Похожие презентации:
Марк Туллий Цицерон (106 - 43 гг. до н.э.)
1. Марк Туллий Цицерон (106 — 43 гг. до н.э.)
МАРК ТУЛЛИЙЦИЦЕРОН
(106 — 43 ГГ. ДО Н.Э.)
2. Марк Туллий Цицерон (106 — 43 гг. до н.э.)
МАРК ТУЛЛИЙ ЦИЦЕРОН(106 — 43 ГГ. ДО Н.Э.)
Цицерон Марк Туллий (б.з.б. 3.1.106,
Арпинум — 7.12.43, Кайета маңы) —
Ежелгі Римнің саяси қайраткері, шешен,
жазушы. Ақсүйектер әулетінен. Б.з.б. 63
ж. консул болған кезінде беделі қатты
өсті (Катилинаның қастандығын ашты,
сенатта басшы рөл атқарды). 1триумвират (үштік одақ) құрылғаннан
кейін ықпалы төмендеп, б.з.б. 58 — 57 ж.
қуғынға түсті. Б.з.б. 56 — 50 ж. Гней
Помпей мен Юлий Цезарьды жақтады.
Олар араздасқаннан кейін (б.з.б. 49)
азамат
соғысы
кезінде
екеуін
татуластырмақ болды. Цезарь жеңгеннен
кейін (б.з.б. 47) саясаттан қол үзіп, ол
өлтірілгеннен кейін ғана саясатқа қайта
араласты.
3.
4.
Оның Марк Антонийге қарсы 14 сөзі —“филиппик” осы кезеңге жатады. 2триумвиратқа қарсы күресте сенат жеңілген
кезде, Антоний мен Октавиан Августың
қолынан қаза тапты. Цицеронның саяси
идеалы — “аралас” мемлекеттік құрылыс
(монархия, аристократия және демократия
элементтері бар б.з.б. 3 — 2 ғасырлардағы
Рим республикасы үлгісіндегі мемлекет)
болды. Цицерон өзін грек философиялық
теориясы мен Рим саяси (шешендік)
теориясын “татуластырушы”, “тәртіп
сақтаушы және қамқоршы” адамның үлгісі
деп есептеді..
5.
Б.з.б. 51-50 жылдары Киликия мен КішіАзияда проконсул қызметін атқарған кезде,
бірнеше таулық тайпаларды жеңгеннен кейін
Цицеронның беделі әскердің арасында
айтарлықтай өсті. Солдаттар оны император
деп жариялады. Ол б.з.б. 50 жылдың аяғында
Римге келген соң Цезарь мен Помпейдің
арасындағы текетіресте Помпей жағына
шықты. Бірақ б.з.б. 48 жылы Фарсель
түбіндегі соғыста Помпей жеңіліс тауып,
Египетке қашқаннан кейін Цицерон күрестен
бас тартып, Цезарь билігіне мойынсұнуға
мәжбүр болады. Ол енді бірыңғай шешендік
өнермен айналысып, «Шешен» және «Брут»
атты трактаттарын жазды.
6.
Ел билігі қолына тиген соң Цезарьабсолютизмге бой ұрды. Сенімі ақталмаған
Цицерон шешендік өнерді тастап,
философиямен айналысуды ұйғарды.
Цицеронның осы кезеңдегі сүреңсіз өмірін
отбасындағы сәтсіздіктер – отыз жыл
отасқан әйелі Теренциядан ажырасуы, жас
әйелге үйленуінің сәтсіздігі және сүйікті
қызы Тулияның кенеттен қайтыс болуы
ауырлата түсті.
7.
Цицеронның шешендiк өнер iлiмiне арналғанеңбектерiнде шешен үшiн сөйлеу композициясы,
стилi, сөйлеудегi айшықты тiл оралымдары,
сөйлеудiң дыбыстық жағы, артистiк қасиет сияқты
тәлiм алатын көптеген жайттар қамтылған.
8.
Цицерон артында шешендік өнердің теориясымен тарихы жайлы көптеген шығармалар,
философиялық трактаттар, 800-ге жуық хат, сот
процесі мен саясат аренасында айтылған 58 сөз
қалдырды. Арасында грек тілінде жазылған
1000-ға жуық хаты сақталмаған. Цезарь,
Помпей, Антоний және басқа да мемлекет
қайраткерлерінің оған жазған 90 хаты
сақталған. Б.з.б. 68 жыл мен 43 жылдың
шілдесіне дейінгі уақыттар қамтылған хаттары
мен еңбектері 37 кітап болып басылған.
9.
Рим азаматы философиялық біліммен сусындау арқылы шешендікөнерді меңгергенде тек қана мемлекет мүддесі үшін қызмет ету керек
екендігін атап көрсетті. Цицерон өз заманындағы ең білімді адамдардың
бірі болғанымен, өзіндік жол салған ойшыл емес еді. Оны өзі де аңғарып,
өзінің трактаттарын менің стиліммен өрнектелген компиляциялар деп
есептеді. Цицеронның философиялық және риторикалық шығармалары
көбіне диалог түрінде жазылды. Шешендік өнер туралы теориялық
еңбектерінде Цицерон өзінің мемлекеттік және қоғамдық қызмет
атқарғандағы принциптері мен әдістерін негізге алды. «Шешендік
туралы» деген үш кітаптық еңбегін сенат партиясының өкілдері, білікті
шешендер Лициний Красс пен Марк Антоний арасындағы диалог
түрінде жазды. Өзінің көзқарасын Красстың сөздері арқылы баяндады.
Красс шешендік өнердің шебері өмірдің барлық саласынан хабардар
білімді адам болуы керек деп есептесе, Цицерон да шешенді аласапыран
заманда мемлекетті құтқарып қалатын, сұңғыла саясаткер, жан-жақты,
білімді адам болуы тиіс деген.
10.
Өзінің досы Брутқаарнап жазған «Брут»
атты трактатта
алдымен грек, кейін
Римнің атақты
шешендерімен бірге әлі
танылып үлгермеген,
барлығы 200-ден аса
шешендердің аттарын
атап, еңбектерін
талдаған.
11.
Шынайы шешен Цицерон ұғымында”диалектиканың тапқырлығын,
философтың алғыр ойын, ақынның ақиық
сөзiн, заңгердiң жадысын, трагиктiң
қайғылы даусын, лицедейлердiң мықты
ойының игеруi керек»
12.
Сондай-ақ Цицерон ”Брутта” тағы бiрқызғылықты тұжырым жасайды: ”Шешен
айырықша екi қасиетке жетiк болуы керек:
алдымен нақты дәйектемелермен нандыра бiлу,
екiншiден тыңдаушылардың жүрегiн толқыта
сөйлеу, өйткенi кейде сотты нанымға жетектегеннен
гөрi, оны тебiренткен оңтайлы”
13.
Цицеронды шіркеу қайраткерлері Лактанция,Амвросий Медиоланский, Августин, қайта
өркендеу дәуірінің жазушылары Петрарка мен
Боккаччо, француз ағартушылары Дидро,
Вольтер, Монтескье, Ж.Ж. Руссо, т.б. үлгі тұтқан.
14.
Марк Туллий Цицеронның қанатты сөздерінұсынамыз.
15.
Күмәндану арқылы шындыққа жет.2.
Адамның келбеті жүрегінің айнасы.
Көп өтірік айтатын адамдар шыншыл болып көрінуге
тырысып бағады.
4.
Қолыңнан келсе, істе!
Жұмыс істеген адам дұрыстап демала да білуі керек.
Кез келген ілімді айқын түсіну үшін ұқыптылық керек.
Барлық нәрсені біліп, анализ жасай білу аз. Сонымен
қатар, соған байланысты сауатты қадам жасай білу
керек.
8.
Сананы тұрмыс билейді.
1.
3.
5.
6.
7.
16.
1.3.
4.
5.
8.
Планетадағы әр адам өз ақылымен ойланып, өзгенің пікірінен
тәуелсіз шешім шығара білуі керек.
2.
Жазу өнері шешендікке баулиды.
Білім дегеніміз заңдар мен ережелерді құрғақ жаттау емес, олардың мағынасына жетіп, мәнін түсіну.
Өмір бойы сүйіп, махаббатыңды төккің келетін адамды да
таңдай біл.
Шектен тыс көп тамақтану адамды қуаттандырудың орнына
сылбыр қылады.
6.
Ар-ұждан - Құдайдың сыйы.
7.
Тура биде туған жоқ.
Көпшілік алдында сөйлегісі келген адам айтқалы отырған
әңгімесінің мәніне жетіп алмаса, сөзінің құр былдырдан
айырмашылығы қалмайды.
9.
Биліктің ең зоры -өзіңді өзіңе бағындыра білу.