ШВЕЦИЯ
Байрақ Елтаңба
Эканомикасы
ERICSSON штаб - пәтері
Швеция және Қазақстан эканомикалық қатынастары
Швеция күзі
Сильян көлі
Пайдалы қазбалар
Климаты
1.78M
Категория: ГеографияГеография

Швеция мемлекеті

1. ШВЕЦИЯ

2. Байрақ Елтаңба

3.

Швецияның орналасуы (қаражасыл):
— Еуропада (ашық-жасыл
және қара-сұр)
— Еуропалық одақта (ашықжасыл)

4.

Ресми тілі
Елорда
Ірі қалалары
Мемлекеттік құрылымы
шведше[1][2]
Стокгольм
Стокгольм, Гётеборг, Мальмё, Уппсала
Үкімет түрі
Мұрагерлік конституциялық
монархия, парламенттік демократия
Король
Премьер-министрі
Карл XVI Густав
Фредрик Рейнфельдт

5.

Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Жұрты
• Сарап (2010)
• Тығыздығы
Географиясы
Әлем бойынша 54-ші-орын
449 964 км²
8,67
9 354 426 адам (88-ші)
21,9 адам/км²
Экономикасы
ЖІӨ
• Қорытынды (2008)
• Жан басына шаққанда
358,400 млрд. $ (33-ші)
39,600 $
АДИ (2011)
▬ 0,904 (өте жоғары) (10-шы)
Валютасы
Швед кронасы (SEK

6.

Швеция, Швеция Kорольдігі (швед. Sverige, швед. Konungariket Sverige) — Eуропада орналасқан
ел. Скандинавия елдерінің бірі. Швеция Корольдігі — Солтүстік Еуропадағы Скандинавия
түбегінің шығысы мен оңтүстігін алып жатқан мемлекет. Cолтүстік-батысында Норвегиямен,
солтүстік-шығысында Финляндиямен шектеседі. Оңтүстік-шығысын Балтық теңізі, ал оңтүстікбатысын Эресунн бұғазы (Швецияны Даниядан бөліп тұр) мен Каттегат, Скагеррак бұғаздарының
сулары шайып жатыр.
Швецияның иелігіне сондай-ақ Балтық теңізіндегі Готланд пен Эланд аралдары мен бірнеше ұсақ
аралдар да кіреді. Аумағы 449964 км2. Швецияның ұлттық құрамы негізінен бір текті. Халқының
91%-ын шведтер құрайды. Сонымен бірге финндер (3%), саамдар, норвегтер, даттықтар (6%)
тұрады. Ресми тілі — швед тілі. Дінге сенушілердің көпшілігі — лютеран шіркеуінің өкілдері
(94%), католиктер (1,5%), мұсылмандар мен иудей дініндегілер де бар. Астанасы — Стокгольм
қаласы. Ірі қалалары: Стокгольм, Гетеборг, Кальмар, Упсала, Мальме, Хельсингборг (қала
халқының үлесі 83%-ды құрайды). Әкімшілік-аумақтық жағынан 21 ленге (губернияға) бөлінеді.
Швеция тарихи-географиялық жағынан үшке: Геталанд (оңтүстігінде), Свеаланд (елдің орталық
бөлігі), Норландқа (Швецияның ең үлкен аймағы, ел аумағының 60%-ын алып жатыр, солтүстік
бөлігі) бөлінеді. Швеция — конституциялық монархия. Мемлекет басшысы — король (Карл XVI
Густав, 1973 жылдан). Жоғарғы заң шығарушы органы — бір палаталы парламент — риксдаг.
Жоғарғы атқарушы органы — үкімет. Ұлттық мейрамы — швед туының Күні, 6 маусым (1503).
Ақша бірлігі — швед кронасы. БҰҰ-ның (1946), Солтүстік кеңестің (1952), Еуропа кеңесінің (1995)
мүшесі

7.

8. Эканомикасы

Швеция — жоғары дамыған өнеркәсіпті ел. Швецияның
кедей аграрлық елден қазіргі заманғы өнеркәсіптік қоғамға
айналуы темір кентастары, ағаш пен су қуатына
байланысты болды. Ағаш материалдары, қағаз бен болат
шығару үшін қолданылған бұл табиғи ресурстар экспортқа
бейімделген өнеркәсіптің негізін қалады. "Швед социализмі"
атанған бұл ұлттық экономикалық үлгі капиталистік және
социалистік даму жолдарының ең озық қасиеттерін
қамтыған жеке меншік үстемдігі бар аралас түрдегі
нарықтық қатынастарға сүйенеді.

9. ERICSSON штаб - пәтері

10.

Швеция өнеркәсібі экспортқа бағытталған, сол себепті оның өнімі елдің барлық сыртқы саудасының
негізін құрайды. Швеция негізінен әртүрлі құрылыс материалдарын, жиһаз, құрастырылатын үйлер
шығарады. Бұған қоса металлургия (сапалы және арнаулы болаттар шығару), машина жасау, ағаш
өңдеу, целлюлоза-қағаз өнеркәсібі, химия, тағам (негізінен сүт және ет өнімдерін шығару) өнеркәсібі
неғұрлым жоғары дамыған. Целлюлоза-қағаз өнеркәсібі Ботния бұғазына құятын өзендердің бойына
шоғырланған. Өндіріс орындарының көпшілігі Швецияның орталық ауданында орналасқан. Ең ірі
“Швед болат компаниясы” концерні мемлекет меншігінде. Машина жасау саласына барлық өнеркәсіп
өнімдерінің 50%-ына жуығы тиеді. Автомобиль және аэроғарыш өнеркәсібінің зауыттары оңтүстік және
орталық Швецияда шоғырланған. Автомобиль өнеркәсібі “Volvo” (“Вольво”) компаниясының
зауыттары Гетеборгте, ал “Saab-Scanіa” (“Сааб-Шаниа”) компаниясының зауыттары Тролльхаттенде
орналасқан. Дәрі-дәрмек жасау мен биотехнология салалары — швед экономикасының ең үрдісті және
болашағы зор өнеркәсіп салалары. 1994 — 1996 жылдары Швециядағы дәрі-дәрмек рыногы 15%-ға
өсті. Швед компаниялары онкология, гастроэнтерология, кардиологияда қолданылатын дәрілерді
шығаруға маманданған. Электр және электрондық өнеркәсіп Стокгольм мен Вестерос қалаларына
шоғырланған. Сондай-ақ Стокгольм телекоммуникация және тұрмыстық электр аспаптарын
шығаратын “Erіcsson” (“Эрикссон”) және “Elektrolux” (“Электролюкс”) компаниялары бүкіл дүние
жүзіне белгілі. Аграрлық швецияның жетекші саласы — етті-сүтті ірі қара мал өсіру. Ірі қара мал бүкіл
Швеция аумағында өсірілсе, шошқа мен үй құстары елдің оңтүстігінде ғана өсіріледі. Егін
шаруашылығы үшін бүкіл ел аумағының 7%-ына жуығы пайдаланылады. Өңделетін жерлердің басым
бөлігі оңтүстік аудандарда шоғырланған, мұнда бидай, сұлы, күнбағыс, картоп егіледі. Тиімді
технологияның арқасында Швеция өзінің бидайға, қара бидай мен картопқа деген мұқтаждығын толық
қанағаттандырады. Кеме жасау кәсіпорындары Гетеборг, Мальме, Удевалль қалаларында орналасқан.
Швеция— орман өнеркәсібі өндірісінің барлық түрлерін экспортқа мол шығаратын ел (Финляндиямен
бірге бүкіл дүние жүзіндегі қағаз бен целлюлозаның 10 — 15%-ын өндіреді). Ел аумағының 68%-ын
ормандар алып жатыр. Елде банк жүйесі мен туризм жақсы дамыған.

11. Швеция және Қазақстан эканомикалық қатынастары

1992 жылы 16 қаңтарда Швеция Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін
таныды. 1992 жылы 7 сәуірде Қазақстан мен Швецияның арасында дипломатиялық қатынас
орнатылды. 2000 жылдың 11 ақпанынан бастап Алматыда Швецияның құрметті консулдығы
жұмыс істейді. 2001 жылдың шілдесінде олимпиада жеңімпазы В.Смирнов Швециядағы
Қазақстан Республикасының құрметті консулы болып тағайындалды. 1994 жылы 23-25
наурызда Алматы қаласында “Қазақстандағы Швеция күндері” өткізілді. Швеция мен
Қазақстан арасындағы тауар айналымы 2000 жылы 66,5 млн. АҚШ долларын құраса, бұл
көрсеткіш 2002 жылы 66,1 млн-ға тең болды. Швециядағы ұлттық табысты жан басына
шаққандағы жылдық көрсеткіш 24000 АҚШ долларына тең (2003). Швеция сыртқа машиналар
мен құрал-жабдықтар, қағаз, химикаттар, металдар, темір кентастарын шығарады. Сырттан
көліктік құрал-жабдықтар, минералдық отындар, тоқыма, киім-кешек, аяқ киім, азық-түлік
өнімдерін әкеледі. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Ұлыбритания, Норвегия, АҚШ, Дания,
Франция.[3]

12. Швеция күзі

13. Сильян көлі

14. Пайдалы қазбалар

Швецияның жер қойнауы металға бай болғанымен минералдық отынға кедей. Металл
кентастары кен орындары магмалық және метаморфтық жыныстардың мол қорымен
байланысқан. Шөгінді жыныстардың шектеулігіне байланысты таскөмірдің, мұнай мен
табиғи газдың кен орындары жоққа тән. Темір кен орындары кентас қорларының мөлшері
жөнінен дүние жүзіндегі ең бай кен орындарының қатарына атады. Темір қорларының 80%дан астамы шоғырланған негізгі аудан поляр шеңберінің арғы жағында, Лапландияда
орналасқан. Түсті металдардың негізгі кен орындары Норланд үстіртінде. Бұл құрамында
мыс, мырыш, қорғасын, алтын, күміс, сұр колчедан, күшәла бар кешенді сульфид
кентастарының Булиден Кристинеберг аудандағы кен орны, қорғасын (Лайсвалль) мен мыс
(Аитик) кен орындары.

15. Климаты

Климаты Гольфстримнің күшті жылылық әсеріне ұшыраған қоңыржай. Елдің солтүстік
аудандарындағы климат неғұрлым қаталдау. Орталық және оңтүстік аудандарындағы
климат теңіздіктен континенттікке ауыспалы (кей жерлерде — теңіздік). Оңтүстігінде
қаңтардағы орташа темпетурасы 0 — 5°С, солтүстігінде –6 — 14°С болады. Жазы
салқындау, оңтүстігінде шілденің орташа темпетурасы 15 — 17°С, солтүстігінде 10 —
11°С шамасында. Бүкіл Швеция аумағындағы қыс ұзаққа созылып, жазы қысқа болады.
Елдің барлық аумағына қар түседі, алайда қар жамылғысы Сконеде бар-жоғы 47 күн, ал
Коресуандода 170 — 190 күн бойы сақталады. Таулардағы жылдық жауын-шашын
мөлшері 1500 — 1700 мм-ді (кей жерлерде 2000 мм-ге дейін), елдің оңтүстігіндегі
жазықтарда 700 — 800 мм-ді, солтүстік-шығыста 300 — 600 мм-ді құрайды. Швецияда
қысқа, қар, жаңбыр суларымен толығатын өзендер көп (ең ірілері Доль-Эльвен, ТурнеЭльв, Клар-Эльвен, т.б.). Өзендерінің көпшілігі шығысқа қарай ағып, Ботния шығанағы
мен Балтық теңізіне құяды. Олар электр қуатын өндіруге кеңінен пайдаланылады (53%),
Швецияда аумағы 1 км2-ден асатын 4 мыңнан аса көл бар. Неғұрлым ірі көлдері: Венерн
(аумағы 5585 км2), Веттерн, Ельмарен, Меларен, т.б. Норландтағы көптеген көлдер
тектоникалық ойыстарда орналасқан.
English     Русский Правила