағзындау белгісі
(гидремия, лимфа түйіндері ісінген) байқалса қайта өңдеуге
жіберіледі.
38.
Жұқпайтын ауруларда ұша мен ағзалардымалдәрiгерлiк-санитарлық сараптау.
Бұл тарауда шаруашылықта көп кездесетiн жұқпайтын ауруларда сойыс өнiмдерiн ветеринариялық
санитариялық бағалау тәртiбi баяндалады. Малдың жарақаттануы шаруашылық жағдайында, тасымалдау
барысында пайда болуы мүмкiн. Ал организмде, болатын өзгерiстер оның қай уақытта болғанына
байланысты. Әр түрлi жарақат, кұйiктен кейiнгi уақытта етке әр-түрлi микроорганизмдер өтуi мүмкiн, яғни
тағамның адамға қауiптiлiгiн туғызады. Осыған байланысты бұндай аурудан алынған мал ұшасын
сараптауды мұқият жүргiзген жөн.
Сол сияқты зат алмасу патологиясы, жеке ағзалар аурулары, iсiк т.б. ауруларда сойыс өнiмдерiн пайдалану
мүмкiншiлiгiнен хабардар боласыз.
Септикалық үрдістер (процестер)- Абцесс, дүңку (флегмона) және iрiңдi жара организмге iрiңдеткiш
микробтардың (әсiресе стрептококтар мен стафилакоктар) енген жерiнде қабыну үрдісі дамуы нәтижесінде
өрбиді.
Абцесс-(abscessus)-сойыс малдарының етiнде, лимфа түйiндерiнде және ағзаларында кездеседi.
Ветсансараптаушы абцестi тапқанда оған жақын орналасқан ұлпалар және зақымдалған жердi қамтитын
лимфа түйiндерiн тексередi. Ұлпа мен лимфа түйiндерiнде өзгерiстер болмай, жеке-жеке абцестер табылса, ол
еттiң шiрiткiш микрофлоралармен ластанбағандығының куәсi. Ветсансараптау тәжiрибесiнде бауырдың
абцесiне ерекше мән бередi. Бауырдағы iрiңдi ошақ, оған iрiңдеткiш микроорганизмдердiң қақпа венасы
арқылы iшектен енгенiнiң белгiсi, бұны жалпы септикалық процесс деп қарауға болады.
39.
Флегмона-(Phlegmone)-борпылдақ дәнекер ұлпаның, диффузиялық таралуға бейiмдi, iрiңдi жiтi қабынуы.Абцеске қарағанда, бұл аса қауiптi, демек зақымданған жердегi iрiңдеткiш бактериялар әртүрлi ағзалар мен
ұлпаларға енедi.
Жара-(Vulnus)-терi және оның астындағы ұлпалардың ашық зақымдануы. Жара бетiнiң iрiңдеуi мен
асқынуы ондағы iрiңдеткiш микрофлорамен байланысты.
Санитариялық баға. Шамалы абцесте, жан-жағына тарамаған, айналасы iсiксiз және аймақтық лимфа
түйiндерi зақымданбаған кезде, зақымданған жерлерi мен ағзаларын бракке шығарады да ұшасын шектеусiз
пайдаланады. Жеке ағзаларында көптеген немесе бiрен-саран абцесс табылып, бiрақ аймақтық лимфа
түйiндерiнде өзгерiс не кiшiгiрiм флегмона болса зақымдалған ағзалар немесе ұлпаларды бракқа шығарады,
ал етiн бактериологиялық тексерiстiң нәтижесiне қарай пайдаланады. Бауырдың абцесiнде оны жарамсыз деп
тауып, етiн бактериологиялық тексеруден өткiзедi. Бұны айналасы iскен көлемдi iрiңдi жарасы табылғанда
жүргiзедi. Лимфа түйiндерi мен етiнде абцесс болса, сондай ақ жан-жағына жайылған флегмонада ұша
ағзаларымен бiрге техникалық қайта өңдеуге жiберiледi. Кең көлемдi жарақаты бар өзi арық малды союға
жiбермейдi.
Сепсис-(Sepsis)- әр түрлi iрiңдеткiш микробтар мен олардың уыттары туғызатын ауру. Абцесс, флегмона
және iрiңдi жара аурудың
алғашқы ошақтары, олардан шыққан микроорганизмдер (стафилакок және
стрептокок) қанға енiп сепсис туғызады. Оған пиемия, септицемия немесе септикопиемия қосылады.
Пиемияда лимфа түйiндерi мен ағзалары iрiңдейдi, әр жерден тесiледi. Септицемияда көптеген қанталау, көк
бауырдың ұлғаюы, қаны ұйымауы және бауыры мен бүйректерiнде азғындау сияқты жалпы патологиялық
өзгерiстер пайда болады. Бұндай өзгерiстер топалаңға ұқсас. Септикопиемияда жергiлiктi және жалпы
өзгерiстер байқалады.
40.
Санитариялық баға. Пиемияда ұша мен ағзаларды техникалық қайта өңдеуге жiбередi, ал iрiңдi жарасызсептицемияда iшкi ағзаларын брактейдi де, ұшасын бактериологиялық тексерiстiң қорытындысына қарап
шығарады. Бұл топалаңнан және басқа жұқпалы аурулардан ажырату үшiн де қажет.
Гангрена-(Gangraena)-ұлпаның шiруi, қан пигменттерiнiң ыдырауына байланысты зақымданған жерiнiң
түсi қара-қызыл немесе қара болады. Шiрiген ұлпада iрiңдеткiш микробтар енiп процестi асқындырады.
Сөйтiп ұлпалар лас-сұр немесе қара түстi жүйесiз мылжаға айналады. Гангрена малдың аяқтарында және
сыртқы ортамен қатынасатын iшкi ағзаларында (өкпе, iшек, жатыр) болуы ықтимал.
Санитариялық баға. Шiрiген жерi аз болса айналасындағы ұлпаларымен бракка шығарып, ұшасын
бактериологиялық тексеруден өткiзедi. Ал гангренамен көп жерi немесе ағзалары зақымданып, шiрiген
ұлпаның қанға енгендiгiн (путирид интоксикациясы) анықтауға болмайтын жағдайда техникалық қайта
өңдеуге жiбередi.
ЗАТ АЛМАСУ АУРУЛАРЫ- азықтанудың бұзылуынан және кейбiр аурулардың салдарынан болады.
Бозеттiлiк- (алиментарлық бұлшық ет дистрофиясы)-ауылшаруашылық малдары төлдерiнiң және құстың
ауруы. Зат алмасуының бұзылуы салдарынан ағзалары мен ұлпаларында, әсiресе жүрек және қаңқа еттерiнде
функциональдық және морфологиялық өзгерiстер болады. Әсiресе 2-4 айлық төлдер жиi ауырады. Ересек
қой, шошқа және жабайы хайуанаттарда ауру сирек кездеседi. Көпшiлiк зерттеушiлердiң айтулары бойынша,
бұл ауру буаз малдарды құнарсыз азықтандырудың, атап айтқанда мал азығында селен, кобальт, марганец
және Е дәрумендерінің жетiспеуiнен және калийдiң көптiгiнен пайда болады.
41.
Сойғаннан кейiнгi диагногстика. Жүректiң және қаңқаның бұлшық еттерiнде дегенеративтi-некроздықпроцестiң (морфологиялық өзгерiс) болуына орай, көпшiлiк малдың еттерi қоңыр-сұр түстi, ылғалды, болбыр
келедi. Көпшiлiгiнде сирақтары мен сауыр еттерi өзгередi. Жүрегiнде жол-жол немесе ноқатты қан құйылған.
Бұлшық еттерiн гистологиялық тексерiстен өткiзгенде ядросының ерiгенi және ет талшықтарында
дистрофиялық өзгерiстер байқалады.
Санитариялық баға. Етiнде дегенеративтiк өзгерiстер (тұссiзденген, iскен, көлемi үлкейген, болбыр)
болса, ұшаны ағзаларымен бiрге техникалық қайта өңдеуге жiбередi, ал шамалы өзгерiстерде түсi ақшыл
қызғылт, көлемi онша үлкеймеген немесе ағзалары мен қаңқа етiнiң кейбiр жерлерiнде пато-морфологиялық
өзгерiстер болса, ұша мен iшкi ағзаларына тексереу жүргiзедi. Етi немесе ағзаларынан сальмонелла табылған
жағдайда ұшаны пiсiрiп зарарсыздандырады да iшкi ағзаларын техникалық қайта өңдеуге жiбередi.
Сальмонелла табылмаған жағдайда ұшаны және зақымданбаған ағзаларды өндiрiстiк өңдеуге (пiсiрген және
пiсiрiп-ыстаған шұжық және консервi дайындайды) ал зақымдалған ағзаларды техникалық өңдеуге жiбередi.
Селен (натрий селенитi) егiлген малды 45 күннен, ал құсты-30 күннен кейiн союға болады.
Гидремия- (Hydraemia)-ет және дәнекер ұлпаларында, сондай-ақ мал денесiнiң қуыстарында сұйықтың
(транссудат) мол жиналуы. Бұл малдың әртүрлi ауруларында, атап айтқанда қойдың фасциолезi, iшек
гельминттерi туғызған гастроэнтеритi, сондай-ақ iрi қара және шошқаның гидронефрозында кездеседi.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Етi арық, терi астына және ет ұлпаларында су жиналған, осыған
байланысты етi болбыр, ылғалды, қызғылт-сұр тұстi. Жамбас қуысы, бүйрек жаны, сондай-ақ терi асты
майлары жоқ, оның орнына сары-қызыл тұстi жалқаяқ көрiнедi. Лимфа түйiндерi үлкейiп, iсiнуi ықтимал.
42.
Санитариялық баға. Гидремияның белгiсi анық бiлiнген ұшаны ағзаларымен қоса техникалық қайтаөңдеуге жiбередi. Егер де ауру аса бiлiнбесе, екi тәулiк ұшаны сақтағаннан кейiн гидремияның белгiсi кетсе
және бактериологиялық тексерiстiң қорытындысы терiс болса өндiрiстiк өңдеуге жiберiледi.
Уремия- (Uremia)-бүйрек жұмысының нашарлауына байланысты малдың өз несебiмен улануы.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Малды бауыздап жатқан кезде, қанынан несеп иiсi шығады. Терi асты
және ет аралық дәнекер ұлпасы аса дымқыл, несеп иiсi шығады, ал кейде қан құйылған, қуығы жарылса,
несеп құрсақ қуысына жиналады, құрсақ көк етiнiң кейбiр жерлерi қызарады. Ұшадан несеп немесе аммиак
иiсi шығады, кейде суыған ұшада бұндай иiс кеткенімен қайнатқаннан кейiн ол қайта шығады.
Санитариялық баға. Уремиямен ауырған малдың сойыс өнiмдерiн түгелiмен техникалық қайта өңдеуге
жiбередi.
Сары ауру - қанда iшiнде билорубинннiң шамадан тыс көп жиналуынан ұлпалардың сары түске боялуы
(патологиялық процесс). Бұның себептерi әрқалай: өт жолдарының бiтелiп қалуы, гемоглобинемия,
пироплазмидиоз, лептоспироз, сальмонеллез және басқа аурулар, сондай-ақ кейбiр азықтарды жегенде т.б.
Нағыз сары ауруда реңi әрқалай (бозғыл-сарыдан, жасыр-сары түске дейiн), тұрақты сары түс барлық
ұлпаларда, атап айтқанда май, сiңiр, шемiршек т.б. болады. Лимфа түйiндерi сары түстi, қысқан кезде жасылсары немесе қызғылт-сары түстi лимфа шығады. Кейде ұшаның сарғыштығы жеген азығына байланысты
болуы мүмкiн. Мал азығында каротин көп болса iрi қара малдың ұлпалары сарғаяды, ал шошқаның ұшасы
зығыр немесе рапс күнжарсымен бордақыланғанда сарғаяды, бiрақ тек майы ғана сарғаяды, басқа
ұлпаларының түсi өзгермейдi. Кәрi малдың майы липохромның жиналуына байланысты сары болады.
Санитариялық баға. Ұлпадағы сарғыш бояу 2 тәулiк бойы сақталса, еттiң ащы дәмi мен нәжiс иiсi
қайнатқанда кетпесе ондай ұшаны техникалық өңдеуге жiбередi. Ащы дәмi мен нәжiс иiсi болмай, сарғыш
бояу 2 тәулiк iшiнде кетсе еттi өндiрiстiк өңдеуге жiбередi. Азықтандыруына байланысты және жасына қарай
43.
Эндемиялық остеодистрофия-негiзiнен 3-6 жасар сиырларда кездеседi, яғни айтқанда малдыңорганизмiнде минералдық зат алмасу процесi бұзылғанда кобальт пен марганец малдың денесiнде азайып
кеткеннен болады. Ұша қызыл-сұр түстi, ақшылдау ошақтары бар. Май жиналатын жерiнде iсiнген ұлпалар
кездеседi. Сүйектерi жұмсарған, жұқарған және оңай сынады, ал жалпақ сүйектерi (жауырын, омыртқаның
қырлары т.б.) пышақпен оңай кесiледi. Миокардта дистрофия, жұрек етiнде инфаркт байқалады, бауыры
ұлғаяды және азғындайды.
Санитариялық баға. Етiнде айтарлықтай өзгерiстерi (атрофия, қызыл-сұр түс, май жиналатын жердiң
iсiңкi болуы) бар ұшаны және басқа сойыс өнiмдерiн техникалық қайта өңдеуге жiбередi.
Кетоз-(ацетонемия)- углевод, липоид, ақ зат және басқа зат алмасуларының бұзылуынан болатын сауын
сиырдың ауруы, демек оның организмiнде кетоздық зат (бетамайтотығы, ацетон, сiрке қышқылдары)
жиналады және көпшiлiк ағзаларында дистрофиялық процестер байқалады.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Ұшаның етi қуқыл тартқан, ет аралық дәнекер ұлпаларда май мол
жиналған, құрсақ көк етi, шарбы мен бүйректiң жанына сiлiкпе тәрiздес май жиналған, бауыры 1,5-2 есе
ұлғайған, болбыр қызыл-сары түстi, бүйректерi өскен, iсiңкi, сондай-ақ лимфа түйiндерi үлкейген, қанталап
қызарған.
Санитариялық баға. Кетоз ауруының белгiсi бар, сондай-ақ остеодистрофиямен асқынған сиырды ауру
мал ретiнде сояды. Осыған байланысты сойыс өнiмдерiн бактериологиялық тексеруден өткiзедi. Сальмонелла
немесе патогендi стафилакоктар табылса, сойыс өнiмдерiн пiсiрiп зарарсыздандырады, ал табылмаған
жағдайда патологиялық өзгерiстерi бар ет пен ағзаларды техникалық қайта өңдеуге жiбередi де,өзгерiстерi
жоқ ұша мен ағзаларды өндiрiстiк өңдеуге жiбередi.
44.
Арықтау-жүдеу. Ауру немесе ұзақ уақыт ашыққан малдың организмiнде зат алмасу процесiбұзылғандықтан мал арықтайды. Еттi ветсансараптағанда жүдеу малдың етiн көтерем малдың етiнен ажырату
керек. Жүдеген малдың ұшасында аз да болса майы мен етi бар. Бұл малды нашар азықтандырудан болады,
сондықтан да жүдеген малдың ұшасы мен ағзаларында патологиялық өзгерiстер болмайды.
Көтерем-патологиялық процесс, бұнда зат алмасуы қатты бұзылады. Демек май жиналатын орындарда
сiлiкпе тәрiздес инфильтратты көруге болады, лимфа түйiндерi айналасына қоймалжың инфильтрат
жиналады. Бұндай малдың бауыры азғындаған, жiлiк майы қызыл түстi, сiлiкпе тәрiздес.
Санитариялық баға. Арық болғанымен, денi сау малдың етiн өндiрiстiк өңдеуге пайдаланады. Етi тым
арық, май орнына сiлiкпе инфильтрат жиналған және басқа патологиялық көтеремдiктiң белгiсi бар ұшаны,
iшкi ағзаларымен бiрге техникалық қайта өңдеуге жiбередi.
Стресс-сыртқы ортаның жағымсыз әсерiне организмнiң жауабы ретiнде пайда болатын құбылыс. Стреске
ұшыраған малдың етi бозғылт түстi (РSE деп аталатын ет) немесе керiсiнше қара (Д±Д ет). Бозғылт (мәрмәр
тәрiздес), жұмсақ, ылғалды, жалқаяқ. Бұндай өзгерiстер еттiң нағыз бағалы кесектерiнде (сан етi, белдеме)
болады. Ет қышқылданады (рН 5,2-5,5), ылғал байланыстырғышы және дәмдiк қасиетi (ащы дәмдi)
төмендеген, жабысқақ, ақ Д±Д-ет шошқа мен iрi қарада байқалады. Оның рН (6,2-7,0) жоғары болады, ылғал
байланыстырғышы жоғары, ондай ет пiсiргенде сөлiн аз жоғалтады, гликогенi мен сүт қышқылы аз, жалқыаяқ
ет сияқты бұның да дәмдiк сапасы өте төмен.
Тiтiркенуде еттегi өзгерiстер және оның сапасының төмендеуi әлi толық зерттелген жоқ. Бұны зат
алмасуының және гликолиз процесiнiң бұзылуы, сондай-ақ адреналинмен байланысты өзгерiстер, АТФ
ыдырауы т.б. жағдайлармен байланыстыруға болады. Еттегi өзгерiстер малды сойғаннан кейiнгi тексерiсте
көп байқалмай, еттi өңдеген кезде айқындалады.
45.
Iшкi ағзалардың аурулары.Жоғарғы тыныс жолдарының қабынуы, сондай-ақ бронхит, плеврит, бронхопневмония және
плевропневмония сияқты жұқпайтын аурулар төлдерде, ересек малдардан гөрi жиiрек кездеседi. Аурудың
негiзгi себебi-малды ылғалды, суық, өтпе жел, цемент едендi қорада ұстау, сондай-ақ зеңденген азықтармен
азықтандыру және малды тасымалдау ережесiн бұзу т.б. болып табылады.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Жоғарғы тыныс жолдарының қабынуын шырышты қабықтардағы
өзгерiстерге қарап анықтайды. Бронхитте бронхтар мен кеңiрдектiң iшiнде сұйық немесе көпiрген экссудат
болуы ықтимал, бронхтың шырышты қабығы қызғылт-қызыл түстi, қатаралдық және қатаралдық
геморрагиялық қабыну құбылысы байқалады. Таза бронхит сирек кездеседi, ал бронхопневмония жиi
кездеседi. Бұл кезде бронхтағы патологиялық өзгерiстерге қоса өкпенiң жеке бөлiгi немесе көпшiлiк жерiнен
қатайған ошақтарды кездестiруге болады. Бұндай ошақтарды, пышақпен тiлгенде қызыл сұр түстi
(гепатизацияның түрлiше сатысы). Бронх және көкiрек қуысы лимфа түйiндерi шырыштанып ұлғаюы
ықтимал, тiлiп қарағанда кей жерiнде қан құйылғаны байқалады. Плевритте қабырға және өкпе плеврасының
түстерi өзгередi, плевраның үстiнде фибринозды экссудат пайда болады, ал қабырға мен өкпе плевралары бiрбiрiмен жабысып қалады. Бұндай жағдайда сойыс өнiмiне санитарлық баға беру үшiн өкпесiн зақымдайтын
жұқпалы ауру (туберкулез, пастереллез, уытты iсiк, аусылдың асқынған тұрi т.б) еместiгiн анықтау керек.
Санитариялық баға. Қандай да жағдай болмасын, өкпенiң бөлiктерiн немесе тұтастай бракке шығарады.
Жұқпайтын ошақты пневмонияда, плеврада өзгерiс болмаса сойыс өнiмдерiнiң барлығын (өкпесiнен басқасы)
тежеусiз пайдаланылады. Аймақтық лимфа түйiндерi зақымданған пневмонияда плеврит және
плевропневмонияда мәселенi бактериологиялық тексерiстiң қорытындысына қарап шешедi.
46.
Сойыс малында, әсiресе iрi қара малды бауыздаған кезде өкпеге қан және жын түсуi (аспирация) ықтимал.Доңыздың жүнiн жидiту үшiн ыстық суға салғанда (шпарка) ауызы мен мұрыны арқылы өкпесiне су кiредi.
Аспирацияның барлық түрiнде өкпе техникалық утилизацияға жiберiледi. Перикардит-(Pericarditis)-салқын
тигеннен немесе бөгде затпен жарақаттанған жүрек қабының (үлпершек) фибринозды немесе iрiңдеп-шiрiп
қабынады. Салқын тиюден болған перикардит көбiнесе торай және марқа торай сондай-ақ бұзауда кездеседi.
Жарақаттан болған перикардит iрi қара мен қойдан да табылады.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Үлпершектiң сiрi қабығы көмескi, бұдырмақты оның бетiнде фибрин
қабыршықтары болады. Жүрек қабының қабырғасы қалыңдаған, оның қуысына көптеген сұйықтық немесе
iрiң, жағымсыз иiстi экссудаттың жиналуы ықтимал. Созылмалы процесте үлпершек қуысына фибрин
жиналады, сондай-ақ үлпершек жартылай немсе тұтас эпикардпен, сондай-ақ қабырғалық және өкпе
плевраларымен де жабысады. Процестiң осылай жан жағына таралуына байланысты кеуде қуысында үлкендiкiшiлi iрiңдi жаралар пайда болады, әукесi iседi, плевропневмония дамиды, өкпесiнiң лимфа түйiндерi
ұлғаяды, ұшаның етi сарғаяды.
Санитариялық баға. Арық және гидремиялы сондай-ақ сарғайған ұшаны ағзаларымен бiрге техникалық
қайта өңдеуге жiбередi. Перикард, эпикард, өкпе және кеуде, қабырғаның кейбiр жерiнде айқын
патологиялық-анатомиялық өзгерiстер болса, ұшаның зақымданған жерлерiн бракке шығарады да,
зақымданған жүрек, өкпе техникалық қайта өңдеуге жiберiледi.
Бауырдың капиллярлық эктазиясы. Бауырдың ұлпасындағы атрофиялық және склероз процестерiне
байланысты оның капиллярi диффузиялық кеңуге ұшырайды. Бұл ауруды малдың жасымен байланыстырады,
негiзiнен 4-6 жасар iрi қара мал жиi ауырады.
47.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Бауырдың паренхимасының бет жағында алғашқыда қызарған, сонансоң көкшiл-қызыл немесе күлгiн-қара түстi, үлкендiгi түйреуiштiң iлгiшiнен бiр тиынның көлемiне жететiн
ошақтар пайда болады. Бауырдың капсуласының астында эктазиялы жерiнде, малды бауыздағаннан кейiн
анық байқалатын ойық көрiнедi. Санитариялық баға. Бауырдың капиллярлық эктазиясы шамалы болса, оны
шектеусiз шығарады, ал күштi зақымданғанын, тауарлық түрiн жоғалтқан бауырды техникалық қайта өңдеуге
жiбередi. Ұшасы мен басқа сойыс өнiмдерiн шектеусiз таратады.
Бауырдың майлы азғындауы және майлы инфильтрациясы- интоксикация мен инфильтрацияның
әсерiнен бауыр майы азғындап, оның түсi өзгередi. Бауырдың түсi сарыбалшық сияқты, кейде сiрi қабықтың
астынан қан құйылғанын көруге болады. Ұлпаны кесiп қарағанда бұлдыр, болбыр, шеттерi қалыңдаған, кейде
кiшiрейген. Бауырдың майлы инфильтрациясы шошқада сондай-ақ кәрi малдарды аса семiрткенде жиi
кездесетiн физиологиялық құбылыс. Бұндай жағдайда бауырдың түсi сары, сiрi қабығында өзгерiстер
болмайды, ағзаның ұлпасы созылғыш, тiлгенде жылтырайды.
Санитариялық баға. Майлы инфильтрацияда бауыр пiскен шұжық өнiмдерiн немесе консервi
дайындауға жiберiледi, ал майлы азғындаса қайта өңдеуге жiберiледi, ет үлгiсiн бактериологиялық тексеруге
жiберiп, сальмонеллаға тексередi, соған қарап ұшаға санитариялық баға берiледi.
Бауырдың циррозы. Жеке дамитын процесс немесе басқа бiр аурудың белгiсi. Атрофиялық циррозда
бауыр кiшiрейедi, нығыздалады, түсi қызыл-сұрдан, күңгiрт сарыға дейiн, дәнекер ұлпаның болуына
байланысты қатаяды. Гипертрофиялық циррозда бауыр 2-3 рет ұлғаяды.
Санитариялық баға. Бауырды техникалық қайта өңдеуге жiбередi, дәнекер ұлпаның өсуi оның тағамдық
бағасын және дәмдiк қасиетiн төмендетедi.
48.
Iш кебу-(Timpania)-ұлтабардың (қарын) және iшектiң шырышты қабығының геморрагиялық қабынуы,жарақатты ретикулит. Бұл ауруларда ағзаларда көзге көрiнетiн патологиялық-анатомиялық өзгерiстермен
қатар ұшада да өзгерiстердiң болуы ықтимал. Көпшiлiк жағдайда ұшаның жеткiлiксiз немесе өте
қанағаттанғысыз қансызданғаны байқалады, құрсақ көк етiнiң не плевраның кей жерлерi қызарады және қан
құйылады, Ұшаның лимфа түйiндерi үлкейген және олар қанталаған, сондай-ақ еттерiнiң кей жерiнде қызылсары түстi инфильтрат жиналған.
Санитариялық баға. Патологиялық-анатомиялық өзгерiстерi бар ағзалар мен ұша бөлiктерiн техникалық
қайта өңдеуге жiбередi. Басқа өнiмдердi бактериологиялық тексерiстiң қорытындысына байланысты
шығарады.
Перитонит-(Peritonitis)-құрсақтың көк етiнiң қабынуы, ол сойыс малдарында әртүрлi себептерден
(жарақат, соққы тиген, салқын тиген, кiндiк қабынуы, жатыр қабынуы, iшек-қарын аурулары т.б.) болады.
Ауру жiтi болғанда құрсақ қуысына сiрi-фибринозды немесе геморрагиялық экссудат жиналады. Құрсақтың
көк етi iшектiң сiрi қабығының бiр-бiрiмен жабысып қалғанына байланысты фибрин ұйысы пайда болады. Ал
аурудың созылмалы түрiнде бұған қосымша жабысқан жерлерi қанталайды және құрсақтың көк етiнде iрiңдi
абцесс пайда болады.
Санитариялық баға. Патологиялық-анатомиялық өзгерiстерi бар iшкi ағзалар мен ұлпаларды техникалық
қайта өңдеуге жiбередi. Басқа қалған сойыс өнiмдерiн бактериологиялық тексерiстiң қорытындысына қарай
пiсiрiп зарарсыздандырады, консервi немесе ет нанын дайындауға жiбередi. Даланың ақселеусiнен (ковыль)
болған перитонитте қойдың ұшасы мен ағзаларын ақселеуден тазартқаннан кейiн шығарады. Ақселеуден
болған iрiңдi-абцестi перитонитте немесе қабынудың басқа түрiнде ұшаны техникалық қайта өңдеуге
жiбередi.
49.
Iсiк - (неоплазма) - сойыс малында зиянсыз iсiктер оның iшiнде нейрофиброма және липома жиi кездеседi.Нервтiң фибриозды жуандауы - (нейрофиброматоз, неврома немесе Реклингаузен ауруы) көбiне сиырда,
ал еркек мал және төлiнде сирек кездеседi, Ұшаның алдыңғы жартысы зақымданады. Iсiктi алдыңғы аяқтары
және жауырын астынан табады. Кейде олар қабырға арасы мен қабырға аралық нервтердi қуалай өседi.
Мойын нервтерiнiң iсiгi ұршық тәрiзденiп үлкендiгi түйреуiштiң iлгiшiнен қаздың жұмыртқасына дейiн
жетедi. Кейбiр жағдайда оның салмағы 2 кг тартады. Оның үстiне ақ сұр реңдi ақ, консистенциясы нығыз,
пышақпен тiлгенде көптеген жiңiшке жiп тәрiздес нәрселер көрiнедi. Нейрофиброманың эпикард астында
кездесуi де мүмкiн. Iсiк күретамыр венасына жақын орналасса көкбауырға қан мол жиналып оның көлемiн
үлкейтедi, осыдан барып топалаңға күмән туады.
Липома - (Lipoma) - май жиналатын жерден табылады, бiрақ-та майдан айырмашылығы, оның көлемi
әрқалай және талшықты дәнекер ұлпадан тұратын қабаттар болады. Мал арықтап, майын жойса да липомалар
сақталады. Зиянды iсiктерден iрi қара мал және шошқа саркома мен карцинома, ал жылқыда-мелансаркома
кездеседi.
Саркома - (Sarcoma) және карцинома - (Carcinoma) - ағзаларына қоса ет, сүйек, лимфа түйiндерi және сiрi
қабықтарда да пайда болады. Карциноманы тек iрi қарадан табады, ол бұдырлы зақымданған ұлпаның бет
жағынан көтерiңкi жатады, сондай-ақ ол альвеокок көпiршiгiне ұқсас келедi. Саркома ақ-қызғылт түстi,
консистенциясы жұмсақ.
Мелансаркома - (Melanocarcoma - ақ және сұр түстiлерi) - жылқыда кездеседi, қара-қоңыр кейде
толық қара түстiлерiне оңай диагноз қоюға болады. Терiсi, сүт бездерi, бауыр, көкбауыр және лимфа
түйiндерiнде кездеседi. Бұдан қатерлі және қатерсіз iсiктердi ажырату қажет. Күмәндi жағдайда
гистологиялық тексеру жүргiзедi.
50.
Санитариялық баға. Зиянды (қатерлi) iсiкпен, сондай-ақ көптеген зиянсыз iсiкпен ұшаныңзақымдалған бөлiктерiн техникалық қайта өңдеуге жiбередi, ал зақымданбаған жерлерiн пiсiрiп - ысталған
шұжық дайындауға пайдаланады немесе пiсiргеннен кейiн шығарады. Тазалау қиын болса ұшаны немесе
ағзаларын тұтастай техникалық өңдеуге жiбередi. Зиянсыз iсiкте зақымданған жерiн алып тастайды да ұша
мен ағзаларын шектеусiз шығарады. Механикалық және термиялық зақымдану. Ұлпалардың механикалық
зақымдануы ашық және жабық деп ажыратылады. Ашық зақымдануға - жарақат (өткен беттерде қараңыз
септикалық процестер), қан ұйыған iсiк (гематома) лимфоэкстравазаттар, созылу, үзiлу және сыну сияқты қан
құйылуы қатар жүретiн зақымданулар жатады. Сойыс малының ұшасын тексергенде көбінесе механикалық
жабық зақымдануды кездестiредi, әсiресе соққы мен жарақаттың салдарынан ет талшықтарының
қанталағаны байқалады. Жаңадан құйылған қан еттiң iшiне жиналады немесе ұйып қалады. Зақымданудың 35 күнiнде немесе одан да кеш қатты ұйыған қанды және оның айналасындағы ұлпалардың iсiңкi екенiн көруге
болады. Оның iшiнде айналасында дәнекер ұлпаның үлкейгенi байқалады. Жақын жатқан лимфа түйiндерi
геморрагиялық қабынады.
Санитариялық баға. Жаңа болған жарақатта, сүйек сынғанда және терi астында аздаған қанталағанда
малдың сояр алдындағы дене температурасы әдеттегiдей болып, айналасындағы ұлпалар және лимфа
түйiндерi қабынбаса, қан сiңген, iсiнген, өзгерген ұлпаларды алып тастайды да ұшаны шектеусiз шығарады.
Көлемдi жарақат, ауқымды сынықтың орнын тазалауға мүмкiншiлiк болмаса ұшаны ағзаларымен бiрге
техникалық қайта өңдеуге жiбередi. Ұшаны терi асты майынан немесе еттiң беткi қабатынан (сиыр ұшасынан
15% артық, ал қой және шошқа етiнен -10% артық) мұқият тазартқаннан кейiн өндiрiстiк өңдеуге пайдалануға
болады.
51.
Ұлпалардың термиялық зақымдануы.Бұның iшiнде ветеринариялық-санитариялық сараптау
тәжiрибесiнде жиi кездесетiнi күйiк. Ет пен ағзалардағы паталогиялық-анатомиялық өзгерiстер зақымдану
дәрежесi және күйгеннен кейiнгi өткен уақыттың ұзақтығына байланысты. Жеңiл күйiкте (терi үстiнiң 5
зақымданған) жергiлiктi өзгерiстер ғана болып, шел майы iсiңкi келедi немесе эксудат шығады. Терi үстiнiң
күйген жерi 10 аспаса және күйген мал алғашқы күнде сойылса, шелiмайдың iскенiн, зақымдалған жерден
лимфа жинайтын, лимфа түйiндерiнiң ұлғайғанын, жүрек етiнiң болбырлығын, өкпесi мен бауырына қан
жиналғанын, кейде бүйректерiнiң капсуласының астында қан құйылғанын көруге болады. Егер де күйген мал
6 күн немесе онан кейiн сойылса және терi бетiнiң 10 астамы күйсе, зақымданған жердiң етi болбыр,
қызғылт-сұр түстi, аймақтық лимфа түйiндерi үлкейген, iсiңкi және кедір-бұдыр. Жүрегi үлғайған, ж.рек етi
болбыр, қан қүйылған, өкпесi үлғайған, сiрi қабығының астында қан құйылғаны байқалады. Бауыр едәуiр
ұлғайған, болбыр немесе консистенциясы болбыр немесе күйрек, сары балшық түстес. Көкбауыр болбыр,
қара күрең түстi. Бүйректерiнiң капсуласының астына қан құйылған және инфаркт телiмдерi кездеседi. Терiсi
едәуiр күйген малды 10-15 күннен кейiн сойып ұшасы мен ағзаларын тексергенде плеврит, перитонит,
пневмания және басқа өзгерiстердi көруге болады. Қатты күйген мал етi сақтауға шыдамсыз. Санитариялық
баға. Күйiп қалған малды ұлпа мен ағзаларда терең морфологиялық өзгерiстер мен қосымша инфекция
басталғанша тезiрек сою керек. Аздап күйген малды алғашқы 3 күнде сойса, зақымданған жерiн кесiп алып
техникалық қайта өңдеуге жiберiп, ұшасын тежеусiз шығарады. Көлемдi күйiкте, лимфа түйiндерi қабынса,
ағзалары мен ұшаның кейбiр жерiнде iсiк байқалса микробиологиялық, физико-химиялық тексеру жүргiзедi,
соның қорытындысына қарап баға бередi. Iшкi ағзаларын және зақымданған жерiн техникалық қайта өңдеуге
жiбередi.
52.
Желiнсаумен ауырған мал сойыс өнiмдерiнiң санитариялық бағасы. Желiнсаудың қандай түрi болмасынжелiнiн теханикалық қайта өңдеуге жiбередi, желiнiң бiр бөлiгi зақымданса, бiрақ лимфа түйiнi өзгерiссiз
болса, ұша және басқа сойыс өнiмдерiн шектеусiз шығарады. Патологиялық-анатомиялық өзгерiстерi айқын
бiлiнiп, желiн үстi лимфа түйiнiнде өзгерiс болып жiтi қабынуда бактерологиялық тексеру жүргізедi, соның
қортындысына байланысты етке санитарлық баға бередi. Пигменттi (меланоз, қоңыр атрофия, гемахроматоз)
сойыс өнiмдерiнiң санитариялық бағасы. Пигмент өкпе, бауыр, бүйректерi мен сүйектерiнде болса ұшаны
ағзалармен бiрге техникалық қайта өңдеуге жiбередi. Ал, жеке ағзалары пигменттелсе соларды ғана қайта
өңдеуге жiбередi, ұшасын тежеусiз шығарады. Ал бауырдағы пигмент малдың азықтануымен байланысты
болса (ауруларға қатыссыз) оның дәмi әдеттегiдей болып, басқа ағзаларында және ұшасында өзгерiстер
болмаса, ондай бауырды тағамға пайдаланады.
Жұқпалы емес ауруларда сойыс өнiмдерiн санитариялық бағалау, патологиялық процесстiң жалпы
организмге таралу мүмкiндiгiне, аутофлораның етке өту мүмкiндiгiн ажырата бiлуге тiкелей байланысты.
Сондықтан да патологиялық көзi айналасындағы лимфа түйiндерiнiң зақымдануына мұқият тексеру
жүргiзу қажет.