Похожие презентации:
Пародонттың созылмалы жайыла қабынуы бар науқастардың емін жоспарлау
1. Астана медицина университеті АҚ Терапия және бет жақ хирургиясы кафедрасы Тақырып: Пародонттың созылмалы жайыла қабынуы бар
науқастардың емін жоспарлауОрындаған: Кеңес А
505-стом
Тексерген : Суманова А.М
Астана 2019
2. Жоспар
I. КіріспеII. Негізгі бөлім
1) Негізгі қағидалар
2) Пародонт қабынуының емдеу жоспарын
жоспарлау
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
3. Кіріспе
• Пародонт аурулары бет-жақ сүйегі аймағының көптаралған және күрделі ауруларын құрайды. ДДҰның мәліметіне сүйенсек, пародонт аурулары
нәтижесінде тістерді жолғатудан бет-жақ сүйек
жүйесіндегі функционалдық ауытқулар
туындайтын асқынған тісжегі кезінде жұлынған
тістер әсерінен дамитын функционалдық
ауытқулардан 5 есе көбірек орын алады екен.
• Осыған байланысты болашақ дәрігерстоматологтар пародонт ауруларының
клиникалық ерекшеліктері, диагнозын нақтылау,
емдеу әдістері және олардың алдын алу
шаралары туралы жақсы мәлімет алулары қажет
4. Пародонт ауруларын емдеу шараларының нәтижелілігін қамтамасыз ету үшін дәрігер-стоматолог (пародонтолог) негізгі 5 қағиданы
Пародонт ауруларын емдеу шараларыныңнәтижелілігін қамтамасыз ету үшін дәрігерстоматолог (пародонтолог) негізгі 5 қағиданы
ұстанғаны тиімді
кешендік (комплекстность)
реттілік немесе бірізділік
(последовательность)
жүйелілік (системность)
жекетұлғалық
(индивидуальность)
белсенділік (активность).
5. Кешендік қағида
Кешендік қағида патологиялықүрдістің себебіне, даму механизміне,
ауырлығына байланысты
этиопатогенездік, симптоматикалық
емдеу шараларын қарастырады.
Сондықтан кешенді емдеу құрамына
жергілікті емдеу әдістері (терапиялық,
хирургиялық, ортопедиялық,
физиотерапиялық) және жалпылай
емдеу шаралары кіргізілгені өте жақсы
нәтиже береді.
6. Бірізділік немесе реттілік қағидасы
Бірізділік немесе реттілік қағидасыжүргізілетін емдеу шараларының белгілі бір
реттілікпен орындалуын қарастырады.
Пародонт ауруларын емдеу бір ғана емдеу
курсын жүргізумен шектелмейді. Жақсы
нәтижеге ие болу үшін емдеу курсын белгілі
бір уақыттан кейін қайталап отыруға тура
келеді және жүйелілік қағидасын сақтау
негізінде іске асырылады.
7. Жеке тұлғалық қағидасы
Жеке тұлғалық қағидасы пародонт ауруы бар адамның(индивидумның) жеке басындағы ерекшелігін, бойында
созылмалы жүйелі сырқаттардың,қосымша аурулар, белгілі бір
дәрілік препараттарға аллергиясы бар-жоғын, жас
ерекшелігін ескере отырып, емдеу шараларын дұрыс таңдап
алуға негіз береді.
8. Белсенділік қағидасы
Белсенділік қағидасы дәрігер менпародонт ауруы бар адамның бірбірімен жақсы түсінісін қамтамасыз
етеді. Жоғарыда көрсетілген
қағидаларды дәрігер дұрыс сақтап,
ауруды емдеу кезінде жоғары
белсенділік көрсетсе, пародонты
сырқат адам да емдеу үрдісіне
қызығушылық танытып, әрбір
тағайындалған емдеу шараларын дер
кезінде қабылдауға тырысады.
9. Пародонтиттің емдеу жоспарын құру
Пародонттың қабынуы көбіне созылмалы түрде дамитындықтан,негізгі емдеу шаралары аурудың осы түрін емдеуге арналған.
Емдеу әдістерін, оларға керекті дәрілік заттарды аурудың клиникалық
ерекшелігіне және ауырлығына байланысты таңдау қажет.
Пародонт қабынуын емдеу кешенді әдіспен жүргізіледі және
терапиялық, хирургиялық, ортопедиялық емдеу шараларын қамтиды,
қажет болған жағдайда физиотерапиялық ем де қолданылады. Кешенді
емдеудің негізгі мақсаты – пародонт тіндеріндегі қабыну үрдістерін
тоқтатып, пародонталдық қалталарды жою және сүйек тінінде қайта
құрылу үрдісін қалпына келтіріп, организмнің жергілікті және
жалпылай реактивтігін жоғарылату. Қажетті емдеу әдістерін
көрсетіліміне байланысты таңдай отырып, пародонт қабынуы бар
науқасқа өзіндік жеке емдеу жоспары құрылады.
10. Терапиялық немесе консервативтік емдеу шаралары:
1. жергілікті емдеу шаралары:а) Ауыз гигиенасын дұрыс сақтауды үйрету (тістерді
қойыртпақпен тіс мәсуегімен арнаулы жібек жіптермен дұрыс
тазалауды үйрету).
б) Тісжегі және оның асқынуларын емдеу, дұрыс қойылмаған
пломбыларды ауыстыру, қажет жағдайда ортопротез қоюға
дайындау.
в) Ауыз ішін және пародонталдық қалталарды антисептиктер
ертінділермен жуып-тазалай отырып, тіс шөгінділерін алу.
г) Тістерді таңдап егеу арқылы жарақаттаушы тістемді жою
және қозғалмалы тістерді уақытша шендеу. Қажет болса
ортодонтиялық емдеу жүргізуге дайындау (ортодонтиялық
емдеу әдісі мен тиімді протез қою пародонт қабынуының
жергілікті емдеу курсы аяқталғаннан кейін жүргізіледі).
11.
д) Пародонт тіндеріндегі қабыну үрдісініңерекшелігін, ауырлығын, организмнің
жалпы жағдайын ескере отырып, қабынуға
қарсы жергілікті емдеу шаралары
жүргізіледі. Ол үшін антисептиктер,
антибиотиктер, стероидты емес қабынуға
қарсы, склероздаушы дәрілер, ферменттер,
витаминдер, гормоналдық және
өсімдіктерден алынған препараттар
пайдаланылады. Оларды ауызды жуыпшаю, пародонталдық қалталарға
енгізу,қызыл иекке бастырма, емдік таңба
қою үшін, ауызды булау үшін қолданады.
ё) Дәстүрлі емес
емдеу шараларын
(фитотерапия,
апитерапия,
криотерапия және
б.) қолдану.
е) Физиотерапиялық
емдеу шараларын
(дәрілермен
электрофорездеу,
дарсонвализациялау,
фонофорездеу,
гидромассаждау,
вибромассаждау,
ультракүлгін және
лазер сәулелерін)
қолдану.
12. Пародонт ауруларын хирургиялық әдіспен емдеу.
• Пардонт ауруларын кешенді емдеуде хирургиялықемдеу әдісніің алатын орны ерекше. Себебі, бұл әдістің
көмегімен пародонталдық қалталарды жойып, альвеола
сүйегіндегі сорылу үрдістерін тоқтатып, белсенді түрде
дамыған қабыну үрдістерін тежеп, пародонттағы
оңтайлыжағдайды ұзақ уақытқа тұрақтандыруға
мүмкіндік туады. Хирургиялық емдеу әдістерін шартты
түрде төмендегі түрлерге бөлуге болады:
пародонталдық қалталарды жоюға арналған; қызылиек
жиегін қалпына келтіруге арналған; пародонт тіндерін
қалпына келтіруге арналған.
13. Клиникалық тәжрибеде қолдануға хирургиялық әдістер төмендегідей:
• 1. Пародонталдыққалталарды жоюға арналған
хирургиялық емдеу әдістері:
• а) қалталарды қырыптазалау немесе кюретаждау;
• б) гингивотомиялау;
• в) гингивэктомиялау;
• г) физиохирургиялық әдістер
(электрокоагуляциялау,
вакуумды хирургиялық,
криохирургиялық,
лазерхирургиялық әдістер).
14.
• Гингивотомиялау және гингивэктомиялауоперациясы жеке жүргізіледі
(пародонталдық абсцестерді ашу үшін,
қызылиектің өсе қабынуы кезінде) немесе
қиықтап кесіп-тазалау операциясының
құрамында да орындалады.
15. Ашық және жабық кюретаждау
16. 2. Пародонтты қалпына келтіре жүргізілетін хирургиялық әдістер немесе пародонтопластикалық хирургиялық әдістер:
2. Пародонттықалпына келтіре
жүргізілетін
хирургиялық әдістер
немесе
пародонтопластикалы
қ хирургиялық
әдістер:
а) қызылиек жиегін коррекциялаушы қиықтап-кесіп тазалау
немесе қиықтау операциясы (лоскутная операция) немесе
гингивопластикалау операциясы;
б) пародонтта қайта құрылу үрдістерін жылдамдататын заттар
қолдана жүргізілетін қиықтап-кесіп-тазалау операциясы.
17. 3. Ауыз кіреберісін түзеуге арналған хирургиялық шаралар (френулотомиялау, френулэктомиялау, вестибулопластикалық операциялар).
• Бойында күрделі соматикалық аурулары бар пародонт сырқатадамдарға хирургиялық емдеу әдісін негізгі ауруының беті
қайтып, жағдайы тұрақтанғаннан кейін жүргізу керек.
• Хирургиялық емдеу әдісін таңдау пародонталдық қалтаның
тереңдігіне, альвеола сүйегінің сорылу деңгейіне байланысты.
Пародонт қабынуының жеңіл сатысында (қалталардың
тереңдігі 3,5-4,0 мм дейін) кюретаждау; орташа сатысында
(қалтаның терңдігі 5мм дейін) ашық кюретаждау немесе
қиықтап кесіп-тазалау; ауыр сатысында (қалталар 5мм терең)
қиықтап кесіп-тазалау операциясын қолданады.
18. Қорытынды
• Жоғарыда айталған емдеуқағидаларын дұрыс сақтап, емдеу
шараларын тиімді жүргізу үшін
пародонты сырқат адамды емдеу
жоспары дұрыс құрылуы керек. Бұл
жоспарға пародонттағы қабыну
үрдісін жоюға, тіс-жақ сүйек
жүйесінің қызметі мен эстетикалық
қанағатсыздығын қалпына келтіруге,
организмнің жалпы жағдайын
жақсартып, қорғаныс қабілетін
жоғарылатуға арналған шаралар
толық енуі керек.