Похожие презентации:
Альцгеймер ауруы
1.
Қазақстан – Ресей Медицина УниверситетіАльцгеймер ауруы
Орындаған: Қожағул.Г.С
Тобы: 507”Б”
Қабылдаған: Жусупова Э.Т.
2.
Бұл аурудың клиникалық көрінісінде Пик ауруымен ұқсастықтар өте көп. Бұл ауруүшін де үдемелі амнезия және тотальды кем ақылдылық тән. Сонымен қатар белгілі
бір айырмашылығы да бар. Альцгеймер ауруының инициальды кезеңінде жиі
жасаурағыш-тітіркенген депрессия, бұл бұзылыстармен қатар үдемелі амнезияға
жақын естің жылдам үдемелі нашарлауы бақыланады, көп ұзамай аурудың алғашқы
белгiлері пайда болғаннан бастап кеңiстiктегi дезориентировка дамиды. Альцгеймер
ауруының ерекшелiгi, науқастарда ұзақ уақыт өз күйлеріне формальды сын
көзқарастың сақталуында (Пик ауруымен салыстырғанда). Ауру дамуына қарай ақыл
кемдігі де үдй түседі. Мұндай науқастардың тәртiбi мүлдем орынсыз болады, олар
өздерінің тұрмыстық дағдыларын жоғалтады, қимыл-қозғалыстарының мүлдем мәні
жоқ.
Альцгеймер ауруымен науқастарда сөйлеу бұзылысы, афазия, эпилептиформды
ұстамалар, спастикалық контрактуралар ерте пайда болады.
Аурудың екi түрiнде де психикалық бұзылыстар сандырақтық және галлюцинациялық
симптаматикамен, және де бұзылған сана эпизодтарымен жүруі мүмкін. Бас
миындағы атрофиялық үрдістердің даму дәрежесіне қарай үдемелі психикалық және
неврологиялық бұзылыстарға трофикалық бұзылыстар қосылады. Ауру ұзақтығы
бiрнеше айдан он жылға дейiн созылуы мүмкiн. Бұл аурудың болжамы қолайсыз
болып табылады.
Бас миының атрофиялық үрдістеріне байланысты психикалық аурулар диагностикасы
үлкен қиындықтар туғызбайды. Диагностика ОЖЖ органикалық зақымдануларын
нұсқайтын мәліметтер болмаған жағдайда үдемелі амнестикалық бұзылыстардың
және тотальды ақыл кемдігінің пайда болуына сүйенеді. Бiрақ кейбiр бақылаулар бас
миының кейбiр iсiктерi атрофиялық ауру кезіндегі психикалық бұзылыстардың
клиникалық көрінісіне ұқсас көрініс беретінін нұсқады (мыслаы, маңдай бөлiгінің
iсiгі).
3.
Кәрілік ақылкемдігіКәрiлiк ақылкемдігі жағдайында, өз атауы айтып тұрғандай тотальды ақыл кемдігіне
басты мән беріледі, ол мнестикалық және эмоциональды бұзылыстармен бірге
жүреді. Ауру, ереже бойынша, байқалмай басталады. Біртіндеп науқастың
психикалық бейнесi өзгередi, тонау, кедейлік және қайыршылық сандырақтық
идеялары дамиды. Үдемелі амнезия және конфабуляция тән. Ең алдымен ағымдағы
болып жатқан оқиғаларды есте сақтау бұзылады, кейiн келе мнестикалық
бұызылыстар науқас өмірінің ерте кезеңдеріне таралады. Науқастар ұмытылған
сәттердің орнын жалған естеліктермен – псевдореминисценция және
конфабуляциялармен толтырады. Кейбiр науқастарда конфабуляциялардың молдығы
сандырақты күйді еске түсіреді. Бiрақ олар тұрақсыздығымен және белгiлi бір
тематикасының болмауымен ерекшеленедi. Науқастың эмоциональды көрiнiстерi тез
тарылып, өзгеріске ұшырайды, кеңпейiлдi бейғам немесе түнерген-тiтiркенгiш көңiлкүй бақыланады. Жағдайды түсiну қабілеті бұзылысы мен әдеттегi жүріс-тұрыс
формасы мен дағдылар арасында диссонанс байқалады, ситуацияны және жағдайды
түгел, толықтай дұрыс бағалау мүмкінсіздігі бақыланады. Науқас жүріс-тұрысына
пассивтілік және иннерттiлiк (науқас еш нәрсемен айналыса алмайды) немесе бос
әбiгершiлдік байқалады (заттарын жинап, бiр жаққа кетуге талпынады). Сын көзқарас
жан-жақты бұзылады (ситуацияға, өз жағдайына байланысты). Жиі науқастардың
жүріс-тұрысы инстинктерінің тежеусізденуімен көрінеді - тәбеттiң жоғарылауы және
сексуальдылық. Сексуальды тежеусіздену қызғаныш идеяларымен, жас ұл- қыздарға
қатысты сексуальды азғындатулық әрекеттерімен көрінеді. Кәрiлiк ақылкемдігі
көріністерін «тұлғалық деңгейдiң төмендеуi» деген түсiнiктен ажырата бiлу керек, бұл
күйде психикалық үрдістер ағымының қарқыны төмендейдi, жаңа ақпарат қабылдау
нашарлайды, тұжырымдау, сын көзқарас деңгейi төмендейдi, эмоциональды
кедейлену көрiнiстері болады.
4.
Сандырақтық және галлюцинаторлыжағдайлар.Сандырақтық және
галлюцинацинаторлы жағдайлар түрiндегі
психикалық бұзылыстар ақылкемдігі тәрізді
кәрілік психоздары кезiнде жиi кездеседi.
Кәрілік психозының мұндай формасы
науқастарда айқын ақыл кемдігі болмаған
жағдайда бақыланады. Бұл кезде депрессивтi
жағдай түрiндегі эмоциональды бұзылыстар
кездесуi мүмкiн. Науқастар соңына түсу,
кiнәлiлiк, тақырға отыру және ипохондриялық
сандырақ идеяларын айады. Сандырақтық
күйзелістер нақты ситуациялармен
байланысты. Сандырақ мазмұнында шынайы
жағдайлардың жеке фактiлерi көрініс береді.
Сонымен бiрге науқастарда галлюцинаторлы
симптоматика бақыланады. Жиі көру және
тактильдi галлюцинациялар кездеседi. Өзiнiң
мазмұны жағынан олар сандырақтық
идеялармен байланысты. Эпизодты түрде мол
конфабуляциялармен ұштасатын бұзылған
сана жағдайлары пайда болады.
Кәрілік кезеңдегі сандырақтық психоздардың
толқын тәрiздi ағымда жүру мүмкіндігі
бақыланған. Бұл жағдайлар бiрнеше рет
қайталануы мүмкін. Олардың арасында
әртүрлi ұзақтықтағы ашық аралықтар болады.
5.
Пресенильдi психоздар жеке нозологиялықбірлiк ретiнде өткен ғасырдың соңында,
жасқа байланысты белгiлері бойынша
бөлiндi. Пресинильдi психоздардың жеке
формаларының психопатологиялық
айырмашылықтары, басқа психикалық
аурулармен ұқсастығы олардың
нозологиялық жекелiгiн терiске шығаруға
себеп болды. Олар шизофренияның,
маниакальды – депрессивтi психоздың,
атресклероздың немесе т.б. жасқа
байланысты психикалық ерекшелiктердің
арнайы көрiнiстерімен жүретін аурулардың
көрінісі ретiнде қарастырыла бастады.
Пресенильді психоздардың нозологиялық
табиғатына деген тұрақсыз көзқарас осы
кезге дейiн сақталып келді. Бiрақ көптеген
психиатрлар пресинильдi психоздың
нозологиялық жекелiгiн мойындайды, және
бұл психикалық аурулардың қолданыстағы
жiктеуiнде белгiленген.
6.
Пресенильдi психоздардың пайда болуы тек жасқа байланысты емес, басқада факторларға тәуелді: соматикалық және инфекциялық аурулар,
тұрмыстық қолайсыздықтар, өмiрлiк стереотиптiң өзгеруi (жаңа пәтерге
көшу, жұмыстан шығу және т.б.). Пресенильдi психоздар дамуына
бейiмдеушi характерологиялық ерекшелiктер де бар: күмәншiлдiк,
үрейшілдік, сенімсіздік, жоғары жауакершілік сезімі. Бiрақ экзогендi
зияндылықтар және науқастардың преморбидтiк ерекшелiктерінің рөлi
жөніндегі пікірлер арнайы зерттеулерге емес эмперикалық мәлiметтерге
сүйенген.
Пресенильдi психоздар жиі әйелдерде климакс алды және климакс
кезеңiнде пайда болады. Осыған байланысты кейбiр авторлар ағзадағы
инволюциялық ауытқуларды эндокринологиялық өзгерiстерге сайып, осы
арқылы психикалық аурудың сипатын түсiндiрмек болды. Пресенильдi
психоздармен науқастарды арнайы зерттеу, және эндокриндi
препараттармен емдеудiң нәтижесiздiгi бұл теорияның сенiмсiздiгiн
дәлелдедi. Сонымен қатар эндокриндi ауытқулар эмоциональды
бұзылыстар дамуында аса маңызды деп санауға негiз бар.
7.
Инволюциялық, және кәрілік психоздарының этиологиясы мен патогенезiмәселесі аз зерттелген. Оның шешуi биологиялық және әлеуметтiк-психологиялық
аспектiлердi, зат алмасу бұзылыстарын, интоксикацияларды қоса алғанда
қартаюдың жалпы проблемаларын зерттеумен тығыз байланысты. Кәрілік алды
және кәрілік кезеңдегі психикалық бұзылыстар дамуында жалпы жасқа
байланысты өзгерістермен қатар психогендi жарақаттар мен соматикалық
зияндылықтардың рөлi де көрсетiлген.
Соңғы жылдарда психоз дамуының себебiн түсiнуде қартаю аспектiлерiнiң
генетикалық мәлiметтерi қолданылуда.
Ми атрофиясы, соның iшiнде кәрiлiк ақылкемдігімен науқастарда психикалық
бұзылыстардың болмысын анықтау үшiн олардың миындағы морфологиялық
өзгерiстер жөніндегі мәлiметтер маңызды. Кәрiлiк ақылкемдігі, атрофиялар
кезінде ОЖЖ-де белгiлi бір макро - және микроскопиялық өзгерiстер анықталады.
Макроскопиялық зерттеу кезiнде мидың әртүрлi бөлiгінде атрофиялық өзгерістер,
ми қабықтарының жабысулары және бұлыңғырлығы байқалады. Бұл атрофиялық
өзгерiстер компьютерлiк томография және пневмоэнцефалографияда
анықталады. Микроскопиялық зерттеуде ганглиозды жасушалардың
дегенерациясы, майлы қайта түзілуі анықталады. Қарттық психозбен науқастар
миынан сенильдi табақшалардың табылуы типті болып саналды, бiрақ мұндай
пікір толық негізделмеген.
Пик және Альцгеймер аурулары кезіндегі бас миындағы өзгерiстер қарттық
ақылкемдігіне ұқсас келедi. Бiрақ олар локальдылығымен, мидың белгiлi бiр
бөлiктеріндегі атрофиялық үрдістермен ерекшеленедi.
8.
Пик және Альцгеймер аурулары кезіндегі бас миындағы өзгерiстерқарттық ақылкемдігіне ұқсас келедi. Бiрақ олар локальдылығымен,
мидың белгiлi бiр бөлiктеріндегі атрофиялық үрдістермен
ерекшеленедi.
9.
Кәрiлiк алды және кәрiлiк жас кезеңіндегі психоздардың емі жәнепрофилактикасы
Айқын депрессиямен науқастарды емдеуде электротырысулық терапияның
тиімділігі жоғары. Бiрақ электротырысулық терапия жүргізгенде буын таюлар,
сынықтар, жүрек жұмысының бұзылуы (әсiресе егде жастағы науқастарда)
және мнестикалық өзгерiстер сияқты, асқынулар болуы мүмкiн.
Галлюцинаторлы-параноидты формасымен науқастарға инсулинді-шокты
терапия қолдану оң нәтиже береді. Соңғы жылдарда пресенильдi және
сенильдi психоздардың емінде психотропты дәрiлiк заттар кеңiнен
қолданылады.
Психотропты заттарды таңдау бұзылыстардың психопатологиялық
құрылымының ерекшеліктерімен және де науқастардың соматикалық
жағдайымен анықталады. Психотропты дәрiлiк заттарды қолданудың
терапиялық тактикасының жалпы принциптері басқа психикалық ауруларды
емдеудегі принциппен ұқсас. Егде жастағы науқастарға психотропты дәрiлiк
заттар аз мөлшерде тағайындалады. Егде жастағы науқастарда осы тәріздес
психопатологиялық бұзылыстар орын алғанда емді ең төменгі мөлшерден
бастау қажет. Мөлшерін ұлғайту науқастардың соматикалық күйін - әсiресе
жүрек – қантамыр жүйесiнің қызметін қатаң бақылау арқылы жүргізіледі.
Психомоторлы қозу жағдайында нейролептиктер қолдану оң нәтиже береді.
Седативтi нейролептиктермен қатар тимолептиктер де кеңінен қолданылады:
левомепромозин, тиоридазин. Егде жастағы науқастар нейролептик
қатарындағы дәрiлiк заттарды нашар көтереді. Сондықтан оларды төмен
мөлшерден бастап тағайындайды.