Похожие презентации:
Қарқынды оқыту технологиясы
1. Қарқынды оқыту технологиясы
ҚАРҚЫНДЫ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ2. Кіріспе
КІРІСПЕ• Қазақстан Республикасында білім беруді
2005-2010 жылдар аралығында дамыту
туралы мемлекеттік бағдарламасының
«Бағдарламаны іске асырудың негізгі
бағыттары мен тетіктері» атты бесінші
тарауда білім беру мазмұнын білім
үстемдігі деңгейінен нәтижеге
бағытталған біліктілік деңгейіне
көтерудің маңыздылығына ерекше назар
аударылады.
3.
• Қазіргі кезде оқу –тәрбиеүрдісін үйлестіруге
бағытталған және сонымен
қатар психологиялықпедагогикалық ғылымды
тұтасымен қарқынды дамуға
жетелейтін алдыңғы қатарлы
педагогикалық тәжірибенің
көптеген жетістіктері белгілі.
4.
Қарқынды оқытутехнологиялары
• Қашықтықтан оқыту
• Модульдік оқыту
• Проблемалық оқыту
• Бағдарламалық оқыту
• Компьютерлік оқыту
• Шоғырландырып оқыту
5.
• Осындай кең арналы, жемісті де қызу ізденісүстіндегі жаңашыл мұғалімдерінің арасында
азаматтық және кәсіптік қайрат-жігерін осы
заманғы білім беру ісінің ең өзекті, әрі
күрделі мәселелерін шешудің кілтін табуға
жұмсайтын донецкілік мұғалім Виктор
Федоровий Шаталовтың есімі айрықша
дараланып тұрады. Бұл өзекті мәселелерге:
оқушыларға түсетін ауыртпалықты жою,
олардың бойында оқуға деген
қызығушылықты, белсенділік пен өз бетінше
жұмыс істеу қабілетін тәрбиелеу т.б. жатады.
6.
7.
• В.Ф.Шаталовтың оқушыларының оқуәрекетінде қандай нақты формалар бар?Олардың негізгілерін атап өтелік. Жаңа
материалды игеру алдымен мұғалімнің
көмегімен түсіндірілуін тыңдау түрінде
өтіледі. Автордың атап көрсеткендей, мұнда
ерекше тұрғыда ұйымдастырылған материалды
«блокты қабылдау» жүреді. Сонан соңмұғалім үлестірген тірек сигналды парақтарды
оқып үйреніп және жазып жаттығады. Бұдан
кейін оқу материалы бойынша жасалған «тірек
сигналдарымен» қызу жұмыс істеу, осындай
конспекті құрастыруға байланысты (шамамен
15-20 сабақта бір рет) творчестволықжұмыс
орындау және т.б.
8.
• Біздіңше В.Ф.Шаталовтың басты еңбегі-оқуісін оқушылардың өз күшімен басқарудың
тиімді жолдарының бірін байқап көрінуде.
Жасыратыны жоқ, «Оқыту әдісі дегеніміз
оқытушының іс-әректеі мен оқушының ісәрекетінің бірлігі» деген формулада
келтірілген оқушылардың танымдық ісәрекетіне назар аударылуына қарамастан,
мектептегі сабақ кезіндегі нақты оқуға деген
белсенділікті (кітапша авторының есебі
бойынша әр оқушының бір күнгі әр сабақта 2
минуттан сөйлеуі) әлі де жетілдіре түсуді
қажет етеді.
9.
• В.Ф.Шаталов оқушылардың танымдықіс-әрекетін айтарлықтай қатаң және
сатылы түрде басқарудың мүмкіндігін
таба білген. Бұл тұрғыдан алғанда автор
оқушылардың іс-әрекетін басқару
жөніндегі совет психологиясында
тұжырымдалған жалпы идеяларды
(А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин,
Н.Ф.Талызина және басқалар) шынайы
түрде жүзеге асырып және оларды
әдістемелік жағынан «нақыштай» білген.
10.
• Психологиялық жағынан алғанда бұлмұғалімнің тексті мағыналық тұрғыдан
өңдеу тәсілдерін қалыптастыруын
оқушылардың өздерінің оқу ісін
ұйымдастырудағы құралы ретінде тірек
сигналдарын пайдалануын,
мнемотехникалық тәсілдерді,
оқушыларда ой еңбегі мәдениетінің
жалпы әдістерін дамытуды білдіреді.
В.Ф.Шаталовтың бақылауынша
оқушылар жаңа текстермен жұмыс
істегенде осы әдістерді кеңінен
пайдаланылатыны есте қаларлық нәрсе.
11.
• Бұл тұрғыдан алғанда В.Ф.Шаталовтыңтірек сигналды парақтары өзінің мәні
жөнінен П.Я.Гальпериннің оперативті
әрекет схемаларына, оқытылатын
ұғымдардың қасиеттері мен белгілері
және олар белгілі бір жүйе бойынша
ақыл-ой әрекетін сатылы түрде
қалыптастыру теориясына сай
карточкаларға жазылған жұмысқа жақын.
Глобальді, іріленген тақырыптар
идеясының өзі психологиялық жағынан
«меңгерудің негізгі бірліктері» түрінде
жүзеге асырылады (П.Я.Гальперин,
Д.Б.Эльконин және басқалар).
12.
• Мұғалімнің сұрауы да сол сияқты. В.Ф.Шаталовоқушыларынан белсенді әрекеттің жаңа формаларын
талап етеді. Сөйлеу практикасын, ең бастысы, оқу
материалын-оның түрде қайта жаңғырту практикасын
дамытып отыратын меңгерілген материалды жәймен
магнитофонға ауызша йту (бір сабақта 20 оқушыға
дейін); бұл жазылғандарды кезектесіп тыңдау және
бағалау-міне осының бәрі белсенді жауап беруге
күнделікті дайындықтың қажеттігін тудырады, ал тірек
парақтарын пайдалану бұл дайындық уақыты (әр сабақ
үшін 20 минутқа дейін) қысқартады. Орындалған
жаттығуларды тексергеннен кейін оқушылар
шығарылған есептер парағындағы тор көздерді бояп
қояды.
13.
• В.Ф.Шаталовтың ең маңыздыжетекшісінің бірі тұтасымен оқу
үрдісінде және оның ішінде сабақ
кезінде қолайлы психологиялық
жағдай тудыра білуі және
оқушылардың өздерінің еңбектеніп
оқуға деген жоғары деңгейдегі ішкі
әзірлігін қалыптастыруы болып
табылады.
14. Бұған оқытушымен оқушының өзара қарым-қатынасының мынандай көптеген ерекшеліктері септігін тигізеді:
БҰҒАН ОҚЫТУШЫМЕН ОҚУШЫНЫҢ ӨЗАРА ҚАРЫМҚАТЫНАСЫНЫҢ МЫНАНДАЙ КӨПТЕГЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІСЕПТІГІН ТИГІЗЕДІ :
• оқушыларға үйде тапсырма орындау міндеттелмейді,
тек ұсынылады;
• есептерді шығару «жартылай міндетті» жағдайда
жүргізіледі: сабақ сұрау ақырын, жәймен, сенімді,
оқушылардың қателігі көзге түртіп көрсетілмейтін
формада өткізіледі;
• оқушылар сабақ айту үшін орнынан тұрып жатпайды;
• мұғалімнің бағасының талассыздығымен қатар талап
жағдайы жоқ т.б
15.
• Нәтижесінде –әр оқушының жақсы оқуынаболады деген сенім, әр оқушының өзін-өзі
қадірлей білу сезімі нығайып, тіпті қиын
жұмысты да орындауға шамасы жететініне
сенім қалыптасады. Міне, осының бәрі
автордың кітапшасының аты етіп қойған
проблеманы шешу жолдарын көрсетеді.
Автордың жазуынша мұндай жағдайда
дәстүрлі оқытудағы келеңсіз көріністер –
сыбырлап «көмектесу», көшіріп алу, уақытты
босқа зая кетіру жойылады.
16.
• Мұғалім тірек сигналдарынпайдаланғанда олардың әрқайсысының
мән-мағынасын ұғынықты түрде
түсіндірсе және көрнекі суреттермен,
бояулы схемалармен, сондай-ақ тірек
сигналдары бар жеке парақтармен
көрсетіп әңгімелесе, алғашқы онша
күрделі емес тірек сигналдарын ойда
қалуы бойынша еске түсіру қиын ба?
Сызбалар мен жазуларды қағазға
түсірудің алғашқы әрекетінің өзінде – ақ
оқушы бұл істің қолынан келетінін
сезеді.
17.
• 2-3 күннен кейін ол бұл жұмысты ынталанаорындайтын болады: себебі оның көз алдында
бүкіл класс күн сайын үлкен қайтарыммен
жұмыс істеп жатады және ол жазба жұмысы
үшін күнде жоғары баға алуға болатынын
көреді. Оларды дауыстап оқығанда
қиындықтар туа берсін, практикалық жұмыс
кезінде кейбіреулері ойдағыдай болмай-ақ
қойсын- мейлі! Білімді жинақтау үрдісі, істің
ішкі мәнін терең толғау үрдісі және жүйелі
еңбекке белсене араласу жүріп жатады. Бұған
қоса бұл арада қаншама бала ауызша жауап
береді.
18.
• Класс алдында қате жауап беруден оқушықысылатындай дәстүрлі жауап беру емес.
Өзінің білімсіздігін жұрт алдында жайып
көрсету кімге жағымды? Ал мұнда мұғаліммен
бетпе-бет отырып жәймен сабақ айтсын немесе
одан да оңайы-магнитафонға жазсын. Нашар
оқушы өзінің магнитафонға жазғанын
мұғалімнің ешкімге тыңдатпайтынын және
жауабымда қандай қателіктер жібергенін
ешкімнің естімейтінің жақсы біледі.
19.
• Оның есесіне жауабы жақсы болатынболса, ертеңіне оны бүкіл класс болып
тыңдайды. Бұл өте қарапайым
әдістемелік тәсіл кей жағдайда өзіне
деген сенімділігін қалыптастыруды
қажет ететіндерге қаншама рухани күш
береді. Бірнеше ақырын және
магнитафондық сабақ сұраулардан кейін
балалар тақтаға батыл шыға бастайды
және тарих, география сабақтары
бойынша тірек сигналдарын еркін
дауыстап айта алатын болады.
20.
• Ауызша сабақ сұрау кезінде оқушылартірек сигналдары бар қағаздарды
(магнитафондық және жәймен сұрау
кезінде) немесе тірек плакаттарын
пайдаланады (тақта алдында жауап
берген кезде). Бұлай сабақ сұраудағы
оқушылардың психологиялық еркіндігі
мынадай объективті жағдайлармен
айқындалады:
21.
• 1. Бір мезгілде бірнеше операцияныорындау: әңгіменің жоспарын есте
сақтау, әңгімені өзі айту және өзара
байланысты тірек сигналдарының
арасындағы абзацтарды толтыруға тиісті
материалды ойша қорыту қажеттігі
жойылады. Профессор В.В.Давыдовтың
зерттеулері көрсеткендей, бір мезгілде
бірнеше ой операцияларын орындау
қатты шаршауға немесе бұл
операциялардың әрқайсысының
ойдағыдай орындалмауына әкеліп
соқтырады.
22.
• 2. Жаңа терминдермен, есімдермен,даталармен жұмыс істеу жеңілдейді, бұл
өз кезегінде күтпеген эффектіге жеткізді:
оқушының сөз сөйлеуіндегі орынсыз
қыстырма сөздер («міне», «ой», «иә»,
«осылай» және т.б.) іс жүзінде
толығымен жойылады. Өзі-ақ айтып
тұрғандай бұрын бұл сөздер бір ғана
қажеттілік үшін-жаңа сөздер мен тілдік
құрылымдар ойлап табуға қажет уақыт
өту үшін пайдаланылатын еді.
23.
• Көптеген есептеулер мынаны көрсетті:алдын ала дайындықсыз таныс емес
тексті дауыстап оқығанда оқу
жылдамдығы минутына 220 сөзден, ал
таныс тексті оқығанда минутына 240-250
сөзден аспайды екен. Ал енді қандай да
бір оқиғаны үлкен шапшаңдықпен
әңгімелеп көріңіз, сіз бәрібір минутына
180 сөзден артық айта алмайсыз.
24.
• Сабақтың сөздік көлемі 2500 сөзге сирекжетеді. Жаңа әдістеме жағдайында жұмыс
істеу сабақтың, сөздік көлемі 1,5-1,7 есе
арттыруға мүмкіндік береді! Бұған ең алдымен
тірек сигналдары көмектеседі. Бағыт-бағдар
белгілерін пайдалана отырып, оқушы
қиналмай-ақ сөйлеу шапшаңдығын арттыра
алады және сөз арасындағы үнсіздікті
қысқартады, артық, қыстырма сөздерді жояды.
Егер бұған қоса сабақ сұраудың жаңа екіжәймен және магнитафондық түрін ескетсек,
онда әрбір оқушының үлесіне тиетін сабақтың
сөздік көлемі 2,8-3,1 есе өсетінін ғылым
дәлелдеген.
25.
• Мұғалімнің жаңа материалды түсіндіруі.• Өтілген жаңа материалды тірек плакаттарының
көмегімен қайта баяндау.
• Тірек сигналдары бар беттерді арнайы стендте
көрсетілген үлгі бойынша бояу.
• Тірек сигналдарын сол көрсетілген үлгі
бойынша үзіліс кезінде алғаш керіп, есте
сақтау. (Көпшілік жағдайда бір пән бойынша
сабақ пен сабақтың арасында 12-18 үзіліс
болады, сол уақыттарда тірек сигналдары бар
қағаздар балалардың көз алдында болуға тиіс.)
• Оқулықпен жұмыс істеу.
26.
• Осының бәрі тұтас алғанда материалдытүгелдей есте сақтап қалуға қолайлы жағдай
тудыруды және әр түрлі зерттеулер
көрсеткеніндей оқушының сабаққа дайындалу
уақыты, егер әңгіме тек теориялық материал
туралы болса, 20 минуттан аспайды, ал бұдан
да қолайлы жағдайда 10-15 минутпен
шектеледі. Сонымен қатар, тірек сигналдары
бар көлемді блокты конструкцияларды есте
сақтап қалуды мнемоника тәсілдерін қолдана
отырып, прозадан, поэзиялық шығармалардан
үзінділерді немесе спектакль қоярдағы
дайындық кезінде диалготарды
жаттағандағыдай іске асыру керек.
27.
• Тірек сигналдарын қағазға қайтатүсіру уақыты бірнеше рет
жаттыққан соң біраз қысқарады.
Сондықтан көпшілік оқушыларға
белгіленген уақыт ішінде жазба
жұмысын орындап шығу онша
қиындық туғызбайды.