Похожие презентации:
Құлдық дәуірі
1.
2. Құлдық дәуірі
Құлдық – адамзат тарихындағықанаудың дөрекі түрі. Құлдық алғашқы
қауымдық қоғам ыдырай бастаған
кезеңде пайда болды. Алғашқыда
соғыс тұтқындары, қарыздарын өтей
алмаған кедейлер құлға
айналдырылды. Кейіннен құл саудасы
кеңінен өріс алды. Құлдықтың
классикалық үлгісі ежелгі Вавилонда,
Египетте, Грекияда, Римде болды.Б.з.б.
5 ғасырдан бастап құл еңбегі маңызын
жоя бастады. Б.з.б.16 ғасырда Батыс
Еуропада капиталистік қатынастар
дамып, жаңадан ашылған жерлерді
жаппай отарлау нәтижесінде құлдық
қайта өріс алды.
3. Құлдық дәуірдегі саяси ой-пікірлер
• Құлдық дәуірдегі саяси ойлардыңдамуы мен пайда болуы әр елде әр
қилы болды.Соның ішінде Батыс
мәдениетінің шоқтығы биік.Себебі ол
жоғар өркениеттіліктің үлгісін
көрсетті.Батыс елдерінің ішінде саяси
идеялар Ежелгі Грецияда қатты
дамыды. Көне гректерде саяси
ғылымға мол мұра қалдырған
ойшылдар көп. Соның бірі
Аристотель және Платон.
4. Платон саяси ой-пікірі
• Платон (б.з.б. 427-347жж.) Шын есіміАристокл. 200 жуық еңбектері бар.Сократ мектебінен өткен. Платонның
айтуынша: адамдар қажеттіліктерін
жеке-дара өтей алмайды. Олар өмір сүру
үшін тамақ, киім өндіруі және үй салуы
керек. Платон қоғамдық меншікті
қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды.
Себебі қоғамдағы қарамақайшылықтарды тудыратын жеке меншік
деген уәжді айтты.
5. Платонның әлеуметтік топқа бөлуі
Мемлекет адамдарды алаламай, байына да, кедейіне де, азына да, көбіне де қарамай —бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек. адамдарды үш үлкен әлеуметтік топқа (сословиеге):
• 1) әкімде-табиғатынан шындыкты, ақиқатты, игілік идеясын саралап, танып-білуге
қабілетті, икемді болуы керек.
• 2) қорғаушылар-әкімдердің ой, ниеттерін іске асырады, мемлекетті қорғайды.
• 3) өндірушілер-(егіншілер мен қолөнер) өмірге керекті каржыларды тауып, мемлекетті
материалдық жағынан қамтамасыз етеді.
6.
Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді.Олар:аристократия-ақсүйектердің үстемдігі
тимократияолигархия
демократия
тирания.
7. Аристотельдің саяси ой-пікірі
Аристотель болса (б.з.б. 384-322жж)Платонның ізін жалғастырушы болды.
Аристотель саясатқа кең мағына берді.
Афинада өз мектебін (лицейді) ашып,
бірінші рет саяси ғылымды пән ретінде
кіргізді.Содан Аристотельді
«саясаттанудың әкесі» дейді. Саясатты
адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі,
оның мақсаты-адамды, мемлекетті
жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа
жеткізу деп білді. Олда жеке меншікке
қарсы болды. Қоғамның тұрақтылығын
жақтады. Мемлекетті саяси
басқаруда адам емес, заң
басқарғанын дұрыс көрді
8. Аристотельдің мемлекетті бөлуі
• Аристотельдің ойынша, мемлекет—қауымның дамыған түрі,ал қауым — отбасының дамыған түрі. Мемлекетке адамдар
белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлекетті дұрыс
және бұрыс түрлерге бөлді.
• Дұрыс түріне: монархияны, аристократияны және политияны
(Аристотель дәуіріндегі Грециядағы мемлекеттік құрылыс)
жатқызды. Мемлекеттің дұрыс түрінде әкімдер халык, ел
пайдасын ойлайды, билік қоғамға қызмет етеді.
• Бұрыс түріне:тирания, олигархия мен демократия деп
санады. Бұрыс түрінде олар өз бастарының пайдасын
ойлайтын көрінеді.
9. Цицеронның саяси ой-пікірі
Саяси ойдың даму тарихында айтарлықтай ізқалдырған Ежелгі Рим болды. Онда әсіресе
атақты шешен, мемлекет қайраткері және
ойшыл Марк Туллий Цицерон (б. з. б. 106-43)
өмір сүрді.
Цицерон мемлекеттің пайда болуының негізгі
себебі — адамдардың бірігіп өмір сүруге
тырысатын табиғи талабының және меншікті
қорғау мақсатынан туындайды дейді. Қоғамға
және жеке меншікке қол сұғуға болмайды.
Бұлардың мызғымастығын бұзушылықты
әділеттілік пен құқықты қорлаумен бірдей
көрді.
10. Цицеронның мемлекет басқаруды бөлуі
Цицерон мемлекеттің құрылым түрі оны басқарушының "мінезі мен еркіне"байланысты болады деп түсіндірді. Басқарушылардың санына қарай ол мемлекет
басқаруды:
• патшалық билік,
• аристократия (оптиматтардың билігі)
• демократия (халык билігі)
Цицерон мүліктік тендік идеясына қарсы болды, қоғамдық-саяси қатынастарда
әлеуметгік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады.
11. Пайданылған әдебиеттер тізімі:
• Р.Әбсаттаров.Саясаттану негіздері.1том.Алматы.2011ж• Кузутаева.Н.САЯСАТТАНУ Ақтау .2010ж
• Интернет желісі:
• http://bkp.ucoz.com/publ/referaty_na_kazak
hskom_jazyke/sajasattanu/ldy_d_uirdegi_saja
si_oj_pikirler/27-1-0-585
• https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D2%B1
%D0%BB%D0%B4%D1%8B%D2%9B
• http://referatikz.ru/load/aza_sha_referattar/s
ajasattanu/rkeniet_tarikhynda_y_sajasi_ojdy_
damu_keze_deri/18-1-0-561