Похожие презентации:
Дене қызуын өлшеу және қызу парағын толтыру дағдыларын өз бетінше дамыту
1.
2.
Молекулалық физикатермодинамика
температура
3.
Адамның дене қызуын өлшеу термометрия деп аталады,ол медициналық сынап термометрімен жүргізіледі.
Термометр капиллярі бар шыны түтікшеден тұрады,
онда сынап толтырылған резервуар бар. Бұл түтік
шкалаға бекітілген, оған 34-тен 42°С дейін бөлімдер
жасалынған. Қызған кезде капиллярмен жоғары
көтерілген сынап суыса да төмен түспейді. Сынап түсуі
үшін термометрді бірнеше рет сілку керек. Медициналық
термометрдің шкаласы дене температурасын 34-тсн 42°'
дейін өлшеуге арналған, бір белігі 0,1 °С.
4.
Дене қызуын көбінесе қолтық астында ,ал шап қыртысында (балаларда), ауыз
куысында (термометр резервуарын
тілдің астына қояды), тік ішекте
(вазелинмен майланған термометрдің
резервуарын сол қырында жатқан
науқастың тік ішегіне 2-3 см тереңдікке
кіргізеді) сиректеу өлшейді. Дене
қызуын өлшегенде мейірбикенің болуы
міндетті. Дене қызуы қолтық астында
калыпты жағдайда 36 - 37°С, және ол
шырышты қабаттардағы қызуға
қарағанда 0,5 - 0,8°С төмен екендігін
есте сақтаған жөн.
5.
6.
Дене қызуын күніне 2 рет өлшеу керек:таңертең - ұйқыдан кейін,
ашқарынға(сағат 7.00 - 9.00
аралығында)
және кешке -күндізгі демалыстан
кейінгі, кешкі асқа дейінгі уақытта
(сағат 17.00-19.00 аралығында). Кейбір
жағдайларда (дәрігердің белгілеуі
бойынша) дене қызуын әрбір 3 сағат
сайын өлшеу керек, оны
температураның профилін өлшеу деп
атайды.
7.
Дене қызуын өлшеу алгоритмі:1. Термометрдің бүтіндігіне көзіңізді жеткізіңіз!
2. Сынап бағанасы 35° төмен болғанша термометрді
сілкіңіз.
3. Қолтық астында қабыну құбылыстары мен терінің
зақымдануларының бар-жоғын байқаңыз.
4. Қолтық асты терісін құрғақ орамалмен сүртіңіз.
5. Термометрдің сынабы бар резервуарын қолтық
астына
орналастырыңыз.
6. Дене температурасын 10 минут ішінде өлшеңіз.
Термометрді зарарсыздандыру
Термометрді пайдаланып болғанан соң, сынап бағанасы
35ºС-қа төмендегенше сілку керек, 1% хлорамин
ерітіндісінде 15минут салып алады да, құрғақ
салфеткамен сүртіп, таза ыдысқа немесе өзінің
қорапшасына салып қояды.
8.
ЕСТЕ САҚТА!Ерте балалық шақта тәулік ішінде үлкен ауытқулармен
көрінетін дене қызуының аса тұрақсыздығы байқалады.
Қалыпты жағдайда дене қызуы ас қабылдағаннан кейін
физикалык күшті жұмсай отырып, жұмыс істегенде айқын
көрінетін көңіл-күй жағдайлары, әйелдерде жүктілік және
етеккір келу кезеңдерінде аздап жоғарылайды. Қалыпты
жағдайларда сау адамдардың дене температурасы
физиологиялық жағдайларына байланысты 0,5°С деңгейінде
ауытқиды. Сонымен қатар, қалыпты жағдайда теріде өлшенетін
дене қызуы (табиғи қатпарлардағы) кілегей қабаттағы қызудан
(ауыз қуысы, тік ішегі, қынап) 0,5-0,8°С төмен. Қолтық асты
аймағындағы дене қызуы 36-37° С-қа тең.
9.
Дене қызуын өлшегеннен сон, термометркөрсеткіштерін жеке температуралық параққа
енгізеді. Оны стационарға түсетін әрбір науқасқа
арналған медициналық картамен бірге қабылдау
бөлімінде ашады. Онда дене қызуынан басқа тамыр
соғу көрсеткіштерін, артериялық қысымды тіркейді.
10.
ЕСКЕРТУ!Дене қызуы, артериялық қысым, пульс көрсеткіштерін
температуралық параққа графикалық тәсілмен
тіркейді, сол жақта тігінен "Т", "П", "АҚ"
шкалалары болады. Кейбір температуралық
парақтарда бір минут ішінде тыныс алу жиілігін
графикалық тіркеуге арналган "Ц" шкаласы да бар.
Температуралық парақтың төменгі бөлігінде
емделушінің дене салмағын тәулік бойы қабылданған
және бөлінген сұйықтық (су балансы), мөлшерін нәжіс
бөлу туралы деректерді жазады және жүргізілген
санитарлық өңдеуді + белгісімен белгілейді.
11.
12.
ЕСКЕРТУ!Т, РS, АҚ деректерін дұрыс енгізу үшін
шкаланың бөлінулерінің
бағасын есептей білу қажет.
Ауруханада алған күн графасын екіге
бөледі:- "У" - таңертеңгі және
"В" - кешкі. Таңертеңгі деректер "У"
графасында нүктемен белгіленеді. "В"
графасында кешкілік деректер белгіленеді.
Нүктелерді бір-біріне қосқанда
температуралық кисық пайда болады.
13.
Қазіргі кезде қызуды өлшеудің басқа дажолдары бар екендігін айтқан жөн.
Мысалы, электронды термометрлер,
электротермометрлер, тез анықтау
үшін - экспресс әдіс, маңдай терісіне
қызу көтерілгенде бояуын өзгертетін
термолабильді затпен қапталған қағаз
киындысы.
14.
Сұйық заттар арқылы жұмыс істейтін термометрларЭлектрлі термометрлар
Механикалық термометр
Инфрақызыл термометрлар
15.
Сұйық заттар арқылы жұмыс істейтін термометрлар – сыртқытемператураның өзгеруіне байланысты термометрдың ішіне құйылған
сұйықтықтың көлемінің өзгеруіне негізделген.
Электрлі термометрлар – бұл термометрлердің жұмыс істеу принципі сыртқы
температура өзгергенде өткізгіште пайда болатын қарсылыққа байланысты.
Механикалық термометр – бұл термометрлардың жұмыс істеу принципі
жоғарыда айтып өткен термометрлар сияқты, тек бір айырмашылығы мұнда
датчик орнына металды спираль немесе биметалдан жасалған лента
қолданылады.
Инфрақызыл термометрлар – инфрақызыл термометрлер денеге жанаспай-ақ
температураны анықтай алады. Дамыған елдерде сынапты термометрларды
медициналық деңгейді былай қойғанда, үй жағдайында да қолданбайды.
Инфрақызыл термометрлардың мүмкіндіктері өте зор:
• Қолдануда қауіпсіз
• Барынша нақты нәтиже көрсетеді
• Нәтижені аз уақыт ішінде көрсетеді (шамамен 0,5 секунд)