«Қызыл жалпақ теміреткі. Жүйелі қызыл жегі. Күлдіреуікше. Ауыз қуысындағы көріністері»
Жүйелі қызыл жегі
Аурудың дамуына әсер ететін факторлар:
Жүйелі қызыл жегі ауруының негізгі белгілері Жүйелі қызыл жегінің ауру белгілері әр түрлі болып келеді. Сондай-ақ ол барлық
Жүйелі қызыл жегі
Қызыл жалпақ теміреткі
Қызыл жалпақ теміреткі ауыз қуысында
Пайдаланылған әдебиеттер:
675.06K
Категория: МедицинаМедицина

Қызыл жалпақ теміреткі. Жүйелі қызыл жегі. Күлдіреуікше. Ауыз қуысындағы көріністері

1. «Қызыл жалпақ теміреткі. Жүйелі қызыл жегі. Күлдіреуікше. Ауыз қуысындағы көріністері»

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
«Қызыл жалпақ теміреткі. Жүйелі
қызыл жегі. Күлдіреуікше. Ауыз
қуысындағы көріністері»
Алматы, 2016ж.
Тексерген:
Орындаған:Тасу Марат
Курс: 4
Топ:12-014-01
Факультет: жалпы медицина

2. Жүйелі қызыл жегі

Дәнекер тіндер мен буындардың созылмалы аутоиммунды
ауруы.Ағзаның иммундық жүйесінің реттеу үдерістерінің
тектік жетілмеуінен туындаған дерт тері, бұлшық ет, буын,
жүрек-қан тамырлар жүйесін, бүйрек, өкпе, жүйке жүйелерін
және өзге де мүшелерді зақымдауымен қауіпті. Жүйелі
қызыл жегі ауруына 14-40 жас аралығындағы қыздар мен
әйелдер көп шалдығады. Жалпы бұл дерттің неден пайда
болатыны белгісіз. Ғалымдар оны көбіне тұқым
қуалаушылық, генетикалық, иммундық, гормондық және
сыртқы факторлармен байланыстырады. Кей жағдайларда
созылмалы вирустық инфекциялардың (РНК-құрамды және
баяу ретровирустар)әсерінен болуы мүмкін, яғни өзгерген
иммунитет фонындаәсер ететін вирустық инфекция.

3.

Патогенезі бойынша аутоиммундық ауруға
жатады. Көп жағдайда иммундық жүйе
қызметінің бұзылуынан болады. Яғни ммундық
жүйенің бұзылуы қалыпты қызмет етіп отырған
тін мен мүшелерге шабуыл жасайтын
антиденелерді өндіреді. Нәтижесінде түрлі
қабынулар болып, ағза мүшелерді зақымдайды.
Жүйелі қызыл жегі әсіресі аутоиммундық
аурулармен ауыратындардың жақындары үшін
қауіпті. Бұл аурудың белгілі бір алдын алу
тәсілдері жоқ.

4. Аурудың дамуына әсер ететін факторлар:

жасандық түсіктер,
вакцинадан кейінгі реакциялар,
күн көзінде ұзақ болуы,
жүктілік,
етеккір қызметінің басталуы,
дәрі-дәрмектерге аллергия т.б.

5.

Аурудың түрлері мен айырмашылықтары:
Дискоидты қызыл жегі (терілік) — бөртпе
түрінде шығатын(кейіннен тыртық ізі қалатын) созылмалы тері
ауруы. Бөртпе бірнеше күннен бірнеше жылға созылуы мүмкін,
сондай-ақ кейіннен қайталануы да мүмкін.
Дәрілік жегінің белгілері қызыл жегіге өте ұқсас,
бірақ бүйрек пен бас миды көп зақымдамайды. Бұл түрі дәрідәрмектерді ішумен тікелей байланысты. Көбіне гидралазин,
изониазид, метилдофа, миноциклин т.б. препараттар.
Неонатальды жегі жаңа туған нәрестелерде
дамиды. Дәлірек айтсақ, егер сәбиге науқас анасынан
антиденелер түссе, осы дертке шалдығуы мүмкін. Көбіне тері
бөртпесі түрінде шығады да 6 айда өз бетінше қайта бастайды.
Негізгі асқынулар–жүрек ырғағының бұзылуы. Сондықтан
жүйелі қызыл жегімен ауыратын әйел балалы болуды алдын ала
жоспарлап, жүкті кезінде өзін-өзі дұрыс күтсе, өірге дені сау
ұрпақ алып келеді. Жалпы неонатальды жегі сирек кездеседі.

6. Жүйелі қызыл жегі ауруының негізгі белгілері Жүйелі қызыл жегінің ауру белгілері әр түрлі болып келеді. Сондай-ақ ол барлық

ағзаны және жеке
дара мүшелерді де зақымдауы мүмкін. Демек әр науқаста ауру әр түрлі жүреді.
Бастысы – диагнозды дұрыс қойып, ауруды ажырата білу, соған сәйкес ем қабылдау қажет.
Дене қызуының көтерілуі, жалпы дімкәстікті сезіну, асқа тәбеттің болмауы, қыжыл,
салмақ жоғалту;
Тері өзгерісі;
Буындардың қабынуы, ауыруы, ісінуі, қызаруы;
Бауыр мен көкбауырдың үлкеюі;
Бұлшық еттердің ауыруы, сырқырауы, әлсіреуі, қабынуы;
Мұрын үсті мен бетте көбелек тәріздес бөртпелер пайда болады;
Күн көзіне шыққанда көрінетін немесе көбейе түсетін бөртпелер;
Бетте, мойында кеудеде және қол және аяқ буындарының маңайына қызғылт
дақтардың шығуы. Бұл дақтар айтарлықтай анық,ашық көрініп, бір-бірімен қосылып
тұруы мүмкін;
Терінің құрғауы байқалады;
Серозды қабықтардың иммундық қабынуы(плевра, ішперде перикардасы);
Әдетте перикардит дамиды, оған мерикардит, кейде эндокардит, плеврит, серозды
перитонит қосылады;

7. Жүйелі қызыл жегі

8.

9. Қызыл жалпақ теміреткі

Қызыл жалпақ теміреткі. Пайда болу себебі белгісіз. Алғашқы
элементтерінің бірі попула-түйін, іріңсіз кішкене ісік, қызыл көк түсті,
тіл мен азу тіс тұсында жиі кездеседі. Ерін мен таңдайға сирек
шығады. Кішкене түйіннің беті балауыз тәрізденіп, жылтырап
мүйізденеді. Бұлардың екі түрі бар. Жәй теміреткі өте жиі кездеседі,
тері қабықтанып агарып көрінеді. Екінші түрі — жалқықты
(экссудативно-гиперемическая форма) түрі. Талаурата қызарып
шырышты қабықта түйіншектер пайда болады.
Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі

10. Қызыл жалпақ теміреткі ауыз қуысында

11. Пайдаланылған әдебиеттер:

Терапевтическая стоматология.Учебник Е.В.
Боровского, 2006год издания, 800-с.
Терапевтическая стоматология.Г.М. Барьера.
ГЭОТАР-МЕДИА.2005г.и. 288 стр.
Терапевтическая стоматология. Е.В. Боровский,
В.С.Иванов. Медицина 2001 г.736 стр
Пропедевтическая стоматология. Э.А. Базикян
English     Русский Правила