“Су. Ерітінділер”тарауын қорытындылау
Сабақ жоспары:
I кезең – «Бой сергіту» «Су тамшысы» тобының сұрақтары:
I кезең – «Бой сергіту» «Еріткіш» тобының сұрақтары:
I кезең – «Бой сергіту» «Ерітінділер» тобының сұрақтары:
II кезең – «Топтық жұмыс»
III кезең: «Ойлан, тап» ойыны.
IV кезең: «Есепке кім жүйрік?»
Сабақты қорытындылау
185.07K
Категория: ХимияХимия

“Су. Ерітінділер” тарауын қорытындылау

1. “Су. Ерітінділер”тарауын қорытындылау

2.

Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушылардың « Су.
Ерітінділер.» тарауы бойынша білімдерін
жүйелеп, тереңдету, қорытындылау;
ә) дамытушылық: химиялық формула,
химиялық реакция теңдеулерін
құрастыру, есептер шығару біліктерін
дамыту, өздігінен жұмыс істеуге және өз
білімін бағалап тексеруге баулу;
б) тәрбиелік: ізденімпаздық,
жауапкершілік, ұйымшылдық
қасиеттерін тәрбиелеу.

3. Сабақ жоспары:

I кезең – «Бой сергіту»
II кезең – «Топтық жұмыс»
III кезең: «Ойлан, тап» ойыны.
IV кезең: «Есепке кім
жүйрік?»
V кезең –«Қорытындылау».

4. I кезең – «Бой сергіту» «Су тамшысы» тобының сұрақтары:

1.Су жер бетінің қандай бөлігін алып
жатыр?
2.Су молекуласының құрамы қандай?
3.Ерітінділер деген не?
4.Ерітіндідегі еріген заттың массалық
үлесінің қалай есептейді?
5.Судың физикалық қасиеттерін
атаңдар?

5. I кезең – «Бой сергіту» «Еріткіш» тобының сұрақтары:

1.Судың
табиғатта кездесетін агрегаттық
күйлерін атаңдар?
2.Дистилденген суды қалай алады?
3.Газдардың ерігіштігін қалай
арттыруға болады?
4.Ерітіндінің пайыздық
концентрациясын қалай есептейді?
5.Су қандай заттармен әрекеттеседі?

6. I кезең – «Бой сергіту» «Ерітінділер» тобының сұрақтары:

1.Ауыз
су қалай тазаланады?
2.Судың ластануының қандай түрлері
бар?
3.Неліктен мұз суда жүзеді?
4.Ерітіндінің молярлық
концентрациясын қалай есептейді?
5.Қатты заттардың ерігіштігін қалай
арттыруға болады?

7. II кезең – «Топтық жұмыс»

1-топ-судың қасиеттерін «кластер»
стратегиясы арқылы таныстырады;
2-топ – су мен ауа қасиеттерін салыстыра
отырып «Венн диаграммасын»
толтырады;
3-топ –«су – тіршілік көзі» тақырыбына
эссе жазады;

8. III кезең: «Ойлан, тап» ойыны.

«Су тамшысы» тобының тапсырмасы:
1.Ва+О2→
2.К+H2O→
3. С+ О2→
«Ерігіштік» тобының тапсырмасы:
1.Mg+ H2SO4→
2.H2O+CaO→
3.Na+H2O→
«Ерітінділер» тобының тапсырмасы:
1.Zn+HCl→
2.K+O2→
3Mg+ H2O →

9. IV кезең: «Есепке кім жүйрік?»

«Су тамшысы» тобы:
1. 20 г ас тұзын 120 мл суға еріткенде, алынған ерітіндідегі тұздың
пайыздық концентрациясын есептеңдер.
2. Тұз қышқылының массалық үлесі 10% (тығыздығы ρ= 1,047г/мл).
Көлемі 150 мл ерітіндідегі тұз қышқылының (НСl) массасын
есепте.
«Ерігіштік» тобы:
40г натрий хлоридін суда еріткенде, 300 мл ерітінді алынды,
алынған ерітіндідегі тұздың мольдік үлесі қандай?
2. Көлемі 2 л, молярлық концентрациясы 0,1 моль/л Na2SO4
ерітіндісін дайындау үшін натрий сульфатының қандай массасы
қажет болатынын есептеңдер.
«Ерітінділер» тобы:
1.250г 15%-ды ерітінді дайындау үшін неше г тұз және неше г су
қажет болады?
2. Судың 500 мл-де 100 л хлорсутек (қ.ж) ерітілді. Алынған
ерітіндідегі хлорсутектің массалық үлесін есептеңдер.
English     Русский Правила