Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы Гигиена – 1, дене шынықтыру және валеология кафедрасы
Жоспары:
Кіріспе
462.59K
Категория: МедицинаМедицина

Әр түрлі жастағы балаларға арналған сәнді киімдер мен аяқ киімдердің ерекшеліктері

1. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы Гигиена – 1, дене шынықтыру және валеология кафедрасы

Тақырыбы:Әр түрлі жастағы балаларға арналған сәнді
киімдер мен аяқ киімдердің ерекшеліктері.
Орындаған: Нуралиева А
Тобы:408 “А” ҚДС
Қабылдаған: Қарабалаев Н

2. Жоспары:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Киімдерге қойылатын гигиеналық талаптар
Киімнің пішімі мен киім тігуге қолданылған
матаның қасиеттері
Аяқ киімге қойылатын гигиеналық талаптар
Аяқтың анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

3. Кіріспе

Киім әр түрлі қызметтерді
атқарады.
Ол
адамды
сыртқы ортаның қолайсыз
факторларынан
қорғайды,
қолайлы жылылық жағдай
қамтамасыз етеді, теріні
ластанудан,
механикалық
зақымдалудан қорғайды.

4.

Пайдаланылуына қарай киімдер:
кәсіптік
балалар
әскери
спорт
тұрмыстық
ауруханалық

5.

Киімдердің әрбір түріне өзіндік гигиеналық талаптар
қойылады, бірақ олар үшін келесі гигиеналық талаптар жалпы
болып табылады:
1. Жергілікті жердің белгілі климаты, ауа райы және жыл
мезгілі жағдайында қолданылатын киімдердің осы жағдайларда
ағзаның қолайлы жылулық жағдайын қамтамасыз ететін жылу
сақтайтын қасиеті болу керек.
2. Киімнің ауа өткізгіштігі мен су өткізгіштігі адам жүрген орта
жағдайыларына байланысты болуы керек.
3. Киімнің пішімі адамның еркін қимылдауын шектемеуі,
тыныс алу мен қан айналымын қиындатпауы, дененің жеке
бөліктерін қыспауы керек.
4. Ағзаға қосымша дене жүктемесін түсірмеу үшін, киім
шектен тыс ауыр болмауы керек, оның салмағы адамның дене
массасының 8-10% аспауы керек.
5. Синтетикалық материалдардан тігілген киім спецификалық
иіс шығармайтын, денсаулыққа зиянды химиялық заттар
бөлмейтін, сол сияқты, киімнің бетіне статикалық электрлікті
жинамайтын болуы тиіс.
6.Киім берік және оңай тазартылатын болуы керек.

6.

7.

Киімнің қасиеттері, негізінен киімнің пішімі
мен киім тігуге қолданылған матаның
қасиеттерімен анықталады. Киімді тігуге
табиғи және химиялық талшықтардан
жасалған маталар пайдаланылады. Табиғи
талшықтардан жасалған мата бұрыннан
қолданысқа ие, адамға гигиеналық жағынан
қолайлы қасиеттері болғандықтан, басқа
маталарға қарағанда, әлі күнге дейін
артықшылығын сақтайды.

8.

Маталарды сипаттайтын қасиеттеріне: ауа
өткізгіштігі,
бу
өткізгіштігі,
ылғал
сыйымдылығы,
гидрофильділігі
(су
сорғыштығы), гидрофобтылығы, жылу
өткізгіштігі, гигроскопиялылығы (ылғал
кабылдағыштығы), липофильділілігі, газ
сіңіргіштігі, күн энергиясына қатынасы
жатады.

9.

10.

Ауа өткізгіштігі деп, өзінің саңылаулары
арқылы маталардың ауаны өткізу қабілетін
айтады. Жақсы ауа өткізгіштігі киім астылық
кеңістікте ауаның қозғалуы мен алмасуын
қамтамасыз етеді, бұл теріден бөлінетін және
микроағзалардың
тіршілігі
нәтижесінде
түзілетін су буларының және зат алмасуының
ұшқыш өнімдерінің шығарылуына жағдай
жасайды және ағзаны қызып кетуден
сақтайды.

11.

Бу өткізгіштігі деп, маталардың киім
астылық кеңістікте түзілген су буларын
өткізу
қабілетін
айтады.
Матаның
саңылаулары арқылы сүзіліп өтетін ауадан
айырмашылығы, су булары талшықтар
арқылы диффузия жолымен өтеді.

12.

Табиғи және химиялық талшықтардан
жасалған
маталардың
қасиеттерінің
айырмашылықтары
бар,
бұл
айырмашылықтары киімнің белгілі бір
түрлерін: іш киім, костюмдер, көйлектер,
сыртқы киімдерді дайындау барысында,
оларды саралап қолдануын анықтайды.

13.

14.

Киімнің алмастырылмайтын бір бөлігі - аяқ
киім болып табылады, ол, суық пен жылу,
ылғал, механикалық әсерлерден, ластанудан,
жәндіктер мен жануарлардың шағуынан
қорғайды. Аяқ киімнің көп түрлілігіне
қарамастан,
оның
қасиеттері
мен
параметрлері
төмендегідей
гигиеналық
талаптарға сай болуы қажет:

15.

1. ауа райы мен жұмыс жағдайларына
сәйкес, аяқ киім ішіндегі қолайлы ауа
алмасу мен температуралықылғалдылық режимді қамтамасыз
етуі керек;
2. аяқ ұшының анатомофизиологиялық және жасының
ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек;
3. аяқ ұшы мен бақайларын қыспауы
керек, қозғалысты шектеп, аяқтың қан
айналымын бұзбауы керек;

16.

4. адамға қолайсыз
әсер ететін зиянды
химиялық заттар
бөлінетін көзі
болмауы керек;
5. жұмсақ, жеңіл,
ыңғайлы, жеңіл
тазартылатын болуы
керек;
6. механикалық,
химиялық және
биологиялық
әсерлерден қорғауы
керек.

17.

Аяқ киім үшін жоғарыда
аталған
барлық
талаптарға сай келетін,
ең жақсы материал табиғи
тері
болып
табылады. Ол төмен
жылу өткізгіштік пен
орташа ауа өткізгіштік
қасиеттерімен
сипатталады, созылғыш
болады,
зиянды
химиялық
заттар
бөлмейді.
Тері,
оны
қорғайтын
қабатын
тұзетін, 2-24% дейін
майдан тұратындықтан,
оның саңылауларына су
енбейді.

18.

Жазғы уақытта жеңіл желдетілетін аяқ
киімдерді: сандал, жалаң аяққа киетін
аяқ киім, туфли,панталеттерді пайдалану
қажет. Жазғы аяқ киімдердің үстіңгі
бөлігі ауа өткізетін материалдардан
тігіледі. Жазғы аяқ киімдер үшін, қысқы
аяқ киімдерге пайдаланатын сияқты,
табиғи тері ең жақсы материал болып
табылады, бірақ жасанды тері, замша,
тоқылған материалдар да кеңінен
қолданылады.

19.

Спорттық
және
резеңкеден
жасалған
аяқ киімнің ауа- және
бу өткізгіштігі төмен.
Лакталған аяқ киім
ауаны мүлде өткізбейді.
Бұндай
аяқ
киім
күнделікті
киюге
жарамсыз
болып
табылады және шектеп
қана киюді қажет етеді.

20.

Қорытынды
Қорыта келе, балаларға киім мен аяқ киім таңдау кезінде тек оның
сәнді екеніне ғана емес сапасы мен пайдапсына зейін қоюымыз
керек.Оның устімізге киіп алғанымызбен денсаулығымызға кері әсерін
тигізбеуіне қол жеткізуіміз керек.Мәселен, балалардың жылу
реттейтін механизмдерінің жетілмегендігіне байланысты, оларға
арналған киімдер қыста жылу сақтайтын қасиеттері, ал жазда - жылу
беретін қасиеттері жоғарырақ болуы керек. Киім астылық кеңістікте
ең аз ауа айналымын және қоршаған ортамен ең аз ауа алмасуын
қысқы киімде киімді тігуге арналған материалмен ғана емес, сонымен
қатар, киімнің құрылымдыгымен да қамтамасыз етеді. Киім астында,
күләпара (капюшон), манжета, белбеу, белбеу биік шалбарларды
қолдану, күртенің төменгі жағын резеңкемен қысып буу т.б. арқылы
көп тұйық кеңістіктер жасайды.
Жазғы уақытта, киім астылық кеңістіктің ең жақсы желдетілуін
қамтамасыз ететіндей, киім кеңірек пішілуі қажет. Балалардың жаздық
киімдерін тігуге арналған ең жақсы маталар - батист, сәтен, табиғи
жібек болып табылады. Жасанды және синтетикалық талшықтар да
жарым-жартылай қолданылуы мүмкін, бірақ тек табиғи талшықтармен
араласқан түрінде. Синтетикалық және жасанды талшықтардың
матадағы пайыздық мөлшері гигиеналық нормативтермен бекітіледі.

21.

Пайдаланылған әдебиеттер:
Гигиена детей и подростков: Учебник /Под ред.
В.Р.Кучма. - М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2008.- 480 с.
Медицинские и социальные аспекты адаптации
современных подростков к условиям воспитания.
Баранов А.А., Кучма В.Р., Сухарева Л.М.
М.Медицина. - 2006
Чабовская А.П. Основы педатрии и гигиены детей
старших классов. – М.: просвещение, 2000г.
Б.Т. Тусіпқалиев., А.У. Исмағұлова. Балалар
аурулары. Ақтөбе. 1993.
Керімбек А. Е. Баланың туылғаннан кәмелетке
дейінгі өсіп-дамуы, тән-жан тәрбиесі мен
гигиенасының жасерекшеліктері. Түркістан – 2008,
214 бет.

22.

Назарларыңызға
рахмет!!!
English     Русский Правила