Похожие презентации:
Картографияның даму тарихы
1. Картографияның даму тарихы
2.
Картография – географиялық карталар, оларды жасау жәнепайдалану туралы ғылым.Картография табиғат пен қоғам
құбылыстарының үйлесуі мен өзара байланысуын, олардың
кеңістіктегі орналасуын және уақыт бойынша өзгеруін, т. б.
картографиялық кескіндеудің (бейнелеудің) көмегімен зерттейтін
ғылым.
3.
Алғашында жерге емес аспанға қатысты карталар болды.Алғашқы карталарды тайпалар тасқа өздерінің тұрған жерлерін
бейнелеу арқылы салды. Карталарда негізінен суреттер
берілген болатын. Оған дәлел үңгірлерден немесе тастардан
табылған аңдардың, жануарлардың, тау, өзендердің суреттері
болып табылады
4.
Картография және географияның ғылыми деректері ЕжелгіГрекиядан басталады. Бұған Александр Македонскийдін,
(Ескендірдің, б.з.б. IV) жарлығының ықпалы мол болды.
Ескендірдің кезінде кең аумақты отарлау мен сауда кеңінен жүрді,
ірі географиялық ашылымдар болды.
Ежелгі
Грекиядағы
географиялық
ой-өрістің
және
астрономияның дамуы нәтижесінде Жер шар тәріздес деген
ғылыми ұғымы қалыптаса бастады. Мұнда Аристотельдің еңбегі
зор болды. Жердің шар тәріздес екендігін алғаш рет дәл өлшеп
көрсеткен астроном және географ Эратосфен болды (б.з.б. III
ғасыр). Эратосфен өзінің "География" кітабында сол кезде белгілі
болған Жер бетінің бейнесін картаға түсірді. Эратосфен алғаш
рет "географиялық бойлық", "географиялық ендік" ұғымдарын
енгізіп, оны іс жүзінде пайдаланды.
5.
Ежелгі дүниенің ғылымикартографиясы өзінің кемелденген
шегіне грек астрономы, географы
және картографы Клавдий
Птолемейдің (б.з. І-ІІ ғ.) тұсында
жетті. Ол өзінің “География”
еңбегінде сол кезде белгілі болған
карта проекцияларының
барлығын, оның ішінде конустық
және псевдоконустық
проекцияларды тыңғылықты
баяндап берді. 8000 жуық
географиялық объектілердің
координаталарын картада
көрсетті.
6.
Ортағасырлық кезеңде Шығыс Арабия елдеріндекартография және география біршама
жетістіктерге жетті. Араб ғалымдары
еуропалықтардың діни (монастырлық)
карталарына қарағанда пішіні мен мазмұны
жағынан әлде қайда бай, көрнекті және сол кезде
белгілі жерлерді дәл және шынайы түрде
бейнелей білді. ХІ ғасырда ортаазиялық
ғалым Әбу Райхан әл-Бируни эклиптиканың
экваторға еңкіштігін дәл анықтады, Жер
радиусын да шамалап дәл көрсетті. "Карталар
және Жер беті туралы мәліметтер" еңбегінде ол
картографиялық проекциялар, градустық тор
жайлы және Жер бетін глобусқа проекциялау
әдістерін қарастырды.
7.
Еуропада картаның даму кезеңі орта ғасырлардың аяғына келді.Оған негізгі себеп, осы кезде қоғамның картаға деген сұранысының
өсуі болды. Карта, негізінен, Шығыс пен Батыс елдері арасындағы
сауданың дамуына байланысты қолданыс таба бастады. Оған
қызығушылық артты.Осының нәтижесінде XVI ғасырдың соңында
арнайы теңіз карталары - портолондар (италия тілінде роztо қойнау) пайда болды. Олар теңізде жүзгенде бағдарлану үшін
пайдаланылды.
Картографияның жақсы дамуына XV ғасырда картаны ойып және
басып шығару әсер етті. Осы кезеңнен бастап карталардың бағасы
түсті. Картографияның одан әрі тез дамуына XV-XVI ғасырлардағы
ұлы географиялық ашылулар ықпал етті.
8.
XVI ғасырда картографияның дамуына фламанд Г.Меркатор (15121549 ж.) үлкен үлес қосты. Ол бірнеше картографиялық проекцияларжасады, оның ішінде теңізде жүзушілерге ыңғайлы тең бұрышты
картографиялық проекциялар да болды. Сол кезде бар
картографиялық материалдарды талдап және іріктеп Меркатор үлкен
карталар жинағын жасады. Ол оны "Атлас" деп атады.
XVII ғасырдың басында осы кезде
практикалық астрономия мен геодезияда ірі жетістіктер болды.
Нәтижесінде картография одан әрі дами түсті. Осы кезеңде
астроном Галилей астрономиялық көру трубасын (1609 ж.) ойлап
тапты. Ал 1616 жылы голланд ғалымы Снеллиус триангуляция
негізінде алғаш рет градустық өлшемдер жүргізді. Осы кезеңде
мензула да ойлап табылған. Осылардың нәтижесінде дәл градустық
өлшемдер жүргізіліп, геодезиялық негіздегі топографиялық карталар
жасала бастады
9.
XVI ғасырдың басында Еуропаның көптеген елдеріндеәскері -топографиялық бөлімшелер ұйымдаса бастады.
Кейіннен бұл бөлімшелер мемлекеттік картографиялық
қызмет мәртебесін алды. XIX ғасырдың алды және XX
ғасырда Еуропаның көптеген елдерінде, сондай-ақ Ресейде
жаңартылған, біршама дәл, ірі масштабты топографиялық
карталар пайда бола бастады.
Басында топографиялық карталар тек әскери мақсатта
жасалса, кейіннен өзінің дәлдігі мен бөлшектеліп толық
көрсетілу сипаты нәтижесінде оларды азаматтық ғылымдар
пайдалана бастады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін
Еуропа мен Азияның біршама елдерінде картографияның
дамуы бір сапалық мәнге ие болды.
10.
Табиғат ресурстары мен өндіргіш күштерді толық пайдалануғабайланысты дүние жүзінің көптеген елдерінде тақырыптық және
кешенді картографиялауға сұраныс көбейді. Картографияның
келешегіне көз сала отырып, бІріншіден тақырыптық
картографияның одан әрі тиімді дамуын қажет етеді. Бұл тұрғыдан
Дүниежүзілік мұхит кеме жүзу немесе балық аулау үшін зерттеліп
келсе, енді адамзат одан өте қүнды әр түрлі ресурстар көзін тауып
отыр. Сондықтан, оны жан-жақты картографиялау өте қажет.
Мемлекет аумағындағы табиғи ресурстарды картада толық
көрсетуді және халық шаруашылығының әр түрлі салаларын,
сонымен бірге халыққа қызмет көрсету салапарын тиімді
пайдалану үшін әр сала бойынша толық картаны жасау қажеттігі
күшейе түсті. Урбандалудың өсуі және қалаларды қайта жөндеу
қаланың ерекше картографиясының дамуына алып келді.
11.
Қазіргі картография – ежелгі немесе осыдан30 жыл бұрынғы қолданылу мақсатын
түбегейлі өзгертті.
Қазір картография ғылымы жаңа заманауи
технологиялар мен бағдарламалардың пайда
болуымен өзінің зерттеулеріне ғарыштан
түсірілген әуесуреттерді, сондай-ақ сандық
карталар жасуға мүмкіндік ашқан әртүрлі
компьютерлік бағдарламаларды қолдануда.