Жіті респираторлы инфекциялар кезінде БЖАЫЖ. Жалпы қауіпті белгілер, жіктеу кестелері. Жөтелі бар және тыныс алуы қиындаған
ЖРВИ-жедел респираторлы вирусты инфекция.
ЖРВИ: ауырлығы бойынша
Жіктелуі
Патогенез:
ЖРВИ симптомдары:
Жиі байқалатын асқынулар:
Дифференциялды диагностика
Емдеу тактикасы
м
Профилактикалық шаралар
Госпитализациялауға көрсетімдер:
762.99K
Категория: МедицинаМедицина

Жіті респираторлы инфекциялар кезінде БЖАЫЖ

1. Жіті респираторлы инфекциялар кезінде БЖАЫЖ. Жалпы қауіпті белгілер, жіктеу кестелері. Жөтелі бар және тыныс алуы қиындаған

Дарменов Р.А
621 ЖПД

2. ЖРВИ-жедел респираторлы вирусты инфекция.

Өте кең таралған,тыныс жолдарының зақымдануы
және интоксикациямен көрінетін,ауалы-тамшылы
жолмен берілетін жедел респираторлы вирусты
инфекция болып табылады.Ол озінде
тұмау,мұрын-жұтқыншақ жолдарының
инфекцияларының асқынуы және ЖРВИ бактериямен
асқынуымен жүреді.Осы терминмен тыныс
жолдарының локализациясына байланыссыз,яғни
риниттен пневмонияға дейінгі жедел спецификалық
емес инфекциялық ауруларын біріктіру болып
табылады.

3.

ЖРВИ көптеген
қоздырғыштармен
шақырылады.
Оның ішінде
парагрипп,грипп,
аденовирусты
инфекция,ринови
рус,реовирус
және т.б.

4.

ЖРВИ-мен көбінде жас
балалар
жиі ауырады,осы ауруға
сезімталдық 6 айдан 3 жас
аралығында жоғары болады,өсе
келе антидене қалыптасып
ауыру
қауіпі төмендейді.Сонымен
қатар
1 жас пен 5 жас аралығындағы
балаларда жиі ауырады,себебі
аналық және қалыптасқан
иммунитеттін жоғалуына
байланысты.

5. ЖРВИ: ауырлығы бойынша

– жеңіл
орташа
ауыр
гипертоксикалық.

6. Жіктелуі

ЖРВИ-дің негізгі түрлері, олардың өздеріне тән
қоздырушылары бар.
1.Риновирустық инфекция. Ең негізгі себебі –
салқын тию. Көбінесе ауру жеңіл түрде өтеді және
арнайы емнің қажеті жоқ.
2.Коронавирустық инфекция. Риновирустық
инфекция сияқты, бірақ көпке созылмайды.
3.Аденовирустық инфекция .Аурудың бұл түрімен
көбінесе балалар, соның ішінде емшектегі нәрестелер
ауы¬рады. Жиі коньюнктивиттің белгілерімен бірге
жүреді.
4.Парагрипп. Тамақтың ауруы, дауыстың қарлығуы,
қатты жөтелу- парагрипптің жиі кездесетін белгілері.

7. Патогенез:

• 1.Аурудың бастапқы кезеңінде вирус тыныс жолдарының кіреберіс
қақпағында дамиды,яғни мұрында,жұтқыншақ және көмейде.Ол
мынадай симптомдармен көрінеді:
-құрғақ жөтел
-мұрынның бітелуі
-ашу сезімі.Кейде бұл процесске көздің шырышты қабаты мен
асқазан-ішек жолы қатысады.Температура жоғарыламайды.
2.Кейін вирус қанға түсіп жалпы интоксикация симптомдарын
шақырады:
-озноб
-бас ауыру
-арқа мен аяқтарында ауырлық сезімі.
3.Соңғы кезеңінде асқынбаған ЖРВИ тыныс жолдары вируспен
зақымдалған эпителий қабатынан тазалану болып
табылады.Ол мынадай симптомдармен көрінеді:
-ылғалды жөтел
-шырышты қақырық

8. ЖРВИ симптомдары:

-әлсіздік
-жарықтан қорқу сезімі
-озноб
-буын және бұлшық етте ауыру
сезімі
-бас ауыру
-терлегіштік
-құсу,жүрек айну
-дауысының қарлығуы,қырылдауы
-жөтел
-тамақта ауыру сезімі
мұрынның бітелуі,
тамақтың жыбырлауы,
дауыстың қырылдауы,
дене қызуының көтерілуі,
әлсіздік,
бұлшықеттердың ауырсынуы және
т.б.

9. Жиі байқалатын асқынулар:

ринит
-синусит
-отит
-трахеит
-пневмония
-менингит
-неврит

10. Дифференциялды диагностика

• -грипп: жедел басталады,температура
жоғарылайды,ауыр ағымда өтеді.
• -парагрипп: жеңіл ағымда өтеді,жұтқыншақтың
зақымдануымен .
• -аденовирусты инфекция: айқын
басталады,ангина,лимфоаденопатия,көз
конъюктивасының зақымдануы,бауыр зақымдануы
мүмкін.
• -респираторлы-синцитиальды вирус: бронхтармен
бронхиолдардың зақымдануы,бронхопневмония
дамуы мүмкін.
• -ротавирусты инфекция: диспепсиялық синдром

11.

Дифференциалды диагноз
Диагноз немесе ауру себебі
Диагноз пайдасына
Жіті бронхит
- Тыныс алу жиіленуінсіз жөтел;
- Мұрын бітелу;
- Температураның жоғарылауы, қызба;
Пневмония
- Жөтел және жиілеген тыныс:
жасы < 2 ай > 60/мин,
жасы 2 – 11 ай > 50/мин,
жас 1 – 5 жас > 40/мин.
- Көкірек клеткасы төменгі бөлігінің ішке тартылуы;
- Қызба;
- Аускультациялық белгілер – әлсіздеген тыныс,
ылғалды сырылдар;
- Мұрын қанатының кебуі;
- Уһілеген тыныс (ерте жастағы нәрестелерде).
Стеноздаушы ларинготрахеит
(жалған бітелу)
- Үрмелі жөтел;
- Тыныс жеткіліксіздігі;
- Бәсеңсіген дауыс;
- Егер қызылша салдарынан болса – қызылша
белгілері.

12.

Көкжөтел
Обструктивті бронхит
- Дірілді өзіне тән ысқырмалы тыныспен,
құсумен, цианоз немесе апноэмен қатар
жүретін пароксизмальді жөтел;
- Жөтел ұстамалары арасында өзін-өзі
жақсы сезіну;
- Қызбаның болмауы;
- Анамнезінде АКДС вакцинасының
болмауы.
- Анамнезде демікпелік тынысе
салқындаумен байланысты;
- Нәрестеде және жанұя
мүшелерінде демікпенің / экземаның /
поллиноздың болмауы;
- Ұзарған тыныс шығару;
- Аускультативті – құрғақ сырылдар,
әлсіздеген тыныс (егер анық болса – тыныс
жолдарының түйілуін алып тастау);
- Бронхолитиктерге жақсы реакция;
- Демікпе кезіндегіден көріністер аз екені
айқын.

13. Емдеу тактикасы

Дәрі-дәрмексіз ем:
1. Мол жылы сұйықтық ішу.
2. Сәйкес бөлмелік жылуды сақтау.
3. Дене қызуының көтерілу кезеңіне – төсек режимі.
Дәрі-дәрмектік ем:
1. Құрғақ жөтелді жұмсартуға – қақырық түсіретін дәрі-дәрмектерді
тағайындайды (амброксол**). 38,5 градустан жоғары темперетурада бір мәрте –парацетамол* *
10-15 мг/кг.
2. ЖРВИ және жіті бронхиті бар балаларға антибиотиктерді тағайындамау керек, ол бактериалды
жұқпаны емдеуге нәтиже береді. Жөтел - антибиотикпен негізсіз емдеуде
жиі тағайындалатындардың бірі. Жөтелді басатын дәрі-дәрмекті тағайындамау керек.
3. Құрамында атропин, кодеин және оның туындылары немесе спирт бар дәрідәрмекті тағайындамау керек (баланың денсаулығына қауіпті болуы керек).
4. Мұрынға медициналық тамшыларды қолданбау керек.
5. Құрамында аспирин бар дәрі-дәрмекті қолданбау керек.
Негізгі дәрі-дәрмектер тізімі:
1. **Парацетамол 500 мг, табл;
2. **Амброксол 30 мг, табл.; 15 мг / 2 мл, амп., иньекцияларға арналған ерітінді, 15 мг / 5 мл, 30
мг / 5 мл, сироп.
Қосымша дәрі-дәрмектер тізімі: **Оксолин майы 0,25%.

14. м

15. Профилактикалық шаралар

· Науқастармен жəне вирус тасымалдағыштармен
қатынасты шектеу;
· Бетперде кию жəне ЖРВИ мен жанұя мүшелерінің қол
жууы;
· Бөлмеде оптималды ауа режимін сақтау;
· шынығу шараларын жүргізу;
· қауіп тобындағы балаларға тұмауға қарсы вакцинация.
Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері:
Егер жөтел 1 айдан астам уақытта немесе қызба 7 күн
бойы жəне одан да көп уақытта болса, басқа мүмкін
болатын себепетрді анықтау үшін қосымша зерттеулер
жүргізіңіз (туберкулез, демікпе, көкжөтел, бөгде дене,
АИВ, бронхоэктаз, өкпе абсцесі, менингит, құлақтың
немесе несеп шығару жолдарының инфекциясы жəне
т.б.).

16. Госпитализациялауға көрсетімдер:

Кеуде клеткасының төменгі бөлігімен дем
тартуда тыныс алу жеткіліксіздігі жəне
тыныс алудың жиілеуі, тырыспалар, айқын
токсикоз ( тамақтан, су ішуден, емшек
емуден бас тарту, сананың бұзылуы)
тарылатын ларингиттің (II-IV дəрежедегі
тарылу) түрінде асқынудың пайда болуы.
English     Русский Правила