Похожие презентации:
Қазақстан Республикасының су қорының қазіргі жағдайы мен трансшекаралық мәселелері
1.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық УниверситетіФакультет: География және табиғатты пайдалану
Кафедра: Метеорология және гидрология
Мамандығы: Метеорология
СӨЖ №2
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының су қорының қазіргі жағдайы мен
трансшекаралық мәселелері
Орындаған: Альпейсова Н.,
Есбуссинова А.,
Пралина М.
Тексерген: Акашова А.С.
Алматы, 2019 жыл
2.
ЖоспарКіріспе................................................................................................................................3
Негізгі бөлім
1) Қазақстан Республикасының су қорының қазіргі жағдайы.............................4
2) Кейбiр iрi өзендер бассейнінің жеке проблемалары және олардың су
қорларының қолдануы................................................................................................8
3) Қазақстан үшін трансшекаралық мәселелері..................................................13
4) Экологиялық проблемалары.............................................................................16
Қорытынды..................................................................................................................21
Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................................22
3.
Қазақстанның су ресурстары – Қазақстанның жер үсті суларының ресурсысулылығы бойынша орташа көлемі 100,5 км3; соның ішінде не бары 56,5 км3-і ғана
республика аумағында қалыптасқан, қалған көлемі Орта
Азия мемлекеттерінен, Ресей Федерациясынан және Қытай Халық
Республикасынан келетін өзен суларынан құралады.
Өзен ағынының көлемі бойынша Қазақстан планетаның сумен неғұрлым аз
қамтылған елдерінің қатарына жатады. Қажетті су тұтыну көлемі 54,5 км3-ді
құрайды, мұның сулылығы бойынша орташа есеппен жылда шаруашылыққа
пайдаланылу мүмкіндігі 46,0 км3-ден аспайды. Су тапшы жылдары су
ресурстарының көлемі 58 км3-ге дейін, ал пайдаланылатын су тиісінше 26 км3-ге
дейін төмендейді. Тұщы жер асты суларының қоры 15,1 км3-ді құрайды, оларды
пайдалану деңгейі 11,3% немесе 1,7 км3. Қайтымды сулардың көлемі 4 км3, су
көздеріне қайта құйылған су 2 км3-ден аспайды, қалған ағынды құрамы сейіледі
немесе жерге сіңіп кетеді. Қайтымды сулар табиғи сулар мен қоршаған ортаны
ластаудың негізгі көзі болып табылады.
Соңғы кезде су ресурстарының сандық және сапалық сарқылуы жүріп жатыр.
Адамзат өз қажеттілігіне негізінен гидросфера жалпы көлемінің 1% құрайтын тұщы
суды пайдаланады. Бұл мәселені шешу үшін әлемдік мұхит, жер асты және
мұздықтардың суын тұщыландыруды қарастыру керек. Бұлардың ішінде жер асты
суларының біршама болашағы бар
4.
5.
Қазақстан республикасының экономикалықдамуы негiзiнен, территориялық өнеркәсiптiк кешендерде, облыстар және
жеке қалаларда болсын, көпшiлiгiнде елдiң
су қорларымен қамтамасыздығына тәуелдi
болады. Қазақстанның жер бетіндегі су
қоры орташа сулылықта 100, 5 км3 құрайды,
оның 56,5 км3 республиканың аумағында
қалыптасады.
Қалған 44, 0 км3 су көршілес мемлекеттерден
түседi:
Қытайдан - 18, 9
Өзбекстаннан - 14, 6
Қырғызстаннан - 3, 0
Ресейден - 7, 5 км3.
6.
Қазақстан сумен қамтамасыздандыруда ТМД елдердi арасындасоңғы орынды алады. Меншiктi сумен қамтамасыздандыру 1
км2жерге 37 мың м3 және бiр кiсiге 6, 0 мың м3-ке тең.
Республиканың әр түрлi аймақтарында климаттық
ерекшелiктерiне қарай, су қорының 90% көктемдегi мерзiмде
өтеді. Сонымен қатар, жер беті сулары аумақ бойынша бір келкі
орналаспаған, жылдар бойында және жылдың ішінде өзгеріп
отырады, осыған байланысты әр түрлi облыстарда және
экономика салаларында сумен қамту әртүрлі. Сумен жақсы
қамтамасыз етілген Шығыс - Қазақстан облысы 1 км2 жерге - 290
мың м3. Сонымен бiрге судағы дефицит Атырау, Қызылорда
облысында болса, Манғыстау облысында iс жүзiнде тұщы су
жоқтың қасы.
7.
Өзеннiң су қорларын экономика салалардың мұқтаждықтары үшiн толыққолдану мүмкiн емес, өйткенi:
• • Сырдария, Орал, Тобыл, Іле, Ертiс, Есiл, Торғай, Шу өзендерi бойынша
экологиялық, балық шаруашылығы және санитарлық талаптарды қанағаттандыру
үшiн жылына берілетін судың жиынтық көлемi, 29, 0 км3 құрайды;
Ертiс бойынша қажетті су мөлшері көлiк-энергетиялық шығындар мен бiрге
Ресейдiң үлесін қосқанда 13, 1 км3 құрайды;
• өзендердiң су қоймасы және алаптарындағы булану және фильтрлеуге кететін
шығындары 13, 5 км3 бағаланады;
• сонымен бiрге Орталық Қазақстанның жазық өзендерiнiң көктемдегi су қоры,
оның толық реттеуiн мүмкiн еместiктен жол жөнекей жоғалатыны шамамен 4, 5
км3 құрайды.
8.
9.
Сырдария өзенi бассейіні күрделi жағдайларменерекшеленедi, әсiресе оның төменгi жағында.
Өзеннің төменге ағысына түсетін табиғи су
қорының қысқаруы және оның жоғарғы деңгейде
ластануы, табиғи ортаның сапасының және Арал
маңайындағы тұрғындардың өмiр жағдайларының
төмендетуiне әкеп соқты. Арал теңiзi үшiн де,
төменгi жағының табиғи кешенi де өзеннiң
дельтасы реттейтiн мәнін жоғалтты. Шөлдену
процессі 2 миллион гектар аумақты қамтыды.
Коллекторлы - дренажды және ауыл шаруашылығының сарқынды суларын
Сырдарияға тастау оның химиялық және бактериялық ластануына және
тұрғындардың денсаулығына үлкен әсер етті. Өлкедегi су мәселесi шешiмiнiң
күрделiлiгi сол, жалпы бассейін бойынша жер беті су қорының толық
игерілгендігінде.
Бұл дефицитті жоюдың бірден-бір жолы, қазiргi деңгейде шаруашылық
құрылымдарда су сақтайтын және үнемдейтін шараларды енгізу, суды көп
шығындататын және пайдалануы мүмкiн шараларды қысқарту. Ол үшiн
негiзiнен.экономика, бастысы егiн шаруашылығында принципті өзгеріс енгізу
және мемлекетаралық кооперацияны күшейту керек болады.
10.
Орал өзенiні бассейні өте суы тапшы, бұл жерде экономика салаларынорналастыру және дамыту экономиканың бар шикiзат қорлары және
қажеттiктерiне сәйкестендірілмей iске асырылған. Нәтижесінде суға деген
қажеттілік оның қанағаттандыруының нақты мүмкiндiктерiн едәуiр
жоғары болуына, әсiресе сусыз жылдарда орын алады. Мұның бәрі Орал
бассейнінің суларын қарқынды ластануына әкеп соғады.
11.
Орталық және Солтүстiк Қазақстан өзендерiнiңбассейіндері шамамен су көлемінің аздығымен және
жылдың iшiнде бір қалыпсыздығымен ерекшеленеді: су
қорының негізгі 90 % көктемнің 1-2 айларын да өтедi.
Су қорларының жетіспеушілігі еліміздегі маңызды орын
алатын өнеркәсiптiң дамуына кері әсерін тигізетін бөгет
болып табылады.
Бұл аймақта электрэнергияның 76%, көмірдің 98%, темiр
кенінің 99%, мыстың негізгі бөлігі өндіріледі. Өлкеде
көмiр, темір және мыстан басқа химия өнеркәсiбiнiң
дамытуы үшiн маргандық және қорғасын-мырыш
кендердiң үлкен қоры, вольфрам, молибден, бокситтер
шығарылады.
Келешекте жоғарғы потенциалдық шикiзат қорларын игеру үшін мұнда көршілес өзен
бассейіндерінен су қорларының тартылу мүмкiндiктерiн анықтауды қажет етеді. Мұндай жағдайда
бұл өлке үшiн су көзі болып Ертiс өзенi табылады. Одан Орталық Қазақстандарға су беру үшiн,
Қанышы Сатпаев атындағы (Ертiс - Қарағанды) канал құрастырылған, дегенмен оның нашар
техникалық күйі оның қуатын төмендетіп, су тұтынушыларың экономикалық қатынастарын
қалыптастыруды реттей алмауда.
Ертiс өзенiнi бассейні, оның сулығының жоғарылығына қарамастан, су жетіспеушілік орын алады
және су шаруашылығы балансы өте шиеленіскен. Сонымен қатар, өзеннiң бассейіні өте күштi
өнеркәсiптiк ластануға ұшыраған.
Ертiс өзенiнiң бассейніне Қытай, Қазақстан және Ресейдің аймақтары енеді, олардың әрқайсысы
оның суын қолдануда өз мүдделерiн ойлайды.
Ертiс өзені бассейнінің су қорлары мәселелерiн мемлекетаралық тұрғыда қарастырғанда негізінен
оның ластануын болдырмау, мемлекет шекарасында берілетін су қорының сапасының сақталуын,
одан алынатын су көлемінің шығын келтірмейтін жағын анықтау керек.
12.
Балқаш көлі бассейні Іле өзенінен алынатын қайтарымсыз су қорыныңөсуінен экологиялық жағынан және елімізді сумен қамтамасыз етуде ең
сәтсiз бассейін болып табылады және ол қарқынды ластануда.
Балқаш көлін сақтау және ондағы табиғи объекттердi сақтаудағы негізі
мәселенiң шешiмi суды үнемдеу, өнеркәсiп және ауыл шаруашылығының
сарқынды суларын тастауды тоқтатуға арналған шаралардың шұғыл жүзеге
асыру болып табылады. Іле өзенінің суының балансы көпшілігіңде Қытай
тарапымен су қатынастарының реттелуімен анықталады.
Елімізді сумен қамтамасыз етудің негізгі шешiмi, пайдаланатын су
қорларының жеткiлiктi етіумен қатар, көпшiлiгiнде су шарушылық
жүйелердiң жағдайына тәуелдi болады
13.
14.
Қазақстан үшін трансшекаралық өзендер суын пайдалану мәселесі , оныхалықаралық құқық және өзара ынтымақтастық негізінде шекаралас
мемлекеттермен бөлісу проблемасы ерекше маңызды. Қазақстан Республикасы су
кодексінің трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы
мемлекетаралық ынтымақтастық механизмі деген 143 бабында трансшекаралық
әсері бар немесе болуы мүмкін іс-әрекетттер кезінде трансшекаралық сулардың
сипатына ерекше мән беріліп қисынды және әділетті түрде пайдалануды
қамтамасыз ету делінген .
Трансшекаралық өзендер проблемасы ШЫҰ қатысушы елдердің әсіресе Қазақстан
мен Қытай арасындағы қатынастардың ең өткір проблемалардың бірі болып
табылады. Екі ірі Ертіс және Іле өзендері Қытай жерінен басталып , Қазақстан
аумағы арқылы өтеді.
Ал Ертіс Ресей жері арқылы да өтеді.
Қазақстанның оңтүстік – шығысы
үшін бұл өзендер су пайдалану
жүйесінің негізі болып табылады,
себебі егер бұлардың су көлемі
азайса. Бұл мәселе ауыл
шаруашылығы , су энергетикасы ,
өндіріс , эклогия салаларында ауыр
жағдайлар туғызады.
15.
Жайық өзенінің жоғарғы ағымы мен оның тармақтарындағы суғаруды реттеу, тың және тыңайған жерлерді өңдеу ,жайылма және су айыратын ормандары шауып тастау , қара және түсті металлургия кәсіпорындарының шаруашылық
қызметі , су-биологиялық ресурстарының азаюы – осының барлығы өзен қауызын тіршілігі жоқ аумаққа айналдыра
отырып , оның қалпына келуіне орасан зор зиянын тигізеді
Топырақтың ластану көздерінің келуі , мысалы, Ертіс өзені ьассейніндегі жер үсті су ағыстарындағы
қорғасын 70 т/жыл деңгейде бағаланады. Алаң көздерінен келетін ТМ келу көлемін Ертіс өзені
бассейндегі жер үсті су ағыстарын ластанудың баланстарын есептеу кезінде ескеру қажет
Ертіс үшін маңызды экологиялық проблема оның суын Қытай жағы өнеркәсіптік мақсаттар және
иррагациялық жүйелер үшін жинауы болып табылады.
Сырдария өзенінің су ресурстары негізінен Қырғызстан аумағында қалыптасады. Тәжікстан мен
Өзбекстанарқылы өте отырып . Қазақстанға келеді. Тау аумағынан келетін өзен суларының сапасы
төмен қарай аққан кезде күрт нашарлайды, сондықтан таулардан өзендер аққан кезде орташа және
төменгі ағыста оларға жоғары минералдау тән.
16.
17.
Ертіс өзенінің экологиялық проблемасыСу жүйесінде және олардың құрамдас бөлігінде химиялық элементтердің
жинақталуының негізгі көздері – түпкі түзілімдер – Ертіс бассейні аумағында тау
қазбаларында табылған үстіңгі беттері, олардың үйінділері, байыту фабрикаларының
қоймасы және өнімдер қоймасы, үйінді өнімдері, металлургия, химия-металлургия,
химия, машина жасау, жылу-энергетика кәсіпорындары және құрылыс индустриясы
кәсіпорындарының өнеркәсіптік пайдаланылған суларын өзенге ағызу, сондай-ақ
олардың өнеркәсіптік шығарындыларын атмосфераға шығару болып табылады, ол
шығарындылар кейін жер бетіне шөгеді.
Топырақтан ластану көздерінің келуі, мысалы, Ертіс өзені бассейніндегі жер үсті су
ағыстарындағы қорғасын 70 т/жыл деңгейде бағаланады. Алаң көздерінен келетін ТМ
келу көлемін Ертіс өзені бассейніндегі жер үсті су ағыстарын ластанудың балансын
есептеу кезінде ескеру қажет.
ТМ ластаушылары өңірдегі ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылатын
химияландыру құралдары болып табылады.
Ертіс өзеніндегі суды және оның ағыстарын өнеркәсіптік ластанудың әмбебап
индикатор элементтері мыс, мырыш, қорғасын, хром болып табылады. Көрсетілген ТМ
мазмұны Ертіс өзені бойында және оның оң жақ саласында ШРК мүлдем асып кетеді.
ШРК артуының қайталануы санитарлық-тұрмыстық және балық шаруашылығы
пайдалану есебінен, мыс үшін – 100 %, мырыш үшін – 66 %, қорғасын үшін – 27 %, хром
үшін – 82 % құрайды.
18.
Сырдария өзенінің эколгиялық проблемаларыСудың ащылығы топырақ қабатының сортаңға айналуына әкеледі, грунттың екінші реттік
сортаңдауын дамытады және дақылдардың түсімін маңызды түрде азайтады.
Екінші рет топырақтың сортаңға айналу нәтижесінде күріш алқабында тұзды шөлдің жаңа
дақтары қалыптасады. Қатты сортаң жерге айналған ауданның өзі тек Қызылорда
облысының өзінде ғана 40 мың га (13,9 %), орташа сортаңға айналған жер – шамамен 200
мың га (69,4 %), әлсіз сортаңға айналған жер – 43 мың га (16,7 %) құрайды. Нәтижесі
көрсетіп отырғандай, бұл өңірдегі сортаңға айналмаған жер күріш себілген алқаптар,
суармалы жердің мелиорациялық жағдайын сипаттамайды.
Жыл сайын Сырдария өзеніне ластанған 850 млн. м3 пайдаланылған су ағады, олардың 210
млн. м3 Қызылорда облысы бойынша сульфат-натрийлі құрамы бар 1,5ден 6,0 г/л дейінгі
минералдауды құрайды.
Әсіресе шиеленіскен жағдай соңғы жылдары Ферғана аңғарындағы шағын өзендер
суларының сапасының күрт нашарлауымен байланысты (Қасансай, Падша-Ата, Исфайрам,
Сох, Исфара, Ахангаран, Чирчик). Соңғы 15-20 жыл ішінде осы өңірдегі тұрғындар санының
күрт артуымен байқалады, ал бұл табиғи және су объектілерінің экологиялық жағдайына
жүктеменің күрт ұлғаюына әкеліп соқты. Осы өңірдегі елді мекендердің барлық ағыс
сулары тазартусыз өзендерге лақтырылады, осылайша күрделі санитарлықэпидемиологиялық жағдайды одан сайын шиеленістіруде.
Сырдария өзенінің төменгі сағасындағы ашық су қоймаларында шекті рауалы
концентрациядан (ШРК) жоғары пестицидтердің болуы 10-200 сынаманың біреуінде,
құдық суларында – 5-30, құбырмен келетін суларда – 20-35 сынамада байқалады. Азық-түлік
өнімдерінде пестицидтер көбінесе жеміс- жидектерде – әрбір 50-сынамада, азықтарда –
әрбір 30-50 сынамада кездеседі.
19.
Аймақтың су ресурстары ұлттық және аймақтық қауіпсіздіктің әртүрлі аспектілерін анықтайды.Аймақтағы ұзақ жылдар бойы шешімі табылмай отырған мәселенің бірі – су мәселесі болып отыр.
Орталық Азия мемлекеттеріндегі ірі өзендердің бәрі трансшекаралық өзен болып есептеледі. Су
ресурстарын өз жерінде құрастыратын жалғыз ғана ел – Қырғызстан, аймақтың басқа елдерінің бәрінде
судың қажетті көлемі қандай да болмасын мөлшерде іргелес мемлекеттердің жерінен келетін суға
тәуелді. Әлемдік су ресурстарының үлкен бөлігі ұлттық шекаралардан өтеді. БҰҰ-ның 2003 жылдық
«Water for People, water for Life» есебінде әлемдегі 263 трансшекаралық су бассейндерінің үштен бірі
екіден астам елді бөліп өтетіндігі, ал 19 – ы бестен астам елді бөліп ағатындығы; жалғыз Дунай өзені ғана
18 мемлекеттің жерімен ағатындығы атап көрсетілген. Африка мен Таяу Шығыстың көптеген елдері
өздерінің суға қажеттіліктерін «шетелдік» су арқылы қамтамасыз етеді. БҰҰ-ның бағалауы бойынша, ХХІ
ғ.жарамды ағынды жер үсті суларының шамамен 54 % пайдаланылды. 2025 ж. бұл көрсеткіш 70 % - ке
жетуі мүмкін. Жыл сайын ғаламшар халқы 85 млн. адамға артуда, халықтың жан басына шаққанда суды
тұтынуы –әрбір жиырма жылдықта екі есе өсуде. БҰҰ – ның болжамы бойынша посткеңістік Орталық
Азия халқы 2025 ж.72 млн. адамға артып, 1970 ж. салыстырғанда 2,4 есеге көбейеді [1].
Жоғарыда келтіріп кеткеніміздей халық санының өсуі, сондайақ, урбандалу, өнеркәсіптің дамуы және ауылшаруашылық
мұқтаждығы суға деген сұраныс пен суға тәуелділікті үнемі
арттыруда. Орталық Азиядағы негізгі су ресурсы Сырдария
және Әмудария бассейндері. Әмудария Орталық Азиядағы ең
ірі өзен. Оның негізгі ағысы Тәжікстан жерінде қалыптасады,
одан әрі Ауғанстан мен Өзбекстан шекарасын бойлай ағып
Тәжікстанды кесіп өтеді де, Өзбекстан территориясынан қайта
өтіп Аралға құяды. Сырдария ОА-дағы суының көлемі
бойынша екінші және ұзындығы бойынша бірінші өзен. Оның
ағысы Қырғыз жеріндегі Орталық (ішкі) Тянь – Шань
тауынын бастау алады. Нарынның Қарадариямен қосылуынан
кейін өзен Сырдария деп аталады. Сырдарияның негізгі ағысы
Қырғызстан территориясында қалыптасып, Өзбекстан мен
Тәжікстан аумағын кесіп өтіп Арал теңізіне құяды. Бұдан
Орталық Азиядағы негізгі су ағысы Қырғызстан мен
Тәжікстан шекарасында қалыптасатынын көреміз
20.
Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім – Қазақстан Республикасының Президенті НұрсұлтанНазарбаевтың ұсынысымен Орталық Азия елбасыларының 1993 жылдың қаңтарында Ташкент
қаласында қабылдаған шешімі бойынша 1993 жылғы 26 наурызда Қызылорда қаласында өткен
Арал теңізі мәселелері жөніндегі 1-конференцияда жасалған келісім. Ол «Арал теңізі және Арал
аймағы мәселелерін, экологиялық сауықтыруды, аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуын
қамтамасыз етуді бірлесіп шешетін ортақ шаралар туралы Келісім» деп аталды. Келісімге
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев, Қырғыз Республикасының Президенті
Ақаев, Тәжікстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Э.Ш. Рахмонов, Өзбекстан
Республикасының Президенті И.А. Каримов, Түрікменстан Президенті С.А. Ниязов қол қойды.
Келісімнің арнайы баптарында Арал теңізі айдынындағы экологиялық дағдарысқа байланысты
негізгі мәселелер нақтылы қаралды. Апаттың алдын алуға, қоршаған ортаны сауықтыруға және
Арал аймағының әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз ететін, денсаулық сақтау,
тұрмыстық қажеттіктерді өтейтін істерге тікелей назар аударылды. Келісімді орындаудың
алғашқы шарты есебінде Халықаралық Арал қоры, Арал теңізі мәселелері жөніндегі
мемлекетаралық кеңес құрылып, олардың ұйымдық мәселелері шешілді. БҰҰ-ның Бас
хатшысына Орталық Азия елбасыларының атынан Үндеухат жолданды. Онда Аралды сақтап
қалуға, Арал аймағының келелі мәселелерін шешуге арналған шараларға дүниежүзілік
қауымдастықтың назары аударылды.
Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес
Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес'– Арал мәселелерімен айналысатын
Орталық Азия елдері (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан) Елбасылары кеңесінің
атқарушы органы. 1993 ж. 26 наурызда Қызылорда қаласында құрылған. Кеңеске Орталық
Азияның әр республикасы үкімет басшыларының орынбасарлары бастаған 5 адам және
бақылаушы ретінде Ресей Федерациясының өкілдері енді. Мемлекетаралық кеңесті әр жылда
Орталық Азия елдерінің біреуі алфавит тәртібі бойынша кезекпен басқаратын болып шешілді.
Алғашқы кезек Өзбекстан Республикасына берілді. Кеңес өзінің атқарушы комитетін, су
мәселелері жөніндегі әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және экологиялық даму
жөніндегі комиссияларын бекітті. "Сырдария" және "Әмудария" алабының су шаруашылығы
басқармаларын Кеңестің су моселелері жөніндегі комиссиясы басқаратын болды. Кеңес өз
жұмысын "Халықаралық Арал қорымен" және Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып жүргізеді.
21.
ҚорытындыСу – Қазақстан үшін стратегиялық байлық қана емес, аса маңызды энергетикалық
шикізат көзі де алдын ала жасалған болжамдарға сүйенсек, «2025 жылға қарай тұщы су
тапшылығы 1,3-2,0 триллион текше метрге жетуі де әбден ықтимал. Соның барлығын
саралай келе, халықаралық сарапшылар 2030 жылдары планета тұрғындарының 47
пайызы тұщы су жетіспеушілігінен зардап шегетінін алға тартады».[27] Бұл үрейлендіру
үшін айтыла салған мәлімет те емес екендігі соңғы жылдары айқын аңғарылуда. Ендеше
БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан ГиМунның: «Әлем тұщы су үшін соғыс жағдайына
жақындады» деп атап көрсетуі де сондай қауіп-қатердің мәнін барынша аңғартса керек.
Жалпы жаһандық Ұйым Бас хатшысының алаңдаушылығы бекер емес. Оны халықаралық
сарапшылардың зерттеулері де нақтылай түсетіндей. Мәселен, «БҰҰ сарапшыларының
зерттеулеріне қарағанда, 2020 жылдан кейін әлемнің 22 ірі мегаполисі құбырлар арқылы
келетін тазартылған судың жетіспеушілігіне ұшырайды. Құрғақшылық әсіресе «Қара
құрлық» пен Аспан асты елінде қатты білінеді-міс. Соның салдарынан Африка халқы
Еуропаға шұбырады, Қытай да ұлы көші-қон үдерісінен қашып құтыла алмайды. Бұдан
бөлек, 2025 жылға таман трансұлттық корпорациялар дамушы елдерден орасан зор
көлемде тұщы су көздерін сатып алады».[27] Нәтижесінде жаһандық нарықта су экспорты
халықаралық алып бизнеске жол ашады. Тапшылық төркіні суды қайталап пайдалану
технологиясын жасауға мәжбүрлейді. Халықаралық сараптың сорпасын сапырып
отырғандардың зерттеуі осындайды болжайды. Мұндай болжамның өзінен су
мәселесінің шын мәнінде әлемдік саясаттың басты құралына айналатынына да көз
жететін тәрізді. «Қара алтынның» орнын тұщы су тапшылығы басады» деу де осындай
негізден туса керек.
22.
Пайдаланылған әдебиеттер1. Ақбасова А.Ж. Саинова Г.Ә. Экология: Жоғары оқу орындарына арналған
оқу құралдары. Алматы «Бастау» баспасы 2003 ж. 292б.
2. Жатканбаев Ж.Ж. Экология негіздері. Алматы «Зият пресс» 2004ж. 241б.
3. Қазақ Энциклопедиясы
4. Водный кодекс Республики Казахстан
5. Интернет желісі: startinfo.kz