Похожие презентации:
Иманпедагогика. Иманипедагогиканың мәні
1.
ИМАНИПЕДАГОГИКАIМАNIPEDAGOGIKА
ИМАНИПЕДАГОГИКА
2.
ҚОБДАБАЙҚАБДЫРАЗАҚҰЛЫ
ИМАНИПЕДАГОГИКА
العمانية التربية
ҚАРАҒАНДЫ
2019
3.
КӨШПЕНДІЛЕРДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫН ЗЕРТТЕУОРТАЛЫҒЫ
Пкір жазғандар:
Жауапты редактор:
Б.Бор (Академик)
Н.Қаусылғазы (п.ғ. д-р)
Д.Нурпейісова (пед.магистрі)
ҚОБДАБАЙ ҚАБДЫРАЗАҚҰЛЫ
ИМАНИПЕДАГОГИКА
Иманипедагогика- көшпелі мəдениет пен түркі өркениетінен рухани бастау алатын
қазақ халқының ұлттық болмысына, халықтық тəжірибесіне сай балалар мен ересектерді
тəрбиелеу, дамыту заңдары мен заңдылықтарын зерттейтін ғылым.Ол,ізгілікке баулу
іліміне,имандылыққа баулу іліміне,кемел кісі қалыптастыру іліміне,еңбекке жəне өмірге
баулу қатарлы тəлім-тəрбие беру қазақтың ілім-біліміне сүйенеді,олардың ұстаным
қағидаларын басшылыққа алып,заманауи тəрбиелеу,дамыту жолдарын айқындайды.
Имандылық тəрбиенің бүкіл жүйесі гуманистік мазмұнға толы, рухани негізде жеке
адамның жан- жақты дамып жетілуіне бағытталған.
Иманипедагогика-наука, изучающая законы и закономерности воспитания, развития
детей и взрослых в соответствии с народным опытом, национальным бытием казахского
народа, приобретающим духовные истоки от кочевой культуры и тюркской цивилизации.
Он опирается на знания казахского народа, (он основан на учении гуманизма,учении
вероучения,учении совершенства зрелых человек,учении трудолюбии и жизни казахского
народа.) основываясь на принципах их позиции,определяет современные пути воспитания
и развития.Вся система нравственного воспитания наполнена гуманистическим содержанием, направлена на всестороннее развитие личности на духовной основе.
4.
ИМАНИПЕДАГОГИКАНЫҢ МӘНІ1.1§. Иманипедагогиканың қажеттілігі жəне алғышарты
Қазақ-өткенді қадірлеген,жаңаны байыптаған, болашақты болжап бағдарлаған дана
халық.Ежелгі ескі заманнан бастап күні бүгінге дейін ғұмыр кешкен қазақ халқы:
отбасы,əулет,ауыл,ата-ру,тайпа,топ,одақ,ұлт қатарлы қауымдастықтың сан түрін құрай
отырып,елдікке жетіп, аты əйгілі (шамамен 16 империя орнатып) мемілекет құрып, Ұлы
Дала кеңістігінде бес мыңнан астам уақыт тіршілік еткен көне,текті, байырғы қауым.
Мемлекеттің шаңырағы бір де биіктеп,бір де шайқалып, скифтердің тұңғыш патшасы Торғытайдан бастап,қазақтың соңғы ханы Кенесарыға дейінгі уақыт кеңістігінде тасқын судай
сапырылған сақ, ғұн, түркі,оғыз-қыпшақ ұрпақтары ұзақ сонар тауарихын найзаның ұшымен ғана емес,ақыл-парасат күшімен де,ұрпақ тəрбиелеу ісімен де,ұлағатты үлгі өнегелі
сөзімен де, «кісі» болдыру амал-айласымен де, ақыл-кеңес үлгісімен де айшықтап, бізге сарқылмас ілім мұрасын мирас етті.Қазақтың тəрбиелеу ілімі қалыптасып, дамып,іске асу
барысында талай ұлық ұстаздар туып шықты, əулет мектебінің сан түрі пайда болды. Бұл
мектептердің бас ұстаздары ана мен дана,ата мен əже,əке мен шеше,аға мен көке,дос пен
таныс,жеңге мен жезде сияқты ұлағатты ұстаздар есімі,іс-əрекеті ел есінде,халық жадында
мəңгі сақталған. Ұлы Даланың ұлық ұстаздарының ақыл парасаты мен тəжірибесі негізінде: «Көшпелі тұрмысқа сəйкескен,киізтуырдықтыарға (қазақ, қырғыз,монгол) ортақ жас
ұрпақты оқытып білім беретін,тəрбиелеп үлгі өнеге көрсететін,еңбек пен өнерге баулитын,өмірге дайындайтын, өздеріне ғана тəн (Үйрету-баулу)оқу білім жүйесі қалыптасқан.
Қазақтың түп тұқияны жұмыр Жерге келіп ғұмыр кешкеннен бері: «ТəнТəңірден,Тəрбие-өзімізден»-деген қағиданы басшылық етіп,«Кісілік» мұратты шамшырақ
болдырып, ұрпағын өмірге дайындап,тəлім-тəрбиелік кең тынысты, орасан аумақты,заңғар
мақсатты,іс-шара,қимыл-əрекет,жұмыс-шаруа жүргізу, ұйымдастыру, өткізу нəтижесінде:
«Бала бақшадағы гүлің,оны тəрбиелеу үлкен ғылым» деген даналық қорытындыға келген.
Иə,Қазақ танымында:-тəрбиелеу əрі өнер,əрі ілім. Түбі бір,бар қазақ отау тігіп, орда көтеріп,
тамырын тереңге жайып өсіп-өне отырып,бір шаңыраққа топтасып əулеттік тұғыр,тектік
бастау-Қарашаңырақ мектебін дүниеге əкелді.Оның бас ұстаздары Дана Аналар мен Дана
Аталар болды.Ол дамып жетілу барысында Дана мектебіне ұласып оның барлық түрі мен
тармағы,саласы мен бұтағы , бөлшегі мен бөлігі,тарауы мен бөлімі ұйыса келіп-Әулет
мектебіне айналды. Қазақ қауымында осы негізде пайда болған, əлмисақтан бері, əлеуметтік жəне əулеттік деп аталатын екі топтағы мектеп болған-ды.Әулеттік мектеп-жеке
отбасынан бастап, əулет, ауыл,тайпаға дейінгі адамдарға ортақ, жарық дүниеге жаңа келген
сəбиден бастап, қарттарға дейін қатысатын,қазаққа тəн(түрік тектес халықтардың
барлығында ұқсас қалыптағы тəрбие мектебі болғанымен арасында аздап айырмашылық
бар),сан ғасыр бойында қызмет жасаған,күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан,
келешекте де болатын,ұлт өкілін қалыптастыратын шынбайлы нұсқа, ерекше тəлімтəрбиелік орта. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ,кең байтақ өлкемізде буыннан –буынға
жалғасып, ұяттылық, əдептілік, көргендік, мейрімділік салтанат құрып, үйлесім тауып
жатқан. Міне, сол қымбат,асыл қасиеттердің бəрі отбасы,ошақ қасында бүршік атып,бұтақ
жайған. ҚАРАПАЙЫМ ҚАЗАҚ ОТБАСЫ түрлі тəрбие құралдарын толық пайдалана
алмаса да,өңірлік,рулық ,ауылдық шеңберде өз балаларын әулет мектебінде тəрбиелеп
келді. Шаруа отбасында тəрбие,үлгі өнеге көрсету іс-əрекеті, əулет пен тайпаның,рудың
шынайы өмір əрекеттерінен айырмашылығы аз еді.Тəрбие тағылымдарының аясы атам
заманнан қалыптасқан шаруа отбасының қатынастар жүйесіне,еңбек қимылдарының
ауқымында, ғұрып-салтының шеңберінде жүзеге асырылатын.Ұлттық тəрбие құралдары өз
жүйесін құрай отырып,тұрмыс салтында тұрақты əрекет етуші дəйекке айналған. Осы
аумақта,тəлім тəрбиелік ұланғайыр тəжірибе қорытылып,Ұлы даланың ұлық ұстаздарының зерделеуі нəтижесінде-қазақтың отбасылық педагогикасы қалыптасуына негіз
болған,үлкен білім қоры жинақталған.Оны осы заманғы зерттеушілер Әулет педагогикасы
3
5.
деп атап жүр. Қазақтың тəлім-тəрбиелік ілім-бідім тек əулеттік педагогикамен шектелмейді.Ұлы Даланың Ұлық ұстаздарының, өз таным шанағында зерделенген талай ілімдербар. Мысалы:Қазақтың батырлыққа,ерлікке баулу ілімі (көне дəуір), Әл-Фарабидің
парасатты адам ілімі (Х ғасыр),Жүсіп Баласағүнидің жəуанмəртілік ілімі((Х1 ғасыр),
Ясауидің хəл ілімі (ХІІ-ХІІІ ғасыр), Абайдың толық адам ілімі (ХІХ ғасыр соңы),
Шəкəрімнің ар ғылымы (ХХ ғасыр басында).М.Жұмабаевтың тəрбиелеу ұлттық ілімі,
М.Ж.Көпейұлының түгел адам ілімі, Ақыт қажының иманжүзді адам ілімі,имандылыққа
баулу қазақ ілімі, т.б. Бұларға қазақтың əлеуметтік мектептерінің тəжірибесін қосыңыз.
Мысалы, А.Байтұрсыновтың айтқан: «Қазақтың ескі жырларынан, ескі сөздерінен батыр
болғандарды қалай баулып батыр қып өсіргендерін көреміз,батырлар басқалардың
балаларын қалай баулып өсіргенін көреміз. Мəселен, Шыңғыс ханды жасында баулыған
Шолақ қол батыр тас атудан бастап, садақ пен құс атуға дейін баулыған. Адам арқасына
мініп қару қылудан бастап, ат арқасында қару қылуға дейін баулыған.О заманда би
болғандар би мектебінде баулынған, яғни биге атшы болып, бірге жүріп, бірге тұрып,
бітірген істердің ішінде бірге болып, баулынып, би болған. Үйрету бастапқы кезде қайда да
болса, "БАУЛУ" түрде болған.»)-би мектебінің пеагогикасы бір төбе.. М.Жолдасбековтың
айтқан: «Ғасырдан ғасырға жалғасып, атадан ұрпаққа мирас болып келе жатқан қазақ сөз
өнерінің екі үлкен айшықты мектебі бар тəрізді.Бірі-өмір,заман жайын терең толғанатын
шешендік, фəлсафалық, данышпандық мектеп.Мұның аты сақталып бізге жеткен түпкі
атасы Асанқайғы,одан бұл өнер ғасырлар аттап Абайдың қолына тиді. Екіншісі-өлеөлгенше көмейі күмбірлеп жағы талмайтын дария-даңғыл жыраулар мектебі»-мен,шешендер,сал-серілер мектебінің педагогикасы-өте аумақты мұра. Күллі түркі жұртына жазу-сызу
үйретіп, ұстаздық еткен бақсылар мектебін айналып өтумен жүргеніміз болмаса, ол
мектептерде үлкен тəлім-тəрбиелік өнеге мен білім бар..(Ш.Уəлиханов, Ә.Марғұлан).
Бақсыларды қойдай қырған Әмір Темір мен Өзбек хан олардың ізін де қалдырмай таптаған.
Мар,хипат, бəдізші,багш аталып келген,жұртқа жазу сызу үйреткен, мектеп ашқан бақсылардың жойылуы,қазақты «сауатсыз, жабайы,надан халық» атандырған.Ал,мешітмедіресе,діни мектептердің педагогикасын «жатырқап» қалтырып жүргеніміз болмаса
оның да педагогикасы бар,тəлім-тəрбиелік үрдісі жеткілікті.
Педагогика əрбір адамның бүкіл өмір бойы дамуының кепілі жəне құралы болған
педагогикалық процестің мəні мен мазмұнын, заңдары мен заңдылықтарын жəне оның
бүгінгі бағыт-бағдары мен болашақ өркендеу жолын зерттеуші ғылым жүйесі. Осы негізде
педагогика тəлім-тəрбие процесінің ұйымдасу теориясы мен технологиясын, педагог ісəрекетін (педагогикалық қызметті) жəне оқушылардың əрқилы оқу жұмыстарын
жетілдірудің формалары мен əдістерін əрі олар арасындағы оқу істері төңірегінде туындап
отыратын қарым-қатынас, ықпалдастық стратегиялары мен тəсілдерін нақтылап, ашып
отырады. Педагогикалық зерттеу нысаны – тəрбиелік қарым-қатынас негізінде дамушы
адам. Педагогика пəні адамдар дамуын қамтамасыз ететін тəрбиелік қарым-қатынастар.
Педагогика – тəрбие, білім беру, оқыту, өзін-өзі тəрбиелеу, өз білімін көтеріп, адам дамуына
бағытталған, тəрбиелік қарым-қатынастар туралы ғылым.Адам биологиялық тіршілік иесі
ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып жетілуі үшін-тəрбиелеу қажет. Дəл осы тəрбие
адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тəрбие
жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелер түзілген. Бұл үдерісті кəсіби білімді адамдар
басқарады. Тəрбие жөнінде арнайы ғылым қалыптасқан.Ол-тəрбиелеу теориясы аталады.
Барша дəуірлерде педагогтар балалардың табиғаттан берілген мүмкіндіктерін іске асырып,
жаңа сапаларды қалыптастырудың тиімді жолдарын тауып,оларға көмектесумен келеді.
Мың жылдар бойы қажетті білімдер тырнақтап жиналып педагогикалық жүйе дүниеге
келді, тексерілді, қажет болмаған тұстары қолданыстан шығарылды, ақырында өміршең, ең
пайдалы педагогикалық идеялар сақталып, бүгінгі күнімізге жетті. Үзаққа созылған даму
жолын бастан кешірген бүгінгі заман педагогикасы адам тəрбиесі заңдылықтары жөніндегі
ғылымға айналды. Өзінің қоғамдық қызметтерді орындауға қажет қабілеттерінің дамуына
4
6.
себепші болған əлеуметтену процесінде адам тұлғалық кемелдену сатысына ( қазақмұны:текті жанның-кісі болуы дейді) көтеріледі. Адамның əлеуметтенуі оның қоғамдағы
ауыспалы жағдайлар мен шарттарға икемделе білуі ғана емес, ол өзіндік жеке тұлғаның
дамуы, өзіндік танымы мен өз мүмкіндіктерін аша алу,іске асыра алу сияқты процестерді
де қамтиды. Дегенмен, аталған процестерге байланысты міндеттердің шешімі бірде
мүдделі, жүйеленген болып, бүкіл қоғам, сол үшін арнайы ұйымдастырылған мекемелердің
қолдауымен жəне жеке адамның ынта-ықыласына негізделсе, кейде кездейсоқ жүзеге
асатын да жағдай болады. Ал осы əлеуметтенуге орай жүргізілетін, нақты мақсатқа
бағытталып ұйымдастырылған басқару процесі өңдеп жетілдіру (образование) деп аталады.
(Бізде оны-білім деп тəржімалаған.Бір кезде Л.Н.Толстой : «еducation –образование»-деп
жілігін шағып отырып бұл ұғымның мəнін анықтаған-ды.Бізде:знание-білім,образованиебілім,граматный-білімді,бастауыш білім,орта білім, жоғары білім т.т.Мұндағы.мысалға,
орта білім деген ұғымды жеке алып қарастырсаңыз ұғыну қиын-ақ.) Білім ( образование)
мəні – əр адамның өте күрделі өзіндік басқару жүйесінің тиімділігін көтеру жəне оны
жоғары моральдық,азаматтық мұраттар рухында кемелдендіру. Сонымен, əлемде кең
таралған педагогикалық ойдың дамыған екі бағыты танылған – үлкендердің бедел –
абыройына жəне балалардың бағыныштылығына негізделген əкімшіл (авторитарлы) ағым,
шəкірт құқығы мен еркіндігін құрметтеуші – гуманистік ағым. Олардың арасында –сан
қилы педагогикалық бағыттар өрбіген. Әлемнің ізгілікті педагогикасы өзінің гуманистік
таңдауын қабылдадағаны рас.
Бұдан бұрынғы мыңдаған жылдардағыдай-ақ баланың өмірлік мектебі оның
алғашқы демімен бірге басталады(Қазақ адам тəрбиесін ұрық тазалығынан бастап,ұрықтың
жатырда өсіп өну даму,жетілуін жіті бақылап,шаранадан шайқап тəрбиелеп, қызылшақа
/шақалақ,жандыбақа/ іңгəлап өмір есігін ашқанда,баулуды бастап кетеді (қазақта бүгінгі
тəрбиелеу деген ұғымды-баулу дейді.)Одан,нəрестені адамаралық қатынастар дүниесіне
енгізуді олар өзінің ең басты парызы деп біледі.
Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Сол дамуға
байланысты өзгерістердің ізімен асығу қажеттігі пайда болып отыр. Педагогиканың іркіліс,
кешеуілдеуі адамдардың даму дағдарысына алып келеді, яғни ғылыми- техникалық
прогрестің баяулауына соқтырады. Сондықтан да педагогика қалаған дерек көздерінен
педагогикалық жаңа білімдерді теріп, жинақтап,зерделеп бір арнаға тоғыстыруы қажет.
Педагогиканың дамуына себепші көздер — адамдардың өмір салтында, дəстүрлерінде,
халықтық тəлім-тəрбиеде бекіген көп ғасырлық тəрбие тəжірибесі, іс-қызметтері;
философиялық, қоғамтану, педагогикалық жəне психологиялық еңбектер; əлемде жəне
елімізде жүріп жатқан тəрбие тəжірибесі; арнайы ұйымдастырылған педагогикалық
зерттеулер деректері; жаңа идеялар, жаңарған бағдар-бағыттар, жылдам өзгерістерге
ұшыраған бүгінгі дүниедегі тəрбиенің тиімді соңғы технологиялары.Педагогика баланы
оқыту, тəрбиелеу тəжірибелерін қорытып, тəрбие жəне даму үшін қажетті жағдайларды
анықтайды.əдістері қарастырылады.Бұл - кешегі күнгі түсінігіміз еді. Бірақ соңғы кезеңдерде өмір (заман, қоғам) талабына сай тұлға ретінде қалыптасып жетілу үшін тек балалар
ғана емес сонымен қатар ересектер де білікті педагогикалық басшылықты қажет ететіндігі
мойындалуда. Сондықтан, қазіргі кезеңдегі педагогика –тек балалар тəрбиесі туралы ғылым
ғана емес, ол сонымен қатар жалпы адамзат баласының тəрбиесі туралы ғылым.Мұнда
«тəрбие» ұғымы адамзат баласына білім беруді де, адамзат баласына оқытуды да, дамытуды
да қамтып, мейлінше кең мағынада қолданылып отыр. Демек, педагогика адамзат
баласының кең мағынадағы тəрбиесі туралы ғылым. Жалпы өткен ғасырда педагогикалық-психологиялық ой-сананың дамуында əлемде,іргелі зерттеулер мен зерделеудің
нəтижесінде таңғаларлық тамаша тұжырымдар мен теориялық педагогикалық пайым
даулар өмірге келгені белгілі.Ал,осы ғасыр психологияны төрге шығарып барады.Екінші
жағынан,осы уақытқа дейін тəрбиелік қызмет дəл кəзіргідей мұншама қиын, күрделі жəне
жауапкершілігі жоғары болып көрген емес. Дүние басқаша кейіпте
болған,
5
7.
онда бүгінгі жасұрпаққа төніп тұрған қауіп- қатерлердің кейбір түрлері тіпті болмаған.Отбасында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектепте болашақ азаматқа
қандай негіз қаланса,оның болашақ өмірі мен бақыты, бүкіл қоғамның берекесі соған
тəуелді болып тұр.Сіз,Жаңа Қазақстанның жаңа ғасырлық даму алғашқы ширегінде қоғамға
қосылған жастардың бір бөлігінің дүниетаным көзқарасына,сенім-нанымына шамалы ғана
көз жүгіртіп көріңіз... Бүғінгі мектеп партасында отырған жас ұрпақ-осы ғасырдың
басындағы əріптестерінен дүниетанымы,ой өрісі,өресі де тіптен бөлек.Олар материалистік
дүниетанымға сүйеніп жасалған,ашылған ғылми жаңалықтарды оқып-үйреніп жатыр.
Сондай-ақ,интернет арқылы,кейбірі шет елге шығып (саяхатта болу,халықаралық жарыс
сайыс,олимпиада,конференцияларға т.б. қатысып) ғылымның сан түрлі мəліметтері мен
ақпараттарына қанығуда.Осы шақта,екі-үш шет тілін үйреніп,білімге қол жеткізіп жүрген
жеткіншектер де бар.Бұл тұжырымды тек мектеп оқушыларына ғана тəн заманауи болмыс
бітім ғана емес барша жұртқа бағыттап айтсақ та артық айтқандық болмайды.Адамдар
күнделікті тұрмыста , өмірде, діни, ресми жəне халықаралық мейрам-мереке,айтулы даталарға қатысып,салт-санасында көпқырлы наным-сенім орнығуда.Міне рухани жаңаруға
іліккен қазақ халқының бүгінгі азаматын бір ғана педагогикалық теориялық ұстаным,
қағидамен тəрбиелеймін деп құлшыну нағыз бейшоралық болар еді.Заманның өзі,өмірдің
өзі тəрбиелеудің ғылыми негіздерін бір арнаға тоғыстыруды талап етеді.
Тəрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тəрбиелейтін сезімді біліп,
жоспарлы, мақсатты тəрбие жұмысын жүргізеді. Тəрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің
бірі, кісіні мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тəжірибесін кейінгі
буынға меңгертіп, олардың сана - сезімін, жағымды мінез - құлқын дамытушы. Ересек буын
қоғамды тарихи өмірде жинақталған тəжірибені, білімді жас буынға тəрбие процесі арқылы
береді.Тəрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға
бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси жəне моральдық көзқарастарды,
сенімдерді қоғамдағы адамдардың өмір сүру тəртібін меңгереді.Тəрбие -қоғамның тарихи
əлеуметтік- экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс. Тəрбие процесінде
бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи жəне əлеуметтік орта
оның көзқарасын дамытады. Тəрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен
экономикасына тəуелді. Тəрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тəрбие қоғамдық
құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды.Осы негізде, Қазақстан Республикасының
педагогикалық ғылым əлемінде Иманиипедагогика атты тəрбие теориясы көрініс беріп,
тəй-тəй басып келеді(Әзірге оны қолдап, қорғаушы да,қарсы шығып қақпайлаушы да
байқалмайды.Мүмкін өліаралық үнсіздік шығар). Иманипедагогика-заманауи тəрбие
теориясы.Ол осы дəуірдегі іргелі педагогикалық ілімдердің бір арнаға тоғысуы.Анығырақ
айтқанда: Материалистік педагогика, Гуманипедагогика, Этнопедагогика, Исламипедагогика ғылымдарының заңды байланыстарына сүйеніп,олардың өзара ықпалдасуынан туған синтездік ғылым. Иманипедагогика əлеуметтiк жəне қоғамдық жағдайлардың ықпалымен орныққан ұлттың өзiне тəн тəрбие саласында қалыптасып, жүзеге асқан
өзiндiк ерекшелiктерiнде: дiни iлiмдерде; халық шығармашылығында (поэтикалық, музыкалық, сəндiк-қолданбалы);отбасы өмiрiнде; тұрмыста;салт- дəстүрлерде орын алған
халықтың жалпақ жұртты тəрбиелеу мен үйрету (оқыту) туралы бiлiмiн, халықтың бүкiл
даналығын, сондай-ақ кісінің əлеуметтiк жəне тарихи-мəдени тұрғыда қалыптасуына ықпал
ететiн философиялық, этикалық, педагогикалық ой-пiкiрлерi мен көзқарастарын зерттеу
барысында қалыптасқан педагогикалық қағидаларын, ережелерiн, заңдылықтары мен
принциптерiн, құралдарын, əдiс-тəсiлдерi мен амал-жолдарын жинақтап, жүйеге
келтiредi,зерделейді.
Жалпы жоғарыда аталған педагогикалық ғылымдардың мұрат мақсатында,қағида
заңдылықтарында,зерттеу əдіс-тəсілінде,ілімдік əдіснамасында айтулы өзгешелектірдің
бар екені айқын.Алайда,құрамдас бөліктері мен аталған құрылымында, заңдылықтарында
6
8.
ортақтастық , сабақтастық,ықпалдастық мол екені даусыз.Бұл педагогикалық ғылымдарда бір-бірімен бітіспейтін даулы,жаулы қөзқарастар мен қағидалар,құндылықтар жоқ.Сондықтан олардың тізесін түйістіріп,бір арнаға тоғыстыруға толық мүмкіндік бар.
Иманипедагогика-ислами педагогиканың көшірмесі де емес.Алайда,ислами педагогиканың бірер қағидалары мен ұстанымдарын,тəрбиелеу амалдары мен жолдарын пайдаланаады.Иманипедагогика-гуманипедагогиканың да көшірмесі емес.Алайда табиғатты
аялап, адамға жанашырлықпен,сүйіспеншілікпен қарайтын оның ізгілік жолын ұстанады.Оны Абай атамыздың үш сүю қағидатына қабыстыра отырып,жаңа белеске көтеріп
керектенеді. Иманипедагогика -материалистік педагогиканың заманға лайықталған,
жаңаланған нұсқасы да емес.Алайда,жалпы адамзаттық құндылыққа айналған, европалық
педагогиканың негізін құраған,педагогика классиктерінің ашқан тəлім-тəрбиелік заңдылықтар мен теориялық пайымдар иманипедагогиканың тұғырлы сүйеніші, əрі бағыт-бағдар
берер Темірқазығы бола алады. Айталық,тұлға қалыптастыру теориясын жасаған бүгінгі
көптеген теориялар,жас өспірімдер мен жеткіншектердің даму заңдылығын ашқан шет ел
ғұламаларының ілімдері ешуақытта маңызын жоймайды.Сондықтан, иманипедагогика
оларды ғылыми түйін ретінде қабылдайды. Шындығында,диалектикалық ойлау,
материалистік көзқарас қазаққа тəн емес деп ешкім де айта алмас. Иманипедагогикаға
материалистік педагогиканың ғылыми қорытындылары бұрын да жат болмаған,кəзір де жат
емес.Алайда, материалистік педагогикаға басқа көзқарас негізінде жасалған қорытындылардың жат болғаны жасырын емес. Иманипедагогикада таптық, топтық пиғыл
тəрбиелеу ісінде шешуші міндет атқармайды. Мысалы,өмірге осы заманғы бəсекеге
қабылетті бизсмен дайындаса да,кибернетиканың жілігін шағып,ішегін сүзетін инженер
дайындаса да,адам жанын ажалдан арашалаушы шипагер дəрігер дайындаса да Абай
атамыздың толық адам болдыру қағидасын басшылық етеді,европалық жан-жақты жетілген
адам дайындау теориясына сүйенеді.Жеке тұлғаның шығу тегі,əлеуметтік дəрежесі,халахуалы,денсаулығы қаншама басқалардан ерекше болса да түптің-түбінде «кəдімгі адам»
болып шығуы тиіс.
Иманипедагогика-этнопедагогиканың жаңарған атауы да емес.Алайда оның ұлттық
тəрбиеге жасаған түйіндері мен қазақ тəлім-тəрбиесінің тəжірибесі негізінде тұрақтанған
тоқтамдарын, ғылыми қорытындыларын екшей отырып бүгінгі адамдардың дүниетаным
көзқарасы мен жан əлеміндегі нақты өзгешеліктерді ескеріп,теориялық тұғыр етеді.
Шындығында,өткен дəуірдегі қазақ педагогикасы-иманипедагогика болғандығы баршаға
аян. Имандылық тəрбиесi бүгiнгi таңда қоғам қажеттiлiгiнен туындап, өзектi мəселелердiң
құрамына енді. Имандылық ұғымы ерте кезден бастап қолданыста болған оны көне жазба
мұраларға көз жiберту арқылы дəлелдеуге болады. Анығырақ айтар болсақ, түрік дəуірінен
бастау алады. Бұл ұғым көпшiлiк түсiнiгiнде дiни ұғыммен суреттеледi. Бiрақ имандылық
ұғымы таза дiни ұғымды бiлдiрмейдi. Тұрмыстық өмiрде иманжүздi, иманды т.б. ұғымдар
пайдаланылған жəне əлi де пайдалануда. Мəселен осы екі сөзді жеке-жеке талдап көрсек
иманжүздi деп, бойында адамгершiлiк қасиеттер, кеңпейiлдiлiк, жанашырлық, инабаттылық, iзеттiлiк т.б. да қасиеттерi бар адамдарды жатқызсақ, иманды адам деп те осы
қасиеттердi бойына сiңiрген жəне оны сенiммен ұштастыра бiлетiн адамдар тобы
жатқызылады. Бұл қасиеттердiң бiрi де таза дiни ұғымға жатпаса керек. Яғни бұдан
имандылық адам бойындағы iзгi қасиеттердiң жиынтығы деген ой түйiндеуге болады. Бiз
əрқашанда болашақ ұрпақты өзiнiң тарихын, халқын, жерiн бiр сөзбен айтқанда рухани
құндылықтарын сүюге, қорғауға, сақтауға, бағалауға үйретуiмiз қажет екенi дəлелдеудi
керек етпейтiн қағида.Заманның өзі,өмірдің өзі тəрбиелеудің ғылыми негіздерін бір арнаға
тоғыстыруды талап етеді.
Иман сөзі ортағасырлық түркі халықтарының əдебиетінде,ғылымында қолданыста
болған. Мəселен мұсылмандық шығыс поэзиясында екі түрлі сарынның яғни жүректің
культі (имани гүл) мен ақылдың культін мадақтау өріс алып келгені мəлім. Осы себепті
болса керек, əдебиеттерде бұл сарындарды білдіретін Әбу Али ибн – Синада “имани
7
9.
ақыл”,Абайда “имани гүл” сияқты арнайы атаулар қолданылған.Ал,казақта: иманигүл,имани ақыл,имани адам,иманды адам,иманы кəміл жан,иманжүзді кісі,иманы жолдас
болғай,имани əдеп,имани құлық т.б. сөз тіркестері күні бүгінге дейін қолданылып келеді.
Иманипедагогикада иман ұғымы қазақ дүниетанымы негізінде қалыптасқан, психологиялық-педагогикалық өрелі түсінік ретінде қарастырылады.
Араб тiлiнде «иман» сөзi жүрекпен қабылдау, сену, бiр нəрсеге немесе бiр хабарға
iштей, шын көңiлмен сенiп, оны мойындау деген мағынаны бiлдiредi. Иман сөздiктерде
сену, қабылдау деген мағынаны бiлдiрсе, «дiни терминде Ұлы Алланың дінін жүрекпен
қабылдап Мұхаммед пайғамбардың əкелген нəрселерінiң бəрiне сенiп, оларды жүрекпен
қабылдау» деген мағынаны бередi. Ол нəрселер: Алла тарапынан келген, ислам дiнiнiң
негiзiн құрайтын анық жəне ашық түрдегі Құран немесе хадистерде бiлдiрiлген догмалар,
принциптер. Бұларға сену жəне оларды қабылдауды «иман», ал оларға сенген адамды
«мүмин» дейдi.Иман ұғымы əуел баста Құран арқылы қазақтардың санасына сіңсе де, уақыт
өте келе халықтың ежелден қалыптасқан салт-дəстүрімен, таным түсінігімен, нанымсенімімен біте қайнасып, жаңа бір сапалық деңгейге көтерілген ұғым. Халық түсінігіндегі
иман сөзі діни шеңберден шығып,жалпы ұлттық, бүкіл адамзаттық құндылықтарды
қамтитын ауқымды дүниетанымдық категорияны білдіреді. Имандылық концепті –
тілімізде көптеген ұғымдарды біріктіретін, жинақтайтын жалпы түсінік. Ар, ождан, ұят,
шын, шындық , намыс, жүрек, жан, тазалық, əділет, мейрім – имандылық концептісінің
тірек ұғымдары. Имандылық(атауы əр түрлі болғанымен)- барлық наным-сенімдерге ортақ
ұғым. Түрлі кездерде пайда болған ежелгі Рим, Грек, Иран, Конфуций ілімі, Христиан діні,
даосизм, синтоизм, ілімдерінің барлығында адамдарды бауырмалдыққа, мейрімділікке,
қайырымдылыққа, адалдыққа шақыратын ортақ құндылықтар бар. Кез келген дəстүрлі
діннің көздейтіні – күллі адамзат арасындағы сыйластық пен сүйіспеншілікті, бірлік пен
ынтымақты уағыздау. Діни сенімдердің өнегелі рухани бастауларға негізделетіндігі жəне
зор гуманистік əлеуетке ие екендігі де дəлелдеуді қажет етпейді. Осынау мол əлеуетті
қоғамның дамуына, патриотизмді қалыптастыруға, ұлтаралық жəне конфессияаралық
келісімді нығайтуға, діни экстремизмнің алдын алуға пайдалану жолын көрсетіп,
заңдылықтарын ашу бүгінгі заманауи Әлем педагогика ғылымының абзал борышы.Осы
міндетті атқарушы,жүзеге асырушы,тиянақтаушы Қазақстан Республикасының тəрбиелеу
теориясы болушы Иманипедагогиканың игілікті ісі,оның маңдайына жазылған тарихи
парыз.Себебі қазақтың тəрбиелеу дəстүрлі ілімінде жоғарыда көрсетілген педагогикалық
ғылымдардың алғашқы мағлұматы толық сақталған,əрі сенімді түрде қолданыста болып,
бізге жетті.Ол Қазақ елінде ғана толыққанды жүзеге асады.
К.Д. Ушинский өнегелі тəрбиеге үлкен мəн берген, оның негізін дін деп санаған.
Дінді ол, ең алдымен, өнегелі тазалықтың кепілі деп түсінген. К.Д. Ушинскийдің«Тəрбие
халықтық ілтипатқа ие болған жағдайда ғана өз мақсатына жетеді»(25;\31) - дейді. Иман
ұғымы бізде ұлттық сипатқа ие болған. Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті
өмірдегі іс-əрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет,
адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Имандылық-ұлттық шеңберде
шырмалып қалған тар ұғым да емес,Қазақстан Республикасында тіршілік етіп отырған
күллі этнос өкілдері, оның ұрпақтары имандылық нұрынан тысқары қалуға тиіс емес. Ешбір
ұлт бұған қарсы болған да емес.Имандылық- қазақ үшін,жалаң ислами ұғым да емес.Ол
наным-сенім ретінде, қашаннан бар,ұласып келе жатқан түсінік. Атам қазақтың
адамгершілік ұғымын имандылық сөзімен беруінде ерекше мəн бар. Өйткені, адамгершілік
пен имандылық арасында үлкен айырмашылық бар. Адамгершілік – барлық адамның
бойында бола алатын адамның адамдық болмысынан (кісілігінен)туған қасиет.Имандылық
əлемнің Жаратушысы, Ұлы Досына деген иман атты сүйіспеншілігінен туған аса ізгі кісілік
қасиет. Яғни, əрбір имандылықта адамгершілік бар болса да əрбір адамгершілікте имандылық болмауы бек мүмкін. Сондықтан қазақта имандылық - ауқымы аса кең үлкен
пəлсапалық ой-толғамға ие, ерекше мəнді ұғым. Атам қазақ иманын - өз болмысының тірегі
8
10.
мен ар-ожданның асыл тас ақиқаты деп ұққан. Сол себепті олар жүректен иман шыққаннанкеудеден жан шығуды артық санаған. Оған қазақтың мына сөзі куə: «Малым жанымның
садақасы, жаным арымның садақасы». Бұл жерде атам қазақтың «арым», деп, отырғаны иман. «Ұят кімде болса, иман сонда», деуі де, содан қалған. Ар-ұятын сатқан жанға
«иманын сатты», арсыз жанға «имансыз», деген сөзбен түйреген. Қазақта мұндай сөз
тіркестері толып жатыр. Бұл-қазақтың аса иманды момын-мұсылман жан екендігінің
белгісі. Яғни, қазақ бар жақсылық ұғымды иман сөзімен, бар жамандық ұғымды имансыз
сөзімен айқындаған. Қазақ əрқашан Ұлы Досына беріктігін көрсеткен. Иə, қазақ шыр етіп
дүние келген баланың құлағына азан айтып, ажалы жетіп бұл жалғаннан озған жанның да
жүзін құбылаға қаратып, жаназасын оқып Ұлы Жаратушының жарлығын бұлжытпай
орындауға тырысқан. Біздің ата бабаларымыз дінді тереңінен зерттеп мол тағылымын
өзінің салт санасына, дəстүріне сіңіре біліп өзінің ұрпақтарына ана сүтімен, тəлімі мол
істерімен дарыта білген..Абай атамыз«Алланың адам баласына дінді түсірудегі мақсаты –
құлдарының жолдан адаспауы үшін, бір бірімен ізгілікте, татулықта өмір сүрулері үшін
болды» дейді. Осыған дəлел Ұлы ақын Шəкəрім қажы былай дейді.
Әлемдегі діндердің түп мақсұты,
Үш нəрседе бұлжымай құшақтасар:
Құдай бар, ұждан дұрыс, қиямет шын,
Еш діннің мақсұты жоқ мұнан асар.
Дін адамды бір бауыр қылмақ еді,
Оны бөліп, дұшпандық қару жасар.
Інжіл, Құран бəрі айтып тұрса дағы
Мағынасына адасып қара басар.
Сөйтіп бұзып, бүлдіріп есіл дінді,
Дін десе білімділер тұра қашар.
Ешбір дін өйтіп дұспан бол демейді
Қанеки бұл сөзіме кім таласар?- деп тұжырым жасайды. Ал,имандылықтəрбиелеу қазақ ілімінің асыл өзегі. Осы асыл өзек бүгіндері қоғамдағы тəрбиелік ісəрекеттер мен шара- шаруалардың тірегі бола алмай отыр.Мұның екінші жағы бүгінгі қазақ
педагогикасы жарқырап көрініп,тəрбиелеу теориясын заманға лайықтап əлемдік педгогика
аумағына жақындай алмауында болып тұр.Жалпы,Қазақстан Республикасында Ұлттық
білім философиясына (Pilosofy of education),Оқу білім ғылымына(Introduction to Education
studies), Мектептану(Skalolazanie) назар аударылмай,іргелі педагогикалық ғылымдар
дамымай қалған.Олай болса,Иманипедагогика заманауи тəрбие теориясы болуы тиіс.Оның
алғы шарттары толық бар. Айталық, Иманипедагогиканың ғылыми негізін Фараби, Баласағүни,Яссауи бабаларымыз салып,Абай, Шəкерім жəне Мағжан,Жүсіпбек даналарымыз
тиянақтап қойған. Мəселенің ең шешімді жері,теориялық қөзқарас дүниетанымы бірбірінен тым алшақ діни педагогика мен материалистік педагогиканың өзара қабысуы,оңай
бола қоймас деген күдік əркім де болуы хақ.Себебі бəріміз де,материалистік көзқараспен
əлемді дінтану ғылымының əдістемесі (методологиясы) арқылы пайымдап ешнəрсеге қол
жеткізе алмаспыз деп ойлап келдік.Оның сыртында,діни педагогиканы советтік педагогика
жатырқап келгені бар.Материалистік тəрбиелеудегі алтын арқау –Адам.Социализм
дəуірінде-коммунист.Коммунистік партияға шынайы берілген,коммунизмге шексіз сенетін
нағыз коммунист.Исламипедагогикадағы тəрбиенің арқауы- тағы Адам(тақуа адам).
Материалистік (жалпы педагогиканың) педагогиканың тəрбиелеу ілімінің асыл өзегітаптық идиология мен жауынгер атеизм.Социализм кезінде ол,əміршілдікке еріп,сіңісіп
кетті.Сондықтан бұл екеуі саналы басқа бірігіп сиыспайды дестік.Алайда,А.Эйнштейннің
шақшадай басына осы екеуінің қосарласып,еппен сиысып тұрғанын көрмедік.Реализмнің
кең сарайы болған Л.Н.Толстойдің дінипедагогиканы мектебінде қалай керектенгенің
білмедік. Ы.Алтынсариннің дінипедагогиканы,европалық педагогикамен қалай ұштастырмақ болғанын түсіне де алмадық. Онда бүгін біз не істеп,қалай үйлестіруіміз керек?
9
11.
Біздің жауап дайын.Жалпы педагогиканың тəрбие тоериясының асыл өзегіне «операцияжасау керек». Оның асыл өзегіндегі беріш пен безді (таптық идиология мен жауынгер
атеизм, көпірме адамгершілік) сылып алып тастап,орнына кісілік,имандылық,ізгілік
ілімдерін орналастыру керек. Осы негізде Иманипедагогика салтанат құрады.Осы жерде
«көпірме адамгершілік атты коммунистік тəрбие безінің» табиғатына қысқаша тоқталған
жөн болар. Адамгершілік –адамның рухани арқауы. Ал адам пейілінің кіршіксіз таза болуыадамгершіліктің асқар шыңы.Адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиеттерінің арқасында ардақты болады.Рухани-адамгершіліктің негізі-имандылық пен
ізеттілік.Осы екеуінен ажыраған адамгершілік туралы ілімдер көпірме адамгершілік
аталады. Ғасырлар бойына небір ойшылдар адамшылық жайында ұлы сөздер айтып, соны
негізге алған небір жарқын ілімдер ойлап тапты. Бірақ, олар сөз жүзінде ғана өрбіген
адамгершіліктің небір асқақ көріністерін жасағанмен іс жүзінде, қарапайым өмірде ол
ілімдерге сұраныс болмай, тірлік қисыны өз дегенін істеп, пендешіліктің тасы жоғары
өрлеумен болды.Оның басты себебі, күйкі тірлікте тұрмыс қамын, бас қызығын ойлап, одан
əріге көп бойлай қоймайтын көпшілік үшін «адал бол, ар-ұятыңды сақта, адамгершілік
парыздарыңды ұмытпа» деген құрғақ уағыз «бір құлақтан кіріп, екінші құлақтан шығып
кететін», тіпті кекесін тудыратын жалтыр сөздер ғана болып қабылданады.Мұндай əсем де
асқақ сөздерге елігіп, өздерін осы адамгершілік тағлымға лайық ұстамақ болған жандар
болса өмірде қосымша қиындықтарға душар болып, өздерінің лайықты істеріне қайтарым
көрмей, əділдіктен түңіліп сағы сынумен болады. Олай болса, адамгершілікті құрғақ
насихаттайтын мұндай ілімдер, шын мəнінде, адамдарды ізгілікке тəрбиелейтін ілімдерден
көрі оларды əділдіктен түңілдіріп, адамгершіліктен жеріндіретін ілімдер болып табылады.
Мысалы, «Коммунизм құрылысшыларының моралдық кодексі» есіңізде шығар. Ол,совет
адамын жан сарайын айқындайтын алтын ережесі еді ғой!Комунистер оны қайдан алып
еді?Жалпыадамзаттық рухани құндылықтардан екшеп,теріп алған-ды.Негізгі мақсатты:
аршыған жұмыртқадай,бір тілді,бір ділді совет адамын қалыптастыру болды.Оны
интернацонализм рухында жүзеге асыруға талпынды.Ұлы орыс халқы аға,ұсақ ,бұратана
ұлттар іні аталып туысып кеттік.Оның соңы тілімізден,дінімізден,ділімізден,ел жерімізден
айрылған құлақкесті құл болып ,мəңгүртенген тобыр болып шыға келдік.Көпірме адамгершілік бүгіндері біздің қоғамда əлі де ғұмыр кешуде.Ал,жалпы педагогиканың бір саласы
болушы тəрбие теориясын иманипедагогикамен үйлестірудің жолы біздің тəрбиелеу қазақ
ілімімізде ежелден бар . Біздің халқымыздың сенімдері, ырым-тыйымдары əуелі «Тəңірге»
табынушылықпен танылғаны баршага мəлім. Ислам діні содан кейін келсе дағы, халық
танымымен нанымындағы «тəңірдің» құдіретін біржолата ысырып тастай алған жоқ. Әлі
күнге дейін өзінше үндесіп даму үстінде келеді. Жалпы, «Тəңірлік» таным-наным сенімнің
құдіреті «Табиғат» болғандықтан, тіршіліктегі көп жагдайлардың қадір-қасиеттері табиғат
заңдылықтарымен шиеленісе байланысып жатады. Сондықтан Ислам дінінің «Тəңірлік»
таным-наным сенімдерімен үндесетін жерлері көп. Бұл көріністер халқымыздың аса ерте,
көне аңыздары мен ертегілерінде анық, айқын байқалады. Осыдан келіп адамдар өздерінің
тəлімдерімен, тəрбиелері жайында баяғыдан бері бар нəрселерді түлете дамытып, ежелгі
адамшылдықтың негіздеріне сүйенгендері жөн дейміз. Ал,тəрбие теориясындағы
гуманистік бағыт,осы тəрізді өз үйлесімдігін табуы əбден мүмкін.Сондай-оқ,сопылық
педагогика бір кезде ешкімнің қыспағынсыз ауыл молдалары арқылы ұлттық тəрбие
үрдісіне сіңісіп кеткені тарихтан белгілі.
Қазақ тарихында топқа кіріп сөз бастаған билер мен шешендердің,атқа мініп қол
бастаған батырлардың, ұлтын ұйытып ел бастаған көсемдердің,ақыл-парасатымен даналығы арқылы əлемге танылған ғұламалардың барлығы дерлік-қазақ дəстүріндегі ұлттық
тəрбиенің жемісі.Қаныш атаның сөзімен айтқанда «оқымаған академик əжелер мен
аталардың» алдын көріп,үлгі өнегесін алып, біліміне қанығып,Ана жəне Дана мектептерін
бітірген,Дала консерваториясын тамамдаған өнер иелері, Жыраулық жəне Ақындық
академиясының түлектері; философ-жырау,əнші-ақын,сері-сал,т.б. қазақтың ақылман
10
12.
ойшылдары,əулие абыздары, көріпкел білгіштері, бақсы-бəлгері, адамтанушы сыншылары,шипагер-тəуіптері, тарихшы-шежірешілері,дін күтіп, жалпақ жұртқа иман таратқан пірлері
бəрі-бəрі-Қазақ Педагогикасынан нəр алған,оның ұлт өкілін қалыптастыру қазанында
қайнап пісіп, өңделген,шыңдалған-КІСІЛЕР. Олардың тəрбиелік үлгі өнегелері,білімдері
тым терең,шексіз аумақты,өте асыл қазына. Осы қазынаны зерттейтін педагогика
ғылымының бір саласын-ИМАНИПЕДАГОГИКА деп отырмыз.
1.2§. Иманипедагогиканың теориялық тұғыры,əдістемелік амалы
Иманипедагогиканың теориялық міндеттері жалпы педагогикамен бірдей үш
деңгейде жүзеге асырылады:- сипаттау немесе түсіндіру, зерттеу;- анықтау (диагностикалық) – педагогикалық құбылыс жағдайын, шарттар мен себептерді айқындау; болжау
(прогноздау) – барша педагогикалық жағдаяттарды табиғи тұтастық күйінде зерттеуден
өткізу жəне оның негізінде сол педагогикалық болмыстың жаңаланған моделін құрастыру.
Ал,технологиялық қызметтері де үш түрмен көрініс береді:- жобалау (проекттеу) –
педагогикалық іс-əрекет пен оның мазмұны əрі сипатын қалыптастыру жəне реттеуге
нұсқау болғандай теориялық тұжырымдар мен анықтамаларды қамтыған қажетті əдістемелік материалдарды (оқу жоспары, бағдарлама, оқулықтар мен оқу құралдары, педагогикалық ұсыныстар) жасауға байланысты; - жаңалау – тəрбиелеу тəжірибесін жетілдіру мен
қайта түзу мақсатына орай педагогика ғылымының замандық жетістіктерін мектеп
өміріне,əулет жəне əлеумет аумағына енгізу жəне жаңаша пайдалану;- ықпал таныту
(рефлексивтік) жəне реттеу-түзетулер енгізу (коррекциялық)- ғылыми зерттеу нəтижелерінің оқу-тəрбие ісіне болған əсер-ықпалын бағалау жəне одан соңғы ғылыми теория мен
тəжірибелік іс-əрекеттер байланысына қажет болып қалатын реттеу-түзетулерді іске асыру.
Иманипедагогикалық зерттеулердің əдіснамасы. Әдіснама- гр.т. methodos- зерттеу
жолы,теория, ілім.Ғылым дамуының басты шарты-жаңа деректермен үздіксіз толығу. Ал
деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негізделген зерттеу əдістеріне
тəуелді келеді. Материалистік тəрбие теориясының шешімі үшін ең маңызды идея- бұл
адамның жеке тұлға болып дамуының көзі тіршілік иесінен сыртта, əрі оның қалыптасуы
«əлеуметтік бағдарламаға» сəйкес, қоғамдық ықпалдың соның ішінде тəрбиенің нəтижесінде іске асады. Сонымен қатар бұл əдіснама, адам дамуының көзі, одан тыс екенін айта
отырып, оның қоғамдық тұлға болып қалыптасуында өзінің ішкі жан дүниелік белсенділігінің де маңызды рөл атқаратынын алға тартады.«Әдіснама» грек тілінен аударғанда «əдіс
туралы ғылым» деген мағына береді. «əдіс» термині тікелей нақты бір нəрсеге деген жол
ретінде анықталады. Яғни, методология мағынасы жағынан бір нəрсені тану туралы ғылым
болады. Сондықтан методология – зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Бұл
ілім жалпы методология, ғылыми ұғымның, теориялық негізі, ретінде дамуы мүмкін. Сонда
бұл нақтылы фиолософиялық жүйемен байланысты.Ұзақ уақыт философияның бір бөлігі
болған педагогика екі негізгі философиялық əдіснама: идеалистік жəне материалистік
тұжырымдамаларға арқа сүйеп дамыды жəне қазір де дамып отыр. Ежелгі грек философияпедагогикалық ой-пікір саласында идеалистік бағытты ұстаған Сократ пен Плотон адам
дамуының шешуші факторы бір табиғат екенін мойындаса, материалистік бағыттағы
Гераклит, Демокрит жəне Эпикур адамның қалыптасуын басқаша түсіндірді, сыртқы
ықпалдар мен тұрмыстық жағдайларға байланыстырды.
Көп əдіснамалық алғышарттардың ішінде аса маңыздыларының бірі тəрбиенің барша
табиғи жəне қоғамдық құбылыстар сияқты себепті-салдары байланысты сипатта екендігі.
Осыдан материалистік бағытқа негізделген педагогика өз зерттеулерін тəрбие мен
теориялық тұғырнамасына ықпал жасаушы өндірістік-экономикалық жəне əлеуметтік –
саяси факторларға байланыстыра жүргізеді.Материалистік диалектика объективті шындықты тану əдістері негізінде табиғат, қоғам жəне адам ойлауының заңдары жатқанын
негізге алады. Таным əдісі табиғат пен қоғамның объективті заңдарын көрсеткенде ғана
ғылыми бола алады. Сондықтан ғылыми танымның принциптері, оның категориялары мен
ұғымдары адамның ақылымен жасалған кездейсоқ ережелерінің қосындысы емес, ол
11
13.
табиғат,адам
жəне
қоғам
заңдылықтарының
бейнесі
болып
табылады.
Көптеген жағдайларда педагогикада негізгі идеялар, теориялық жəне тəжірибелік
аспектілер өзара тығыз байланысты. Сондықтан педагогикада теорияны жасау жəне
зерттеудің теориялық деңгейін көтеру алдыңғы қатарлы тенденция болып отыр. Бұл
тенденция педагогиканың методологиясы деген сұрақты қарастыруы қажет , бұл сұаққа
жауап бермей басқа сұраққа жауап беру мүмкін емес – ал, бұл дегеніміз педагогикалық
зерттеулердің теориялық деңгейін күшейту деген сөз.
Әдістер, өз кезегінде, ғылым аймағында əдіснама атауын алған теориялық
принциптердің бірлікті тобымен міндетті байланыста болады. Қазіргі заман ғылымында
əдіснама деп ғылыми-танымдық іс-əрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен
тəсілдері жөніндегі білімді айтамыз. Ғылым əдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық
бірліктердің –нысаны, талдау пəні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б.
сипаттамасын береді. Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу процесіндегі
əрекеттер бірізділігін белгілейді. Осыдан, педагогика əдіснамасын педагогикалық таным
жəне болмысты қайта жасаудың теориялық ережелер топтамасы ретінде қарастырады.
Әрқандай əдіснама қалыпты көрсетпе-нұсқау жəне реттестіру қызметтерін атқарады.
Дегенмен, əдіснамалық білім екі күйде іске асырылуы мүмкін: дескриптивтік не
прескриптивтік. Әдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі келеді (Э.Г. Юдин): философиялық, жалпы білімдік, нақты ғылымдық жəне технологиялық. Әдіснаманың ең жоғары
философиялық деңгейі танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның категориялар
құрылымын негіздейді. Осыдан философиялық білімдердің барша жүйесі əдіснамалық
қызмет атқарады.Екінші -жалпы ғылымдық əдіснама деңгейінде ғылымдардың баршасында
не көпшілігінде қолданылуы мүмкін теориялық тұжырымдарды белгілейді. Үшінші деңгей
– нақты ғылым əдіснамасы қандай да нақты ғылыми пəн аймағында қолданылатын зерттеу
əдістері мен принциптерінің жиынтығын құрайды. Нақты ғылым əдіснамасы белгілі
саладағы ғылыми тануға тəн болған проблемаларды, сондай-ақ жоғарылау келген əдіснамалық деңгейлерге байланысты алға тартылатын мəселелерді де қамтиды, мысалы:
педагогикалық зерттеулердегі жүйелестіру мен жобалау (моделдеу) проблемалары.
Төртінші деңгей – технологиялық əдіснама –зерттеу əдістері мен техникасын белгілеп,
деректі эмпирикалық материалдарды жинақтап, алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін оларды
ғылыми білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар береді. Бұл деңгейдегі əдіснамалық
білім нақты көрсетпе-нұсқау сипатына ие. Әдіснаманың барша деңгейлері күрделі жүйеде
бірігіп, өзара сабақтастықпен байланысты келеді.Ал əрқандай əдіснамалық деп танылған
білімнің мазмұндық негізі философиялық деңгейден іздестіріледі, себебі таным процесі мен
болмысты қайта жасау əрекеттерінің дүниетаным, көзқарас бағдары осы философиямен
айқындалады. Педагогика əдіснамасының деңгейлері:1. Логикалық гносеологиялық;
2. Ғылыми мазмұндық;3. Дүниетанымдық; 4. Гносеологиялық.
Педагогикалық теория дамуының ежелден –ақ маңызды факторы оның ғылымдық
өрістеуіне əдіснамалық шарттар. Ғылым əдіснамасы бұл- табиғат пен қоғам құбылыстарын
зерттеуге негіз болған, əрі сол құбылыстардың теориялық түсіндірмесіне шешімді ықпал
етуші философиялық бастау идеялар жиынтығы. Қазіргі кезеңде адам зерттеулеріне
байланысты əрқилы ғылымдар əдіснамасы сипатында көптеген философиялық бағытбағдарлар, теориялық көзқарастар бір қатар жасалуда. Солардың ішінен бүгінгі
педагогикада өз орнын тапқан, иманипедагогиканың əдіснамалық негізі болушы келесі
философиялық білімдерді ажыратуға болады:
1.Тəрбиенің ізгілік парадигмасы. Тəрбие, тəлім-тəрбие – жеке тұлғаның кісілік бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі
процесс.Бұл іс-əрекет тəрбиелеу қазақ ілімінде өзіндік шешімін тауып, тұрақтанған.
Айталық,тұқым тазалығын сақтау жүйесі,ұрықтың дамуынна оңды ықпал жасау ғұрпы,
бесік тəрбиесі, балдырған тəрбиесі, өрен тəрбиесі, жасөспірім тəрбиесі, жастар тəрбиесі.
Тəрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін жəне тіршілікке
12
14.
қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады. .Ізгілік-адамзат үшін ең қажеттіқасиеті.Елдің басшысы ізгі болса,халқы да ізгі болады (Ж.Баласағұни) Қоғамдық тəрбие тарихи аренада адамдар қоғамының пайда болуымен бірге туды. Қоғамдық тəрбиенің
мақсаты, мазмұны, құралы мен əдістері қоғамдық қатынастардың қарқынымен, қандай
қоғамдық-экономикалық формацияның шарттарында іске асатынымен анықталады.
Парадигма –ғылым дамуының белгілі бір кезеңдерінде ғылыми қоғамның қабылдаған
əдіснамалық жəне теориялық қағидаларының жиынтығы, ғылыми зерттеудің үлгісі,
стандарты. Парадигма - латынның мысал деген сөзінен шыққан. Бұл білімнің концептуалды
моделі ретінде пайдаланылады. Білім парадигмасының көп тараған түрлері баршылық[1].
Оларға мыналар жатады: 1.Дəстүрлі-консервативтік (білім парадигмасы);2. Феноменологиялық (гуманистік парадигмасы);3. Рационалдық (тəртіптілік парадигмасы);4.
Технократтық;5. Эзотерикалық.Әрбір парадигма не үшін тəрбиелеу керек, жасұрпақты
қандай мақсатқа дайындау керек, не үшін өмір сүреміз деген сұрақтарға жауап
береді.Мəселен, дəстүрлі білімдік парадигмада білім берудің басты мақсаты: Білім, білім,
қандай жағдайда да тек білім. Мұнда өркениет пен мəдениетті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу
негізгі мақсат болып саналады.Феноменологиялық немесе гуманистік парадигмада жеке
тұлғаның ішкі дүниесін дамыту, оны ерікті, рухани жеке адам ретінде тану жəне
адамдармен тіл табысуында ерекшелену қабілеттерін жетілдіру қарастырылады. Білімнің
гуманитарлық парадигмасының діңгегі - оқушы емес, дайын білімді меңгерудегі ақиқатты
түсінуші адам. Мұнда оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас: ынтымақтастық,
өзара жауапкершілік, өз позициясын еркін таңдау жағдайында диалогтік ұстанымда
өрбиді.Рационалдық парадигмаға оқушыға білімнің түрлі тəсілдерінің тиімді жақтарын,
ортаға бейімделу, оның ойы, сезімі жəне іс-əрекеттерімен санасу, оларды меңгерту жатады.
Мұндағы басты қағида: мектеп – бұл фабрика, ал оқушы – оның шикізаты. Бұлай оқытудың
негізгі əдістері – тренинг, тестік бақылау, жекелеп оқыту жəне мəтінді түзету. Ғылымды
тəртіп тіліне аударған Америка педагогы Р.Мейджер. Мұның бəрі оқушыны да, мұғалімді
де дамытады. Егер мұғалім бəрін өзі атқарса да, оқушы еншісіне үйлестіру мен бақылау
қалады дейді.Технократтық парадигманың негізгі мақсаты – дəл ғылыми білімдер.
Адамның қасиеті оның білімі, тəртібі жəне оны тасымалдаушы ретінде танылады.
Эзотерикалық парадигма – оқушының табиғи күші. И.Колесниковтың пікірінше, адамның
қоршаған əлеммен іс-əрекетінің жоғары деңгейі басым көрсетіледі. Мұнда адамның
ақиқатқа мəңгілік өзгермейтін қатынасы көрінуі тиіс. Бұл жерде оқушының дамуындағы
мұғалімнің адамгершілік, психологиялық, физикалық функциялары ерекше ұғым болып
табылады.
Гуманизм (лат. Hummanus - иманды) - адамның қадір - қасиеті хұқын құрметтеуі,
оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның игілігіне, оның жан -жақты дамуына, адам
үшін қолайлы қоғамдық өмір жалғасын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың
жиынтығы.Қайта өркендеу дəуірінде /XV, XVI ғ.ғ./ гуманизм тиянақты идеялық қозғалыс
ретінде қалыптасты. Бұл кезеңде гуманизм феодализмге жəне орта ғасырдың теологиялық
тұжырымдарына қарсы көзқарас-тарымен тығыз байланыста болды. Гуманистер адам
бостандығын жариялады, діни аскетизмге қарсы, адам лəззаты мен өз мұқтаждарын
қанағаттандыру хұқы жолында күресті. Гуманизм сезім теорияларының ең басты мəні
сонда - адамдар оқиғаларға баға береді, өзінің мінез - құлық (бағалайтын) бағытын
таңдайтын моральдік ұғымдарға, əртүрлі құбылыстарға байланысты яғни олардың бастан
кешіретін мақұлдау немесе айыптау сезіміне негіз болады. Басқаша айтқанда гумандық
сезім теориясының жақтаушылары айтқандай ой - пікірлер тиісті немесе бағаланып отырған
объектілер туралы емес, осы объектілерге орай адамның бастан өткеретін гумандық
сезімдер туралы ғана ақпаратты қамтыды деп есептейді[4,14б.]. 4. Әл-Фараби. Мемлекет
қайраткерлерінің нақыл сөздері. Әлеуметтік-этникалық трактаттарында . - Алматы: Ғылым,
1975.- 456.Осы орайда Ресей философы А.Ф. Лосевтің пайымдауынша «Гуманизм дегеніміз
- философия, филология, тарих тұрғысындағы білімдердің жəне ерекше өнердің жиынтығы
13
15.
ғана емес, сонымен бірге ол адамның ақыл - ойының ерекше бір қасиеті, еркін ойлауға дегенбұрылысы» деген пікірі біршама көңіл аударарлық.Ал, философиялық сөздіктегі (1996)
анықтамада: «Гуманизм - адамның қадір -қасиеті мен хұқын құрметтеуді, оның жеке тұлға
ретіндегі бағасы, адамның игілігіне, оның жан - жақты дамуына, адам үшін қолайлы
қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы», деп тұжырымдалған.Соңғы кезде шыққан «Педагогикалық сөздіктегі» «гуманизм»
анықтамасы да көңіл аударарлық: «Гуманизм - принцип мировоззрения, в основе которого
лежит признание безграничности возможностей человека и его способности к
совершенствованию, прав личности на свободное проявление своих способностей,
убеждений, утверждение благо человека как критерия оценки уровня общественных
отношении. В настоящее время становится одним из основных принципов педагогики»
(Коджаспирова Г.М., Коджаспиров А.Ю. Педагогический словарь. М - 2000).Бүл жерде
тұлға қабілетін адами дамытудың шексіз мүмкіндігіне мегзей отырып, оның қоғамдық
қатынастарының өлшемі ретіндегі қызметі де ескерілгенін аңғарамыз.Байқап
отырғанымыздай, адамның мінез - құлық, қадір - қасиеті мен қарым -қатынас тұтастығы
гумандық қасиетті айқындай түседі екен Айқын бағыттағы қажетті құралдар мен əдістерді
пайдалана отырып, адамды тəрбиелеуге болады, ал оны басқарушы - педагог, тəлімгер,
мұғалім, ата-ана, орта.Бүгінгі таңда елімізде педагог деп мұғалімдер, оқытушы-ғалымдар,
білім беру саласындағы менеджерлерді айтады. Менеджмент сөзі басқару, жетекшілік
жасау дегенді білдіреді. Ұстаздың кызметі шет мемлекеттерде де, біздің елімізде де
педагогикалық менеджмент деп атап жүр. Сондықтан педагогты менеджер деп атау үрдісi
қалыптасып келеді. Яғни педагог-менеджер оқу-тəрбие процесін басқарады, оған
жетекшілік жасайды.
2.Имандылық,ізгілік,сүйіспешілік- иманипедагогиканың асыл өзегі.Тəрбиелеу қазақ
ілімінде мынандай түжырым бар: «Басына бақ жұғысып,құт қонатын қазақтың ұлы
құлықты,қызы қылықты келеді.Себебі-қазақ, Алладан сұрап, қалап алған ұрпағын олар
қанша көп болса да, «Алла аманаты , Тəңір сыйы»,- деп көріп,оларды-«Сүйіспеншілік
бесігіне бөлеп, Махаббат жөргегіне орап,Мейірім уызымен ауыздандырып өсіреді.»
Сондықтан қазақ баласына сүйіспеншілік, махаббат,мейірім, сыпайылық, имандылық
қатарлы асыл қасиеттер ана сүтімен беріліп,дамып жетіледі.Қазақ ұрпағын жетімсіретпейтін,тіптен уақытша болса да сəбилік шағында бөгдеге асыратып бақтырмайтын себебі
осында.Жастай жетім өскен ұрпақ аталмыш бесікке бөленбей мейірімділік уызына
жарымайды.«Мейірімділік- мылқаулар сөйлей алатын, кереңдер ести алатын тіл» »,дегенге жүгiнсек, iзгiлiк қазақтың қанында бар қасиет екендігіне көзіміз əбден жетеді.
Сүйіспеншілік аталатын нәзік сезімнен көптеген адами сапалар туындап,махаббат
алақанында әлпештеніп,жайсаң мінездер қалыптасады.Перзенттік борыш, ата-аналық
махаббат,туысқандық мейірім,достық мейірім, ұлтжандылық, отансүйгіштік, елжандылық,
бауырмалдылық- осы асыл қасиеттің тарамдалып жетілуі,көгеріп көркеюі-ізгіліктің,
сүйіспеншіліктің шынайы көрінісі.Бұл басқаның беретін бағасы,қайрымдылардың тартар
сыйы емес. Ал адамның жан дүниесі сүйіспеншілік болғанда ғана өзгеріске түседі.
Сүйіспеншілік қорқынышты білмейді, сүйіспеншілік өтірікпен өш.Сүйіспеншілік тілдің
ұшында, ақылдың шыңында емес – ол жүректің төрінде.Сүйіспеншілік кешірімділер мен
жаны жомарттармен бірге, өзімшілдік ала берсем деп ойлап, жақсылықты тез ұмытып
кететіндермен сиыспайды.Сүйіспеншілік-барлық руханилықтың тамыры, барлық
шығармашылық пен ізденістердің мәні, барлық талпыныстардың қиылысқан тұсы,
адамдардағы шабыт көзі.Қиянат жасамау, яғни басқаларға зиян келтірмей өмір сүру-бұл
сүйіспеншілік пен ынтымақтастық рухы, кешіре білу, қайырымдылық, қоршаған орта мен
өзгелерге қамқорлық, бауырмалдық жəне теңдік сезімі ұлттық сана, өзгелердің мəдениеті
мен түрлі рухани дəстүрлеріне деген құрмет.Ұлттық рух-ұрпақ тәрбиесінің арқауы.
Ұлттық рух дегеніміз-өз ұлтыңа деген ерекше сүйіспеншілік. Ол сүйіспеншілік қайдан
пайда болады? Егер де ұлттың топырағында туып өссең, оның болмысын қаныңа, жаныңа,
14
16.
тəніңе сіңірсең, тілін меңгерсең, тарихын, мəдениетін, əдет-ғұрпын білсең сүйіспеншілікпайда болады. Жалпы,Сүйіспеншілік атты адамның асыл қасиеті Жасағанның сыйлаған
нəзік сезімі,ерекше несібесі.Оның нышаны тілі шықпаған «жанды бақа» нəрестеден де
сезіліп тұрады.Сүйіспеншілікті Яссауи бабамыз,Абай данамыз Аллаһты танудың жолы,оны
«көрудің» ерекше көзі десе Шəкерім атамыз Әлемді танудың, саналы іс-əрекеттің басы деп
көрсетеді. Данышпан Абайдың мына бір шумақ өлеңінде осы ойлар :
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тəтті.
Адамзаттың бəрін сүй бауырым деп,
Жəне хақ жол осы деп əділетті.
Осы үш сүю болады ИМАНИ ГҮЛ,
Иманның асылы үш деп сен тахқиқ біл
Ойлан дағы, үшеуін таратып бақ,
Басты байла жолына, малың түгіл,-деп берілген.Хəкім Абай
мұнда пенденің əуелі жаратқан иесі Алланы, сосын барша адамзатты жəне əділеттікті
сүюді, яғни осы үш ұлы сүюдің жиынтығын «имани гүл» деп атағанын көреміз.
Шындығында, иман ақиқаты осы үш махаббаттан тарайды.Ұлы Даланың Ұлық
ұстаздары ізгілікті –адамның табиғи қасиеті оны адам болмысынан,жанынан жеке алып
қарауға болмайды,əрі кісінің кемелденуінің алғышарты деп көреді. Қазақ арасында
айтылып, сан ғасырлар желісінде сөйленіп, ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан ғажап
ойлы, терең мəнді бір көсем сөз бар. Ол - ұрпақ санасына ізгілік туралы, кісілік туралы
қастерлі ұғымды мəңгілікке сіңдіріп орнықтыру жайлы ата-бабаларымыз насихаттап келе
жатқан: «Бір жылдығын ойлаған бидай егеді,Он жылдығын ойлаған тал егеді,Мың
жылдығын ойлаған ізгілік егеді!», - деген киелі сөз қалған. Ұлттық тəрбиелеу ілімінің
хəкімі М.Жұмабаев: «Адамға қалай да болса көмек келтіретін ой мен іс -ізгілік деп
аталады.Ізгілікке ұмтылу адамның жаратылысында өзінде бар нəрсе»-деген.
Ал,Ж.Баласағұн: «Жасы кіші,жүзі нұрлы көрікті, Бар ізгілік бір өзіңнен өріпті! ...Кішісіндемахаббат,кəрісінде- мархабат, Бəрі жақсы ізгілікпен өтсе жүгін арқалап!»-дейді. Ұлы
Даланың Ұлық ұстаздарының тəрбиелеу ілімдерінің барлығы осы ізгілікке негізделіп
құрылған. Ізгілік тәрбиесі - жеке тұлғаның моральдық қасиеттерінің, көзқарастары мен
сенімдерінің қалыптасу үрдісі. Ізгілікті деп жалпы адамзаттық моральдың ережелері мен
талаптарын, нормаларын өз көзқарасы мен сенімі ретінде, мінез-құлығының үйреншікті
формасы ретінде көрсететін адамды есептеуге болады. Бір ғана мысал, əр елдің, халықтың
қанына сінген тəрбие беру ерекшеліктері бар. Ал дінде бұл тəрбие жүйесі өте сапалы
дəрежеде құрылған жəне өзіндік түсініктерімен ерекшеленеді. Еуропалық үлгідегі
тəрбиелеу жүйесінде тəрбие беруден көрі білім беру бағыты басым. Ал мұндай білім мен
ғылымның белгілі дəрежеде кемшілігі болады. Себебі, шығыстық дүниетанымда тəрбиесіз
берілген білімнің қоғамға оң ықпал етпейтіндігін əл-Фараби: «Тəрбиесіз берілген білім
адамзаттың қас жауы жəне қоғамға опат əкеледі» десе, Шəкəрім Құдайбердіұлы
«тəрбиесізге берілген білім оққа айналады, яғни адамзат үшін қатер тудырады» деген
тұжырым жасаған. Батыстың ойшыл ұлы ғұламаларының адамгершілік жөніндегі ойпікірлерінің бастау бұлағы Шығыстың ертедегі ойшыл ғұламалары; Әл-Фараби, Жүсіп
Баласағұни, Махмұд Қашқари, Ахмет Яссауи т.б. трактаттарында, ғылыми ой
толғамдарында айтылған тəлімдік ойлармен жалғасып жатуы жалпы тəрбие, ұлттық тəрбие
туралы пікірлер сабақтастығының, өміршеңдігінің, өркениеттік құндылығының айғағы.
Шығыстың ғұламалары адам проблемасының рухани кемелдігіне аса мəн бере отырып,
адам проблемасын, оларды басқарудың этикасын, тәрбие мәселелерін, адамгершілік пен
ізгіліктің бастамасын ата-баба салт дәстүріне, тіліне, халықтық бай тәжірибесіне
негізделуін көздеген. Сондықтан қазақ халқының діні мен тәрбиесі біте қайнасқан мəселе.
Ал оны тəрбиеден салт-дəстүрден бөліп алуға тырысу діни саясиландыруға талпыныстан
басқа ештеңе емес.·Тəрбие - адамға сапалы өмір сүргізеді.Тəрбие - адамның жүріс-тұрысын,
15
17.
сөйлеу мəнері мен мəнін, ой өрісін қамтиды, адамға оң мен солды, жақсы мен жамандытанытады.Адам дүниеге келгеннен бастап өмір сүруге, дүние тануға құқылы. Адамның
ерік-тілектері, іс-əрекеттері басқа адамның құқығын бұзбауы тиіс
3.Кемел кісі ілімі –Иманипедагогиканың күре тамыры. Қазақ ұғымында, олардың
түп тұқиянынан бері жалғасқан хас дəстүрі-КІСІЛІК жəне КҮРЕСКЕРЛІК.Кісі деп белгілі
бет бейнесі бар,күш қуаты,ақыл ойы толысқан,қазақша ойлап-сөйлеп, қуанып-мұңая
алатын, сүйіп-жирене білетін,көңілі асқақ, көкірегі ояу,көзі ашық –ұлт өкілі. Дəлірек
айтқанда қазақтың ұлт өкілін дайындап,беретін арнаулы тетікте өңделген –адам. Халық:
адам болар баланың,кісіменен ісі бар, адам болмас баланың,кісіменен несі бар,-дегендегісіосы кісі. Кісілік- өмір тəжірибесінің нəтижесінде қалыптасқан жеке адамның адамгершілік
іс-əректі мен мінез-құлқының жақсылық көрінісі. Мұрат етіп,кісілік дəрежесіне жеткен
адамды армандау барлық халықта бар үрдіс.Нағыз адам(орыс),кемел адам(қытай), үлгі
кісі(үнді),тəңірлік жан(монғол),тақуа адам(мұсылмандар) т.б. Кісілік- адамдарға деген ізгі
ниет, құрмет,жанашырлық пен сенім,кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан
аямаушылық.Қадыр Мырза Әлі атамыз: «Кісілік кісі таңдамайды. Ол қой бағып жүрген
қатардағы қазақтан бастап, ел басқарып жүрген елеулі азаматтарға шейін, бір де біреуін
жатырқамайды. Бірақ ол екінің біріне бұйырмайтын, адамның адамына ғана, соның
жүрегіне ұя салатын қымбат қасиет.»-дейді. Ж.Баласағұн бабамыз: «Десең өзің қадірқұрмет табайын, Кісілерді қадырлей біл ағайын.Білгің келсе кісі əсілін анықтап, Көңіл,
қылық,тіл-бұл істі танытпақ.Кісілікке кісілік еткен-ер кісі.Ақылды-есті- кісілердің
кісісі,Білімділер-кісілердің кішісі.» Билер антындағы : «Кiсiлiкке қайшы iске қарап
тұрмау;Кiсiлiкке қайшы сөзге бас шұлғымау; Кiсiлiкке қайшы былыққа батпау;Кiсiлiк
қасиеттi ақтау, құдiреттi баптау.»Қазақ дүниетанымындағы «кісі» сөзінен «кісілік» ұғымы
туындайды. «Кісілік» деген адамның намысы, өзіне-өзі жасайтын құрметі, өзін-өзі
сыйлауының белгілі бір деңгейі, кісіліксіз адам-тағдыр тəлкегіне түскен-мүсəпір. «Кісілік»
адамның өзегі, оны жетілген адам дəрежесіне көтере алады. Кісі-кісілік қасиетімен
анықталады.Кісілік қасиетті Ұлы Даланың Ұлық ұстаздарының қай-қайсысы да саралап
көрсеткен.Соның ішінде Ж.Баласағұнның орны ерекше. Айталық, Ұлы Ұстаз: Кісілікадамгершіліктің негізгі тұтқасы, адамилықтың биік шыңында тұратын құнды қасиет.
Адамды адам етіп құрметтеудің, бағалаудың белгісі ретіндегі сапалық көрсеткіші,-деп
көріп, кісілікке тəн сипаттарды былай бөліп көрсетеді: «тіл-адал сөйлеп, шындығын айту;
əділет-əділдікті сақтау, ар-намысты қорғау; жомарттық – қайырымды, кеңпейілді, ақжүрек
жəне қол кең болу; қайсарлық-елін-жерін қорғау, жаудан сақтану.»Ж.Баласағұни адамның
бойындағы кісілік қасиетін жоғары қоя отырып,кісі-ділі,тіні, негізі-кісілігімен ғана Адам
деген құрметке ие екендігін ашып көрсетеді:«Кісі екенсің, тінің сенің-кісілік, Кісілерге
адамдық ет кешіріп... Кісілікпен танытасың затыңды, Кісілікпен шығарасың атыңды.
Кісілерді кісі еткен кісілік, Кісілікпен аты шығар кісінің.Кісі ізгісі-қайрымды кең кісі, Ел
сарасы, кісіліктің белгісі...Әділдік –құт. Құт құрығы- кішілік. Әділдіктің заты-тұнған
кісілік. Елдіктің өзегі-білік,кілті-тіл,қадір-қасиеті-кісілік.Кемел кісі тұралы ұғым дəстүрлі
діндердің барлығында бар.Сəбидің адамнан тұлғаға дейін көтеріліп даму жолын олар өз
дүниетанымы негізінде көрсетеді. Б.з. І ғ. Палестинада дүниеге келген Христиан дініндегі
кемел адам үлгісі― Иса Мəсіх болса, б.з.д. алғашқы мың жылдықта Үндістанда пайда
болған Буддизм дінінде кемел адам үлгісі-Будда Сидхартха Гаутама болып
табылады.“Христиан діні адамдарды бай жəне кедей , еркін немесе құл деп танымай,оларды
тек діндар немесе діндар емес деп қана тануға үйретеді. Байлық,асқан күш қуат
тойымсыздық кесел деп, ал кедейшілік, мойынсушылық пен жақыныңды жақсы көру сезімі
ізгі қасиеттер деп саналады. Христиандар бұл дүниеде қол жету мүмкін болмайтын
əділеттілік, Иса Масих жария еткендей,Аспан Патшалығында салтанат құратынына
сенеді.”[3.311-312 беттер]Иса Мəсіх атақты Тау уағызында шаттыққа бөленетіндер қой
аузынан шөп алмас момын адамдар, мейрімділер мен жақсылықты аңсағандарға адамның
ішкі рухани қасиеттерін ашып көрсетіп, жоғары адамгершілік тəлім беріп, кек қайтару,
16
18.
қарғыс лағынеттер айту, екі жүзділікке үндейтін жағымсыз қылықтарды көрсетіп, христиандіні негізін ұғындырды.“Сенен сұрағанға бер, сенен білгісі келгеннен теріс айналма”, “
Біреуді кіналама,сонда сені ешкімде кіналамайды...”, “...Кімге қандай баға берсең өзіңеде
сондай баға бұйырады” деп рухани тазалыққа үндейді. [4.307 бет] Будда дініндегі
«үйлесімді адам» азап пен қайғы қасыреттің ізгілікті төрт ақиқат жəне сол азапты
күйзелістерден құтылудың сегіз жолын игерген жан. Нирванаға жеткен (кемелденген
ұжмақтағы жан) адам,ол ақиқатқа жетті жəне ол дүниедегі ең бақытты жан деп
санайды.Буддизм діни этикасы Будданың өсиеттерінен тұрады.“Тіршілік иелерінің қай
қайсынада зиян келтірмеу; біреудің өз еркімен бермеген нəрсесін алмау;жалған сөз айтудан
аулақ болу; мешкейліктен бас тарту; билеу мен əн салу жəне ойын–сауықтардан аулақ болу;
мас қылатын ішімдіктер мен есірткіден аулақ болу т.б. ” ұстанымдарға негізделген. [6.19
бет]:Кемел кісі қалыптастыру қазақ ілімі тереңнен тамыр тартқан,текті жаннан кемел кісі
болып қалыптасу жолы айқындалған,оның қалыптасу кезеңдері айқын көрсетілген,
қалыптасу барысын əр кезеңде бағалап,өлшеп,сынап бағамдау амал айласы бар,тиянақты
қөзқарас,ұлтанды білім қоры.Сондықтан ол,иманипедагогиканың тұғырлы тірегі бола
алады.Егер иманипедагогиканы өз елінде,өз жұртында қажеттенуші болса кемел кісі
ілімінің нұсқасы олардың өздерінен қиналмай ақ табылатындығын көрсетіп отырмыз.
Екінші жағынан бүгінгі қазақ елі көп этносты,көп дінді зайырлы қоғам құрып жатқан
бағдарлы мемлекет. Иманипедагогика олардың ешбірінің мүддесіне қарсы келмей діни –
наным сенімінен,рухани тазару амалын айқын көрсетіп бере алады.Олай болса,
иманипедагогика материалистік тəрбие теориясымен гуманистік тəрбиелеу парадигмасы
аумағында өте сиымды түрде ұштаса алады.Жаңа гуманистік ( неопедоцентризм) бағыттың
өзі иманипедагогикадан алшақ жатқан жоқ.Ең бастысы бұл бағыт тəрбиені сипаттайды,
яғни баланың шығармашылық дамуына жағдай жасауға көңіл аударады.20-ғасырдың
алғашқы жартысында бұл тұжырымдама Джон Дьюи негізін салған педоцентризм, сондайақ, педагогикалық прагматизм атауларына ие болды. Ол 20-ғасырдың басындағы
педагогикалық ізденістерде М. Монтессори, Р. Штайнердің Вальдорф педагогикасында
«еркін тəрбиеде» орын алған. 20-ғасырдың екінші жартысында А. Маслоу, К. Роджерс жəне
басқалардың еңбектерінде бұл тұжырымдама кеңінен өріс алды. Олар психология
бағытында білім саласында кеңінен құлаш жайған психологиялық қағидалар гуманистік
психологияда тарады. Педагогикалық еңбектерде бұл гуманистік педагогика, неопедоцентризм деген атауға ие болды.Шындығында. гуманистік педагогиканың қазақша
баламасы,сөзбе-сөз аудармасы-иманипедагогика.Ал,Иманипедагогика оның көшірмесі
емес.Иманипедагогика кемел кісі жетілдіріп дамыту,өсіріп баулу бағытындағы жас
ұрпақтың шығармашылық дамуына жағдай жасау үшін,олардың рухани тазалығын
көркейту үшін,текті тұлға тəрбиелеу теориясын негізге алған,теориялық педагогиканың бір
саласы.Ол-заманауи тəрбие теориясы.Ол-жалпақ жұрттың рухани жаңғыруын педагогикалық-психологиялық негізде зерделеп,баршаға қызмет етеді.Ол-қазақ елінің рухани
жаңғыру дəуірінің жемісі.Сондықтан да, Иманипедагогиканың ғылым болып төрт аяғынан
тік туруы еліміздің барша зиялы қауымы,педагог,андрагог,білім менеджерлерінің,атааналардың жан-жақты көмегі мен қосар үлесіне тура тəуелді.
1.3§. Иманипедагогиканың ұстанымдары мен қағидалары
Иманипедагогиканың асыл өзегі имандылық болғандықтан:Бірінші. ислами иман
ұғымын басшылық етіп,оның имани қағидаларын ұстанады.Ислам дін ғұламарының
түйіндері мен тұжырымдары Құран Кəрім аяттары мен сахих кадистер жəне сахабалар мен
Пайғаипарымыздың асыл ойлары, шешімдері,жолбасшылық сүннеттері басшылыққа
алынады. Екінші.Имандылықтың ұлттық ұғымыын саралай талдап,оның тұжырымдары
мен қағидаларын ұстанады,Имандылыққа баулу қазақ ілімінің түйіндері ескеріліп,
тəжірибесіне сүйенеді.Үшінші.Дəстүрлі діндер, əр ұлттық наным-сенімдегі адам баласын
дұрыс жолға бастап, мəнді тіршілік кешуге жетелейтін уағыздар мен қағидаларды ешуақытта жатсынбай құрметпен қабылдайды,керекті жерінде нəтижелі жүзеге асыруға ниет
17
19.
етеді.Бұл үш ұстанымнан Иманипедагогиканың өзіндік ерекшелігі күллі жанға білініп,сезіліп тұруы тиіс.Дəлірек айтқанда Иманипедагогиканың толеранттылығы осы негізде
көрініс табады. Барша адамзатты нəсіліне, ұлтына , ұстанатын дініне қарамастан жақсы
көріп, түсіністікпен қарап, өзіңдей қабылдау қасиетін бір сөзбен толеранттылық дейміз.
Толеранттылық-бұл
қайырымдылық.Толеранттылық-бұл
аяушылық
таныту.
Толеранттылық-бұл
құрметтей
білу.Толеранттылық–бұл
мейірімділік
таныту.
Толеранттылық–бұл шыдамдылық. Толеранттылық-бұл достық.Бұл-келісім мен ынтымақтастыққа апаратын жол.Олай болса, Иманипедагогика тек мұсылман қауымына қатысты
тəлім-тəрбиелік ғылым емес адамзатқа бағышталған іргелі ғылым.Сондай-ақ,ол,тек
жастарға ғана арналған тəрбие теориясы емес ересектер үшін де қызмет етеді,оларды да
жетектеп дамытады.Педагогика-философмямен тамырлас ғылым.Оны қысқаша пайымдасақ:ол-адамды дамыту жолын айқындаушы философия. Ал,дін дегеніміз адамзатты
Жаратушының салған жолынан адастырсай алып жүрер, бағыт-бағдарын нұсқаушы
шамшырақ.Міне,сондықтан да, Иманипедагогика жеке бір ұлттың немесе нəсілдің,діннің
несібесі емес жалпыға ортақ , ұлтанды таным қоры.
Иманипедагогика адамзаттың ең асыл сапасы,адамшылықтың асқар шыңы ізгілікке
негізделгенліктен:
Бірінші.Өскелең жас ұрпақ тəрбиесінің педагогикалық идеялары мен тəжірибесінің
тарихи дəстүрлер тамыры тереңге кетеді. Отандық педагогика ғылымы ғасырлар бойы –
бала ең жоғары құндылық, адам өмірінің жалғасы, адамзат қоғамын жалғастырушы деген
ізгілікті ойдың негізінде дамып келеді. Қай кезде де бала тəрбиесі сол қоғамның басты
міндетінің бірі болған. Сондықтан отандық ізгілікті педагогиканың дəстүрлерін дамыта
отырып оның тұғырлы түйіндерін тірек етеді.Қазақта тəдім-тəрбиелік көптеген ілім-білім
бар.Мəселен:Ерлік-батырлыққа баулу қазақ ілімі;Имандылыққа баулу қазақ ілімі;
Зиялылыққа баулу қазақи жолдар;Адамтану қазақ ілімі;Еңбекке баулу қазақи амалдар;
Алып Ер Тонаның «Ақи » ілімі(б.з.д. 7 ғасыр),Әл-Фарабидің парасатты адам ілімі (Х
ғасыр),Жүсіп Баласағүнидің жəуанмəртілік ілімі((Х1 ғасыр),Ясауидің хəл ілімі (ХІІ-ХІІІ
ғасыр), Абайдың толық адам ілімі (ХІХ ғасыр соңы),Шəкəрімнің ар ғылымы (ХХ ғасыр
басында). М.Ж.Көпейұлының түгел адам ілімі, Ү.Ақыт қажының иман-жүзді адам
қалыптастыру амалы, М.Жұмабаевтың Тəрбиелеу ұлттық ілімі т.б. Осы ілімдердің тұжырымдаған ой түйіндерін,педагогикалық зерделеу сүзгісінен өткен пайымдарын ұстанады.
Сондай-ақ,оларды,заман талабына сай қайыра зерделеп,кезекті керегіне жаратады. Қорыта
түйіндесек Иманипедагогика:- «Имандылыққа баулу қазақ ілімін» басшылық етеді.
Екінші.Ізгілік ұғымы қазақ танымында оның жаратылысына сай тым кең аумақты
қамтиды.Қазақ адамтанушылары адамның ізгілік сапасы күн нұрынан жаралған жанның бір
шоғы деп танып,оны рухқа сыбайлас етіп түсіндіреді. Ізгілік - адамның басты құндылығы.
Кісіге екі дүниеде пайдалы (нəрсе) -Ізгі іс немесе мінезі түзулік.Екіншісі - ұят, үшіншісі əділдік.Бұл ушеуі арқылы адам шын бақыт табады.(Жүсіп Баласағұн) Ізгілік адамның өзіне
жəне өзгелерге жасаған жақсы, игі істері.Ізгілікті тілек,жылы сөз,моральдық көмек,
қолпаштап қолтыған демеп,көңіліңді байыздатқан ыстық лебіз– жан азығы. Ол жаныңды
өсіреді, жалындатады, қанаттандырады, өмірге қызықтырады, шаттыққа бөлейді, өмір
жасын нұрландырады, рухани биіктікке көтереді.Ізгілікке тəн мейірімділік, сүйіспеншілік,
сыйластық,қайырымдылық сияқты қасиеттер адамды тек жақсылыққа жеткізетініні белгілі.
Ең парасатты тəжірибе-халық түйген тұжырымдар.Мейірімділік пен ізгілік – егіз қозыдай
осы екі қасиет басқаларға (əке-шеше, ағайын-туыс, танысқа ) көңіл бөлу олардың сеніміне
ие болуды айналадағылармен өзара дұрыс қарым-қатынас жасау,адамға эмоциялық
жағынан тиімді, кісінің шат-шадыман тіршілігі үшін маңызды болумен қатар адамның
жайнап,өмір сүру ортасын туғызу,көңіл күй ауанын жайғастырып тыныштандырушы
негізгі фактор болуы тиіс. Халық:«Ізгіліктің нышаны-халық үшін қайтпай құрақ ұшады.Ізгі
жүрек ізгілікті сатпайды» дейді. «Шамаң келсе, ізгілік істе,ізгілік, əділдік өлмейді»деген,Сайф Сараи.Ізгілік іс-əрекет,сөз ниет, тілек-бата,көмек-жəрдем арқылы өмірде
18
20.
жүзеге асып жатады.Ол өз бойына мына адами құндылықтардысіңіріп алған:
Ілтипттылық,әдептілік,инабаттылық,кішіпейілділік,қарапайымдылық;Сыпайылық,
жақсылық және оны сатпау; Әділеттік;Ісі сөзіне сәйкес келуі,шыншылдық.Сондығы
болар, ізгілік әр уақытта есте сақталады, ұмытылмайды.Ұрпақтан –ұрпаққа сол
ізгілікті,елдің мерейін көтерген сол рухани өмірді көкпардай қағып алып,мерейін өзінен
кейінгі ұрпаққа табыстап келген,ата-бабаларымыздың тарихы,ғұрып-салты,тіл байлығы
ешкімнен кем емес екенін мақтаныш етеміз.Жеткіншектің ой санасына осы мақтаныш
сезімін құя білсек, жүрегіне ұялатып, жанына жылу берсек тəрбиелегеніміздің белгісі
болмақ.Адам ізгілік туралы жалаң айтпай,оны іс жүзінде көрсете білуге тиіс. Жақсылық
істеуден жалықпа, істеген жақсылығыңа өкінбе.Ізгі ниет ақ көңілмен жасалған əр ісіңде
ізгіліктің ізі бар екенін еске сақта.Ізгілік пайда үшін емес,адамдардың қуанышы үшін
жасалады. «Шырағым, жасаған жақсылығыңды сатпа, құдайдан қайтады!»-деп отыратын
қарттар сөзінде терең мағына,адами қатынастың əсем үлгісі жатыр. Үйде де, түзде де кісіге
ізгілік, имандылық пен қарап, оның қамын ойлау, оған мейірімділік пен мейірмандық
білдірген жанашырлықпен қамқорлық жасай білу кісіліктің, ұнамды мінездің көрінісі.
Міне, осы тектес қазақтың «Ізгілікке баулу ілімі» бар.Иманипедагогика осы ілімге сүйенеді.
Үшінші. Саналы жан иесі бұл өмірге келгенде,адам аталғанымен бірден толықсыған кісі
болып тумайды.Ол,жетіліп дамиды,баулынып көркейеді.Осының өзі белгілі ретпен,
кезеңмен, сатылай жүріледі.Дамудың əр сатысында атқарылатын іс-əрекет пен ықпал
əсердің мөлшері бар,баулудың амал тəсілі бар.Мұны қазақтың ұлық ұстаздары анықтап,
тиянақтап қойған.Дəлірек айтқанда, қазақтың «Кемел кісі қалыптастыру» арнаулы ілімі
бар.Иманипедагогика осы ілім қағидаларын басшылық етеді. Бұл ілім қазақтың тəрбиелеу
амал айласын,əдіс-тəсілінің өзіндік ерекшелігі мен өзгешеліктерін баса көрсетумен қатар
адамзаттық ортақ тəрбиелік құндылықтардың құнарлы заңдары мен кағидаларына жүгінгендіктен ешкімге жат болмайды.Иманипедагогика мен европалық педагогиканың бірбірінен айрмашылығын олардың əдістемелік негізінен алынған бір ғана мысалмен көрсетелік.Иманипедагогикада: «Жалпы бала дүниеге келгенде пəк,Ислам болмысы негізінде
туылады.»Баланы егер түзу жолмен,имани бағытпен тəрбиелесең ол кемел кісі болып,өсіп
жетіледі.Тамаша толық адам болып қалыптасады.Айналадағы күллі адам осылай баулынып
жетілген жағдайда Әлем адамзаты қайрымды қала тұрғындарына айналады.Бұл ,шындыққа
тым жақын түйін екендігін тарих баяғыда- ақ дəлелдеп көрсеткен болатын.Иманды
адамдардан құралған топ, ру,тайпа,іргелі ел,қауымдастық құрып , мемлекет орнатып ғұмыр
кешкен жұрт кəзір де баршылық.Ал,қазақ аумағында ру тайпадан асып,мемлекет
дəрежесіне жеткен іргелі ел,ұзақ ғұмыр кешпегенімен, топтар, рулар,ата-баба қауымдастығы,ауыл-аймақ күні бүгінге дейін жалғасып жетті.Бұларды,текті аталар ұрпағы десіп
жүрміз.Осы «текті аталардан ұрпақ алып қалу»- деп аталатын салтымыз да бар. Ал,
Европалық педагогикада: « Адам баласы кіршіксіз таза, ақ парақтай немесе ақ тақтадай
болып дүниеге келеді.Бірақ өсе келе сол ақ параққа қара нүктелер түсе бастайды.» дейді.Бұл да бұлтарыссыз шындық!Қара дақ кесірге айналғанда жалпайып аудан алып
кетеді.Сондықтан Европалық педагогика оны нокат кезінде жоюдың жолын,өшірудің
амалын тым ерте ісдестірді.Көптеген ойшылдар,ғұламалар,педагогтар талай-талай ой-пікір
айтты,ұсыныс жасады,зерттеу жүргізіп,тəжірибе қойды,болжам жасап,тексеріп көрді.
Дақтың түймеге айналған шағында,оны жою үлкен күш,зор қажыр-қайрат,қаражат талап
ететіндігін анықтады.Тіптен,тəрбиеленушіні мəжбүрлеу,əуелде күш қолдану қажеттігі
туды. Мұны,қайта тәрбиелеу деп атап,оны жүзеге асырудың тəртібі, ережесі тиянақталып,
кезеңдері белгіленді.Жалпы нəтижесі тым жоғары болмайтындығы белгілі болды.Адам
тəрбиесін мұндай халге жеткізбеу ескертілді.Дақтың аз кезінен өшіріп жою үшін
тəрбиеленушінің ішкі мүмкіндігін пайдалану теориялары өмірге келді.Оны жалпысынан
өзін-өзі тәрбиелеу десіп жүр.Адам бойындағы асыл қасиеттерді сыртқы əсерлер арқылы
оятып,жүрегіне жетіп,жан жылуымен мейірлендіру арқылы,оң-солын айыртып,ісқылығындағы жақсы-жаманды екшей алатын қабылет игертпек болды.Әрине, мұндай
19
21.
қабылет игерсе онда үлкен жетістік болар еді.Ол, адам дамуының бірер қырын оңдышешуге мүмкіндік берер еді.Бұл бағыттағы ұмтылыс,бірер жағдайда оңды нəтиже берді.
Мысалы,сезім мүшелері мен тəніндегі мүкістік пен кемістікті,ол адамның ішкі мүмкіндігін
пайдаланып жоқтатпауға болатынын көрсетті.Сондай-ақ,жаттығулар мен құлшыныс
арқылы ондай адамдардың бойындағы талантын ашып,дарынын дамытуға мүмкіндік бар
екені анықталды.Әлемге осы жолмен танылып əйгіленген мұндай адамдар тарихта
қашаннан бар болатын.Ал,адам өзінің жан сарайын ашып,өз жүрегін өзі тыңдап,көңіліндегі
дақты қырып тастау оңайға түспейтіні белгілі болды.Мұны жан-жақты қарастырып,толығымен зерттеу қажеттілігі туды. Қажеттілік қамтамасыз етілді. Қорытынды
мынау:1.Тұлға өзін-өзі тану үшін өз менін өзгенің менінен ажырата алатын халге жетіп,
адамтану қабылетін игеруі тиіс.2.Адам өзін-өзі танып болғанға дейін,көлделең тұлға
талпынса, оның иесінен бұрын танып қоятындығы анықталды.Олй болса,өзі туралы
көлделең тұлға-басқа жанның,қоршаған əлеуметтік ортаның пікірімен санасып отыру лəзім
екен.3.Өзін-өзі тану өте дəлдікпен анықталған сатымен,реттілік арқылы белгілі уақыт
аралығында анықталу мүмкіндігі бар болып шықты. Шындығында,адамның өзін-өзі
тəрбиелеу оңайлықпен қолға түспейді. Өзіне - өзің үніліп, өзіңді тізгіндеуге тырысу, белгілі
мақсат көздеу-осы істегі бастапқы қадам. Адам өз мінез –құлқының жаман- жақсы
жақтарын ой таразысына салуға ұмтылады, алдына таудай талаптар қойып, бұларын
қайткенде тиімді етіп орындау жолын қарастырады. Адам өзін-өзі тəрбиелеуде асқан
шыдамдылық, қиыншылықтарға төзімділік, ерекше ұстамдылық, ұзақ уақыт бойына
қажымай-талмай, ерінбей жалықпай жұмыс істей білуге машықтануы керек. Бұл реттілік
пен сатыларды көптеген ғалымдар арнайы айқындап та берді. Осының нəтижесінде өзін-өзі
тəрбиелеу теориялары сан-саққа жүгіріп,тым күрделеніп кетті.Кəзіргі таңда,өзін-өзі
тəрбиелеу,қайта тəрбиелеу өмірде керектеніліп, ескерілумен қатар жас сəбиді «күнəдан
таза, көңілі пəк періште » дейтін қазақ қағидасында, нəресте: «имани қалыпта дүниеге
келеді»- дейтін иманипедагогика ұстанымында көрсетілген қалып-күйін,адами жан
дүниесін алғашқы қалпын көлегейлемей, дақ түсірмей Түп иелік бейнесін сақтап дамытуға бет бұрушылық Жұмыр Жер педагогикасында анық байқалады. Иманипедагогика
сəбилік шағынан бастап пəк көңілін таза сақтау тəсілін сол текті жанның өзіне иелендіріп,
«өзін-өзі тəрбиелеу» амалын игертеді.Мұны көре білген,тани білген европалық ғалымпедагог,ойшылдар ертеден мойындап,тəрбиенің имани бағытына бет алғаны белгілі.
Төртінші.Кемел кісі қалыптастыру қазақ ілімі иманипедагогиканың қүре тамыры екені
белгілі.Олай болса,иманипедагогика заманауи кемел кісінің бет-бейнесін айқындап,оның
қалыптасу жолын тиянақтап,оған қойылатын талаптар мен ерекше сапаларды тағайындап,оларды игерту амал айласын белгілеп,бұл сапаларды қалай игергендігін бағалап
сынап,өлшеп мөлшерлейтін көрсеткіштерді анықтап беруге тиіс.Осындай зерделіқ қызметтер мен зерттеу ісі ұланғайыр шаруа,күрделі жұмыс екені белгілі.Қаншама қиын да күрделі
осы жұмыстың атқарылуында да бір төте жол бар секілді.Оның əдістемелік бір сырын ашу
үшін кешегі кеңестік дəуірге сəл шегініс жасалық.Кеше ғана Қазақ елі,Тұңғыш ағасы
Ресейдің қоластында жүріп,коммунизмнің кемел адамы,коммунистік партияға шынайы
берілген,Коммунизмге жан тəнімен сенген,қызыл коммунист-Совет адамын шамалы
уақытта- ақ, қалыптастырып берген едік қой!Ал,егемендігімізді алғаннан бергі ширек
ғасырдан астам уақыт өтсе дағы,Мəңгілік елдің заманауи кемел кісісінің болмағанда
нобайын бейнелеп бере алмағанымыз қалай?Бұл қазақтың текті Ерлеріне сын болмай
ма?Аталмыш мүмкіндіктің қолға келмеуінің басты себебі мынау:Кемел кісі қалыптастыру
туралы қазақ ілімі зерттелмеген.Заманауи кемел адам бейнесі айшықталмақ тұрғой
кешегі,өткен шақтағы қазақ ғұламаларының айшықтап қойған кемел адам туралы əлФараби,Яссауи,Абай,Шəкерім,М.Жүсіп,М.Жұмабаевтардың
ілімі
игерілмеген,толық
зерделенілмеген,тіпті олардың кейбірін жатсынуды əлі де ойдан тастамаған,жаттанды
болған жалпы педагогикасын ескі ұғымымен,əлемде жаңадан ашылып жатқан жаңа
көзқарастарды ескермей-ақ,дəрісін оқып,дəрежесін көтеріп, напəқасын табатын
20
22.
«андрагогтар мен менеджер-педагогтар» қазақ педагогика ғылымына иелік етіп.орнығыпалған.Ал , жаттанды педагогикалар Қазақ елінің білім беру,тəрбиелеу жүйесіне тигізетін
əсері, дəрменсіз, проблема шешетін шамасы қауқарсыз қалғанына мəн беріп жатқан ешкім
жоқ. Педагогика ғылымымыздың бүгінгі жағдайы осылай болып тұрғанда Иманипедагогика заманауи кемел адам « қалыбын» жасап бермесе онда,оның да қажеті болмай
қалады.К.Д. Ушинский : «Бала балқытылған алтын.Оны қандай қалыпқа құйсаң, сондай
адам шығады» - деген.Осындай қалыпты дайындау үшін социалистік педагогика қандай
əдіс қолданып еді?Басқаша айтқанда.нағыз коммунист шығару үшін қандай қалып
пайдаланып еді?Менің білетінім олар,коммунистік көпірме адамгершілікпен əсемдеп
көмкерген,алтындай жылтыратып аптаған,күміспен күптеп зерлеген жасанды, жалған
қалып пайдаланған. Осындай жалған қалыпқа құйылған совет адамы да,жалған-кісікиік
болып шыққан.Бүгіндері оның бəрін де таппайсың,жалғандықтан жаралғандар көзден
ғайып болған. Мен неге осындай қалып пайдаланбаймын?Ондай қалып,еш адамға залалын
тигізіп пе еді?Бəрі де,өтті кетті,қалғаны өз орнында.Қалыбы да,ғайып болды,адамы да
аспанға ұшып кетті. Кейбірі олардың мен жетпейтін «қоңыр» деген жерде жүр деседі.Ұлық
ұстаздардың жасап берген,ұлы ілімдерін игере алмадым.Әлде басқа шара бар ма?
Бесінші.Иманипедагогиканың ең ұлтанды тірегі-«Еңбекке баулу қазақ ілімі.»Бұл
ілім тəрбиелеу ұлттық теориялардың ортасындағы недəуір зерттеп зерделенген,шоқтығы
биігі.Қазақ саналы жан иесін өмірге келген шағынан бастап еңбекке баулиды.Оның
алғашқысы-шарананы ауыздандыру.Одан,шомылдырып(кіндігі түсе),сылап сипап,өс-өстеп
денесін жазып,бесікке бөлеу.Бесік-шақалақтың жан ұясы.Маманым психолог болған соң,
нағашы əжемнен ұққан жан жайындағы бір қазақи ұғымды тарқатып берейін.Жан салушы
періште ана жатырындағы дамып келе жатқан тұқымға жан салғаннан соң ақ ол қимылдай
бастайды екен.Шарананың бұл жанын ғазиз жан дейді.Шақалақ өмір есігін аша сала
шырылдап осы ғазиз жанды қалай бағарын білмей жылай келеді.Шақалақтың жан бағуға
дəрменсіздігі баршаға мəлім болғандықтан,оның жанын үш жасқа дейін періштесі қорғап
қолдап,аңдып бағады.Ата-анасы,ағайын туысы, ауыл аймағы күтіп бағуды,жетілдіріп
дамытуды мойнына алады. Олай жасау бір күнде бола салмайды,өте дəлдікпен жасалған
кесте-бала қызығы деген рəсім-ғұрыппен жүзеге асырылады. Шарананың тəніне алғашқы
азықты анасы береді.Тəнге керекті азықты алудың əрекеті ауыздандыру.Ол еңбек етпесең
жүзеге аспайды. Тімтініп іздеп,сорып ұмсыну керек.Еңбекке баулу осылай жалғаса береді.
Еңбектеу...Сүйеніп тік тұру...Қадам басу...Үш жасынан бастап,жан салушы періште,саналы
жан иесінің өзіне ерікті жан бағу құқығын беріп,қажетті уақытында келетінін ескертіп,өз
мекеніне кетеді..Бірақ екі иығына екі періште отырғызып,қолына амал дəптерін ұстатып,
шыбын жанын бағудағы жан иесінің қарекетін тізіп тіркеп отыруды міндеттейді.Олар
бағушы емес бақылаушы.Аяғыңның аттап басқан қадамы қадағалауға алынады.Көңіліңді
кірлетпей,жүрегіңді пəк қалнында сақтауға тиістісің,себебі имани күзетші қойылған. Сəби
жаны енді шыбын жан аталады. Жан бағу қайдан оңай болсын!Оның жалғыз жолы бар.Олеңбек ету.Егер адал еңбек етсең тəннің азығын да табасың,жанның азығына да жарисың.
Осы азықтарды тауып керектену жолын көрсеткен қазақтың ілімі тым биік,тым өрелі,терең
ғылым.Иманипедагогика осы ілімді басшылық етеді. Иманипедагогика тəрбие теориясы
болғандықтан жалпы педагогиканың принциптерімен сабақтас келеді.Ал,жоғарыда көрсетілген баулу ілімдерінің өзіне тəн тəрбиелік қағидалары мен заңдары бар екені рас.Олар
жалпы педагогикалық тəрбие теориясының заңдылықтары мен принциптеріне қайшы
келмейді.Алайда,олар ешбір өзгешелігі жоқ,тəрбиенің эмприкалық ұғымдары денгейіндегі
таяз тұжырымдар да емес.Бірақ ондай ұғымдардың шамалы болса да кезігуі ықтимал.
Сондықтан тəрбие теориясының мына қағидалары Иманипедагогикада негізге алынады.
Бірінші. Тəрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы. Тəрбиенің негізгі мақсаты - дені
сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дəрежесі биік, мəдениетті, парасатты, арождан мол, еңбекқор, іскер, бойында адами игі қасиеттері қалыптасқан адамды тəрбиелеу.
Екінші. Жас ұрпақты іс-əрекет пен қарым-қатынас арқылы тəрбиелеу; -оларды ақыл
21
23.
ой əрекетімен қатар іскерлік пен пысықтыққа машықтандыру, өнімді еңбек етуге бейімдеу;ата-ана мен бала, тəрбиеші мен тəрбиеленуші, үлкен мен кіші арасынғы қарым-қатынасты
өзара сенімге, қайырымдылыққа, имандылыкқа, бір-біріне сый-құрметпен қарауға негіздеу;
тəрбие барысында психологиялық жайдарылық, үйлесімділік ахуал туғызу; жас азаматтың
өзіне сенімін арттыру, қамқоршылық сезімін дамыту.
ҮшіншіТəрбие барысында жеке тұлғаға қойылатын талап пен көрсетілетін
құрметтің бірлігі айқын болуға тиіс.Тəрбиеленушіні құрметтеу жəне оған талаптар қою жастың мықты жəне нашар жақтарын біліп, оның өсуіне қажетті жағдайлар жасау. Талап
қоюдан жастарға құрмет, күші мен қабілетіне сенім көрінеді. Ұстаз тəрбиеленуші бойынан
рухани қасиетті жобалап, оған сүйеніп, олардың өз тəжірибесін дамытуына көмектесуі тиіс.
Төртінші. Тəрбиелік ықпалдардың тізбектестігі, жүйелілігі, үздіксіздігі айқын
сезіліп тұруы тиіс. Ұрпақ тəрбиесінің нəтижелілігі - тəрбие мекемелеріндегі талаптың
бірлігі, іс-əрекеттің сабақтастығы.Ашық айқын,жүйелі тəрбие жеткіліксіз,оның нəтижесін
тұлға даму кезеңдеріне сай өлшеп бағамдап,сынап бағалау осы күнде жүйелі болмай
отырғаны қатаң еске алынуы тиіс.
Бесінші. Тəрбиеленушілердің жас жəне жеке ерекшелігін есепке алып соған сай
тəрбиелік құралдарды дұрыс таңдап алып,ең оңтайлы жолмен жүзеге асыру. Мысалы,балалардың жеке ерекшелігі - денсаулығы, ақыл-ойы, адамгершілік қалыптасуы, сыртқы
əсерлерге жауабы, қабылдауы, т.б. Біреулері өзінің байсалдылығымен ескертулерді дұрыс
қабылдаса, кейбіреулеріне керісінше əсер етуі мүмкін, сондықтан оқушылардың тəрбиелік
дəрежесін дер кезінде анықтап отыру қажет. Тəрбие жұмысының барлығы білім мен
сенімнің, сөз бен істің үздіксіздігі негізінде құрылады.
Алтыншы. Тəрбие процесінде мұғалім, мектеп, отбасы жəне қоғамдық ұйымдардың
күш-қуатын үйлесімді педагогикалық бірізділікке бағыттау.Тəрбиенің əлеуметтенуі ,
əлеумəлеуметтік педагогиканың қажеттілігі өте артқан мына заманда сай,қай педагогика
болмасын жеке дара қызмет ету мүмкіндігі мүлдем болмай қалғанын ескеріп, иманипедагогика барлық адамтану ғылымдарымен тығыз байланыста болады. Иманипедагогикабауырмалдық ынтымақ береке педагогикасы болуы тиіс.Қазақтың отбасылық педагогикасы (осы шақта оны əулет педагогикасы деп атап жүр.Бұл ұнасымды атау.Егер маған
ерік берсе мен оны бауырмалдық педагогикасы дер едім) имандылық педагогикасымен өте
жақсы үйлеседі.Айталық:əулет педагогикасында елжандылық-туысжандылық, ауылжандылық,ружандылық,ұлтжандылық деген сатылармен қалыптасады. Иманипедагогика осы
ұстанымды тура басшылыққа алады.Алайда оның көшірмесі емес.Анығырақ айтқанда
иманипедагогика-отбасылық қазақ педагогикасын, этнопедагогиканы, гуманипедагогиканы, материалистік педагогиканы ығыстыруды көздеген тəрбие теориясы да емес.Бір
дəуірде тəрбие теориялары жеке бағыт алып,өте дəлдікпен салаланып,тармақталып
дамығаны белгілі.Ендігі бір дəуір де олар қайта бірігіп ұштасу дəуірі болуға тиіс деген
ұстанымды басшылық етіп,оларды бір арнаға бейімдеу үшін жасалып отырған
талпыныс.Әлем педагогикасында ондай үрдіс осы күннің өзінде бар. Иманипедагогиканың
осы бағытты ұстануының басты себебі,тəрбиелік іс əрекеттер əлеуметтік тəрбиелік
институтары мектеп,медіресе,білім ордасы,сонымен қатар мəдениет өнер шаңырақтары
қатарлы сан-салалы қоғамдық мекемелерде:музей,кітапхана,театр т.б. əдебиет жəне
мəдениет,техникалық ұйымдарда,бұқаралық ақпарат құралдар жүйесі арқылы жүзеге
асырылып жатқандықтан қоғамның барлық қатпарына бірдей етене араласып кіріге алатын
педагогоикадық көзқарастың жалпыға ортақ үлгісі қажет болды. Осы қажеттілікке сай
иманипедагогика өмірге келді.Оны қоғамдық орта жатсынбай қабылдауда.
Философияда заң, заңдылықтар деп объективті, мəнді, берік (тұрақты) жəне
қайталанатын себеп-салдар байланысты айтатыны белгілі. Осыдан иманипедагогика
көшпелі мəдениет пен түркі өркениетінен рухани бастау алатын қазақ халқының ұлттық
болмысына, халықтық тəжірибесіне сай балалар мен ересектерді тəрбиелеу, дамыту
заңдары мен заңдылықтарын зерттейтін ғылым деген қорытынды жасауға болады.
22
24.
Сондықтан ол,қазақ ағартушыларының педагогикалық идеялары мен тұжырымдамаларынегізінде педагогика ғылымының заңдары мен заңдылықтарын,бағыттары мен ағымдарын,
іргелі педагогикалық теориялары мен қағидаларын дайын күйінде тұтынушы емес,оларды
айқындауға міндетті. Сонымен бірге қазақ халқының ұлттық болмысына сай əлемдік
педагогика ғылымындағы барлық ғылыми жетістіктер мен педагогикалық мұраларды басқа
қоғамдық құбылыстармен, ғылымдармен, идеологиямен, т.с.с. байланыста зерттеп,өз алтын
қорына кіріктіруге міндетті. Басқа кез келген ғылымдар сияқты, иманипедагогика
фактілерді тек ашып қана қоймайды, оларды түсінуге мүмкіндік жасайды. Ғылымға тəн
нағыз шынайы ерекшелік оның табиғаттың, қоғамның жəне ойлаудың даму заңдарына
қатысты болуы, оларды ашу жəне танып-білу тиістілігіне сай өз міндетін атқарады.
1.4§. Иманипедагогиканың тəрбиелеу мұраты мен мақсаты
Иманипедагогикада тəрбиелеудің түпкі мұраты -кемел кісі қалыптастыру болып
табылады.Кемел кісі қалыптасутыру іс-əрекеті ұзақ уақыт бойында,ыждаһаттылықпен
жүргізілген педагогикалық кешенді процесстің нəтижесінде жүзеге асады.Ол бірнеше
кезеңдер мен белестерді басып өтіп,дамудың сан-салалы сатыларын бастан кешіріп,түпкі
мұратына жету жолында алдына ашық айқын мақсаттар қояды.Осы мақсаттың алғашқысы«иманды ұл,ибалы қыз» тəриелеу болмақ. «..Адамға ең бiрiншi керегi бiлiм емес, тəрбие.
Тəрбиесiз бiлiм-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өмiрiне апат əкеледi”- деп əлФараби бабамыз айтқандай, педагогика ғылымы зерттейтiн негiзгi категорияларының бiрiтəрбие. Тəрбие адам тағдырын ойластырады, болжайды, алдын- ала адамның рухани
өмiрiнiң көптеген негiздерiн сақтайды, тəрбие алыс пен жақын адамдарға жəне өзiн
қоршаған ортаға қатынас орнатуға бағдарлайды.Тəрбие ұлылар өсиетiн сақтата
отырып,олардың тəрбиелік құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткiзедi. Педагогикалық ісəрекет мұрат-мақсатсыз ешқашан жүзеге асқан емес.Осы заманғы педагогикада. баланың
жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететiн үш негiзгi фактор бар деп көрсетеді.
Ол тұқым қуалаушылық (iшкi жағдай), орта мен тəрбие (сыртқы жағдайлар). Осы үш
фактор баланың дамуына қалай əсер ететiнiн олар өзара қарым- қатынаста болатынын,
қайсы жəне қашан жетекшi болып шығатыны туралы мəселенiң өте зор ғылыми жəне
практикалық маңызы бар. Тəрбие адамның дамуына əрқашан мақсат көздеп, ықпал ету
болып табылады. Адам қажеттiлiктi қанағаттандыру көзi болатын қоршаған ортаға тəуелдi
бола отырып, оған белсендi түрде ықпал етедi, оны жəне өзiн мақсатты iс- əрекет процесiнде
саналы түрде қайта құрады. Сондықтан да адамның саналы түрдегi белсендi iс-əрекетi оның
жеке басын қалыптастырудың негiзi.Осы заңдылықты қазақ халқы ертеден түсінген.
Өзгешелігі-қоршаған ортаны өзгертіп қайта құруға басты мəн беруден гөрі оған икемделіп
тіршілдік етуді көбірек ойластырған. Алғашқы қауымдық құрылыстан біздің заманға шеру
тартатын мəдениет дəстүрі сабақтастығын тиянақтап зерделесек, оның казіргі педагогика
жетістіктерінің ілкі бастауында орны бар екендігіне көз жеткіземіз.Қоғам дамуының
заңдылықтары демей –ақ, əдеп тағылымдарының өзі діни-имандылық нормалардан бастау
алғандары бар.Қай дін болмасын тұлғаның дұрыс қалыптасуына қажетті тəрбиелік,
этикалық,мінез-құлықтық міндет-шарттарды қатаң реттеп отырған.Тəрбиелеу үшін
мақсатты бағытталған белсенді əрекетке ынталандырмай, жоспарланған мінез бітісін де
орнықтыруға болмайды.Жаттықтыру мəні-талап етілген əрекеттерді көп мəрте қайталаумен
автоматты орындалу дəрежесіне жеткізу. Жаттығулар нəтижесі-тұлғаның бекіген сапалары:
əдептер мен дағдылар. Қоғамдық мақсаты бар əрекеттің бəрі,жас ұрпақты дамытатын жəне
тəрбиелейтін мүмкіндіктерге ие. Сондай кез келген əрекеттің тек өзіне тəн білім, біліктері
бар. Бір əрекет түрімен бүкіл дүниені меңгерту мүмкін емес, сондықтан да тəрбиеде кешенді
əрекеттер жүйесі қолданылып келген. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы
мұрат-міндеттерінің ең бастысы-өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ
тəрбиелеу.Тəрбие –жас үрпаққа білік пен дағды қалыптастыру процесі. Бұл арнайы
ұйымдастырылған, басқарылатын жəне бақыланатын, соңғы нəтижесі қоғамға қажет жəне
пайдалы «кісі» қалыптастыру болып табылатын тəрбиешілер мен тəрбиеленушілердің өзара
23
25.
іс-əрекеті. «Баланы ұлша тəрбиелесең-ұл,құлша тəрбиелесең-құл болмақшы.» (АБайтұрсынұлы.) Жер бетіндегі əр ұлттың мақсаты –өз ұрпағының бойында адамдық қасиет, ұлттықрух пен мəдениеттің күш-қуатын қалыптастыру, ұлттың болмысын, оның өмір сүру тəсілі
мен тəжірибесін, тəрбие ықпалының жолы мен бағытын ұғындыру. М.Жұмабаевтың:
«Баланы тəрбиеші дəл өзіндей қылып емес, келешек заманына лайық қылып шығаруы
қажет,» - деген ойы тəрбиені келер күн талабымен ұштастыруды ескерткен. Әзірет Әлі
атамыз: «Баланы өзімдей бол деп үйретпе,өзімдей болма деп үйрет»,-деген екен.Ұлттық
тəрбиенің мұраты мен мақсатын айқындап,жоба көрсеткен, ғалымдарымыздың ой-пікіріне
көз жүгіртелік.Мақсат дегеніміз – бір нəрсеге ұмтылу, іске асыру жəне нəтижеге жету.
Тəрбие мақсаты жастарды – өмірге əзірлеу мақсатымен жүргізілетін тəрбие жұмыстарының
нəтижесін ерте болжау. М.М.Тілеужанов өзінің "Қазақ тағылымы"(1994) атты
монографиясында тəрбиенің ұлттық мақсаттарын атап көрсетті. Олар: ар –ождан тазалығын
сақтау; ақыл-ойлы, парасатты болу; барлық əрекетінен, сөйлеген сөзінен, қарымқатысынан, көзқарасынан ғибрат иісі аңқып тұру; ерте тұрып, кеш жату; аз сөйлеп, көп
тыңдау; иманды, инабатты, қайырымды болу; жас ұрпаққа тəрбие беруден жалықпау; халық
дəстүріне берік болу; оны жаңарту; əдет-ғұрыпта жоқ нəрселерден аулақ болу; сегіз қырлы,
бір сырлы болу; халқының рухына кір салмау;ел берекесін сақтап, оның баюына үлес қосу.
Сонымен дəстүрлі педагогикада жас ұрпақты тəрбиелеудің негізгі мақсаты "жан-жақты
үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру" - деп жазды.М.Жұмабаев: «Көркем денелі,
түзу ойлайтын, дəл пішетін, дəл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, əдемі түрден
лəззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тəрбие алып шын адам болғандығы»
деді. Әулет мектебііндегі тəрбие ісі,ғалым Ш.Ахметовтың зерттеулерінде негізінен бастыбасты сегіз түрлі мəселені қамтыған. Біріншіден,тəрбие басы алдымен əдептілікке үйретуге
үйретуді көздеген,əке-шеше баласына «əдепті бол»дегенді басты міндет етіп қойған.
Екіншіден, олар баланы қайрымды, иманды, мейрімді болуға тəрбиелеген.
Үшіншіден,тілалғыш,елгезек болуға баулыған.Төртін-шіден,адал,шыншыл болуға үйреткен. Бесіншіден, өнегелі ұстаз бен көпті көрген карияның сөзін тыңдап, «ақпа құлақ болмай
құймақұлақ бол» дегенді бойларына біртіндеп сіңіре білген. Алтыншыдан,үлкенді,атаананы сыйлап құрметтеуге үйретуді ең басты міндет етіп қойған. Жетіншіден, кісі айыбын
бетіне баспай, біреуге орынсыз тіл тигізбейтін əдепті азамат бол,əсіресе қаріп-қасерлепрдің табиғи кемдігін(мұрны пұшық аяғы ақсақ т.б.)бетіне баспа деп үйреткен.
Сегізіншіден,ел қорғаған батыр бол. Халық алдында қызмет ет,бар өнеріңді соған жұмса
дегенді ерінбей-жалықпай айтып қана қоймай,жеке өнегелер арқылы көрсетіп отырған.
Ал,ғалым Қ.Жарықбаев: «Ғасырлар бойы көшіп-қонып жүрген халық өзі өмір сүрген
ортаның əлеуметтік-эконмикалық жағдайларына,мəдениеті мен тарихына, табиғатына
орайлас жас буынға тəлім-тəрбие берудің артықша талап-тілектерін өмірге əкелді.
Мəселен,бұлар,жас адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық нормасын «сегіз
қырлы, бір сырлы»делінетін қанатты нақыл сөздерімен қисындады. Осынау аталы сөздің
мəн-мағынасы мыналар еді.Көшпелі малшаруашылығын жете игеру; еңбексүйгіштік пен
қиыншылыққа төзе білу,ел намысын қорғау,жаудан беті қайтпау,ата тегін жадында
сақтау,сөз асылын қастерлеу,тапқырлық пен алғырлық,ат құлағында ойнау,ата салтын
бұзбау,жасы үлкенді сыйлау, құдайы қонақтың мəселін қайтармақ,көрші қақын жемеу,
т.б.)» деген қорытынды жасаған.Ұлттық тəрбие мұратын анағұрлым терең қарастырған
ғалым,С.Қалиев: «Халық педагогикасының негізгі мақсаты-өзінің бай тарихи тəжірибесіне
сүйене отырып,келер ұрпақты еңбексүйгіштікке,өнерге баулу,жанұя,ауыл-аймақ,Отанның
ар-намысын қорғай білетін,жаны жайсаң,арлы азамат тəрбиелеу болды» дей келе «сегіз
қырлы,бір сырлы»,мінезі майда,ары таза, тəні сау,өнегелі-өнерлі,жан-жақты жетілген,
«толық адам» тəрбиелеу дейді.Оны кестелеп көрсетеді.
-Ақылды,арлы,намысқой азамат болуын қарастыру; -Еңбек сүйгіш елгезек етіп тəрбиелеу:
-Тəн сұлулығын қарастыру;əсемдікке баулу:-Адамгершілік қасиеттерге (ізгілікке, имандылыққа,қайрымдылыққа,адалдыққа т.б.) тəрбиелеу; -Отан сүйгіштікке,ұлтжандылыққа,бүкіл
24
26.
адам баласын сүюге тəрбиелеу; -«Жігітке жетпіс өнер аз», «Өнер өрге сүйрейді» депқарап,өнер мен білімді насихаттау.-Табиғатты, қоршаған ортаны аялауға тəрбиелеу.
-Денені шынықтыруға тəрбиелеу. Ал,Ә.Табылдиев: «Ер бала əке жолын қуып, «əкеден асып
туып»,қатарынан қалмай,алдына қойған мақсаттарын абырой-мен орындауға брышты;елін
қорғау,еңбек ету,ата-анасын ардақтау,өнер үйрену,күш-жігерлі болу,айтқан сөзінде тұру
əділетті болу,біреуге жалынышты кіріптар болмау,əйел адамды құрметтей білу,жасық
болмау, т.б. қасиеттерді бойына сіңіру...»деп жазады. Бұлар қазақ ұлт өкілінің бойынан
табылуға тиісті негізгі қасиеттер,ата-бабамыздың арман тілегі,тəбиелеудің түпкі мақсаты.
Қазақ тəлім-тəрбиелік үрдісі бойынша,бірінші мүшелде ұлт өкілі қалыптасудың
негізі қаланып,екінші мүшелде ол нығайып бекіп,адамның қалған ғұмырында дамып
жетіледі деп есептеледі.Бірінші мүшелдің екінші жартысында бала қауымы ұл мен қыз
болып екіге дараланып оларды тəрбиелеу мақсаты мен құралдарында, амал-тəсілдерінде
айырмашылық пайда болады. Түрік дəуірінде: «Бек ұл,пəк қыз» тəрбиелеу мақсаты
қойылса,оғуз дəуірінде «иманды ұл,ибалы қыз»,ғұн,сақ дəуірінде «батыр ұл,батыл қыз»
немесе «Ер жігіт,батыр қыз» тəрбиелеу мақсаттары басқа тəрбиеден басымдылық
алған.Анығырақ айтқанда дəуір талабы,тəрбие мақсаттарын айқындап отырған.Осы негізде
тəрбиелеу қазақ ілім-інде: «Жұртыңды сақтап қалғың келсе ұлыңды дұрыстап тəрбиеле,
ұлтыңды сақтап қалғың келсе қызыңды дұрыстап тəрбиле» деген қатаң қағида қалыптасқан.
«Ұлын тəрбиелей алмаған құл етеді,қызын тəрбиелей алмаған күң етеді» деп ерекше
ескерткен.Ел іргесін жаудан сақтап қалатын: «сұңғақ бойлы,терең ойлы,қырандай
алғыр,көсем жігіт,ел басқара алатын шешен жігіт,еліне қорған болатын алаберен өнерлі ұл»
тəрбиелеп өсіру сол дəуірлерде басты мұрат болған. Байырғы қазақ елінің асқақ
адамгершілік мұраттарына иек артқан болашақ ұрпақтың тəлім тəрбиесі мен үлгі өнегесінің
ең шарықтау шыңы-жеке бастың таза да,ұятты болуы екендігі тар мағынасында баршаға
белгілі.Ата-бабамыз ар тазалығын бəрінен де биік қойған. Сондықтан да,қасиетті халқымыз
адамгершілік хақындағы асқаралы асыл түйсігін «малым жанымның садағасы, жаным
арымның садағасы» деген нақылмен жеткізген. Ұлға отыз үйден,қызға қырық үйден тыйым
сала білген бабаларымыз:«құлықты ұл,қылықты қыз», «өнерлі ұл, шебер қыз», «айдарлы
ұл,тұлымды қыз», «айбарлы ұл,ақылды қыз»,«ісмер ұл,істі қыз», «шешен жігіт,ақын қыз»
«ер жігіт,есті қыз», «ақылды жігіт,арлы қыз», «намысты ұл,өрелі қыз», «өрелі жігіт, өнерлі
қыз», «аяулы азамат, асыл жар», « Қазақ жігіт,Қазақ қыз» қатарлы тəрбиелеу мақсаттарын
алдарына қойып, өте нəтижелі тəрбиелеп келгендігіне тарих куə.Олардың бойындағы
адамдық асыл қасиеттер мен өнер үлгісі тасқа қашалып,ағашқа ойылып,қағазға хатталып
жазылған.Күллі шығармашылық еңбектерге арқау болып бүгінге жеткен.Қазақтың осындай
аты аңызға,ісі өнеге айналып,өнері қазақ даласының ауасына сіңісіп,жеріне жұғысқан ұл
мен қыздарын мың-мыңдап атауға болады.Мейлі олар аз болсын,көп болсын ең
бастысы,кісілік қасиеттері ортақ болған.Міне осы қасиеттерді жиынтықтап: «Жігіт сегіз
қырлы бір сырлы болсын» деген.Қазақ атамыз əлеуметтік-экономикалық жəне тарихи
географиялық жағдайларға сəйкес қазақ халқының жас ұрпақ тəрбиесінде өзіндік
ерекшеліктердіде мұқият ескерген.Осыған сəйкес ұлттық тəрбие мұраттары мен тəрбие
мақсатында дəуір талабына сай белгілі дəрежеде өзгерістер болып отырған.Ал,тəрбиенің
түпкілікті іргетасында,дінінде айтарлықтай өзгеріс болмаған. Жалпы алғанда,ол:өмірге
қажетті,маңызды білік дағдыларды игерту, денсаулығын шынықтыру,еңбекке баулу,
табиғатты,туған жерін,өскен ортасын сүюге тəрбиелеу еді.Қазақ тəрбие ілімінде «Қазақ
жігіт,Қазақ қыз» деген ұғым ең қастерлі,ең дəрежелі ардақты,аруақты рəміз.бұл атаққа дақ
түсірмей,даңқын зорайтып өнеге көрсеткен қазақ ұл,қыздарыныың аты тарихта,жүректе
мəңгі сақталған.Жігіт деген сөздің шығу тегі біздің ойымызша: түріктің:иг-ер-жигер,
жігеригдірілген-жігерлен-дірілген-тəрбие-ленген-бозбала болу керек.Бозбала-боз-да-ғымбоз-оқ-тан шыққан.Бір кезде жігіт деудің орнына ер деген сөз қолданылған.Ер-жігіт тіркесі
кəзірде қолданыста бар. Ал жігіттің сегіз қыры нені көрсетеді?.«Атаның ұлы болма,
адамның ұлы бол»-деп уағыздайтын халқымыз жаныған жағы жетіле беретін көп қырлы
25
27.
алмас тəрізді қазақ жігітін қиялында бейнелеп, арманында қазақ азаматының сұлбасынсызып кескіндеген. Сол,азаматтың-ұлт өкілінің,адамгершілік асыл қасиеттері де сегіз
қырлы болсын деген.Бұл қасиеттерді дана, ғұлама, шешен, би аталарымыз ауызша да,
жазбаша да бізге жеткізе білген.Абай бабамыз: «талап еңбек,терең ой,қанағат,рахым ойлап
қой»десе,Шəкерім атамыз: «таза ақыл,ақ жүрек, адал еңбекті» атаған.Саққұлақ би:«адам
басшысы-ақыл, жетекшісі-талап,жолаушысымінез, сынау-шысы- халық» депті. Халық
арасында «алты асқар» деген ұғым бар Олар: ақыл, білім, жомарттық,əділдік
шыншылдық,кеңпейіл. Адамның жеті серігі деген ұғымда: шолғыншысы-ат, қорғаушысыаруақ десе,үш қуаты ретінде-тіл,ақыл,жүрек аталған. Ал,адамның үш тоқтамы
ретінде;ақыл-арқан,өй-өріс,адам-қазық делінген.Міне,осылар мен басқа дəйекті ескере
отырып, жігіттің сегіз қырын; нұрлы ақыл,жібек мінез, тұнық иман,адал еңбек,терең
ой,қаһарман қайрат,өршіл талап, өшпес өнер-деп тұжырымдаймыз.
Қазақтар қолмен,аспаппен,сайманмен,қарумен ғана емес, ақыл-оймен атқарылатын
күллі еңбекті де өшпес өнер деп түсінген.Мəселен,малды мүшелеп сойып,кəделеп жіліктеу
де,қолмен шымши орап тоқу да,жас ұрпақты асырап- бағып тəрбиелеу де,құс салып саят
құру да,ат баптап бəйгеге қосу да,хаттап кітап жазу да,т.с.с. бəрін өнерге санаған.
Сондықтан да, «жігітке жетпіс өнер де аз» деген.Ал,бір сырлы деген не?
Қазақ үғымында,жұмыр жерде жəне басқа əлемде (астыңғы,үстіңгі)адам тектес
жануарлар(кісікиік,малғұн-мақұлық,басқа əлем қонақтары,қор қыздары т.б.), албасты,
ібіліс,жын-пері,шайтан-елес, тым көп.Бұлардың бірсыпырасында, адамдарда болуға тиісті
барлық қасиет, іс-əрекет бар.Біршамасында тек рух жоқ.Ал,қалғандарында рух болғанымен
жүрек жоқ.Басқаша айтқанда, жүрексіз рухтар, жын-шайтан,елес түрінде кезіп жүр.
Қазақ ғұламалары:-рухтың мекені-жүрек,хабаршысы-ұят,қанаты-ой екенін,ал,рухани
жетілудің, адамгершіліктің мəні-Махаббат пен Парасатты,шығармашылық ерікті дамыту екендігін айтып кеткен.Таза ақылдың тамыры да,ар-ұяттың ұясы да,намыс пен жігердің
бастауы да-осы Жүрек. Жүрек-рухтың қамалы.Егер адамның жансарайын жайып салып,
ашып көретін мүмкіндік болса,Жүрек сыры-бірден көзге түсер,алтын сандық асылы- Рух
танылар еді.Ол берік қорған ішінде таза да,табиғи қалпында сақталады.Қазақ жігітінің бір
сыры-осы рух.Рух-кісінің бəрінде бар,бірақ, дəрежесі əрқилы. Рух-жүрекке қонақтамаса,
қорғанын таппаса,елеске айналып кетеді. Немесе жанмен бірге бейіште сая табуы керек.
«Қазақ қызы» үшін осы сегіз қасиетке қоса əсемдік пен ибалықтың болуы
шарт.Қыздың қимасы ары пен ибасы деп қазақ бекер айтпаған.Қыз баланың өмірде алатын
орнының, жаратылысының ерекшелігіне байланысты тəрбие мақсатында да өзгешелік бар.
Қыз бала өзінің əдептілігімен,ізеттілігімен,сезімтал сергектігімен жаныңды жадыратады.Қыздар жүрген жер көрікті де көңілді, күміс күлкі,əсем əн,асыл нəзік сезім
дегендердің бəрі де соларға тəн нəрсе. Сондықтан халқымыз қыз баланы ежелден-ақ ерекше
ардақтап,мəпелеп өсіріп келеді,осы негізде мынандай тəрбие дəстүрі қалыптасқан. Қызды
жас кезінен көздің қарашығындай сақтап, əлпештеп,мəпелеп өсіру, оның ақылды да əдепті
болуына жан салу,ар –намысын қорғауға келгенде маңына жан жуытпайтын қаһарлы
да,қалша етіп шыңдау, балқыған, толқыған,еліктегіш шағында қызға қырық үйден тыйым
салуы,қызды ерекше эстетикалық шеберлік пен нəзіктік тілейтін еңбекке (кесте,өрнек,т.б.)
баулу,əсем киініп, көркем сөз,əн күй секілді өнермен тəрбиелеу,əсемдіктің ортасында
малшыдырып( əшекей тағу,асыл металл ілуден қазақ қыздары үнді қыздарынан кем
түспеген) тұрмыс кештіру қазақтың қыз тəрбиесінде ерекше мəн беруі,білім-дағды игертуде
айрықша амал-тəсілі, мақсаты болғандығын көрсетеді. Қазақтың қыз тəрбиелеудегі
мұратын,негізгі мақсатын Ә.Табылдиев тамаша тұжырымдаған.«Халық өсіп келе жатқан
қыздың алдына өмірлік міндеттер қойып,оны орындау қыздың абыройы деп санаған;ізетті
болу,əсем киіну, əкені күту,шешені сыйлау, дөрекі сөйлемеу,қабақ шытпай жүру,үлкеннің
алдынан кесіп өтпеу,ұқыпты болу,өсек айтпау,бала тəрбиесін білу,ұлт дəстүрлерін
құрметтеу, ана тілін ардақтау,орынсыз сөз айтпау,арқан есе білу,қой сауа білу,кілем тоқи
білу,кесте тіге білу,т.б.іс-əрекеттер мен мінез-құлықтық қасиеттер иманжүзді,абзал жанды
26
28.
қыздың бойында болу керек деп есептеген» Қыз бала əулетте ерекше бағаланады.Ол еңəуелі өріс кеңітер ұрпақ,ауылдың сəні,шаңырақтың шаттығы қадірлі қонақ.Дүниеге қыз
келіп,ата-анасы:«Ырыс алды-қыз»-деп қуанған.Қыз атауы, менімше түрік сөзінен
қалған.Көне түрікше:куз-күз-қүй-күйкен тіркес-тері көз-өріс,шырақ немесе қиз-қиқын,қызқырқын болып түрленген.Баланы:құт-қу-кү-хү-күй–хэд деп атаған. Қазақтар қызды күні
бүгінгі дейін өріс, шырақ, көзімнің қарасы деп теңей айтады.Саян түріктері қызды-күйкін
деседі. Көріп отырғанымыздай тəрбиелеу қазақ ілімінде айқын мақсат,сенімді мұрат,
жеткілікті үлгі-өнеге болғандықтан əркез тұрақты ұлт өкілі-қазақ азаматы қалыптасып
отырған.Мұраттар мен мақсатты жұрт жаппай толық түсініп, барлығы бірдей мойындап,
жүрегіне жеткізіп қабылдаған. Сондықтан да, аталған мұраттар мен мақсаттар қазақтардың
сүйегіне сіңіп,қанына жұғысып, рухына араласып кеткен.Осы негізде бір текті,бір тілді,бір
ділді, бір дінді ала-құласыз халық қалыптасқан.Осы ортаға тап келген шарана да
шайқалып,бөгде де бөленіп,ұлт өкілі болып өңделетін.Бұл жағынан тəлім-тəрбие ісі бір ізді,
тұрақты болып,нəтижесі тамаша табысқа жеткен.Қазақ ілімінің мұрат мақсатының еркшелігі: қысқа да нұсқа,тəрбиелеуші де,тəрбиеленуші толық түсініп ұғынарлық болған. Мысалы; «өмірге есті де,епті ата-ана дайындау, немесе аяулы азамат,асыл жар тəрбиелеу» т.б.
Мұраты, барлық адамдарға ортақ,ұзақ уақыт ұстануға, басшылық етіп, бағыт-бағдар
болдыруға тұрарлық терең мазмұнға құрылады.Мақсат-əр жастағы, əр жыныстағы
адамдардың ерекшелігін ескерген, тəрбиелеу амал-тəсілдерін таңдап алуға тікелей
көмектесетін айқын болады.Мысалы; «бек ұл,пəк кыз», «иманды ұл, ибалы қыз» т.с.с.
Ұлттық тəрбиелік мақсаттар ұғымды болумен қатар бұлтарыссыз сенімді келеді.
Имандылық тəрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік,
ізгілікке тəрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата - ананың да болашағы зор болмақ.
«Мен үш қасиетімді мақтан тұтам»,- депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты
сатпадым һəм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.Бұл үш қасиет əркімнің өз құдайы. «Өз
құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат.
Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, əрбір
іс-əрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне -өзі талап қоя білуге
тəрбиелеу-имандылықтың басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы
мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны
қалыптастырудың негізін қалайды. Қазақ ұрпақ тəрбиесінің мазмұнын тым ерте кезден
терең пайымдап,өте нақты мақсат қойып,мұрат тұтқан.Мұрат пен мақсатын орындау
барысында мынандай ережелер орныққан. Оларды жалпы жəне жас ерекшелігіне сай деп
екіге топтауға болады,Жалпы қағидалар:-тəрбие ісінде тəрбиелеуші де,тəрбиеленуші
де,бірдеі жауапты,əрі міндетті;-тіл мен тəрбие егіз;-жастай берген тəрбие жас шыбықты
игендей;--тəрбие ортаға байланысты,орта тəлімді болсын;-тəрбие біртұтас болсын;тəрбиелеу баршаның ісі,қауым міндеті;-тəрбие тал бесіктен,жер бесікке дейін үзіліссіз
жүріледі;-тəрбие адамның жас ерекшелігіне жəне жеке бас ерекшелігіне сай жүргізілуі
тиіс;Ерекше қағидалар:-алтыға дейін атаңды таны,жетіге дейін жеріңді таны;-өз тіңмен
сөйлеме,бала тілімен сөйлес;-тілі шыққан балаға шайнап берген ас болмас;-баланы бес
жасқа дейін патшаңдай қара,онбес жасқа дейін қосшыңдай сана,онбес жастан соң досыңдай
бағала;-балаға үлкен талап қоюмен қатар оның жеке басын қадірлей біл.-баланың азамат
болып қалыптасу негізі онбес жасқа дейін қаланады.Он үште отау иесі боларлықтай
етіп,оны өмірге дайында;-үштен-он үш жас аралығында жібек мінез бен биязы əдепті
игерт.Егер осы мезгілде биязы əдепті игертпесең,бала өздігінен басқа ұлт,қауымның əдепмінезін тауып алады.Онан кейін,ұлттық ділге сай əдеп,əдет игерту қиынға соғады;үйретуден жалықпа, үйренуден тартынба!-Ұлға отыз үйден тыйым,қызға қырық үйден
тыйым.Бұл қағидалар бұзылса,иманды ұл,ибалы қыз дайындау мұраты нəтижесіз болады.
Бүгінгі таңда,бұл қағидалардың ескерілмеуінен, сорақы қылықтар мен əдепсіздік көрініс
беруде.
27
29.
Иманипедагогикада басқа педагогикаларда кезікпейтін ерекше мақсат мұраттар дабар.Олардың түп тамыры тым тереңде,есте жоқ ескі дəуірлерге барып тіреледі.
Бірінші.Құт қонып,аруақ қолдап,Қыдыр бабам демеп,бағым ашылса,ырысым тасып,
дəулетім молайып,мəртебем өсер еді.Бақытқа кенелетін заман болса екен шіркін!
Бұл,асқаралы арман,асыл мұрат,терең мақсат.Тəңірден осылай тілек тілеп,дұға қылу
көнеден келе жатқан ырымдық əдет. Ұлттық тəрбиенің негізгі мұраты «сегіз қырлы,бір
сырлы» қазақ азаматын дайындау; адамгершілігі,кісілігі мол,өнер білімді,шаруаға епті,іске
шебер шаңырақ иесін,құт береке дарытқан салиқалы отанасын дайындау екені анық.
Сондығы болар,құт ұғымы қазақта тəрбиелік қағида ретінде қалыптасқан. Халықтық əдет–
ғұрыптарда: а) Құтты үлкеннен бата алу, ата қонысын əулиедей көріп қастерлеу адамның
басына қонатын «Бақыт Құсы» немесе Қыдыр деген рəсіммен бекіді; ə)отбасының, мал–
жанның өсіп–өнуі,абырой–беделдің жоғарылауы басқа қонған Құтпен байланыстырылды.
Содан əулеттің, шаңырақтың берекесін ұстап тұрған қарапайым адамдар (аналар, əйелдер)
бүкіл тайпаның, халықтың Құтына айналған тұлғалар болады деген ырым орнықты.Тіпті
ата–бабаларға қонған Құт оның ұрпақтарына көшетініне, содан аруақты сыйлау,ата–баба
өсиетін қатаң ұстану дəстүрі күш алатынына кəміл сенушілік туды.Құт ұғымына қарама–
қарсы түсініктер,ырым–нанымдар-апат, сор, жұт, аштық, жоқшылық, құлдық, қорлық,
бейнет жағымды нəрсенің құлдырауын,кері кетуін білдірді.Құтқа деген дəмеден қалың
жұрттың басынан бағы тайған кезде, жаңа заманды аңсау сарыны да жан–жақты көрініс
тапты, жаманнан жирену, үмітке ұмтылу құлшынысы білінеді.Халқымыз баланың жақсы,
жаман болуы оның жаратылысынан деген қағиданы келтірді. Шындығында бала əке,
шешесінің бір-біріне деген таза сезімінен жаралуы,ана құрсағында ортаның, үлкендердің,
қоғамның ықпалында дамып жетілуі, ана бауырында уызына тойып, сөзінің үніне бағынып
өсуі, жаратылысының дұрыстығы. Діни ұғым бойынша жетесіз баланы «бисмил-ласыз»
жаралған деп түсіндіреді.Баланың ата-анасымен, өскен ортасымен ана тілінде қарымқатынасқа түсуі.Бала əке-шешесі, ата-бабасы өсіп-өнген жерінде өсуі,туған-тұрған жерінің
қадір- қасиетін,табиғат сырын терең ұғынып, болашақты жалғастыратын ұрпақ екендігін
сезініп өсуі, өз өлкесінің суын, нуын қастерлей білуі, ұғынуы.Баланың туған халқының
елдік, ұлттық тарихын білуі, оның ашы-тұщы кезеңдеріне мəн беріп өсуі табиғи заңдылық.
Көшпелі үшін тұтас нəрсе-құдіретті күш, қастерлі құбылыс, құпиялы тылсым дүние, əсерлі
де əдемі əлем.Осыдан арғы текке деген-Тəңірге,Ұмайға, Жер-Суға табынушылық (культтық
өмір сүру), олардың арақатынасына ритуалдық (ғұрыптық) рəсім-салттар қалыптасты.
Көшпелі жер кезіп, ел кезіп жүріп, бұрынғымен бүгінгінің бөгде мен жаңаның кəрімен
жастың, көргенмен ойдағының арақатынасын білуге тəнті болған. Неге? Өйткені ол дүниені
тұтас қабылдаған. Өмірге тура жолды іздеген. Адам болмысында оның жан дүниесі мен
рухының ықпалын жоғары қойған. Адамның қабілет-қасиетін жетілдіруді ашық арна
ретінде қарастырған. Аруақ пен адам рухын тіршіліктің мәңгі, лаулап тұрған қос қайнар
көзіндей қабылдаған.Аруақты сыйлап қадірлеу,оған табынып үлкен үміт арту қазақ
үшін қасиетті борыш,адами асыл қасиет.Себебі,аруақ-ұрпағын қолдап қорғап,жебеп
жетілдіретін,оң жолға салып,бағыт бағдар беретін,керек десеңіз аян беріп,талант пен дарын
сыйлайтын рухани қуат көзі,тəңірлік қүшті аура.Өлі разы болмай тірі байымайды. Өлгенді
қадірлемесең де, жəбірлеме.Сондықтан,аруаққа табынып,оған жасалатын күллі ғибадаттар,
тəмсіл-рəсімдер адам тəрбиесінде ерекше орны бар іс-əрект.Оны саналы түрде,дұрыс
жолмен адал ниетпен атқаруға бағыт бағдар беру иманипедагогиканың мақсаты болады.
Екінші.Ұлттық ұғым бойынша Әлемнің əр бөлшегі,Тəңірдің жаратқан əр нəрсесі –
иелі,киелі,қасиет-қадырлі ерекше əулиелі келеді.Сондықтан оларға деген аяушылық
сезім,ізгілік ниет, жанашырлық адамзатында болуы тиіс.Егер адам бойынан бұл сезімдер
мен мінез-құлықтар,қасиеттер жойылса ол хаиуанға айналып,жауыздық жасайды.Оның
себебі де түсінікті. Қазақ халқы табиғатқа табына жүріп тағлым алыпты табиғатты өзінің
өмірін сақтаушы кие тұтыпты, тіршілігінің мəні мен сəні ретінде ардақтапты.Ия, дəл солай
əрбір халықтың дүние танымы сол халықтың өмір өзегінен, тұрмыс – тіршілігінен
28
30.
туындаған. Табиғаттың алып тұлғасын оның ғаламат күші мен керемет көркіне, жанжануарлар мен өсімдіктердің жаратылыс бітіміне таңданбау, қызықпау мүмкін бе? Табиғатанадан бізді бөліп əкеткен сол сенімсіздік дерті шығар, табиғаттың бермесін тартып аламыз,
жерді де, көкті де бағындырамыз деп астамшылық жасап, өзімізге қажетті бұзып жарып
алуға дағдыландық. Соның нəтижесінде табиғаттың тепе-теңдік заңдылықтары бұзылып
адам мен жаратылыстың арасында көзге көрінбейтін, көзге көрінетін байланыстар əлсіреп,
үзілуге шақ қалған.Тозған жер, суалған көл,құрдымға кеткен бастаулар мен бұлақтар,
арнасы кепкен өзендер, жұтаған өсімдік дүниесі мен аты қағазда қалған жан-жануарлар
барлығы адамның қатыгездігінен немқұрайды пейілінен, құдіретке сенбеуінің салдарынан
құрдымға кетіп барады. Біздің ата-бабаларымыздың неменеге сеніп, неге сыйынғанын
содан келіп қалыптасқан ұлттық таным-наным, салт-дəстүр, əдет-ғұрыптардың мəнмағынасына, астарына көбірек көңіл бөле қарасақ, ұлттық тəрбиенің үлгілі өнегесін көрер
едік.Обал-сауап,ие-кие-кепиет,астамшылық,күнə-кінə,қылмыс,тəртіп, ереже,заң, əдеп
бəрінің бастауы осыларда жатқанын,табиғатты аялау, оны қамқорлыққа алу,қоршаған
ортаның таза да табиғи қалпын сақтау бағытында жүргізген қазақ халқының ісəрекеті,ғұрып-дəстүрі тəрбиелік кең тынысты педагогикалық шаралар екені даусыз.Міне
осыларды саралай талдап,жете зерделеп тəрбиешілер мен ұстаздарға ұсыну,ізгілік
тəрбиесінің басты міндеті екені белгілі.Ал,оны имандылыққа ұштастырып,зерделей
отырып,талдап беру имандипедагогиканың асыл мұраты.
Дерек көздері.
1.Асқаров Е.С., Балапанов Е.Қ., Қойшыбаев Б.А. Ғылыми зерттеулердің негіздері. оқу-əдістемелік
құрал Алматы 2005ж. (5-15 бет).
2.Атаханова Р.Загвязинский В.И., Методология и методы психолого педагогического исследования.
– М.,2003.
3.Тотанова А.С.Методика научно – педагогического исследования. – Алматы,2005
4.1;Термизи , Фазайлул--Жиһад,2; Ахмед бин Ханбал, Мүснəд,VI, 20 2.Осман Нұри Топбаш,
Тасаввуф, 133 бет 3. А.И.Артемьев, Дінтану, 311–312 беттер 4, Эррикер К. Бұдда діні, 49 бет
5. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1975. - 17 б. - 420 б.
6.К. Д Ушинский. О религиозно –философском воспитании. Т. 11. М. 1950, 2 -614.
7.Коджаспирова Г.М., Коджаспиров А.Ю. Педагогический словарь. М – 2000.
8.Бондаревская Е. В., Кульневич С. В. Педагогика: личность в гуманистических теориях и системах
воспитания. Учеб. пособие. — Р-н/Д: Творческий центр «Учитель», 1999. — 560 с.
9.Роджерс К. Взгляд на психотерапию. Становление человека. – М., 1994
10. Маслоу А. Новые рубежи человеческой природы.–М.: 2010.
11. Маслоу А. Дальние пределы человеческой психики. – СПб, 1997.
12. Франкл В. Психотерапия на практике. – СПб, 1999.
13. Краевский В.В. Методология научного исследования. – Спб., СПБГУ, 2001.
14. Кохановский В.П. Философия и методология науки. – Ростов н.Д.: «Феникс», 1999.
15. Эриксон Э. Идентичность: юность и кризис. – М.,1996.
16. Эриксон Э. Детство и общество. – Спб., 1996.
17. Қазақтың тəлімдік ойлар антологиясы: 1-том. – Алматы: «Сөздік-Словарь», 2005. – 408 б.
18. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 13-14б.
19.Оразбекова К.Жеке тұлға ұлттық тəрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздері А.2000 12.
20.Оразбекова К. Иман жəне инабат. – Алматы: Ана тілі, 1993. - 152 б.
21.Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы: «Жалын», 1991. – 464 б.
22.Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тəлім-тəрбиесі. – Алматы: «Санат», 1995. – 352 б.
23. Әлемдік педагогикалық ой -сана І том
А.,2008
24.Аймауытов.Ж. Психология. Алматы. 1995ж.
25. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д.,
профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6
29
31.
Сущность иманипедагогики1.1§.Необходимости и предпосылок иманипедагогики
1.2§.Теоретико-методологические основы иманипедагогики
1.3§. Закономерности и принципы воспитания иманипедагогики
1.4§. Цели и задачи воспитания иманипедагогики
3
11
17
23
Педагогика-наука, осуществляющих воспитательную деятельность общества.
Воспитания - усвоения социального опыта поколений, накопленного в обществе,
найти свое место для каждого будущего поколения.По мере развития человеческого
общества, воспитания, социальной содержание и значение возрастет.
Воспитательного процесса сущность - создание системы отношений ребенка с
обществом и коллективом, педагогических ситуаций, анализ результатов
воспитательных воздействий, планирования и регулирования работы;
Воспитательной процесса создания и реализации проекта; регулирование
воспитательного воздействия и внесения исправлений в них; заключение, учет и
контроль. Воспитание диалектика влияния внешних (объективных), в сознании
человека (субъективная),-явление в ходе действия видны. Иманипедагогикасовременные воспитательные теории.Иманипедагогика—канал на стыке учений о
воспитательной
сознания
казахского
народа,
религии,
убеждений.
Иманипедагогика обоснован духовные наследие казахского народа, на котором
отражает теоритические основы:
-учение гуманистический воспитания казахского народа;
-учение
имани воспитания казахского народа;
-учение формирование совершенный человек казахского народа;
- учение подготовки молодого покеление к жизни и труду.
30
32.
Иманипедагогиканың негізі2.1 § Ізгілікке баулу ілімі
Қазақ танымында ізгілікке баулу дегеніміз өзінің көңіл терезесін таза ұстауға жаттықтыру
болып табылады.Ислам діні Ұлы Далаға келіп жеткенше де,талай асыл Ата мен аяулы
Әжелер,хан қағандар мен бек сұлтандар қаймана қарапайым қатардағы жандар ізгілікті ту
етіп,адамдықты ардақтап ғұмыр кешті,рухани баға жетпес байлықтарды қалдырып өмірден
өтті.Осы ата жолынан таймай,жаны жайсаң,жүрегі таза,мінезі бай ұрпақ тəрбиелеп,баулып
келген сара жолын үрім-бұтағына мирас етіп қалдырды.Осы мирастың талап тілегін,арман
мақсатын,мəн мазмұнын Ұлы Дала ұстаздарының топшылауы,түйіндеуі негізінде,ойшылғұламалардың зерделеуі пəтижесінде қордаланып жинақталған білім қорын ізгілікке баулу
қазақ ілімі дейміз.
Ізгілік (лат. Нumanitas-адам табиғаты)-адамның еркін ойлауының əр түрлі
көріністерімен байланысты; оған сəйкес еркіндікті, адамның индивидуалдық дамуын
уағыздайды.[ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын
басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6]
Қоғамдық жағдайы мен өзінің шығармашылық күштерін еркін дамытатын жеке бас
құқығына тəуелсіз түрде, адамның құндылығын, адамдардың арасындағы тендік,
әділеттілік, адамгершілік қатынастарды қуаттайтын көзқарастар мен идеялар
жиынтығы.[ Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті
жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6]
Ізгілік — əдеп санаты; адамның қоғамдық жəне жеке өміріндегі құбылыстардың
мұратқа қатысты жағымды адамгершілік мəнін бейнелейді, моральдық-қоғамдық сананың
неғұрлым жалпы ұғымдарының бірі. Ізгілікке қарама-қарсы ұғым — зұлымдық. Нақ ненің
бағамдалып отырғанына (жеке адамның қылығы, моральдық сапасы, адамдардың қарымқатынастары не əлеуметтік қызметі) орай, ізгілік неғұрлым нақты ұғым нысанын алады —
жақсылық, қайырымдылық, əділеттілік жəне т.б. Әдеттегі ұғынуда ізгілік ұғымының
мазмұны моральдық құбылыстарға қоса басқа да жағымды құндылықтарды қамтиды; бұлар
игілікпен теңдестіріліп, жағымдыны, пайдалыны, белгілі бір əлеуметтік топтардың
мүдделеріне сай келетін мақсатқа лайықтыны білдіреді. Бірсыпыра жағдайларда жеке жəне
жалпы мүшелерді қанағаттандыруға бағытталған іс-қимылдар арасындағы, өткінші
жағдайлардың ықпалымен жасалған бағамдаулар мен жалпы адамзаттық негізі бар
пайымдаулар арасындағы, субъективтік тілектерден не сол сəттегі көкейкесті қажеттіліктерден туындаған шешімдер мен мұрат жолындағы құлшыныстан туыңдаған шешімдер
арасындағы шектерді дұрыс анықтау қиынға соғады. Тарихи тұрғыда ізгілік адамдар
арасындағы бытыраңқылық пен жатсынуды жеңуге, өзара түсіністікті, моральдық
теңдік пен туысқандық бірлікті орнықтыруға жәрдемдесетін іс-қимылдар мен
қоғамдық бастамаларды білдіреді. Ізгілікті бұлайша ұғыну-мұратқа ұмтылған адамның өз
нəпсілерінен, материалдық мұқтаждықтан, жеке адамға жасалатын топтық жəне қоғамдық
қысымнан тəуелсіз болуына себептесіп, ізгіліктің тарихи жəне жағдаяттық нақтылықтарына
гуманистік тиянақтылық береді. Идеяда ізгілік адамның кемелділікке құлшынысын
бейнелейді. Ізгілік зұлымдыққа антитеза ретінде ұсынылғанда жеке тұлғаның іс-əрекетінде,
қасиеттерінде бейнеленеді. Зұлымдыққа қарсы қойылғанда ізгіліктің мазмұны іс жүзіндегі
бағыттылыққа ие болады. Адам ізгілікті таңдағанда зұлымдыққа қатысып анықтап алуға,
оны жою қажеттігін, ізгілік пен зұлымдықтың осы қарама-қарсылығын туғызған себептерді
жеңу керектігін ұғынуға тиіс. Ізгілік идеясы зұлымдыққа қарама- қарсы болғандықтан ғана
емес, адамның басқа алдындағы жəне өзінің алдындағы міндеттері жүзеге асырылғанда
өзінің əлеуметтік нақты мəніне ие болады. Ізгілік пен парыздың қатынасы проблемасын
сонау классикалық философия қойған болатын. Бұл ұғымдар идеялық түрде адамдардың
мінез-құлқын реттеу амалдарының әр алуан, өзара тәуелді сәттерін бейнелейді. Ізгілік
31
33.
мақсат ретінде адамдардың мінез-құлқына реттеушілік ықпал жасайды да, осыарқылы әлеуметтік талап, міндеткерлік түрінде көрінеді.[ Жантану атауларының
түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6]
Адам өмірі баспалдақ сияқты. Бір жақсы қадам жасасаң, баспалдақтың біреуіне
шығып, тағы да алға ұмтыласың. Сөйте жүре өмір жолыңда алға қойған мақсатыңа
бойыңдағы ізгі құндылықтардың арқасында тек алға жылжуға тырысып, барыңды саласын.
Ізгіліктің ізгі шыңына, биікке шыға отырып алға өрлейсін. Ізгілік кенеттен бір пайда болған
құбылыс емес. Ол үнемі бойымызда болады. Адам зұлымдықты жеңген сайын, ізгілік оған
нұр болып жауады,сəуле болып сіңеді. Тарихи тұрғыда ізгілік адамдар арасындағы бытыраңқылық пен жатсынуды жеңуге, өзара түсіністікті, моральдық теңдік пен туысқандық
бірлікті орнықтыруға жəрдемдесетін іс-қимылдар мен қоғамдық бастамаларды білдіреді.
Ізгілік ол адами құндылықтардың тұлға ретінде танитын көзқарастар жүйесі, оның
бостандыққа, бақыт пен даму жəне барлық қабілеттерін аша білуге деген құқығы. Ізгілік–
кісілік, биік парасаттылық. Ізгілік адамды сыйлау, оған қамқорлық жасау жəне оның күшіне
сену рухында, адамның басқалармен, қоғаммен қарым-қатынасындағы мінезін реттеп
отырады.Ізгілік адамға көрсетілген құрмет, əлеуметтік əділеттілікпен, оған қойылатын
адамгершілік талаппен ұштастырылады. Адамға талап қою оның күші мен мүмкіндіктеріне
деген сенімге негізделеді. Қазақ халқының тəрбиелеу үрдісі ықылым заманнан бері тек
ізгілікке құрылған,гуманистік мазмұнға толы, ол жеке адамның жан-жақты дамып
жетілуіне бағытталған. Адамды сүю, құрметтеу, тəрбиелеу сонау балалық шақтан басталады.Егер жасөспірім басқа адаммен қарым-қатынас жасаудан өзіне қуаныш табатын
болса, оған шын пейіл білдірсе, егер оны басқа біреудің тағдыры қобалжытса, егер ол
басқа біреуді қуанышқа бөлегеніне өзін бақытты сезінсе- ол Адам болады деген сөз.
Адам қолымен жасалған ізгі істің бəрі оның ақыл-ойы мен жүрек жылуының көрінісі.
Жанында жүрген адамдардың қуанышын бөлісіп,қиындығын ортақтаса алатын адамның іс
əрекетінде ізгіліктің негізі жатады.Жақсылық жасай білген адамның ішкі жан дүниесі
таза,сезімі сергек болады.Ондай адамдар əр істе көрегендік таныта біледі. Рахым,қанағат,
əділдік жəне қайрымдылықпен жасаған жақсылығының жемісін,рахатын көреді.Тілегі мен
жүрегі үндестікте болған адамның руханилық қуаты арта түседі.Туған-туыстар,достар,
жора-жолдастар,көрші таныстарымен сыйластықтықта, татулықта, жақсы қарым-қатынаста болу да ізгілікті білдіреді.Күнделікті тіршілігімізде бір-біріміздің көмегіміз мен
қызметімізге қаншама зəру боламыз. Бір-біріміздің ыстық құшағымызды аңсайтын кездеріміз аз емес.Бір-біріміздің жылы сөздерімізді естуге інкəр болатын сəттеріміз қаншама!
Көршінің көршіге,ауылдастың ауылдасқа,жолдастың,достың досқа, туыстың туысқа ісі
түспейтін күні қашан да болмаған шығар-ау.Ауырып қаласың.Әйтеуір бір өзің тік тұрып,тік
жүріп тіршілік жасай алмайсың. «Менің ойымша,көңілдің хошы,бақыт дегеннің бəрі де
Ата-Бабаңның өмір сүрген жəне жерленген жерінде,туған ошағыңның басында жақсырақ,
ал қайғы дегеніңнің қандайыда,тіпті,ажалдың өзіде сол жерде жеңіл болатын сияқты.»деген екен Ы.Алтынсарин атамыз.Қуанышыңды бөлісер, қайғыңды серпісер адам іздейсің.
Ағайын-туысыңа арқа сүйейсің,жолдасыңды тірек етесің, көрші-ауылдасыңның көмеккеңесін күтесің.Адамның күні адаммен. Адамның адамдығы адамгершілік қарым-қатынасында;бір-біріне арқа сүйегенінде,бір-бірінің əжетін шығар-ғанында, қуанышына ортақтасып,ауыртпалығын көтеріскенінде,арман талабына жетуіне көмектескенінде.Адам баласының əр күнгі тіршілігі осындай қарым-қатынасқа толы болғандықтан туысына,көршісіне,
ауылдасына,жолдасына,досына көмек көрсетіп, қайырымдылық,мейрімділік жасаудың
тамаша үлгісін қазақ халқы ежелден қалыптастырған.Оны жас ұрпақ бойына сіңіру үшін
нақтылы іс-əрекетті көзбе –көз жасап,қолма-қол атқарып отырған.Адам жақсылықты
есеппен жасамайды. «Ертең қайтара алама,жоқ па?»-деп тоғыз тарау ойға қалып біреуге
көмек жасау,қызмет көрсету адамгершілік іс емес.Керек кезінде,зəру уақытында кімге де
болсын досына,туысына, жолдасына, көршісіне, ауыл-дасына,бəр-бəріне алаламай,
алаңдамай,көмектесіп жібер, жанашырлық көрсете біл,аянып қалма.Міне, ізгілік ниет,
32
34.
қайырымдылық деген осы!"Адам қайырымдылық, сұлулық, игілік жəне ұлылықты басқаадамдардан емес, өзінің жаны мен тəні арасындағы барлықтан алса, ол шынымен де
қайырымдылық пен бақытқа қол жеткізеді".Қайырымды жан-ақыл-парасаттың, адам
бақыты мен бақ-дəулетінің күрес-кері.Қайырымдылық - табиғи бейімділіктің іс-əрекетпен
ұштасуы, маңызды міндет-мұрат үшін жігер мен табандылық көрсету.Ал,жақсылық
жасаған адамға қалайда қаруын қайтару парыз ба?Парыз деп санау қажет пе?Бұл
жайындағы пікірімізді халқымыздың бір ауыз мақал сөзімен білдіреміз. «Жақсылыққа
жақсылық таң қалдырар іс емес.Жақсылыққа жамандық, адамдықтың ісі
емес!»
Адамшылық алыс-беріс жасайтын саудагерліктің ісі емес.Данышпан Абай: «Татулығы,
достығы бəрі сату», біреуге көмектескенде ертеңгі бас пайдасын ойлайтын,сол дəуір бірер
адамдарының шын бейнесін,нақтылы ойын əдемі көрсеткен-ді.Адамда басқа жанға
жақсылық жасай алатын қабылет болу үшін оның бойында адами қасиеттер: Ізгілік,
мейрімділік,сыпайылық,көпшілдік;-жылы лебіз, ізгі ниет, ізгілік əдеттері;-адал ниет,ізгі іс
қалыптасқан болу керек. «Көңілді,бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста» Ы.Алтынсарин.
«Көкіректе сəулесі жоқтың көңілінде сенімі жоқ»(Абай.)«Өмірдің өкінбейтін бар айласы,ол
айла-қиянатсыз ой тазасы.Мейірім, ынсап,əділет,адал еңбек,Таза жүрек,тату дос-сол
шарасы»(Шəкəрім.)[3] Нағыз ізгі жанды, мейірбанды адамдар өздерінің істеген жақсылықтарын біле де бермейді,олар жақсылық жасауға дағдыланған жəне мұнысына мəз
болмайды.Оларға істеген жақсылықтарын мойындата алмайсың!Ал,енді біреулер сəл
нəрседен оңай жерден өздерін жалтыратып көрсетіп қалғысы келіп, алақтауменжүреді.Ондайды халық: «Кең пейілдінің ішінде кен жатады.Тар пейілдің ішінде тас
жатады»деп,көрсетеді.Жақсылық ағаш басында,жамандық аяқ астында. Қайрымдылық
əркімнің қолынан келеді.Халық ұғымында жас та,кəрі де басқаға сəулесін түсіре алады,
жақсылық жасай алады.Тек пиғылы түзу болса болғаны.Туысқандық мейірім,«Туысы
бірге түтпейді,түбі бірге кетпейді», «Ағайынның азары болса да безері болмайды», «Қанды
қалпақ кисе де,қиыспайды туысқан» деп,қазақ,туыстың ешқашан қиыспайтын нəзік сезімін
көрсетеді.Ағайын арасында қандық,тектік қатынастың сырлы байланысы бар екенін байқай
білген.Қазақ болашақ ұрпағын,үрім-бүтағын байланыстырған сүйек-жекжатына үлкен мəн
беріп,бірін-бірі сыйлап, көмектесіп, əдеттенуге тəрбиелеген.Туысқандық мейрім-отбасындағы,əулеттегі ынтымақтың, береке бірліктің қайнар көзі.Туыстық мейрімнің негізі
адамның қоршаған ортаның сұлулығын сүю,оны аялай білу сезімінің жемісі болумен қатар
адамдардың бір-біріне құштарлығынан қуат алатын,жүректен шыққан асқақ көңіл.
Дұшпандарымыздың осы бір қазақтың бауырмалдық, туысқандық қасиетін жою үшін,оған
таптық рең беріп, қанаудың барлық түрі осы ағайындықтың артында жасырылған деп жар
салуы тегін емес.Қандастық қайырымның қандай болатындығы соңғы ширек ғасырда дүние
жүзіне жарқырап көрінгенде,пасық ойлы ондай антұрғандар аузына құм құйылды!
«Өзіңдікі өзекке тепсең де кетпейді,басқаныкін басыңа көтерсең де оған жетпейді». «Қазақ
сұраса келе,қарын бөле болып шығады», «Тегі бірдің-түбі бір», «еншісі бөлінбеген,
барлығы-бір алаштың баласы», «Біріңді,қазақ,бірің дос,көрмесең істің бəрі бос»(Абай) Бар
қазақтың бір ата баласы екенін,бір-бірін жатсынудың еш негізсіз екенін Шəкəрім де,шегіне
жеткізіп айтқан.Қазақ бала бойындағы ерекше қабылетті,ата тегі арқылы қонған табиғи
дарынды өте жоғары бағалаған. «Атасына тартып ақын болыпты,нағашысына тартып əнші,
əкесіне тартып күйші,анасына тартып биші болыпты» деп,баланың икемі мен талабына
сүйсіне қараған. «Ата өнері балаға мұра,ата кəсібі-бала нəсібі».Жас ұрпақтың тəлім
алып,үлгі-өнеге үйреніп,өнер ұғатын-ұстаздық ортасын, ағайын туысын қадірлеп құрметтеу,олардың мейірім шапағатына бөлену бала үшін таптырмас табыс.М.Шаханов: «Өз туған
жеріңе деген сүйіспеншілігіңді ең алдымен отбасыңа, ауылдастарыңа арнамай тұрып,барша
əлемді сүю мүмкін емес». «Тұрман құйысқандай болмайды,тумаң туысқандай болмайды».
«Жеті атасын білген ер,жеті жұрттың қамын жер» Балада алғашқы күннен бастап-ақ адамға
деген шынай сүйіспеншілік сезімі болатынын М.Жұмабаев өз еңбігінде былай суреттеп
33
35.
берген: «Ананы сүю» сезімі оянады. Анасын сүю, анаға жауыздық тілемей, ізгілік тілеудеген сөз. Бірақ ес білген соң туысқандық сезімі, яғни араласып айналасында жүрген
адамдарды сүю сезімі оянады. Ол елін сүю сезімі жер жүзіндегі барлық азаматты сүю
сезіміне алып барады. Бұл сөздерден ізігілік деген сөздерден дұрыс һəм толық мағынасы
мынау екен: əр адамның өзін сүюі, яғни жауыздықтан безіп, ізгілікке ұмтылуы, туысқандарын сүю, яғни оларға жауыздық тілемей ізгілік тілеу, өз елін сүюі, пайда келтіріп, зиян
келтірмеу, һəм басқаларға да зиян келтірткізбеу, ең негізінде - біткен адамзатты дос һэм
бауыр көру екен.Міне, кімде-кім өзін сүйсе, өз елін сүйсе, əсіресе біткен адам баласын
бауырым деп білсе, сол адамды ізгі деп атаймын». Адамдар бірін-бірі қадірлеуге, сыйлауға,
сүюге, бір-біріне қайырымды, мейірімді болуға, əділдік шарты берік сақталуға тиіс. Адам
өзінің мінез-құлқын, сын-сымбатын, ішкен асы мен киген киімін,бүкіл тұла бойын əрқашан
кіршіксіз таза ұстауға міндетті. Үлкенге құрмет, кішінің ілтифаттылығы, ал үлкеннің кішіге
қамқорлығы, обал-сауап, ар-ұят тəртібінің берік сақталуы –адами тағылым тұғырлары
тəрбиесінде қандайда бір діни ұстанымсыз-ақ,сауаттылық тұрғыда мəдениеттілік
ұстанымдарының негізі болып табылады. Жəне ол ата-анасының мəдениеттілік деңгейіне
қарай дəріптеліп, баланың санасына қарай қабылданатын жас,кезеңі бар.
Достық мейірім.Достық!Осы бір қасиетті сөзді əрдайым ілтипатпен айтамыз.Өйткені
өмірдің мəні де,сəні де ең алдымен шынайы достықта, сыйластықта. Адамның бір-бірімен
достасуы өмірге нəр беріп,көңілге шаттық құятын аса мəнді құбылыс.Иə,достық- біздің
туымыз,ұранымыз.Достық ел мен ел,халықтармен халық арасын байланыстыратын
дəнекер. Достық адам мен адамды туыстыратын,адамның мейірін өсіретін,мəртебесін
көтеретін,рухани дүниесін байытатын ұлы күш.Достасу дегеніміз-ең алдымен,адамның
біріне-бірінің сенімі,бірін-бірі терең түсінуі,біріне-бірінің қалтқысыз көңіл күйі,бірінебірінің жолдастық көмегі,ақыл кеңесі.Достың мəні мен маңызы туралы адамзат қоғамында
өмір сүрген даңқты адамдардың,ғұлама ғалымдардың,ақындар мен жазушы-лардың,
ойшыл,өнер қайраткерлерінің оралмағаны айтпағаны жоқ деуге болады.Себебі достық
жалпы адамзатқа тəн қасиет.Мəселен: «Айнымас досы бар адам-ең бақытты адам»(араб),
«Жақсы дос нағыз-қазына»(қытай), «досы көпті жау алмайды», «жүз сом ақшаң
болғанша,жүз досың болсын»(қазақ) барлығы ұқсас мазмұнмен бағалаған.Әл-Фараби
данамыз,достық туралы тамаша тəлім айтқан. «Достықтың екі түрі болады.Оның бірі-адал
дос та,екіншісі айнымалы дос.Адал досқа үнемі ілтипатпен қарап,одан айрылып қалмау
жағын көздеген дұрыс,адамдар бір-біріне жақсылық,өзара қамқорлық жасауы қажет.Жақсы
достың сенімін ақтаған абзал.Осындай достар ащы-тұщыны бірдей татысып,нені болса да
бірдей көретін болады.Жалған досқа адам өзінің құпиясын,мінез құлқындағы кемшілігін
айта берудің қажеті жоқ.Осындай жалған достарды адал жолға түсіру үшін қажымайталмай жұмыс жүргізген ғанибет.Бір-біріне дұшпан көңілді адамдардың да екі түрі
болады.Бірі-өшпенділігі мол,жаулығы басынан асқан адамдар да,екіншісі-көре алмаушылықтан жауығатындар.Бұлардың біріншісінен ерекше сақ болып,олардың ой-пікірін
үнемі қадағалап,біліп жүру,осындай адамдардың арам ниетін біліп қана қоймай,тиісті
жерінде аямай əшкерлеу қажет.
Бейтарап адамдардың да жолдастық достық жөніндегі ұғымдары мардымсыз
болады.Бұлардың өшпенділікпен жұмысы жоқ,кейде дұрыс ақыл-кеңес беретіндері де
кездеседі. Бірақ,олардың айтқан пікіріне сын көзбен қараған дұрыс.Бейтарап адамдардың
адалдығына көз жеткенше оларға дос адамдай беріліп кетуге болмайды.Жақсы ой-тілектері
араз адамдарды татуластыруға,олардың арасындағы қарым-қатынасты қайта орнатуға
жəрдемін тигізеді.Сондықтан бұларға көңіл бөліп,іс-əрекетіне демеу беріп отыру
керек.Ақымақ адамдарды да асқан төзімділікпен тəр-биелеп,,байыптылықпен қарымқатынас жасап отыру керек.»Ертеректе ел ішінде Әйтінбет деген сөзге шешен кісі
болыпты.Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары: -Достық нешеу ?-деп сұрақ
қояды.Сонда Әйтімбет тұрып: -Достықтың екі түрі болады.Бірі адал достық та, екіншісі амал достық. -Дұрыс-ақ.Енді оларды қалай ажырата аламыз?дегендерге:
34
36.
-Адал достық өмірлік нұсқа болады,амал достықтың өрісі қысқа болады,адал дос қашанда жаныңнан табылады.Ал,амал досты басыңа іс түссе,іздеп таба алмай қаласың деген
екен.«Жаман дос көленке-басыңды күн шалса қасыңнан қалмайды,бұлт шалса маңыңнан
табылмайды».А.Байтұрсынов:Адамға адал жолдас табу қиын Көбісін дос жасайды ақша,
бұйым,Досым деп көрінгенге сене берме,Ахмет,бар болса егер баста миың. Ә.Нұршайықов-достық қағидасын терең талдаған ойшылдардың бірі. «Анадан туған əр адамның
жүрегінің түбінде достық пен махаббаттың ұрығы жатады.Жерге түскен əрбір ұрықтың өнуі
үшін Күннің нұры,топырақтың қызуы қажет.Сол сияқты əр сəбидің жүрек түпкірінде
жатқан достық пен махаббат ұрығының өніп,өсіп,гүлденуі үшін едəуір уақыт керек .
Баланың есі кіріп,сана сезімі оянып,кемелдене бастаған шағында оның жүрегіндегі, достық
пен махаббат бүршік жаруға талпынады. Бірақ бұл екеуінен бұрын балдырған-бөбектер
арасында жолдастық басталады.Өйткені, жолдастық-достық пен махаббаттың бірінші
баспалдағы.Жолдастық достыққа жетелейді.Адал достық асыл махаббатқа апарады» «Өзіңе
қарай досыңды таңда:тең теңімен жарасады,Досты барда да сына,жоқ та да сына.Адамды
екі нəрсе қартайтпай-ды:Бірі- жақсы мінез, екіншісі- жақсы сөз. Ақ болсаң, қараға жуыма;
аққа қара тез жұғады. Әйелдің жалғыз жетістігі бар;ол-дақ түспеген ары» (Ж.Баласағұн).
Адамгершілігі қалыптасқан əрбір адам басқаға баянды достық жасауды-өзінің
борышы деп есептейді.Абай дана, «досыңа достық-қарыз іс,дұшпаныңа əділ бол»
дейді.Достық тек дос болған адамға жасалмайды,халқымыз «адам болсаң, адамға достық
жаса əманда»деп уағыздайды.Бірақ достың да досы бар, «айнымалы»дос тек өзін ғана
достық жасауды ұнатып,өзгеге достық жасағанын бұлдайды. Халық:«Ақымақ достан,
ақылды дұшпан артық»деген.«Келіп-кетіп, көп жүріп, «мен досыңмын» деп жүріп,жоқ
нəрсені шатады,сөйтіп құдай атады»,-деп ұлы Абай атамыз жалған достың жамандығын
əшкере етеді. Доссыз,қимас жолдассыз өмірде мəн жоқ екені белгілі.Бір-екі рет сыйласуға,
қадірлесуге,құрметтесуге келген тəп-тəуір адамның аяқ астынан құбылып,ойламаған
жерден бөтен мінез танытып,сыр білдіріп қойса оған не дерсіз?Дос-жолдас болып жүріп
байғұс жүрегіңнің дал-дұлын шығарып кетсе,ол адам тірі жүрсе де-өлі. «Өлді кейі,кейіжау», «жүрегім менің қырық жамау»-болатыны да рас. «Достың көңілі бір атым насыбайдан
қалады» Шынайы достықтың арқауы-олардың өмірге көзқарастарының,тұрмыс салтының,моральдық бейнелерінің, рухани азығының,ақыл-ойларының,сезім дүниелерінің ұқсас
келіп,бір арнаға құйылып жататындығының тазалығы.Мұндай достық –мəңгілік.Шынайы
достар бір-біріне қол ұшын беруге əзір Қуаныштары мен реніштерін бірге бөліседі.Бірінің
абыройына, беделіне,бақытына екіншісі де бар жан тəнімен шаттанады. Өмірде бұрыс
басқан қадамдары болса,бір-біріне ашық та батыл айтып,жөн сілтеп отырады.Дəлірек
айтқанда, бір-біріне ұстаз.Бүгінгі таңда,дос таңдай білу өте маңызды. Кəзіргі қазақ қоғамы
көптеген этнос ұл-қыздарына,көптеген наным-сенімді қөзқарасты жастарға, ұстамы мен
құндылықты бағалау дəрежесі əртүрлі топтарға толы.
Халық,ұлт өкілінің көпшіл,қоғамшыл болуын,қара басының қамы үшін ғана
емес,халқы үшін қызмет етуін талап етіп,абыройлы азамат тəрбелеп,оның азаматтық
борышты адал атқаруын үнемі қадағалап отырған.Халық əдебиетіндегі қай қаһарман
болсын,ертедегі күшті мен тістіге,,кəрлі мен зəрліге,жат ортаға,адамзат баласы басып
көрмеген батыл қиындыққа барып,біреулері, ел үшін, ата-анасы үшін,халқы үшін күресіп
жанын пида етеді,екіншілері,бар жауызды,бар қиянатшыл зұлымдарды жоқ етіп,халық
бақытын паш етеді.Халық өшпейтін,өлмейтін құдіретті күш.Сондықтан, халық күш-қуатын
тасқын суға теңеп, «Елдің күші- селдің күші» деп бағалаған.Халық ер азамат,жас ұрпақты
ел бірлігіне,қорғанының беріктігіне жұмылдырып, «көптік қайда болса,тоқтық сонда»,не
көрсең де еліңмен бірге бол, «көппен көрген ұлы той», «үйірлі құлан ақсағын
білдірмейді»дейді.
Әрбір адам өз өмірінде туған елін,Отанын жақсартып, гүлдендіріп кетуге тиіс. «Ер
жігіт бір күнде бір кісілік,бір күнде мың кісілік.Осыдан болып, «өз елімнің басы болмасам
да,сайының тасы болайын»деген.Халық кім болсаң да,ұлт мүддесіне,арман мұратына қарсы
35
37.
болма дегенді жастарға жалықпай ұқтырған.Жалғыздың үні,жаяудың шаңы шықпайтынынескертіп, «жалғыз жүріп жол тапқанша көппен жүріп адас» десе, адам құдіреттілігі,
қуаттылығы ұйымшылдық пен бірлік екенін «алтау ала болса ауыздағы кетеді,төртеу түгел
болса төбедегі келеді», «кеңесті ел азбайды», «Бірлігі мықты елдің,белін ешкім сындырмас», «қосылғанның қолы ұзын,ұйымдасқан ұтады.» Ынтымақ,бірлік,ұйымшылдық қай
заманның адамы болса да қажетті қасиет»деген ғой.«Ауыл болсаң қауым бол», «саусақ
бірікпей, ине ілікпейді» немесе «Көрген сайын «сіз» десіп,сыйласқанға не жетсін ,шашылғанды бірлесіп жинасқанға не жетсін»
Әлеуметтік – психология ғылымдарының зерттеу қорытындылары бойынша жеке
адамдардың бойындағы қасиеттерін төмендегідей баяндайды: барлық қасиеттердің
құрлысы бірдей болады жəне олар төрт түрлі бөліктен тұрады- сезім, сана, мінез – құлық
дағдысы. Бірақ, тəрбиелейтін қасиеттеріне қарай бұл бөліктердің тəрбие беру процесінде
жетекшілік ролі өзгеріп тұруы мүмкін. Себебі, ол отбасындағы тəрбиеге, баланың жас
ерекшелігіне, баланың бойында қалыптасқан қасиеттеріне,қоршаған ортасына байланысты
болады. Жеке адамның адамгершілік жағынан қалыптасу процесінде адамгершілік
сезімдер ерекше орын алады. Адамгершілік сезімді тəрбиелеу көп қырлы процесс. Сезім
дегеніміз - әлеуметтік және табиғи өмірдің сан алуан жақтарына эмоциялық
қатынас. Ал, жоғары сезімдер арасында адамгершілік сезімдер ерекше орын алады. Бұл
мəселе туралы белгілі орыс педагогы К.Д.Ушинский «Біздің өзімізді, біздің дүниеге
қалыптасуымызды, біздің сезіміміз де, ойымыз да, тіпті қылығымыз да сезімдей анық жəне
дұрыс білдіре алмайды, біздің сезімдерімізде жеке ой ғана, жеке шешімдер ғана емес, адам
жанының мазмұны, оның жүйесі түгелдей көрініп тұрады»,- деп дəл сипаттама берген.
Адамның адамгершілік санасының дəрежесі мен мінез-құлқымен іс əрекетін аңықтайды.
Сананың қалыптасуы ұзақ та күрделі процесс, ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам
туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасуына жақын адамдардың өзара қатынастарынан
басталады. Мектепке келгеннен бастап балаларға қойылатын талап та өседі. Бірінші сынып
оқушылары басқалардың жағдайларымен санаса білулері керек екендігін үйренеді, сабақта,
жұмыста бір- біріне кедергі болмаудың қажеттілігін түсінеді. Адамгершілік сенім,
адамгершілік сананы, адамгершілік талаптарды білу, түсіну жəне соған сай қарымқатынаста болуды қамтиды.Адамның моралдық сезінуі немесе жеке тұлғаның адамгершілік
əлемі өзіне үш деңгейді құрады:
1. Мотивті- іс-əрекетті.2. Сезімдік-эмоционалды.3. Рационалды немесе ақылдыльқ.
Мотивті-іс-əрекетің деңгей іс-əрекеттер мотиві, адами қажетгіліктерді жəне сенімнанымдардан тұрады.Сезімдік-эмоционалдық деңгей адамгершілік сезімдер жəне
эмоциялардан тұрады.Сезіне білушілік — бұл адамдардың ең тамаша қасиеттері, өйткені
ол-адамилық көрінісі, ал адами сезім үлкендерде, кішіге де қойылған нысанаға жетуте
көмектеседі. Кішкентайлар үшін бұл білім құмарлық, қуаныш, əлемді танута талпыну.
Үлкендер үшін бұл сезім шабыт көзі, қоршаған ортаға жəне адамға қызығушылық, жұмыста
қуаныш жəне ептілік, адамдармен қарым-қатьшаста.Рациональды немесе аңыл-ой деңгейі
парызды, қадір-қасиеті, ар-намысты, адалдың пен арамдықгы, бақытты жəне өмір мəнінің
түсінігінің моральды білімін қүрайды. Моральды білім түсінігінен басқа да принциптер,
идеалдар, мінез-құлық нормалары, моралді бағалар да жатады. Жастарды тəрбиелеуде
олардьң адамгершілік əлемдерінің барлық көкжиегін ажырата біліп,тəрбие тəсілдерін
дұрыс қолдана білу керек. Адамның адамгершілік əлемінің гормониясы болып, жақсыльқ
тек барлық қосымшаның бірін ғана қүрайды, бірақ адамгершілік қажетгіліктің
бағыттаушысы болып саналады. Адамгершілік қажетгіліктер адамға туғанынан берілмейді, оны тəрбиелеу барысында қальштастыру қажет, себебі оңсыз жоғары руханилық
жəне жақсылық болуы мүмкін емес.Сухомлинскийдің аитуынша: «Нағыз адам -мінезқұлықты ынталандыра алатын, қүштарлығын жəне жақсы қылықгарды тудыратын, жан
дүниесінде игілік тілекгері қалыптасқан адам болып табылады».Қажетгілік дегеніміз не?
Қажеттілік -бұл бір қалыпты өмір сүру үшін ағзаға,рухқа жетіспей жатқан заттарды
36
38.
(коректерге) толықтыруға талпыныс, табиғи сұраныс. Балалардың адамгершілікқажетгіліктерін өтеу үшін моральды орта ( отбасы, ағайын туыс,көрші қолаң,тəрбиеші,ұстаз
т.б.) қажет. Абай атамыздың сөзімен айтсақ: « Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы
ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.». Бала сөйлей алмаса да, сөздерді
жете түсіне білмесе де, ересектердің қыльқтарын түсінеді, отбасы ортасыньң моральды
климатын байқайды жəне оған өзінше əсерін тигізеді.Обасы мүшелерінің бір-біріне деген
қарым-қатынастары жақсы, бір қалыпты, мейрімді болуы-балада адамгершілік қажетгілікті
қалыптастыру үшін жақсы жəне негізгі астары болып табылады. Ал айқай-шу, дауысырғағының тұрпайлығы қарама-қарсы нəтижеге алып келеді. Адамгершілк қажетгілікгердің барлық элементі эмоция жəне сезімдерге тəуелді болып келеді. Адамгершілік
қажетгіліктер келесі элементгерден тұрады:Эмпатия -адамның жан дүниесін қиын
жағдайда немесе басқа бір адамның хал-жағдайын түсіне білу қабілеті . Қайырымды адам
көбінесе ақ пейілді, кішілейіл болады.Қайырымдылық-бұл бірнеше сезімдердің тұрады:
жанашырлық, қайғысына ортақтық, аяушылық жатады.Қазақ жұрты ұрпақ тəрбиелеуде ең
алдымен баланы онда əлі жақсылық, жамандық, борыш жəне басқа да түсініктер
қалыптаспас бұрын қайырымдылыққа тəрбиелеуді қолға алған.Себебі,дана халқымыз
мейірім-мылқауға да,соқырға да,кереңге де,жарым жанды адамдарға да ұғынықты тіл
деген.Қайырымды,мейірімді адым мүмкіндігі шектеулі,мүгедекке де, жарымжан ғарип
жандарға да өз ойын «айтып» жеткізе алады,олардың «тілін» жүрекпен ұға алады.Ізгілік
қазақ ілімінің бұл ең басты заңдылығы.Иманипедагогика осы заңдылыққа сүйенеді .
Адамгершілік пен имандылық.Бұл егіз ұғым адамзат тарихында қатар өмір сүріп
келеді.Адам-өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен жəне əділеттігімен ардақты.Халқымыз қайырымды-мейірімді жанды «кісілігі мол адам» деп
дəріптеген. Қайырымды, мейірімді жан – өзгелерді, басқа адамдарды ойлап, соларға қол
ұшын беруші жан.Ал, адамдардың қамын жеу дегеніміз адамгершілікке келіп саяды.
Адамгершілік-адамның рухани арқауы. Мұны адамгершілік туралы айтылған мақалмəтелдерден байқауға болады. Адамның ұяты бетінде, Адамгершілігі ниетінде Асыңа
тойғызбасаң да, Ақ ниетіңе тойғыз.Су бермегенге, сүт бер, Ақ ниетіңді білсін.
Адамгершілік болмай,Әділдік болмас Кең болсаң, кем болмайсың. Кішіпейілділік – кісінің
көркі. Ақылың болса, арыңды сақта, Ар ұят керек əр уақытта.Ынсап, ұят, терең ой -Асыл
зейнет ойлап қой.Өз қадірің-өз байлығың, Ары таза, нар жүгін көтереді. Адамгершіліктің
негізі мінез - құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Фарабидің ілімі бойынша
адамның рухани бет- пердесі, мінезі мен жүріс-тұрысы қоғамдық орта, тəрбие əсері еді.
Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара
қарым-қатынастарды басқарады.Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адал еңбек
ету, өзара көмек, сондай-ақ, қоғамға тəн адамгершіліктің өзге де формалары, бұл –сананың
сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың
негізінде қоғамымыздың қоғамдық экономикалық құндылықтары жатады .Баланың өмірге
белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тəрбиеленеді Тəрбиелеу, білім беру
жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы
нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тəрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан
келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын жəне оқу ісінде жоспарлы түрде іске
асады. Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде
адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау жəне адамгершілік сапаларыдамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Рухани-адамгершілік тəрбие-бұл
дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас
мəдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының
дəрежесі оның мінез-құлқы мен. іс əрекетін анықтайды. Өйткені адамдардың өмір сүруінде
сенімділік пен турашылдық айрықша маңызға ие. . Кісілігі мол адам деп қиналғанда,
басыңызға қиын жағдай туғанда қасыңыздан табыла білетін, өзгелерден өзін жоғары
санамайтын, үлкенмен де, кішімен де жақсы қарым-қатынас жасай алатын адамды айтамыз.
37
39.
Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді.Бұл тазалық белгісі.Тазалықтың екі жағы бар, бірі– тəн тазалығы, екіншісі – жан тазалығы. Тəн тазалығын былай қойғанда, жаны таза адам
деп ешкімге жамандық ойламайтын, бөтен ойы жоқ, ниеті ақ, пейілі кең, əр нəрсеге
адалдықтың көзімен қарайтын, қиянатсыз адамды танимыз. Бұл тазалықтың ар жағында
мінез, жүрек, мейірімділік пен таза ой жатқаны белгілі Қарапайымдылық. Қарапайымдылықтың белгісі адамның өзін өзгелерден артық ұстамау, бəрін бірдей тең дəрежеде
көру екені мəлім.Ол мінезге бай, жүрегі кең, мейірімді, таза ойлы адам. Арлылық Ар-ұят
адамның ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Өлімнен ұят күшті» екенін терең түсінген адам қашан
да өз ісіне жауап бере алады. Намысшыл, ары биік, ұятты жанды мінезді, жүректі, мейірімді,
таза ойлы адам десеміз.Мейірімділік-адам бойындағы қасиетті сезім. Ата мейірімі, əке
мейірімі, ана мейірімі, отбасындағы адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты-əдептік
əсем құбылыс, түйсікті баурап алатын түсінік, ұлағатты ұғым, адамгершіліктің асқар шыңы.
Мейірім адамның мерейі үстем болу үшін, ол ойлаған жақсылық, əсерленген əдептілік,
жақсы көрген адамдарының жан саулығы мен ден саулығы оны қуанышқа бөлеуі тиіс
Яссауи ғұлама:«Махаббат дəмін татпаған, жар сүйіп, қызығын көрмеген, үйін ойлап дүние
таппаған, ойсыз-қамсыз шайтандыққа бой алдырғаннан иман қашады.»Халқымыз ұрпағын
мейірімділікке тəрбиелеп, қатыгездіктен қашып, қаталдықтан сақтандырып отырған. Еліміз
ер-азаматтарын мейірімді болса екен деген ниетпен Мейірман, Мейіржан, Мейірбек деген
аттармен атап, жастарды үнемі мейірімділікке баулыған. “Көпті жамандаған көмусіз
қалады” деп, халқымыз мейірлі болу-өз халқын сүю, бірлікшіл болу екенін уағыздайды.Мейірімділік рəсімдері бата беру, байғазы бру, базарлық беру, көңіл сұрау, көңіл
айту, жұбату т.б. жөн-жоралғылар арқылы іске асырылады. Ал мейірімділіктің іс жүзінде
бір көрінісі-қайырымдылық Қайырымдылық-мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға,
табиғатқа, жан-жануар-ларға іс-жүзінде жақсылық жасау.Табиғатты қорғау, тал тігу, гүл
өсіру, жер суару, құстарға қамқорлық жасау, аңдарды аялау-қайырымдылықтың
қалыптасқан халықтық үрдісі, оны орындай білу-парыз. Ол үшін əрбір адам өзінің
қайырымдылық борыштарын терең сезініп, тебірене іс-қимыл жасауға міндетті. Қазақ
халқының меймандостық дəстүріндегі имандылық əдебі, меймандостық дəстүрінің
кісілікке, адамгершілікке сену, оған құрметпен қарау, кісіліктің-адамгершіліктің
тəрбиесінің көркем көрінісі, тəлімді тəжірибенің жемісі екендігін көрсетеді. XI ғасырда
өмір сүрген ислам оқымыстысы Ж.Руми: «Адамның болмысы-ішінде əр түрлі аңдар
мекендейтін орманға ұқсас. Біздің бойымызда таза-лас, жаман-жақсы, имани-қайуани
сияқты мыңдаған қасиеттер бар.Егер ішкі жан шаһарында қасқыр үстемдік ете бастаса,
адамның қасқырға айналғаны. Жақсылықтар мен жамандықтар да жасырын жолдармен
жүрекке келіп, құйылып тұрады. Сəт сайын адамның жүрегінде бір нəрсе бас көтереді. Сол
себепті адам кейде жақсы сипатқа, кейде жаман сипатқа айналып отырады»–деген екен.
Ізгілік адамның өзіне жəне өзгелерге жасаған жақсы, игі істері. Ізгілікке тəн мейірімділік,
сүйіспеншілік, сыйластық, қайырымдылық сияқты қасиеттер адамды тек жақсылыққа жеткізетінін айттық.Сол себепті бойымыздағы басты құндылықты жоғалтпай, тек дұрыс ісəрекет жасап, сүйіспеншілік пен ақиқат жолында, адамгершілік пен ізгілік арқасында ішкі
тыныштығымызды орната білуіміз шарт! Жастардың бойында ізгілік сезім қалыптастыруда
гуманизм туралы көптеген əңгіме оқып немесе айта бергеннен гөрі мұғалім, тəрбиеші
жалпы етесектер өзінің жеке басы өнегесі арқылы жастарға гуманистік қарым-қатынас
көрсеткені орынды.Мəселен, қайырымдылық топтарының көптеген жұмыс түрлері, мектеп
оқушыларының балалар бақшасындағы бүлдіршіндерге қамқорлығы, еңбекте, оқуда
жолдастық көмек, мүгедектер, қарттар, балалар үйлеріне көмектің ролі зор.Ігілікті ісəрекет,ниет,көмек –тікелей жүргізілген татымды тəрбие.Оның орны тым бөлек.Қазақтың
тəрбиелеу ілімінде алтын əріппен жазлған қағида мынау: «Тəрбиенің пəрменділігі
мектептің, жанұяның, əлеуметтік ортаның балаға,жалпы жасқа мінез-құлықтың пайдалы
дағдылары мен əдеттерін қалыптастыру туралы қаншалықты қамқорлық жасалуына
байланысты.»Қамқорлық шанақты,пəс болса,тəрбие нəтижесіз,жұтаң не көлгір келеді.
38
40.
Фараби бабамыз: «...тəрбиелеу дегеніміз қамқорлық жасау»- десе ата бабамыз тəрбиелеуді–баулау –деген.Баулау-баптау,жəй-күйін келтіру.Жасөспірімдер биязы əдеп,жібек мінез
игеретіндей,көкірек көзі ашылатындай олардың жəй-күйін келтіріп,қамқорлық жасап
аяласаң аңбегің далаға кетпейді. Ізгілік педагогикасының ұлттық мəні осында жатыр.
Иманипедагогика тұп тура осы заңдылыққа сүйенеді. «Жақсы ниет – ниет қана қарасаң,
дұрысы оны іс қылуға жарасаң»деп Ж.Баласағұн атамыз айтқандай, əрине, ізгі жолда
əрқашан дұрыс іс-əрекет жасау керек. Өзіңе, өзгеге қиянат жасамау, барша адамға
сүйіспеншілікпен қарау керек. Сонда ғана өзіңді дамыта отырып, алға қарай ұмтыласың.
Адамгершілік» термии сөзі өзінің бастапқы «адамдық» сөзінен алынады. Латынша адамдық
сөзі /moralis/– мораль. «Адамдық» – бұл, өзінің күнделікті іс- əрекетінде, өзінің мінезқұлқымен адамдармен қарым- қатынасқа түскенде қолданылатын өлшем. Құнды
қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш
болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына
жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді
сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тəрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.
Рухани - адамгершілік тəрбие - екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан – тəрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым қатынастарынан көрінеді. Жеріміздің ұланғайыр кеңдігімен, мұндағы табиғат
сұлулығының əсерінен ғасырлар бойы қалыптасқан дархан, жомарттық, адамға деген
мейірімділік пен өнерпаздық, қазақ биосферасының өзіндік ерекшелігінен туындаған асқан
қонақжайлылық, жойқын соғыс пен қуғын-сүргінге ұшырау салдарынан тірнектеп жинаған
рухани мұраны өсер ұрпаққа жеткізу ниетінен қалыптасқан балажандық, үнемі мал
шаруашылығымен айналысудан қанымызға сіңген малжандылық, ешуақытта басқа
жұрттың жеріне көз алартпаған бейбітшілік саясат, өзі тиген дұшпанның қабырғасын
қақыратқан көзсіз батырлық, «мың өліп, мың тірілген» кездердегі керемет шыдамдылық
пен барға қанағатшылдық – біздің ұлттық мінезіміздің жоталы бітістері, халқымыздың
ұлттық мақтанышы. Белгілі бір ұлт өкілдеріне тəн, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын
мінез-құлық пен психологиялық қарекет ерекшеліктерін-ұлттық мінез дейміз. Мəселен,
қазақтар өзінің «бас пайдасын ғана» ойламайды, онымен қатар ағайын-туыстарының, елжұртының да қамын ойлай жүреді. Бірінің басына қиындық, қайғы-қасірет түссе, оны
барлығы бірлесе жұбатып, жəрдемдесіп, қайғысын көтеріседі. Ал, егер бірінің басына
қуаныш келсе, оны да бірге тойлап, қуанышын бөліседі. «Ағайын – бір өліде, бір тіріде»
деп, бір-біріне мал-жанымен, жылы сөзімен қарайласа жүреді. Алда-жалда, қазақтың
қандай да бір азаматы ағайын-туысына қарайласпай, қарақан басының ғана қамымен
оқшауланып кетсе, ондай адамды қазақ қоғамы қатты айыптайды. Қазақтың бұл мінезін:
Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін! Батыр болсаң, жауыңа найзаң тисін! Бай болып, халқыңа
пайдаң тимесе, Батыр болып, жауыңа найзаң тимесе, Жұрттан ала бөтен үйің күйсін! –
деп Төле бидің атынан айтылған шумақтарынан-ақ анық аңғаруға болады. Өзінің ұзаққа
созылған тарихындағы қалыптасу жолында қазақтар да өзге халықтар секілді қадір тұтуға
жарайтын ұлттық психологиялық «кешендерді» бойына сіңіріп келді.Оның қатарында
ұлттық мінездің көптеген нышандары-жауынгерлік мінез, кеңпейілділік, бауырмалдық,
мейірімділік, жомарттық, қонақжайлылық, балажандық, сонымен қатар, батырларға тəн
ақкөңілдік пен аңқаулық, тағы басқа да көптеген жағымды қасиеттер бар. Мінез-саналы
өмір жүйесінде нəзік болмыспен қабаттас дарыған, адамның табиғи қалпы, сыр-сипат,ісəрекет, бет-бағдар ерекше-ліктерінің психологиялық жиын-тығы.Ақыл мен мінезкісілікті
парқын, парасаттылығы мен бітім-келбетін, өмірге жарасымдылығы мен қабілеттілігін
анықтаушы, сондай-ақ бірін-бірі толықтырушы, жетілдіруші саналық категория.Пейілге
бай болу үшін мінезге, жүректегі ізгілікке, мейірім мен таза ойға да бай болу қажет. Адам
бойындағы асыл қасиеттердің өзегінде мінез, жүрек, мейірімділік пен таза ой жататыны
39
41.
сөзсіз.Адам баласының мінез құлқы- тəрбие мен тəлім арқылы,тек білім мен ақылдыұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті,қасиеті мол адамшылық атаулының көрінісі.
Мінездің мəні мен мағынасы кең ұғымды. Өмір ағымының барлық кездері мен кезеңдерінде
адамның ой-толғамына, талғам-сезіміне, көңіл- күйіне, қам-қарекетіне тікелей қатысты
жəне əсерлі, кісілік бейнесінің саралануына ықпалды.Бар болмысын,сезім серпінін,
көзқарасын айна-қатесіз, қаз қалпында елестетер шар-айна Қазақ ұғымында мінездің
нышаны ататектен беріледі.Ататектен мінез нышандары берілетіндігін Фараби бабамыз:
«адам жақсы мінез-құлыққа жетілгенге дейін оның өзінің табиғатына біткен əлеуметке сай
келетін мүмкіндіктерді іске асыру қажет .»-десе,Абай атамыз; бала екі түрлі мінезбен туады
деп санап та көрсеткен:ДжонЛокк(1632-1704)-тың«...олардың тумысынан болатын мінезқұлық қасиетін толық өзгертеміз деп есептемеуіміз керек,»- деген ескертуі тағы бар.Мінезқұлықтың даму,жетілуі, өзгеріп көркеюі тəрбие,үлгі өнеге байланысты екенін қазақ
ойшылдары тым ерте пайымдаған. Жібек мінез,биязы əдепке баулудың теориялық
мəселелері өл-Фараби, Ыбырай, Абай, Шəкерім, Жүсіпбек т.б. еңбектерінде кеңінен
қолданыс тапқан. Иманипедагогика осы ілімдерге сүйенеді.
Адамның қадір-қасиеті,көпшілік жағдайда, мінез-құлқына қарай бағаланады.
Талай-тағдырға да оңды-солды əсер етеді. Келісті мінез өмір кеңістігінің төріне шығарады,
теріскейлігі қазан-ошақ басынан асырмайды.Демек, мінезді еркінсітпей, əманда, ақылға
жүгіндіру лəзім.Әбден қалыптасқан жəне өмір қалпына үйлесімділік тапқан мінез-құлық
“адамның екінші табиғаты – əдетке” айналады. Ол, жинақтап айтқанда, күнделікті тірші
ліктегі жөн-жосық, жол-жоралғы. Тұрмыстық қағидалы дағды.Үйреншікті тəртіп. Ұлттық
негізді тəлім-тəрбие тəжірибелері.Көркем мінез – адамның эстетикалық-этикалық сəні мен
мəні.Бұл тұрғыдан ұлттық деп атауға келерлік бірнеше мінез бітістеріне тоқталайық.Қазақ
халқы сонау есте жоқ заманнан өзінің қадір – қасиеттерін қызғыштай қорғап, көздің
қарашығындай сақтап, бұған шаң жуытпай, өз ұрпағын ауыздандарып келген ел.
Халқымыздың ұлттық психологиясының өзегі имандылық пен адамгер-шілігінің басты
белгісі, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі.
Әрине «Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы», «Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа»
дегендей, əлеуметтік өзіндік ерекшеліктері болғандығы белгілі.«...Өз ұлтын сүйген адам өз
ұлты-ның бақыты үшін өз бақытын құрбан қылады»(М:Жұмабаев)«Дүниеде туған еліңнен
артық ел де, жер де жоқ»(Ғ.Мүсірепов)«Ұлттың мақтанышы – жеке адам мен ұлт үшін
бұзылмас заң. Кімде – кім өз ұлтын құрметтемесе жəне оны мақтан тұтпаса – ол адам сөзсіз
арамза қаңғыбас» (Б,Момышұлы) Көшпелі өмір тіршілігі қара күшке мығым, қиыншылыққа төзімді, құбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш болумен бірге, жан – жүйесі
жағынан да жан – жақты жетілген, кемел адамдарды қалыптастырды. Үйде де, түзде де бала
ес білгеннен бастап із кесіп, жол сақ, қияндағыны шалатын болды. Аң аулап, мал
бағып,күнделікті күйбең тіршлікпен жүрсе де жас өскін ақынның сөзін, жыраудың жырын,
əншінің əні мен əуенін қалт жібермей тыңдап, ел аузындағы ұғымды мақал мен
мəтінді,ертек пен жұмбақты, терме мен шежірені жадында сақтап, халық даналығын өзіне
рухани азық етіп отырды. Әрдайым көшіп – қонуға дайын отырған қазақтар үшін аң – құс
аулау, мал бағып күзету, жалаңдаған ұры-қары,тонаушыға тап болу-тұрмыстың дағдылы
машығына айналды. Әрбір көшпенді əрі жауынгер, əрі малшы, əрі шаңырақ иесі болып
саналды.Көшпелі қауым бірін-бірі жақсы білді, əр адамның қадір – қасиеті, оның жасына,
жол – жоралғысына, əлеуметтік ортадан алатын орнына қарай белгіленіп отрырған. Мұндай
қауымдастық адамаралық қатынастарды қаршадайдан көріп өскен бала да өсе, ер жете келе
ортақ мүдделілікті, көзқарас сəйкестілігін, кісілік белгісін түсініп, жеке бастың өзіне бұра
тартуына мүмкіндік бермеді. Психологиялық тұрғыдан «бірауызды» болып қауымдасқан
жандар үнемі өздерінің рулық одағына етене сіңіскен салттар мен дəстүрлерді ұстанды.
Осыған орай көшпелі тұрмыс тəліміне лайықталаған бата беру, ант ішіп ақталу, айтысқа,
дау – дамайға төрелік айту сияқты этностық таптауырындар (стереотип) кең өріс алды.
Әрине, осы топтық санамен бірге əркімнің жеке басының əлеуметтік жəне биосфералық
40
42.
факторларға орайлас жеке-дара, жас, жыныс ерекшеліктерінің де болатындығы ескеалынды. Мəселен, көшпелі халық қыз баланы ерекше қадірлеп, қастерлеп, əлпештеді. Оны
əдемілік пен əдептіліктің, сұлулық пен іңкəрліктің символы деп, ал мінезі жайсаң, əдепті
жігітті «қыз мінезді жігіт» дейтін болды.Мақсаткерлік -бұл адамның өз мінез-құлқын
көздеген мақсатына алаңсыз бағыш-тауы, мұны өзінің ұстанған бағыт-бағдарына танымы
мен сеніміне, асыл арманына бағындыра алуы. «Мақсатсыз өмір сүрген адам неткен
бейшара» депті орыс жазушысы И.С.Тургенев. «Адамдарды алдына қойған мақсатымен
бағалау керек» деген белгілі саяхатшы Миклухо-Маклай. Мақсаткер адам ылғи да
жалындап жанады, бықсу дегенді білмейді, ол жеңілмеуүшін күреседі.Адам:– ақиқатты
түсіне алғанда ғана;– жақсыға ұмтылғандағана;– Дұрыс əрекет жасағанда ғана;– Жүрегін
Сүйіспеншілікке толтырғанда ғана байсалдылыққа қол жеткізеді.Қазақ баласы ас ішіп,аяқ
босатып,кеш батса ұйықтап,таң атса мал соңына түсіп салпақтап мақсатсыз ғұмыр кешкен
емес. Ол əуелі ата-баба өсиетін орындады,материалдық жəне рухани ұлан асыр байлық
жинады, адамшылықтың асыл қасиеттерін бойына сіңірлі,.Осы байлықтарын ұрпағына
ұлағаттап игертіп, аманаттап тапсырып отырды.Кең байтақ Отанын,туып өскен жерін
жанқиярлықпен қорғап,арын,рухын басқаға таптатпай асқақтатып артына,ұрпағына
қалдырды.Осы батырлық,ерлік,жауынгерлік дəстүрі негізінде сан түрлі адами асыл
қасиеттерді қалыптастырды.
Адалдық пен шыншылдық.Бұл екеуі бір-бірімен біте қайнасқан мінез бітістері. Адал
адам – шынайы да шыншыл адам. Адалдық – сөздің таным мен сенімге ұштасуы оның іс
əрекетке қайшы келмеуі. Шыншылдық адамның азаматтық борышына, ар-ұжданына
қалтықсыздығы. Адал да шыншыл əділетті болу - еңбек пен білім алуға жалпы іс əрекетке
дұрыс көзбен қарау, инабатты тіршілікте тиянақты прнципті бөлу деген сөз. Адалдық пен
шыншылдық бар жерде əділет, кішіпейілділік, қайырымдылық та еріп жүреді, бұлар кісінің
аты мен абыройына дақ түсірмейді.Жасында ерке болып, ата-анасынан именбей,
бейпілауыз сөйлейтін, қисынды-қисынсыз өтірікті беті шімірікпестен айта салатын
адамның есейе келе тек өз басының ғана қамын ойлап, керек десе басқа түгіл, өз отбасын
да алдайтын екі жүзді суайт адам болып кетуі ғажап емес.Ар, намыс, ұят.Ерді намыс
өлтірер, қоянды қамыс өлтірер.Ер жігітке өлімнен ұят күшті.Жігіттің құны жүз жылқы, ары
мың жылқы. Ақылың болса арыңды сақта:Ар-ұят керек əр уақытта.Ел намысы - ер
намысы.Ер жігіт елінің ұлы, намысының құлы. Намыс-мінездің айбыны. Адами кие мен
қасиетке шаң жуытпас, кір жұқтырмас қайсарлық. Абыройға дақ түсіртпес өжеттілік.Адам
құқы мен еркіндігінің оққағары, берік бақаны, тапжылмас тірегі. Шайпау, сумаң сөзге
қытым. Кісілік құндылықтардың сақтық қоры. Өмір мəнділігінің өзегі.Өктемдіктен араша.
Жосықсызққа айбар, осалдыққа жігер. Адамгершілік соты, əрі айыптаушысы, əрі қорғаушысы.Серттің семсері. Арсыздық тарамын қиып түсер алдаспан. Бір жағынан күйкі
тіршілікке қорлану, озбырлыққа күйіну. Ездікке, ынжықтыққа қынжылу.Жігерсіздікке,
босбелбеулікке, іске алғысыздыққа ызалану. Астамшылыққа, қол сұғанақтығына, əулекілікке ашыну.Мансапқорлыққа, жағымпаздыққа, жалтақтыққа шіміркену. Адамның еңсесін
түсірер, абыройын төгер, кісілігін кемітер жалалы əрекеттерге, қарау қылықтарға
кешірімсіздік.Мұхаммед пайғамбар: “Ер жігіттің үш намысы бар. Бірі – иманы, екіншісіОтаны, үшіншісі – отбасы” деп ар-ожданның руханияттылығын жоғары бағалаған.Өлімнен
ұят күшті.Мал сақтама, ар сақта.Малыңа сүйенбе,арыңа сүйен.«Жақсы жігіт ақылына
жеңдіріп іс қылар, жаман жігіт оңай істі күш қылар» Опасызда ұят жоқ, Ұятсызда опа жоқ.
(Ә. Науаи ) Маңайлама,ар-ұяттан безгенге,Мыңдап алғыс инабатты сезгенге.Пəле-жала
жолын ұят кеседі,Ұятсыздық - ердің емсіз кеселі. Ашық мінез, пəктік, ұят серік
боп,Жарасады қуанышқа көрік боп. Адал ар мен ақ көңіл де еленер - Екі жалған бақытына
бөленер.Ұят-жаман ойдың жүгені. (Ж. Баласағұни)Көп сөзден ұял-тек отыр.(Ш.
Сүлеймен)Ұятсыз адам иттен де жаман.(С. Сараи)Өлімнен ұят күшті.(«Орхон жазу
ескерткіші»)Арсыз-адамның қоры. Бар бəледен ұят сақтайды.Барлық жақсы істің байламы
да ұятта.Бұл жалғанды бұзатын-арсыз адам.(Ж.Баласағұни)Ұяты бармен - ұрыс, Ұятсызбен41
43.
ұстаспа. (М. Қашқари)[3] Адамның жеке басы дегеніміз-оның кісілігі.Ал, кісілік дегенімізадамның абыройы, беделі, дəрежесі. Бұның бəрінің ұйытқысы-əдептілік. Ендеше, адамөзінің өмір сүру салтын, ғұмыр кешу жолын осы əдептілікке негіздеуі керек. Әдептілік
адамның жеке құлқын жолға қояды, оны қоғамға пайдалы адам етіп шығарады.Бұл
тұрғыдан алғанда адамдардың коғамдық өмірі осыған байланысты болып келеді. Яғни,
қоғам жеке адамдардың жақсы болуын қалайды. Ал, адамды жақсы ететін-əдеп.«Ар –
адамгершілік сана, этика-философиялық категория. Адамгершілік қазақ халқында адам
бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтық мағынасын білдіретін ұғым - өлшем болса, Ар
оның шығу тегі, бұлақ бастауы. Арды адам бойындағы жақсы қасиеттердің өлшемі,
адамгершілік санасы деуге негіз бар», - дейді. (А. Тоқсамбаева)Намыс адамның жан дүниесі
мен Отанының, отбасының, ұлтының, қоршаған орта мен қоғамының мəнін сезінуімен
оянып, соның амандығы мен бүтіндігі үшін күресінен көрініс табады.Адам өз бойындағы
ең асыл құндылық иман, ар - ождан қазынасы екенін танып білгеннен кейін, оны қорғау,
ұлғайту қамымен ғылым, білім іздеп еңбектенсе ол шын мəніндегі намысты тапқаны
күмəнсіз.«Ар, ұяттың анасы - əдептілік» (халық даналығы). Ұят, ар адамды əдепті, ізетті
болуға жетелейді. Адам кейде өзінің бір оқыс қылықтарына, тұрпайылық көрсеткеніне,
дұрыс істемегеніне ұялады. Ұялудың өзі жақсы қасиет. Ал оны болдырмау одан да
жақсы.Сыпайылықтың қазақы бір танымы, негізінен қыз-келіншектерге тəн иба, ибалық.
Кейбіреулер ойлағандай, бет моншағы төгілген ұяңдық, жасықтық, жалған ұялшақтық емес,
өзін де, өзгені де қадірлей білер көргенділік.Ерен ұстамдылық, иманжүзділік, жылы
лебіздік. шарапатты түсіністік, келеңсіздікті жатырқау.Ұлттық таза ғұрыптылықтың,
əдептіліктің жəне көркем мінезділіктің ерекше үйлесімділігі.Ұят, ұяттық-арлы мінез.
Адамның ойына, бойына, болмысына лайықсыз, адамгершілікке жат, ар-ождан
нормаларына сыйымсыз, əдеп тінін сөккен зымияндықтан бұрқанған, сыртқа теппей, ішкі
жан-жүйе ұшынатын нəзік сезімнің күйзелісі. Ұлы ойшыл Абай ұятқа екі түрлі мəн
берген.“Надандық ұят,-деген ғұлама,-жас баланың сөз айтуға ұялатыны сияқты ақылы
қысқа, өрісі тар, ойы таяз жанның ұялмайтын нəрсеге ұялуы. Шын ұят-абыройға, шариғатқа
теріс,ақылға сыйымсыз сөлекет қылықтан ұялу.Бұл тек есті адамға тəн қасиет. Ал біріншісі
өзі істеген қатеден, нəпсіге еріп қылған қылығынан ұялу “Малым жанымның, жаным
арымның садақасы” дейтін қазақтың Жасаған Ие құдіретіне сенімді, ата мекен, өмір
жаннаты туған елін, жарық дүниеге əкеліп өсірген, қанаттандырған ұясын ту көтерер
намысты халықтың атаулы ұранына меңзегендей. Абыз бабалардың: “Малсыз болсаң да
арсыз болма; əрлі болғанша арлы бол; арыңды жеме, барыңды же; ар жазасы бар жазадан
ауыр; ер жігіт елінің ұлы, намысының құлы” деген өсиеті біздің заман адамдарына
арналғандай. Тек маңызын түсіну абзал.Намыс бір сырлы, көп қырлы: жеке бастық намыс,
құқықтық намыс, кəсіптік намыс, азаматтық намыс, ұлттық намыс. Аталуы əртүрлі
болғанмен, бəрі адамдық қасиет пен мүдденің жыртысын жыртады, абырой мен беделді
қорғайды. Бəрінің себебі мен нақтылы салдары, заңдамалығы мен рухтылығы бар.Намысты
қорғау азаматтық парыз. Оны кіршіксіздендірмеу үшін арлана білу, арсыздықтан түңіліп
жиіркене білу шарт. Бір күні Ар, Ұят, Намыс үшеуі бас қосады. Олар өткен - кеткенді əңгіме
етеді. Әңгіме арасында үшеуі өздерінің өмірдегі пайдалары туралы айта бастайды. Мен
адам бойына кішкентай бөбек күнінен əдептіліктің нəрін себемін,-деді Ұят.Ал мен болсам
адам баласына өзінің ғана емес, досының, туысының басқа адамдардың ағаттық істеріне
жауапкершілікті сезіндіремін - дейді Ар.Сонда Намыс тұрып: Мен болсам, адамға өзі,досы,
туысымен қоса бүкіл отбасы, сыныпты, мектебі, ауылы, тіпті елі үшін жауапкершілігін
сезіндіремін, - дейді.Осылардың айтқанын сырттарынан бақылап, тыңдап тұрған Әдеп: О,
достарым, мен сендердің сөздеріңе толық қосыламын, үшеуіңнің де өмірдегі пайдаларың адамды əдепті ету. Өйткені ұятты, арлы, намысшыл адам - нағыз адам. Үшеуің де адам
баласына ауадай қажетсіңдер, біріңді - бірің толықтырасыңдар. Сондықтан да мəңгілікке
ажырамастай туыс болыңдар деп бата беріпті. Содан бері намыс - ағасы, ар - інісі, ұят - кіші
інісі болып, бірге өмір сүреді екен. Сондықтан да «ұяты бар бала арлы бала болып, арлы
42
44.
бала намысшыл бала болып өседі» деген осыдан қалған екен. Қазақ халқының əдеп-қалпыкөшпенділер мəдениетінің, салт-дəстүрінің уақыт ілгері жылжыған сайын кезеңімен
өзгерген, əр дəуірде, əр қоғамдық құрылымда өмір елегінде екшеліп, талғамына сай сұрыпталып, ұлттық сипатын сақтай отырып жетілдірілген мінез-құлықтың ақ адал үлгісі.«Адам
болу үшін, адам шартты түрде əдепті болуы керек»-деген жазушы Әбдіжəміл Нүрпейісов.
Әдеп – мінездің анасы. Дүниедегі игіліктің, имандылықтың баршасы анадан, ана киесі мен
қасиетінен бастау алып тарайтыны сияқты, рухани мінез əдептен, əдептіліктен өрбиді.
Әдептілік –ана сүтімен санаға сіңетін уыз мінез. Адамның есі кіргеннен, жастайынан
даритын, ешкімнің ақыл-кеңесіне зəрусіз, жамандықтан ада табиғи қасиет. Мəдениеттіліктің, зиялылықтың, сыйластықтың, қадірлестіліктің шаршы төрі. Ең алдымен туған
халқына, ұстанған дініне, ұлттық діліне құрмет. Кісіліктің көркі, этикалық нұсқасы, əсемдік
өрнегі, адамның асқақ абыройы.Кеңпейілділік.Жаны жомарт, əрқашан адамдарға тек қана
жақсылық ойлайтын, қайырымды адамды жақсы көрмейтін кім бар? Кеңпейілді адам кем
болмайды.Сараңдық оған тəн емес. Ол бар кезде де, жоқ кезде де əрқашан сізбен бірге. Пейілге бай болу үшін мінезге, жүректегі ізгілікке, мейірім мен таза ойға да бай болу қажет.
Түптің түбінде адам бойындағы осынау асыл қасиеттердің өзегінде мінез, жүрек, мейірімділік пен таза ой жататыны сөзсіз. Ендеше, адамды арлы да қарапайым, адамгершілік пен
кеңпейілділікке бай ететін осы қасиеттер екенін бəріміз де сеземіз,игерсек деп талпынамыз.
Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы кісілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез құлқы- тәрбие мен тәлім арқылы, тек
білім мен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының көрінісі болып табылады.Адамгершілік əр адамға тəн асыл қасиеттер.
Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, əдет – ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан
бойына сіңіреді.Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере
білсек, ол бала солай бола алады»,-дейді. Демек, шəкіртке жан - жақты терең білім беріп,
оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке
тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Рухани-адамгершілік тəрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның
əдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дəстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін жəне бағдарларын қалыптастыруды болжайды.Иманипедагогика осыған
жетекшілік жасауы тиіс.Өмірде түсе көрме қисық жолға, Қисық жол апарады терең орға
Түскен соң терең ордан шығу қиын Сондықтан өміріңді терең ойла.!( Қ.АБАЙ)
Адамның ақылы қалыптасқан кезден қандай да бір дін тазалығын ұстанып, сол
ұстанымын сеніммен қарауы, келешегі үшін маңызды болмақ. Қазақ халқы əуел бастан-ақ
қандай да бір дінге деген фанатикалық құлшыныс танытқан жоқ. Діни ұстаным халқымыз
үшін тіршілік пен салт-дəстүріміздің құрамды бір бөлшегі, тəрбиеміздің құралы болып
келді. Ы. Алтынсарин: «Ғылыммен қаруланған, дүниеге дұрыс көзқарасы бар адамдар діни
фанатизмнің күлін көкке ұшырады»,-деген.Дінді емес, діни фанатизмнің күлін көкке
ұшырады. Діни сауаттылық үшін алдымен тəрбие мəдениетімізді қалыптатырып алуымыз
қажет-ақ. Ол үшін Абай айтпақшы: «Адам болып туған соң, надан болмауымыз» шарт.Абай
тағылымында надандықтың екі негізі бар. Бірі –сауаттсыздықтан туындайтын қараңғылық.
Бүгінде қазақ ол қараңғылықтан арылған.Екіншісі – халық айтатын: «Әдептілік, ар-ұят –
адамдықтың белгісі, Тұрпайы мінез тағы жат –надандықтың белгісі» - мінездегі тұрпайылық. Бұл надандық – Абайдың пікірінше, - адам баласын қор қылатын басты нəрсе. Өйткені,
адам баласын қор қылатын қалған екі нəрсе-еріншектік те, зұлымдық та мінездегі қатыгездіктен туындаса керекті. Ізгілікке баулу қазақ ілімі иманипедагогика үшін мінездегі
қатыгездікті жою үшін қажет болып отыр.Ізгілікке баулу қазақ ілімі-махаббат педагогикасының бастауы болғандықтан иманипедагогика адам жанын ізгілендіру,осы заманғы
бағыт-бағдарын оған сүйене отырып анықтайды жəне заманауи əдеп,мінез,құлық əрекеттердің ұлттық үлгісін жасап жетілдіреді. Қазақ үлгісіндегі махаббат педагогикасы«сəбидің
43
45.
періште қалыбын» кір шалдырмай сақтайтын рухани азық.Осы азықтың шынайы табиғатыне? Жас баланың денесі өсіп келе жатқанда тамақты қаншалықты көп ішсе, оның рухына
да соншалықты көп азық керек. Себебі рухы азықтанбаса, бала жасына жетпей рухани
мешел, кеміске айналады. Сана – сезімі мен ой -өрісі өспей психикалық дертке душар
болады. Рухы таза жас бала жамандық атаулыны білмейді. Оның бойында күмəн мен күдік
атаулы болмайды. Ол барлық нəрсеге махаббатпен қарайды, əрі əр нəрседен махаббатты
іздейді. Егер өзіндегідей махаббатты тапса, рухы шаттанып, қуаттанып күш алады,
азықтанып өседі. Ал керісінше, əрбір көрген қиянаттан, əділетсіздік пен мейірімсіздіктен
рухына қаяу түсіп, көңіліне кірбің кіре бастайды. Ол ары қарай қорқақтыққа, қорқақтық үрейшілдікке ұласады. Ал бұлардың барлығына қарама –қарсы рухтың асыл қасиеті бар,
ол – сенім мен махаббат сезімі. Шынайы, таза махаббат сезімі рухтан туындайды. Рухтың
табиғатын сезетін адамда ерекше жаралған бір мүше бар, ол – жүрек. Оны рухани ілімдерде
үшінші көз деп те атайды. Ал Абай мен Шəкəрім аталарымыз оны : жүрек көзі, көкірек көзі,
ой көзі, көңіл көзі жəне ақыл көзі деп атайды. Рухтың бұл азығын ата-бабамыз махаббат
жылуы деген.Бұл шақта,жылы сөз,жайсаң көңіл,əдемі əуен,бала рухын асқақтатын сыртқы
ықпал керек –ақ.Бірақ оның бəрі айналып келгенде махаббат жылуына жетпейді.Әсіресе
əкенің ыстық ықыласына,ананың елжіреген махаббатқа толы мейірімді жүрегінің жылуына, ата-əженің зор мейіріміне, ағайын-туыстың жылы жүрегіне,айналасындағы барлық
жанның аялы алақанына тең келер еш нəрсе жоқ.Егер осы махаббат жылуы,ата-бабаның
үлгі өнегелік өсиетіне,тағылым дәстүріне,имани насихатқа ұласса сәбидің періште
пейілі ешуақытта кірленбейді,әрқашаш пәк сақталады.Бұл иманипедагогиканың
тәрбиелеу жолы.Осыны білетіндер тəрбиелеудің Аллаһ Тағала салған жолы, кейбіріміз
Абай жолы деп те жүрміз.Алайда айтқанымыз болмаса ұрпағымыз толығымен осы жолға
түспей жүр. Себебі,ұрпақ тəрбиелеуде көбіміз,европалық қайта тəрбиелеу немесе өзін-өзі
тəрбиелеу жолындамыз.Біздің сəбиіміздің бүгінгі ортасы имани орта емес,ласты орта!!!
Кəзір əлемде гумандық тезис,постулат, гуманитарлық тəрбие ұстанымы, тұжырымы,білім беруді гуманизациялау бағыты т.с.с.ресми жəне бағыт-бағдарлық құжаттар,
хадықаралық дəрежеде,əрі жекеленген ел шеңберінде жасалып салтанат құруда.Қазақтың
ғұлама ғалымдары,Ұлы Даланың ұлық ұстаздары кімге де қысылмай ұсынар өзіндік
өрнегін ой түйінін көсемсөз,көркемсөз үлгісінде ұрпағына мирас етті. «.Ізгілік-адамзат
үшін ең қажетті қасиет. Елдің басшысы ізгі болса,халқы да ізгі болады.Ізгілік-оң,ессіздік сол, жүзің -ар, оңың -ұжмақ, солың-тозақ, біліп ал. (Ж.Баласағұн) «Кісіге адамшылдық неге
керек?Адамдық- өзге айуаннан артық демек...Жаны ашып, жəрдем қылмай өткен адамӨсіп, өшіп құлаған бір бəйтерек».( Шəкəрім Құдайбердіұлы ) Абай дана: «Кiмде-кiм
аhиретте де, дүниеде де қор болмаймын десе, бiлмек керек:Еш адамның көңiлiнде екi
қуаныш бiрдей болмайды, екi қорқыныш, екi қайғы – олар да бiрдей болмайды. Мұндайда
екi нəрсенi бiрдей болады деп айтуға мүмкiн емес. Олай болғанда:Қай адамның көңiлiнде
дүние қайғысы, дүние қуанышы – аhирет қуанышынан артық болса – мұсылман емес.Ендi
ойлап қарай бер – бiздiң қазақ та мұсылман (ба) екен?..»Бұл бiрiншi жол, яғни, «осы дүниеге
керектiнi» емес, аhиретке керектiнi» алып, рух тазалығын тандайтын имандылық ықылымы,
адамгершiлiк жолы.«…Бiреудiң бiлгендiгiне –бiлместiгiн таластырып, бiреудiң бағына,
малына күндестiк қылып, ия көрсеқызарлық қылып, көз алартыспақ лайық па? Тiлеудi —
құдайдан тiлемей, пендеден тiлеп: «Өз бетiммен еңбегiмдi жандыр» -демей: «пəленшенiкiн
əпер» демек – ол құдайға айтарлық сөз бе? Құдай бiреу үшiн бiреуге жəбiр қылуына не
лайығы бар? Екi ауыз сөздiң басын қосарлық не ақылы жоқ, не ғылымы жоқ… Оның несi
адам?»Бұл – екiншi жол, яғни, имансыздықтың – азғындықтың жолы.Ал, ендi қай жолмен
жүретiнiңдi өзiң танда. [1;3]
.1.Қ.Абай., Қара сөздер А.,2014, 7,13,23.37,40,41с.с.
2. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 13-14б.
3.Рухани құндылықтар əлемі.əлеуметтік философиялық талдау.- (Нұрматов.С. Алматы:
ФСИ,2000.180б.
44
46.
Иманипедагогиканың негізі3.1§.Имандылыққа баулу ілімі
3.1.1§.Иманның ислами түсінігі жəне оның тəрбиедік мəні.
Дін дегенімізсенім-нанымның ұйымдасқан түрдегі жүйесі əрі рухани дəстүр. Сонымен
қатар ол Жаратушы жайында қалыптасқан жоғары деңгейдегі киелі ұғым.Дін-адам пайымының бүкіл əлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға жəне
өзінің ақыл-ойы мен сана-сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы, философия жəне
ғылыми ерекше өзіндік бір тұрпаты; адамзат қоғамын-дағы аса күрделі де маңызды
əлеуметтік-мəдени институт, ерекше қоғамдық сана жəне əлеуметтік құбылыс. Діннің
басты белгісі-адамның ақыл-ойы, сезім мүшелері қабылдай алмайтын болмыс түріне сену
жəне оны мойындау. Қазақстан Республикасының Конституциясында еліміздің зайырлы
мемлекет екені анықталған. Демек, заманауи шынай-ылықтағы зайырлы мемлекет
ұғымының мазмұны құқықтық, демократиялық құндылықтарға негізделген жəне сенім
мəселесінде дін өрісіне мүмкіндік беретін мемлекет ретінде тұжырымдалады.
Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды əлеуметтік-мəдени сана. Діннің
басты мақсаты – адамның рухани жетілуі жəне оның Жаратушы Құдайға сенімі. Ислам
философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз– əлемді байланыстыратын күшАлланың
барлығына сенім. Ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші
деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшы-лығы, қорқынышы Аллаға
арналады. Сөйтіп,шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы
болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне жəне күнəлі
істері үшін оның қарғысына ұшырайтынынамұсылман кəміл сенеді. Осы сенім –оны жаман
істерден тежеуші жəне дұрыстықтан,имандылықтан шықпауына себепші. Иманын
жоғалту адамның дінін жоғал-туына алып келеді. Діни тұрғыдан, дін-бүкіл болмыстың
түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп,
танып-білуге жəне адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын əдіс-əрекеттер мен бүкіл
дүниетанымды болмысты, толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Қазіргі ғылымның
зерттеулері бойынша дін қырық – елу мың жыл бұрынғы палеолит кезеңінде шыққан.
Аталмыш кезеңнің мəдениет ескерткіштері жан-жануарлар культі мен аңшылыққа
қолданған сиқыршылық белгілерін сақтаған. Сондай-ақ діни наным-сенімдердің
болғандығын сол ежелгі дəуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары жəне əшекей
бұйымдармен бірге жерлеу дəстүрінің белгілері де дəлелдеді. Діннің неғұрлым ертедегі
көріністері-сиқыршылық, тотемизм, ғұрыптық жерлеу культі жəне шамандық болып табылады. Құдайды тұлғалық Бастау ретінде мойындау қазіргі діндерден ислам, христиан,
иудаизм діндеріне тəн, ал будда, даосизм діндеріне тəн емес. Халықты қамтуы жөнінен
діннің тайпалық-ұлттық (мысалы, иудаизм) жəне ұлтаралық немесе əлемдік( буддадіні,
христиандық, ислам) түрлері белгілі. Әлемдік діндердің əрқайсысы түрлі ағымдар мен
конфессияларға бөлінеді. Мысалы, ислам дінінің сүнниттік, шииттік ағымдары, христиан
дінінің католиктік, православие жəне протестанттық конфессиялары бар. Дүние жүзі
халқының дені, негізінен, əлемдік үш дінді ( ислам, христиандық, будда) ұстанады.
Сонымен қатар, маркстік атеизм жəне бүкіл дін атаулыны теріске шығаратын басқа да
көзқарастар жүйесі ғылымда кейде шартты түрде теріс таңбалы діндер деп аталынады.Дінқоғамның ең қажетті жəне негізгі тармағы. Өзіміз өмір сүріп отырған ортадан дінді бөліп
қарау əсте мүмкін емес. Өйткені,дінсіз, бір Алланың бар екеніне сенімсіз қоғамда адам
баласының бойынан қорқыныш сезімі жоғалады. Ал жүрегінде қорқынышы болмаған
адамдар – ең қорқынышты орта, қорқынышты қоғам. Асылы текті бабамыздың «Құдайдан
қорықпағаннан қорық» деуі де сондықтан. Осы мəтелдің астарында үлкен мəн жатқанын
ұғынуымыз керек. Дін-Алла Тағаланың пендесіне берген ең үлкен нығметтерінің бірі. Дінді
тану – бір Жаратушының бар екенін тану. Таныған жаратушымыз кім десек, ол-күллі
ғаламның, барлық жаратылыстың иесі болған Алла тағала. Мейірімі шексіз Жаратқан иеміз
45
47.
адамзат баласын махаббатпен жаратты, басқа жан иелерінен артық етіп ақыл берді.Сондықтан ислам діні кейбір замандастарымыздың санасында қалыптасқандай дінтанушы-молдалардың ғана ісі емес, Алла тағаланың пендесіне берген, ақ пен қараны ажыратып, ақиқаттың жолына салатын ғажайып сыйы. Қараханид дəуірінде қанатын кеңге
жайып, қазақ даласына енген Ислам діні салт-дəстүр, таным-түсінігімізбен біте қайнасып,
болмысымызға етене жақын болды.Сондықтан кеңінен насихатталып, бірден тарады.
Осылайша, кешегі он екі ғасырдан аса уақыт ішінде Ислам мұсылмандығымыздың мызғымас діңгегіне айналды. Дін өзінің ақиқат болмысымен жақсылық жөніндегі шымшытырық түсініктерді бір ізге салып, оны бірден-бір тура жолға айналдыратын кемел
ілімге айналса, ақиқат өзінің дін ретіндегі көрінісімен адам жанына кір шалдырмай, оны
үздіксіз тазартып отыратын, оның мəңгілік табиғатын жалғандық қоспалардан аршып, оны
нұрландыратын нақты амалға айналады.Дiн мен мемлекеттiң түйiсер жерi –елдiң тұтастығы
жəне қоғамның ауызбіршілігі мен тұрақтылығы. Сондықтан, екi тараптың өзара бiрiгiп
əрекет ететін кеңiстiгiн, оның құқықтық тетіктерін уақыт талабына сай айқындап жəне
жетілдіріп отырудың маңызы зор.Жалпы дін туралы, оның ішінде ислам діні туралы
түсінігіміз жеткілікті деп айта аламыз ба? Өкінішке орай, қоғамдағы кейінгі кезеңде көрініс
тапқан келеңсіз оқиғалар керісінше жауап беруге мəжбүрлейді. Кейбір зерттеушілердің
пікірінше «қазақтардың діншілдігі «үстірт», «таяз», əсіресе жастар ислам дінінің негізгі
қағидаларын білмейді». Шындығында, мешітке барып намазға жығылып немесе үйінде бес
уақыт намаз оқып, ораза ұстайтындардың көпшілігі өзінің ислам дінімен байланысын
ұлттық дəстүрдің құбылысы ретінде қарайтындығы шындық. Қазіргі кезеңнің ерекшелігідінге сенем деушілердің көпшілігінің діни білімнің негізгі ұстанымдары, қағидаларын,
тарихын жете білмейтіндігінде.Дін-адам тарихының үлкен тағылым-тəрбиесінің бірі жəне
сарқылмас даналық көзі. Егемен ел болып қалыптасуымыз, мемлекетіміздің өсіп,
өркендеуінде діннің алатын орны зор. Өйткені, дін - имандылықтың, әділдіктің, сыпайылықтың, парасаттылықтың, көпшілдіктің, төзімділіктің кепілі. Діні, тілі жоқ
халықтың – болашағы жоқ.Сонымен қатар қоғам өмірінде діннің алар орны ерекше.
Өйткені, дін әдептілік қағидалары мен қоғам бірлігін, тәрбиелік жүйелерді
қалыптастыруда елеулі рөл атқарады. Адам дінге сенген соң, өзгелерге жəбір
көрсетуден, тəртіпсіздік жасаудан, ішімдік, есірткі секілді жаман əдеттерден бойын алыс
ұстайды. Дінсіз қоғамда тəртіпсіздік пен қылмыс етек жаятындығы белгілі.
Омар (Алла оған разы болсын): «Бір күні біз Алла елшісінің (С.Ғ.С.) қасында
отырғанымызда аппақ киімді, қою қара шашты, сапар шегіп келгендігі байқалмайтын жəне
оны бізден ешкім танымайтын бір адам келді. Ол Пайғамбардың (С.Ғ.С.) тізелеріне тізелерін
тиістіріп (қарсы) отырды да, қолдарын өз сандарының үстіне қойып: «Уа, Мұхаммед! Маған
Ислам туралы хабар бер», – деді. Алла елшісі (С.Ғ.С.): «Ислам дегеніміз – сенің Алладан
басқа ешбір құдай жоқ жəне Мұхаммед – Алланың елшісі деп куəлік беруің, намаз оқуың,
зекет беруің, рамазанда ораза тұтуың жəне жолына шамаң келсе, Үйге (Қағбаға) қажылық
жасауың», – деп жауап қайтарды. (Жаңағы адам): «Сен рас айттың», – деді. Ал біз оның
Алла елшісіне (С.Ғ.С.) сұрақ беріп жəне оны мақұлдап, растағанына таңғалдық. (Сонан соң)
ол: «Енді маған иман туралы хабар бер», – деді. Алла елшісі (с.ғ.с.): «Ол – сенің Аллаға
жəне Оның періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, Қиямет күніне, сондай-ақ тағдырға:
оның (Сонан соң): «Сен маған енді ихсан туралы айтып бер», – деді. Алла елшісі (с.ғ.с.):
«Ол- сенің Аллаһқа Оны көріп тұрғандай құлшылық қылуың, егер Оны көріп тұрғандай
бола алмасаң, Ол сені көріп тұр», – деді. (Сонан соң əлгі кісі): «Ал енді маған Сағат туралы
айтып бер», – деді. Алла елшісі (с.ғ.с.): «Ол туралы сұралушы сұраушыдан артық білмейді»,-деді. Ол: «Онда оның белгілері туралы айтып бер», – деді. Алла елшісі (с.ғ.с.): «(Қиямет
күні жақындағанда) күң өз ханшасын туады жəне жалаңаяқ, жалаңаш қой соңындағы
кедейлер биік үй соғуда бірімен-бірі бəсекеге түскенін көресің»,-деді. Сонан соң (əлгі адам)
кетіп қалды. Мен біраз отырдым. Бір кезде (Алла елшісі (с.ғ.с.)): «Ей, Омар! Сұрақ
қоюшының кім екенін
білесің бе?» – деді.
46
48.
Мен: «Алла жəне Оның елшісі біледі»,-дедім. (Сонда) ол (с.ғ.с.): «Ақиқатында, бұл –Жəбірейіл, сендерге діндеріңді үйрету үшін келді» – деді», – деген.(Бұл хадисті ұсынған
себебім,иман туралы ұғымды Аллаһ Елшісінің (с.ғ.с.) өз аузынан естігендей əсер қалдыру
ғой!)Сондықтан адам баласы Ұлы Аллаһқа иман етіп, оның мінезіне ұқсау керек. Жер
бетіндегі адам баласының Аллаһтың мінезіне ұқсауы - осы имандылық бастауы.
Пайғамбарымыз «Аллаһтың мінезінен үлгі-өнеге алыңдар»,- дейді. Осы үлгі алу мектебінің
негізі Құранда жатыр. Аллаһ Тағала Құранды адамдар иман етіп имандылық жасап,
толық адам шыңына жетсін, деп, түсірген. Міне, осы кітапты бізге жеткізген
Пайғамбарымыз болғаннан кейін, сол кітаптан ең көп үлгі алған да, сол болатын. Оның
мінезі жайлы Хазіреті Айшадан сұрағанда «Оның мінезі – Құран»,-деп жауап береді.
Негізінде Хазіреті Мұхаммед (с.а.с.) жайлы Аллаһ Тағала кітабында былай дейді: «Сен аса
ғажап көркем мінездесің»,-дейді. Бұл- имандылық.Имандылық-адамгершілік, ізгілік.
Құранда «Негізінен иман етіп ізгі іс жасағандар, намазды толық орындап, зекет бергендерге
Раббыларының жанында сыйлық бар» (Бақара, 2\277). Бұл аяттағы ізгі істер – имандылық.
Аллаһқа мойынсұну-иман, ізгі істер жасау арқылы Ұлы Досқа жақындау-имандылық. Міне,
бұлар діннің негіздері боп саналады. Осы иман мен имандылыққа айырқша көңіл бөлген
қазақ бұл екі ұғымды өміріне сіңірген. «Адамның пікірі қандай болса, зікірі сол», деген.
Атам қазақтың «иманды адам, иманмен қаптап қойғандай, иман таразыға салды, иманы
бетінде үзіліп тұр, иманы жолдас болсын» т.б. иманға байланысты сөз тіркестері оның терең
иманды болғанының белгісін білдіреді. Қазақ иман мен имандылықты Пайғамбарымыздан үлгі алып,ежелгі сенімділігін ұлғайтқан жұрт. Пайғамбарымыз былай дейді:
«Мен ең ғажап көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім», деу арқылы əлемдегі
имандылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен. Сондықтан да, Пайғамбарымыз
имандылықты жаю жолында өзі бірінші үлгі болған. Ол имандылық пен көркем
мінезділікте алдына жан салмайтын теңдесіз жан болатын. Ол бірде «Мені Раббым
тəрбиеледі. Әрі аса көркем түрде тəрбиеледі»,[6,10]-деген еді. Иман діни ұғым ретінде өз
мазмұнында көптеген құрамдас бірліктерден тұрады; тотемге сену, шаманға сену, көк
тəңірге сену, табиғат күштеріне сену, бұлардың ешбірі де иман емес, жай ғана
сенім.Имандылық, «иман» сөзіне қарағанда өте кең мағынаны бiлдiредi, дiн жəне дiни
ахлақтың бəрi де имандылыққа жатады. Құран, хадис, тəпсір, ақида секілді исламтану
пəндерінің түпкі мақсаты да адамды имандылыққа тəрбиелеу. Араб тiлiнде «иман» сөзi
жүрекпен қабылдау, сену, бiр нəрсеге немесе бiр хабарға iштей, шын көңiлмен сенiп, оны
мойындау деген мағынаны бiлдiредi. Иман сөздiктерде сену, қабылдау деген мағынаны
бiлдiрсе, дiни терминде:«Ұлы Алланың дінін жүрекпен қабылдап, Мұхаммед пайғамбардың əкелген нəрселерінiң бəрiне сенiп, оларды жүрекпен қабылдау» деген мағынаны
бередi. Ол нəрселер: Алла тарапынан келген, ислам дiнiнiң негiзiн құрайтын анық жəне
ашық түрдегі Құран немесе хадистерде бiлдiрiлген догмалар, принциптер. Бұларға сену
жəне оларды қабылдауды «иман», ал оларға сенген адамды «мүмин» дейдi. Нақтылықты
бiлдiрмейтiн шəк, күмəн сияқты ұғымдар «тасдиқ» дəрежесiнде болмағандықтан, олар
иманның ұғымдары ретiнде қаралмайды. Сондықтан да иман сөзi арабшада жай ғана сеніп,
қабылдау, яғни соқыр сенiм емес, керiсiнше иман, бiр нəрсенi шəксiз, шүбəсiз растау
дегендi бiлдiредi. Мұны араб тiлiнде «тасдиқ» деп атайды. Тасдиқ бiр нəрсенi күмəнсiз
қабылдау дегендi бiлдiреді де, бұл да адамның ерiк-қалауына негiзделедi.Иманды жай ғана
сенiммен түсiндiруге болмайды, онда сенiммен бiрге тасдиқ та бар. Дін мамандары тасдиқ
пен сенiмдi екi бөлек нəрсе деп қарайды, олардың араларында айырмашылық бар. Сену -ол
бiр сөздiң жəне хабардың дұрыс екендiгiн бiлу жəне оған илану. Бiлу де иманның
анықтауышы емес, бiлудi арабшада «мағрифа (таным)» дейдi. Бiр нəрсенi бiлу жəне оған
илану оны қабылдау емес, екінші бір сөзбен айтқанда, тасдиқ бiр нəрсенi бiлiп, иланумен
бiрге сол нəрсенi жүрекпен қабылдап, iштей ризалығын бiлдiру, оны ұнату, мойындау
сияқты көптеген көңiл процесстерiн қамтиды. «Иман болу үшiн жай ғана бiлу, яғни
мағрифет жеткiлiксiз, бiлу иманның баламасы емес, егер олай болғанда, басқа дiн өкiлдерi,
47
49.
сондай-ақ Мұхаммед пайғамбарды көрген жəне оның дұрыстығын бiлген көптеген адамдармүмин болар едi.Алайда олар оны бiлген,бiрақ қабылдамаған. Сондықтан да иман болу
үшiн, бiлу мен бiрге тасдиқ ету шарт».[6;10].Сүннет жолын ұстанушы мұсылман
ғалымдарының ұстанымы бойынша, «иман» жəне «ислам» -екеуi бiр нəрсе, өйткенi иманАлланың жариялаған əмiрі мен тыйымдарын қабылдау, тасдиқ ету.Ислам – оған
мойынсынып, құлшылық ету,ислам принциптерiне тəслiм болу.Сондықтан да иман исламнан бөлiнбейдi, араларында өзгешелiк жоқ. Басқа бiр көзқарастың тəпсiрлеуi бойынша,
иман-жүрекпен қабылдап растау, ал ислам сол жүрекпен қабылдағанды шынайы өмiрде
амалға айналдыру.Бұл жерде иман-теория түрiнде адамның жүрегiндегi сенiм, яғни дүниеге
деген көзқарас.Ал ислам сол иманның шынайы өмiрде көрiнiс табуы деп түсiнуге болады.
Бұл пiкiр бойынша иман жалпы, ал ислам жалқы ұғым.Ислам –Аллаға мойынсыну, оған
тəслiм болу, құлшылық ету, шындықтан айырылмау, салауатты жəне бейбiтшiл болу деген
мағыналарды бiлдiредi. Ал термин ретiнде ислам əзіреті Мұхаммед арқылы келген əлемдік
діннің аты.Сондай-ақ исламды«…Алланың Адам атадан бастап бүкiл пайғамбарларға тəлiм
еткен дiн ретiнде кең мағынада да түсiндiредi». Ислам, исламға кіру жəне мұсылман болу
ұғымдарына талдау жасалатын болса; оның астарында көптеген əлеуметтік жəне
дүниетанымдық мəн жатқаны байқалады. Ислам жай ғана тəслім болу деген мағынаны
білдірмейді, ол адамның бүкіл қоғамдық жəне жеке бас өміріндегі рухани сезімдерінен
бастап, іс-қимылдарына дейін бүкіл əлемнің жаратушысына тəслім болып, оның ерікқалауы бойынша өмір сүруі дегенді білдіреді.Құран Кəрiмдегі «иман» жəне «ислам» сөздері
бiр мағынада, бiр-бiрiнiң баламасы ретiнде, қолданылғаны белгілі.Мұны анықтайтын
бірнеше аяттар бар.Мысалы, Лұт қауымы жайында: «Ол жерден мүминдердi шығардық.
Дегенмен ол жерде мұсылмандардан жалғыз ғана үйден басқа ешкiмдердi таппадық».Мұса
(а.с.) елiне:«Әй елiм! Егер Аллаға иман келтiрген болсаңдар, сондай-ақ мұсылман
болсаңдар, онда Аллаға тəуекел қылыңдар» дедi. Жоғарыда берiлген екi аятта «иман» мен
«ислам» бiр мағынада қолданылған.Термин ретiнде ислам мен иман бiр. Араларында
айырмашылық жоқ. Өйткенi толық жəне кəмiл иман пайғамбардың жариялағандарын
жүрекпен қабылдау, тiлмен бекiту жəне iс-амалмен орындау арқылы болады. Иман
қаншалықты жүректiң бекiтуi болғанымен, олар шынайы өмiрде жемiсiн беруі қажет, яғни
бұл исламды қажет етедi. Ал иман болмай, ислам да болмайды. Өйткенi адам алдымен
жүрегiмен қабылдап, сосын амал етедi, тəслiм болады. Демек ислам мен иман бiрiн-бiрi
толықтырып кəмiлдейдi. Бұл екеуiн де жүзеге асырған адамды кəмiл мүмин дейдi. Қысқаша
айтқанда, мүмин болып, мұсылман болмау немесе мұсылман болып, мүмин болмау жоқ.
Яғни, барлық мүмин мұсылман, барлық мұсылман мүмин..Сенім – ислам дінінің негізі. Егер
ислам бір құрылым болса, оның іргетасы-ақида, яғни иман негіздері болып табылады.
Қандай да бір құрылыстың іргетассыз ұзаққа бармай жығылатыны белгілі болғаны секілді,
ақидасыз Исламның бой көтеруі, мұсылман сенімінің дұрыс болуы мүмкін емес. Ақида
діннің негізгі сенімін құрайды. Алла Тағала тарапынан жіберілген елшілердің уағыздау
жүйесі де алдымен бір Жаратушыға, сонан соң ақырет күні мен пайғамбарларға деген
сенімнен тұрады. Осыдан ақ сенімнің қаншалықты маңызды екенін пайымдауға болады.
Құран Кəрімдегі, əсіресе Меккеде түскен аяттарды зерделеп қарағанда сенімге байланысты
мəселелер басым болғандығы байқалады. Бұл да сенімнің маңыздылығын көрсетеді.
Адамның өмірі мен тұрмыс жайын, өмірге көзқарасы мен әрекеттерін жүрегіндегі
сенімі белгілейді. Сондықтан да шынайы, кіршіксіз бір сенімге ие болмай Алланың
ризалығын алатын амалдарды жасау неғайбыл нəрсеге айналады. Кəпір, мүшрік жəне
мұнафықтардың істеген
амалдарының Алла құзырында ешқандай да маңызы болмайтындығының басты себебі де осында жатыр.Пенденің бұл пəни дүние мен о дүниедегі
жағдайы оның ұстанған ақидасына (сенім жүйесіне) байланысты. Ақидасы дұрыс болса,
пенде құлшылығының арқасында адал ниетінің жемісін көреді. Ал ақидасы бұрыс болса
немесе иман келтірмеген болса, тура жолдан ауытқып қанша қайырлы іс-амалдар
жасағанымен олардың ақыретте пайдасын көре алмайды. Егер жүрегінде иманы болып, сол
48
50.
иман арқылы амал етпесе, онда ол кісі кəпір болмайды, тек күнəһар болады. Яғни, адамніңөмір сүру салты оның сенімнің көрінісі. Арасында тығыз байланыс бар. Сенім мен адамның
өмір сүру салтының арасындағы байланысты зерттеген ғалымдар моральдық мəселелер мен
адами құндылықтарға мəн берген.Әсілінде көркем мінез-құлық, ұят, ар намыс, қайырымдылық, сабырлық, кешірімділік, шыншылдық, адалдық секілді адам бойындағы жақсы
қасиеттерді ұғындырғанымен,исламдағы ахлақ жеке тұлғаның жүріс тұрысы немесе
қоғамдық қарым қатынас барысындағы күнделікті іс əрекеттерінің көрінісі мен нəтижесі
емес. Аталған көркем мінез құлықтар, адами жақсы қасиеттер ахлақтың бір бөлігі десек те
болады. Яғни ахлақ ұғымы ауқымдырақ келеді. Өйткені ахлақ исламның өзгермейтін,
мансұқталмайтын үш негізінің бірі. Ал бұл негіз Исламның ақида (сенім) жүйесі мен
құқықтық ғибадат негіздері жəне моральдық этикалық бастаулар. Олар пайғамбарлардың
келуімен, шариғаттардың ауысуымен өзгермейтін негіздер.Алла елшісінің (с.а.с.):«Иман
жетпiстен немесе алпыстан астам тарамнан тұрады. Оның ең абзалы (яғни, жоғары
дəрежесі) – Алла Тағаладан басқа тəңір жоқ деген куəлік беру. Ең төменi – жолдағы зиянды
нəрсені алып тастау. Ұялу (яғни сыпайылық) иман тармағының бірі»[ ] деген хадисінен
амалдардың жүректегi иманның сыртқы көрiнiсi екендігін түсінеміз.Иманның ахлаққа
қатысты жағы – иман мен амалдың өзара тығыз байланысынан туындайды. Тіпті бұлардың
өзара тығыз байланыста болғандығы соншалықты, кейбір ғалымдар амалды иманның бір
бөлшегі, екі жақтың бірлігін құрайды деп қараған. Алайда олар бір-бірлерінен нəр алып
бірін-бірі күшейтуші. Иман мен жақсы амалдар бір-бірін толықтырып, бірін-бірі күшейтеді,
бірінің кемелденіп күшеюі екіншісіне тəуелді. Иман амалдарға, амалдар да иманға əсерін
тигізеді. Сондықтан да құлшылықтар, жақсы амалдар, көркем əдептер иманды күшейтеді.
Ал мұндай амалдардан алшақ иман жүректе жасырын қалып, еш жерден толықпай əлсіреп
қалады. Тіпті жаман іс-қылықтар, күнəлар арқылы жүректегі иман сөніп, жоғалуы да
мүмкін. Ислам ахлағы бойынша мұсылман əрқашан Алла дана, ол ненi бұйырған болса, сол
жақсы, жəне солай қажет, ол ненi тыйым салған болса, ол жаман, оны орындамау қажет деп
бiлуi керек. Дiннiң талаптарын, мысалы парыз қылған нəрсесiн орындамаған – күнəһар
болады, бiрақ иманнан шықпайды. Ал егер де сол парыз қылынған нəрсенi менсiнбей дұрыс
емес деп тапса, иманнан шыққан болады.Шынайы иманның жемісі – имандылық .
Имандылық-адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуші қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі.Діннің құдіретін түсіну үшін біз ең алдымен, «дін» деген не? Оның
міндеті мен мақсаттары деген сұраққа жауап бердік.Сонымен, «дін» деген не, оның міндеттері мен мақсаттары қандай? –дегенді, дін ілімін зерттеушілердің сөзімен түйінделік. «Дін»
– деген тәрбие. Мыңдаған жылдар бойы дін адамды дұрыс жолға, ақиқат жолына, адалдық
жолына жетелеп келеді. Діннің осы міндетін əбден зерттеген дүниежүзі ғалымдарының
еңбектерін қорытындылай келіп, діннің негізгі үш міндетін бөліп алып, дін: 1. жоқтың
орынын толтыру үшін адамға өзіне деген сенім мен қосымша күш беру үшін;2. күн көру
үшін өз беттерінше жеке-жеке, шашырап жүрген адамдарды біріктіру үшін, бір ортаға
бағындыру үшін;3.сол алғашқы қоғам мүшелерінің барлық іс-қимылдарын бір жүйеге
келтіріп, басқару, бақылау үшін қажет болды, делінеді. (13. А.С. Васильев. История религии
Востока. С-Петербург. 1997).Осылардың барлығының басын қосып келгенде – діннің
негізгі мақсаты мен міндеті адамды тәрбиелеу, оған дұрыс жол – құдайдың жолын
көрсету, оған сенім мен күш беру-деп білген дұрыс.Кешегі бейіштен қуылған жанның
саналы адамға айналғаннан бері қарай дін адамды тәрбиеледі, оның көзін ашты,
жамандық пен жақсылықтың, ақ пен қараның аражігін ашып берді. Адамның
табиғатпен тіл табысып, күн көруіне, одан көп дүниені үйренуіне, әсіресе,
табиғаттың заңдылықтарын, құбылмалылығын, небір жағдайларды дұрыс қабылдап,
оған төзе білуге, кездескен қиыншылықтарды бірлесе жеңе білуге үйретті. Ойын
қалыптастыруға, барынша кеңейтуге, жадын нығайтуға, нені болса да ойлап істеуге
үйретті. Адамның мінезін бір жүйеге келтірді. Оған дүниедегі өзінің орнын көрсетті.
49
51.
Дін адамдардың ойларын биледі, адам сияқты өмір сүруге үйретті, оның рухын оятты.Дін – адамды оқытушы, оған күш беруші ғана емес, дін-адам мен Құдайдың (Алла тағала,
Жасаған, Жаратқан) өзара байланысы арқылы, адамды жақсылыққа қарай бастаушы, тіпті,
қажет болған жағдайда адамды Құдайдың атымен қорқытып, оны дұрыс жолға салушы.
Қазіргі педагогика ғылымында имандылық тəрбие туралы мəселе көтеріліп жатқанымен
оның теориялық негіздемелері əлі қалыптаса қойған жоқ деседі.Біз бұған келісе алмаймыз.
Имандылық тəрбиесінің теориялық негіздерін жасап, жас ұрпақгы имандылыққа баулудың
практикалық жолдарын анықтау қазақ педагогикасында ертеден бар.Сонымен бірге, ислам
дініне бой ұсынуымыз дəстүрлі мəдениетіміз бен дүние танамымызды ығыстырып,
схоластика мен мистиканың бел алуына ұрындыруы мүмкін деген күдік те бар. Сөйте тұра,
республикамызда мешіттер болғанын, медреселердің ашылғанын қалаймыз. Өйткені, ислам
дінінің де исламдыққа, сауапшылыққа, биік адамгершілікке насихаттайтын ықпалы
қасиетін, сонымен бірге ұлтаралық ынтымаққа дəнекер бола алатын қасиетін мейлінше
икемділікпен бүгінгі өмірімізге жарата білуіміз қажет. Сонда ғана ұлттық рухты, этникалық
ерекшелік пен рухани қазыналар жүйесін сақтап қалуға, оны келесі тарихи кезеңдерге
өркендетуге мүмкіндіктер туады.Негізінде, Аллаһ Тағаланың адамды жаратудағы негізгі
мақсаты осы иман мен имандылық. Кешегі қазақтың «иман» ұғымы жөніндегі дəстүрлі
түсінігі осындай болатын. Тек қазақ халқы ғана емес, исі Орталық Азия мұсылманары.
Иманның ислами ұғымы: «иман» дегенде ең алдымен жүрекке бекіген сенімді, сол сеніммен
тəрбиеленген көркем мінез-құлықты, сол мінез-құлықтың жемісі болған, отан мен отбасын
береке-бірлікке ұйытқан ізгі істерді түсінетін. Пендеге адами құндылықтарды құрметтеу
өте маңызды.Алайда сол құндылықтардың мəн -мағынасын біліп,үнемі еске ұстау иманмен
тікелей байланысты.Адамда иман болмаса, істеген жақсылығының жалғасы да болмайды.
Екінші жағынан көркем мінез жүрек тазалығының нəтижесі.Жүрек тазалығына тек қана
тұнық иман арқылы жетеміз.Қазақ жұрты сан ғасырлық ғұмыр тарихында,ата-тектен
ұласып келе жатқан,сенім нанымын, ислам дінінің имани ұғымымен үйлестіріп,əр
дəуірде,əр кезеңде қазақи имандылық дəстүрін қалыптастырды.Осы дəстүрлік ұғымның
мағынасын саралап көрелік.
3.1.2§.Иман туралы ұлттық ұғым жəне ғұламалар пайымы
Қазақ халқының ата-баба дəстүрінде имандылық тек діни сенім емес, ол сондай-ақ,
ұлттық психологиялық салтқа, халықтық ерекшелікке айналған құбылыс. Халқымыздың
түсінігінде иман сөзінің аясында сенім мағынасымен қатар, барлық адами асыл қасиеттерді
(ұят, ар-намыс, сабырлық, жомарттық, шыншылдық, адалдық, мейірімділік, кішіпейілділік
т.б.) қамтитын түсініктер көрініс тапқан. Имандылық тəрбиесі-бұл қазақ педагогикасында
дəстүрге, əдет-ғұрыпқа, байсалды мінез-құлыққа айналып адам баласының өмір заңдылығы, жарғысы болып қалыптасқан.Имандылық тəрбиесі-адами қасиеттер жиынтығы
кісі бойына қаншалықты сінгендігін, педагогикалық іс-əрекеттің нəтижесін көрсетеді, əрі
бұл іс-əрекеттің жүрілу дəрежесін, пəрменін айқындайды.Жағымды қасиеттердің адамның
рухани, психикалық дамуына зор əсер ететіні белгілі. Солардың ішінде өз Отанын сүюшілік
оны жан-тəнімен қорғау, халқына берілгендік–адамның өмірінде өшпейтін, имандылық
қасиеттердің бірі.«Иманды» деп қазақ жүректегі «Құдай бір, пайғамбар хақ» деген берік
сеніміне қоса терең адамшылық қасиетке ие, ізгі мінез-құлықты жанды ғана атаған.
«Жүзінен иманы төгілген» деп жүректегі жылуы жүзінен танылатын нұр келбетті
жандарға сүйсінген. Мұндайда ол адамның бес уақыт намазын оқитын-оқымайтыны, басқа
мұсылманшылық парыздарын өтейтін-өтемейтіні, яғни сенімін амалмен дəлелдейтіндəлелдемейтіні негізгі өлшем болып саналмайды.Бұл мұсылманшылық парыздардың
ұлтымыз үшін маңызы кем болған дегенді білдірмейді. Дегенмен қазақ қашанда
жүректегі иманды басты орынға қойған, ішкі сенімі берік, ниеті түзу адамның
мұсылмандығына шүбә келтірмеген. Бұл орайдағы қазақы пайымдаулар ханафи мəзһабы
ғұламаларының тұжырымдарымен толық үйлеседі. «Сырт тазасы не керек,Тазарт əуел
ішіңді» деп риякерліктен, тыйған, бабаларымыз бес уақыт намазын қаза етпегенімен, өз
50
52.
нəпсісіне ие бола алмаған адамды көрсе, «имансыз» деп айыптаған.Яғни атамыз қазақалдымен сырт пен іштің бірлігін пір тұтқан, «иман» ұғымының жан тазалығынан бастау
алуын қамдаған, көркем мінез-құлықтарды кемелдендіру үшін келген Пайғамбарымыздың
ар тазалығына негізделген имани іліміне адал болған. Содан кейін барып ниет пен
амалдың бірлігін өсиет еткен.Қазақта имандылық сөзі,кісілік,ізгілік қасиеттерді
білдіреді. Қазақ дінінің |менталдығының| тірегі, ұлттын рухани болмысының маңыздысы –
имандылық. Имандылық концепті – тілімізде көптеген ұғымдарды біріктіретін, жинақтайтын жалпы түсінік. Ар, ождан, ұят, шын, шындық , намыс, жүрек, жан, тазалық , әділет,
мейрім-имандылық концептісінің тірек ұғымдары. Шəкəрім философиясының негізі –
имандылық (22;23).Шыннан асқан Құдай жоқ, Анық Құдай – Шын Құдай, Ұқпай қалма
алаң боп,Шын болмаса , кім Құдай?Бұрын шын бар, бүгін шын,Ертен шын бар-үш
бөлек.Керегі жоқ бұлардың ,Бұзылмайтын шын керек,- Шын Алланы мадақ етіп, Шынға
ғашық болған ақын бұл пəнидін қызығына көнілі толқитындардың Шыннан алыс екенін де
нақты ескертеді.А Құнанбаев он үшінші қара сөзінде: «... Иман деген – Алла табаракка уа
тағаланың , шəриксиз , ғайыпсыз , бірлігіне, барлығына уа əр түрлі бізге пайғамбар-ымыз
(с.ғ.с.) арқылы жіберген жарлығына , білдіргеніне мойын ұсынып , инанмақ . Енді бұл иман
дерлік инануға екі түрлі нəрсе керек. Әуелі – не нəрсеге иман келтірсе , соның хақтығына
ақылы бірлəн дəлел жүргізерлік болып ,ақылы дəлел – испат қыларға жараса, мұны якини
десе керек. Екіншісі – кітаптан оқу бірлəн яки молдалардан есту бірлəн иман келтіріп , сол
иман келтірген нəрсесіне соншалық берік боларға керек. Біреу өлтіремін деп қорқытса да ,
мың кісі мың түрлі іс көрсетсе де , соған айнып, көңілі қозғалмастай берік болу кетрек. Бұл
иманды иман таклиди дейміз.Енді мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл,
босанбас буын керек екен . Якини иманы бар деуге ғылымы жоқ, таклиди иманы бар деуге
беріктігі жоқ, я алданғанға, я азғырғанға, я бір пайдаланғанға қарап, ақты қара деп , я қараны
ақ деп ант ететұғын кісіні не дейміз? Құдай тағала өзі сақтасын. Әрнешік білмек керек,
жоғарғы жазылмыш екі түрден басқа иман жоқ. Иманға қарсы келерлік орында ешбір пенде
Құдай тағала кеңшілігімен кешеді – дағы демесін, оның үшін Құдай тағаланың ғафуына яки
пайғамбарымыздын шафағатына да сыймайды, мүмкін де емес «Қылыш үстінде серт жоқ»
деген, «Құдай тағаланың кешпес күнəсі жоқ» деген жалған мақалды қуат көрген мұндай
пенденің жүзі құрсын.» Абай дін туралы: «Алланың өзі де рас , сөзі де рас,Рас сөз
ешуақытта жалған болмас.Көп кітап келді Алладан , оның төрті Алланы танытуға сөз
айырмас»-дегн,түсінікте болған1;2;32;54)Имандылық сөзі иманнан шыққан. Иман жүректегі нұр, имандылық соның сыртқы пішіні. Имандылық-Аллаһ Тағалаға иман еткен
адамнан туған көркем мінез. Имандылық мінезі əрбір мұсылманның бойынан табыла
бермейді.Атам қазақтың адамгершілік ұғымын имандылық сөзімен беруінде ерекше мəн
бар. Өйткені, адамгершілік пен имандылық арасында үлкен айырмашылық бар.
Адамгершілік – барлық адамның бойында бола алатын адамның адамдық болмысынан
(кісілігінен)туған қасиет.Имандылық əлемнің Жаратушысы, Ұлы Досына деген иман
атты сүйіспеншілігінен туған аса ізгі кісілік қасиет. Яғни, əрбір имандылықта
адамгершілік бар болса да əрбір адамгершілікте имандылық болмауы бек мүмкін.
Сондықтан қазақта имандылық - ауқымы аса кең үлкен пəлсапалық ой-толғамға ие, ерекше
мəнді ұғым. Атам қазақ иманын - өз болмысының тірегі мен ар-ожданның асыл тас ақиқаты
деп ұққан. Сол себепті атам қазақ жүректен иман шыққаннан кеудеден жан шығуды артық
санаған. Оған атам қазақтың мына сөзі куə: «Малым жанымның садақасы, жаным арымның
садақасы». Бұл жерде атам қазақтың «арым», деп, отырғаны - иман. «Ұят кімде болса, иман
сонда», деуі де, содан қалған. Ар-ұятын сатқан жанға «иманын сатты», арсыз жанға
«имансыз», деген сөзбен түйреген. Қазақта мұндай сөз тіркестері толып жатыр. Бұл – атам
қазақтың аса иманды момын-мұсылман жан екендігінің белгісі. Яғни, қазақ бар жақсылық
ұғымды иман сөзімен, бар жамандық ұғымды имансыз сөзімен айқындаған.Қазақ əрқашан
Ұлы Досына беріктігін көрсеткен. Иə, қазақ шыр етіп дүние келген баланың құлағына азан
айтып, ажалы жетіп бұл жалғаннан озған жанның да жүзін құбылаға қара51
53.
тып, жаназасын оқып Ұлы Жаратушының жарлығын бұлжытпай орындауға тырысқан.Құранда сол Ұлы Дос: «Маған берген уəделеріңді орындаңдар, мен де сертімді орындайын.
Жəне Менен ғана қорқыңдар»,-дейді (Бақара). Міне атам қазақ шексіз ұланғайыр далада еркін
де азат ғұмыр кешіп, сол Ұлы Досына деген уəдесін орындауға тырысып, тек Жалғыз
Жаратушыдан ғана қорқып тағзым етіп, басқа жаратылыс атаулыға бас имеген. Аллаһқа
тағзым етіп одан ғана қорыққан бөгделерден қорықпас. Ал, Құдайдан қорықпаған, оған бас
имеген сөзсіз бөгделерге бас иеді. Бұл айнымас шындық. Жаратушы адамды жаратқанда
өзіне қорған тілер етіп жаратқан. Қазақта орынсыз қорыққан жанға «иманы қалмады»,
«иманы ұшты», «иманы түршікті», деуі, соның дəлелі. Яғни, «қорықсаң, бір Құдайдан
қорық, бөгдеден қатты қорқу, иманды адамға жараспайтын қылық», деген. Иманның
ислами түсінігінің қазаққа тигізген ықпалымен көне наным үйлесімдігі, Ғ.Мүсіреповтің
мына белгілеуінен өте айқын аңғарылады.«Ғажап нəрсе-бүгінгі қазақтың əдет-ғұрпында
əруаққа, отқа, суға табынатын əдет сақталған. Мысалы:а)Жазғұтырым бие байлағанда желі
қазықтарға айран құяды. ə)Алғаш күн күрекірегенде ожаумен киіз үйді артынан, жабық
тұсынан айнала сабалайды.б)Қыз ұзатарда «Отқа құяр» деген кəде бар. Соған құрмандық
ретінде мал сойылады.б)Қазақтың əдет-ғұрпына өшпейтін əсер еткен Ислам діні.Әдеп,
инабаттық, сыпайылық дəстүріне Ислам көп нəзіктік қосқан.Адам баласы бірдемеге сенбей,
арқа сүйемей тұра алмайды.Сол сенімнің аты – Дін. Ең арғысы саяси сенім дегеніміздің өзі
халықтың басым көпшілігі үшін дін.Қадір-қасиет жағынан қарағанда діннен төменірек,
сенімділігі болса, табанды-тұрақты емес нəрсе. Менің атам Кежімбай Мүсіреп баласы бес
уақыт намазды қалдырмай оқиды. Мен молдадан үш жыл оқығаннан кейін атамның оқитын
дұғаларын тексерсем, бір дұға білмейді екен. Жығылып-тұрудың бес уақыт намазда қанша
екенін біледі, неше рет қол жайып, иек сипағанды біледі. Бірақ, бір дұға түгіл, бір ауыз
арабша сөз білмейді.Дегенмен, атам намаз оқығанда мен атамның түсіне ылғи қарайтын
əдетім болды. Намаз үстінде атам керемет ажарланып кетеді. Атамның мұндай ажарлы,
мұндай мейірімді, мұндай таза кескінін мен күнделікті бір көрген емеспін. Ол Құдайға шын
жалынып тұр. Күнделікті қандай күнə жасап алғанын мойнына алып, енді кешірім сұрайды.
Соған бет алғанда-ақ ол тазаланып, ажарланып кетеді.»[5;6 ] Ал қазіргі буын осы дəстүрлі
түсінікті біле бермейді. Өкінішке орай, бүгінгі буынның шетін көзқарасқа еліткен бір бөлігі
«иман» десе сенімін сыртқы амалмен-бес уақыт намазбен дəлелдеуді ғана түсінеді,
Жүректегі иман, көркем мінез-құлық, ізгі амал-иманның негізгі көріністері екенін ұмытқан
жастар намаз оқымағаны үшін ғана ата-анасын «кəпір» санап, шариғат заңымен
басқарылмағаны үшін ғана діни сенім бостандығын қамтамасыз ететін зайырлы мемлекетті кəпірге шығаруда. «Кəпірстаннан ислам мемлекетіне хижра жасадық» деп алданып,
жат жұртқа ауа көшіп, «шəһид боламыз» деп шатасып, құдай жаратқан жанына қол салып,
мезгілсіз, мəнсіз қазаға ұшырауда. Бір ғана «иман» ұғымының дəстүрлі түсі-ніктен ауытқуы
осындай зардапты салдарға соқтырып отыр Бұрынғы дуалы ауыз аталарымыздың сөйле-ген
сөздері мен істеген амалдарынан имандылықтың желі есіп тұратын. Жас адамды имандылыққа баулу үшін олардың ар-ұятын оятып, намысын қайрап, мейірімділік, қайырымдылы, кішіпейілділік, қамқорлық, адалдық, ізеттілік сияқты əдептік-психологиялық
қасиеттерді олардың бойына сіңіру-əрбір отбасының, балалар бақшасы мен мектептің,
жоғары оқу орындарының парызы.Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік
етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық,
əдептілік пен арлылық, инабаттылық тəрізді маңызды мəселелер имандылықтың маңызды
құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет
көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған.Қоғамда берік
қалыптасқан осындай көргенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп,барша адамгершілік қағидалардың, имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған.
Бойына адамершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты “көргенді” деп, жүрегінен нұр,
өңінен жылу кетпейтін, əрдайым жақсылық жолын ойлайтын, əр істе əділдік көрсететін
адамдарды “иманды” деп атаған. Адамгершілік пен имандылық.Бұл егіз ұғым адамзат
52
54.
тарихында қатар өмір сүріп келеді.Адам-өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен,адалдығымен жəне əділеттігімен ардақты.Халқымыз қайырымды-мейірімді жанды «кісілігі
мол адам» деп дəріптеген. Қайырымды, мейірімді жан – өзгелерді, басқа адамдарды ойлап,
соларға қол ұшын беруші жан.Ал, адамдардың қамын жеу дегеніміз адамгершілікке келіп
саяды. Адамгершілік-адамның рухани арқауы.Мұны адамгершілік туралы айтылған мақалмəтелдерден байқауға болады. Адамның ұяты бетінде, Адамгершілігі ниетінде Асыңа
тойғызбасаң да, Ақ ниетіңе тойғыз.Су бермегенге, сүт бер, Ақ ниетіңді білсін.
Адамгершілік болмай,Әділдік болмас Кең болсаң, кем болмайсың. Кішіпейілділік – кісінің
көркі. Ақылың болса, арыңды сақта, Ар ұят керек əр уақытта.Ынсап, ұят, терең ой -Асыл
зейнет ойлап қой.Өз қадірің-өз байлығың, Ары таза, нар жүгін көтереді. Адамгершіліктің
негізі мінез - құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Руханилық жеке тұлғаның негізгі
сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят,
өзін-өзі бағалау жəне адамгершілік сапалары-дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке
шақырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дəрежесі оның мінез-құлқы мен іс
əрекетін анықтайды. Өйткені адамдардың өмір сүруінде сенімділік пен турашылдық
айрықша маңызға ие. Дінге сенуге байланысты бұл ұғым халық арасында əдептіліктің, яғни
адамгершіліктің мəнін беретін ұғыммен ұштасып, əлеуметтік əдептілікті көрсететін мəнге
ие болды. Өмір заңдылықтарына айқын сеніммен қарап, адамгершілік рәсімдері мен
уәждерін, міндеттері мен мақсаттарын бұлжытпай орындайтын ақ ниетті, адал
жүректі, көпшіл адамды-иманды адам дейміз. Иманды адам-айналасындағыларға жəне
бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлайды, оларға мейір-шапағатын төгіп, жанашырлық,
қамқорлық жасауға əзір тұрады, əркімге əдеппен, ізетпен, инабаттылықпен қарайды.
Сондықтан да иманды адамды бет бейнесінен танып, халық оны иман жүзді адам дейді.Егер
бұл екі сөздің беретін мағынасы іс жүзіне асса əрбір адам, қоғам, мемлекет баянды,берекелі
өмір кешкен болар еді.Осы негізде «Мəңгілік Ел» қалыптасар еді. Мұндай сипатқа қоғамды,
жалпы жұртшылықты ие қылу, əрине оңай шаруа емес. Әлбетте,көп уақыт алса да , бұл
сипаттарға қол жеткізуге болады. Халқымыз сырт көзбен емес, жүрекпен ұғатын
адамгершілік құндылықтарды жоғары дәріптеген. Имандылық, әділеттілік, ізгілік,
мейірімділік мұраттарын терең игеруге күш салған. Мал -мүлкінен, дəулетінен иманын
жоғары бағалаған қазақ «Ер жігіттің үш байлығы бар: бірінші – иманы, екінші –
ырысының тұрағы, үшінші – дәулетінің тұрағы» деп аталы сөз қалдырған. Имандылық
қасиеттің сырына тереңірек үңілетін болсақ, қазақ халқы имандылықтың үш негізін
өздеріне тірек еткен.Ол, біріншіден, наным-сенім, дін. Тілімізде иман сөзіне қатысты иман
жүзді, иманды адам, иманы бар т.б. бірнеше тіркестер бар. Иман сөзі - « اإليمانəл- Иман»
араб тілінде «сенім» деген мағынаны береді. Яғни, иман келтіру, шын болмысымен сену,
илану.Аллаһтың жалғыз екендігіне,оның пайғамбарларына, түсірілген кітаптарына, ақырет
күніне шынайы сенуді білдіреді.Ислам дінін мақұл көріп, шариғат заңдылықтарын салтдəстүрімен қию-ластырып, салиқалы өмір салтын қалыптастыруғам талпыну арқасында,
бүгінде жаһандан-удың бет қаратпайтын жойқын желіне жұтылып кетпей отырғандығымыз
соның дəлелі бола алады. Қанымыз да,тегімізде бар имандылықты қаншама тұншықтырып
жатса да, көкірек көзін ашып жіберсе, қайтадан өз биігіне көтерілері анық.Бірақ, бүгінгі
тəрбиеде- жетпей жатқан нəрсенің нақ басында осы имандылық тұр«Тура биде туған жоқ,
туысты биде иман жоқ” деп, халық иманды адамның əділетті, шыншыл болатынын
уағыздайды. Халқымыздың қонақжайлылығы, кең пейілдігі, көпшілдігі, дос көңілділігіəлеуметтік имандылықтың белгісі.Имандылық дәстүрін қастерлей біліп, иманды адам
болу-кісілік борыш.Иманы кəміл адам мейірімді болады.Мейірімділік-адам бойындағы
қасиетті сезім. Ата мейірімі, əке мейірімі, ана мейірімі, отбасындағы адамдардың бір-біріне
деген мейіршапағаты-əдептік əсем құбылыс, түйсікті баурап алатын түсінік, ұлағатты ұғым,
адамгершіліктің асқар шыңы. Мейірім адамның мерейі үстем болу үшін, ол ойлаған
жақсылық, əсерленген əдептілік, жақсыкөрген адамдарының жан саулығы мен ден саулығы
оны қуанышқа бөлеуі тиіс Яссауи ғұлама:«Махаббат дəмін татпаған, жар сүйіп, қызығын
53
55.
көрмеген, үйін ойлап дүние таппаған, ойсыз-қамсыз шайтандыққа бой алдырғаннан иманқашады.»Халқымыз ұрпағын мейірімділікке тəрбиелеп, қатыгездіктен қашып, қаталдықтан
сақтандырып отырған. “Көпті жамандаған көмусіз қалады” деп, халқымыз мейірлі болу-өз
халқын сүю, бірлікшіл болу екенін уағыздайды.Мейірімділік рəсімдері бата беру, байғазы
бру, базарлық беру, көңіл сұрау, көңіл айту, жұбату т.б. жөн-жоралғылар арқылы іске
асырылады..Біз,мұсылман халықтары, көбіне-көп Пайғамбарымыз өмір сүрген заманнан,
сол бақыт ғасырынан үлгі аламыз. Мұсылманшылық келмей тұрып,Араб түбегіндегі бүкіл
дүниеде бұл сөздердің мағынасына аса мəн берілмейтін,тіпті қоғам бұл сөздердің беретін
мағыналарына қарсы мағынадағы амал-əрекеттерге толы болатын. Сол кездің өзіңде, əлі
Пайғамбарлық келмей тұрып-ақ Мұхаммед əрбір ісімен жұрттың назарын өзіне аударып,
турашылдығы мен əділдігі жəне сенімділігі арқылы «тура, дұрыс,сенімді адам» деген
бірнеше мағына беретін «мин» есімін алған болатын. Көпшілік оны «Мұхаммедулəмин»
деп атайтын. Ислам діні қазақ даласына келіп жеткенше де,пайғамбарымыздай үлгілі
адамгершілігі мен имандылығы басына қонған,тура да əділ,иман жүзді, сенімді,ру
тайпаның, ұлт қауымның ұлағатты үлгі өнегесі болған абыз-ақын,хан-қаған,батырер,шешен-би,сал-сері,дана ана мен ата қаншама адамдар өмірден өтті.Солардың қазақ
халқына қалдырған асыл рухани мұрасын исламның имандылық қағидалары мен
ұстындарына етене араласып,тонның ішкі бауындай қабысып тамаша табысқа жеткендігіне
тарих куə. Адамдар қай дініне, қай ұлттан, қандай тектен шықса да Ислам діні олардың
бəріне бірдей қарайды жəне өмірлерін баянды өткеру үшін белгілі тəртіпке, қағидаларға
сүйенеді. Исламдағы тəртіптің адамзат үшін еш зияны жоқ. Жоғарыда атап өткен сөздердің
беретін мағыналарын адам саналы түрде ұғынып, көңіліне орнықтыру жəне өмірге енгізуі
тиіс. Сенімділіктің беретін мағынасы: аманатты, яғни адамға берілген материалдық жəне
рухани игілікті қорғау, оларға игілік ете алу дегенді білдіреді.Әрине, бұл сипаттың адам
бойында қалыптасуы адамға материалдық жəне рухани жағынан белгілі бір күштің,
қуаттың əсер етуімен болады.Адам əрдайым бақылауда екеніне, əрбір жасаған ісі үшін
жауап беретініне сенуі тиіс. Біреудің өзіне жасаған жамандығына қиналатыны сияқты,
өзінің біреуге қиянат жасамау керектігі бойына сіңу қажет. Бірақ мұндай əдеп нормаларын
зорлықпен қабылдату да мүмкін емес. Әрбір адамның басына бір күзетші қойсаң да, бар
адамды сабаздық пен сенімділік аясында тұрақты, əрдайым ұстай алмайсың.Әркімнің жауапкершілігі өз ұжданында ғой! Осындай көзқарасты қалыптастырмайынша, ол халықта, ол
қоғамда ешуақытта ілгерілеу болмайды. Адамгершілік-ол рухани жетістіктің жоғарғы
сатысы əрі имандылықтың көрінісін білдіреді. Қайсібір ұлт оқу-тəрбиеде, ұрпақ өсіруде,
əдет-ғұрпында дінін сақтайтын болса, сол ұлттың болашағы да зор болмақ. Ұрпақ өнегелі
тəрбиеленетін болса ұлтына деген сенімі нығая түседі. Адамның іс-əрекетінің, сөзінің тура
болуы тек тəрбие арқылы ғана санаға əсер етіп жүзеге асырылады.Сенім мен турашылдық
егіз ұғым. Адамдардың бойында бұл сипаттарды қалыптастыру сенім, намыс пен иман
арқылы жүзеге асады. Көңілінде иманы, сенімі бар адам жалған сөйлемейді, алдамайды,
аманатқа қиянат жасамайды. Иман адамға өтірік айтқызбайды,өзгені алдап, мал табудан
сақтандырады. Тəрбиелі, сенімі бар адам,Алла тағала мені əруақытта көруде деп ойлайды.
Сондықтан жамандық ойламайды, өзгенің мүлкіне қол сұқпайды, қиянат етпейді. Жұрттың
өзін сыйлауы үшін алдымен өзі өзгеге құрмет етеді. Мұндай имандылықтың жолдары
мұсылмандылықтың бес парызын толық орындау барысында жүзеге асатындығын бүгінде
иманжүзді, мол адамгершілік сипатқа ие болғандар дəлелдеп отыр. Адамның нəпсісібойдағы пендеге тəн құмарлық сезім. Жалпы адамның адамгершілік шыңына жетуінің
негізгі көрсеткіші мен имандылығының қалыптасуы -өзінің нәпсісіне ие болуы. Бабаларымыздың қастер тұтып, атадан балаға аманаттап, жүрекке дарытып келген асыл қасиеттері
көп-ақ.Халқымыз сырт көзбен емес, жүрекпен ұғатын адамгершілік құндылық-тарды
жоғары дəріптеген.Иман-қазақ халқының рухани дүниетанымындағы парасат пайымымен сабақтасып жататын өте кең өлшемді ұғым. Ата-бабаларымыздың ақиқатқа
жетелер сенімінің де басты тірегі-осы.Барлық бет-болмысының, мінез-құлқының айнасы.
54
56.
Яғни, Шəкəрім атамыз айтқандай; « Кім де болса шын мінез, Болмас онда екі сөз. Өлтірседе көзбе–көз Иманын сатып алмас бөз,–дегендегі иман.(33;24) Имандылық деген бір ғана
сөздің бойына ұят, ар, ынсап, қанағат сықылды бүкіл жақсы қасиеттер түгел сыйып
тұр. Қазақтың жүзі жылы жанды жолықтыра қалса, «бетінен иманы төгіліп тұрған адам
екен» немесе «иманжүзді кісі екен» деп сөз етісетіні де сондықтан. Тіпті адам ғұмырының
мəні болып саналатын махаббат сезімінің де негізі имандылықтан басталады. Оны Абай
атамыз «үш сүюмен» байланыстырып, «имани-гүл» деп ат береді Махаббатпен жаратқан
адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жаннан тəтті. Адамзаттың бəрін сүй бауырым деп жəне
хақ жол осы деп əділетті.Дəстүрлі қазақ руханиятынан тамыр тартып, нəр алған данышпан
тұлғалардың елді жақсылыққа үндеудегі көптеген ой-пікірлерінің имандылық маңына келіп
тоғысатыны шындық. Кешегі «...біз барлық қайратымызды ел үшін еселеп жұмсайық.
Халық түзеуді жол қылайық» деген кемеңгер Мұхтар Әуезов те жас жеткіншектерге кемел
тəрбие беру үлгісін имандылықтан іздеген. Бесікте жатқан жас сəбидің жүрегіне
имандылық нұрын құйған жөн деп есептеген.Ендеше, арысы Абайдай бабалар, берісі
Мұхтардай даналар ұлт болмысының дəнекеріне жатқызған имандылық негіздерінен бас
тартуымызға мүлдем жол жоқ. Екінші,тірегі-әдет-ғұрпы,салт-санасы.Қазақ тұрмысында
«тал бесіктен жер бесікке» дейін қайталанып жататын далалық өркениеттің жарқын
көрінісі-салтынан, əдет-ғұрпынан қол үзбеген жұрттың, кезінде талай өзге елдің өкілдерін,
ғалым–зерттеушілерді тамсандыр-ғанын білеміз. Имандылықтың үшінші тірегі-ана тілі.
Ананың бал əлдиімен бойға дарып, жүрекке сіңген ана тілдің құдіреті байтақ даламызға
береке дарытты, ұлттың ұлан-ғайыр жерде бытырап жоғалмай, бір шаңырақ астына
бірігуіне күшті құрал болды. Рухани тұлғаны рухани құндылықтар тəрбиелейді. Халықтың
танымы мен пайымы қазіргі ұрпақтың иммунитеті болмағы керек. Мысалы, «Бесік
жырының» өзі осы,ана арманы Алладан тілек-тілеумен ұштасып жатыр.Ана тілі-рухани
тəрбие бастауы. Барша құндылықтарды халық тіл арқылы жеткізеді.Ал қазақ үшін,ана тіліең алдымен бесік тербеткен əйелдің тілі. Ал қазақ əйелі бесікті қандай жырмен тербетті?
Бесік жырын қазақ «əлди» дейді. «Әлди» деген сөз «Алла» деген сөздің өзгерген түрі екенін
тілтанушылар əлдеқашан дəлелдеген. Бесікті Алла атымен тербетуді қазақ əйеліне ешкім
үйреткен жоқ. Ол оны өзі ойлап тапты. Перзентіне имандылықты ана сүтімен сіңіру үшін
ойлап тапты. Біздің əжелеріміз бесік тербеткенде:«Алла деген ар болмас,Алланың жолы
тар болмас. Алланы айтқан адамдар Ақыретте қор болмас, -деп Йасауи хикметтерімен
тербететін. Қайырмасында «Лə илаһа илла алла, Мухаммад Расулалла» деп шаһадат
кəлимасын айтып отыратын. Қазақ арасында ең кең тараған бесік жырлары діни жырлар
екен. Бөбегім менің, бал бөпем , Тəңірім болсын жар, бөпем.Иманды боп өссін деп, Иллалла
деп тербетем, – деген бесік жырын да қазақ əйелі шығарған(А.Әбдірасылқызы) . Міне,
осындай басты-басты үш қасиетті берік ұстаған ата-бабалар біздерге, кейінгі ұрпақтарына
«адастырмас айқын жолды» көрсетіп кетті. Жоғалтып алсақ, кешірілмес күнə, келер ұрпақ
алдында қарабет те біз болмақпыз.Данышпан Абай бір қара сөзінде: «ата-бабаларымыздың
бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ол екі мінезі қайсы десең, əуелі, ол заманда
ел басы, топ басы деген кісілер болады екен…Екіншісі намысқор келеді екен,»-деп қапаланып жазады. Біз де Абай дана өкінішінің артын құшып жүрмейік. (МұхитТөлегенов) Иə,
атамыз қазақ ежелден мəдениетті, байсалды, ұстамды, əдет-ғұрпы белгілі бір жолға түскен,
ұлттық сана-сезімі бар иманжүзді халық. Сол кездегі жастарымыз үлкеннің алдынан кесіп
өтпейтін, сөзге тоқтайтын, сөз қадірін бағалай білетін иманы жоғары жандар еді. Соның да
нəтижесі болса керек, ел ақсақалдары тəрбиелі бір қызметті бітіргенде немесе бір
қайырымдылық іс жасағанда: «тəңірі жарылқасын», «иманды бол шырағым», «көп жаса»,
«көсегең көгерсін», «жаныңа жамандық бермесін» деп, тілек айтушы еді.Тіпті сəбилердің
ізгілі ниетін көргенде: «Таудай бол!,Молла бол!...»-деуші еді ғой!«Жиғаныңа сенбеиманыңа сен.Иманды адам-арлы адам.Имансыз адам- сорлы адам.Үстіңнің кірін-сабын
кетір-еді,Жаныңның кірін-иман кетіреді»,.«Имандылық қастерлі қасиет» «Имандылықинабаттылық айнасы»«Имандылық -ізгілік негізі»Ал халық- қазір сөйлеу тіліміздегі сіңісіп
55
57.
кеткен ұғым бойынша ұлы педагог, яғни, сан ғасырлық қалыптасқан қазақы ұғым бойынша,«ұлы тағылым иесі». Өкінішке орай, кеңестік дəуірде тамырын тереңге жайған
тоталитарлық саясаттың үстемдік жүргізуінің салдарынан біз осындай ұлы қасиетімізден
айырылып қала жаздадық. Тіліміздің шеңбері тарылып, дініміз аяққа тапталды. Ұрпақтарымыз мектептерде, тіпті, отбасында да еуропалық деңгейде тəрбиеленетін болды. «Дінулы апиын» деп, халықты оған қарсы қойды. Имандылық иірімдері жойыла бастады..Ал
иман -жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық-Алла тағалаға иман еткен
адамға бітетін көркем мінез.Алла жіберген əрбір пайғамбарының міндеті-иман мен
имандылыққа уағыздау деп саналған. Адам-Аллаһтың көркем түрде, ерекше махаббатпен
жаратқан жаратылысы. Барлық əлемдердің Раббысы жаратқан мақұлықтарының ішінде
адамға ғана ой-сана, ақыл берді. Сөйлеу қабілетіне ие қылды. «Аллаһ сендерді
аналарыңның қарнынан еш нəрсе білмейтін түрде шығарды да сендерге есту, көру жəне
ойлау қабылетін берді. Әрине шүкіршілік етерсіңдер» (Нахыл сүресі, 78аят). Адам-ардақты
жаратылыс. «Расында Адам баласын ардақтадық. Сондай-ақ оларды құрылықта да, теңізде
де көліктендірдік. Әрі оларды жақсы нəрселермен қоректендірдік. Әм оларды жаратқандарымыздың көбінен не құрлым артық жараттық» (Исра сүресі,70 аят). Ардақтылығы сол Аллаһтың
бұйрығымен əлемдегі бүкіл жаратылыс адамға сəжде қылады (лағнет шайтаннан басқа).
«Сол уақытта періштелерге: «Адамға сəжде қылыңдар» дедік. Сонда олар дереу сəжде
қылды. Бірақ Ібіліс бас тартып, дандайсып қарсы келушілерден болды» (Бақара сүресі, 34 аят).
Дінде айтылған нəрсені қазақ ақылмен ұғынды, дінде тыйым салынған нəрседен ділін
қорғады, тарихи өмір талап еткен нəрсеге біліммен қарады,ақылға салды. Тəуекелге
əрдайым бел буған тəубешіл бабаларымыз тарихтың кеңістігінде зеректіктің туын тікті.
Қазақтың зеректігі дін мен ділдің, тіл мен сөздің, өмір мен тарихтың, ұлт пен ұрпақтың
қасиетін біріктіретін қабілеттің рухына қол жеткізе алуында. Бұл деңгейде бабаларымыздың өмір сүруіне ықпал еткен бір ғана қасиет тектілік, қанағатшылдық ұғымы.
Өткінші нəрседен көрі, жақсылықтың мəнін терең түсінген.Өмірге мағынамен қараған,
халықтың, ұрпақтың өміріне мағына келетін рухани байлықты көздеген. Бұл еңбектеген
баладан, еңкейген қарт бабаларымыздың ізгілігінің асыл бейнесі Аллаһтың алдында
керемет жоғары дəрежеге ие адамның қасиетсіз, қадірсіз атануы мүмкін емес. «Атымды
адам қойған соң,қайдан надан болайын!(Абай) Сол дəрежеге лайық болуы үшін адам өз
бойына адами асыл қасиеттерді дарыту керек. Барлық ізгі қасиеттерді тізбелегенде,
«кісілік» деген бір-ақ ауыз сөзге саяды. Өйткені, бұл сөздің өзі адамның бүкіл болмысын
ашып беретін ұғым. Яғни, адамгершілік адамға ғана тəн сипат. Әрбір ақыл иесі бойындағы
адамгершілікті басты ізгі қасиет деп санаса, сол адамгершіліктің тұғыры имандылық
болып саналады. Иман амалдарының бірі-ұялу.Ұят-адам-баласындағы тамаша көркем
мінездердің бірегейі. Ол күнə мен қылмыс жасаудан, опасыздық пен нашар қылықтардан,
қысқасы, аяқты шалыс басудан сақтайды.Сүйікті Пайғамбарымыздың(с.ғ.с): «Ұялшақтықтың берері тек игілік»,- деген хадисінің мəнін осыдан іздеген дұрыс. Ал, ұяттың кемуі
Құдайдан қорқуды да азайтады.Алла Елшісі (с.ғ.с)хадистерінде:« Барлық нəрсенің мінезі
болады. Ал Ислам дінінің мінезі-ұят пен иман тығыз байланыста. Егер ұят кетсе екіншісіде
бірге кетеді» «Кімнің жүрегінде қорқыныш пен ұят болмаса , жақсылықтан қол үзгені».
«Ұялу - адамның ұнамсыз істерден қысылып , оларды жасаудан тыйылғаны». Абай атамыз:
«Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойыныңа салып,
сөгіс қылған қысымның аты»,-деп сипаттаған екен.Бұл мінез адамды жақсылыққа бастайды, жаман істерден алыстатады.Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде:«Иманның алпыстан астам тармағы бар,ал ұят-иманның бір тармағы» деген.Халықта «ұят кімде болса, иман сонда» деген мақал да бар. Ендеше, сол ұят сөзіне терең зер салып көрелікші. Қазақ балаларын
«ұят болады» деген бір-ақ сөзбен ұятсыздықтан тиып, имандылыққа тəрбиелеген. Қазірде
осы сөздің мəні қалмай бара жатқан секілді. Ұят болады деген сөзді ұқпайтын жастар бар.
Ал,тəрбиелеу ұлтық үрдісінде-«Ұят арқылы тəрбиелеу»-деген арнаулы жол да бар.
Кейбіреулер ойлағандай, бет моншағы төгілген ұяңдық, жасықтық, жалған ұялшақтық емес,
56
58.
өзін де, өзгені де қадірлей білер көргенділік. Ерен ұстамдылық, иманжүзділік, жылылебіздік. Ишаратты түсіністік, келеңсіздікті жатырқау. Ұлттық таза ғұрыптылықтың,
əдептіліктің жəне көркем мінезділіктің ерекше үйлесімділігі. Ұят,ұяттық-арлы мінез.
Мағжан Жұмабайұлы «Педагогика» атты еңбегінде ұят турасында былай деп жазады:«Жер
жүзінде ұялмайтын адам жоқ. Бірақ білімі, тəрбиесі, мінезіне қарай əр адамның ұялуы да əр
түрлі болады. Мысалы, білімсіз адам айылын жимайтын істен білімді адам ұялып өліп
қалады. Жұмсақ мінезді адам ұялшақ келеді. Ұялу оңай нəрсе емес. Адамға ұялудан күшті
жаза жоқ.«Өлімнен ұят күшті» дейді қазақ».Сондықтан да ата-ана балаға жақсылық пен
жамандықтың арасын өлшей білуді үйретуі керек.Адамның ойына, бойына, болмысына
лайықсыз, адамгершілікке жат, ар-ождан нормаларына сыйымсыз, əдеп тінін сөккен
зымияндықтан бұрқанған, сыртқа теппей, ішкі жан-жүйе ұшынатын нəзік сезімнің
күйзелісі.» Ұлы ойшыл Абай ұятқа екі түрлі мəн берген. “Надандық ұят,-деген ғұлама,-жас
баланың сөз айтуға ұялатыны сияқты ақылы қысқа, өрісі тар, ойы таяз жанның ұялмайтын
нəрсеге ұялуы. Шын ұят-абыройға, шариғатқа теріс, ақылға сыйымсыз сөлекет қылықтан
ұялу. Бұл тек есті адамға тəн қасиет. Ал біріншісі өзі істеген қатеден, нəпсіге еріп қылған
қылығынан. Пайғампар (с.ғ.с.):«...инабаттылық дініміздің (бір) тармағы,» болатынын
айтып: «Инабаттылық тек ғана игілікке бөлейді»-деген. Иба игі қасиеттердің біріне
жатады.Имран ибн Хусайыннан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың Елшісі (с.ғ.с.): «Ұят тек
жақсылық əкеледі»,– деген.Басқа риуаятта: «Ұяттың барлығы да қайырлы»,-делінген. Әбу
Һурайрадан (р.а.) нақылда Алланың Елшісі (с.ғ.с.) былай деген:«Ұят – иманнан, ал иман
жəннатта болады. Бұзық сөз – дөрекіліктен, ал дөрекілік тозақта болады».Ал, хакім Абай
Құнанбайұлы:«Әділеттілік, арлылық пен махаббат – қабірден əрі өткендегі үш жолдасың
осылар» десе, қазақтың кемеңгер жазушысы Ғ.Мүсірепов: «Қазақта ар-ұят ең жоғары
саналады», – деген.Тəрбиелеу қазақ ілімінде жас ұрпақты ұят арқылы тəрбелеу жолы
көрсетілген,əрі оны өте ұқыптылықпен жүзеге асырған. «Өлімнен ұят күшті» деп түсінген
халық, «анау мынауды білгенше,жақсы мен жаманды біл ажыратып, немесе «кінə мен
күнəні,сауап пен обалды», «жанашырлық пен қатыгездікті» ойласаңшы бетін ашып»- деген
ғой. Адамның ұяты бетінде,адамгершілілігі-ниетінде дейтін аталарымыз-ұят деген киелі
абыройдан аттамауды ерекше ескерткен. Ұят-ізгіліктің ұясы,инабаттың ырысы. Ұяты жоқ
адам-ұясыз құстай.Есті бала ұяттан қорқады, ессіз бала таяқтан қорқады. Қыз баланың
қимасы мен қымбаты-ұяты мен ибасы.Осы негізде қазақтың биязы, нəзіқ сұлу
арулары,аяулы қыздары өмірге дайындалған.Сондықтан да,ол қағиданы заң деп түсінген
қазақтар қыз тəрбиесіне ерекше мəн берді. «Қыз өссе елдің көркі»,«Қыз жағадағы құндыз»,
«Қызы бар ауылдың қызығы бар»-деп білген халқымыз, оларды ерекше сыйлап:«Қызқонақ»-деп,төріне отырғызды, мəпелеп бақты, «қыз қылығымен»-деп ибалы, инабатты
бойжеткен тəрбиелеу ісі сахих хадистерге сүйеніп жүргізілгендіктен өнегелі болды.Оларға
арнап талай қызықтар мен ғұрыптарды,мерейі өссін деп неше түрлі мерекелерді жасады.
Киім-кешегінен тартып, жасауына дейін жабдықтады. Рухани қасиетті білдіретін
«Ұят»(хаййа) сөзінің мағынасы жиіркенішті əрі келеңсіз қылық жасау арқылы жаман атқа
иелендіруден адамдарды сақтандыру болғандықтан,харам етілген күнəлі істерден бойыңды
аулақ салуға үндеу болмақ.Иба игі қасиеттердің біріне жатады əрі адам негізінен осы
сезімнен аттамау үшін ұят істерден қашып керісінше игі істерге ұмтылуы қах .Пайғампарымыздың(с.ғ.с.) айтқандай:«Иба -жаман амалдарды жасаудан сақтандырады, осы қасиеттен
ада адамдар білгенін істеп, ұятсыздыққа барады.»Қазақ ұғымында,иба қанымызға. сінген,
ұлттық мінезіміз.Ол ұл қыздың қайсысына болсын ортақ құндылық.Бұл қасиеттің осындай
сипатын мұсылман діні де қуаттайды.Ол бойынша,иба-кейбір адамның дəлірек айтқанда,
Аллаһ Тағаланың сүйген құлына жаратылысы нəсіп еткен кіршіксіз таза рухани тазалықпен
ерекшеленетін белгі.Сондықтан əлгіндей туа біткен қасиеті барлар күнəлі істен бойын
аулақ салып, ұнамсыз қылықтар мен əдеттерге қарсы күресе алады. Осылай иба имандыға
тəн игі іс.Ал, Пайғампарымыз (с.ғ.с.): «Иба-иманнан»-деумен қатар өзі де беті ашылмаған
жас қыздай ибалы болған екен. Халқымыз «иманды ұл,ибалы қыз», тəрбиелеу барысында,
57
59.
осы белгілері кемшін жəне жүре бүлінген ұрпағын да, жібек мінезді, нəзік ибалы, үлбірегенбүлдіршін қатарына қосып алатын пəрмені,амал айласы болған. Ислам діні де бұл жолдың
бар екенін көрсеткен,оған өткен тарих дəлел.Ибалы қыз тəрбиелеп, асыл аналарды өмірге
дайындауда,.қазаққа, ислам дінінің тигізген оңды ықпалы зор болған. Сондықтан, неке қию,
қыз ұзату, келін түсіру қазақ салты,ежелгі əдет-ғұрыппен ұштастыра отырып ислам діні
негізінде атқарылған.Ал бозбала,бойжеткен, иманды ұл ибалы қыз тəрбиелеу ісі өте
нəтижелі болды. Бабаларымыздың осы тектес қастер тұтып, атадан балаға аманаттап,
жүрекке дарытып келген асыл үлгілері көп-ақ.Халқымыз сырт көзбен емес, жүрекпен
ұғатын адамгершілік құндылықтарды жоғары дəріптеген. Иман-қазақ халқының рухани
дүниетанымындағы парасат пайымымен сабақтасып жататын өте кең өлшемді
ұғым. Ата-бабаларымыздың ақиқатқа жетелер сенімінің де басты тірегі-осы.Барлық бетболмысының, мінез-құлқының айнасы. Имандылық(атауы əр түрлі болғанымен)- барлық
наным-сенімдерге ортақ ұғым. Адамдардың діни сеніміне байланысты, имандылықты
алалауға болмайды.Қай діндегі болсын адамдардың баршасын имандылыққа баулу қажет.
К.Д. Ушинский өнегелі тəрбиеге үлкен мəн берген, оның негізін дін деп санаған. Дінді ол,
ең алдымен, өнегелі тазалықтың кепілі деп түсінген. К.Д. Ушинскийдің «Тəрбие халықтық
ілтипатқа ие болған жағдайда ғана өз мақсатына жетеді» - дейді.Иман ұғымы бізде ұлттық
сипатқа ие болған. Имандылық-ұлттық шеңберде шырмалып қалған тар ұғым да емес.
Имандылық- қазақ үшін,жалаң ислами ұғым да емес.Ол наным-сенім ретінде,қашаннан
бар,ұласып келе жатқан түсінік.Асылында,исламдық иман ұғымымымен астарлласып
іштей қабысқан қазақтың дүниетанымдық сенімі,тарихи даму барысында өзіндік
имани әдет-ғұрып,салт сана,әдеп-ереже қалыптастырып,қазақи иман ұғымын өмірге
әкелді.Қазақтың бұл ұғымы, ой-пікірлері,түсінігі жалғасып,сабақтаса отырып санаға сіңіп,
имани қазақ дәстүрін түзді.Тарихи даму барысында ол жүйеде өзгеріс, даму, іркіліліс,
сондай-ақ бұлқыныс, сілкініс болғаны да рас. Алайда,ұлттық тамырынан мүлдем арылып,
сабағынан үзілмегендіктен, адамдар арасындағы қатынас,жұрттың күнделікті өмір тіршілігінен олардың көрініс беріп отырғаны баршаға аян.Біздің əңгіме етпек, зерттеу нысанамыз,
ислами иман да емес,дəстүрлі діндердегі ортақ иман да емес, қазақтың өмірінде қалыптасып
орныққан иман болмақ.Оның өзі Тəңірлік жəне Ислами имансыз қолға келмесі анық.
Ислам дiнiнiң иман негiздерi мен шарттары жеке тұлғаның қалыптасуына берер əсерi
мол. Ең алдымен Ислам дiнi ұлт меншiгiндегi дiн емес. Ол адам таңдамайды. Мейлi ол қара
болсын, ақ болсын, бай болсын, кедей болсын бөлiп-жармайды. Исламият бүкiл ғаламдық
дiн болғандықтан, ұлтшылдықты, нəсiлшiлдiктi хоштамайды. Бiр ұлттың немесе нəсiлдiң
басқаларға үстемдiгiн қабылдамайды, Аллаһ Тағала жаратқан адамдардың бəрiн бiрдей
көредi. Үстемдiктi тек моральдiк, рухани, ахлақи сапаларда iздейдi, яғни таза адам, адал
адам, тақуалықты берiк ұстайтын адамның ғана жаратушының алдында дəрежесi жоғары
болмақ. Адамдарды қорлаған, күпiрлiк жасаған залымдардың қай ұлттың мансұбы болғаны
түкке керек емес. Демек, ұлт дегенiмiз бiр-бiрiмiздi тану үшiн ғана керек, бөлу дискриминациялау, қорлау үшiн емес. Өйткенi, бұл дүниеге қай ұлттың өкiлi боп келетiнiн ешкiм
бiлмейдi жəне ұсыныс та бермейдi, бере алмайды. Бұл адам баласының қолындағы нəрсе
емес. Демек, бiр ұлттың мансұбы болу дегенiмiз салыстырмалы ғана мəнi бар нəрсе.
Рушылықты жеңе алмағандар ұлт бола алмайды, ұлтшылдықты жеңе алмағандар кəмiл
адам бола алмайды.Бұдан ұлтты жек көру керек немесе ескерусiз қалдыру керек деген
мағына шықпауы керек. Қайта, əркiм өзiнiң ұлтын сүйедi құрметтейдi, бұл табиғи һəм
лазым нəрсе. Тек,əсiрешiлдiктен, көрсоқыр ұлтшылдықтан аулақ болған жөн. Ал,имандылық-тəрбиелеу қазақ ілімінің асыл өзегі. Осы асыл өзек бүгіндері қоғамдағы тəрбиелік
іс-əрекеттер мен шара- шаруалардың тірегі бола алмай отыр. Оның көптеген себебі бар.
Имандылық тəрбиесін жас ұрпаққа игертудің ғылыми негізін Фараби,Баласағүни, Яссауи
бабаларымыз салып,Абай, Шəкерім жəне Мағжан, Жүсіпбек даналарымыз тиянақтап
қойған.Айталық:. «Иман деген- Алла табарака уатағаланың, шəриксіз (тең келмейтін)
58
60.
ғайыпсыз, бірілігіне, барлығына уə һəр неге бізге пайғампарымыз арқылы жіберілгенжарлығына, білдіргеніне мойын сұнып, инанбақ. Иман келтіруге екі түрлі нəрсе керек.
Бірінші – əуел не нəрсеге иман келтірсе, соның һақтығына бірлəн дəлел жүргізерлік болып
ақылы дəлел испат(шын иман) қыларға жараса, мұны якини иман (біреуге еріп нану) десек
керек. Екінші – кітаптан оқу бірлəн яки діни ұстаздардан есту бірлəн иман келтіріп, сол
иман келтірген нəрсесіне соншалық беріктік керек»(он ұшінші қара сөз).Бұл дегеніңіз, Дін
-тек белгілі бір талап, тəртіп, дəстүр, заңдылықтарды орындаумен шектелмейді, аталған
шарттар оның сыртқы қызметі, ал негізгісі рухани құндылықтарды тəрбиелеуде ең бірінші
орында- иман келтіру-дегені еді. Адам баласынан бастап əлемдегі барлық тіршілікті
жаратушы бір Құдайдың бар екеніне сену, оны сүйю,оның алдында қашанда болса есеп
беретіндігіңді ұмытпау екендігін ашық көрсеткен.
Жақсылыққа жаны құмар, аузын ашса жүрегі көрінетін, инабатты, ибалы жанның
бойында айтуға тұрарлық қандай қасиеттер болуы мүмкін?Қоғамның алға басуы жəне
болашақ ұрпақтың қандай дəрежеде қалыптасуы тарихи тəжірибеміздегі педагогикалық
құнды мұраларды қайта жаңғырта отырып пайдалануға тікелей байланысты. Қандай да
болсын тарихи тамырынан, табиғи болмысынан қол үзу жақсылыққа əкелмейді. Өйткені
өзінде бар, ежелден сіңісті болған құндылықтардан ажырау ұлттық сананы күңгірттендіріп , көрінгенге еліктеп, жанасымы аз бөгде түсініктердің жоғын жоқтатып, намысына нұқсан келтіретін құбылыс.Көне заманнан келе жатқан таным-түсінік, əдеп тағылымдарын ұғыну, білу жəне өмірге үйлесімділерін əжетке жарату жастардың туған халқына
деген құрметінің артып жəне өнегенің рухани түлей түсуіне ықпал етеді.Осы құндылықтар
ішінен, материалистік педагогикада қарастырылмайтын,діни педагогикада бар болғанымен,танып білуге,игеріп пайдалануға шамамыз жете қоймаған,алайда қоғамамыздың
рухани жаңару шағында нақтылы қажеттіліктен туындаған кісі қалыптастырып,
имандылыққа баулып келген қазақ халқының іргелі тəжірибесі негізінде тұжырымдалған,
Ұлы Даланың Ұлық Ұстаздарының ғылыми пайымдауларына үңіліп көрелік.
Қорқыт Ата былай деген: «Тəңірге сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды. Тəңірісі
құрамаса, ешкімнің бəрі екеу болмайды. Тəңірі пендесінің маңдайына не жазса, сол болады.
Оның жазуынсыз адам жамандық көрмейді, ажал келіп, өлмейді. Өлген тірілмейді,
кеудеңнен жаның кетсе, ол қайтып келмейді. Жігіт тірісінде қаратаудай қылып, бір күн
тыным көрмей дүние жияды, байиды. Бірақ соның ішінен ол өзіне тиісті үлесін ғана
жейді».Әбу Наср Әл-Фараби өз заманындағы ғылымның барлық салаларынан, əсіресе,
математика, астрономия, физика, жаратылыстану ғылымдарынан көп мұралар қалдырды.
“Ғылымдар тізбегі” деген еңбегінде сол кездегі ғылымды үлкен-үлкен бес салаға бөледі: 1)
тіл білімі жəне оның тараулары; 2) логика жəне оның тараулары; 3) математика жəне оның
тараулары;4) физика жəне оның тараулары, метафизика жəне оның тараулары; 5) азаматтық
ғылым жəне оның тараулары, заң ғылымы жəне дін ғылымы.Ол философия мен дінді
шендестіре қарастырып,екеуін бір санаттағы саналы білім деп танып, философияның басты
ұстанымы-дəлел,діннің өзегі сенім деп тұжырымдаған.
Әл-Фараби өз дəуіріндегі атқарған ең маңызды қызметі дін мен философия арасына
көпір салды. Оның ойынша нағыз ойшыл философ пен пайғамбар арасында айырмашылық
аз. Әл-Фараби дана ойшылдарды, дін шындығын түсіндіру мəселесінеде, пайғамбар
дəрежесімен теңестіреді. Әл-Фараби-дің пікірінше, ең кемеңгер басшы бойында ойшылдық
қасиеті бар адам. Бұл қасиеттер Мұхаммед пайғамбардың бойында болған.Соңдықтан ӘлФараби Мұхаммед пайғамбарды «Бірінші басшы» деп есептеген.Фарабидің пікірінше,
«...тəрбиеге көнбейтін, жөндеуге, түзетуге келмейтін жас болмайды Тек ретін тауып
үйретуден, баулудан жалықпау керек. 'Жаман қылық-ол жан ауруы. Бұл ауруды кетіру
үшін тəн ауруын емдеуші дəрігерге ұқсауымыз керек"- дейді ғұлама. Әл-Фараби өзiнiң осы
тұжырымдарын ары қарай ғылыми жетiлдiре келiп, түркi халықтарының тəлiм -тəрбиесiнің
негiзi болған үш түрлi iлiмнiң:бірінші - хауас, хауас салим, хауаси хамса заһириди (түйсiк,
iшкi бес сезiм жəне сыртқы бес сезiм), екiншi - Имани гүл (үш сүю), үшiншi –Жəуанмəр59
61.
тлiк (ақыл, əдiлет, рақым) мəнiн түсiндiредi.Ж.Баласағұн: «Ақмаңдайлы ұл-қыз туса алдыңда Үйіңде өсір бөтен жерде
қалдырма. Ұл-қызыңа əдеп үйрет, білім бер.Қос жалғанды бірдей көріп, күлімдер. Бала
өсіргің келсе дана жүректі, Қатты ұста,үйрет білім ізетті.».«Жастары иманды елдің болашағы зор» -деген. Ислам дінінің тəрбиелік мəні зор қағидаларын пайдалана отырып,
Ж.Баласағұни имандылық тəрбиесіне де ден қояды. «Құтты білікті» Құранның бірінші
Фатиха (Беташар) сүресінің сөздерімен бастауының өзі ғұламаның иманды адам болғанын,
сондықтан жастарды имандылыққа баулуды мақсат етіп отырғанын аңғартады. Ғұлама
жаратушы ұлы тəңір-Алланың құдіреттілігін дəріптей отырып, əр адамға күш-қуат беретін
сенімді қалыптастыруды көздейді. Құдіретті Мұхаммед пайғамбардың бойындағы адами
ізгі қасиеттерді саралай отырып, əр адамды пайғамбарды үлгі тұтуға, оның ізгі істері мен
өнегелі сөздерін күнделікті өмірде ұстануға шақырады.Имандылық-ты адамның жандүниесін, болмыс-бітімін бейнелейтін адамгершілік ізгі қасиет ретінде қарастыра
отырып,оны тұлға жетілуінің сапалық көрсеткіші ретінде анықтайды:Ұлы Хажыб шыншыл
болсын баладай, Дінді білсін, дана болсын бабадай. Дінді білсін. Дық түсірмей көңілге,
Көңілі ақтың – ісі де ақ өмірде. (5:6;15:16)
Ыбырай Алтынсарин, Ислам дінінің негіздерін терең түсінген, қалың қазаққа оны
түсіндірген, ислам дінінің адам тəрбиесіне берерін əбден зерттеп білген діндар да, сол дінді
насихаттаушы да.Ол,алғашқылардың бірі болып, «Мұсылманшылықтың тұтқасы»
(Шариат-ул-ислам) еңбегін жазды. Ыбырай қазақ қауымына бұл еңбектің аса қажеттілігін
терең түсінді. Ұлы ұстаз əр қазақтың баласы өзінің мұсылман екенін білгенін, жүрегімен
терең сезінгенін міндет деп санады. Ең бастысы, ол діннің қажеттілігін, оның тəрбиелік
жағын терең түсінді. Ыбырайдың міндеті өзіне дейін ислам діні жайлы жазылған
кітаптарды пайдалана отырып, оларды өзінің мұсылман діні жайлы ойға түйгендерімен
толықтырып, қарапайым тілмен ислам діні жайлы арнайы кітап жазып, өзінің осы
кітабының көмегімен қазақ халқына Ислам дінін насихаттау,ислам дінінің негіздері мен
оның тілек-талаптарын жеткізуді көздеген.Ыбырай мұсылман деген кім, ол қандай болуы
керек, Құдай жолында ол күнделікті қандай шарттар мен парыздарды орындауға міндетті
екендігін қазақ тіліне аударып, олардың барлығын халыққа қарапайым қазақ тілінде
түсіндіріп, шамасы келгенше жеткізіп те берген. Ыбырай Алтынсарин «Енді, ей, дін –
қарындастарымыз, бізге ең əуелі керегірек іс-сол, əуелі білмек керек немен мұсылман
болатынымыз. Мүмин (дінге сенуші) мұсылманның мұсылман аталуы құр мұсылман киімін
киіп, мұсылман арасында жүргені емес. Әуелі иманды болып, ол «иман» деген не екеніне
түсініп, түсінген соң, сол иман ішіндегі сөздерді шексіз шын көңілімен дұрыс деп білген
кісі мұсылман деп атайды. Соның үшін Құдай тағаланың пенделеріне парыз еткен
парыздарының ең əуелі иман болса керек(5. 10 бет).Ыбырай Алтынсариннің «Шариат-ул
ислам» еңбегінде:– ислам дінінің бес парызынан да бұрын, ең басты көңіл бөлетіні, жүрекке
байлайтыны – «иман» екен. Ал, осы «иман» деген не? Оның мəні мен мағынасы не? Ол нені
білдіреді. Ыбырай бабамыз былай жазады:«… əрбір жақсы амалдардың да асыл түбі
иманнан, яғни, инанудан келеді. Имансыз еткен жақсылықтың пайдасы жоқ. Мəселен, біреу
намаз оқыса да, ол намаздың керектігін көңілі дұрыстамаса, əлбетте, ол намаз болып
табылмайды… Иманның екі мағынасы бар: бірі –тіл мағынасы. Тіл мағынасы дегенімізəркім тілмен айтып растамақ. Мəселен, мұсылманшылдығымызға бас куəлік – сөзіміз
немесе араб тілінше шəһəда (куəлік беру). Яғни, «куəлік беремін: жоқты бір Құдайдан бөтен
Құдай (жоқтығына) жəне куəлік беремін, Мұхаммед, оның құлы һəм елшісі екендігіне деп,
шариғат мағынасын растағанда, ол иманды көңілмен раста мақ. Бұл растамақ дегеніміз,
жалғыз Құдай тағала бар… (5. 12 б.).Мұның арғы жағында нені болса да көңілмен,
жүрегімен сеніп істеу керек. Себебі, əр адамға діннің ең басты берері де сенім. Адамның ең
алдымен Құдайға, содан кейін өзіне деген сенімі жатыр.Ыбырай бабамыз айтқандай,Ислам
дінінің де жастарға беріп отырған тəрбиесі осы – имандылық. Имандылықты діни уағыз деп
түсінсек, оның мəн-мағынасын тереңдете түскен орыстың ұлы педагогы К.Д. Ушинский:
60
62.
«Діннің қажеттілігін, яғни, адамның ішкі дүниесіне үңіле алмайтын, имансыз адамға балатəрбиесін сеніп тапсыруға болмайды» деген екен (15;17;25: 614.б). Олай болса, имандылық
дегеніміз адамның бойындағы ең бір қажетті, ең бір құнды қасиеттердің жиынтығы болса
керек.Бұл ғалымдардың жазулары бойынша «имандылық» дегеніміз адам (жас
бала)
тəрбиесінің алтын арқауы, негізгі діңгегі. Адам бойындағы барлық жақсы қасиет сол
имандылықтан тарайды, яғни, адам баласының бойындағы ең жақсы деген қасиеттер сол
имандылықты құрайды.Ыбырай Алтынсарин айтады: «Құдай тағаланың пенделеріне парыз
еткен парыздарының ең əуелгісі иман болса керек» (18 10 бет). Бұл сөздерімен Ыбырай
бабамыз, ең алдымен, Құдайға сен, содан кейін өзіңе сен, мұсылман болсаң сенімді бол,
нені болса да сеніммен істе дегені. Яғни, ұлы ұстаз өзінің бұл сөздерімен қазаққа сенімнің
күшін түсіндіріп отыр. Ыбырай айтып отырған «имандылықтың» арғы жағында Құдай
тағала рұқсат еткен, солай жүр деп жол сілтеген небір керемет ұғымдар жатыр. Олар:
сенімділік, көргендік, білімділік, ибалық, тəрбиелік, адалдық, кішпейілділік пен мəдениеттілік, т.т. Бұлардың барлығы адам тəрбиесінің басты ұғымдары. Бұларсыз адам өмір сүре
алмайды. Адамдар бірімен бірі қарым-қатынас жасай алмайды.Тіпті, қауымдаса да
алмайды. Сондайақ,Ыбырай бабамыз былай дейді: «…иманнан соң дін ғылымы дүр.Дін
ғылымы дегеніміз,Құдай тағала пенделеріне екі жол көрсетті: бір жолы-осылай бар деп
бұйырған жолы, екіншісі – бұл жолға түспе деп тыйған жолы… Әуелгі жолдың баратын
ұшы – ұжмақ, соңғы жолдың ұшы – тамұқ». Әр екі жолды көрсетіп қойып, қайсысына
түсудің ықтиярын бұл дүниеде Құдай тағала адамның өзіне берді. Осы екі жолдың мəнісін
түсініп, үйренуді дін ғылымы деп атаймыз» (2. 10 б.). Яғни, қай жолға түссе де, адамның өз
еркі. Жақсылық пен жамандықты таңдау да адамның өз еркі.Бірақ, діннің міндеті адамның
көзін ашып, үйретіп, оны дұрыс жолға, кімге болса да пайдалы, игілік жолына салу. Дін
білімінің керегі міне осы жерде болса керек.
М. Ж. Көпейұлы өзінің шығармаларында имандылық жолын іздеп Аллаға иман
келтіру адамзат баласының парызы екенін айтып, шын көңілмен, көркем мінезбен
мұсылман болуға шақырады. Қандай ой, түйінді сөз айтса да шариғат шеңберінен аспай,
«Ата-тегіміз маймыл» деп, Дарвинизмнің жетегінде кеткен ұрпағының санасын емдеуге бар
күшін салады. Ақиқаттан ауытқып, надандықтың құрсауында қалған халқын адамдықтың
ақ жолына жетелейді. Ақынның Ислам дінін насихаттауы, халықты Аллаға құлшылық етуге
үгіттеуі – дінді ғана емес, сонымен бірге жақсы адам болудың, жалпы ұлттық болмысты
сақтаудың ең пəрменді құралы болғанын аңғару қиын емес.Ақынның мақсаты – адамды
жөндеу, қоғамды түзету, адамды нағыз адам қылу. Бұл мəселені көптеген туындыларына
арқау етеді. «Табиғат ғибраты» деген шығармасында: «Адам қалай қылғанда адам болады?
деген сұрақ қойып, оған өзі былайша жауап береді: «Ұшқан құс, жүгірген аңнан ғибрат
алып, солардың мінезіменен мінезденбесе, аш арыстан жүректі болып келсе, палуан
жолбарыс білекті болып келсе, досы көп болып, дұспаны жоқ адамнан осы екеуінің жүрегі,
білегі табылады»,- деп, əрі қарай ақын: «Жігіт адамның қырағылығы бұркіттей болсын.
Зеректігі байғыздай болсын. Жүрісі маймылдай болсын. Он екі қырлы, бір сырлы, отыз
аяқты болсын. Орнына қарай мінез қылсын. Сонда адам болып, адам қатарына кіреді”, деген ой түйеді [2, 81 б.].
Енді, бір сəт, «иман» мəселесінде Абай дананы тыңдап көрелік. Абай: «Иман деген
– Алла табарака уа Тағаланың, шəриксіз (көмекшісіз, серіксіз, бір өзі деген мағына береді)
ғайыпсыз бірлігіне, барлығына, уа əртүрлі бізге пайғабарымыз саллау-лаһу ғалайлаһи
уəссəлəм арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойын ұсынып, инамақ.Енді бұл иман
дерлік инануға екі түрлі нəрсе керек.Әуелі-не нəрсеге иман келтірсе, соның хақтығына ақыл
бірлəн дəлел жүргізерлік болып, ақыл дəлел -испат (нақтылау, дəлелдеу) қыларға жараса,
мұны якини иман десе керек. Енді мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл,
босанбас буын керек екен» (1.2.. Он үшінші сөз).«Инамақ» – илану, яғни, сену.
Байқағанымыздай, Абай да «иманды» сенім, Құдайға сену, деп түсіндіреді. Яғни, мұсылман
болу үшін, ең алдымен сену керек екен. Құдайдың барлығына, бірлігіне, Мұх61
63.
аммед пайғамбардың оның елшілігіне сену. Бұдан барып, нені болса де сеніп істеу, солсенімнен күш алып істеу болғаны. Мал -мүлкінен, дəулетінен иманын жоғары бағалаған
қазақ «Ер жігіттің үш байлығы бар: бірінші – иманы,екінші-ырысының тұрағы, үшіншідəулетінің тұрағы» деп аталы сөз қалдырған.Жүрегінде иманы жоқ адам-бақылаусыз
адам.«Күзетшісіз, ескерусіз иман тұрмайды» (Абай). Құдайдан қорықпаған, имансыз
адамға сенім артуға болмайды.Ал иманды адамның жүрегінде əрбір əрекетін қадағалап,
бақылап тұратын ішкі сенім бар.М.Жұмабаев өзінің "Педагогикасында" былай дейді: "Діни
сезімі күшті адам Тəңірдің барлығына, құдіретіне сеніп, оның махаббатын алуға, қаһарына
ұшырамауға, ізгілікке ұмтылып, жауыздықтан безбек.» Абай:«Құдайдан- қорық,пендеденұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма!» «Әрбір ақылды адамға иман парыз, əрбір
иманды адамға ғибадат парыз.»«Құдайшылық- жүректе. Қалпыңды таза сақта. «Адамды –
адам ететін де иман, Сұлтан ететін де иман». Абай: -“Имансыз елден ұят қашады” деген
Хз.Мұхаммед пайғамбардың хадисін келтіріп, «қазақтың хəлі осы-имансыздық”-дейді.Көп
ішінде жалғыз қалып күңіренген, “Ішім толған у мен өрт, сыртым-дүрдей” деген Абайдың
мұңы “…көкірегімді тесіңдер, қан мен мұңға толды əбден” деген Иасауидің жанайқайымен
үндесіп жатыр. Абай осындай дертке шалдыққан елге дауа іздейді". Оның дауасы –
«Құран», түгел сөз, адам бойына имандылық дарытатын ар түзейтін ғылым. Абайдың түзу
сөзі-«əуелі аят, хадис-сөздің басы”,яғни, елді түзейтін сөз əрі қисынды, əрі өлеңмен (бəйітмысал) жазылған Алланың сөзі- «Құран». «Құран»-ақылды сөз бен терең ой, терең
ғылымның көзі, сондай-ақ, ынсап, ұят,ар, намыс, сабыр, талап сияқты адамдық құндылықтардың кені,бірақ, «елді түзейтін түзу сөзді табудың, танудың, тыңдатудың өзі оңай емес.
Өйткені түзу сөзді айтушы да, түзу сөзді тыңдаушы да надан. Ал кейбірі түзу сөзді
танымайды да. Өйткені олар Тəңірдің Бар жəне Бір екеніне, Құранның ақиқат екеніне,
пайғамбарларға, періштелерге, тағдыр, қазаға, өлгеннен соң тірілуге сенбейді.Өңшең
“кісімсінген-менмен, нəпсіқұмар, білімсіз,надан.», «...мақтанқұмар, малқұмар, арамдық,
ұрлық, пайдакүнем, нені ұға алсын”-дейді.«Иман сақтауға-қорықпас жүрек,айнымас көңіл,
босамас буын керек. Абай адамдықтың биік деңгейін осылай, иманмен өлшеген. Өзінің қара
сөздерінде «Толық мұсылман болмай толық адам болмайды» деп, кесіп айтқан.
Түрік жұртынынң рухани ұстазы А.Яссауи жүздеген мектеп ашып,жүз мыңдаған
шəкіртке имандылық тəрбиесін игертіп.софылық-моральдық ілімін жасап, сопылық мектеп
педагогикасын қалыптастырса да, оның ғылыми-теориялық негізін танып біле алмай,оған
зерде, парасат-пайымымыздың өресі жетпей бұлтарумен келеміз. Осы себептен бүгінгі
«ғылыми педагогика» оны ауызға алғысы да жоқ. Рухани тазалық пен кемелдікті мақсат
еткен Ясcауи жан тазалығы, ар тазалығы, жүрек тазалығы қағидаларын бірінші орынға
қойды.Ол өз ілімін қоғамды тәрбиелеуші, түзетуші ар ілімі ретінде түсіндірді.«Жанымарымның садағасы», «Жарлы болсаң да арлы бол» деген қазақ халқы да осы ілімді жанжүрегімен қабылдаған. Қожа Ахмет Яссауи ілімінің танымдық тірегін құрайтын адамгершілік қағидалардың өзегі – ахлақ (мораль). Ахлақ-хикметтің нəтижесінде қалыптасқан
рухани құндылықтар жиыны. Адам ахлақ арқылы адамдық болмысқа, мəнге ие болады.
Яғни, адам ахлақтық-рухани құндылықтарды бойына сіңіргенде ғана “шындыққа”, “жан
тыныштығына” қауышады. Қожа Ахмет Яссауи ілімінде “жан тыныштығы”, “шындыққа
жету” адамгершілік қасиет пен сипатқа ұласу арқылы тариқатта жүзеге асады.
Аллаға қауышудың жолы қоғамға, адамға қызмет ету-тікелей ахлақтық кемелдену арқылы
өтеді. Нәтижесінде рухани тазалыққа, өзін өзі меңгеруге қолы жетіп, “Кемел адам”
тұрпаты қалыптасады. Көшпелі түркі қауымын имандылыққа шақыру арқылы А.Яссауи
ілімі барша түркі халықтары мəдениетіне үлкен өзгеріс енгізді. Дəстүрлі түркілік
дүниетанымның негізі сыршылдық (мистика) дін екендігін ескерсек, сопылық танымның
түркі мұсылмандығының ең маңызды ерекшелігін қалыптастырудағы себептерін ұғыну
қиын емес. Бұл құбылыстың табиғилығын дін феноменолы тұрғысынан қарасақ, діндердің
таралуындағы ескі ұстанымдардың толығымен жойылмайтынын, жаңалары сол құнды62
64.
лықтар, түсінік, ұғымдар негізінде өз орнын табатынын көруге болады. Көбінесе діндердеескі ұстанымдар мистикалық институттармен тұтасып, “халық діндарлығы” түрінде
тіршілігін жалғастырады. Бұл құбылыстың көрінісін Қожа Ахмет Яссауидың сопылықморальдық ілімінен көруге болады. Оның “құрма” символизмі арқылы Мұхаммед (с.ғ.с.)
пайғамбарға байлануы, осы құбылысқа Арыстан бабтың “себеп” болуы, өмірін пайғамбар
өміріне ұқсатуға тырысуы, пайғамбарға ұқсаудың ишараты ретінде ұлының атын Ибраһим
қоюы, пайғамбар жасына келгенде тірідей “жерасты мешітіне”, яғни қылуетке түсуі,
осының бəрі оның іліміндегі көшпелі түркілерге исламды таратудағы маңызды
әдістемелік, құбылыстық ерекшелік әрі жаңалық болып табылады. Қожа Ахмет Яссауи
негізін салған түркілік сопылық Құдайды жəне діни ақиқатты тану ілімі болып
табылады.Яссауи тариқаты өзіне араб-парсы-түркі рухани-адамгершілік тəжірибесін
біріктірді.Құдай марифаты-танымның – негізгі идеясы Халват –оқшаулану арқылы іске
асырылу керек. Оқшаулануға бір дінділік, дəріптеу, құдайды түсіну, мадақтау
тұжырымдары – тасбих, тахлил, такбир, зікірді іске асыру жатады.Яссауи ілімінің мəні
рухани- адамгершіліктік жетілуден көрініс тапты.Негізінен алғанда Яссауи көзқарасыөзіндік ерекшеліктері бар сопылық дүниетанымға негізделген. Бұл дүниетанымның
мақсаты – жүректің пәктігі мен тазалығы. Яссауидің “Көңілдің айнасы” атты рисаласы
да тікелей адам жəне оның көңіл əлеміне қатысты жазылған. Адам көңіл тазалығына
Аллаға ынтықтықпен, өзін-өзі меңгерумен және Алланың жәрдемімен жетеді. Яссауи
бабамыздың көзқарасы бойынша, хикметінде:«…Тəңірім, баршаны құлдыққа (адамдыққа)
хас ет,Мені Меннен алып, бір жола халас ет!»-деп, «Құрандағы»«Алла – бай, сендеркедейсіңдер», яғни адамның кез келген іс-əрекетінде Аллаға мұқтаждығын біліп, сезінуі
басты ұстаным екендігін көрсетеді. Бұл мəселе бойынша Яссауи, «Мират-ул-Қулуб» атты
рисаласында “көңілді пәктеу, арылту оның көзін ашу”-ең бірінші шарт. Көңіл
деп,Яссауи жүректі, көкіректі, қалбті, рухты, жанды, ішкі көзді (басират) айтады.
Көңілдің (рухтың) тазалыққа, кемелдікке жетудегі ең негізгі шарттары мен
қағидалары методикалық-теориялық деңгейде түсіндірілген. Адамның құдайлық
ақиқатқа жетудегі мəртебелік жүйелер де, сопылық категориялармен қарапайым тілдік
ерекшеліктермен берілген. Яссауидің бұл рисаласы тікелей көңілді сауықтыруға арналған.
Рисалада былай дейді: «Егер əрбір суфи бұл рисаланы оқыса немесе оқығандарға құлақ
асып‚ естігендерін амалында қолдана білсе‚ көңіл көзі ашылып‚ он сегіз мың əлемнің ғажайыптарын тамашалап‚ қияметте Алла тағаламен кездесуге жазады.Инандық жəне бекіттік
деген соң‚ Алланың дидарын көрудің ешқандай таңқаларлық жағдайы жоқ».Көңіл – екі
әлемнің арасындағы көпір.Көңіл-адамдағы Алланың көрінетін орны. Сондықтан көңілді
айнадай таза ұстау шарт.Көңіл кәміл, саф, таза болса, адамның кемелдігі артады,
танымы тереңдейді, Алламен үндестігі мен үйлесімінде болмыстың бірлігі хәліне
жетеді. Бұл адамның мұраты, бақыты, көңілдің қалауы. Көңілді тазалау исламның негізгі
үндеуі. Діннің негізгі мақсаты-өзі ұсынған теориялық жəне практикалық ұстанымдардың
қоғам өмірінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін көңілі таза адам-дарды –КІСІНІқалыптастыру, тəрбиелеу. Ал бұл мақсаттың орындалуы адамның Аллаға құлдығын
лайықты түрде сезінуіне, жүзеге асыруына байланысты. Адамның кемелденіп, іштей
жоғары дəрежеге көтерілуі, оның көңіл əлемінің күйіне қарай өзгеріп отырады. «Құранның»
Анфал сүресінің 2-ші аятында: “иннама-ал-муминуна ал-лазина иза зукира Аллаху уа жилат
қулубухум” (Момындар деп Алланың аты аталғанда көңілдері толқып, дірілдейтіндерді
айтады). Алла адамның рухани əлемінің болуы тиісті хəлі мен сипатын осы аятында
нақтылап көрсетеді. Бұл көңілі, рухы “тірі” кісінің хəлі. Алла дегенде көңіл толқып, оны
еске алады, өзін таниды, жан дүниесіне үңіледі, адамға, жаратылған əлемдегі орнын қайта
қарап, ішкі əлеміне, өзіне бақылауы күшейеді, жалпы əлемге құрметпен қарайды. Ал енді
көңілі қатты, жүрегі тас адамдардың хəлі Алланы сезбейді, өзін-өзі танымайды, жүрегін де
білмейді, өзіне өзі баға бермейді, өзімшіл, менмен, дүниеқұмар, имансыз, махаббаттан
мақрұм болып келеді. Яссауи де мұндай адамдарды Құрандағы сипаттармен
63
65.
анықтайды:«…Ақылды болсаң Хақтан өзге сөздер харам,Алла десең Шайтан лағин сағанғұлам,Өмірі зая өткендер “ишқты” білмес,Жаны, көңілі-тастан бетер қатты болар“Көңілі
қатты” “діл-азардан” Құдай бизар» Яссауи бабамыз адамға керегі руханият негіздерін білу
жəне оны жүзеге асыру деп көрсетеді: «Руханият дегеніміз-Хақ тағаланың құлдарына
берген бұйрығы бойынша – екі түрлі болады: «Құран»дағы бұйырылған игі істер – міндетті
парыз (амри би’л ма‘руф) жəне тыйым салынған жаман істер-харам (нахий ани’л мункар).
Амри’л-би’л ма‘руф бойынша адамның шариғатқа сай болған істерді өзі қабылдап‚
орындап қана қоймай‚ оны басқаларға да айтып түсіндіруі‚ қабылдатуы міндетті. Нахий
ани‘л мункар бойынша, тиым салынған‚ шариғатқа сай келмейтін істерді мысалы, күпірлік‚
екіжүзділік, шек келтіру‚ ширк келтіру, өзімшілдік‚ риякерлік‚ зұлымдық‚ арамтамақтық,
арам жолдармен күн көру (парақорлық)‚ өтірік, жалған сөйлеу‚ өсек-ғайбат‚ зинақорлық‚
арақ ішу‚ «бенк жеу», яғни‚ наркотик қолдану жəне мүміндерге хақсыз қиянат ету‚ азарлау
жəне т.б. бұларға түгел тыйым салынған».«Құранда» көрсетілгендей, Яссауи көзқарасы
бойынша адам жаратылысының мақсатына сай өмір сүру үшін əлімсақта Жаратушысымен
жасаған антына берік болып, Алланы ұмытпай, көңілінің түкпірінде сақтауы тиіс. Ол
үшін адам бойындағы ұмытшақтығын жеңуі, “Алла” жəне оған деген “құлдық” міндетін
əрдайым сезінуі, ойдан шығармауы керек. Осы мақсатқа жету үшін ең алдымен зікірге
қажеттілік бар. Зікірде қайталау, еске алу, көңілге тоқу бар. Ал қайталау-адам
санасындағы қайталанып жатқан нəрсенің сезімдегі, ойдағы, көңілдегі орнын бекіте
түседі.Адам көңілінде бұл дүниеге ғана қатысты емес, өзінің келген əлеміндегі мəліметтер
де сақтаулы.Оны еске түсіру, сезіндіру үшін Алла «Құранды» жіберген. «Құранда»
Жаратушы мен Жаратылған адам арасында, рухтар əлемінде ант, түсірген сөз беру
құбылысы арқылы жаратылыс мақсаты анықталған.“Мен Сенің Жаратушың емес пе едім?Ия, Сен біздің жаратушымызсың”-деп Аллаға жауап берген рухымыз болатын. Осы сертті,
антты қазақта “əлімсақ” дейді. “Қашаннан бері мұсылмансың” деген дəстүрлі сұраққа
қазақтар «əлімсақтан бері” деп жауап береді. Бұл түсініктің төркіні Құранда, сопылық
танымда жатыр. Яссауи бабамыз да адамның бұл дүниеге келмей тұрып аманатты,
жауапкершілікті мойнына алғандығын, сондықтан оның Аллаға берген сөзінде тұруы үшін
үнемі «əлімсақтағы антты» ескертеді:«Закир болып, шакир болып Хақты таптым.Ғашық
болсаң əуелі “Хақты таны”Сізді бізді Хақ Жаратты “тағат үшін”“Қалу бəла” деді рухым
“михнат” үшін.Міне осы ақиқаттың санада əрдайым жаңғырып тұруы үшін зікір шарт.
Адамның құлшылық міндеттерінің ішінде зікірдің орны ерекше. «Құранда» екі жүз елуден
астам аятта зікір жөнінде айтылады. Адамның Алламен байланысуы, құлшылығын жүзеге
асыруы, мағри-фатқа (құдайлық танымға) жетуі тікелей зікірдің көңілдегі орнымен
сезілуіндегі тереңдік дəрежесіне байланысты. Міне сондықтан да Хақиқатты (Алланы) тану
Яссауи көзқарасында ғылымның ең абзалы, ардақтысы есептеледі. Өйткені, адамға ең
қажетті таным осы хақиқат туралы таным.Демек, келешек жас ұрпақ идеялы да берік,
еңбек сүйгіш те ақжарқын, күрескер де батыл, абзал жанды имандылық, адамгершілігі мол
мұрагер етіп, тəлім-тəрбие беру ісінде ақын өлеңдері құдіретті құрал ретінде қолданыла
береді. Көк Тəңірінің ұлылығын қадірлей білген түркі халқының таным, түсінігіне ортақ
болған ислам дінінің рухани құндылықтары да Ахмет Яссауи хикметтері арқылы енді.
«Диуани хикмет» шумақтарында қазақтар осы күнге дейін қадір тұтатын ойшылдың діни
жəне философиялық ұстанымдары нақты айқындалды. Бұл халықтың рухани танымында,
өмір талабына айналған діни дəстүрлерде иассауийа ілімдерінің кеңінен қолданылуына
алып келді. Тəңірге деген философиялық ұстаным өз деңгейін кеңейтіп, Аллаға деген
сеніммен ұштасып, рухани мəртебесін арттырды. Яғни, сопылық ілімдегі «қалб» мəселесі
барынша ашық қарастырылып, бір Аллаға мойынұсыну адамзат жүрегіне жазылып қойған
сенім ретінде қабылданды. Міне, осы сипаттың бəрін өмірдегі шынайы бейнесі, жан
дүниесі, кеудесі шалқақ, асқақ пенде,мейірімді, əділ, адамгершілігі мол жас ұрпақтың
бойында қалыптасқанын тілеген Шəкəрім өлеңдерінің тұнығы-рухани тəрбие. «Адамның
жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым бола алатын адал64
66.
еңбек,мінсіз –ақыл,таза –жүрек.Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастаптəрбиелейді» -деген Шəкəрім.Шəкəрімше, жер мен аспан, табиғат құбылыстарын бəрін
бірдей көзбен көріп, қолмен ұстау мүмкін емес: Радийді бұрын біліп пе ең? Электр ұстап
көріп пе ең? Бəрін де жатқан таза ақыл Аспанда ұшып жүріппе ең?Көрінбес зат бірталай.
Оларды танып білетін бір-ақ нəрсе таза ақыл. Таза ақылдың арқасында адам абстрактіні
меңгерді, жақсыны жаманнан, сұлулықты ұқыпсыздықтан, пайдалыны зияннан ажыратады.
Өйткені Шəкəрімнің түсінігіне адамның жануардан айырмашылығы таза ақылы мен
жанында. Дін айтты: «Маған нан»,-дейді,Адасқан дінді пəн дейді. Мағынасын анық біле
алмай,Рух деген сөзді жан дейді, Осыдан жаман əуре жоқ.Рух деген-мінсіз таза ақыл,
Мінсіздің ісі шын мақұл.Айуандағы ақыл ол емес,Аз ғана сөзім –аз тақыл,Құраныңды оқы
нанбасаң» Көк Тəңірінің ұлылығын қадірлей білген түркі халқының таным, түсінігіне ортақ
болған ислам дінінің рухани құндылықтары да Ахмет Яссауи хикметтері арқылы енді.
«Диуани хикмет» шумақтарында қазақтар осы күнге дейін қадір тұтатын ойшылдың діни
жəне философиялық ұстанымдары нақты айқындалды. Бұл халықтың рухани танымында,
өмір талабына айналған діни дəстүрлерде иассауийа ілімдерінің кеңінен қолданылуына
алып келді. Тəңірге деген философиялық ұстаным өз деңгейін кеңейтіп, Аллаға деген
сеніммен ұштасып, рухани мəртебесін арттырды. Яғни, сопылық ілімдегі «қалб» мəселесі
барынша ашық қарастырылып бір Аллаға мойынұсыну адамзат жүрегіне жазылып қойған
сенім ретінде қабылданды. Адамның жаны ол туылғанда егілген дəн жүрегінде болады да
қолайлы жағдай жасалғанда ғана жайқалып өсіп, көркейе түседі. Шəкəрім өзінің “Үш анық”
деген еңбегінде “Ар ілімін” былай тұжырымдайды:Бірінші-əрбір адамда діни таным болуы
қажет, екінші-ғылыми танымы болуы керек, үшінші-“Ар ілімін” меңгеруі тиіс жəне оны
үшке бөледі: 1.Мейірім-ділік.2.Ынсаптылық.3. Әділеттілік, міне осы үшеуі бойында болған
адам, нағыз “Толық адам”, «арлы адам», «Иманды адам» бола алады деген.Ад, Мiржақыптың: «Әуелi үйренетiн бiр ғылымың Өзiңнiң мұсылманша дiн ғылымың, Шарттарын
исламның кəмiл бiлсең, Ақыреттiк азық берер шын ғылымың,-деген өлең жолдары
Иманипедагогиканың айқын ұстанымы болады.Дін-шариғат, имандылық жолын берік
ұстанған ғұлама ақын- Қараш Ғұмар (1875-1921, ): «Мысалы, надан сопы бір қара тас,
Халық соры осы күні кесірлі су. Надан шейх тентек сопы екі жолдас. Надан шейх діннің
соры, күннің соры. Бір қашпа олардан сен мың кері қаш», - деп, 1911 жылы жарық көрген
«Өрнек» атты еңбегінде: «Хазреттер (адасқан сопының пірлері) өздері бек дүнияуи
ғылымдардан хабарсыз қатты надан болады. Хəтта хəзіреттің түрлері, мүрид жиюларының
өзі надандықтарынан келеді. Жəне бұл жолдағы адамдардың бəрінде хияли аурулық
болады, ол хияли ауруларға көп уақыттар ридаят шегу (азап), қараңғы ханақаларда күн
кешіру, бегіректе надандық себепті əһіл тасауыфтың хияли керімдеріне ишанып (иланып)
жүреді» деп тұжырымдайды. Ғұмардың дін мен ғылым үйлесімділігін қалағандығын оның
дүниетанымын зерттеушілер былайша атап көрсеткен болатын: «Шариғаттың адам баласын
ынсаптылық пен ізгі-ниеттілікке, тəртіптілікке, бауырластықта болуға баулитын нормаларын ерекше дəріптеді, ислам дінінің ғылым мен өнерді дамытуға ешқандай кедергі
болмайтындығын еңбектерінде ғылыми негізде дәлелдеп көрсетті» [3;94-б.]
Имапипедагогиканың негізгі ұстанымдары осылай ертеден толық айқындалған.
Қазақ ойшылдарының діни дүниетанымы Құран-кəрім, Хадис-шəріп, Шариат секілді
исламның қайнар көздерiден бастау алып, дəстүрлі ислам арнасында қалыптасты. Жалпы
дəстүрлі ислам дегенде, Қазақстан жеріне ислам Хижаз бен Хорасан жерлерінде қатаң əһл
əл-хадис мектебіне тəн ортодоксалдық күйінде тарала қойған жоқ. Жергілікті мұсылман
жамағатының басым бөлігі діни ұстанымы мен көзқарастарында ақидада самарқандық
матуридилік ілімді, фыкхта ханафилік мазхабты басшылыққа алады. Құлшылық, ғибадаттарында ата-баба жолын ұстанатындықтан, оларды «дəстүрлі мұсылмандық сенімдегілер»
деп атау əдетке айналған.Қазақ халқының діни дүниетанымының дəстүршілдігі, оның
синкреттілігі мұнда исламның өзгеше түркілік реңге ие болуынəкелді. Бұл аймақта
ханифилік
мазһабтағы
суннилік
ислам,
ең
алдымен,
жергілікті
салт65
67.
дəстүрге деген төзімділігімен жəне жаңашылдыққа деген либералдық қатынасыменерекшеленді. Сондай-ақ исламды таратуда йасауйиа, накшбандйиа тəрізді сопылық
ағымдар – тариқаттар ерекше орын алды. Жалпы Йасауиден Шәкәрімге дейінгі қазақ
даласының ойшылдарының дүниетанымдық көзқарастарында сопылық дәстүрдің
негізгі рухани қайнарлардың бірі болғаны және бұл тарихи-мәдени сабақтастықтың
кешегі кеңестік дәуірге дейін сақталып келгені баршаға аян.»( Бақытжан САТЕРШИНОВ. ҚАЗАҚ
ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ДІНИ ДҮНИЕТАНЫМЫ).
Имандылыққа баулу қазақ ілімінің негізін салып,оны дамытқан,ғалым ғұламалары,əулие-пірлері,сал-серілері, ақын-жыраулары,би-шешендері қазақта көптеп саналады.
Арнайы мектептер мен медіреселер,оқу орындары да болған.Ұлы ғұлама-ғалымдардың,
əулие-пірлердің бірер пікірін жоғарыда түйінге дəлел ретінде келтірдік. Бірақ,
ол,имандылыққа тəрбиелеу ілімінің ұшқыны ғана.Бұл турасында телегей теңіз мұра
қалдырған,теориялық тамаша тұжырымдар жасаған, өмірде оларды ұтымды қолданған,
ақылман –ойшылдарымыз қаншама.Олардың аты-жөнін тізбектесеңіз бір кітап толады.
М.Қашқари(ХІғ.),А.Иүгінеки(ХІ,ХІІғ.ғ.),Қ.Сығнақи,...Зеңгібаба,Шақшақата,Қараманата,
Бекетата...Қараш Ғұмар(1875-1921),МашһүрЖүсіп(1958-1931),Ү.Ақытхажы(1867-1940)
Майлықожа Сұлтанқожаұлы,С.Ғылмани,ХалифаАлтай. Бұл ғұламалардың имандыққа
баулу қазақ іліміне қосқан үлесі,ғылыми ой-түйіндері аз да болса айтылып, жазылып,
ғылыми байлам жасалуда [7;23;27]. Иманипедагогиканың ғылыми негізі осы бастаулардан
нəр алады.
Пайдаланылған əдебиеттер
1.Абай (Энцклопед.)
А.1995
2.Абай Қара сөз
А.2015
3.Өзбекұлы С., Ғұмар Қараштың қоғамдық-саяси жəне құқықтық көзқарастары., 2005.-94б.
4.Ақыт хажы Ғахылия
Бай-Өлке 1994
5.Әлемдік педагогикалық ой -сана І том
А.2008
6.Әлемдік мəдениеттану ой-санасы І том
Ас.,2013
7.Бұлұтай М.Ж. Ата баба діні
А.2000
8.М.Дулатов
Шығармалары
А.1991
9..Жұмабаев М. Педагогика
А.1992
10. Жолдыбайұлы Қ.Ақиқат шуағы
А.2004
11. Жанан И.Хз. Пайғамбарин сунетинде тəрбие
Ист.2008
12. Ушинский Д.К. О религиозно-философском воспитании.
М. 1956
13.Мухамед Әли əл-Хашими Мұсылмандық тəрбие
А.2002
14.М.Исаұлы,Қ.Жолдыбайұлы
Ислам
ғылымхалы
А.2011
15.Қазақтың психологиялық ой-пікірлері
А.2006
16..Қазақтың тəлімдік ой-пікір антологиясы І том
А.1994
17.Құдайбердіұлы Ш. Мұсылмандық шарты
А.1993
18.Ы,Алтынсарин.. Өнер білім бар жұрттар
А.1991
19.Ы,Алтынсарин.Мұсылманшылықтың
тұтқасы
А.1994
20,И.Ж.Көпеев. Қазақ шежіресі
А.1993
21.Имам Бухари Имандылық қағидалары
А.2008
22.Сахих хадистер
А.2002
23.Сейітбеков С. Иман негіздері
Аст. 2011
24 Мұхаммед ибн Мұхаммед, Ислам тербиеси
Ыст.1996
25. Жанан, Ибрахим,Исламда айле ие чожук тербиеси
Ыст. 1989,
26. Шамил. Ислам анциклопедисиң, 2-том.
Ыст1999.
27.Сейітбеков С.Нысанбаев С.Мұсылман əдебі
Шым. 2003
66
68.
Иманипедагогиканың негізі4.1§. Кемел кісі ілімі
4.1.1§. Жетілген адам туралы ұғымның бастаулары
.Адамзаты арманына қанат бітіріп,қиялға шомған сол бір шағында,ұрпағының бұл əлемде
теңдесі жоқ,адам болып өмір сүруін тілеп, көз алдына оның сұлбасын сызып бейнелеп,ойсанасында ондай адамның адамдық асыл қасиетін,зор бейнесін,биік сапасын айқындай
алған екен.Бұлай мұрат етіп,кісілік дəрежесіне жеткен адамды армандау барлық халықта
бар үрдіс. Нағыз адам (орыс), Қытайлардың дао іліміндегі «əбден жетілген адам»,
Конфуцидің «цзюнь-цзы» жетік адам ,үлгі кісі(үнді),тəңірлік жан(монғол),тақуа
адам(мұсылмандар) т.б. Сократтан басталатын Платон, Аристотельдегі «сүюді сүйеніш
еткен адам», Шығыс ойшылдары мен суфизмдегі «пенделіктің кəмалаттығына ұмтылған
адам», атап айтар болсақ, Әл-Фарабидегі «Кемел адам», Ж.Баласағұнның дастанында
көрініс тапқан «Жауанмəрттілік» ілімі жəне А.Ясауи дүние-танымындағы «дертті адам»,
«топырақ адам», «ғарип адам» секілді тұлғаларымен сабақтасып,тамырласып жатыр. Бұл
турада М.Мырзахметұлы былай деген: «Жалпы адамзат баласының мыңдаған ғасырлардың
ар жағында қауымдасып қоғамдық дамуы жағдайына назар салсақ, ізгілік, кісілік туралы ой
танымдарының өзекті желісі Азия құрлығында алғаш рет бүр жарып, елес беріп із тастаған
рухани шырақ көздерін ғылыми тұрғыдан танып, біліп, бір жүйеге түсіре алсақ –
ұтқанымыз. Мысал ретінде айтар болсақ:1) Қытай жерінде б.з.д. алғашқы бес жүз жылдықта
қалыптасып үлгерген «жэнь» сөзінің мағынасы адам сүю деген ұғымды береді. Конфуции
б.з.д 551-449 жылдары «цзюнь-цзы» яғни жетілген адам ұғымын ендірді. Бірақ бір жүйеге
түсірілмеді əрі дəстүрлі жалғастық тауып ғылыми даму жолына түспеді. 2) Туран мен Иран
жерінде пайда болған, кейінірек Үнді жеріне таралған Заростризм дінінің кітабі «Авестада»
қайырымдылық, ізгілік дінінің Құдайы-Тара туралы ой-пікірлер желісі ізгілік қайырымдылық ілімінің алғашқы ой-танымдары желі тартқаны, өзіндік дүниетаным тұрғысынан
айтылған пікірлер желісі аңғарылады. 3) Туран жеріндегі б.з.д. жетінші ғасыр басында
Алып Ер Тона (Афрасиаб) туралы халық аузында жырланған дастанның үзіктері (600 өлең
жолы, яғни 150 шумақ өлең) М.Қашқаридің он бірінші ғасырда күллі əлемге
танымалы«Түрік сөздігі» арқылы бізге жетіп, шындықтың ой тамыздығына айналуда.»
(М.Мырзахметұлы.Толық адам ілімі жайында толғаныс.)
Кемел адам (араб. “инсан-и камил” – толық адам) – ақыл-ойы толысқан кісі. Діни
ілімде кемел адам – кісілікке жат қылықтардан əбден арылып тазарған, ішкі жан-дүниесі
ағарып, рухани қасиеті артқан, мүлтіксіздіктің қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған
асыл адам. Кемел адамның əрбір іс-əрекеті Алла тағалаға арналады. Ол – адасқандар үшін
темірқазықтай жол көрсетуші, жолда қалғандар үшін – көпір, үміті үзілгендер үшін –
ашылар есік. Көне қытай ойшылдары адамның адамдық қасиетін сыртқы көрінісінен
іздейді. Ұлы ойшыл Конфуцийдың пікірінше адам үш түрлі болады: Дана адам – асып
таспайды, Жақсы адам – күй талғамайды, Батыл адам – қорықпайды, - дейді. Сонымен қатар
қытай жұртының ғұламасы, дао ілімінің негізін қалаушы Чжан – Цзы: өзінің арғы тегінен
ажырамайтын адамды «Аспан адамы», рухани бастауынан бөлінбеген адамды «Қасиетті
адам », шындықтан бөлінбеген адамды «Кемел адамға» жатқызған екен. Кемел адамдар
туралы айтылған ой тұжырымдар,міне осылай астарласып сабақтасып жатқанын, оны тек
шығыс тəрбиелік ілімдермен ғана шектеп қоймай,төрт құбыласы тең барша адамзаттық
ұлтанды түйін деп қарастыру қажет.
Ендігі кезекте адам тəрбиесі мен кемелділік тұлғасын ғасырлар бойына арқау етіп
келе жатқан Ислам, Христиан, Буддизм діндері мен Конфуци іліміне тоқталып өтейік.Б.з.
VII ғасырда Араб түбегінде абыройымыз түсті деп нəресте қыздарын тірідей көмген
жаһилият, яғни надандық дəуірінде адамзат баласына шамшболып Мұхаммед пайғамбар
жіберіліп, Ислам діні пайда болған еді.Құранда:“Аллаһ олардың араларынан, өзінің
аяттарын оқып, олардың бойларын жамандық пен жағымсыз қылықтардан тазартатын жəне
67
69.
оларға кітаппен хикметті үйрететін пайғамбар жіберіп, мұсылмандарға үлкен қайырымдылық жасады”, –дейді.(Әли–Имран, 3/164 )Пайғамбарлық міндеті―хикмет пен көркем үгітарқылы ғана дінді жаю еді. Мұхаммед пайғамбар (с.а.у. ) жиырма үш жылға созылған
пайғамбарлықөмірінде барша адам өмірінің соңына жетерлік ғибрат пен өнегеге толы
сүннетжолын қалдырған еді.Пайғамбардың міндеті өмірінің соңғы деміне дейін
жамандықтан тиып,жақсылыққа үндеу мен қатар мұсылмандарды ислам діні шарттарына
сай көркем мінездер мен ізгі қасиеттерге баулып тəрбиелеу болды.“Шын жауынгер–
нəпсісіне қарсы соғысқан адам”деген. [1.20 бет]Адамның рухани тəрбиесі―ол нəпсі
тарбиесінен бастау алады. Ал рухани тəрбие өз кезегінде парасаттылық пен кемелділікке,
жеке адамның тұлға болып қалыптасуына жетелейді.Нəпсіні шариғат шартына сай
тəрбиелеу, бақылауға алу Ислам дінінің өзегі болып табылады. Өйткені кез келген
құлшылықтың шынайы жүрекпенжасалуының негізі нəпсіге барып тіреледі. Бұл жайында
орта ғасырлық араб тілдес ойшылдардың бірі Абу Хамид əл- Ғазали (1059-1111жж.) адамды
бір атты əскерге балап: “Нəпсі–рухтың көлігі. Егер адам нəпсісінің тізгінін жіберіп, оны
өзбетінше қоя берсе, сөзсіз құрып кетеді. Кейбір Үнді діндерінде жəне мистикалық философиялардағы сияқты егер оны өлтіруге тырысса, онда ақиқат жолындакөліксіз қалады. Олай
болса, нəпсіңнің тізгінін қолыңда ұста да көлігіңнен пайдалан!” дейді. [2.133 бет]Айтылған
ойдан нəпсіні тəрбиелеу барысында орта жолды ұстану керек екенін көреміз.Көркем мінез
жайлы білмек болған бір кісіге Мұхаммед Пайғамбар: « (Ей,Мұхаммед!) Кешірімділікті
ұстан, жақсылыққа бұйыр жəне надандарғасырт бер», - деген аятты оқып:--Көркем мінез –
туыстық қарым-қатынастарынүзгендермен арадағы аралас-құраластықты арттыруың, саған
жамандық
жасағандарға жақсылық жасап, қиянат жасағандарды кешіруің, - деп
қорытқан.Адам мен адам жəне қоғамдық қатынастарды реттеу, өзара үйлесімділікпенөмір
сүруде көркем мінездің маңызы зор. Көркем мінез адамның ішкі жандүниесінің рухани
құндылықтарды бойға сіңіру арқылы жүзеге асқан көрінісі.Ислам дінінің басты мақсаты да
рухани құндылықтарға тəрбиелеу, адамныңішкі жан дүниесін кемелдендіру болып
табылады. Сол себепті де мұсылман тəрбиесінде сабырлықпен кешірім жасау, кішіпейіл
жəне мейірімді болу,шыншылдық пен əділдіктен таймау, адалдық көрсету сияқты т.б. ізгі
қасиеттер кеңінен орын алады.
Ислам дініндегі нəпсіні тəрбиелеу арқылы кемелділікке жету жолын Христиан жəне
Буддизм діндерімен салыстыратын болсақ, аталған соңғы екі дін де аскеттік өмір салтын
ұстанады.Б.з. І ғ. Палестинада дүниеге келген Христиан дініндегі кемел адам үлгісі―Иса
Мəсіх болса, б.з.д. алғашқы мың жылдықта Үндістанда пайда болған Буддизмдінінде кемел
адам үлгісі― Будда Сидхартха Гаутама болып табылады.“Христиан діні адамдарды бай
жəне кедей , еркін немесе құл деп танымай, оларды тек діндар немесе діндар емес деп қана
тануға үйретеді. Байлық,асқан күш қуат тойымсыздық кесел деп, ал кедейшілік,
мойынсушылық пен жақыныңды жақсы көру сезімі ізгі қасиеттер деп саналады.
Христиандар бұл дүниеде қол жету мүмкін болмайтын əділеттілік, Иса Масих жария
еткендей,Аспан Патшалығында салтанат құратынына сенеді.”[3.311-312 беттер]Иса Мəсіх
атақты Тау уағызында шаттыққа бөленетіндер қой аузынан шөп алмас момын адамдар,
мейрімділер мен жақсылықты аңсағандарға адамның ішкі рухани қасиеттерін ашып
көрсетіп, жоғары адамгершілік тəлім беріп, кек қайтару, қарғыс лағынеттер айту, екі
жүзділікке үндейтін жағымсыз қылықтарды көрсетіп, христиан діні негізін ұғындырды.
“Сенен сұрағанға бер, сенен білгісі келгеннен теріс айналма”, “ Біреуді кіналама,сонда сені
ешкімде кіналамайды...”, “...Кімге қандай баға берсең өзіңеде сондай баға бұйырады” деп
рухани тазалыққа үндейді. [4.307 бет]
Буддизм дінінде Сидхартха Гаутаманың “Ақиқатты ізденіс жолында алдынан
ашылған мүмкіндіктердің алғашқысы йога болды. Тəн мұқтаждықтарын шектеп жəне
аштыққа төзе отырып, йогтар өздерінің рухани мақсаттарын түсінуге ұмтылды.Тəн
құмарлығын тежеу―олардың рухани дамуының қажетті алғышарттарының бірі еді”[5.49
бет]Будда дініндегі «үйлесімді адам» азап пен қайғы қасыреттің ізгілікті төрт ақиқат жəне
68
70.
сол азапты күйзелістерден құтылудың сегіз жолын игерген жан. Нирванаға жеткен(кемелденген адам)адам,ол ақиқатқа жетті жəне ол дүниедегі ең бақытты жан деп
санайды.Буддизм діні этикасы Будданың өсиеттерінен тұрады.“Тіршілік иелерінің
қай қайсынада зиян келтірмеу; біреудің өз еркімен бермеген нəрсесін алмау;жалған сөз
айтудан аулақ болу; мешкейліктен бас тарту; билеу мен əн салу жəне ойын–сауықтардан
аулақ болу; мас қылатын ішімдіктер мен есірткіден аулақ болу т.б. ” ұстанымдарға
негізделген. [6.19 бет]Бес мың жылдық тарихы бар Қытай елінде де рухани кемелділік
мəселесі назардан тыс қалмаған. Дəстүрлі қытай мəдениетінің өзіндік бет бейнесінің
қалыптасуына діннен гөрі, салттық этиканың маңызы зор болды. Чжоу династиясы
кезеңінде б.з.д.XІғ. Аспанға табынушылық орын алып, Қытай империясы аспан аясындағы
қасиетті империя деп жарияланды. Бұл көзқарас табиғат пен адамның арасын жақындата
түсіп, моральдық құндылықтардың негізін қалады.Ойшыл Конфуци өз ілімін
қалыптастырды. Ислам мен Христиан діндері бірнеше құрлық пен көптеген ұлттарды
қамтыса, Конфуци ілімінде ұлттық сипат басым болғандықтан тек қытай халқы шеңберінде
қалған. Дегенмен қаншама ғасыр өтсе де Конфуцидің даналық афоризмдері əлемдік
деңгейде өз мəнін жойған жоқ.Конфуци жақсы мен жаманды рухани жəне құлықтық
сипаттарына қарай жіктеп,жан–жақты сипаттап береді. Үлкенге құрмет көрсету,
басшыларды тыңдау бүгінге дейін көрініс тапқан.« Ата анаңа–тірісінде жөнімен құрмет
ет,Өлгенде– салт рəсімі бойынша жерле» ,- дейді. Конфуци ілімі көптеген ғасыр Қытай
мемлекетінің идеологиясына айналып мемлекет беріктігіне өз үлесін қосуда. Көріп
отырғанымыздай барлық діндерде де кемел адам мəселесі, тарбие маселесі қаралған. Әр
діннің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты рухани кемелділік концепциясыда соған қарай
бейімделіп өрбіген.Ал,қазақтың кемелдік ілімі-Адам Ата мен Хауа Ананың алғаш келіп
түскен өлкесі,Азияның шоқтықты Алтай тауында пайда болып жетілді.Ол кісілік ұғымымен
тамырлас,кəзіргі тұлға деп жүрген философиялық категориямен шендес,текті адам
ұғымымен өзектес болғандықтан əңгімені əріден бастаймыз.
4,1,2 §.Текті жан-Тəңір сыйы, Кісі -тəрбие жемісі
Абай адам болмысын: «Адам үғылы екі нəрсеменен: бірі - тəн,бірі-жан.Ол екеуі
орталарында болған нəрселердің қайсысы жибили(еріксіз тілек), қайсысы кəсіби (еңбекпен
табылған нəрсе) - оны білмек керек. Ішсем, жесем демектің басы - жибили, ұйықтамақ та
соған ұқсайды. Азба, көппе, білсем екен, көрсем екен деген арзу, булардың да басы жибили. Ақыл, ғылым - бұлар - кəсіби», - деп көрсетеді . Сондай-ақ, «...құдай тағала бұл
ғаламды ақыл жетпейтін келісіммен жаратқан, онан басқа, бірінен бір пайда алатұғын
қылып жаратыпты. Жансыз жаратқандарынан пайда алатұғын жан иесі хайуандарды
жаратып, жанды хайуандардан пайдаланатұғын ақылды инсанды жаратыпты.Хайуандарды
асырайтұғын жансыздарды еті ауырмай тын қылып, жан иесі хайуандарды ақыл иесі адам
баласы асырайтын қылып, һəм олардан махшарда сұрау бермейтұғын қылып, бұлардың
һəммасынан пайда аларлық ақыл иесі қылып жаратқан.»Мұнда жанның үш түрлі болатындығы, «адам жаны» олардың асқар шыңы екендігі көрсетілген. Шəкəрім:«...ар-ұждан адам
жанының қалауы, қажеттілігі, өйткені жан ешқашан да жоғалмайды...» дейді. «Тіршілік
туралы адам арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі жол бар. Бірі, дене өлсе
де жан жоғалмайды, өлгеннен соң да бұл тіршілікке тіпті, ұқсайматын бір түрлі өмір
бар.Сондықтан жалғыз ғана дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде жақсы
болудың қамын қылу керек дейді. Мұны ақырет - өлгеннен соңғы өмір жолы дейді.».
”Барлықтың (Шəкəрімше-дене) түп себебі-жаратушының білім, қүдірет шеберлігінде
өлшеу жоқ. Дəлелдерім: Ғылым жолында бұл барлықтың ешнəрсесі өздігімен бар бола
алмайды да, қозғала алмайды. Бұған себеп керек. Сол себеп жаратушы болады. Егер, сол
себепсіз бар болған нəрсе емес, дəлелім-оларда қозғалыс бар, қозғалуда жүрісінің өлшеуі
бар. Өлшеулі нəрсе өзі бар болған емес. Егер қозғалыс (притяжение, отрицание) өзіне тарту,
əрі итеру заңымен делінсе, ол қозғалысқа да себеп керек”-деп қорытқан.Осығын негіздеп,
69
71.
ол,«үш анығын» тұжырымдаған: Бірінші-мəңгі өзгерістегі Универсумда барлығынасебепші жаратушы ие . Екіншісі-бұл жаратушы барлық тірі мен тірі емеске жан береді, адам
өлген соң, одан əрі тазарып, жоғарылайды, өздігінен өмір сүреді.Үшіншісі -жанның
жоғарылап, тазаруы үшін адам ұжданға сай арлы өмір сүруі керек. Шəкəрім адамдарды
осыған шақырған. ХІV-XV ғасырларда өмір сүрген ғұлама, шипагер Өтебойдақ
Тілеуқабылұлы:«Адам заты, тіршілігі, тоғалығы, мінсіз бітістігі əуелде ата-анада жаралмақ, одан туылған ұрпаққа жалғаспақ …Алланың адам затын жаратқандағы берген ең зор
бағы, бақыты, дəулеті-тек қана мінсіз бітістік. Міне, бұл-тұлғалық, мүшелік мінсіздік.
Мінсіздікте, тұлғалық тоғалық ніл-қан,»–деп ғақлиялық тұжырыммен түйіндеген.(Ө.
Тілеуқабылұлы. Шипагерлік баян. Алматы, 1996.).Олай болса, «Адамзаты-тəн жəне жаннан
тұрады.Тəн
аталық жəне аналық ұрықтың ана бойындағы «бейіште» үйлесімді
ұшырасуынан түзіледі.Мұндай қабылетті Жаратушы.Адам Ата мен Хауа Анаға құдырет
етіп,ұрпақ таратып, өсіп-өну үшін жасап,нəсіп еткен. Ондай құдырет адамзат
ұрпақтарының бəрінде бар.Ал,жан -ана жатырында үйлесім тауып,тұқым бейнелікшаранаға айналғаннан кейін періште арқылы берілген, Жаратушының нұрлы-сырлы сыйы.
Ол өте асыл,əрі мəңгі. Қажетті шағында, періште арқылы Жаратушы, қайырып алады,
шынайы бейіште сақталады.Жан-тəннің жүрегіне қонақтайды».
Даму-жеке адамды жетілдірудің өте күрделі жəне құбылмалы процесі. Балада
ататектен туа біткен белгілі сезімдер мен мінез бар.Баланың адамгершілік, əуестік,
белсенділік жəне батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде толысып жетіледі Өйткені,
оның өсіп жетілуіне белгілі əлеуметтік тəрбие мен орта əсер етеді. Біздің пайымдауымызша;тұқым қуалаушылық-ұрпақтың ата-тектен алған еншісі- биологиялық--рухани
ұқсастығының белгісі, нышаны.Ол-ата-тектен ұрпаққа қан арқылы жəне періште əкеліп
салған жан арқылы беріледі.Қан арқылы ата-тектік бет-бейне,өң-түс,қимыл-əрекет,тіл,
діл,дін, мінездік нышандар ұласады. Жаратушыдан жолданған жан арқылы ата-тектік
ақыл-дарын, сезім-қабылет,рух-қуат дариды Біз осы негізде өмірге келген жан иесін(аяғын
басып тік тұрып,сөйлей алған шақтан)-ТЕКТІ ЖАН деп отырмыз.Қан арқылы берілген
тектілік негіздері осы шақта ғылыми жолмен толық дəлелденген. Ататектен мінез
нышандары берілетіндігін Фараби бабамыз: «адам жақсы мінез-құлыққа жетілгенге дейін
оның өзінің табиғатына біткен əлеуметке сай келетін мүмкіндіктерді іске асыру қажет .»десе,Абай атамыз; бала екі түрлі мінезбен туады деп атап та көрсеткен. Джон Локк(16321704)-тың:«... олардың тумысынан болатын мінез-құлық қасиетін толық өзгертеміз деп
есептемеуіміз керек,»- деген ескертуін де: естен шығарған жоқпыз.Жан арқылы берілетін
тектілік нышандары қаншама күрделі болғанымен, Алла тағалла өлшеп берген шанағынан
аса алмасақ та,қазақтың даналары, ойшыл ғұламалары,əлемдік ақыл-ой алыптарының
тұжырымдары, зерттеуші бүгінгі дəуір ғалымдарының теориялары мен ілімдері əжептіəуір
жəрдем бере алады.Сондықтан текті жанды-текті тұлға(кісі) болдырып қалыптастыру амалайласын, əдіс-тəсілін, педагогикалық-психологиялық шарттары мен талаптарын айқындаған көзқарас жүйесін-текті тұлға тəрбиелеу теориясы деген едік. Текті жан қалпынан
Кісі тұғырына көтерілу процесіне қоғамдағы қалыптасқан ахуал, отбасындағы этностық
тəлім тəрбие, білім берген оқу ордасы, ата бабасынан мирас болып бойына сіңетін
генетикалық өзгешеліктері, ерекшеліктері əсер етеді. Ұлттық тəрбиенің өлмес негізі,
рухани күші оның өмір сүру болмысынан туындаған өзіндік ұлағаты, тəжірибесінің
молдығы, рухани мұрасының тереңдігі мен өнегелігінде жатыр. Қазақ қашанда ұрпағының
толыққанды тұлға-(КІСІ)
болып қалыптасуына атсалысып,
тəрбиелеудің барлық
құралдары (жырлары, əпсаналары, ертегілері,ойын т.б.) арқылы нəресте шағынан ұлттық
тəрбиені (бауырмашылдық, адалдық, адамгершілік, үлкенге ізет,кішіге қамқорлық сияқты
барлық адами қаситтерді) бойына сіңіріп отырған.
Адам ұғылығы жан мен тəн дедік. Жұмыр басты пенденің Алланың берген ғұмырын
бұл жалған дүниеде белгілі мерзімде кісілік тірлік жасап,тектілік танытып, бақытқа
кенеліп, асқақ көңілмен, ажарлы бейнемен рухани нұрға бөленіп,шалқып өткізуге міндетті.
70
72.
Алла оны итшілеп өмір кешіп,тексіздің тұңғиғына батып,өлімсіреп мүсəпірлікпен ғұмыркешсін деп жаратқан жоқ.Ол үшін қажетті барлық мүмкіндікті,жағдаятты нəсіп етті. Тəн
мен жанды бағу үшін амал-айла керек,білім мен білік,ақыл-парасат қажет. Ең əуелде тəн
мен жанға азық керек. Кісіге аштықтан өлмеу үшін нəрлі ас-тағам керек,адамшылықтан
азып кетпеу үшін нұрлы ақыл керек.Текті тұлғаның тəн азығы-ас-тағам,жан азығы-рух. Астағамнан таршылық көрсек арықтап жүдейміз,күш-қуатымыз кемиді.Сол сияқты ақылпарасат,рух-қуаттан таршылық көргендер арсызданып азады.Тіптен төрт аяқты хайуаннан
сорақы, оның құлқыны зораяды,нəпсісі қозады.Рухани ашаршылыққа ұшырағандардың
жан сарайы ұзаққа құр тұра алмайды.Қасиетті орын бос болмайды дегендейін рухсыз
жанды міндетті түрде жын иеленеді. Жын адамның ақыл-ойын күш қуатын жамандық
жасауға пайдаланады.Яғни шайтандыққа ұрындырады. Адамның бүгінгі күнгі қабылдаған
тамағы ертеңгіге ас болмайды.Тəні сақталып тұру үшін адам өмір бойы күн сайын
тамақтанып отыруы керек. Бірақ,осыдан болып тəн-дене мəңгі сақталмайды. Ол қартаяды,
тозады,ақыр соңында өледі,табыт болып топыраққа айналады.Ал,жанның жөні бір басқа.
Егер текті тұлға-Кісі- Жаратушы да,Жасаушы Құдыреті күшті Құдайдың Киелі Рухынан
өмір бойы үздіксіз нəр алып отырса,оның жаны жақсылықтың құрымас қайнар көзіне
айналады да үнемі жасарып,жаңарып отырады.Өкінішке орай,жындар əлемі адам жанын
жамандықпен құрсаулап ұстап тұрады.Міне осы құрсаудан қалай құтыламыз? Текті жан
денесі болдырып босап кетпей,үнемі тың тұру үшін,оған ДЕНЕ тəрбиесі қажет.Жын соғып
Ақиқаттан адасып кетпеу үшін ЖАНҒА рухани тəрбие қажет.Анығырақ айтқанда,тəн мен
жанға өздеріне Алладан лайықталған азығын беру қажет.Күні бүгінге дейін тəнге лайықты
тəрбиені шамамызша,жан-жақты беріп,үйретіп ұқтырумен келеміз. Бұл іс-əрект- ғасырға
таяу уақытта материалистік педагогика мен психологияға оның алтын заңдарына негізделіп
жүргізілгендіктен тəрбиеде жасандылық пен сыңаржақтыққа тап болып, «ғылыми
педагогикамыздың» беделін түсіріп алдық. Ал,жан азығы болған рухани тəрбиеде мəдениетіміз бен тіліміздің,діліміздің əлеуетін қаншама пайдалануға талпынсақ та,ұлттық құндылықтарды толығымен кешенді пайдаланбағандықтан шамасы жетпей қалды. Ұлттық
құндылықтар мен мəдениетімізге шекшие қарап, менсімбейтін мінез тауып алдық.Олардың
тəрбиелік əлеуетіне шек келтіретінді шығардық.Рухани тəрбиенің алтын өзегі болған,
жалпақ жұрттық сипат алған имандылықты дінге қатысты деп танып тəрбиелеу əлемінен
шығарып тастадық.Текті жанға ататектен қан арқылы жəне жан арқылы берілген талантдарын, сырлы сезім,мінез-құлық, тəрізді тектілік нышанына сенбедік.Ол туралы қазақ
халқында қалыптасқан, тұжырымдар мен түйіндерді мойындамадық. Шынтуайтқа
келгенде, Қазақстанда, бүгінгі таңда, жас ұрпақты тəрбиелеу жəне білім беру жүйесі
де,оның ұстам бағыты да, ғылыми негізі де тығырыққа тіреліп, күйзеліске тап болды.
Міне,осы жағдайға сай Иманипедагогиканы алдарыңызға тартып отырмыз. Текті тұлғақазақ ұғымында КІСІ делінеді.Мəселен, Т.Тəжібаев: “Жеке адам əлеуметтік қатынастар
мен саналы іс- əрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі,өзін басқалардан ажырата
білетін,өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі»-деген.Текті жанның жолы,
қалыптасу сатылары мен кезеңдері тəрбиелеу қазақ ілімінде жан-жақты қарастырылған.
Жаңа тұған наресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола
алмайды. Өйткені, кісі болып, ер жету үшін бала оңы мен солын, өзінің менің басқа, яғни
басқа мендерден адамдардан ажырата білуі тиіс.Қандай да болмасын бір іспен
айналысатын, азды-көпті өмір тəжірибесі мен білімі, бағыт-бағдары мен дағдысы, икемі
мен дүниетанымы, сенімі мен талғам-мұраты бар адамды тұлға деуге болады. Тұлғаның
түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, керітартпа, бұзық, жауыз. Халқымыз кез
келгенді кісі деп атай бермей, оны имандылық пен адамгершіліктің басты белгісі, ес жиып,
етек жабу нəтижесінде біртіндеп қалыптасатын адамның азаматтық ар-ожданы, кісілік,
кескін-келбеті, адамшылықтың өлшемі деп түсінген.Кісіліктің түрліше деңгейі болады.
Оның жаман, жақсысы,көргенді, көргенсізі т.б. түрлері болады. Кісіліктің басты
белгілерінің бірі – ар-ұятқа кір келтірмеу, намысты аяққа баспау. Қазақта «жарлы болсаң
71
73.
да, арлы бол» деген сөз осыған орай айтылған.Кісіліктің басты белгілері: ар-ұяттықастерлеп сақтау, намыстылық, мейірімділік пен қайырымдылық., ізеттілік, адамдық пен
шыншылдық, ілтипаттылық пен кішіпейілдік.Қазақ ұғымында, олардың түп тұқиянынан
бері жалғасқан хас дəстүрі-КІСІЛІК жəне КҮРЕСКЕРЛІК. Кісі деп белгілі бет бейнесі
бар,күш қуаты,ақыл ойы толысқан,қазақша ойлап-сөйлеп, қуанып-мұңая алатын, сүйіпжирене білетін,көңілі асқақ, көкірегі ояу,көзі ашық –ұлт өкілі. Дəлірек айтқанда қазақтың
ұлт өкілін дайындап беретін арнаулы тетікте өңделген –адам. Ол-кісілігі зор екен немесе
кісілігі жоқ екен деп бағаланады.Халық: адам болар баланың, кісіменен ісі бар, адам болмас
баланың, кісіменен несі бар,-дегендегісі-осы кісі. Кісілік- өмір тəжірибесінің нəтижесінде
қалыптасқан жеке адамның адамгершілік іс-əректі мен мінезқұлқының жақсылық көрінісі.
Кісілік- адамдарға деген ізгі ниет, құрмет,жанашырлық пен сенім,кеңпейілділік,
басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық.Қадыр Мырза Әлі атамыз: «Кісілік кісі
таңдамайды. Ол қой бағып жүрген қатардағы қазақтан бастап, ел басқарып жүрген елеулі
азаматтарға шейін, бір де біреуін жатырқамайды. Бірақ ол екінің біріне бұйырмайтын,
адамның адамына ғана, соның жүрегіне ұя салатын қымбат қасиет. Ж.Баласағұн бабамыз:
«Десең өзің қадір-құрмет табайын, Кісілерді қадырлей біл ағайын. Білгің келсе кісі əсілін
анықтап, Көңіл, қылық,тіл-бұл істі танытпақ.Кісілікке кісілік еткен-ер кісі. Ақылды-естікісілердің кісісі,Білімділер-кісілердің кішісі.» Билер антындағы :«Кiсiлiкке қайшы iске
қарап тұрмау; Кiсiлiкке қайшы сөзге бас шұлғымау; Кiсiлiкке қайшы былыққа батпау;
Кiсiлiк қасиеттi ақтау, құдiреттi баптау»Қазақ дүниетанымындағы «кісі» сөзінен «кісілік»
ұғымы туындайды. «Кісілік» деген адамның намысы, өзіне-өзі жасайтын құрметі, өзін-өзі
сыйлауының белгілі бір деңгейі, кісіліксіз адам-тағдыр тəлкегіне түскен-мүсəпір. Кісіліктен
бір айырылып қалған сананың ендігі жерде өз-өзіне келіп, толысуы екі талай іс. Адамдар
басқаның көңілін табамын деп жүріп «кісіліктен» айырылып қалуға болмайды, өйткені,
«кісілік» адамның өзегі, оны жетілген адам дəрежесіне көтере алады Кісі-кісілік қасиетімен
анықталады. Кісілік қасиетті Ұлы Даланың Ұлық ұстаздарының қай-қайсысы да саралап
көрсеткен. Соның ішінде Ж.Баласағұнның орны ерекше. Айталық, Ұлы Ұстаз: «Кісілікадамгершіліктің негізгі тұтқасы, адамилықтың биік шыңында тұратын құнды қасиет.
Адамды адам етіп құрметтеудің, бағалаудың белгісі ретіндегі сапалық көрсеткіші,-деп
көріп, кісілікке тəн сипаттарды былай бөліп көрсетеді: «тіл-адал сөйлеп, шындығын айту;
əділет-əділдікті сақтау, ар-намысты қорғау; жомарттық – қайырымды, кеңпейілді, ақжүрек
жəне қол кең болу; қайсарлық-елін-жерін қорғау, жаудан сақтану.» Ж.Баласағұни адамның
бойындағы кісілік қасиетін жоғары қоя отырып,кісі-ділі,тіні, негізі-кісілігімен ғана Адам
деген құрметке ие екендігін ашып көрсетеді: «Кісі екенсің, тінің сенің-кісілік, Кісілерге
адамдық ет кешіріп... Кісілікпен танытасың затыңды, Кісілікпен шығарасың атыңды.
Кісілерді кісі еткен кісілік, Кісілікпен аты шығар кісінің..Кісі ізгісі-қайрымды кең кісі, Ел
сарасы, кісіліктің белгісі...Әділдік –құт. Құт құрығы- кішілік. Әділдіктің заты-тұнған
кісілік.Елдіктің өзегі-білік,кілті-тіл, қадір-қасиеті-кісілік.»Ғұламаның «кісіліктің» мəнін
ашып көрсету бойынша айтқан даналық тағылымдары тым терең,əрі құнды. Текті жанды –
Кісілікке жеткізу үшін-кісіліктің əліппесі ретінде Ж.Баласағұни ілімі бағалануы тиіс. Адам
баласының адамгершілік қарым- қатынасындағы атаға, руға, ұлтқа бөліп, адамдық асыл
сезімдерге жол бермей, күндестік, бақталастық, дүние таластықты тудыруға, əдепті бұзып,
адамгершілікке қиянат көрсетіп, қылмыс жасау текті сыйламаудан, адамдық қасиеттерді
қастерлемеуден туындайды Ж.Баласағұни тектілікті тұқым қуалаушылық шеңберінен
шығарып, адамгершілік асыл қасиет деңгейіне көтереді. Ол тектіліктің тұқым қуалау
арқылы да адамның бойына тарайтынын жоққа шығармайды. Оны мына ой-пікірлері
дəлелдейді: Елік ойын мəтелдеді, балады: «Текті ердің текті ұрпағы қалады!»..Тегі жақсы
болса, жақсы адам да Жақсыларды құрмет тұтар əмəнда. Ғұламаның данышпандығы
тектілікті тəрбие арқылы қалыптастыруға болатын тұлғалық сапа ретінде анықтауы болып
табылады. Оның негізгі мəні-«əкеңді сыйласаң, атаңды құрметтей білесің, бабаңды
қастерлеп, бабаның өнегесін орындайсың да, еліңе елеулі, халқыңа қалаулы, бүкіл адам
72
74.
баласына лайықты əрекеті мен əдептілігі бар жан екендігіңді танытасың» деген ой-түйін:Текті атаның баласы туыс іздейді, Тексіз атаның баласы ұрыс іздейді. Асыл болса кімнің
ата-тегі егер, Одан елге пайда тиер, сене бер!. Тəрбиенің жетекші роліне сүйене отырып,текадамдық қасиет, өйткені əрбір тұлғаның тегі-Адам, сондықтан оны тұлғаның бойында
қалыптастыруға болады деген тұжырым жасайды: «Бектер сөзі тілді буып алмасын, Текті
сөздің тек əділін арнасын. ..Ізгі іс істесең-текті тірлік сүргенің, Жауыздығың-көрге тірі
кіргенің.» М.Жүсіп əулие адамшылықты байқататын басты ерекшелікті «кісілік» ұғымы
арқылы көрсетеді: Жақсылық, қайыр, ихсан қылған кісі, Адамның қымбат баға сол жұмысы.
Табылмас көзге тотия - ем дəрідей, қолынан əр жақсылық келген кісі, - [30, 148 б.] деп
«кісілік» мағынасын жақсылық жасау арқылы, яғни қолынан іс келетін, біреуге көмек
беруге дайын адамды сипаттау арқылы ашады. «Пайдасы көпке тисе əне – кісі» деп, ал
«Қолынан келер іске болыспаса, Болмайды одан асар жаман кісі» деп, қарабасынан басқаны
ойлмайтын адамдарды суреттейді. Ал, «Қалмады ойлай-ойлай басымда ми» өлеңі ақынның
өзі айтып отырған адамды кісілікке жетелейтін өсиет секілді. Мұнда ақын адамды жақсы,
жайдары, жұмсақ мінезді болуға, кек сақтамай көпшіл болуға, кісілігі жоғары адамдармен
дос болуға шақырады: Жүрерсің жайлы болсаң, жұртпен тату, Жұмсақ бол, жұғымды бол,
болма қату. Кісілігі жоқ жанмен үйір болма, Жолдас болсаң, жолдас бол кісіменен. Мақтаулы жұрт алдына болам десең, Біреудің ауызға алма жамандығын. Дос, жолдас қылам
десең, қауым көпті, Бойыңа үйір қылма өкпе, кекті. Жамандыққа жақсылық мінез қылып,
Бола бер бəріне де ыңғайлы, епті [30,10 б.]. Ақын бұл жерде кісілікке жетудің негізгі
жолдарын анық көрсетіп отыр. Бұл ойын əрі қарай «Бес қымбат» өлеңінде жалғастырады:
«Ең əуелі керек нəрсе иман. Егер жүректе иман болмаса, «Құдай кешірер» дегенмен іс
бітпейді; Екінші керек нəрсе – ғақыл. Ғақылсыз адам дінін бұзады; Үшіншісі – сабыр.
Сабырлы адам мұратына жетеді; Төртінші – шүкіршілік. Бесіншісі – əдеп. Әдеп бар жерде
иман бар» [6, 69 б.] деген толғамдардан халқы үшін тереңнен толғап сыр тартқан сыршыл
да сыншыл ақын тұлғасын көреміз. Қарап отырсақ, М.Ж.Көпейұлы адам жəне оның
қоғамдағы орны, олардың жақсы-жаман істері жайлы ой толғағанда, «жақсы адам деп кімді
айтамыз, жаман адам деп кімді айтамыз?» деген, бір қарағанда жеңіл көрінгенімен, шын
мəнісінде ауыр сұраққа жауап іздейді. Жақсы мен жаманның ара жігін ажыратып, адам
бойындағы жағымсыз мінездерді əшкереліп, жақсы адам болудың жолдарын насихаттайды.Ұды Даланың Ұлық Ұстаздарын толғандырған басты бір мəселе – адамның барлық
жағынан жетіліп, нағыз адам-кемел кісі болуы. Мұны Ұлы Абай «Толық адам» десе, М. Ж.
Көпейұлы «Түгел адам» деп қарастырады. Бұл сөзінің мағынасын «Төрт асыл, бес береке»
өлеңінде ашып беруге тырысады: Мұндағы төрт асылы :– Хақты тану, көңіл, тəн, тіл
тазалығы; -уəдеде тұру, көз, тіл, нəпсіге берік болу, намаз оқу,зекет,қайыр-садақа беруді бес
береке деген.Текті жан иесінің бұл өмірге келгеннен кейінгі ең басты ерекшелігіне сай кісі
қалыптастыру іс-əрекеті,тəрбиелік үрдістер іске асырылады. Негізінде адам баласының
тəрбиесінде, халықтың сан ғасырлық даналығынан асып түсетін ешбір құндылық жоқ .
Адам тəрбиесінің қайнар көзі балалық шақтан басталса, бала тəрбиелеуде толықтай ойлау
қабілеті қалыптасып болмайынша еш нəрсеге үйрету мүмкін емес. Адамға білім берместен,
оның сол білімге өзі қол жеткізетін қабілетін қалыптастыруға ерекше мəн беру керек,
Демокриттің сөзімен айтқанда –«көп білетін ақылдылар өте, көп білуден гөрі, көп ойлануға
ұмтылу қажет».Адам ақыл ойының жəне өзіндік танымының қалыптасуы əлде қайда
маңыздырақ. Орыстың жазушысы, педагогы жəне философы В.Ф. Одаевкский айтқандай
«Адамның ең бірінші қадамы өзін-өзі танудан басталса-бұл үлкен істің біткені».
Адамзаттың даму тарихында жастар тəрбиесіндегі басты мақсат қандай, тəрбиелеуші
қоғамның мүддесі қандай деген заңды сұрақтар пайда болады . Осындай күрделі сұрақтарға
жауапты сан қилы формада табуға болады.Текті жан болып дүниеге келгеннен кейін кісіге
тəн қасиеттермен қабілеттерді игеріп қалыптастыру басты мəселе екені рас. Фараби адам
еңбек ету нəтижесінде жоғары сатыға көтерілетінін алға тартты. Фарабидің пікірінше, оқу,
тəрбие, білім алу, еңбек ету, ғылым адамы болу адамгершілік жəне еңбек тəрбиесіне тығыз
73
75.
байланысты. Фараби ең алғаш еңбекті, таза еңбекті, адал еңбекті тəрбиенің алғы шарты етіпалды.Әл Фараби жас ұрпаққа тəлім – тəрбие беріп, еңбекке үйретіп, еңбек тəрбиесін беретін
адамды яғни ұстаздық ететін адамды өте жоғары бағалаған.Адам баласына тəрбие беруде
ұлы Абай атамыздың он тоғызыншы қара сөзінде; « Адам ата-анадан туғанда есті
болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды танидыдағы,
сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін
ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» деген екен. Қазіргі замандағы ғылыми техникалық
прогресстің өрістеу темпі, өндірістік, энергетикалық, коммуникативті мүмкіндіктердің
өсуі, мəдениеттің жаңа сатыға көтерілуі, күш-қуаты,қадір-қасиеті,мінез-құлқы жүректегі
рухтың нұрына бөленіп,сезім жылуына оранып, толысып жетілуі арқылы КІСІ деген осы
əлемді билеуші, əмірші,құл пайда болады.Кісі-қанша əмірші,билеуші болғанымен
Жаратушының Жердегі құлы. Сондықтан,кісі ешқашан Жаратушы бола алмайды.Ең зорыЖаратушыға жақын болып, дидарласпаса да,көкірек көзімен ұғып,білген санаулысы ғана,
пайғампар,əулие-пір атанған. Жаратушы күллі Әлемді жаратқан кезінде,оның əр бөлшегін
орнына келтірген кезде ақыл-ой сананың жаратушыға тəн үлесін сіңіргені айқын.ОныЖаратылыс жəне Қоғамтану ғылымдары, танып-түсіне алғандарын ғұлама-ғалым,өнерпазшебер,ұста-зергер,алысты-болжағыш, шипагер-емші,ұлық-ұстаз атап жүр. Дəл осы
тұрғыдан алып қарастырсақ КІСІ дегенгіміз-философиядағы, педагогикадағы, психологиядағы «тұлға» ұғымымен сəйксс келе бермейді. Қазақтың кісісінің бірнеше ерекшелігі
бар:-Ол,əуелі қазақтың тілі, ділі,діні,мінез бітісі,қазақы көңіл-күйі арқылы дараланып,
қазақтың рухани құндылықтарымен сусындап қалыптасуы тиіс;«Ұрпағынның ұрпағына
үлгі ет те – Кісілікті кісілікпен құрметте! Тірі кісі кісілігін асырсын; Кісілікпен, ей, мəрт
ерім, ұлы бол; Кісілікке түсер содан ұлы жол; Адамшылық жаса адамға, адам бол; Адам
атын мақтаныш қып адал бол» (Ж.Баласағұни) -Ақыл-ой парасаты,ғылым-білім
деңгейі,адами асыл қасиеттері,жасампаздық жəне күрескерлік қуаты басқа кез-келген ұлт
өкілінен кем емес,тең болуға тиіс.Өткен шақта осылай болғандығына тарих куə.-Кісізаманға сай өзгеріп, жетіліп,ұғым аумағы кеңейіп отыруы тиіс. «Бүгінгінің кішісіертеңгінің кісісі
екенін» дəлелдеп отыруы тиіс.«Заманға сай-кісісі»Тұлға ұғымын
қарастыратын жоғарыда аталған іргелі ғылымдардың қай-қайсысында бірауыздан
мақұлданған ортақ түсінік күні бүгінге дейін жоқ.Оларда қаншама ағым,ілім , теория
болса,соншама анықтама бар.Кейбіреуі екіншісіне қарама-қарсы түсінікте қолданыла
береді. Қазақтың кісісінде ат-атауы(кісі-адам-пенде-жан) сəл өзгеріп,ауқымы кеңейгенімен,бірізділік қасиетінен айрылмайды, арасындағы сабақтастығы мен іргелестігі
айшықты аңғарылып тұрады.Айталық,Қорқыт ата: «Өлмейтін кісі» десе,Фараби
баба;«Бақытты адам», Ж.Баласағұни:«Жомарт кісі», А.Яссауи:«Топырақ кісі», «Ғарип
кісі», Абай; «Толық адам» Шəкерім; «Арлы кісі» деумен күні бүгінге дейін жалғасып,
«Білімді адам» болып,көрініс тапқан. Мына заман бұларға «бəсекеге қабылетті» ұрпақ
ұғымын жалғап отыр. Текті жан нағыз кісі болып қалыптасса,ол енді,өзі «бəсекеге
қабылетті» болумен қатар,бəсекеге қабылетті текті ұрпақ жалғастыруы тиіс болды.
М.Ж,Көпеев ғұламаның мына бір теңеу мысалын оқып көрелік.«...Ара ұшып келе жатыр
дейік, ол солғын гүлге қонбайды, əдемісіне қонады, себебі оның шырыны дəмдірек. Ара
қонғасын да оның аяғына бұрынғы гүлден жұққан не аталық, не аналық ұрық екінші бір
гүлді тозаңдандырады. Соның нəтижесінде солғын гүл емес, əсем гүл ғана ұрпақ
жалғастыруға мүмкіндік алады. Демек,əлсізден-əлсіз, күштіден күшті тарауы ықтималдығы
жүзеге асады.» (ҚуандықМ.Ж.) И.Кант адамның ішкі ар-ұжданына таңқалып, оған «Homo
morales» деген анықтама берген. Уақытында ұлы Абай оны «нұрлы жүрек», Шəкəрім «үш
анықтың» біреуіне жатқызады. Егерде адамның ар-ұжданы болмаса, ол жануарлардан
қулық сұмдығы жүздеген есе асатын нағыз жан түршігерлік сайтанға айналар еді. Көптеген
көркем əдебиеттің дəріптейтін аса құнды адамның қасиеті оның ар- ұжданы . Қиын қыстау
жағдайында нағыз адам өз ар-ұжданын, абыройын сақтап қалу жолында өзінің тəнін құрбан
етуге дейін барады. Австриялық ғалымның В.Франклдың айтқаны бар «Құдайды ғарыштан,
74
76.
тіпті оның əр жағынан іздеу керек емес, ол-адамның ішіндегі оның ар-ұжданы».Осы ойдыңаясында Шəкəрімнің «Үш анық» атты еңбегіндегі;адам ақиқатты бас көзімен көрмейді,
ақыл көзімен көреді. Біліп жаратушы-тəңірі, өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге
де керектісі-ұждан. Ұждан дегеніміз - нысап, əділет, мейірім деген екен. Әрине адам болып
дүниеге келгеннен кейін дүниені неғұрлым дұрыс танып, білу үшін жəне жақсы өмірдің
жолын таңдай білу үшін текті жанды-кісі болдыру үшін,кісі бойына кісілік қасиеттерді
дарыту үшін ұлылардың ұлағатты қағидаларын басшылыққа аламыз.
Әл-Фараби бабамыз: «бақыт - əр адамның көздейтін мақсаты, үлкен игілік. Адамда
сол мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін үш түрлі тамаша табиғи қабілет болады, ол: ерекше
жасалған дене құрылысы, жан құмарлықтары, ой-парасаты»,- деген. Әл-Фараби: «Ақылпарасат күші-адамның ойлануына,пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына жəне
жақсылық пен жамандықты айыруына көмектесетін күш»-деп көрсетеді.Әл -Фараби
адамның жан дүниесін жетілдіру мəселесін философиялық тұрғыдан зор білгірлікпен жанжақты да терең зерттеп, талдау жасайды. "Адам кемелдігі неде? Бақытқа қалай жетуге
болады? деген сұраққа əл- Фараби білім мен іс-әрекет арқылы жетуге болатындығын
айтады. Бақытқа жеткізетін барлық іс-əрекеттер мен қызмет əрқашан қайырымды.
Әрекетшіл жанның мақсаты - әдейі көзделген ұмтылыс болуға тиіс. Оған іскерлік пен
көрегендікті, яғни дүниені тану қабілетін бойына дарыту ұмтылысы ұйытқы болады. "Адам
қайырымдылық, сұлулық, игілік жəне ұлылықты басқа адамдардан емес, өзінің жаны мен
тəні арасындағы барлықтан алса, ол шынымен де қайырымдылық пен бақытқа қол
жеткізеді". Қайырымды жан—ақыл-парасаттың, адам бақыты мен бақ-дəулетінің күрескері.
Қайырымдылық - табиғи бейімділіктің іс-əрекетпен ұштасуы, маңызды міндет-мұрат үшін
жігер мен табандылық көрсету. Әл-Фараби «Адамның мінез-құлқын кемелдендіретін ісәрекеттер адамның тәнін кемелдендіретін іс-әрекеттерге ұқсайды. Тəннің кемелдігі –
денсаулық, денсаулық бар болса, оны сақтау керек. Жоқ болса, оған жетуге тырысу керек.
Тəнді сауықтыратын іс-əрекеттер тек қалыпты деңгейде болса ғана, саулыққа жетуге
болады. Дəл осы секілді іс-əрекеттер де орта деңгейде болса, солар арқылы жақсы мінезқұлыққа ие боламыз» - дей отырып, тəн сұлулығы адамның денсаулығында, ақыл, парасат
күшінде жəне адамгершілік сапаларында екендігін баса көрсетеді. Әл-Фараби өзінің
«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары»-атты философиялық трактатында
«қайрат», «ақыл» жəне «жүрек» сияқты ұғымдарға түсінік бере келіп: «жүрек-басты мүше
мұны тəннің ешқандай басқа мүшесі билемейді,бұдан кейін ми келеді,бұл да басты
мүше,бірақ мұның үстемдігі бірінші емес»,-дейді. Білімге бағытталған іс-əрекеттердің
барлығы əл-Фарабидің ойынша, белгілі бір кезеңде жəне қоғамда ілім мен тəжірибелік
мүмкіншіліктерді тұлғаның игеруі деп тұжырымдайды. Білім алудың басты мақсаты – жеке
тұлғаны кемеліне жеткізу болса, ал əлемде адамзаттың өмір сүруінің басты мақсаты –
абсолюттік жақсылық – жоғары деңгей деп танылатын бақытқа жету. Мүлтіксіз тұлға, əлФарабидің ойынша, интеллектуалды білімін қорытындылайтын теориялық ізгілік пен
рақымшылықты, адамгершілікке толы тəрбиенің кемеліне жеткен тəжірибелік ізгілікті
бойына сіңірген адам. Ақыл мен адамгершілік, қайырымдылық өзара табиғи түрде
байланысып жатқан құбылыстар екенін түсіндіреді. Әл-Фарабидің айтуы бойынша, адам
өзінің мінез-құлқын жетілдіре түсу үшін, ең алдымен, ол өзіне-өзі мейлінше адал болуы
тиіс. Сонда ғана адам өз бойындағы ізгілікті қасиеттерді барынша жетілдіре түсуге
мүмкіндік алады. Әл-Фараби «қандай шебер əдістің жəрдемімен жақсы мінез-құлыққа
жететінімізді қарастыруымыз керек» дей келіп, қоғамдағы əрбір құбылыс шектен шығып
кеткен жағдайда адамға теріс əсер ететіні сияқты адамның мінез-құлқындағы шамадан
асып кеткен көріністер де ізгі қасиеттерге кері ықпалын тигізеді. Әл-Фарабидің атап
көрсетуінше, адам өзінің бақытқа жету жолын логикадан бастаған жөн. Бір сөзбен айтқанда,
Фараби адамдардың өз көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін
айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, адам тек ақиқатты,
айналадағы дүниені танып-білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды. Мəселен, Әл- Фараби
75
77.
өзінің «Интеллект (сөзінің) мағынасы жайында» деп аталатын зерттеуінде адамның ақылпарасат мүмкіндігіне жан-жақты талдау жасай келіп, оны «потенциалды интеллект»,«актуальды интеллект», «жүре келе дарыған интеллект», «əрекетшіл интеллект» сияқты
философиялық категорияларға бөліп-бөліп талдайды. Әл-Фараби «жүре келе дарыған
интеллект» туралы айта келіп, адам туғаннан ақылды, білімді болып тумайтынын,
интеллектің өзі жүре келе, естіп, көріп барып қана дамитынын ескертеді. Сондай-ақ ӘлФарабидің «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері» атты еңбегінде адам бойындағы
жақсы жəне жаман қасиеттердің бəрі жаратылысынан емес, жүре келе, өзін қоршаған қоғам
өміріне сəйкес өзгеріп отыратынын айта келіп, төмендегідей тұжырым жасайды: «Адамның
əуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты, қайырымдылық пен жаман
қылық та адамға əуел бастан жаратылысынан дарымайды. Бірақ қайырымдылықпен немесе
жаман қылықпен (байланысты) күйге жаратылысынан бейім болуы мүмкін, оған қандай да
болсын басқа əрекеттерден гөрі əлгі (күйден) туатын əрекеттерді істеу оңайырақ болады.
Өнер біткеннің бəріне жаратылысынан бейім адамның болуы шындыққа сыймайтыны
сияқты, қайырымдылықтың, этикалық жəне интеллектуалдық бəріне жаратылысынан
толық бейім адамның болуы шындыққа сыймайды, ол мүмкін емес» Адам бірден кемеліне
келіп тумайды, бірақ күннен күнге жеке басын жетілдіріп, өз ісінде шеберлік шыңына
өрмелей отырып, ол лайықтылық пен артықшылықтың жоғары сатысына көтеріледі, бұл
талғамның нəзіктенуінен, ақылдың сұңғылалығынан, пайымдаудың тереңдігінен, тілектердің мүлтіксіздігінен көрінеді. Бəз біреулер толысуға қол жеткізе алмай-ақ қояды, оларға
əрқашан бірдеңе жетіспей тұрады; ал кейбіреулер оған кеш жетеді. Сөзі дана, ісі ізгі, кемел
кісіні əрдайым парасатты адамдар құшақ жая қарсы алады, олар онымен тез тіл табысады.
Кемел адам ұғымының арғы төркіні Жүсіп Баласағұнидің '' Құтты білік '' дастанынан
көрініс береді. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанын: Алма Қыраубайқызы «Адам.
Оның кемелдену жолдары. «Кемел мемлекет» арманы» -деп қарастырады.
Ал,М.Мырзахметұлы: « Жəуанмартлік ілімі» -деп түсіндіреді.Мемлекеттік заң деп
танушы да,жекебастық педагогика деушілер де баршылық.Барлығының тоғысар жері-адам
оның кемелдену жолы.Жүсіп Баласағұнның ойынша, адам баласының қадір-қасиеті білімі
мен ақылында. Бұл - адамның жетіліп, кемелденуінің алғашқы жолы. Ғылым іздеу –
мұсылман-ның бір парызы.Ақыл қайда болса, ұлылық толады,Білім кімде болса, сол білікті
болады.Тілдің пайдасы мен зияны бірдей екенін біл. Ізгілік ет, əділеттің жолын қу, шыншыл
бол: Әділ болсаң қараға - ақ, аққа - жақ, ұрпақтарың жақсы атыңды сақтамақ. Нəпсіңді тый,
сабырлы бол, шарап ішпе: Ішімдікпен мал-дəулетің шашылар, зинақордың ар-ұяты ашылар.
Сараңдық пен ашкөздіктен аулақ бол: Қиды терген сасық қоңыз сияқты, Сараңдықтан асқан
не бар ұятты. «Құтты біліктің» ең негізгі көтерген мəселесі - адамгершілік. Адамгершіліктің
сан саласы бар. Оның бірі - тілді тыйып ұстап, орынды жұмсай білу. Тіл екі жүзді қанжар
секілді.Тілден бақ қонады, тілден бас кетеді.Тіл арыстан есік баққан ашулы,Сақ болмасаң
жұтар, ерім, басыңды! –Адамгершіліктің тағы бір көрінісі - білімде. Өйткені білімді адам ақылды адам. Ақыл түнектегі шаммен тең. Туындыгер сонымен бірге адамгершілікке
қарама-қарсы қылықтардан сақтандырады. Жалпы ақын адамның кемелдену жолдарын
айқындайды. Оның барлық көріністері өлең жолдарында айтылады жəне оның сапалық
белгілері мынада: 1. Адам баласының қадір-қасиеті – білім мен ақылда. Ол адам кемелденуінің алғашқы жолы. Ғылым іздеу – мұсылманның бір парызы; 2. Тілдің пайдасы мен
зияны бірдей; 3. Ізгілік – адамзат үшін ең қажетті қасиет; 4. Даңқ пен дəулетке мастанба, ол
бір орнында тұрмайды; 5. Әділеттің жолын қу, шыншыл бол; 6. Сараңдық пен ашкөздіктен
аулақ бол; 7. Иттердің басшысы арыстан болса, иттер де арыстандай күркірер, ал
арыстандардың басшысы ит болса, иттің тірлігін қылар; 8. Тексіз кісі уəзір бола алмайды.
Бек қандай болса, уəзірі де сондай; 9. Намысшыл ер бол; 10. Өз пайдаңнан гөрі ел пайдасын
ойла. Қайырымды бол.
Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 ж., қазіргі жыл санау бойынша
1070 ж. жазып бітірген. (18 ай бойы жазған) Дастанды “хандардың ханы” – Қарахандар
76
78.
əулеті мемлекетінің (942 – 1210) негізін салушы Сатұқ Қара Бұғра ханға (908 – 955) тартуетеді (қ. Әулие Ата). Сол үшін хан өз жарлығымен Ж. Баласағұнға - “хас хажиб” – “бас
уəзір” немесе “ұлы кеңесші” деген лауазым берген. Қарахан əулеті билік жүргізген дəуірде
ұлан - ғайыр өлкені алып жатқан осы мемлекеттің басқару тəртібін белгілейтін ережелер,
сондай - ақ, қоғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайтын тиісті заңдар жоқ
еді. Міне, елдегі осы олқылықтың орнын толтыру мақсатымен Жүсіп Баласағұни өзінің
“Құтты білік” дастанын жазды. Демек, дастан белгілі бір мағынада елдегі Ата заң
(Конституция) қызметін атқарған. Жүсіп Баласағұнидің дастанда патшалар мен уəзірлердің,
хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, əскербасылар мен нөкерлердің, тəуіптер мен
аспаздардың, диқандар мен малшылардың, т. б. қоғам мүшелерінің мінез - құлқы, білім
дəрежесі, ақыл - парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу керектігін жеке - жеке
баяндап шығады. Ақын мəселені əмірші - патшаның өзінен бастайды. Ел - жұртты
басқаратын адам – ақыл - парасаты ұшан - теңіз, ниеті түзу, сөзі шырын, білім мен өнерге
жетік, қолы ашық, пейілі кең, жүзі жарқын, ешкімге кек сақтамайтын жан болуы шарт
екенін айтады. Ел басқарған əкімдерді күншілдік, ашкөздік, сауық - сайранға құштарлық,
қатыгездік, кекшілдік сияқты жаман қылықтардан сақтандырады. Бұдан кейін ақын
патшаның көрер көзі, естір құлағы “хас хажиб”, яғни бас уəзір міндеттерін тізбектеп, зор
білгірлікпен айтып шығады. Бас уəзір халықтың талап - тілектерін патшаға, ал патшаның
айтар ой - пікірін, жарлықтарын халыққа жеткізіп отыруы тиіс. Дастанның басты идеясы
төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ
жаратындай əділ заңның болуы. Екіншісі, бақ - дəулет, яғни елге құт қонсын деген тілек.
Үшіншісі, ақыл – парасат. Төртіншісі, қанағат - ынсап мəселесі[1].
Жүсіп Баласағұнидің “Құтты білігінде” өмір мəні пайымдалып, жалпы адамзаттық
рухани байлықтар – мұрат, дін, этика, өнер жəне даналықтың мəні сараланған. Ақиқатқа
жету жолын адам мен əлемнің, ұлы ғалам мен микроғаламның үйлесімді болуы туралы
қағидаға негіздейді. Осындай Жүсіп Баласағұнидің қоғам туралы ойларында, яғни қазіргі
түсініктегі əлеуметтік философиясында əділет, бақыт, ақыл жəне қанағат ретінде
бейнеленіп, “Құтты біліктің” төрт кейіпкерінің бойына жинақталған. Білімге молынан
сусындаған адам ғана көп нəрсеге қол жеткізе алады. Оның пікірінше, білім – даналық,
денсаулық жəне жан толысуы. Жүсіп Баласағұнидің ойынша, қоғам құрылымындағы
кемелдіктің өлшемі əлеуметтік тəртіп бұзылғанда ғана көзге түсе бастайды. Сол кезде жаңа
мұраттар мен ұрандар пайда болып, халық қолдауына ие болады. Ол қоғамдық
құрылымның кемелдігін жеке адамның бостандығы, тəуелсіздігі анықтайды деп санады. Ол
өзінің əлеуметтік философиясында қоғамдағы кемелдіктің негіздері мен іс жүзіндегі
көріністерін өзара тығыз байланыста қарастырады.Жүсіп Баласағұнидің өз еңбегінде
зердеге айрықша тоқталған. “Құтты білікте” ол, ең алдымен, даналық яғни қазіргі
түсініктегі теориялық зерде туралы ой толғап, даналық табиғатын, оның ерекшелігін, туа
біткен қабілеттер мен кейінгі білім жинақтаудағы адамның өз рөлі, таным процесінде
ақиқатқа ұмтылу, т. б. мəселелерді қарастырады. Ойлау қызметі тек адамға ғана тəн,
жануарларда жоқ қасиет деп біледі ол. Егер сезім алдамшы болса, онда оған толық сенуге
болмайды, ал ақыл, зерде əрқашан адамға қызмет етеді, оның жалғандығы жоқ. “Құтты
біліктің” негізгі айтар ойы – адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол арқылы
мемлекет пен қоғамды қуатты, мықты, құтты ету.Кісілік кемелдену жолына түскен адам –
өзінің қасиетіне, қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған асыл жан. Дастан оқырманына
құт - берекемен, бақытқа өз адамгершілігін асыл етумен ғана жетуге болатынын ұқтырады.
Ондағы “өзіңді сақтау”, “өзіңді ұмытпау” қағидасы адамның адамшылығын танытар
қасиеті – адамгершілік пен кісілікті жетілдіруге бағытталған. Ақын өтпелі өмір мен өлім
жайында терең толғанады. Оның ойынша, өкініштің ең ауыры өлшеулі өмірде дүние
қызығы мен тəн тілегі жетегінде кетіп, діл тазалығын сақтай алмаудан туады, сондықтан
адам өзінің кісілік қасиетімен бірге өмірдің өткіншілігін де ұмытпауы қажет. Мұнан өзге
Жүсіп Баласағұнидің шығармаларында ізгілікке құштарлық пен іңкəрлік, сопылық
77
79.
танымдағы Алланы сүю, əлем мен адам сырына терең бойлауға ұмтылушылық белгілер тəн.Ол үшін адам баласы -дүниедегі ең басты құндылық. Адамды жаратушы Алла тек оны ғана
емес, ай мен күнді, күн мен түнді, аспан мен жерді, дала мен тауды, көл мен елді де дүниеге
əкелді, бірақ тек адамға ғана теңіздейін телегей ақыл, білімге бой ұрдырар зерде, қайырымды іс қылдырар ар-ұят пен намыс сыйлады. Баласағұнның ойынша, ендігі міндет- осы
адам деген атақты жоғары ұстау, оған сай өмір сүру. Ол өмірді адамға Алланың берген
қарызы деп түсінеді, осы өмірді мəнді кешкен адам ғана қарызын қайтара алады. Ойшыл
ғалымның айтуынша, егер адамда ізгілікке қарсы тұратын белгілерді жеңетін күш жоқ
болса, онда ұнамды сапалар жойылады, жоғалып кетеді. Бұл құндылықтар мен олардың
қарама - қарсылықтарының халықтық түсіндірмесі мыналар: біріншісі – ақыл, оны
ашулану, өшігу күңгірттендіреді; екіншісі - достық, оны күншілдік бұзады; үшіншісі - ұят,
оны тойымсыздық, ашкөздік жояды; төртіншісі - жақсы тəрбие; оған нашар орта əсер етуі
мүмкін; бесіншісі - бақыт, ал оны қызғаншақтық бүлдіреді.Жүрсін бектер бес нəрседен
алыстап,Есі болса, жұрнақ болса намыстан.Ұшқалақтық - бір, екіншісі - сараңдық,
Үшіншісі - ашу, оған егіз надандық.Қырсығың – сор, бетті жер ғып жүргізер,Бесіншісі өтірік, жерге кіргізер.Бек бесеуден бойын аулақ ұстасын,Білсін сонда басынан құс
ұшпасын.Ең қорлығы – өзімшілдік, залымдық,Олар жұқса, азғаны тек қаныңның,- деген
үзіндіден адам бойындағы ғұлама көрсеткен адамгершілік, асыл қасиеттер мен азғындық
жолға түсірер жағымсыз қылықтарды айтады.
Яссауидің қоғамға қабылдатуды мақсат еткен идеал адам типі - кемел адам, яғни
сопы, дəруіш. Қорқыт Ата дүниетанымы бойынша əрбір адам батыр, ер болуға ұмтылуы
тиіс болса, Яссауиде барлық адам "кемел адам" болуға ұмтылуы керек. Көшпелі
мəдениеттегі ең негізгі құндылық болып табылатын батырлық, ерлік, алыптық үғымы (сол
замандағы кемел кісілер) ислам мəдениетінде де дəріптелетін, мұрат болып саналатын
басты құндылықтар. Дегенмен, Яссауи сопылық ілімі арқылы батырлықтың білекте емес,
жүректе екендігін, адамдық мəннің сыры оның рухы арқылы ашылатындығын басты тұғыр
қылып көрсетті. Осының негізінде батырлық, ерлік, алыптық ұғымы мазмұны жағынан
тереңдетіліп, толықтырылды. Көшпелі мəдениеттегі негізгі күш материалды қуат,
батырлық, білектілік ретінде дəріптеліп, "қанша батыр болса да, жауға салма жалғызды,
қанша шешен болса да, дауға салма малсызды" деген қағида бойынша шектеліп,
таразыланып қойылатын болса, ал Яссауи ілімінде батырлық жүректе, ал жүрек болса,
шексіздікті - Тəңірді де сыйдыра алатын адамдағы ең асыл жауһар (субстанция) болып
дəріптелген. Бұрын "көп қорқытатын" болса, енді ол жүректілікпен, яғни Құрандық
аяттармен азықтанған ар тазалығымен тереңдікке жетіп, Абайша айтқанда "мыңмен жалғыз
алысатын" дəрежеге, рухани кемелдікке көтеріледі. Өзінің орнын анықтау үшін қоғамға
тайсалмай кіріп, етене араласа алады. Яғни "өзіндік менін" "қоғамдық менмен" үйлестіре
алады, диалог-сұхбатқа түседі. Еркін сұхбатқа түсу үшін алдымен рухтың тазалығы, сенім,
жауапкершілік сезімі қалыптасуы керек. Өйткені адамның бойындағы сезім, қорқыныш,
үрей, жауапкершіліктен қашу сияқты психологиялық хəлдерді реттеп отыратын күш - иман
нұры болып табылады.Яссауи кемел адам типін мақсат еткен ілімін қоғамға мойындату,
қабылдату үшін дəстүрлі түркілік дүниетанымдық ұстындарға жүгінеді. Бұл ұстындар
көшпелі мəдениеттің төңірегінде қалыптасқан түсініктер, категориялар, құбылыстар,
ұғымдар екені анық. Көшпелі адам үшін табиғаттың барлық элементтері ерекше мəн мен
киеліліктің объектісі ретінде көрінетін болса, Яссауи ілімі сол мəн мен киеліліктің объектісі
ретінде адамды көрсетіп, табиғаттың адам игілігі үшін Тəңір тарапынан жаратылғандығын,
барлық əлемнің адамға сəжде етіп тұрғандығын уағыздайды. Барлық жаратылғандардың
жаратылыс мақсаты - адам жəне оның игілігін қамтамасыз ету. Яссауи ілімінде табиғат
езінің жаратылыс мақсаты мен мəнін толық біледі, сезінеді. Табиғатқа бұл қызметті Тəңір
бергендіктен, оның еркі Тəңірде. Ал адамның еркі өзінде, сол ерікті қалай қолданғанына
байланысты Тəңір алдында жауапқа тартылады. Яссауи ілімі - сол ерікті қалай қолдансақ
адамдық мəнге жетеміз, Тəңірге лайықты құл боламыз деген сұраққа жауап іздеу жолы,
78
80.
адамдық мəннің ақиқатын табу, өзін-өзі тану жолы [10]. Яссауи ілімі адамның ішкітыныштыққа жетуі арқылы қоғамда бірлік пен тыныштық орнатуды, адамды іштей бөліну
мен ыдырау психологиясынан арылтуды мақсат етеді. Яссауи адамның ішкі əлеміндегі
ыдырауды реттеуге ықпал ететін күшті уағыздайды, ол - Тəңірге деген махаббат. Яссауиде
адамға жөн сілтер, жол көрсетуші серігі - ақыл (басират-көңілдің көзі). Адам ақылы
арқасында періштеден де үстем тұрады. Ақыл -адамның өзін-өзі тануына ықпал ететін
Тəңір тарапынан берілген қуат. Адам өзін-езі тану арқылы менмендік, кекшілдік, ашу,
өтірік, жамандық, құмарлық сияқты адамның ішкі əлемін балталайтын пессимистік
психологиядан арылады. Яссауи адамды имандылық, тобашылдық, қанағат, махаббат,
сабыр, игілік, жомарттық, шыншылдық, əділет, қарапайымдылық, өзара сүйіспеншілік
жəне құрмет сияқты сезімдерді байытуға үндейді. Яссауи ілімінде адамның кемелдікке
жетуі теориялық (шариғат) жəне практикалық (тариқат) таныммен қаруланып қана қоймай,
оны өзінің хəлі арқылы рухында сезініп, жүзеге асыруы шарт. Яғни, таным “суық теория”
мен “құрғақ практика” шеңберінде қалып қоймауы керек. Яссауи ілімінде теория-“қал
(сөз)”, практика да “хəл (іс)” өзара тұтастықта болғанда ғана толық мəнге ие болады.
Сондықтан да Тəңірге махаббат арқылы ұмтылу шарт. Яссауи иманды əл-Фараби сияқты
рационализациялау арқылы емес, хəл ілімінің табиғатына сай “өз рухында сомдау” арқылы
күшейтуге болатындығын айтады [10.] Яссауиде қоғамдағы моральдық-этикалық
нормалардың бұзылуы иманның əлсіздігі мен нəпсінің үстемдігінің көрінісі болса, ал, оны
қалпына келтірудің негізгі жолы-махаббат. “Ғашықсыздың иманы да, жаны да жоқ, олхайуан”,-деген Яссауи, əл-Фараби сияқты иманды философиялық жолмен түсіндіру арқылы
емес, тікелей сопылық құндылықтармен рухты тəрбиелеу арқылы иман нұрымен ақиқатқа
жетелеу керектігін уағыздайды. Яссауидің дүниетанымдық концепциясының теориялық
негізін шариғат пен мағрифат құраса, ал практикалық негізін тариқат белгілейді. Адамның
кісі болып қалыптасу жолын Яссауи бабамыз,өмірбаяны арқылы өрнектеп берген. Бір
жасымда аруақ маған үлес берді, Екі жаста пайғамбарлар келіп көрді Үш жасымда шілтен
келіп, халім білді, Төрт жасымда хақ Мұстафа берді құрма, Жол көрсеттім, адасқанды
салдым жолға. Қайда барсам, Қызыр бабам бірге, жолда, Бес жасымда шариғатқа белім
будым.Дін жолында ораза ұстап əдет қылдым. Күндіз-түні зікір айтып, тəубə қылдым, Жеті
жаста Арыстан Бабам іздеп тапты, Әр сырымды көрген сайын бүркеп жапты. "Бихамдиллаһи көрдім",-деп, ізімді өпті. Сегізімде сегіз жақтан жол ашылды "Хикмет айт", - деп басыма нұр шашылды Он жасыңда ұлан болдың, Құл Қожа Ахмет, Қожалыққа негіз қойып, қылмай тағат. Он бірімде рахмет дариясы толып тасты, "Алла!", - дедім: шайтан менен жырақ
қашты. Әуестік кетіп, менмендік жылжып көшті, Он үшімде құштарлықты қолға алдым,
Басыма жүз мың пəле қармап салдым. Тəкəббарды жерге ұрып басып алдым, Он төртімде
топырақ сипат болдым, міне. Он бесімде хор қызы мен жігіттері келді, Бас ұрып, қол қусырып, тағзым қылды. Он алтымда барлық аруақ үлем берді, Айхай, сізге мүбəрак деп Адам
келді. Перзентім деп мойным құшып, көңілім тапты, Он жетімде Түркістанда тұрдым, міне.
Жиырмаға жасым жетті, еттім мақам, Құдайға шүкір, қызметін қылдым тамам. Ұшқан құс,
құрт-құмырсқа етті сəлем, Сол себептен хаққа жақын болдым, міне. Қожа Ахмет Яссауи
халықтың ұлттық салт-санасы мен дінді үйлестіре білді. Ол – тақуалық, рухани тазару,
адам жаны туралы ілім, адамның ар-ожданы, жеке тұлғаның жан дүниесі, өз
болмысыңа үңіліп, жамандықтан безініп, кемелдікке жеткізетін ар ілімін жасап,
түрік дүниесінде,адамзат тарихында өшпес мұра қалдырды.
Жер əлемде адамзат баласы өмір сүргеннен бері нағыз адам, кемел адам, толық
адам сияқты түсініктер пайда болып,оның қоғамдық сананың барлық бағытында дамып
келгеніне қысқаша болса да жоғарыда шолу жасадық.Одан түйетініміз:оған əркім өз
түсінгенінше тоқталып, əркім өзінше анықтама бергендігіне көз жеткізу еді. Кезінде
қазақтың дана ғұламасы Абай атамыз та «Адам» ұғымына сипаттама беріп, оның
қалыптасу жəне даму сатыларына тоқталған болатын.Дананың басқалардан артықшылығы
өзінен бұрынғылардың ой түйіндерімен толық танысып,өз
пайымымен,өз өлшем
78
81.
шанағымен зерделеп бізге қорытылған формулалар мен постулатт қалдырғанекен.Айталық: ақын өзінің 11- қара сөзінде «Қашан бір бала ғылым білімді махаббатпен
көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады» деп сипаттама береді. Сонымен қатар
адамдық сипаттар немесе қасиеттер ретінде өзі үшін емес халық мүддесі үшін өмір сүрудің
маңызын «өзі үшін өмір сүрген адам өз бетінше оттаған хайуанмен тең, ал көпшілік үшін
тіршілік ететін адам «нағыз адам» дегенді келтіреді."Кемел адам туралы ой Абай
шығармаларында толық адам, жарым адам, камили инсани, толық (ер) сөздер арқылы
жүйелі түрде жауəнмəртілік (көне түрік тілінде zomard – жомарт) ілімі негізінде таратылып
отырады. Абайдың адамгершілік негіздері туралы ой-пікірлері жауəнмəртіліктегі ақыл,
əділет, рахым жайлы ізгілік ұғымдармен сабақтасып жатады. Кемел адам сипатына тəн
нəрсе – нұрлы ақыл, жарым адам сипатына – суық ақыл сай келеді. Нұрлы ақыл əділетсіз
іске аяқ баса алмайды. Суық ақыл əділетті белден басып, ардан түсіп, өз пайдасы үшін
зиянды іске көз жұмып бара береді. Абай отыз сегізінші сөзінде: «Мен егер закон қуаты
қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» –
дейді. Осыдан Абай атамыздың мінезді түзеу – енжарлықтан құтқарып, алға
ұмтылушылыққа, заманға деген көзқарастың өзгеруіне, елінің зияткер ұрпағы болуына
ынталандырады дегенін аңғаруға болады. Абай дана «Толық адам» сипатын «Ғылым
таппай мақтанба» өлеңінде: Бес нəрсеге асық бол, Адам болам десеңіз. Талап, еңбек, терең
ой, Қанағат, рахым ойлап қой – Бес асыл іс, көнсеңіз, - [8,31] деп бес асылды, ал «Әуелде
бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңінде: Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек. Жылытқан тұла
бойды ыстық жүрек. Тоқтаулық, талапты, шыдамдылық – Бұл қайраттан шығады білсең
керек, - [9,95] деп үш қасиетті сипаттап, осы сегізін бір бойына жинаған адамды «Толық
адам» деп есептейді. Абай Ата 38-ші қара сөзінде: «Қашан бір бала ғылым, білімді
махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты Адам болады» - [10,124 б.] десе,
жоғарыда айтылған үш қасиет туралы түйінді ойларын 17- ші қарасөзінде қайрат, ақыл,
жүректің өзара диолог-айтыс ретінде беріп, қарапайым тілмен оқырманға ұсынады.
Алдымен қасиеттерге сипаттама беріп, толық адам болу үшін бірінші орынға жүректі
қояды. Себебі қайрат пен ақыл кейде жақсылықты, кейде жамандықты берік ұстап кетеді.
Ал жүрек жамандыққа баспай, тек жақсылық, ізгілік, əділет жолына тартады. “Толық адам
болу үшін осы үшеуінің басын қос, оны жүрекке билет... - осы үшеуі бір кісіден табылса
«толық адам» - деп көрсетеді [10,103 б.]. А. Құнанбайұлы өзінің ойын: “Сен малды сарып
қылып, ғылым табуың керек. Өзің таба алмасаң, балаң тапсын. Ғылымсыз оқыған нағыз
адам болу, намаз, тұтқан ораза, қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды”, - деп [10 124
б.] түйген. Адам... Адам болу — қасиетті атақ. Адам атың болған соң, сен — ата-анаңның,
еліңнің, Отаныңның перзентісің. Отан алдындағы қарызың мен парызың — ең ұлы
жауапкершілігің. Адам болу үшін Абай атамыз айтқандай:Сүймек, сезбек, кейімек, Харекет
қылмақ, жүгірмек. Ақылмен ойлап сөйлемек... Ақыл керек, ес керек, мінез керек...
Жомарттық, батылдық, шыншылдық, сыпайыгершілік, əділдік пен достық, ар мен намыс
жəне тағы басқа да адамгершілік категориялары сонау көне дəуірден басталып, күні бүгінге
дейін өз маңызын еш жоғалтпай келеді. Сондай-ақ, адамзаттың ішкі рухани адамгершілік
дүниесінің негізгі формалары — үміт, сенім жəне махаббат үнемі даму үстінде. -адамның
көңіл аспаны кең,-жүрегі ізгі де, мөлдір,-адамгершілігі теңіздей телегей.-рухани дүниесі
кең.Абай атамыздың толық адамы осындай адамгершілік қасиетімен ерекшеленеді.Ұлы
дананың қай шығармасын алмайық, оның алтын қазығы – Адам. Ол нағыз Адам, Толық
Адам қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, əрі оған жауап береді. Мысалы,
«Атымды Адам қойған соң қайтып надан болайын», «Адамды сүй, Алланың хикметін сез,
не қызық бар өмірде одан басқа» - дейді. «Адамды сүюден басқа қызық жоқ» деген пікірін
де қазір көп айтылып жүрген гуманды педагогика ұстанымдары жатыр. Осы жерде жас
ұрпақты тəрбиелеу ісі ең алдымен, оларды адамды сүюге баулудан басталуы керек деген
тұжырым шығады Осылайша Абай жас өркеннің бағдар түзер айқындамасы ретінде талап,
еңбек,терең ой, қанағат,рахымды атайды. Абай атаған бес қасиет негізінен толықтықты
79
82.
танытатын үш қасиетті құрайды: талап пен еңбек – қайратты танытса, терең ойыңыз – ақыл,ал қанағат пен рахым-жүректен туатын қасиеттер. Адам бойындағы осы үш қасиетті ерекше
танып білуге тұратын таным екенін ақын «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» өлеңінде:
Үш-ақ нəрсе - адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, - деп нақтылай
түседі. «Ыстық қайрат» - бұл үнемі ізденіс үстінде болу, тек қана алға ұмтылу, жасампаз
болу. «Нұрлы ақыл» - елге сəуле түсіріп, ізгілікті іс істеу, алла берген ақылды тек жақсылыққа жұмсау. Ал, «жылы жүрек»-иманды, иман жүзді болу, адамдарға құрметпен қарау,
олардың мұң-мұқтажын, көңіл-күйін ұға білу. Міне, осы үш қасиет ізгілікті мақсатта пайдаланылған жағдайда ғана толымды адам деген мəртебеге ие болуға болады. Ақыл, қайрат,
жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек.»-дейді. Абай үшін дүниенің басты
құндылығы-адам, жəй ғана адам емес, рухани тұрғыда кемелденген толымды адам.
Абайдың арманындағы толық адамның іргетасы дінмен ұштасып, дінмен дамиды жəне
дінмен жетіледі. Сондықтан қазақ халқының діні мен тəрбиесі біте қайнасқан мəселе.Абай
адамдықтың биік деңгейін иманмен өлшеген.Өзінің қара сөздерінде «Толық мұсылман
болмай толық адам болмайды» деп, кесіп айтқан Адамзат өркениетіндегі барлық игі қасиеттер: дін, иман, ғылым, білім, тəрбие, əдеп, өнер, құқық, іскерлік, тапқыр-лық, қайраткерлік, азаматтық, жомарттық, əділеттік, т.б. бойында жетілдіре білген, дамытқан адам –
Абай ұсынған «толық адам» концепциясы.Абай хакім айтатын нағыз кемел адам болудың
ілім-өнері тал бесіктен жер бесікке дейінгі аралықта ешқашан, ешбір түгесілмек емес.
Жалпы, адамзат үшін ол мəңгіліктің жолымен тең ұлы мұратқа саймақ. «Адам қайт-кенде
адам болып қалады?» деген сауалға бұл дүниенің кемеңгер ойшылдары əр кезде жауап
іздемей тұра алмаған.Ал,Шəкерім қажы Абай ілімін толықтырып, «Ар ғылымын» ұсынады.
« Келдім қайдан, барам қайда, не етсем пайдам» деген негізгі өмірмəндік мəселелерді
қозғайтын ойшыл-ақынның «Үш анық» еңбегі оның отыз жылдық рухани ізденісінің жемісін білдіреді. Оның бірінші анығы көне грек философтарынан бастап, еуропалық классикалық философияға дейін шешімі бірауыздан табылмаған негізгі субстанциялық мəселе
болып келген түпнегізді былай деп тұжырымдайды: «барлықтың түп себебі жаратушының
білім, құдірет шеберлігінде өлшеу жоқ. Дəлелдерім: ғылым жолында бұл барлықтың еш
нəрсесі өздігінен бар бола алмайды да, қозғала алмайды. Бұған себеп керек. Егер ол себепке
де бір себеп керек болып, себептің түбі жоқ болады делінсе, ең түбі себепсіз, бар себеп
болмаса болмайды. Сол себепсіз бар болу себеп жаратушы болады.» Шəкəрімнің ойынша
жан өлмейді, ол да тəн тəрізді өзіне азық қажет етеді. Жан тəннің қожайыны, тəн өлсе шіріп
басқа түрге ауысады, ал жанның заты ғарыштан. Жанның ажалсыздығы, аса маңыздылығыШəкəрім көрсеткен екінші – анық. Бұл фəни мен бақилық уақытта да «жанға керек азық
Шəкəрімінің ойынша ол – ұждан. Шəкəрім ұжданды үш қасиет құрайды деп санаған. Ол –
əділет, мейірім, ынсап. Шəкəрім жан туралы өзінің ізден-ісінің анығына көз жеткізгеннен
кейін жанға екі дүниеге де керек азық ұждан деген бай-ламға келген. Бұл «Үш анықтағы»
қорытынды ой. Шəкəрімнің үшінші анығының да шешуі осы – ұждан деген дұрыс».
Анығында,екі дүниедеде қажетті ар-ұжданды игеру арқылы дам-толықтыққа жетеді.Абай
дананың толық адам ілімін оның ізбасарлары мен шəкірттері еселей дамытып,жаңа-жаңа
қырларын ашып көрсетіп,берген еді.Ж.Аймауытов білім негіз-дерінің ана тілі арқылы
меңгерілетінін айта келе: “Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып өзге пəндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілі халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы болып, өсіп-өніп,
түрлене беретін, мəңгі құламайтын бəйтерек.Жүректің терең сырларын, басынан кешкен
дəуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын мол қазынасы- халықтың тілі”-деп оның қоғамдық рөлін, адамзат баласы жасаған бар
рухани-мəдени байлықты меңгерудің басты құралы екендігін, оны жан-жақты жəне терең
меңгерудің қажеттігін баса көрсететіп, Абай ілімінің психологиялық астарын талдап берді.
Ал,Ж.Жұмабаев,тәрбиелеу ұлттық ілімінің педагогикалық тоериясын негіздеп берді.
Мұнда,Абай ілімінің, барлық қырлары толық қамтылумен қатар,оны европалық педа80
83.
гогикаға жалғастырарлық жол салып кетті. Ал, Жүсіпбек: «Күн көру тəсілін сырттанжұқтырып үйрене беруге болады. Рух мәдениетін бөтеннен қарызға ала беруге болмайды. Алса да, халықтың көкейіне көпке дейін қонбайды. Ендеше, өзіміздің бар дəулетті
жарыққа шығарып, іске жаратуға талпыну керек". «Білімді орнына жұмсайтын не? Ол тəрбие". Сонымен, білімнің адамзат игілігіне жұмсалуы, жұмсалмауы тəрбиеге байланысты екен. Тәрбиесіз білімді адам сол білімін адамзаттың игілігіне де, сорына да оңдысолды жұмсай беруі мүмкін. Тәрбиелі адам, яғни иманды адам, толық адам ондайға бармақ
емес, ол білімін өз орнына, игілікке, адамзаттың гүлденуіне жұмсайды...»-деп, Абайдың
толық адам ілімін,сол күннен бастап,ұрпақ тəрбиелеуде ұтымды пайдалана беруге болатындығын нұсқаған.Ал,Мұқтар дана: «Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең əуелі -ниет
керек, одан соң – күш керек, одан соң-тəртіп керек. Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны-елдік.
Адам көркі-ақыл. Жігітті жылы сөз ширатпайды, қатты сын ширатады. Адам баласының
жақсы құлқы жаратылысынан емес, өскен ортасында көрген үлгі-өнегесінен. Тумай
жатып-толдым деме, толмай жатып-болдым деме.Маңына ұрық шашпаған жақсылық жапанда жалғыз өскен бәйтерекше тұл болады да қалады.Білім-бақтың жібермейтін қазығы, Білімсіз бақ-әлдекімнің азығы.. Жалған намыс-қасиет емес, ар сақта-ғанқасиет. Халық пен халықты, адам мен адады теңестіретін нәрсе-білім.Ар жазасы-бар
жазадан ауыр жаза. Жауға-жалынба, досқа-тарылма. Бас асауға-жез ноқта.»-депТолық
адам ілімін осылай тереңдетеді.Бұларда ешбір таптық, топтық пиғыл жоқ таза ұлттық
мүддеге негіздеп педагогикалық ғылым негінде қорытылған тұжырымдар![5:6:7:8]
Кемел кісі қалыптастыру қазақ ілімінде адамның əрбір даму кезеңінде,жасының
ерекшелігіне сай игертуге тиісті биязы əдеп,жібек мінез дағдылары бар олардың игерілу
дəрежесіне қоятын талап,игерілу дəрежесін сынау амал-айласы өте айқын болған.оны
бақылап байқап,сынап тексеріп отыратын жүйелі безбендеу əрекетін қатаң ретпен жүзеге
асыратын.Толымды тұлға мəселесі ұлттық мінез ерекшеліктерімен тығыз байланысты.
Толымды тұлға ұлттық сананың деңгейін айқындайды жəне қоғамдық жағдайлардың
ықпалымен өзгереді.Оның дамуына өмір салтының жəне практикалық іс-əрекетінің ықпалы
əсер етеді. Толымды адам (жетілген адам) белгілі бір қасиеттерді меңгерген:болуы тиіс.
Мысалы, жігіт: сыртқы келбеті: еңсегей бойлы, қырағы, күшті қолды, темір саусақты, мықты денелі (құйылған келісті дене бітімді, кең иықты, құдіретті көкіректі, кең маңдайлы); тік
мұрынды, өткір тісті, қара қасты, ұқыпты жинақы мұртты; сөйлеу сапасы: шыншылдық,
шешендік; қасиеттері: епті (қырандай жəне сұңқардай), айбатты (арыстандай) жəне күшті
(жолбарыстай), өжет (қасқырдай), төзімді (түйедей) жəне күшті (бұландай), сүйекті (құландай) сақ сауысқандай) қорған (жылқыдай); іскерлік: жігіттің қыраны, сұңқары, сұлтаны,
арыстаны жəне қасқыры, нары т.б.; орны: басшы – жігіт (мемлекетті басқаруға қабілетті);
ақылды жігіт (ұрысты шешуге қабілетті); ер жүрек жігіт жəне балуан, жомарт жəне шаруақор; абыройы: ықыластылық, шеберлік, күштілік пен шыдамдылық, жұмылдырушылық,
білімділік, ұтқырлық; мінездің жағымды белгілері: адалдық,əділеттілік,шын- шылдық;
айырылыспайтын достары: ақылдылық пен тапқырлық, адал жары; жаман қасиеттері:
жалқаулық, қорқақтық, өтірік айту, мақтаншақтық, аңқаулық, өсек, жала, азғыру. Қызға
қойылатын талаптар: қасиеті: кішіпейілділік, нəзіктік, қамқорлық пен мейірімділік, шебер
қолды, қиындыққа төзімді, мейірімді, шыдамды, ұқыпты, жинақы жəне т.б.; сыртқы түрі:
сұңғақ бойлы, сымбатты; қыр мұрынды, оймақ ауызды, кең жазық маңдай лы, аққу мойынды, еліктіргіш төсті, қалың бұрымды, ұзын бойлы; нұр сəулелі ақ; ұзын кірпікті; қара қасты,
тегіс ерінді; күлім көзді; қыпша белді, икемді; нəзік əсем қолды, ұзын саусақты, жіңішке.
Адам идеалы: өмір үшін байлықты, ар, намысы үшін өмірді құрбан етеді (малым жанымның
құрбаны, жаным арымның құрбаны). Басқа иерархия: денсаулық– -ақ жаулық-он саулық.
Қазақта мүшел жас ерекше жиі қолданады жəне оны есептеу үшін жыл қайыру амалы
енгізілген.Көптеген халық жылды мүшелмен есептейді.Қазақта жыл қайыруды жас
мөлшерін есептеумен қатар əр мүшелде игеруге тиіс білім, білік, дағды-əдептің игерілу
81
84.
дəрежесіне есеп жасау сынап қорытындылау өлшем мөлшерін тағайындап қойған.Дəлірекайтқанда, КІСІ қалыптасудың кезеңдерін осылай белгілеп, қойылған талаптардың
орындалуына бақылау қоятын амал-айласын тағайындап,оны қолдану жолын көрсетіп
қойған. Он екі жыл уақыт мүшел деп аталады. Мүшелдегі жылдар он екі түрлі жануардың
атымен аталады Бұлардың алтауы-үй жануары, алтауы түз тағысы. Бірінші мүшел-13 жас
(балалық шақ, азамат қалыптасудың ірге тасы қаланады Қазақ атамыз,сəбилік , балалық
шақтан соң жастық шақты атайды.Ол-онбестен жиырма бес жасқа дейін. Он үште-отау иесі
деген сөз бар.Бұл есеюдің басы. Ертеде əке-шешеден бірдей айырылған,бірнеше балалар
топтасып жетім қалатын жағдай да болатын.Егер,осы балалардың ортасында он үшке
толғаны жоқ болса,ағайын-туыстары олардың мал-мүлкін бөліп алып, асырап
бағатын.Балалардың біреуі он ұшке толған болса,ұлды үйлендіріп, қызды тұрмысқа
шығарып,ол шаңырақты не ұлға,не күйеу балаға бастыратын.Олар бауырларын асырап
бағып,қатарға қосатын-ды.Шаңырақ басқан күйеу-күшік күйеу болмайтын.Балдызының
алды 13-15 ке толған соң, оны шаңырақ иесі болдырып,үйлендірген соң өз ата-анасына,
туған еліне,руына кететін-ді.Он үш жаста өз басын ғана емес,бір шаңыраққа ие болатын,
бауырларын асырап баға алатын дəрежеге жеткізіп, қазақ ұрпағын өмірге дайындаған.Бұл
салт шығыс жұртының көпшілігінде болған.Осы дайындықтың игерілу дəрежесін жыл
сайын Наурыз айында жастардан емтихан алып,сынақтан өткізіп отырған.Мысалы,осы
шақта қыздардың күресіне дейін ұйымдастырған.Бозбалалар мен бойжеткендердің үйренген өнерін,алған біліміне бақылау жасаған.Екінші мүшел-25 жас.(Ұлтжандылықтың ұшқыны алаулаған шақ) Бозбалалықтан өтіп, (бойжеткен, қалыңдық атанудан өтіп жар болған
жас) жігіттік жетілу,азаматтық нығаю, адамгершілік толысу жасы.Қазақтың бəрінің шаттықпен еске алатын қайрат-күштің,талап жігердің алаулау жасы.Жігіттік шақ халық талқысына түскен, жамағаттың сынынан өтіп, танылуы тиіс кезең. Сондығынан болар, Жігіт
сыны,қыз сыны, əйел сыны,жігіт сұлтаны,азамат байқауы, додасы, сынағы, жарысы қатарлы сан түрлі əйгілену, анықталу,шаралары өмірге келген,оларға қойылатын талаптар мен
сынақтар жасалып, оларды өткізу тəртібі, ережесі ұсынылған.Осылай жұрт тезінен өткен
жігіттер мен қыздар КІСІ болып қалай қалыптасып келе жатқанын қауымға көрсетіп,сынақ
тапсырып отырған.«Жігіттің де жігіттік ниетінен байқаңдар, ниеті қалыс жігіттің жүрегінде сайтан бар»-дейтін халық,жігіт сынын əр кез,айтып,оларды тану жолын көрсетіп, бойындағы жаман мінез,сөлекет қылық, тұрлаусыз əдеттерін жойып отырған. Қазақта «жігіт
сыны,қыз сыны»-деген жігіттер мен қыздарды танып білу ережесі,жақсы-жаман қыздар мен
жігіттердің ішкі-сыртқы санасын, мінезін, жүріс-тұрысын,ақыл-ой парасатын бағамдайтын
өлшем қалыбы да бар.Ұл жəне Қыз сынын жырламаған бірде-бір ақын,жырау жоқ.
Адамтанушы Шалақын (1748-1819);«Бір жігіт бар-құр жан,бір жігіт бар-тірі жан,бір жігіт
бар-жігіт жан.Құр жан дейтін жігіт кеудесінде жаны бар,ешнəрсені бітірмейді;тірі жан
дейтін бар тапқанын киімі мен асқа сатар жақын көрген досын жатқа сатар,қызыл белбеу
шонқима етік,үкі тағып,əркімді бір сықақ қылар;жігіт жан дейтін жігіт-сегіз қырлы бір
сырлы болар.» Ал,қыз сынын: «Ерімнің бір тұрманы үзеңгісі,Қыз онбесте келеді түзелгісі,
Аяғын көр асын іш деген сөз бар,Шешесін көр қызын ал,сол белгісі. Уа,жігіттер əйел алсаң
қарап ал,ақылдысын,Ол сенің ахиреттегі жақын кісің»-деп жар таңдаудың мақсатын ашып
берген.«Басына бақ қонатын қазақтың ұлы епті, қызы көрікті болады». Есею шақ жиырма
бестен қырық жасқа дейін. Кемелдену шақ-қырық бес жастан,жетпіс төрт жасқа дейін.
Үшінші мүшел-37жас. Алды-артына көз тастап,ойжүгіртетін ,ақыл тоқтатқан, азамат атанған, «орда бұзуға да»- қайрат-күші жеткілікті,нағыз жас қазақ. Осы аталған əр мүшелде,
КІСІ қалыптаса отырып,белгілі адамшылық қасиеттерді игереді,өмір заңдылықтарын
танып біледі,тəрбие көріп,тəлім алады.Ертеде өмір сүрген Қоныс батыр Қожабек деген
байдың қызы Тананы алмақ болады. Үлкендер құда түсейік десе, олардың ақылына көнбей,
қызға күшпен үйленгісі келеді. Бір күні Қоныс жігіттерімен келіп, бір төбенің басына шатыр
тіккізіп, Қожабекке кісі жібереді. "Қызын берсе қолынан, бермесе жолынан аламын"
82
85.
дегенді аңғартады. Сонда Тана əкесінің сасып отырғанын сезіп: "Батырға өзім барыпжауабын беремін", - деп бір топ қызбен төбе басында отырған Қоныс батырға барады.
Батыр оларды менменсіп қарсы алады. Тана қыз:- Айттырар мырзамыз қымсынып отыр ма,
əлде қырсығып отыр ма? - деп тіл қатады. Қоныс батыр ашуланып:- Сен қыз алдымды орап,
арбамай, ақтық байламыңды айт, - дейді. Тана:- Ашу - дұшпан лағынет,Сабыр ет, батыр,
сабыр ет.Тоты құстай таранған,Көз тояттар көркім бар.Семсерден өткір сертім бар,Соны
айтайын алдымен, Жігіт болсаң, сөз тыңдар. Мені ұнатқан жігіттің басты екі қасиеті болуын
қалаймын. Алдымен ақылдылығыңды, содан кейін батырлығыңды сынаймын. Осы екі
сыннан өтсең, мен сендікпін, - дейді. Бұл шартты Қоныс батыр құп алады.Тана:- Ер жігіттің
үш серігін, адам бойындағы алты асыл қасиет пен үш асыл мінезді білесің бе? Өмірдің
арқауы, өркені, өзегі не? Тірліктегі үш байлық пен тоғыз жамандықты айт, - деп сауалдар
қояды. Батыр бұларды шеше алмайды. Сонда Тана қыз солардың жауабын өзі төмендегіше
шешіп береді:- Ер жігіттің үш серігі:Айнымас адал жұбайы,Астындағы аты сапарлас болса
ұдайы, Шыңдалған ақыл-айласы,Шымырлап тұрса шынайы. Адамдағы алты қасиет: Зерде
- зейіні тылсым сырларды ұға алатын,Өнер - өрісі өмірден əперер сыбағасын, Тапқырлық талап, ерлігі дұшпанға найза сұға алатын,Жігер-күші - аяқтан шалғанды жыға алатын,
Қайрат - қаруы қиындықта сыналатын,Білім қанаты - биікке бастап шығаратын. Үш асыл
мінез:Шыншыл болсаң - қол жетпес шыңда өскен шынарсың,Әділ болсаң - аңқылдақ,
ізгілікке құмарсың, Адал болсаң - ақжарқын, жақсы іске билік қыларсың.Өмірдің арқауы,
өркені, өзегі: Адам өмір сүруі үшін –су, от,тұз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нəрін береді,от
өмірдің сəнін береді, тұз астың дəмін келтіреді, ақыл –мəнін береді. Ханның ақылы тағында,
Әкімнің ақылы жанында,Ғалымның ақылы басында, Ананың ақылы жасында,Жігіттің
ақылы жақсылығында, Ақымақтың ақылы кім көргеннің қалтасында.Тоғыз жауың тағы
бар:Басты жауың - жалқаулық, сорлататын жаныңды, Осалдығың - аңқаулық, соқтыратын
саныңды,Жасқаншақ болсаң-ұры алар, қоралап қойған малыңды, Жалатқызбас жасықтық аузыңдағы балыңды.Өтірік айтсаң өңмеңдеп, жоғалтарсың арыңды,Өсек терсең телмеңдеп,
суға кетірер салыңды. Көпірме босқа мақтан ғып, түкке тұрмас барыңды , Көрінгенге
жалтақтап, бола алмайсың жағымды, Біреуді алдап, арбаумен аша алмайсың бағыңды...
Адамдардың сана-сезімін, адамшылығын жоғары деңгейге көтеру, оның тəжірибесі
мен ақыл-ойына, зердесіне байланысты қалыптасады. Әрбір КІСІ, бойында иманы бар,
өмірдегі кездескен мəселелерді, міндеттерді, мақсаттарды іс жүзінде шешуге тырысуы тиіс
болған. Егер адамның түсінігі жеткілікті дəрежеде болмаса, білімі жетіспесе, онда ол
қоршаған ортаны сыни көзбен түсініп, тұжырым жасауға қабілеті жетпейді. Сонымен бірге,
егер КІСІ біліммен ғана сусындап, рухани мəдениетке көңіл аудармаса, онда оның алған
білімі жеткіліксіз, сыңаржақ болып қалады. Сол себепті əрбір адам, халқымыздың рухани
мəдениетінің барлық бағытынан нəр алып, жан-жақты дамуы қажет. Сонда ғана ол жанжақты дамыған салауатты азамат болады. Ол адам қоғамдық өмірдің барлық қарымқатынастар саласында, барлық əлеуметтік құрылымды өзгертуге ат салыса алатынын
халқымыз ұзақ жылдық КІСІ жетілдіріп, өңдеу тəжірибесі арқылы қорытқан. Мысалы,
қазақта: -бес асылды бойға сіңіру;-алты барлықтың қадірін білу;-жеті атасын саралап,тегін
тектей алу;-сегіз парыз-қарызды өтеу;-тоғыз жаудан аулақ болу;-он қағиданы ұмытпау
сияқты өмір заңдылықтарын білмесе оны ұстанып басшылық етпесе, ол адам-КІСІ
дəрежесіне көтеріле алмаған-деп есептеледі[10:11:1:5]
Кісі қалыптасу қазақ ілімінде текті жан (үш жастан)қырыққа дейін (кей нұсқада 45ке дейін)жүріліп,жетіледі.Қырық жас-қынынан суырылған қылыштай жарқыраған,ақылестің толысқан,қүш-қуаттың молайған,өнер білімнің өрістеген мезгілі Қырық жасМұхеммед (с.у.с.)-ға пайғампарлық қонған жас,Алла Тағаланың адам денесін өз қолымен
саз балшықтан илеген уақыты.Ер жігіттің қамал бұзар толысқан жасы.Ал,ғылым бойынша:
Кісі - ержеткен, бұғанасы қатқан, ақылы толған, өз ісіне өзі жауап бере алатын, өзінің
дүниеге көзқарасы бар адам. Кісі əлеуметтік іс-əрекет иесі ретінде өндірістің,
83
86.
қоғамдық қатынастың, қоғамдық сананың субъектісі болып табылады. Тұлға - əртүрлідəрежедегі қоғам топтарының да жауапкершілігін өзіне ала алатын кісі.Текті жан кісілік
санатына жету үшін: 1:ұлттық биязы əдепті онбес жасқа дейін игеруі тиіс.2:Жібек мінезді
бойжеткен,бозбалалық шағының соңына дейін бойына сіңіруге міндетті.3. Жиырма бес
жасқа дейін олардың көкірек көзі ашылуы тиіс.Бұл кісі қалыптастыру қазақ ілімінің басты
заңдылығы.Егер жеткіншек жастар биязы ұлттық əдепті игеруге тиісті шағында игеріп
үлгермесе ол кез-келген өзіне ұнаған əдепті іздеп тауып,жұқтырып алады.Оны қайтарып
ыңғайлау қолдан келе қоймайды.Бұүл турада,жапон,қытай,үнді жұртының өнегелік
əрекеттері тым тамаша.Ағылшындардың ақсүйек табы да олардан қалыспайды.Қазақта
өткен шақта əдептілікке баулу өте мұқият болған еді.Осы заманда ол жайында қалды.Жібек
мінез-Фараби бабамыз айтқандай бақытқа жету шарты.Тəрбиелеу қазақ ілімінде биязы əдеп
пен жібек мінезді игерген жасты арықарай тəрбиелеймін деп құлшынба дейді.Артық етемін
деп тартық етесің деп ескертеді.Европаның өзін-өзі тəрбиелеу үрдісіндей ерікті тəрбиеге
сеніп.тізгін ұстат дейді.Ал,көкірек көзін ашу,текті жанның өмір есігін ашқан шағынан
басталады.Бұл турасында қазақтың жинақтаған тəжірибесі,түйген ойлары тым мол.Жазу
сызуы жойылып,сауаты төмендеп,қараңғылық жайлаған бір замандардың өзінде,жас
ұрпақтың көкірек көзін ашу амал айласын дамытып пайдалану арқасында талай дарын
иелерін анықтап,талантын дамытып өнер білімді ғұлама ғалымдарды өмірге келтірген.Осы
заманғы ғылымның анықтауы бойынша Адам интеллектісінің 40-50% бес жаста, 60-70%
жеті жаста, 9 жаста 92%-ға дейін жəне 15 жаста толық қалыптасады.Интеллект қалыптасу
шағында баланың басына, «... білгеннің зияны жоқ деген қағиданы желеу етіп,баланың
келешегіне қажетті деген данышпандықты бетке ұстап», жалпақ білімді тықпалаудың еш
қажеті жоқ.Осы күндегі бала көкірек көзін ашуда қазақтардың қолданып келген,оның
интеллектісін дамытатын амал тəсілдер не отбасында,балабақшада тіптен мектептің өзінде
пайдаға аспай қалған.
4,1,3 §. Көкірек көзін ашпаса рухани байлық толысып құтаймайды
Жаратушы Құдай адам баласына жалған дүниенің жарығы - күнді, алқара көк ормандар
мен ақселеулі даланы, қарлы шыңдары аспанмен таласқан тауларды, ағысы қатты өзендер
мен толқындары тулаған шалқар көлдерді, оларды мекендеген аңдар мен құстарды көрсін
деп басына екі көз берген. Дүниенің сыртқы түрін көретін мұндай көз аңдар мен құстарда
да, жан иелерінің бəрінде де бар. Адам болған соң олар бір-бірімен өзара қатынасып,
қауымдастық құрған соң оның тіршілік заңдары-əдет-ғүрыптары қалыптасады. Әр нəрсенің
сыртқы түрі, ішкі сыры, мəн-мағынасы бар. Өмір асау өзендей мың бұралып ағып жатыр.
Оның түбінде не бар? Міне, солардың бəрін көріп, тұсіну үшін бастағы екі көз жеткіліксіз.
Замана ағымын өмірдің алуан түрлі құбылыстарын көкірек көзімен ғана көріп, санаға
салғанда ғана түсінуге болады. Қазақ тарихында бастағы көздің орнын толтырарлық,оны
жоқтатпайтын көкірек көзі ерте ашылған қаншама ғұлама-кемеңгер, дана-ақылмандар
болғандығына тарих куə.Адамзат қауымы ондай адамдарға бай екендігі баршаға мəлім.
Нəресте дүниеге келген сəтінен бастап, оның балғын жүрегінде өмірге деген талпыныс
орнайды Ана сүтімен дарыған құштарлық сезім əке тəрбиесімен ұштасып, ол көп нəрсеге
қызығады.Есейген сайын адамның білуге құштарлығы артып, таным көкжиегі кеңейе
түседі. Көкірегін кернеген асыл армандарын іске асыру үшін адам үнемі ізденіс үстінде
болады.Өзіндік дамуды мұрат еткен адамның көкірегі ояу, дүниетанымы кең болады.
Көкірек көзі ашық сөзі рухани өсіп-өнген, жетілген, кемелденген деген ұғымды білдіреді.
Халқымыз білімді, саналы, парасатты адамды-көкірегі ояу; сезімтал түсінігі мол адамдаркөірегі жүйрік; терең ойлы, зерделі адамды -көкірек көзді; кең пейілді, жомарт, адал адамды
ақ көкірек дейді. Көңіл-күйі, сезімі, ішкі жан-дүниесі бай адамды көкірек сарайы кең деп
сипаттайды. «Кең сарай,көкірегім дала желдей. Кеудесі жақсылардың алтын сандық,»
«Ілімге толса көкірек, Ашылар көзі санаңның». «Бойда қайрат, ойда көз болмаған соң, айтпа
сөз (Абай) Көкірек көзіңді ашар иманың мен пейілің, əділ сөзің, сезім, санаң.(Яссауи)
84
87.
Қазақхалқының ұлы, ағартушысы Ыбырай Алтынсарин өзінің еңбектерін
ана тілінде жазып, «бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт-дәстүрі
рухында тағлым болса, оның сана-сезімінің дамып, жетілуі де ұлты мен халқына
қызмет ететін көкірегі ояу, тұлға болып өседі» деп ой түйіндеген[1:5:12}
Қазақ ұғымында көкірек көзін ашу да,үлкен өнер,ашатын да өнер-білім.Қазақтың
жазу-сызуы жойылып,жаппай сауатсыздық жайлап,қараңғылық пен надандыққа бой
алдырған дəуірі болған.Сол бір заманда жұрттың көкірек көзін ашатын негізгі құралы
өнер,өмірлік білім,сенімі болған еді.Фараби бабамыз: « тəрбие-білім-білікке негізделген
өнер арқылы оларға этикалық қайырымдылық дарыту тəсілі. Оқыту сөз арқылы жүзеге
асырылады, ал тəрбие кезінде адамдар мен халыққа белгілі қимыл-əрекет дағдысын
егеді...»Қорқыт Ата бойынша: «Тəрбиелеу дегеніміз үлгі өнеге көрсету, əдеп,өнер ұқтыру.
Өнердің алды-əскери өнер жəне музыкалық өнері»-дейді.Өнер білім арқылы адамның
көкірек көзін ашудың амал айласын,құрал-тетігін қазақтың барлық ұлық-ұстаздары,
ақылман-ғұламалары өте ашық айтып,дұрыс көрсетіп кеткен.Жеке адам ғана емес, ұлттар
мен ұлыстардың парасаттылық дамуы да осы көкірек көзінің ашылуына байланысты.
Халықтың рухының асқақатауын, кемелдене бастағандығын оның барынша
қоғамдағы рухани құндылықтарға мән беріп, маңыз беріп соларды жетілдіріп, өркендету
жолына түскенінен және адамаралық қатынастағы терең адамгершілік принциптерді
көкке көтере бастағанынан, аңғаруға болады.Бұл тұрғыдан алғанда Абай заманында
қазақтың қай деңгейде болғаны айтпасақ та түсінікті. Мешеуліктің басты бір себебі қара
танымаған көзде ғана емес, құлақтың құлқында деп білген ақын сол мінді түзетуге күш
салды. «Көңілсіз құлақ, ойға олақ» деп дүрыс тыңдай білмеген адамның не жақсы, не жаман
екенін ұға алмайтынын, құлақ көңілді болмай санаға сəуле түспейтінін, көкірек көзінің
ашылуын қиындатып, ойлау күшін тежейтінін оңай жатталып, жадында жақсы сақталатын
асыл сөзбен еске салды. Ала білу мен бере білуді тең ұстау, зорлық-зомбылыққа қатаң
тыйым салған əділетті қоғам болу үшін оның əрбір мүшесінің көкірек көзі ашық,
жақсылыққа құштар жаны ізгі болуға тиіс. Сондықтан да Абай: « Атымды адам қойған соң,
қайтып надан болайын» деп кесіп айтқан. Адам болған соң оның надан болуы кешірілмес
айып деп білген. Жаратушы құдайынан тілегені, бар арманы туған халқының көкірек көзін
ашып, надандықтан құтқару болған. Ұлттың адамзат көшінде өзіне лайықты орын алып,
замана талабына сай өркендеуі үшін белгілі адамдар тобының надандықтан құтылып,
парасатты азамат болуы жеткіліксіз. Ұлттың өзгелермен терезесі теңелуі үшін оның ұлттық
сана деңгейі көтерілуі шарт. Жалпы ұлт жетілмей, қараңғылық тұманы басып тұрғанда
талаптылардың көбін сол тоғышарлық құрдымы тартып кетеді. Осыны көкірек көзімен көре
білген ақын «халқым надан болған соң, қайда барып оңайын» деп күйінішін айтып кеткен.
Адаммын деп жүрген əрбір азаматқа ұлт деңгейін көтеру үшін оның көкірек көзін ашуға
қызмет ет деп өсиет қалдырған. Туған халқының болмыс-бітімін бейнелеп, тайға басылған
таңбадай көрсете отырып, көкірек көзін ашуға бар күшін, өнерін жұмсады.
Қазақ үшін өнер де өнер-сөз өнері,саз өнері,əн-күй,жыршылық,ақындық,
шешендік, қол өнері басқа ұлттарға қарағанда өз ерекшелігімен өте биік дəрежеге жетуінің
негізгі себебі ұлттың көкірек көзін ашу қажеттілігі еді.Мысалы, саз бен əуен адам
бойындағы мүлгіп жатқан жақсы сезімдерін оятып, рухы мен миына тыныштық сыйласа,
шаршағанда жүйкесін дем алдырып,ойына көркем пікірлер салады Ән - күй. Бала бесік
жырын тыңдап өсуі тиіс. Өйткені, алғаш рет баланың жан сезімін тербейтін, рухани жігер
беретін – халық əуені. Қазақтың əн - күйлері сарынды, кең тынысты, шалқымалы болып
келеді. Жанға жағымды нəзік əуендер адамға эмоционалдық - эстетикалық əсер береді
Абайдың: «Құлақтан кіріп, бойды алар, Әсем əн мен тəтті күй. Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй», - дегеніндей кейбір əуендер мен əуездер ешбір сөз айтылмаса да,
адамның ішкі дүниесіне ағыла құйылып, өзінше бір əлемге жетелеп терең ойға шомдырады.
Мысалы, қазақтың кейбір күйлері орындалған уақытта көз алдыңа кең байтақ жер мен
85
88.
ондағы əсемдіктер елес береді. Көктемдегі көңіл-күйді білдіретін, жауған жаңбырдыңтырсылын елестететін, көңіліңді сергітіп, керемет ойға жетелейтін жұмсақ та нəзік əуендердің бар екені баршаға белгілі. Отанды,бірлікті, ерлікті уағыздайтын, ата-ананың
қасиетіне байланысты, адам баласын адамшылық пен имандылыққа баулитын музыка мен
əндерді тыңдау əрі айту ұлттық салтқа, айналып,жалпы халықтық сипат алуының тереңіне
үңілсеңіз,оның жалпақ жұрттың жан сарайын,қөқірек көзін ашу талабынан туындағанын байқаймыз. Біздің халқымыздың музыка өнері жəне оның адам сезіміне əсері мен
қуат күші жайында айтылған түжырымды ой мен татымды пікірлерінің бастауында Әбу
насыр əл-Фараби тұрады.Сан ғаламға негіз боларлық ой қалдырған бабамыздың саз өнері
жөніндегі «Бұл ғылым (яғни музыка) өзінің байсалдылығынан айырылған адамдарды
түзетуге, қызба адамды қалпына түсіруге, байсалды адамды ылғи да бір қалыпта
ұстауға қүдіреті әбден жетеді»[1:2:3} деген тұжырымы халқымыздың тэжірибесінде
музыкалық терапияның болғанына ғылыми негізі болары хақ. Жеткіншектерді өмір ортасының қарама-қайшылықтары қызықтырады, бұл жастағылардың қажеттілігі-өздерінің
айналадағы адамдарға деген қарым-қатындсын, əлемдегі өзінің орнын табу. Ал бұл
қажеттілік басқа адамдармен карым-қатынасу арқылыы қанағаттан-дырылады. Бұл қажеттілікті қанағаттандыруда əдебиет пен өнердің атқаратын рөлі ерекше. Әдебиет жасөспір+імнің аддына адамзаттық қарым-қатынастардың, мінез-құлықтардың, сезімдердің аса бай
да күрделі мəнін ашып береді: ол əрбір кейіпкерден өзін көретін болады, өзінің сезімдері
мен құмарлық-құштарлықтарының дұрыстығына жауап іздейді.Ал музыка-адамның
сезімдерінің əміршісі. Оның тілі толқу үстіндегі адамға түсінікті. Сондықтан да жеткіншекдердің тындайтын музыкасына қатты көңіл бөлу керек.Осы педагогикалық-психологиялық
заңдылықты қазақ халқы тым ерте аңғарған.Тілі шықпаған сəбидің жан сарайына жету əнкүй,əуен екенін жете сезінген олар,сылдырмақпен ойнатып,бесік жырын айтатын,əр ісəрекетін əнге сүйеп атқаруының түп себебі осында жатыр.Бұл- дəлелсіз мақтанқұмарлық
емес.Айталық.Ботасы өлген боз інгенге басқаның ботасын қалай телігенін көрген шығарсыз.Өлген ботаныің терісін басқа інген ботасының үстіне жауып,қыл қобызбен сарнатып,
телу күйің тартып,көс-көстеу жырын орындағанда шай қайнатым уақытта,боз інген көзінен
жас парлап,алпыс екі тамыры иіп,өз ботасының терісін құшыр-лана иіскеген боз інген,
бөтен інген ботасын өз ботасындай танып,емізіп тұрады.Бұл ненің күші? Тұмса тұсақтың
қозысын тастап кететін немесе өз қозысынан өзі жеритін, кей жағдайда қозысы өлген қойға
сүті аз қойдың қозысын жағызғанда, аналарымыз, əпкелеріміз,жеңгелеріміз «төйгелеп»
қозыны алдыратын, телитінін жақсы білеміз.Ол ненің құдеріті?Ән-əуеннің əсері.Жапония
ғалымдары,күн көзіне еріп,күнбағыс табақшасы (алақаншасы) бұрылатыны тəрізді кейбір
гүлдердің музыкаға еріп бұрылатынын анықтаған. Ғылымы шарықтап дамыған елде,ғылым
жетістігін барлық орында ұтымды қолданатыны анық.Жапония мектептерінде,түскі үлкен
үзілісте,келіп музыка,əн-күй тыңдайтын,тақпақ өлең тыңдайтын,аудио кітап окытатын, үн
таспа еститін арнаулы бөлме,кабинеттер бар. Кəдімгі өзіміздегі шай ішіп,екі жапырақ
балбауырсағын жеген адамдай,оған рахаттанып, рухани лаззат алған оқушылар,келесі
сабаққа өте ынталы қатысады.Оларда ата-аналар мен балалар бірігіп 100 тақпақ,өлең,жыр
жаттау деген ғұрып бар екен.Мұның бəрі адамдардың көкірек көзін ашуға арналған
шаралар.Сондай-ақ,тіл өнерінің құдыретін түсінгені сонша, алғашқы мектепте шет тілін
оқытуға тиым салып,кəзіргі жапон тіліне қосып көне жапон тілін қатар оқытады.Әдебиеті
де солай.Бұл турадағы біздің жағдайымыз,айтпасада түсінікті ғой... Халқымызда ауыз
əдебиетінің ішінде ең көп тарағаны - өлең. Оның адам өміріндегі маңызы туралы ұлы Абай
былай деген:«Туғанда дүние есігін ашады өлең,Өлеңмен жер қойнына кіреді денең.
Өмірдегі қызықтың бəрі өлеңмен,Ойлансаңшы бос қақпай елең-селең». Бұл жерде ақын
сөзінің өлеңге, өскелең өмірімізге тікелей қатысы бар. Ана əлдиі, бесік жыры, қыз ұзату,
келін түсіру, мереке, салтанат кештері, ақыр соңында, адамның дүниемен қоштасуы – бəрібəрі көз алдыңыздан өтеді. Мұның бірі - қуанышты, бірі мұңды болып келгеніне қарамас86
89.
тан, бəрі адамның жүрек тебіренісі мен сезім-түйсіктерінің оянуымен байланысты.Бұларсыз адамның көкірек көзі ашылмайды,жан сарайы қуаттанып, қоршаған əлемді тани
алмайды. Ал,Қорқыт Ата өнерді игерсең,дəлірек айтқанда,күй өнерін иеңгерсең, ажалдан да құтыласың,болмағанда ғұмыр жасыңды ұзарта аласың деп өсиет қалдырған.Осыны
есте тұтқан қазағым: «Рухтана шапқан казақтан ажал да сескенеді»-деген ғой!Фараби
бабамыз,музыка құдыретін жете ұғынып,халқына оны игертудің амал-айласына қатысты
тоериялық жəне пракиткалық оқулығын жазып қалдырды.Алайда оның игілігін,
европалықтар бізден бұрын көрді,бұл оқулық Европада ешбір өзгеріссіз алпыс жыл бойы
керектенілген екен Білім арқылы көкірек көзін ашу қазақ тəрбиелеу ілімінде тым ертеден
қалыптасып,оқу-ағартушылық филиософиясы арқылы ол даму жолын тауып,əсіресе ХХ
ғасырда ерекше табыстарға қол жеткізді.Ислам өркениеті Ұлы Дала өлкесіне тарау арқылы
ғылым-білім,мектеп-медіресе қатарлы оқу-білім ошақтары өте баяу болса да, оның көне
дамымаған түрлері келсе де, қазақ қоғамында жылжу болды,қазақтың көкірек көзін ашу
амал-айласына сіңісе отырып,өз орнын тауып жатты.Соның бірі имандылық арқылы
көкірек көзін ашу амал-тəсілі еді.Мұның дəлелін Яссауидің ілімінен табамыз[11:12] .
Яссауи философиясында көңілдің пəктігі ең басты шарт. Адам рухының жоғарғы сапалық
тазалық категориясы “қалб-и салим” дəрежесіне жету қажет. Қалби салим болуды Құран
аяттарында қалай түсіндірсе, Яссауи де өзінің «Көңілдің айнасында» оның жолдарын, өсу
сатыларын “дария”, “кеме”, “асу” символдары арқылы өте анық, түсінікті түрде
айшықтаған.Адамдағы көңіл материалды, яғни көзге көрінетін, рухани, көзге көрінбейтін
əлемдерді тұтастан-дырып, біріктіріп тұрады. Көңіл осы екі əлемде “төреші” болуы үшін
өзін дамытып, кемелдендіріп, шыңдап «көзін ашуы» тиіс. Себебі: «…Захир көзі ғафлетте,
“Батин көзі” ашылса ешқандай “перде” қалмайды. “Жан көзі” -қайран болып, “иман нұры”
арқылы көре бастайды. Сыр көзі-“фана” мақамында “өздің өзі” (рухтың рухы) арқылы
көреді. … Көңіл көзі жарылмадан тағат қылса, Хақ дергахында қабыл болмайды” . Яссауи
үшін көңіл ішкі жəне сыртқы əлемнің орталығы болу үшін көзін ашу қажет. Сонда ғана
жанның да, тəннің де амалдары оң болады. Міне, көңіл тəн үшін де, жан үшін де өте
маңызды рөл атқарады. Дегенмен, адамды адам еткен оның мəні, рухы болғандықтан,
сопылық философияда көңілдің рухани рөлі тəнге қатысты қырына қарағанда əлдеқайда
жоғары тұрады. Сондықтан осы руханилығы жағынан өте нəзік сырлар мен құпияларды
хикметтер арқылы адамның адалдығын, мəн-мағынасын қамтамасыз ететін күш – көңіл.
Алланың аманатын арқалайтын күш иман болса, соны ең алдымен бойға дарытатын ақыл,
ой, тіл, сана емес, көңіл, жүрек. Бірақ, адамның болмыстық табиғаты бойынша, жақсылық
пен жамандықтың, тақуа мен асылықтың, иман мен күпірліктің күрес алаңы да осы көңіл.
Көңіл сондықтан өле-өлгенше бір қалыпты бола алмайды. Сондықтан ол үздіксіз бақылау,
тізгіндеу, тəрбиелеуге мұқтаж.Көңіл – айна. Оған Алла да, періште де, шайтан да қарайды.
Періште қарап кетсе, оған иман, ізгілік, игі амал, рухани хəлдер сыйлайды, ал шайтан қарап
кетсе, күпірлік, күдік, күмəн, жаман амал, шахуат, əуестік, менмендік ұялайды. Көңіл өз
айнасына қарауға тек періштеге ғана рұқсат беретін хəлге жетуге тырысуы шарт. Көңілді
ондай халге жеткізу үшін сопылықта негізгі əдіс – зікір, яғни, Алланың аты, заты, көмегі,
қуатын шақыру. Сонда ғана көңіл зікірмен тыныштық, бақытқа кенеледі.Ал көңілдің
тыныштығы иманның артуына, бекуіне мүмкіндік береді. Сонда ғана көңілдің перделері
ашылып, көрінетін жəне көрінбейтін əлемдердің сырлары аян болады. Барлық сырларды
бүгіп жатқан əлем оқылуға дайын кітапқа айналады
Шəкəрім «Үш анықта» Ақиқат деген не? деген сұрақ қояды. Оған өзі «адам
ақиқатты ақыл – ес көзімен көріп, қабылдауы керек. Ақиқат - əрбір адамның жанында
болады не ол өзіндік өмір сүреді» - деп қорытынды жасайды. Жанның ең негізгі қажет
ететіні – ұждан. «Адамның нысап, əділет, мейірім – үшеуін қосып, мұсылманша айтқанда,
ұждан, орысша айтқанда совесть бар» дейді.Көкірек көзін өнер-білім арқылы ашудың
тамаша жолын көрсеткен ғұлама Шəкерім атамыз еді. «Адамның жақсы өмір сүруіне үш
87
90.
сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым бола алатын адал-еңбек,мінсіз –ақыл,таза–жүрек.Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тəрбиелейді» -деген.Адамның
ішкі жан сырының неше алуан көріністерін еңбектің, оқудың, білімнің, өнердің адамға тəн
ынсап, рахым, ар-ұят, сабырлық, ой талаптың ортаға тигізер пайдасы, əсері, ықпалы туралы
түбіне жеткізе айтқан адам Ш. Құдайбердіұлы атамыз еді. Ол: Ынсап, рақым, ар-ұят,
сабыр, сақтық, талапқа алты түрлі ноқта тақтық.Сабыр, сақтық, ой талап болмаған
жай, Анық төмен болмай ма хайуаннан. Ынсап, рақым, ар, ұят табылмаса, Өлген артық
дүниені былғамастан,-деп, адамның қоғамдағы орнын жоғары пайымдай отырып, оған көп
жүк артады,[12:13] мақсат міндет қояды. Олардың орындалуына қажетті шарттарды,
жолдарды да нұсқайды. Мысалы : "Анық бақ деп айтарлық үш нəрсе бар: кірсіз рахым,
мінсіз сөз, адал еңбек"! Шəкерім атамыз,жас ұрпақтың мінез байлығын игеруде басты
қағидасы болушы“Ар ілімін” былай тұжырымдайды: Бірінші-əрбір адамда діни таным
болуы қажет, екінші-ғылыми танымы болуы керек, үшінші-“Ар ілімін” меңгеруі тиіс-дейді,
жəне оны үшке бөледі:1. Мейірімділік.2.Ынсаптылық.3. Әділеттілік, міне осы үшеуі
бойында болған адам, нағыз “Толық адам” бола алады.Әлемді ақыл-ес көзімен тану
дегеніміз осы болмақ. Ғұлама,М.Ж.Көпеев:“1917 жылға дейін қазақ халқының пəлен
пайызы ғана сауатты болған”-дегендерге айтарымыз:“Сауаттылық тек кітап оқи білумен
өлшенбейді”...əдеттегі адамда жоқ, ерекшені көру қабілеті бар əулиелерде,
...адамдарда...жануарларда «бəтін көз» бар,»- дейді жəне оны ғылыми негізде
дəлелдейді.Осы «бəтін» көзді ашудың жолын көрсетеді.Бұл бəтін көздің адамға
қажеттілігін саралап береді.“Айта- Керимеде-Алла тəбəрік отғылы: “Ие ғалам лығып
уалшаһадат”, – деп тұр. Оның мағынасы: “Көрініп тұрған да ғалам бар екен”. Көрініп тұрған
ғаламды: “Ғалам лашаһадат, ғалам лызор, ғалам лыхақ”- дейді. Көрінбей тұрған ғаламды:
“Ғалам лығиып, ғалам лимығына, ғалам ламир”-дейді. Олай болғанда, көрініп тұрғанды:
төрт аяқты хайуан, ұшқан құс, жүгірген аң, бəрі де біледі. “Көрінбей тұрған ғалам”
мағынада –ғалам ламирде не бар, одан адамға келетұғын қандай пайдалар бар? Соны білуге
тырысу керек.Бұрынғы ата-бабаларымыз мұның бəрін білді. Бірақ артына нұсқа қалдыруға
хат жазу білмеген себепті ауыздары айтып кетті. Исі қазақ деген жұрттың көрініп тұрғаннан
басқа¬мен жұмысы болмағаннан: “Қазақтың жаны – азапта, Наданның жаны – тозақта!”, –
деп зарлап кетті. “Көзі соқыр – соқыр емес, Кеудесі соқыр-соқыр”,-деп қақсап кетті. Осы
сөздерді бұрынғы ата-бабаларымыз айтып кеткен. Сонда біздің осы көрініп тұрғанменен
ғана алданып: “Өзіміздің шешеден туумен кісі болдық қой!”,-деп шолақ ойда
қалғандғымызды білгендіктен бұл сөздерді айтқан”.-[14:15] деп, арнайы белгілеп
көрсетеді.Осы көрінбейтіндерді көріп біліп,тану үшін де бəтін көз керек-ақ. Ал,Абай
атамыздың «Дүниенің көрінген һəм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп
білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан
жаны болады. Әзелде Құдай Тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол
əсерін көрсетіп жаратқан»/Абай. 2 том, алматы, 1995, 165 бет/, деген даналық сөзі бар. Абай
«дүниенің көрінген сыры» деп бізді қоршаған материалдық əлемді айтса, «дүниенің
көрінбеген сыры» деп біздің тылсым сырға толы рухани əлемімізді меңзеп отыр
Басымыздағы қос көз бұл көрінбесті қайдан сезсін,ақыл көзі: Ілімге толса көкірек, Ашылар
көзі санаңның. «Бойда қайрат, ойда көз болмаған соң, айтпа сөз-дегендейін ақыл көзін ашутабиғи заңдылық.Көкірек көзі ерте ашылып,талай іліми жаңалықтар ашқан қазақ
ғалымдары мен ғұламалары бұрын да көп болған,кəзір де баршылық.Ал,əлемде олардың
саны мыңдап саналады.Ең тамашасы олар бір ғана мемлекеттің,бір ғана ұлттың құшағына
симайды,жалпақ əлемнің мақтанышына айналады. Ал,көкірек көзін ашатын амал-айла,əдістəсіліне келсек,бүгінгі таңда,оқу-білім саласында орын алып,отырған «жалпақшешейлік»
саясатқа қарсы келетін ұстаным бар. Ол,бойынша: «Жастардың көкірек көзін ашатын-өнер
–білім екені рас,алайда, бар өнер,бар білім,барлық жастың(барлық адамның) көкірек көзін
аша бермейді.Әрбір жанға тиесілі, əрбір жасқа қажетті өнер білім бар.Оны дұрыс
тауып,таңдап,талғамға сай,қажеттілікке сай адамдарды
қанағаттандырсаң
ғана
88
91.
олардың көкірек көзін аша аласың!Себебі,ешбір жанның көкірек көзін мəжбұрлеп ашаалмайсың!»Бұл заңдылықтың мəнін түсіндіру үшін екі ғана мысал келтірелік. Абай өлеңді
жалпыға арнап емес, сол жалпының ішінен бөлініп шыққан жалқыларға арнап жазған .
«Көкірегі сезімді, тілі орамды» жастарға үлгі беру үшін жазған. Бұл сөзді тасыр ұқпай,
талапты ғана ұға алатынын да ашып айтқан.Ол өлеңін негізінен «көңілінің көзі ашық»
сергек жастарға арнаған. Абай - бұл жалғанда жалғыз ғана молшылық бар екенін, ол
молшылық дегеніміз ақыл екенін жақсы білген ғұлама. Өйткені, жер басып жүрген жұмыр
басты, екі аяқтылар арасында менің ақылым аз деп мойындаған пенде жоқ. Ендеше Абай
сөзін олардың ақылын молықтыра түсуге, адасқан тұсын көрсетіп, оң жолға салуға
арналған деп қарастыру лəзім.«Мақсатым тіл ұстартып өнер шашпақ,Наданның көңілін
қойып, көзін ашпақ.Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,Думан, сауық ойда жоқ əуел
баста-ақ...»Мен сияқты көркем сөзден еш хабары жоқ,тілі орамсыз,жүрегіне жылылық
тимейтін жанға Абай атамдай жүз ақынның не сияқты тамаша өлеңдерін қанша
жаттатқызсаң да нəтижесі аздау.Солай бола тұра,сыбызғымен бір əуен тартқызсаң делебем
қозып,көзім жайнап,елең ете қаламын.Үш күн отырсам да, сыбызғыны,ас
сусынсыз,жалықпай тыңдай аламын.Себебі,бала күннен,қозы жайып жүріп, қурайдан
сыбызғы тесіп,перне ойып əуестенгендіктен оның айтары маған түсінікті, əрі
қонымды.Біздің ауылда тұратын Жанат Түбекбайұлы (1932) ақсақал өте қызық адам.Өзінің
қолдан жасап алған қалақша бас қара домбырасы бар.Анда-санда,үйінде,төр алдына
сырмақты бірнеше қабаттап жайғызып,беліне қабат-қабат жастықтан сүйеу қойғызып,
жайланып отырып алып,күй тартады ғой, келіп!Ол,үйге кім келіп,кім кетіп жатқанында
ақсақалдың шаруасы болмайды,ас-суды да каперіне алмайды.(Күйді тыңдау үшін,көптеген
адамдар ақырын кіріп,дым демей келіп-кетіп жатады)Бір кезде,домбырасын құшақтап,
жастыққа жантайын ұйықтап кетеді,ұйқыға бататыны сондай аузынан сілекейі ағып та
кетеді.Осы жайдың мəн-мағынасын атайдан сұрауға ешкімнің дəті барған емес.Ал,кей
күндері, үстелге отырып,көзгілдірігін киіп,қалың дəптерге бірделерді жазып отырады.Мен
бір күні,осындай сəтті пайдаланып,күй тартып,жазу жазып шұқшиюдың мəнін біле
қоймақшы болып,атаға: -Ата,қартайғанда,қағазға шұқшиып,көз майыңызды тауысып,неге
əуреленесіз?-демесім барма.Атам,жұлып алғандай,тіке қарап:-Сексеннің алтысына жаңа
келдім,мені қартайып қалдың ғой дегенің не? Қалыңдыққа хат жазып отырмын!-демесі бар
ма! Бəйбішесі,келіндері,немерелері отыр екен,бəрі ду күлсін Мен,шынымен тосылып
қалдым.Менің жағдайымды толық түсінген атамыз,ұзақ əңгіме айтып,талай тамаша мен
қызықтарды баяндады.Сөз соңында,қандай бір өнерді игеріп,көкірек көзіңе бітіндей болса
да,сəуле кірсе,білім мен басқа өнерлер тым қиналмай-ақ қолыңа іліне кетуі ғажап
емес.Сол,менің санама саңылау салған осы қара домбыра ғой!Енді қартайған шағымда,
одан алыстау да,үнемі айналысу да қиын екен.Сондықтан анда-санда,домбырамен осылай
сырласатыным бар.Ол сырласудың соңы ойға не сиқты қозғау салып,оны қағаз бетіне
түсіріп қоямын,Мүмкін ұрпақтарым мұны да бір кездері керегіне жаратар.Атаның осы
айтқан бір ауыз əңгімесіндегі ой түйіні,менің бар ғұмырымда алған білімімінің жартысына
пара –пар сезілген еді.Біреудің көкірек көзін əн-күй ашса,екіншілерде қол өнер,би,сəулетсəн,сызу өнері ашатыны белгілі. Қазақ қыздары кесте тігіп,керме керіп не бау есіп
отырғанда,анықтап байқасаңыз,олар қандай бір əн-əуенге ілесіп,көңілі көтеріліп ,арманы
асқақтап ,қол еңбегінен лəззат алып шалқып отырғанын көресіз. ...Менің Санат
Қабдыразаққызы(1960) деген қарындасым, орталау мектепті бітіріп құрылысшы мамандығын игеріп,əрлеуші болып істеді.Оның бойында ерекше талант бар.Ол ою ойып,тұскиіз
сызып, неше түрлі алаша,төсек жапқыш,төсек сырмақ,сырмақ, текемет тігетін.Олай істеп
жатқанын көрген жұрт таңданатын бір нəрсе:оюды ойғанда,түскйізді сызғанда не
циркуль,не қарындаш, қалам,сызғыш керектенбейтін:-солай бола тұра барлық ойғансызғаны симметриялы,тең өрнекті,көркем шыға келетін. Өрнек салып,мүйіз ойғанда
қарама- қарсы тұрғандары бір-бірімен бірдей айна қатесіз,компютермен көшіргендей
89
92.
шығады.Мұның сырын сұрағанда,ол:-Сендер жиһан университетін бітірдіңдер,мен апамуниверситетін тамамдадым.Сендер жазу-сызудың не сияқты нəзік дəл өлшейтін тетіктері
мен құралдарын керектенесіңдер.Мен апамның сиясы мен шиді ғана пайдаланамым,деп,бізді тойтарып тастайтын. Шындығында,үш бұрыш пішінді ою сызғанда матаны
шаршылап бүктеп,шетін саусақпен шымшып басып сындырып,шамалы шекер қосып езіп
алған қой сүтіне шиді малып сыза салады.Шеңбер сызғанда ғана үлкен шыны аяқтарды
төңкеріп қойып,ернеуін айналдырып шығады.Ақ киізге ою сызғанда шыбықтың ұшын сəл
ғана жағып тұтады да сөндіріп,сыза жөнеледі.Ақ кигізбен қара киізді жеке-жеке ойып
алып,ойыстырып қосқанда бір-біріне дəлме-дəл қона қалады.Әжемнен бұл құбылыстың
құпиясын сұрасам;мен түсіне қоймайтын бір ілімнің шетін қылтитып қана,қарапайым
тілмен сипаттап:-Бұл қыздың бастағы екі көзінен басқа,көкірегінде төрт көзі бар.Солар
арқылы өлшеп-пішіп отыр емес пе!Сенің нағашың Тоқайдың ондай көзі саусағының
ұшында,ол сондықтан,мүсінші –суретші болып жүр,-деуші еді.[11:16]
Көкірек көзін білім арқылы ашудың өзінде де,əр адамға тиесілі оларға тəн білім бар.
Бұл туралы – Мұхаммед (с.у. а.) былай деген:– білімді, ғылымды қабылдайтын адамға ғана
түсіндіру керек. «кешеге айтқан сөз шығын » дегендей қабылдамайтын адамға көңілімізде
жүрген жақсы ойларды айтсақ, онда қабылдамаушы адам емес, айтушы адам күнəкер
болады. Дұрыс, əркімді де тура жолға салу тек Алланың қолында. Алайда Алла кейде
қалаған құлын адастыратынын да естен шығармау керек. Құранда мынадай аят бар: «Кімді
Алла тура жолға салса, оны ешкім жолдан тайдыра алмайды. Ал кімді адастырса, оған тура
жол көрсететін дос жоқ» («Кəһф» сүресі, 17-аят).Мəселен, ғылыми білімнің өзі баршаның
көкірек көзін аша алмайды.Оның сан түрі бар.Жер бетіндегі барша жанның өздерінің талант
дарыны,пайым парасатына сай көкірек көзін ашатын түрі де жеткілікті. Кəзіргі Әлем
педагогикасында барша жанның бəріне ғылыми білім ғана емес шынайы өмірде алпыс
пайызға дейін өміртану білімі қажет екені анықталған.Тіптен ақыл-ой еңбегімен
айналысатын ғалымдар мен ғұламалардың өзіне 40 пайыздан астам өміртану білімі
берілмесе олардың қоғамда тірлік жасап,тіршілік етуі қиындайтыны анықталған. Мұндай
білімді білім беру ғылымы озық дамыған елдерде «ортақ білімнен» бөліп алып,
«қажеттілікті өтеу,көкірек көзін ашар білім»-деп жастардың қалауына сай ұсынып
оқытады.Ал,бізде,ортақ білімді-жалпы біліммен ауыстырған социалистік дəуір мектебін,
«жалпақ білім беретін,коммунистік мектепке» ауыстырып əлек болуда.Ол білімдер барлық
оқушының,барлық жастың көкірек көзін аша қоюы екі талай ғой!
Пайдаланылған əдебиеттер
1..Қазақтың тəлімдік ой-пікір антологиясы І том., ІІ том А.1994
2. Ж.Жақсығалиев. Тектілік феномені akikat razgazet.kz
3.А.Молдабекова. Қазақ тектілігі-ұлт көрсеткіші alahs ainasy.kz
4.Ү.Сəрсенбин. Текті тұлғадан текті ұлтқа дейін akikat.kz
5.Текті тұлға тəрбиелеудің ғылыми негізі ustazdarga/bayandama/5032-tekt-tla- massaget.
6.Текті тұлға тəрбиелеу жолы adisteme kz
7. .М.Мырзахметұлы. Абайтану: оқу құралы.
Алматы: 2010
8.М. Мырзахметұлы: . «Толық адам» ілімі жайлы толғаныс
9.Болатбеккызы А. Абай шығармаларындағы «толық адам» мəселесі // Молодой ученый. —
2015. — №8.1. — С. 53-55.
10. Бейсенбай К., Нурматов Ж. Е. Қ.А. Ясауидің – діни философиясындағы «кемел адам»
концепциясы // Молодой ученый. — 2017. — №7.1. — С. 7-9. — URL
11.Кемел кісі ілімі
Қарағанды
2016
12.Шəкəрім. Энциклопедия
Семей
2008
13..Мəшһүр Жүсіп Көпейұлы
/Т.Ж. 13 том/ Павлодар. 2008
14.Тəрбиелеу қазақ ілімі Қарағанды “TENGRI Ltds” 2018. ISBN-978-6017980
90
93.
Иманипедагогиканың негізі5.1§. Еңбекке баулу жəне өмірге дайындау қазақ ілімі
5.1.1§.Еңбекке баулу
Жас ұрпақты қазақ еңбекке ерте бастан баулығаны белгілі.Бұл мəселеге жете мəн беріп,
мұқияттылық танытқан.Баланың əрбір даму кезеңіне сай олардың атқаруға тиісті еңбегін дəл
анықтап,оны дұрыс атқаруын бақылап,өте жүйелі түрде еңбекке араластырған.
Шаруа отбасында тəрбие,үлгі өнеге көрсету іс-əрекеті,əулет пен тайпаның,рудың шынайы өмір
əрекеттерінен айырмашылығы аз еді.Тəрбие құралдарының аясы атам заманнан қалыптасқан шаруа
отбасының қатынастар жүйесіне,еңбек қимылдарының ауқымында жүзеге асырылатын.Ұлттық тəрбие құралдары өз жүйесін құрай отырып, тұрмыс салтында тұрақты əрекет етуші дəйекке айнал-ған.
Қазақ қауымының қай кезеңінің алып қарасаңыз да, еңбектің көбін балалар еңсерген. Олардың
тіршілік те алар орыны,əулеттегі қолғабысы орасан зор болған.Қазақ атамыз: «баланың ісі
білінбес,тайдың мінісі білінбес» деген ғой. Әсіресе бақташылар мен бағбан-дардың,балықшылар
мен дихандар үшін балалардың көмегі шексіз еді.Әрі өмірге дайын-дау,осы еңбекке жас өспірімді
тікелей қатыстыру жолымен жүргізілетін. Сондықтан, баланың жасына сай,игертуге тиісті еңбек
дағдысын уақытты ұтымды пайдаланып үлгерту ата-ана үшін қасиетті борыш,əрі парыз болған.
Мəселен бала қозы жасында-қозы бағып, бұзау қайыруға тиісті болған.Тезек теріп, шөмшек отын
дайындау да,осы жастағылар үлесіне тиген.Мал сауып,төл бөлу, қозы көгендеп, құлын тарту қозы
жасындағы балалардың басты еңбегі еді.Ал,ата-əже жəне əке-шеше үшін бала жасы оның еңбекке
араласуына сай төмендегідей аталатын. Ермегім, алданышым, қолұшым, қолғанатым, серігім,
сүйенішім, асыраушым.Қолқанат бола бастаған шақта олардың жасы атқаратын міндетімен
аталатын. Қозы жас;қой жас;жылқы жас; патша жас;аңдушы; қағушы; суқұяр: атқосшы;көрікші;
соғушы; аутартар; ескекші. Жыл бойында атқарылатын еңбек науқаны, балаларға олардың жасына
сай еңбек мейрамын-(əулет мектебін) сыйлаған-ды.Төл аяқтандыру, қырқын,төл пішу, шөп шабу,
егін ору,соғым сою сияқты еңбек науқандары бітісімен,қазақтар,салттық мейрам жасап, оны əулет
мектебіне айналдырған.Мысалы: сірге жинар,төстік қаптар,соғым бас, көгентүп жасау,пішен
той,сабан той т.б. Әулет мектебінің қай түрін алсақ та,негізгі мақсат:ЖАС ҰРПАҚТЫ көзі
ашық,көкірегі ояу,парасатты жақсы АТА -АНА болуға əзірлеу,дəуір талабына сай өмірге дайындау
екендігі айқын аңғар-ылады.Өмірге есті де,епті əке-шеше дайындау қазақ үрдісінің бірінші
ерекшелігі:ұл мен қыздың өмірге келген күнінен бастап,отау тігіп бөлек шыққанға дейін,бір ғана
əулет мектебінің аясында тəрбиеленуі болып табылады.Екінші,Қауымдық тəрбие мен отбасылық
тəрбиесі,бірін-бірі қолдаушы ниеттес іс-əрекет арқылы жүзеге асатын.Үшінші.Адамдардың тəрбие
ісіндегі мақсат,мұрат сəйкестігі,ұлттық мүдде бірлігі,əдеп,тіл,дін ұксастығы ұрпақ тəрбиесінде
алалық туғызбайтын.
Қазақ ұлы онға толысымен қозы жасына келді деп есептей-ді.Осы жастағы баланың негізгі
міндетін айттық.Қазақ ұғымында,азамат қалыптасу негізі 3-13 жаста қаланады.Қозы жасындағы
бала он беске толысымен отау иесі делініп, қозы бағудан қой бағуға ауысады.Ол,жəй ғана солай
ауыстыра салу емес,үлкен оқу,мүқият баулудың нəтижесі.Қозы бағу оңай болмағанымен,қой бағу
тіптен қиын.Бұл жастағы жастар,ата кəсібі-маман иемденуі қажет.Сондықтан,он бес пен жиырма
бес арасын қой жасы деген.Он беспен жиырма бестің арасын қой жасы деуі-бір қора қойды ит-құсқа
жем қылмай, жоғалтпай бағу,жауын-шашында,боранда аман сақтау, азаннан қас қарайғанша
жалықпай жанында болу, жалғыз жүру осы жастағы адамдардың ғана қолынан келеді. Бұл қой
жасынан еті тірілер, шыныққандар, сенімділер ғана өтіп, жылқы жасына ауысады.Қашан да
болмасын, жиырма бес жас-белдің бекіп, бұғанасы қатайып,өсіп жетілген,тебіннің күшейген кемел
шағы.Ат құлағы көрінбейтін боранда,түкірігі жерге түспейтін қаңтардың сары шұнақ аязында.
тұмсығына оқтаудай мұз қатқан, кірпігіне ақсүңгі қырау тұрған атпен жүріп үйір-үйір жылқыға ие
болу,күртік қарды белуардан ойып тігілген қоста жатып, жылқы отарлату,ұтылап тосатын,ұлып
артыңнан қалмайтын қалың қасқырға шалдырмай,екі күннің бірінде тебініп келетін сақадай сай
жауға алдырмай жылқы бағатын,жиырма бес пен қырық жас арасындағы жігіттер ғана.Жылқы
жасындағы қазақ,ата кəсіптің ең маңдайлысы-жылқышы мамандығына қол жеткізуі тиіс. Бірер
дарындылары,осы жаста атбегілік өнерін игерген.Қырық пен алпыс арасын патша жасы деудің
өзіндік мəні бар.Қырықты қазақтар əспеттеп, қынынан суырылған қылышқа теңейді.Осы жастағы
91
94.
өнериелері өрге жүзіп баршаға танымал болады,таланттылар атағы əйгіленіп, халық алдында көзгетүседі, шешендері билік жасап,бағалана бастайды, көсемдері көзге түсіп,хан, сұлтан,болыс болып,
ел басқарады. Алпыстан асқан соң пайғамбар жасы басталады.Бұл шығыс мұсыл-мандарына ортақ
жас.Осы жастағы қазақтардың, шындығында, құлшылық жасау іс-əрекеті кемелденіп,нағыз
мұсылмандық жолында қалтқысыз еңбек етеді.Аллаһ таһалаға жақындау ниеті шын пейілмен,адал
көңілмен жүріледі. Ал,жетпіс пен сексен арасы-қазына жасы. Қазақтар бұл жасты əр қырынан қарап
тым құлпыртып айтатыны да бар.Мысалы, ақылгөй, данагөй, ақылман,білгір ғұлама жас.Тоқсаннан
ас-қандарын, қазақтар, «бала жасында-ғылар»,«маймыл жасындағылар» деп теңей айтады. Бұл
теңеудің де орны бар.Ол жастағылардан баланың да,маймылдың да мінезін,қимыл- əрекетін аңғаруға болады
Балдырған шағында ұл мен қыз тəрбиесі арасында оншама айырмашылық болмаған. Тек қыз
баланың киім киісі сəнді, жүріс-тұрысы əсем, сөз ырғағы биязы, жібек мінезді болудың амалтəсілдерін ойластырып, сол үшін де оның алғашқы дағдыларын игертуге ерекше зейін қойған.
Мəселен, екіден бес жас аралығындағы қыздар киіміне сылдырмақ пен түйме, түйреуіш-тана тағып,
үкі қадап тақия,кестелеп пешпет, кеудеше, бүрмелеп көйлек, сырмалы жағалы жейде кигізуі, жеңіне
желпілдетіп жеңұш, қолына білезік, саусағына сақина салуы, олардың нəзіктігімен үндестік тауып,
əдептілік пен əсемділіктің алғы шарты болған. Себебі қазақтар, қыз баланы киіміне, əсіресе,
саусағына, алақанына,жеңіне қарап өседі деп түсінген.(Қазақтар қыз баланың /қай жастағысы
болсын/ алақанын,білегін,бөтенге көрсетуге, ұстатуға құлықсыз болған).Бұл қағида –адамтану қазақ
ілімінде орнық-қан.«Барша халық 5 пен 7 жас мөлшеріне ерекше мəн береді. Бұл кезеңде ата-аналар
оларға кіші балаларды бағып-қағуды, мал-жанға қарауды,басқа да үй ішілік жұмыстарды сеніп
тапсыра бастаса,балалар бұл тараптағы міндеттерді өз мойнына жауапкерлікпен алады. Бес,жеті
жаста бала естияр болады деп есептеледі де,жаңа əлеуметтік жүк арқалай алатындай орнықты
мінезге ие болады»-деп жазған И.С.Кон. (Ребенок и общество.М.,1988.) Мұндағы
пікірлер
қазақта толығымен бар екенін,оның қалай жүзеге асатынын Х.Арғынбаев,«Қазақтың отбасылық
дəстүрлері» атты еңбегінде:«Қыз балалар 5-6 жасынан бастап апаларынан, шешесінен, əжесінен
жəне ауылдас əйелдерден,іс тігу,тамақ пісіру,үй жығу,үй тігу,киіз басу,өрмек тоқу,кесте тігу
шеберлігін үйренеді,үй жиып,кір жуу,əн салып күй тартуға, айтысқа жəне қыз келіншектерге тəн
басқа да əдет-ғұрыптар мен жағымды қылықтарды үйренеді»-деп көрсеткен. Мұның екінші
жағы,сол жас шамасындағы балалар тəрбиесінде ұл қызға айырмашылықпен қарау қажеттігін
аңғартады.
Иə,қазақтар ұл мен қыз тəрбиесіне тым терең бойлап, олардың жас ерекшелігі мен
табиғи өзгешеліктерін үнемі жадында ұстап,тəрбиелеу жолын тамаша таңдай білген. Қазақ тəрбие
ілімінде;«Балаңды бес жасқа дейін патшаң-дай қара,онбес жасқа дейін қосшыңдай сана,онбес
жастан асқан соң досыңдай бағала» деген хас қағида бар.Баланы асырап күтудің ең ауыр кезеңі бес
жасқа дейінгі мерзім.Бала беске толысымен қазақтар атқа мінгізіп, сүндетке отырғызып, еңбекке
араластырады. Бес жасқа дейінгі баланың өсіп жетілуіне,денінің сау, денесінің ширақ,ақыл- ойының
ұшқыр болуына ата-анасы,ағайын-туысы үнемі мүмкіндік жасап, қадағалап мұқият бақылайды.
Басқаша айтқанда,«патшасындай» қарайды.Солай етуге ата–анасы ғана емес, тайпалы ел, ауыл–
аймағы міндетті болған.Екінші жағынан,бұл жаста-«ойын баласы» себепті «өзіндік еңбегі,тіршілігі
бар» ересектерден «тəуелсіз» күн кешуге тиіс.Бұл жаста еңбекке баулудың басты жолы ойын
болғаны рас. Бес жастан кейін ұл- ұяты əкеге,қыз–ұяты шешеге жүктеледі.Әке көрген оқ жонуы,
шеше көрген тон пішуі шарт.Қыз бен ұл əке–шешенің көлеңесіндей, жанында болуы міндет еді.5 –
15 жасқа дейінгі бала əке-шешенің назарынан тыс қалуға бірде–бір жағдаят болмауы тиіс.Оларды
əке–шеше қосшысындай бағалауы қажет. Ал он бестен асқан соң олардың « досы» болуы
абзал.Солай болған да еді.Осы шақта,балдырғандар айналасымен танысып білуге, мына таудың ар
жағында,анау өзеннің арғы бетінде кімдер тұратынын, не барын танып білу 6-7 жас сəбилеріне
тəн бол-ғандықтан ата - əжелер оларды ертіп қысқа сапарға шығатын,ел аралайтын болған.Тойдуманда, мереке салтанатқа қатыстырып,өнер білімге құштарлығын арттырып, қызығушы-лығын
оятатын. Жасөспірімнің тума таланты не екенін білу үшін, бейімділігін пайымдау үшін,атаəжесі,əке–шешесі, білгір–тəуіп,сыншы əулиелерге ертіп апарып, келешегіне бол-жам жасататын
болған.Қазақтың адамтанушылары бала келешегін жан–жақты (алақан сызығы, маңдай əжім бедері,
табан сызық сұлбасы, құлақ күнқағар тамыры, саусақ тұяқтары, мең мен түйме, үн мен дыбыс,
саусақ, аяқ, мойын, шаш бітімі, түр түсін т.б.) бақылап өте дəл айта алатын болды. Ал ұлды тану
оның нағашысын білуден басталған. Қызды білу шешесін танудан бастау алған. «Жігіттің жақсы
болуы нағашысынан», «Шешесін көріп қызын ал» деген нақылдар осының айғағы. Балаларды бұл
92
95.
жасында атақты адамдарға апарып аузына түкіртетін.Ұста, зергер, құсбегі, атбегі қатарлы өнерліадамдарға апарып шəкірт болдыратын. Бейімділігі мен ептілігін байқап көріп, алғашқы қадамын
бажайлап, бетін ашатын, талпыныстағы тұсауын қиятын.
Қыз бала жеті жасқа толысымен (жас өспірімдік шақтың басталуы деп есептеген),
« ес біліп қалды,етек-жеңін жинайтын шақ болды” деп, қолғабыс жасау, даяшылық ету, анасына
көмектесу,іс қылу сияқты еңбекке араластырып, қызға тəн білік-дағдыларды игерткен.Ол үшін, олар
біз ұстап кесте тігіп, ине ұстап іс қылған, білік ұстап алаша, өрмек тоқуға араласқан.Жүн түтіп,
майдалап шүйкелеумен қатар ұршық ұстап жүн иірген. Шүйкеден жіп есіп,бау құрастырған. Киімін
жамап,түйме,түймебау қадаған.Су əкеліп, самауырын қойған, шəйнек асқан, мосы көтерген, пеш
жаққан, отын терген,кір жуысқан, мал сауысқан. Әрине, балалықтан аттар, жастыққа бастар аралықбозбала(бойжеткен)сын кезең ұлға да,Қыздың құлағын тесіп,сырға салған,беталды қарғып-шоршып
жүгіріп-сүріңуге тиым салып,байсалдылыққа баулыған.Қыз баланың үй ішінде еңбегі де ұшантеңіз, əсіресе оған үй-ішін жинай білу, төсек жию, жүк жинау, үйді жиһаздарымен безендіре білуде
ұлттық өлшемдер бар. Қыз баланың жеңгесі мен шешесі, тəтелері т.б. жақын адам кесте тігу, ою
өрнектеу, киім тігіп, оны піше білу, кілем тоқи білу сияқты кəсіптік іс-əрекеттеріне баулыған.
Көшпелі елдің өмір сүруінің негізгі арқауы болған мал- мінсе көлік, шөлдесе- сусын, кисе- киім,
ашықса тамақ болғандықтан, қазақ баласын қаршадайынан еңбектің осы түріне қатыстыруды
мақсат тұтқан. Оның еті мен сүтін, қымыран- қымызын, құрт-ірімшігін, қылы мен жүнін, терісі мен
мүйізін бəрін кəдесіне жаратқан. Қазіргі нарық экономикасына өту де осы жайттің маңызы арта
түсетіні де түсінікті. Олай болса, əрбір ауыл мен қала баласы бəрінен бұрын ата – бабаларының
малды қастерлеп, қадір тұтатынын еш уақытта есінен шығармауы тиіс.Қазақ халқы тек малмен ғана
емес, шаруашылықтың басқа түрлерімен де, (егін салу, аң аулау, бау-бақша т.б.) айналысқан.
Мəселен, Егін ексең, жүгері ек, жүгері-сүт, жүгері ет, Нан құраннан да қасиетті, Алтын күміс тас
екен, арпа бидай ас екен деген мақал–мəтелдер біздің осы пікірімізге жақсы дəлел. Көктемнің əр
күні- қыстың бір айына азық деп, ол егін салудың оны орып жинаудың өз мезгілі болатынын қатаң
ескерткен. Халқымыз сəулет өнеріне де ертеден машықтанған. Бұл қазақ жерінде ерте кезде
салынған (Отырар, Сайрам, Сауран, Созақ, Яссы, Сығанақ, Исфиджаб т.б.) секілді қалалар мен
тарихи ескерткіштер куə. Сəулет өнерінің керемет үлгілерін жұртымыз ертегілер мен аңызəңгімелерде, батырлар жырларында тек тамсана сөз етпей, өз ұрпағына өнердің осы саласына
байланысты білім жүйелері мен дағдыларды сіңіре білген.Киіз үй қазақтың сəулет өнерінің тамаша
көрінісі. Осындай үйдің жобасы, төрт қанатты, алты қанатты, он екі қанатты дейтін көптеген түрлері
бар. Оның жабдықтарын (кереге, уық, шаңырақ, туырлық, түндік, жайық, үзік, уық бау, кереге бау,
басқұр, ортаңқұр, есік, ергенек т.б.) Жасау үшін қыруар еңбек, асқан икемділік қажет.Ер балаларды
еңбекке тəрбиелеу -көбінде олардың малшы, егінші, сəулетші, зергер болуымен əулеттік
кəсіпті үйренуі, негізінен, əкенің іскерлігі мен жауапкершілігінен туындаған.Халықтың
тəлім-тəрбиесінің осы саласын отбасында үнемі тиімді пайдаланып, ізденуінде, алдымен
ата-ананың осы жердегі үлгі-өнегесі мен жауапкершілігі аса маңызды. Қорыта келгенде
баланың еңбекті сүюі, тəрбиелі болуы ең бірінші жанұядан басталады десек қателеспейміз.
Бұл жерде ата-ананың алар орны ерекше.
Еңбек тəрбиесінің теориялық негізі тым тереңде жатыр.Мысалы;Әл Фараби
тəрбиенің, оның ішінде еңбек тəрбиесінің теориясы ғылымға негізделуі қажет деп санады.
Ол ғылымды тарихи үрдіс деп түсініп, ғылым жүйелі түрде құрылған білімнің жоғарғы
формасы деген анықтама берген. Фараби сонымен бірге оқу-ағарту мен тəрбие туралы,
еңбек мəдениеті туралы ілім жасады. Еңбектің өзі өнер. Ал еңбек тəрбиесі сол өнерден
туындайды, əрбір адамды еңбекке баулиды, еңбек шеберлігін үйретеді.Олардың еңбек ету
дағдысын қалыптастырады деген болатын Фараби.Оның адам еңбегі туралы бұл
тұжырымдамалар қазіргі жаңа мыңжылдықта да актуальды екені айдан анық.
Еңбек тəрбиесінің теориясын жасау барысында ол антик заманының теоретиктері
Платон мен Аристотельдің тұжырымдарын басшылыққа алды. Демек, ол қандай да болсын
құбылысты түсіндіруге бағытталған ұғымның, идеяның, белгілі бір саласының мəнді
байланыстары мен заңдылықтары жөнінде толық түсінік беретін ғылыми білімді
қорытудың ең жоғарғы формасы деген қағиданы ұдайы басшылыққа алған Фараби еңбек
93
96.
тəрбиесінің теориясын «өзінің ішкі құрылымы жағынан бір-бірімен логикалы байланыстаболатын біртұтас білім жүйесін құрайды»/1, 11-б/ деп тұжырымдайды. Машанов А. Әл
Фараби. Алматы, 1970. 11-бет..Педагогикалық тұрғыда қарастырсақ бұл тұжырым
оқушыларға сапалы тəртіп, саналы білім беру пайдалы қоғамдық еңбекке баулу деген сөз.
Фараби еңбек тəрбиесінің теориясын жасауда еркін еңбектің, адамның жан-жақты дамуы
үшін маңызы зор екенін атап көрсетеді. Фараби «Еңбек ету, саналы болу, адамгершілік,
ізгілік, ақылдылық табиғаттан туындауы қажет» деген ғылыми тұжырым жасады. Фараби
адамды табиғат, адам, жер бетіндегі тірі организмдер дамуының ең жоғарғы сатысына
көтерілген, еңбек құралдарын жасап, оларды өз қажетіне жарата білген, түсінікті сөз сөйлей
білетін саналы ортаның мүшесі дейді. Адам туралы қарапайым материалистік бағытты
ұстанған Фараби адам еңбек ету нəтижесінде жоғары сатыға көтерілетінін алға тартады.
Фарабидің пікірінше, оқу, тəрбие, білім алу, еңбек ету, ғылым адамы болу адамгершілік
жəне еңбек тəрбиесіне тығыз байланысты. Фараби ең алғаш еңбекті, таза еңбекті, адал
еңбекті тəрбиенің алғы шарты етіп алды. «Тəрбиені неден бастау керек», «Философияны
үйрету үшін алдын-ала не білу керек» еңбектерінде ғылымды, оқу-ағартуды меңгеру, білім
тəрбие алу, еңбекке үйрену, философияны меңгеру тəрбие əдістеріне байланысты екенін
ғылыми тұрғыда дəлелдейді. Осы негізде ол оқыту мен тəрбиелеудің мақсаттарын жекежеке анықтайды. «Ғылымдар тізбесі», «Ғылымдардың шығуы» еңбектерінде ғылымдарды
үйрену, реттерін белгілейді жəне тəрбиенің, оның ішінде еңбек тəрбиесінің тарихи
тағылымын, үлгісін, болашақ ұрпаққа өнеге, тəлім етіп қалдырады. Әл Фараби жас ұрпаққа
тəлім-тəрбие беріп, еңбекке үйретіп, еңбек тəрбиесін беретін адамды(ұстаздық ететін
адамды) өте жоғары бағалаған. Оның ойынша тəрбиеші адам (қазіргі мұғалім) «мəңгі
нұрдың қызметшісі»/2, 12-б/. Григорян С.Н Великий мыслители Средней Азий. Москва,
1958. 12-бет.Ұлы ойшыл Фараби тарихи шындықты, еңбекті, тəрбиені, оның ішінде еңбек
тəрбиесін адамның игілігі, бақыты үшін қолдануды армандады. Адамның игілікке жету
жолдары туралы ойларын Фараби «Сол кездің өзінде» экономиканың, саясаттың, мемлекеттік құрылыстың, отбасы тəрбиесінің, еңбек тəрбиесінің мəселелеріне байланыстыра
отырып, аса қажет мызғымас берік негізге сүйенеді. Сондай-ақ ол қоғамды ақылмен дұрыс
басқарудың шарттары жөнінде батыл пікір айтқан ғұлама. Өйткені адам бақытты болуға
лайық жəне сол бақытын табуға тиіс. «Адам өз заманында жақсы да дұрыс басқарылатын
қоғамда ғана шын мəнісінде бақытты өмір сүре алады»/3, 12-б/-дейді данышпан Қазақ
Совет энциклопедиясы. Алматы, 1973, ІІ-том. 12-бет.. Сөйтіп, Фараби адамның өмірлік іс
əрекетіне үлкен мəн бере отырып, еңбек қана. адамды жануарлар дүниесінен бөліп, оқшау
көрсететінін ғылыми тұрғыда дəлелдеді. Адамзат қоғаманың өмір сүруіне ең керектісі оның
материалдық тұтыну қажеттері дегенді бірінше орынға қойып, осынау маңызды мəселе
төңірегіндегі теріс көзқарастарды үзілді-кесілді жоққа шығарады. Фараби адамдар бірбірімен келісіп, тіл табысып отыруы керек деп есептеді. Әділеттіліктің қалыптасқан
нормасы, əмбебап заңдар қажет екендігін ескерте келе ол заңдардың тəрбие арқылы жүзеге
асатындығын дəйектейді. Оның ойынша, еңбексіз заң да, қоғам да ілгері дами алмайды.
Ұлы ойшылдың заң күші туралы осы айтқандарынан қоғамдық келісімдер туралы идеяның
алғашқы ұрығы жатқандығын аңғару қиын емес. Бұл идея Еуропада көп кейін өріс алды.
Кейбір шығармаларында Фараби өз тұсындағы қоғамды астыртын ғана сынап отырды.
Ондағы етек алған озбырлықтар мен қаталдықты, ақыл мен адамгершілік, еңбек тəртібі
ұстанымдарының орасан бұрмалауынан деп түсіндірді. Еңбек жəне еңбек тəрбиесінің
ғылыми негізін қолдануда ХІІ ғасырда жазылған «Фарабидің энциклопедиясы» атты
еңбектің маңызы өте зор. Әсіресе мұның трактат ретінде ғылым тарихында алатын орны
айрықша. Бұл трактат «Ғылымдар энциклопедиясы», «Ғылымдар реті», «Ғылымдар
классификациясы», т.б. аттарымен Шығыс жəне Батыс елдерінде өте ертеден-ақ мəлім
болған. Бұдан көп ғұламалар тəлім алған. /4, 38-б/ Хайрулаев М. Мировозрение Фараби и
его значение в истории философии. Ташкент, 1967. 38-бет.«Фарабидің энциклопедиясы»
94
97.
сол кездің өзінде (ХІІғ) арабшадан латын тіліне екі рет аударылған. Одан кейінгі ғасырлардабұл еңбек толық немесе үзінді түрінде ескі еврей, неміс, ағылшын, француз, түркі, т.б.
тілдерге тəржімаланған. Роджер Бэкон, атақты Әбу Әли Ибн Сина (980-1037) жəне
басқалар тікелей соның əсерімен өздерінің көпке мəлім энциклопедиялық еңбектерін
жазды. Бұл еңбектің құндылығы, оны басқа халықтар өз қажетіне жаратып, оның еңбек
заңдарына, еңбек адамдарының өз жұмысына саналылықпен, ұқыптылықпен қарап,
өндірісті дамыту, еңбек өнімін, жеке адамның еңбекке құштарлығын, ынта-жігерін арттыру
мақсаты көзделгендігінде болып табылады.Жастарды еңбекке баулу - қай кезде де
азаматтық тəрбиенің елеулі шарттарының бірі. Ы.Алтынсарин “Қазақ хрестоматиясына”
енгізген мақалалары мен əңгімелерінде еңбектің аса зор маңызын көрсетіп, еңбекті
қадірлеуге жəне сүюге тəрбиелеу мақсатын көздейді. Автор хрестоматиясын оқушыларды
еңбектің мақсатқа жеткізетіндігіне, еңбек арқылы табылған табыстың берекелі болатындығына сендіре отырып, еңбек ету үшін “тұрақтылық пен табандылық” қажет екендігін
уағыздайды. Т.Тəжібаев “ЬІ.Алтынсаринның хрестоматиясының негізі жəне оның мазмұны
бүкіл халықты еңбек етуге жəне еңбекті сүюге шақырады” деп көрсетеді. Еңбектің адам
өмірінде атқаратын міндетінің зор екендігін жəне ол өмір сүрудің мағынасы мен мазмұн
дəрежесінің көрсеткіші екендігін өзінің балаларға арналған əңгімелері арқылы дəлелдейді.
Адам өмірінде еңбек бақыт, қанағат пен қуаныш əкеледі жəне еңбек адам өмірінің
физиологиялық қажеттілігі болып табылады. Ы.Алтынсаринның көптеген шығармалары
өмірдің мəні жəне мағынасы еңбекте екендігін дəлелдейді, ол адам өмірін еңбек əрекетінсіз
мəнсіз деп есептейді. “Бай баласы мен жарлы баласы” əңгімесінде Алтынсарин бүкіл
ағартушылық еңбегінің негізгі сырын, əлеуметтік тенденциясын айқын ашып береді. Үсен
арқылы еңбекші бұқараның жас ұрпағының еңбек сүйгіштігін, əр нəрсенің ретін таба
білетіндігін көрсетеді. Асан бейнесінен мұндай қасиет байқалмайды. Үсен бейнесінен тек
еңбек сүйгіштіктен басқа дəрменсіз Асанға көмегі оның адамгершілік жағынан бейнесін
сомдай түседі.Ақынның «Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен» деген өлеңінің мəні де терең.
Мұнда ол еңбек салтанаты мен адалдықты, шындықты жырлайды, халқын берекесіз,
жұғымсыз істен аулақ болып, игілікті еңбегімен, өз күшімен күн көруге, шындық үшін жан
беруге, адал өмір сүруге шақырады. Ақын бұл өлеңінде əлеуметтік теңсіздікті жоюдың
жолын еңбекке негізделген парасатты өмір үстемдігінен іздейді.Араз бол кедей болсаң
ұрлықпенен.Кете бар кессе басың шындықпенен.Қорек тап бейнеттен де, тəңірің
жəрдем,Телмірме бір адамға мұңдықпенен.
“Қыпшақ Сейтқұл” əңгімесінде Сейтқұл арқылы қарапайым халықтың толысқан
өкілін бейнелейді, оның жақсы істерін көрсетеді. “Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш” деген
əңгімесінде бұл үшеуі əрқайсысы өздеріне тамақ іздеп, еңбек етеді, күн көру үшін күреседі.
Бұл өңгімеде əкесі жас баласымен сөйлесіп, одан бірнеше сауал сұрағаннан кейін əкесі құс,
жəндіктердің еңбектену арқасында өздеріне қорек тауып жүргенін айтып, “Сен де ертеден
кешке дейін босқа жүріп уақытыңды босқа жіберме, еңбек етуге əдеттен, еңбек етсең емерсің” дейді. Ы.Алтынсарин еңбекке тəрбиелеу мəселесі тақырыбына халық аңыздарын
көп пайдаланды. Солардың бірі - “Атымтай жомарт” аңызы. “Күн сайын өз бейнетіммен
тапқан бір-екі пұлға нан сатып жесем де, бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбектен
табылған тамақтың тəттілігі болады екен” деген жолдары “Еңбек істеп ас ішсең, балдан
тəтті болады” деген халықтың мағыналы сөзімен ұштасып жатыр. “Байлық неде?” деген
тағы бір əңгімесінде кедей кісінің сұрағына ғалым жауап береді. “Қанағат ете білсең, еңбек
қылсаң - байлық сол. Малы көп болмаса да, соған қанағат ете білсе, біреуді алдап жемесе,
біреудің еңбегін пайдаланбаса, мұндай адамның көңілі жай болады. Сол үшін байлық қанағат пен адал еңбекте”. Автордың еңбекті адам құлқынын түзейтін құрал деп қарауы өте
мəнді нəрсе. Ы.Алтынсаринның “Сəтемір хан” əңгімесінде кішкентай ғана ақсақ
құмырсқаның қайта-қайта құлағанына қарамастан қабырға арқылы үйдің төбесіне
шыққанын көріп отырған Сəтемірге мынандай ой келеді: “Өзі ақсақ құмырсқа еңбектене
95
98.
отырып əзінің мақсатына жетті, ал мен болсам түк бітірмей өмір сүріп жүрмін. Маған мынақұмырсқадан өнеге алу керек екен” деп, ақырында өз елінің ақылы толған патшасы
болыпты”.Бұл əңгімеден еңбек үлкен мұратқа жеткізіп қуаныштар əкелетінін, ол қуаныш
қажеттіліктен туған мақсатқа жету идеясын көрсетеді. Адам өмірінде еңбек бақыт, қанағат
пен қуаныш əкеледі жəне еңбек адам өмірінің физиологиялық қажеттілігі болып табылады.
Ы.Алтынсаринның көптеген шығармалары өмірдің мəні жəне мағынасы еңбекте екендігін
дəлелдейді, ол адам өмірін еңбек əрекетінсіз мəнсіз деп есептейді. Қазақ жастарына кəсіптік
мамандық беру мəселесінің ғылым негізін қалаған да Ы.Алтынсарин. Ол қазақ халқының
экономикалық дамуына қажетті мамандар əзірлеу ісіне ерекше мəн берді, қолөнер, ауыл
шаруашылығы училищелерін ашуға күш жұмсады. Ы.Алтынсарин адал еңбек етуді, қанағат
қыла білуді адамгершілік қасиет деп санады. Оның “Біз өзіміздің адал еңбегімізбен
тіршілік етіп отырмыз дей алатын адам - шын бақытты адам” дегені соның нақты
айғағы.Ыбырайдың ұстаздарының бірі атақты педагог К.Д.Ушинский де еңбекке
негізделген тəлім-тəрбиені қуаттайды. Ол өзінің «...ерікті еңбек адамның өмірі үшін
маңызды рөл атқарады, еңбексіз адам өзінің барлық адамдық қасиетінен жəне барлық
құнынан айырылады. Еңбек адамның жетілуі үшін керекті жағдай жасап қана қоймай,
сонымен бірге адамның ар-ұятын өз дəрежісінде сақтап тұруға да көмектеседі. Адам өзінің
жеке еңбегінсіз бір адым да ілгері баса алмайды, қайта кері кетеді»- деген болатын. Ыбырай
Алтынсариннің еңбекке көзқарасы да осындай ұстаздық идея негізінде жүйеленді. Ол өз
шығармаларында еңбектің мəнін түсіндіру, халықты еңбекке баулу мақсатын көздеді.
«Тірі жан тіршілік етеді» дейді қазақ.Өмір сүру –үлкен еңбек.Бала санасына еңбек
адамына деген ілтипат,таза еңбекке деген қошамет-құрмет əу бастан құйылу керек. «Онекі
мүшең сау болса,жарлымын деме,көңіліңде қайғы болмаса,зарлымын деме»,еңбек
ет,тіршілік жаса,талап ет,ізден деген халықтық қағиданы тұжырымдап Абай атамыз:
Тəуекелсіз,талапсыз мал табылмас, Еңбек қылмас еріншек адам болмас. Есек көтін жусаң
да мал тауып кел,
Қолға жұқпас еш адам кеміте алмас.Еңбек- ақ-қарасы жоқ,адал арамы
бар,ауыр жеңілі жоқ,азабы мен қуанышы қатар болатын,ырыздығына кенелу келешегі
бар,кеменгер тəрбие құралы.Еңбегің еш болатын да кезі бар,басқаның игілігіне
жұмсалып,өзіңе түсер үлесі шамалы болу да ғажап емес.Талап пен ізденіс қолдауын тауып,
ақыл мен парасаттылыққа ұласқан,əдеп пен əдіске суарылған еңбек адал да жұғымды
еңбек.Еңбектің нəтижесін көріп жемісін жеу-нағыз бақыт. Алайда,еңбектің нəтижесін
əділдікпен бөлісе алмай,ұстағанның қолында,тістегеннің аузында кетсе,нақтылы азап сонда
басталады.Сондықтан қазақ азаматы ісмер ғана емес, іскер де болу керек.Бұл талап кеше де
бар болатын,бүгінгі таңда тіптен өзекті болып отыр. Қазақтың данышпан ақылойлары,жастарға берер кеңес түйіндерінің көбісі еңбек туралы.Байлық пен кедейлік,
еңбекқорлық пен жалқаулық,іскерлік пен ісмерлік туралы ақыл-кеңестер,мақал-мəтелдер,
үлгі өнегелер тым мол.( Ресми деректер бойынша тілімізде 15 мыңнан астам мақалмəтелдер бар.Оның 60 пайызы үлгі-өнеге,өнер-білім, еңбекке қатысты айтылған). Қазақ
жас ұрпағын еңбекке тікелей қатыстырумен қатар,еңбекке деген олардың құлшынысын,
қызығуын оятып,рухани əлемін сусындатып,көңіл күйі,сана сезімін де еңбекке бағыттап
отырған.Бұл үшін,олар діни уағыздар мен ғибраттарды, өнегелерді, хадистерді толық
пайдаланған. Пайғампарымыз(с.ғ.с.) өзінің бір хадисінде; «Кім өз қолымен нанын тапса
жəне шұғылданған ісінің табысы адал болса,ол адамға жəннат уəжіп» дейді.Шариғатта
еңбек қоғам мүшесінің міндеті ретінде қарастырылады. «Адамзат еңбегіне қарай ғана
табысқа ие болады.Сөз жоқ ,оның нəтижесін көреді.Содан соң оған еңбегінің бодауы толық
беріледі.Күдіксіз Раббыңа тиянақтайды»(«Нəжім» сүресі,42-аят)
Қазақ ұғымында байлықты Құдай береді,адам бермейді.Құдайдың өзі ырыс береке
үлестіретін дүние мүлік сарайының кілтшісі емес.Егер еңбектеніп,талпынып қарекет
жасаса ғана несібе етеді.Сондығы болар,қазақтар: жалқау, еріншек,мақтаншақ адам мал
дəулетін шашып,жалғыз күнде қайыршыға айналады.Қажымай,талмай еңбектеніп,ақыл
96
99.
мен парасатқа ден қойған адам басына бақ қонып дəулеті тасиды»-деп түйіндеп,ырысауысатынын,бақ жұғысатынын ескертеді.Бұл туралы ертегі,аңыз,өсиет-өнегелер тым көп.
«Байлықты жаратқан Құдай,кедейлікті де жаратқан Құдай.Бірақ сені бай не кедей еткен
құдай емес»(Абай).Ал,Құдай еңбек етіп мал табуға,бай болып,бар болуға барлық
мүмкіндікті жасап жаратқан.Тек оны жүзеге асыру,пайдалану еркі адамның жеке басына
жүктелген.Кейбір жандар,осы қағидатты түсінбей,өзі сияқты екінші пендеге жалынады,
содан көмек сұрайды. «Құдайдан сұрағанның екі бүйірі шығады,адамнан сұрағанның екі
көзі шығады»деген халық қорытындысын ескере бермейтініміз өкінішті-ақ.Абай атамыз
оныншы қара сөзінде: «Жəне мал тілейсіңдер,неге керек етейін деп тілейсіңдер?Әуелі ,
Құдайдан тілеймісің? Тілейсің. Құдай берді,бергенін алмайсың.Құдай тағала саған еңбек
етіп мал табарлық қуат берді.Ол қуатты халал кəсіп етерлік орынға жұмсаймысың?
жұмсамайсың.Ол қуатты орнын тауып сарп қыларды білерлік ғылым берді,оны оқымайсың.Ол ғылымды оқыса ұғарлық ақыл берді,қайда жібергеніңді кім біледі.?Ерінбей
еңбек қылса,түңілмей іздесе,орнын тауып істесе,кім бай болмайды?Оның саған керегі
жоқ.Сенікі-біреуден қорқытып алсаң,біреуден жалынып алсаң,біреуден алдап алсаң
болғаны,іздегенің- сол».Міне,ісмерлік те,іскерлікте еңбекпен келетінінін,тек талаптанбау,іздемеу қолбайлау болатынын тамаша көрсеткен.
Ұлт ұстазы,А.Байтұрсынов: «Оқусыз халық қанша бай болса да,біраз жылдардан
кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшеді.Білімді болуға оқу керек.Бай
болуға кəсіп керек.Күшті болуға бірлік керек»-деп,бүгінгі жас ұрпаққа жол нұсқап,нақты
бағдар берген- дана бабамыз еді.. Қыз еркем,қашандағы шеберлігімен көркем.Шебер
қыздың мінезі де көркем.Шеберлік-шексіз, əрі,кез-келген қыздың ана сүтінен бойына
дарығын талантының көзге көрінер белгісі. Өнерлі ұл сүйкімді-ақ. Өнерлі өрге
жүзер.Талант нышаны əркім де бар.Оның көзін ашып,танып біліп,жайнатып, жарқыратып
жіберер қабылет əр-ата анадан табыла бермейді.Бірақ,əке- балаға сыншы,шеше ұрпаққа –
əулие ғой. Өздері танымаса да,өзгеге анықтатар.Осы заманда оның мүмкіндігі толық бар.
М. Дулатовтың артына қалдырған рухани мұрасында кешегі көшпелі елдің əдетғүрпы, дəстүр-салты, тəлім-тəрбиесі мен үлгі өнегесі, өзіне тəн эстетикалық, этикалық
ұнам-талғамдары ұлттық колоритқа толы сан-алуан нақты деректермен безендіріле
баяндалған. Табиғатынан тəлімгерлік қасиеті мол жазушы қазақ арасында көбінде көзге
түспей, түссе де еленбей жүрген ғылым-білімге, өнерге, зерек, дарынды балаларды оқытып
тəрбиелеудің мəні жайында сөз ете келіп, - дарындылықтың кейбір психологиялық
астарына үңіледі. Бұл автордың төмендегі түйіндеуінен жақсы аңғарылып түр: «Тумысында
қанша зеректік болса да, - деп жазды М. Дулатов, - ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне
жетпейді. Кімде-кім өзінің табиғатына не нəрсеге шеберлік барлығын сезіп, өз жолына
түссе ғана, көзге көрінеді... жақсы суретші адамның сыртқы түрін айнытпай сала білсе,
жақсы жазушы да адамның ішкі сырын, мінезін, əдетін бұлжытпай көрсете алады»деген.Ұрпақтың бейімділігін, икемділігін,талант-дарын нышанын негіздей отырып оны
еңбекке баулу осы заманғы басты мұрат,шынайы нұсқа болуда.
5.1.2§.Өмірге дайындау ұлы мұрат
Отбасы — бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын қоғамдық тұрғыдан мəнді
қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан
адамдар тобы, Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі - отбасы мүшелерінің
материалды қажеттіліктерін (азық-түлік,киім жəне т.б.) өтеу, олардың денсаулығының
сақталуын қанағаттандыру үшін атқарылады. Отбасының осы қызметінің орындалу
барысында еңбек ету кезінде жұмсалған жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру қамтамасыз
етіледі.Отбасының эмоциональдық қызметі – оның мүшелерін ұнатушылық, сыйлаушылық, мойындаушылық, эмоционалды қолдаушылық, психологиялық қорғаушылық
қажеттіліктерімен қанағаттандыру. Осы қызмет қоғам мүшелерінің эмоционалды
тұрақтануын, олардың психикалық ахуалының тамаша күйін сақтауға,орнатуға əсер етеді.
97
100.
Рухани қарым-қатынас қызметі – бос уақытты бірлесе өткізу, екі жақты рухани байытуқажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қам жасалуға бағытталады.Отбасының тәрбиелік
қызметі ана жəне əке болуда, балалармен қарым-қатынаста, оларды тəрбиелеуде,
балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттануынан тұрады.
Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың əлеуметтенуін,
қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді. Отбасы өмір сүру барысында өз
құндылығын жасап жалғастырады.Отбасылық құндылықтар дегеніміз отбасын құрушылардың жанұяларын асырап сақтау,дамытып жетілдіру,нығайтып бекітудегі қолы жеткен
табыстырын салт-дəстүр ретінде келер ұрпаққа табыстау болмақ. Жалпы қазақ отбасы
үшін ортақ бір іргелі құндылық бар: босағасы берік,шаңырағы биік, іргесі нық
көпбасты қазақ отбасын ошақ отын сөндірмей мәңгілікке жалғастыру.Бұдан басқа
адамдар отбасылық құндылықтарды басты үш топқа бөледі. Олар дəстүрлі , қазіргі ,
тəрбиелі отбасылық құндылықтар деп аталады.Дəстүрлі отбасылық құндылықтар дегеніміз
қарт адамдардың жас отбасыға берген ақыл-кеңестері мен үлгі өнегесін аманаттауы. Әр
отбасыда бұл құндылықтар əртүрлі.Бірақ олардың ұқсас жақтары да бар. Мысалы, кезкелген жанұяда дінді сақтау, некені бұзбау, ұрпақ жалғастыру, балаларды тəрбиелеу деген
құндылықтар ортақ болады.Қазіргі отбасылық құндылықтар .Қазіргі таңдағы отбасылар
бұрынғы салт-дəстүрді ұстануда. Бірақ сол ұстанымның өзгеруіне байланысты олар əр
отбасыда əртүрлі. Ол ұстанымның өзгеру себептері заманның өзгеруіне байланысты. Себебі
əр замандағы адам əртүрлі. Мысалы, бұрынғы замандағы отбасы құндылықтарымен қазір
өмір сүру мүмкін емес. Бұрын адамдар əйелдеріне орамалды сыйға тартса, қазіргі жас
отбасылар бір-біріне гүл немесе кітап сыйлайды.Сонымен қатар қазіргі отбасылық
құндылықтарға махаббат, сенім, түсіністік жəне т.б жатады.Тəрбиелі отбасылық құндылықтар. Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста болатын, ата-ана, ата-əже, балалар, немерелер, бірлесіп əлеуметтік өмір сүретін адамдар тобы. Отбасында мемлекеттік заңдар мен
ережелерді сақтайды, демек некелік-отбасылық қарым-қатынастың биологиялық тарихы,
əлеуметтік жəне праволық мəні бар.Отбасындағы тəртіптің, оның мүшелері арасындағы
адамгершілік-туыстық қарым-қатынастың, демократизмнің алатын орны ерекше. Отбасы
тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша оны отағасы,( ол болмаса отанасы, одан
қалса үлкен аға немесе əпке) басқарады.Басқару үш бағытта жүреді. Репродуктивтік.
Мұның мəні-баланың өмірге келуі, өмірдің, ұрпақтың жалғасын табуы. Шаруашылықэкономикалық. Мұның мəні-материалдық жағдайды қамтамасыз ету, үй жəне жеке меншік
шаруашылығын жүргізу, отбасының қор-қаражат жинау, оны сақтау.Бос уақьттты
ұйымдастыру, яғни бала, ұрпақ тəрбиесімен айналысу.Отбасы тәрбиесі ата-аналар
ықпалымен жүзеге асатын қоғамдық, тәрбиемен ұштасып жатады. Ол қоғаммен,
бүкіл қоғамдық қатынастар жүйесімен тығыз байланыста бола тұрса да, отбасы адамдарының белгілі дəрежедегі дербес сырлас тобының өзіндік əрекеті.Отбасы өмірі материалдық
жəне рухани процестермен сипатталады. Табиғи биологиялық жəне шаруашылық тұтыну
қатынастары оның материалдық жағын құрса, ал рухани жағын құқықтық, адамгершілік
жəне психологиялық қатынастар құрайды.Отбасы дегеніміз – адам баласының жанына
жақын әлеуметтік ортасы, сондай-ақ ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрлер мен
әдет-ғұрыптардың асыл қоймасы. Сəби дүниеге келгеннен бастап, оның ата-анасы жəне
отбасы мүшелері оны алғаш рет өмірмен, өзін қоршаған ортамен жəне мінез-құлық
нормаларымен таныстырады. Демек, бұл баланың келешекте саналы азамат болып өсуіне
негіз болатын баспалдақ. Жанұя – бірлігі жарасқан орта, бала тəрбиесіндегі басты
ұжым.Отбасының басты мақсаты мен темірқазығы – бала тəрбиесі. Ендеше, жанұя тəрбиесі-тəрбие алудың негізгі іргетасы.Яғни, адамның жеке тұлға болып ер жетіп өсуі мен
адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруі жанұяда қалыптасады. Сондықтан да «Отбасы –
ғажап табиғаттың сыйы, тіршілік тірегі», – бола алады. Осыған орай, ұл-қыздарымыздың
бойына ар-ұят, адамгершілік, инабаттылық, сүйіспеншілік, береке-бірлік, жанашырлық
98
101.
жəне т.с.с. асыл қасиеттерді бойына дарытатын имандылықтан бастау алған берекеліотбасының зор əсері бар.«Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана,
жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп Абай атамыз бекер айтпаған.[1] Бұл дегеніміз,
отбасы – адамзат ұрпағы үшін еш нəрсемен салыстыруға жатпайтын алтын діңгек, қасиетті
өмірлік мектеп. Мектеп деп баланың ақыл-парасаты мен ой-өрісін жетілдіретін
тәлім-тәрбие алатын ұжымды айтамыз. Бұл жерде өмірлік мектеп рөліне отбасы, ошақ
қасы ие болып отыр.Қазақта мұндай мектептер көп болған,кəзір де жұмыстап жатқандары
баршылық:Ақсақалдар мектебі, Қарашаңырақ мектебі,əжелер мектебі,ана мектебі,жеңге
жезде мектебі,т.б.Баланың алғашқы тəрбие алатын мектебі – отбасы. Отбасында баланың
мінез-құлқы, əдет дағдысы қалыптасады. «Тəрбие отбасынан басталады» деп халық
даналығы бекер айтпаған. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру əрбір ата-ананың
мерейлі міндеті, парасатты парызы. Еліміздің болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына
білімнің нəрін, тəрбиенің иісін сіңіруміз қажет. Ата-бабамыздан қалған ұлттық тəрбиемізге
дақ түсірмеу үшін барлық қажетті жауапкершілікті ата-ана өзіне алғаны жөн, себебі бала
ата-ананың өмірінің жалғасы. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан
болсын» деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың
болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор болмақ. Қоғамда
отбасы – болашақ азаматтың əлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын
бастапқы адым, ол балаға моралдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке
баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-əрекеті мен мінезқұлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, əлеуметтік-саяси
құндылықтар беріледі.Ал,жалпы түрде сипаттасақ мектептегі тəрбиеден отбасы тəрбиесінің
өзіндік ерекшелігі бар. Отбасы тəрбиесінің мақсаты болашақ азаматтарды ізгілікке,өмірде
өз орнын таба білуге,алдында кездесетін кедергілерді жеңе білуге,белсенді,оз ой-пікірін
дəлелдей алатын, жетістікке жетуге жəне келешекте мықты отбасын құруға бағдарланған
тұлға тəрбиелеу болуы тиіс.Отбасындағы тəрбиеде баланың жеке басына тəн қасиеттерді
дамытудың маңызы зор.Отбасы тəрбиесіне ата-ана, отбасы мүшелері қатысады,қазақ
отбасында бұған барлық ағайын туыс,ауыл-аймақ,тіптен рулы ел қатысады. Отбасы
тəрбиесінің міндеттері: баланың өзін-өзі тануын дамыту(балатану,тектану,өміртану
сабақтарын өткізеді) , өзгелермен үйлесімді қарым- қатынас құруға үйрету , айналасымен
мəдени қарым- қатынас құру, мықты отбасын қалыптастыруын санасына сіңіру,
адамгершілік жəне эстетикалық жағынан қалыптастыру , денсаулығын нығайту , ақыл-ой
шығармашылық қабілетін жетілдіру. Сонымен қатар отбасы тəрбиесінің мазмұны төмендегідей: Жас баланы қоғам талаптарына қарай тəрбиелеу, жеке басының мүмкүндіктерін
жетілдіру, ақыл-ой сана-сезімін қалыптастыру ұлттық сана-сезімін қалыптастыру ,ұлттық
салт-дəстүрлер арқылы мəдениеттілікке тəрбиелеу, əлеуметтік ортамен қарым-қатынас
құруға,белсенділікке,еңбекқорлыққа тəрбиелеу.Отбасы құндылықтарын,
мейірімділік,
рахымдылық,қамқорлық,қасиеттерін бала бойына сіңіру, отбасы мүшелерінің қаражатының күнделікті тұрмыста қалай пайдаланатынын түсініп, келешекте ата-анасына, отбасы
мүшелеріне көмек көрсетуге даяр болу, отбасындағы ізгілік қатынастарын дамыту да балаға
ата-анасынан берілуі тиіс. Қазақ отбасы баланы қоғамның моральдық нормасын орындауға
қатыстыру, олардың тəртіп жəне мінез құлық тəжірибесін қалыптастыру, Отанға, халқына,
еңбек жəне қоғамдық іс-əрекетке жауапкершілік сезімін тəрбиелеу арқылы адамгершілікке
тəрбиелей білді. Сондай-ақ, қазақ отбасында адам зиялылығының негізі – ақыл-ой тəрбиесі
деп есептелінді. Ақыл-ой тəрбиесі арқылы баланы ойлау іс-əрекетінің шарты болатын білім
қорымен қаруландыру, негізі ойлау операцияларын меңгерту, зиялылық біліктері мен
дүниетанымын қалыптастыру міндеттері шешілді. Балдырған балбөбектердің зердесін
ашып,көкірегін сəулелендіретін педагогикалық тамаша құралдар жиынтығын ойлап тауып,
өмірде ұтымды да,ұнасымды отбасында пайдалана білген.Мысалы,тілі шыға нəрестеге сөз
өнерін үйретіп,тіл дамыту нелер амалдарын қолданып,тақпақ,жаңылтиаш ,мазақтама
99
102.
жаттатқызып,шешендіктің негізін қалауды көздеген. Қазақ баласының бəрін шешенболдыра қойғызғысы келген жоқ.Еркін де,епті сөйлей алған баланың ой-санасы өсетінін
білген,сезген.(Бүгіндері жеткіншектердің көбі еркін ойланып,көсіле сөйлеп,ашық-жарқын
əңгімелесіп кете алмайды)Кешегі қазақ баласы ойын өзгеге айқын да,ашық жеткізе алатын
еді.Кəзіргі ересектердің өзі осы интеллектуалдылықтан кемшін түсіп жүр.Хат-жазу
ұқтырмаса да, ұрпақтың ақыл-ойын дамытатын құралдар мен тетіктер өте мол.Тек
зияткерлік ойындар мен ойыншықтар қазақта жүздеп емес мыңдап саналады.Мұнда «Өрмек
өнері» туралы бір мысал келтірейін.Қызбен ұлдың интеллектуалдылығын өсіріп,ақыл ойын
дамытып, еңбекке,өмірге дайындауда өрмек өнері ерекше міндет атқарған.Саусақпен
немесе беліне сипап жіп ширатудан бастап кілем тоқуға дейінгі өрмелеу, ширату, есу.
ызу,тоқу,кестелеу ісі арқылы қыздарға қолөнерін игеру үлкен мектебі болған. Балақайларға
бір-бірімің бұрымын,шашыш сан-салалы болдырып өргізетін.
Ал,ұлдарға,қамшы,ноқта,тұсамыс, шіде неше қабат өрмелеп өргізіп,болмағанда
жылан-қияқтан,сабаннан, қабықтан, талдан ыдыс аяқ қаптарын,кейде шəркей немесе
шарбақ өргізетін.Олардың өру шеберлігі артып,ақыл-ойы тереңдей түсетін.Бұл жерде
айтпағым осы күндері отбасында,балабақшада, сондай-ақ, мектепте
балалардың
зиялылығын дамыту ісі мүлде жолға қойылмаған.Шүлдірлеп сөйлеп,шимақтап хат
танытуды ғана мұрат тұтып кеттік.Көркем жазу жоқ,ой-пікірін көсілтіп қағазға түсіп,
сүреттей алатын оқушы өте аз,Ауызша есептегенде қазақтың қара есебін шырық көбелек
айландыратын есептегіштер жоғалып,калькуляторға сүйенген саудегерлер көбейіп,
алгебра ның өзін алгоритмен есептеп кеттік.Жалпы жұрттың интеллектуалық қуаты бəсең
тартып, «жүре пайда болатын» инттеллект деңгейі солғындап барады.Кешегі қазақ
отбасында жүріліп келген өміртану пəні мүлдем оқытылмай, əулетмектебінің кейбірі
жойылып кеткендіктен ұл мен қызды отбасылық өмірге дайындау тым босаңдап кетті.Ата
бабаларымыз қыз баланың тəртібі мен тəлім-тəрбиесін жоғары бағалап, қыздарды
адамгершілікке, ізгілікке, əдептілікке, ар-ұяттылыққа, нысаптылыққа, мəдениеттілікке,
тəртіптілікке, еңбекшілдікке, сұлулыққа, сымбаттылыққа баулыған. Қыз тəрбиесі қай
заманда да өз өзектілігін жоғалтқан емес. Себебі ұлттың болашағы – қыз тəрбиесімен
тікелей байланысты. Қыз баланы ертеңгі елдің азаматтарын тəрбиелейтін ана деп өсіру –
қазақ халқының сонау ғасырлардан бойына сіңген жақсы қасиеттерінің бірі.Көшпенді қазақ
халқы тарихында талай-талай тарих тағылымын бастан өткерген. Жан-жақтан жау анталап
тұрған кезде ұлт болып сақталып қалу үшін жерін, елін найзаның ұшымен, білектің
күшімен, азаттық рухтық биіктігімен, патриоттық сезімнің жоғары-лығымен ғана сақтап
қалуға болатынын жақсы сезінген, ал ондай əрбір сəті қиындыққа толы халық адамның
жартысы, еркектің жарын төмен етек күл-күң етіп қойып, одан туған ұлдан да, қыздан да
жоғарғы деңгейдегі рух пен патриоттық күте алмас еді. Сондықтан да көшпенді қазақ халқы
ананы қастерлеген. Жарын сүйген. Қызын қырық үйден тыя отырып, алақанына салып,
еркелеткен. Қызды қашанда жат-жұрттық деп, жас күнінен отбасының сенімді серігі, қара
қазанның иесі, үйдің ұйытқысы ретінде ұзатқанға дейін тек тəрбие берген. Сол дəстүрдің
арқасында Билік Анасы атанған талай əйелдердің есімі бізге жетті. Ал қыздарымыз Тұмар
ханшалардың ерлігі, жоңғар шапқыншылығы кезіндегі Гауһардың, ұлт-азаттық көтерілісі
кезіндегі Бопайдың күйі күні кеше Әлия мен Мəншүктің ерлігіне ұласты. Кеңес өкіметі
күйрердегі желтоқсанда ұлы ерліктің туын жықпаған қыздарымыз қаншама. Бұның бəрі ата
салт-дəстүріміздің тəрбие жолының дұрыстығын көрсетсе керек [2]. Қазақ отбасы, негізінен
үш ұрпақтан тұрады.Ол ата жəне əже,əке жəне ана,бала. Отбасындағы əрбір адамның
туыстық қатынасқа байланысты міндеттері, парыздары бар. Қарашаңырақтың қазаношағын ұстап,отын жағып,ас-суын дайындап отырған жас келіңнің алдында ақсақалды
атаның,ақ самайлы əженің,шаңырақ иесі кенже ұлдың,ана əженің алдында отырған
кішкентай немеренің бəрі-бəрінің атқаруға тиісті міндеті, көрсетуге тиісті көмегі туралы
тәптіштеп көрсетілген ереже,әдептік қалып,тәмсілдік қағида бар.Бұл салттық ғұрып
қалыптары мен құлықтары тек келінге ғана емес осы отбасының барлық
100
103.
мүшесіне, күллісіне қатысты.Мысалы,қарттар ажыраңдап қатынасуға,жастар именбейəрекет етуге еріксіз еді. Тіпті əкесі өз баласын əжесінің рухсатынсыз,құшырлана сүйіп,
аспандатып өбектеуге тиіс емес.Себебі немере ата-əженің «меншігі».Айталық, ата-келіннің
қамқоршысы.Себебі,қызын ұзатқан əке,оның көз жасын «құдасының мойнына» артқан
болатын.Әже- келіннің ақылшысы. Себебі, құдағиының алдында,келінді өзі мəпелеп бағатынын айтып,ант-су ішкен болатын.Құдалықтың мəні де осы еді ғой!Әженің,ененің келін
алдында атқаруға тиісті он міндеті бар.Атаның алты парызы бар.Қазақ отбасы осы
міндеттер мен парызды өтеу үшін ұл мен қызды өмірге дайындаған.Жалпы,қазақ
отбасылық педагогика (кəзіргі жастар оны «Әулетпедагогикасы» атап жүр,Мағжан «Ізгілік
педагогикасы» деген еді.Маған ерік берсе; «Бауырмалдық педагогика» дер едім)-сыкөшпенді киіз туырдықтылардың( монғол,қырғыз,қазақ) педагогикалық мұрасының
шыңы.Басқа жұрттың отбасылық педагогикасының –өзіндік ерекшелігі бар болумен қатар
барлық елде ортақ атаумен əр сатылы мектепте (арнаулы орта,ЖОО жəне маман
дайындайтын кəсіптік мектептерде ) оқытылады.Себебі отбасылық ғұмыр бəріне келуі тиіс
əлеуметтік құбылыс.Ал,бізде «Қазақ отбасылық педагогика еш жерде оқытылмайды.
Отбасы педагогикасы тек көне аударма негізіндегі,шетжұрттық педагогика туралы
мағлұмат, мұғалім дайындайтын мектептерде беріледі.
Қыз барлық өнегені анасынан алған.Сондығы болар,«қыз ұяты шешеге“ деген
ғой.“Қыз жағадағы құндыз”. Ол баршаның бақыты.Көптің тəлімімен өсетін, нəзік
қамқорлықты таңдайтын,талғайтын абзал да аяулы ұрпақ.Оның тəрбиесі көптің ісі.Қыз
елдің көркі”.Әдепті, тəртіпті қыз ауылдың мақтанышы, ал, керісінше болса, ата-анаға сор,
ауыл аймаққа күйік.Бой-жеткендерге “қырық үйден тию” қойып, «қыз қылығымен” дегенді
ерекше ескерткен.Бірақ мұның бəрі де қыз тəрбиесі үшін жеткіліксіз(бүгінгі таңда, тіптен
орыны толмай жүр).Бойжеткен қыздарға ата-əже, əке-шеше жас жағынан тым алшақтау,
құрбы-құрдас кейбір жағдайды шешуде өзі тəрізді тəжірибесіздік көрсетеді. Енді кімге иек
артып,сүйену қажет?.Өмірдің өзі-”Жеңге,жеңге.” деп көрсетіп, сыбырлап: тұр емес пе?!
Осы негізде қазақ əулетінде “Жеңге мектебі” өмірге келген.“Қызы бар үйдің қызығы бар”
болатындықтан əр күн өткен сайын,өсіп келе жатқан қыздың физиологиялық ерекшеліктері
сезіліп,жаңа тосын жағдайлары көбеюі рас. Осының бəрін суыртпақтап, білтелеп
ұқтыратын кім еді? Әрине жеңге, ол болмаса əпекесі.Шындығында келін əулетке қосқан
асыл жанды адамы,бақ береке нышаны.Сол шаңырақтың қыздары мен ұлдарына жанашыр
жақын жан, жүрек сырын түсінісер ақылшы адамы.Ал, қыз үшін жеңгенің орыны
ерекше.“Қызың өссе қызы жақсымен көрші бол,ұлың өссе ұлы жақсымен көрші бол” дейтін
қазақ атамыз келінін кейде “қызым” дейді.Келін-қыз баланың табиғи ерекшелігі, жар сүю,
бала асырап-күту, отбасындағы еңбектің дағдыларын үйретуші ұстаз.Қыз бала əулетте
ерекше бағаланады.Ол ең əуелі өріс кеңітер ұрпақ,ауылдың сəні, шаңырақтың шаттығы
қадірлі қонақ.Дүниеге қыз келіп,ата-анасы:«Ырыс алды-қыз»-деп қуанған.Әсіресе,қазақтар
тұңғышының қыз болғанын қалаған.Оның себебі, «осы отбасына əлі талай ұрпақ келер,
оларды асырап бағуға анасына жəрдемші болар,қыз туса екен!»-деп армандаған.Сондай-ақ,
қазақ қыздары сəннің де,салтанаттың да ажары,табиғат сұлулығын, өз зейініне сіңіре
білген,онымен үн қоса білген жаратылысынан ерекше дарын иелері. Олар-əн-күй,өлеңжыр, қолөнердің небір баға жетпес туындыларын жасаған,сақтап бізге жеткізген. Шынайы
махабатты өмірінің ақырына дейін қастерлеп сақтап,ғашықтық жолында жанын пида
еткен,өзінің ақ пейілді,нəзік сезімді жігіттері мен қыздарын жыр етіп,ұрпақтан-ұрпаққа
таратып,ел есінде мəңгі қалдыру ата салтымыз.Осы салтты жүзеге асырушылар- жезделер
мен жеңгелер, балдыздар мен қайындар,қайынсіңлілер болған. Олар осы салт арқылы
жастарды мөлдір махаббатқа тəрбиеледі, бойжеткендерді жан-жақты түрде өмірге
дайындады.Бұл тəрбие жақсы нəтиже берді. Айталық,:қазақ халқында бір елді аузына
қаратқан бəйбішелер, ердің құнын екі ауыз сөзбен бітірген сұңғыла шешен қыздар, жаудың
жігерін құм еткен,желігін жүндей түткен адуын, асқақ,батыл əйелдер қаншама өтті!Он
101
104.
саусағынан өнер тамған қазақ əйелдері біздің бай қолөнеріміздің төлиесі. Кілемнен бастаптүндікке дейін,басқұр мен шымшиден бастап босағаның бауына дейінгі ғажайып өрнекоюлар, тоқылған, өрілген, сырылған бұйымдар, оқаланған, зерленген, көмкерілген, жиектелген, ызылған таспалар мен құрлар, ұлттық киім-кешектер, үй жиһаздары т.б. бəрі- бəрі
əйелдер қолынан шыққан асыл да, бағалы дүниелер. Бұл жеңге мектебінің сан қырлы ісəрекетінің табысты нəтижесі.
Ұлттық тəрбиелеу дəстүрінде тəрбие мұраты өте айқын, əрі баршаға түсінікті еді.Оны
қарапайым тілмен жеткізсек;Өмірге, «епті де.есті ата-ана» дайындау болатын. Ал,тəрбиелеу дегеніміз-баланың ықлас- ынтасын тарта отырып,ата-ананың өз айтқанына көндіруі,
діттеген мақсатына жетуі. Бүгінгі қазақ отбасының тəрбиелеу мақсатында, «епті де,есті ата
–ананы өмірге дайындау талабы қалпынша сақталғанАлайда,талаптың мазмұны тереңдеген,өресі биіктеген,аумағы кеңейген.Кешегі ата-ана қандай адамдар еді?Тек ХХ ғасыр
аумағында алып қарастырсақ,өмірге дайындалған сол дəуір ата-ана бейнесі, сомдалған
тұлғасы,кісілік келбеті, адамдық ажары,өмірлік көзқарасы,тіршілік тынысы, мінез бітісі,
рухани əлемі бүгінгі аға буын өкілдерінің көз алдында, көкірегінде,бекем сақталған.Тіпті
бірері
ортамызда жүр.Ал,онан бұрынғы ана сипаты,үлгі-өнегесі, образы күллі
творчествалық еңбектерге арқау болып,бізге жеткен.Ұмай анадан Ұлпанға дейін,Хауа
Анадан Абаққа дейін Сақ Анадан Қарашаш Анаға дейін,Домалақ ене,Айша бибі,Зере,
Айғаным т.т., күллісінің ұлағатты-ғибраттары,үлгі-өнегесі жазулы-сызулы айқын тұр.
Бірақ, оларды,танып біліп,жинақтап бүгінгі үрпақ жаратарлық, ақыл-кеңес аларлық, үлгіөнеге тұтарлық,келер ұрпаққа мирас етерлік алтын қазынаға айналдыра алмай отырмыз.
(Басқа жұртта,Ана,Әке туралы энциклопедиялар, антологиялар,рəсім-тəмсілдік баяндар,үлгі өнегелік жинақтар мол-ақ.Зəулім еңселі ескерткіштер,күмбезі көк тіреген
кесенелер де бар).
Ұл мен қызды өмірге дайындау ісі олардың жас ерекшелігіне сай қазақ отбасында кең
аумақпен өте мұқият дəлдікпен ерекше амал тəсілмен жүзеге асырылған.Мысалы; Зейнеп
Ахметованың айтуынша, құлағын тескен соң, қызды қазақ болашақ келін, ана болуға
дайындай бастаған.“Қазақта қыз баланың өміріндегі айтулы күн – құлағын тесу. Тоғыз
жасты балиғатқа толған кез деп айтады екен, ал жеті – қазақ үшін қасиетті санның бірі.
Қыздың құлағын көп жағдайда тек жеті жасынан бастап тескен.Тұлымшағы желбіреген
кішкентай қыз жеті жасқа дейін қуыршақ ойнаған болса, құлағы тесілгеннен кейін оның
мінез-құлқы бірден өзгереді. Осыдан бастап “сен енді сырғалы қыз болдың”, “сырға таққан
соң қыз санатына қосылдың, енді саған қуыршақ ойнау жараспайды” деп, оның құлағына
жайлап сіңіре береді.Содан бастап қыз баланың киетін киіміне дейін өзгереді. Бүрмелі
көйлекті осы кезден бастап кигізетін болған. Бұдан былай ол қуыршақтың орнынан қолына
кесте алады. Оюды үйренеді. Ол ендігі жерде жеңгелерінің қазан-ошақ жақтағы істерін
көретін болады. Құрт қайнатып, ірімшік жасап жатқан апаларына көмектесіп, мəн-жайын
білмекке ұмтылады”.Ана үйдің шырағы,əке үйдің пырағы. «Ана-сая болар бағың болса,əкеасқар тауың» дейді қазақтар.Отбасының алтын қазығы-Ана.Ана тəрбиесі қызға,əке тəрбиесі
ұлға
үлгі.Ана-ақылшың,əке-қамқоршың,аға-қорғаушың,інің
сүйенішің,қарындасыңқанатың. Қазақ: «Әйел мен ер -екі жарты бір бүтін»- деген.Әйел денедегі жүрек болса,еркек
сол денедегі ақыл іспетті.Жүрек ақылсыз,ақыл жүрексіз өмір сүре алмайды.Екеуі өз
міндеттерін атқарған кезде ғана дене дұрыс қызметін жалғастыра алады.Әйел мен еркектің
қоғамда,отбасында өзіндік қызметі бар.Әрбірі соны дұрыс атқарған кезде ғана ақаусыз
тірлік,ырысты отбасы,берекелі қоғам пайда болады. І.Тұрмағанбетов: «Әйел көктен түскен
жоқ,Ол –еркектің баласы.Еркек жерден шыққан жоқ,Әйел-оның анасы»-деп, бұл екі
жыныстың,өмірде бір-бірін толықтыру тегін тамаша көрсеткен. Қасиетті де,киелі,ардақты
да,айбарлы-Қазақ Ана-отбасының берекесі,бірлік пен ынтымақтың ұйтқысы болумен қатар
қоғамда үйлесімділік пен қарым- қатынас жарасымдылығының негігі тірегі болған.
Сондықтан,Ана- ұлттың ұлт болып қалыптасуына, сақталуына.дамуына тура ықпал етуші –
102
105.
қоғам мүшесі.Ол-ата салттың, отбасы тəрбие дəстүрінің сақтаушысы, таратушысы,жаршысы, əулет мектебінің тең дəрежелі-бас ұстазы.Қазақ халқының күллі өнері мен
мəдениетінің-падишасы, төл иесі. Жеріңді жаудан қорғаймын десең ұлыңды дұрыс
тəрбиеле, ұлтыңды мəңгі сақтаймын десең қызыңды дұрыс тəрбиеле,деген қазақтың
тəрбиелеу қағидасы бар. «Ұлы жоқ-əке жетім,қызы жетесіз болса-ана жетім...»-дегендейін
жетімсіремейін десеңіз ұл мен қызды тəрбиелеу-үлкен парыз! Тек əйелдер қауымының
қатысуымен өтетін,қыз тəрбиелеу əулет мектебінің бір сабағын таныстыруды жөн көрдік.
Қуаныш пен қайғыны ортақ бөлісе білген қазақ үшін бойжеткен қыздың қатарынан
қалмай,өз дəрежесіне тең боларлықтай сипат алуы ата-анасы мен туысқандарына да парыз.
Сондықтан,қыз бала онүшке толған кезде оң босағаға шығару салтын өткізген. Қыздың
жеңгелері, əпкелері шақырылып, «біздің үйде бойжеткен қыз бар,оң босаға шығарылады,»деп ескертілетін.Келген адамдар қызға жасау əкелетін. Қыздың өз үйінен екі ғана нəрсе
қосылады,ол-белбеу жəне қыз сəукелесі.Бойжеткенге алғашқы қос етек көйлегі мен
мықынды камзолын əпке- жездесі кигізеді.Қыздың бойжеткен салтанатына орай əкешешесі күмістен белбеу соқтырып дайындап қояды. Қалыптасқан салт бойынша белбеу
қыздың талғамына сай өте əсем безендірілуі тиіс.Қыз бала үшін бұл белбеу жоғалса немесе
бүлдірілсе арынан айрылумен бірдей болған.Қыздар белдігін өте қадірлейтін еді Осы
тойда,қызды сəнді киімдермен киіндіреді. Қыз бойжеткенде өзіне тəн ерекшеліктерін
көрсетіп жүруге тиісті болған. Мысалы,басы бос бойжеткен қолына құстұмсық жүзік
таққан,оның екі түрі болған.Құсмұрын жүзік-бақыттың, еркіндіктің белгісі секілді,негізінен
өркендеу,өркен жаю үмітін білдіреді.Құсмұрын жүзікті екі жаққа қарата таққан.
Біріншісі,ұшын саусақтың сыртына қарай тағуы,басы бос құда түспегендікті білдіреді,ішке
қарай тағу құда түскендіктің белгісі. Сəукелеге үкі қауырсыны тағылса,ол қыздың басы бос
екенін жігіттер алыстан көріп білетін болған.Сол кездегі жігіттерден қалған мына бір сөз
тəмсілі бар:«Шіркін,қыз үріп ауызға салғандай, сұлу-ақ екен! Амал нешік,бізге бұйырмаған
екен!» Осы күннен бастап əжесі қыздың шашын қос бұрым етіп өріп,шолпы тағады,бұл
қыздың жүгірмеуіне, секірмеуіне, салмақты жүріп тұруына,биязы қозғалуына себеп
болған.Бойжеткен қыз ашық-шашық жүріп басқаға көрініп қалу мүмкіндігін болдырмау
үшін шымылдық құрып, жатқызған, тұрғызған, киіндірген.Бойжете бастаған қыз қымсынып, бүкірейіп жүретіндіктен,оның бойы түзелу үшін,төсегін тік тегіс етіп,қатты ағаштан
жасатқан.Қыздар басына ақ, қара орамал тартпайды.Ақ-жаулықтың,қара-қайғының белгісі.
Оң жаққа шығару салтанаты, əйел затына тəн əдептілікті игеру сабағының нақты бастамасы еді.Ал,қызға қалыңдық шағында берілетін тəрбие дəстүрі бізге толыққанды
мазмұнымен жетпеді. Ол, кейбіреулердің айтатындай «тозығынан» болып қалып қойған
жоқ, бүгінгі біздің тіршілік жағдайымыз оларды орындауға дəрменсіз, біліміміз оған жете
бермегендіктен болып отыр.Малын айдатып, отауын арттырып,өздеріне жорға мінгізіп қызкүйеуді жеткізіп салмақ тұр ғой,кəзір екі жақ қосылып,барымызды салып,бір бөлмелі пəтер
тауып беруге шамамыз келмей жүр.Қыз қашар ұйымдастырып,күн ұзағында,жеткіншектер
мен жасөспірімдердің арасына,ойын-сауық,айтыс-жарыс, сайыс, би, əн-жыр бəсекесін жүргізетін, тай, құнан аламан бəйге шаптыратын,менде жасыл жайлау, көгалды алқап тұр ма?
Алаңдар мен ойын-сауық орталықтарына барсаң, менің он жылдық зейнетақыма тең, ақша
сұрайды. Қыз таныстырып,сыңсу айтып,жар-жар салатын менің қыздарым тұр ғой,оның
анасы,əжесі құралақан.Сондықтан қалыңдық тəрбиесіне қатысты небір ғұрыптар ұмыт
болғалы қашан? Қазақта «Қызға қырық үйден тыйым» деп аталатын тəрбие бар. Олар:
1. Үлкенге сəлем бер, жолын кесіп өтпе, жалғыз қыдыруға тыйым;
2. Үлкендер алдында жарыса сөйлеме; 3. Талтайып отырма; 4. Шалқайып жатпа;5. Көп
алдында ұятқа қалмауды, ағайынға жеккөрінішті болмауды əрқашан ойлап жүр;
6. Орынсыз іске ұрынба; 7. Өтірік, өсек айтпа жəне оны айтушыларды тыңдама; 8. Әурет
жерлеріңді ашық-шашық жүруге тыйым; 9. Өзгелерге тіл жəне қол тигізуге тыйым;
10. Кісіге қарап керілуге, есінеуге тыйым; 11. Дастархан үстінде əдемі отыр, əдепті сөйле.
103
106.
Орынсыз сөйлеме; 12. Ұрлық қарлыққа тыйым; 13. Жаназа оқылып жатқан жерден айналыпкетпе. Жерлеуге бара жатқандардан озба, жолын кеспе; 14. Бұраңдауға, қылымсуға тыйым;
15. Қызыл іңірде жатып, түске дейін ұйықтауға тыйым; 16. Жалқаулыққа, ластыққа тыйым;
17. Кісі алдында қасынуға, киім ауыстыруға тыйым; 18. Аш болсаң да, тоқ болсаң да
Аллаһты естен шығарма; 19. Бейəдеп сөз айтудан тыйым; 20. Үйге, мешітке, қасиетті
орындарға оң аяқпен кіру керек. Үлкендердің атын атама; 21. Ішімдік шегімдікке тыйым;
22. Ұрыс-керіске тыйым; 23. Беттен алып, төске шабудан тыйым; 24. Ер адамның киімін
киме; 25. Біреудің дүние мүлкіне, ақшасына сұқтанба; 26. Түнде суға жалғыз барма; 27. Жат
жыныстылармен араласып жатпа; 28. Құран, намаз оқылып жатқанда сөйлеме, қозғалма,
тұрып кетпе; 29. Тарс-тұрс жүріс, қарқ-күрк күлме; 30. Ерді қорлама, ғайбаттама;
31. Адамды жəне жан-жануарларды теппе; 32. Бүйірін жəне жағыңды таянба; 33. Тəкəппар,
сайқымазақ болма; 34. Тамақты өз алдыңнан же, кіс алдындағыға қол созба; 35. Шектен тыс
боянба; 36. Қызғаншақ, күншіл болма; 37. Менмен өзімшіл болма; 38. Алдап-арбаушы
болма; 39. Көрсеқызар, нəпсіқұмар болма; 40. Тойымсыз болма. Ұлтымыз қыз баланың
ізеттілігі мен мəдениеттілігін – сыртқы бет-пішіні мен киім киісіне қарап бағалаған.
«Ұлтыңды сақтаймын десең – қызыңды тəрбиеле, руыңды сақтаймын десең – ұлыңды
тəрбиеле» деген даналардың сөзі бар. Сол себепті, қызы тəрбиелі елдің болашағы зор
болмақ. Өйткені, ұлттың болашағы қыздың құрсағынан басталады.Қыз емес, қыздың аты –
қызыл алтын, Көрінер толған айдай жүзі жарқынҮлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын- дегендей , қазақ халқы қыз бала тəрбиесіне ертеден-ақ
мəн берген. Халқымыз «қыз-қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның
сынығына балап өсірген. Жалпы бала тəрбиесіне, соның ішінде қыз бала тəрбиесіне өте көп
көңіл бөлген. Ата-бабаларымыз «қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю»
деген мақалға қаншама ой сыйғызған. Яғни, қыз бала тəрбиесіне тек анасы жауапты емес,
бүкіл ауыл, ел жауапты болып отырған. Халық арасында бойжеткен қыз ажарына қарай
алтыға бөлінген.1. Әдемі қыз – баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы-жаманның жөнін біліп
тұратын.2. Көрікті қыз – істі үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын, бірден көзге түсе
қоймайтын.3. Әсем қыз – жүзі жылы, өзі ұяң, тəні нəзік.4. Ажарлы қыз – дене бітімі жинақы,
сөзі салмақты, ісі тиянақты.5. Шырайлы қыз – көз жанары өткір, бет əлпеті бал-бұл жанған,
тəні шымыр.6. Ару қыз – бет пішіні, дене мүсіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі əлпетті, сұңғақ
бойлы, терең ойлы.Қазақтың отбасылық
педагогикасында:өзін тежей алатын
тыйымдық тәрбие деген құнды қағида бар.Осы заңдылыққа сай,қызға қырық,ұлға отыз
үйден тиым қалыптасқан.Бұл қыз үшін өте қажетті,әнбе он үшке дейін оны игеріп
отбасы құрғанға дейін дұрыс дағды алуы тиіс.Қазақтың тиым мен ырымы осы негізде
өмірге келген. Адам бойындағы асыл қасиеттердің барлығы ананың ақ сүтінен жаралып,
күннің нұр шапағынан нəр алып,бүр жаратынын атамқазақ ерте заманнан-ақ білген
ғой.Алаш баласының ананы айрықша ардақтап,есімін асқақ ұстайтыны да содан болу
керек.Шынында да ел бастаған көсем де, топты жарған шешен де,аузын айға білеген ақын,
семсерін көкке суарған батыр да,ой кенін қазған ғалым да,əлемді аузына қаратқан дарын да
анадан туған. Туған халқының атақ данқын дəуірлетіп,дүйім дүниеге танытатын аналар
емес пе?Иə,олар қазақтың алтын құрсақты,абзал жанды аналары.Атам қазақ осындай
аналарды арман етті жəне сенімді түрде өмірге дайындады.Олардың арман мұраты тамаша
табыспен орындалып отырған.Сол бір еңбек пен тəрбие негізінде олар өмірге келді жəне
олардың есімі, өнегесі,ғибратты ғұмыры тарихта қалдыТіпті Аллаһ тағаланың өзі əз-ананы
ерекше жаратты.Аллаһ ананы барлық жақсылық атаулыны жұдырықтай жүрегіне
сыйдырып,жан дүниесі тек мейірімнен суарылған,жан-жағына күннің көзі сияқты нұршуақ сеуіп тұратын,көп қырлы жахут гауһардай етіп жаратты.Сулудың сулуы,əсемнің
əсемі, асылдың асылы –Ана ғана.Онымен теңдесер жаратылыс жоқ!Ананың алдындағы
перзенттік парыздың өтелмейтіні рас.Бірақ өтеу үшін жаныңды да аяма! «Жұмақтың кілті
анаңның табанының астында жатыр» деген ұлағатты сөз бар, қазақта.Ананы, барыңды
104
107.
салып бас иіп,алақаныңа салып аяласаң, айтқанын орындап, құрметтеп құлдық ұрсаң,кілтке қолын жетіп қалуы мүмкін.Үмітіңді үзбе,тырысып бақ! Пайғампарымыз (с.ғ.с.)дың
өсиетін əсте есіңнен шығарма: «Алдымен жақсылықты анаңа, тағы да анаңа,тағы да анаңа
жаса!»Кешегі отағасы-əкеде суық қабақ,отанасы-шешеде өр мінез,қазыналы қарттарда
ақылман абыздық болған.Иə,кешегі отбасында; сотқарын сүмірейтіп отырып, түзеп алатын
талқысы,жетесізін желкелеп отырып жөнге салатын айбары,жалқауын зорлап отырып
еңбекке жұмылдыра алатын уыты,дөрекілерді жүндей түтіп,жібектей мінезді ұл мен қыз
жасай алатын тезі, бəрі бəрі болған.Осының бəрінде,əкенің орны ерекше еді.«Әке-асқар
тау,ана қайнар бұлақ,бала-жағасындағы құрақ».Әке əркімнің сүйенер тіреуі.Әке əркімге
қымбат.Әкені ардақтай білу ата салтымыз. Отбасында,əкенің отырар орыны,жатар жайы,
ішер асы, сөйлер сөзі ,атқарар қызметі бəрі-бəрі айрықша еді. Оның жаңағы аталған тұтынатын бұйымы,іс-əрекеті бала үшін киелі де,салмақты. Мысалы əкенің бас киімі қайда тұру
керек,оны қалай дайындап, ұсыну керек,басқа адам немесе балалары кіюге болама,жок па?
Тізе берсек,əкеге қатысты əдептің қалыптары мен өлшемдері көп-ақ.«Алты аға бірігіп əке
болмас,жеті жеңге бірігіп ана болмас»,«Өсірген баптап баласын, əкеден үлгі аласың.Бар
өнерін үйреткен,əкелер тіптен салмақты-ақ.Айтайын шын жүрекпен,Әке деген ардақтыат.Ту етемін, қашанда, Әкетайым,ардақтап!»Құрмет пен ардаққа лайық əкені өмірге
дайындаған ұлттық үрдісіміз негізі осал емес!(Ол -олма,əкелер, ұрпағының келешекте жан
бағып, тіршілік жасар кəсібін,талғажау ететін «нан-бауырсағын» балаларының жанқалтасына салып беретін-ді). Әке-сыйламағанның жақыны кем.Ана сыйламағанның ақылы
кем.Ананың мейірімі көзінде,ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде.Ана мен əкенің тəрбиедегі
орны туралы түсінік қазақ халқында ерте қалыптасқан əрі ауқымды-ақ. Біздің аталарымыз,
«үй-іші әкеге,әлеумет рубасына бағынған,тапқа жікке бөлінбеген қазақ ортасында туып
өсті.» «Әкеге бағыну-Аллаһқа бағыну»- деген екен Пайғампарымыз(с.ғ.с.).А.Макеренко:
«Бір əкенің тəрбиесін он мектеп бере алмайды»-деген ғой.Ал,біздер анамыздың:«Әкең келе
жатыр!»-деген бір ауыз сөзін естігенде,əке алдында мінез-құлық, іс-əрекетімізден, емтихан
тапсыратын шəкірттей дайындалатынбыз. Әкеміз бізге-пайғампар еді.Ата-анаға
сəбилері періштелер еді. Айналамыздағы туыстар біз үшін сақабалар болатын. Бек ұл,тұлымды
қыз-бала тəрбиесіндегі мұрат нышаны ретінде қолданылған ұгым.Бек сөзінің шығу тегіəмірші,батыр,ер үғымдарына жақын болғанымен, негізі«бек»-деген билік иесінің дəрежесін
көрсеткен.Ал,біздер үшін «жақсы»,«бас» деген ұғымға саяды.Мысалы, «Бек болар ұлыңды
бесігінде танимын», «Өсер елдің ұрпағы онбесінде баспын дейді,өшер елдің ұрпағы
отызында жаспын дейді» немесе елбасы, отбасы,топ басы,ауылбасы, рубасы. Жүзбасы,
мыңбасы дегендегі «басы» тіркесі «бек» сөзінің қазақшаланған түсінігі.Бек ұл тəрбиелеу
деген сөз ертеңгі күні отбасына, əулетіне,ауылына,руына,онан асты ұлтына еге болатын,
адамгершілігі мол,мінезі жайсаң, ақылы нүрлы,өнері асқақ отағасын өмірге дайындау. Пəк
қыз тəрбиелеу дегеніміз жаны таза,ары тұнық,абыройы асқақ,ибалы да инабатты, өнерлі де
мейрімді отанасын өмірге дайындау.Тəрбиелеу қазақ іліміндегі; «Айдарлы ұл,тұлымды
қыз», «Бек ұл,пəк қыз», «Бөрікті ұл,шашбаулы қыз»,«Ақылды ұл,ару қыз», «Есті ұл,епті
қыз», «Иманды ұл,ибалы қыз» деген сияқты ұғымдар əр дəуірдегі ұрпақ тəрбиесінде ұлт
алдына қойылған тəрбиелеу мақсат-мұраттарын айшықтап тұрады.Мəселен, «Құлтегін»
жырында:Түркі халқы елдігін жойды ,Қағандығынан айрылды; Табғаш халқына бек ұлдары
құл болды, Пəк қыздары күң болды.«Алпамыс батыр» жырында: Қаланың аузын қан қылды,
Қақпаның аузын шаң қылды. Айдарлымды құл қылды Солқылдаған мырзамды, Табанға
салып жүн қылды. Бұқар жырау: Сыргалыңды күң қылып Солқылдақты жүн қылып
Күніңді тұман түн қылып...Әр дəуірдегі жас ұрпақ тəрбиесіне қатысты қойылған талап,ел
жұрт арманы айқын сезілетін бұл ұғымдар бізге дамып,маңызы артып,мағынасы тереңдеп
жетті. «Ұлықты ұл, қылықты қыз», «Аяулы азамат,асыл жар», «Намысты ұл,өрелі қыз»,
«Ақылды жігіт,арлы қыз», «Іскер жігіт,ісмер қыз».Аталған қасиеттерді ұл-қыздың бойына
сіңіру үшін тəрбиелеудің сан қырлы амалдары мен жолдарын өмірге келтірген қазақ
105
108.
халқының тəжірибесі жинақталып,реттеліп,жүйеленіп ғылыми талдауға түсіп толыққорытындыланып,терең бағаланып.зерделеніп болған жоқ.Бірақ талпыныстар да жоқ
емес.(7;15;17;28) Бүгінгі күндері: «Білімді ұрпақ», «Пассионарлық рухта тəрбиеленгенжалынды жас», «Көп тілді,зерек зерделі ұрпақ», «дарынды ұрпақ», «салауатты ұрпақ»
«бəсекеге қабылетті» ұрпақ қатарлы жаңа ұғымдармен байып,тəрбиелеу ұлттық үрдісінде
жаңа арман мүдделер жарқырап көрінуде!
Қазақ шаруасына-ғұмыр бойы азды-көпті.жиған-терген мүлкі мен малына ие боларлық
ұрпақ, мұрагер ұлдың əр отбасында керектігі қай дəуірде де болды.Ол сонау патриархалды
отбасынан бастап күні бүгінге дейін мəнін жоймай келеді. «Ұлдың аты-ұл ғой шіркін,қашан
да,шаңыраққа ие болып қалатын.»Ең алдымен,əр дəуірдегі отбасы балаларын өмірдегі өз
қаракетін,өз тəжірибесін, қоршаған орта туралы өз түсінігін,əлем жəне жер бетіндегі,қоғамдағы құбылыстарды өз пайымымен үйретуді парыз санаған.Ер баланы
тəрбиелеуде əкенің міндеті басым болған. «Ұл-ұяты əкеге».«Әке көрген оқ жонар»,
«Атаның ізін-ұл басар.» Қазақ отбасында əке ұлына өз білгенін, өнерін,еңбек дағдысын
айтып үйреткен, жалықпай жаттықтырған.Қазақ отбасында ер балаларды ерекше қадірейтін.Тіптен оның ең алғаш атқа мінгенін де,бір жаққа жолаушы жүргенін де,алғаш рет
шаруашылыққа араласқанында шашу шашып, қуанышпен атап өтетін, «тоқым қағар»,
«тырнақ алдысы» деп жақын туыстары мен көрші-қолаңдарын шақырып кішігірім тойтомалағын жасайтын.Ұл туғанға күн туған емес пе.Шаңырақта ұл өсіп келе жатқаны, оның
бозбалалық шаққа жетуі үлкен ғанибет."Ертең сегіз қырлы, бір сырлы" жігіт қалыптасуы
шарт. Ол үшін үлгі-өнеге тəрбие қажет. Ұлдың бозбалалық шағында осы міндетті кім
атқаруға тиісті? Ол -жезде. Жезде мектебі осы негізде өмір тақауырынан қазақ қауымында
қалыптасқан. Жезде мектебінің бозбалаға өнер үйретудегі орны ерекше еді. Қазақ, өнердің
тегін нағашыдан іздесе, оның көзінің ашылуын, баулу əрекеті жезделерге байланыстырады.
Бозбалалар жездеде қандай өнер болса ең алдымен соны үйренеді.Жалпы қазақта жезде мен
балдыздар тең құрбыдай əзілдесіп, қалжыңдасады, ой түпкіріндегі жасырын сырларын
ашып бөліседі. Тіпті кəрі жезделер мен елағасы балдыздардың əңгіме-дүкені, қалжыңы
үлгілі мектеп еді.Жезде бозбалаға ғана емес бойжеткенге де ардақты ақылшы. "Жақсы бажа
тауып кел" деп тапсырып қана қоймай, өзі де тауып беріу үшін зыр жүгірген. Балдыздары
жəбір көрсе, есесін, тіпті өшін ондырмай қайтаратын. Қазақ атамыз осы себепті "Әкенің
жақсысы жездедей-ақ" деп баға берген ғой! Жезденің де, жеңгенің де міндетін қатар
атқарған жезде де, жеңге де көп болған. Қазақ ортасында "жеңгетайлық "атты міндет пайда
болған.Оның қызметі де, ақы-қақысы да есептеліп мөлшерленген.Адам өмірінде не
болмайды? Әпкесімен тұрмыс құрған жезделерінің басына түскен өлім мен қайғыны да
олар тең бөліскен. Кей жағдайда бойжеткендер əпкесінің орынын да басқан.Бұл салт
жетімді жылатпай, жесірді тентіретпей, асырап-сақтау үлгісінің бір көрінісі.Әпкелі-сіңлілі
арулардың тұрмыс шеңберінде бажалар тату-тəтті,ынтымақ берекелі өмір кешкен,бірбіріне қол ұшын беріп, қарайласып тұрған. Осыдан келіп, "төрт аяқтыда бота тату,екі
аяқтыда бөле тату" болған ұрпақтар қалыптасқан. Бұл да, жезде мектебінің бір мақтанышы
еді Қазақтың бай тəлімдік жəдігерлерін тəрбие құралы ретінде қалай пайдалану
керек?Олардың табиғаты,мəні мен мазмұны қандай?Олардың көтеретін тəрбиелік жүгі
қандай?Міне осы мəселелерді жан-жақты анықтап барып,бала жанының бағбаны болуды
арман еткен əрбір жан,осы үлкен мұраны керегіне жарата алады. Кешегі күнгі атааналарымыз ешкімнің мəжбүрлеуінсіз, өз ықтиярымен,оларды жүзеге асыра алды, қолдана
білді емес пе?Бүгінгі ата-анаға оны игеру сондай қиын болып па,оқу- тоқусыз қажетімізге
асыра аламыз емес пе?-дейтіндер де бар. Иə,отбасылық тəрбие тəжірибесі өте ұзақ жылдар
жемісі.Бұл іс-шара отбасында жүрілетіндіктен,бас ұстаздар ата-ана болғандықтан,ол ісшараны кез- келген ата-ана орындай алуы тиіс.
“Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын” демекші, ер жігітке айтылар сын көп,
қойылар талап жоғары. Халықтың дəстүрлі тəрбиесінде осы баға-“жігіт сыны” деп атал106
109.
ады.Оның бірерін кемел кісі тақырыбында айттық.Келесі кезек алты қадір туралы болады.1.Жастықтың қадірін білу:жастық шақ–қайта айналмас алтын дəуір,өнер-білім үйренетін,
əрқандай қиындықты бұйым ғұрлы көрмей,аңсаған арманға жетіп,бақыт-байлық жарататын, арындаған,жалындаған,дəуір екенін шынайы ұғынып, жəне оны ғанибет біліп,жастық
шақты мəнді,мағыналы өткізуге күш салу. Жастықтың қадырін білу-уақыттың қадырін
білу. Уақыт əрі сыншы,əрі сарашы,əрі қатал безбен.Қазақтардың сағат сатып алсаңда
уақытты сатып ала алмайсың деп ескертуі өте орынды. Уақытты босқа өткізбей, мəнді
пайдалану үлкен мəдениет.
2.Денсаулықтың қадірін білу: қазақ халқы «бірінші байлық –денсаулық»-деп,
денсаулықты бəрінен жоғары қояды, денсаулыққа ерекше көңіл бөліп,түрлі əдіс-амалдарды
қолдана отырып, денсаулықты қорғау,денсаулықтың қадір-қасиетін ұғынуды дəріптеген.
Қазақтың тұтынған,ішіп-жеген ас-суы,əрі табиғи, əрі өте таза болған. Тазалықты ерекше
дəріптеп,адам ағзасына қылдай зияны тиетін бір де-бір дəмді аузына салмаған. Әрі жасына
сай келетін тамақтар мен ауқаттанған.Қарттарға жылы-жұмсағын,нəрлі жұғымдысын
ұсынса,жастарға əл-қуат берелік, күштілерін таңдаған. Жеткіншектерге «бір аяқ қымызың,
екі аяқ желігі бар»-деп,қымыздың өзін шақтап ішкізген. Қырыққа келмей ашыған немесе
бозаны ауыздарына да алғызбаған.Тамақты аузынан шыққанша обырланып, қомағайланып
алуды үнемі шектеген. Киімнің өзін жыл мезгіліне сəйкес киіндіріп, «тоғыз қабат торқадан,
тоқтышағымның терісі артық» -деп,ғұмыр кешкен өлкесінің ерекшелігіне сай киіндірген.
3.Өмірдің қадірін білу;«Өмір деген –бұйым емес қолдағы, Өмір дейтін – ұлы бекет
жолдағы». /М.Мақатаев/ «Өмір-теңіз, өтіп кетем демеңіз, Ізгіліктен жаралмаса кемеңіз»
/Рудаки./ «Өмірдің қызығын көрудің бір-ақ жолы бар батыл болып, жеңілістер мен
ауыртпалықтардан қорықпау» /Дж.Неру / Өмір жолы көшкен керуен соқпағы тəрізді. Оның
бұлтарысы да, жазығы да көп. Асуы қиын асқарымен қатар, төмен қарай құлдырап өтер
ылдиы да болады. Керуен жолы кейде ұзақ, кейде қысқа келеді. Бірақ қауіп-қатерсіз,
қиындықсыз болмайды. Ойламаған жерден жел тұрып, сұрапыл дауыл соғады, қалың
жауын нөсерлей құйып, бұрын суы толарсақтан келер тайыз жыра, кенет сарылдай аққан,
өткел бермес, долы өзенге айналады, көшті бөгейді. Бұндай бөгеттен тек шаршамайтын,
талмайтын керуен ғана өте алады.Тоқтамай көшіп өзінің деген жеріне жетеді.( І.Есенберлин.)Біріне-бірі жалғасып келіп, біріне-бірі айқасып жатқан əдемі шақ, қымбат күндер
жүрегіңді жүз бұрап, сол күйінде қайтадан есіңе түседі. Бір тізбегі – сегіз жылдық бақытты
шағың, бала кезің; одан соң оқумен өткен он жылың, одан кейін – армия, майдан. Шынын
айтқанда менің өмірім-қазақтың жас жігітінің өмірі жаңа ғана басталды.( Б. Бұлқышев)
Өмір дегеніміз-баға жетпес асыл зат. Өмірді дүниеде еш нəрсемен салыстыруға болмайды.
Өмір əрқашан өз бағытымен енеді. Өмірді қалай өткізуімізді өзіміз білеміз, өз еркіміз. Өмір
дегеніміз-баға жетпес бақыт. Өмірге келген əрбір адам соны лайықты өткізу керек. Өмір
дегеніміз-адамның шыр етіп дүниеге келгенінен о дүниеге өткенге дейінгі аралық. Сол
аралықта пенденің қуаныш-қайғысы, демалып, тіршілік етуі, жақсылығы мен жамандығы,
яғни бір сөзбен айтқанда сол ортаға қалыптасуы. Өмірдің өзі өзен бір ағынмен жүріп
отырады. Бірде асау-толқындар кездессе, бірде жайшуақ күндер болады. Өмір дегенімізАлла тағаланың бізге берген сыйы, бір мүмкіндігі. Өмір кейде жұмсақ, кейде қатал болады.
Бірақ адам өмірге қайталап келмейді. Әрбір қиындықтармен күресе білу керек. Өмір
дегеніміз-адамға бір-ақ рет берілетін баға жетпес тəңірдің сыйы. Осы өмірін əркім əрқилы
өткізіп алады. Өмірдің əрбəр сəтін мəнді де, сəнді де өткізу керек.
4.Халықтың қадірін білу;Халық күллі бақыт-байлықтың қамбасы,дүниенің қожасы
екенін шынайы түсінуге тиіспіз. Халықсыз қара жерде құлазитығын ұғыну.Көппен көрген
ұлы -той.Елдің күші –селдің күші.Жаңғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас.Көпті
жамандаған көмусіз қалар.Бас жарылса бөрік ішінде,қол сынса жең ішінде.Мұның бəрі
халық үшін,елің үшін,Отаның үшін еңбек етіп,баршаға пайдаңды тигізіп,ұлтыңа жан ашырлықпен,ұлжандылықпен қараудың қарапайым ережелері.Бұл асыл қасиеттер бала бойына,
107
110.
жас шағынан,ана сүтімен сіңісіп,КІСІ болып қалыптсасу барысында толысуы тиіс.Төртеутүгел болса төбедегі келеді,алтау ала болса ауыздағы кетеді. Береке бірлік қайда болса,
ынтымақ игілік сонда топтасады.Сондықтан халықтың қадірін білу ең маңызды қағида.
5.Ағайын-туыс,дос-жаранның қадірін білу; есейген əрбір адам, ұрпағына,туыс
туған,дос-жаранның көрсетер көмегін, тигізер ықпалын,демеу-сүйеуін жас шағында
айтып,ескертіп, олардың алдындағы борыш міндетін ұғындыру арқылы олардың қадірқасиетін бағалай алатын халге жеткізетін. Кешегі отағасы-əкеде суық қабақ,отанасышешеде өр мінез,қазыналы қарттарда ақылман абыздық болған. Иə,кешегі отбасында;
сотқарын сүмірейтіп отырып, түзеп алатын талқысы,жетесізін желкелеп отырып жөнге
салатын айбары, жалқауын зорлап отырып еңбекке жұмылдыра алатын уыты, дөрекілерді
жүндей түтіп,жібектей мінезді ұл мен қыз жасай алатын тезі, бəрі бəрі болған.Осының
бəрінде,əкенің орны ерекше еді.«Әке-асқар тау,ана қайнар бұлақ,бала-жағасындағы
құрақ».Әке əркімнің сүйенер тіреуі.Әке əркімге қымбат.Әкені ардақтай білу ата салтымыз.
Отбасында,əкенің отырар орыны, жатар жайы,ішер асы, сөйлер сөзі ,атқарар қызметі бəрібəрі айрықша еді. Оның жаңағы аталған тұтынатын бұйымы,іс-əрекеті бала үшін киелі
де,салмақты. Мысалы əкенің бас киімі қайда тұру керек,оны қалай дайындап, ұсыну
керек,басқа адам немесе балалары кіюге болама,жок па?Тізе берсек,əкеге қатысты əдептің
қалыптары мен өлшемдері көп-ақ.«Алты аға бірігіп əке болмас,жеті жеңге бірігіп ана
болмас»,«Өсірген баптап баласын, əкеден үлгі аласың.Бар өнерін үйреткен,əкелер тіптен
салмақты-ақ.Айтайын шын жүрекпен,Әке деген ардақты- ат.Ту етемін, қашанда, Әкетайым,
ардақтап!» Құрмет пен ардаққа лайық əкені өмірге дайындаған ұлттық үрдісіміз негізі осал
емес! Әке-сыйламағанның жақыны кем.Ана сыйламағанның ақылы кем.Ананың мейірімі
көзінде,ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде. Ана мен əкенің тəрбиедегі орны туралы түсінік
қазақ халқында ерте қалыптасқан əрі ауқымды-ақ. Туысқандық мейірім. «Туысы бірге
түтпейді,түбі бірге кетпейді», «Ағайынның азары болса да безері болмайды», «Қанды
қалпақ кисе де,қиыспайды туысқан» деп,қазақ,туыстың ешқашан қиыспайтын нəзік сезімін
көрсетеді.Ағайын арасында қандық,тектік қатынастың сырлы байланысы бар екенін
байқай білген.көңілге шаттық құятын аса мəнді құбылыс.Иə,достық- біздің туымыз,
ұранымыз. Достық ел мен ел,халықтармен халық арасын байланыстыратын дəнекер.
Достық адам мен адамды туыс-тыратын,адамның мейірін өсіретін,мəртебесін көтеретін,
рухани дүниесін байытатын ұлы күш.Достасу дегеніміз-ең алдымен,адамның біріне-бірінің
сенімі,бірін-бірі терең түсінуі, біріне-бірінің қалтқысыз көңіл күйі,біріне-бірінің жолдастық
көмегі,ақыл кеңесі.Ертеректе ел ішінде Әйтінбет деген сөзге шешен кісі болыпты.Бір
отырыста Әйтімбет шешенге замандастары:-Достық нешеу ?-деп сұрақ қояды.Сонда
Әйтімбет тұрып:-Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық та, екіншісі -амал достық.Дұрыс-ақ.Енді оларды қалай ажырата аламыз?- дегендерге: -Адал достық өмірлік нұсқа
болады,амал достықтың өрісі қысқа болады,адал дос қашан да жаныңнан табылады.
Ал,амал досты басыңа іс түссе,іздеп таба алмай қаласың деген екен.«Жаман дос көленкебасыңды күн шалса қасыңнан қалмайды,бұлт шалса маңыңнан табылмайды».
А.Байтұрсынов: Адамға адал жолдас табу қиын Көбісін дос жасайды ақша,бұйым, Досым
деп көрінгенге сене берме,Ахмет,бар болса егер баста миың.
6.Қолда бардың қадырін білу:айналадағы əке-шеше,ағайын туыстың ғана емес елжұрт,қауым-қоғамдағы өнер-білімі асқақ,ой-парасаты өрелі,адамшылығы жарқын,мінезге
бай өнегелі жандарды қадірлеп,оларға сүйеніп КІСІлік қалпын игеру,солардың айтқанына
көніп,үйреткенін үғу баршаға парыз болған. «Қолда барда алтынның қадырі жоқ,қолдан
шығып кеткен соң,өкіндім-ай»-демекші барында естілер мен білімділерден естіп
біліп,үйреніп қалу абзал борыш.Абай атамыздың «Егер есті кісі қатарында болғың
келсе,өткенге ой жібер, «күніне бір мəртебе,болмаса жұмасында бір,ең болмаса айында бір
, өзіңнен өзің есеп ал», «Өмірді қалай өткіздің екен», не білімге,не ахиретке,не дүниеге
жарамды, күніңде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппін деп ойжүгіртіп отыр»
Қолда
108
111.
бардың қадырын білмеу ысырапшылыққа, мақтаншаққа, шашып-төгетін астамшылыққаапаралы.Жеріміз кең,еліміз бай,ауылымыз бахуатты,жүртымыз асып-төгілген дəулет ұстап
отыр деп марқаюмен қатар,барға қанағат етіп,дұрыс жұмсап,орынды жаратуды үнемі есте
сақтаған, шүкіршілік жасаған адам асып-таспйды,салихалы КІСІ болады. Қазақ халқы
бүгінгі өз қамын ойлаумен қоса ұрпағының келешегіне үнемі қам жеген,бар байлығын
соларға арнап, сақтап, қорғап,байытқан жұрт.Бар екен деп басқаға тарту-тарта
бермеген,жер байлығын,ел байлығын қызғыштай қори отырып,үнемшілдік пен ұқыптылықпен игере білген.Ұрпағының бірі екеу болу үшін,азының молаюы үшін барын салған.
Қазақта, аш-жалаңаштық,бас панасыздық,тақыр кедейілік тарихтың көп кезеңінде болған
емес.Ал,қырғын-жойғын, ашаршылық,тентіреушілік қатарлы зобалаңдар жаулар-ымыздың
жасаған арнайы, сұмпайылығы,зымияндығы болатын.
Дүниеге ұл келгенде,оған үлкен үміт артып, «мұрагерім»-деп мақтан тұтқан,қыз
келгенде «өрісім кеңейеді»-деп шаттанған қазақ ата-анасы, екеуі де ер жетіп,азамат
болып,бір-бір үйдің иесі болып кеткен немесе «ұлын ұяға, қызын қияға қондырған»,атаанадан бақытты кім бар,шіркін!«Қыз өсірдім-бой жетті,еріне кетті,ұл өсірдім-ер жетті,
үйіне кетті»-деп,бір дамылдап қалу қандай ғанибет! Жақсы ұл-шаршасаң-қолтығыңнан
демейтін сүйенішің. Ошағыңның отын сөндірмейтін ізбасарың. Ұлының ержетіп,үй-жайлы
болуына əке-шеше борышты.Сондықтан,олар ісімен,сөзімен,жатса да,тұрса да,тəрбиесін
аямаған.Ұл-қызына өмірлік серікті іздеуге көмектесетін де солар.Әдепті жердің,текті
əулеттің ұл-қыздарына көз қырын сала жүреді.Ұлымен ақылдасып, болашақта қандай
жанұя болу керектігін айтады. Ұлдарына ең сенімді ақылшы,жанашыры ата-ана болғандықтан,оларға құлақ асу-парыз.«Қыз–ырыс,ұл-қоныс».Ертеде,əр ауылда топ басы, ауыл басы
деген азаматтар болған еді. Қазақ, ұлдарын жоқ дегенде солардың деңгейінде көргісі
келетін.Олар,əр ауылда өтетін торқалы той мен топырақты өлімді ұйымдастыратын,
арнаулы қонақтар мен сал-серілердің думанын өткізетін, іске епті,аузы дуалы, ауыл
серкелері болатын.Қазақ ата-анасы ұлдарының осы жігіттер деңгейінде болуды арман
етті.Ол армандары үлгі өнеге мен тəлім-тəрбие нəтижесінде айтулы дəрежеде орындалатын. Өбере-шөбересінің ортасында шалқып отырып, уақыты келгенде ауыл аймағымен
ағайын туысымен арыздасып қоштасып, аттанатын.Қазақ деген ұлтыңыз ұрпақ үшін өмірге
келіп,ұрпақ үшін өмір сүріп,ұрпақ қалдырып мың жасайтын .жұрт.Келін түсіріп,қыз ұзатып
кұда келтіріп күйеу қабылдап,ұл-қызына жұп таңдап тауып беру,баяны ортаң қол бұл
кітапқа симайтын үлкен жыр,таусылмайтын əңгіме.Қазақ тəрбиелеу өнерінде тəрбие
нəтижесін бағамдайтын бірнеше таразылық безбендеу өлшем бар.Бірінші.Ұрпақтың
тəрбиелі көргенділігі олардың ата-анасын, ағайын туысын,ауыл аймағын, рулы жұртын
танып біліп,оларды сыйлап құрметтей алу қарым-қабылеті,шама-шарқы,ықылас-ниеті.Бұл
жайында ел арасында үлгі боларлық не сияқты аңыз əңгіме,шынайы оқиға желісі көптеп
кезігеді.Қазақтың ұл мен қызы келешек жұбын таңдағанда осы қағиданы басшылық ететін
еді.Екінші.Қандай да болмасын адам жанына үңіліп,оның тілін тауып толық түсіну үшін
сол адамның (мейлі,жас сəби болсын, мейлі қарт адам болсын,мейлі басқа ұлт өкілі болсын)
оны сыйлап құрметтеп,қадыр-қасиетін асқақтата білу керек.Баланы ардақтап,оның
келешегіне сенім артып,өзіңмен тең дəрежеде ардақтай қатынассаң,өз тіліңмен емес оның
өз тілімен үн қатсаң онымен қандай жағдайда да тіл табысып ұғыса аласың.Адам деген
пенде сыйлағанның құлы.Бұл екі заңдылықты меңгермеген ,оның мəнін түсінбеген, селқостық танытқан жан тəрбиелеуде табысқа жете алмайды.Өкініштісі сол,бұл қағидаларды
маман тəрбиеші, мұғалім, оқытушылардың өзі толық игермеген,əрі ескере бермейді екен.
Пайдаланылған əдебиеттер
1.В.А. Сухомлинский. Ата-ана педагогикасы.
А.1983
2.Бөлеев Қ. Қазақ отбасындағы отбасылық тəрбие.
А.2008
3.Әлімбаев М.Халық-ғажап тəлімгер
А.1994
4.Азаров. Ю.П. Отбасы педагогикасы.
Москва, 1985
5.Ана мектебі
Улаанбаатар 2014
109
112.
Түйін сөзИманипедагогика- көшпелі мəдениет пен түркі өркениетінен рухани бастау алатын қазақ
халқының ұлттық болмысына, халықтық тəжірибесіне сай балалар мен ересектерді
тəрбиелеу, дамыту заңдары мен заңдылықтарын зерттейтін ғылым.Ол-кемел кісі
қалыптастыру, имандылыққа, ізгілікке, еңбекке жəне өмірге баулу қатарлы тəлім-тəрбие
беру қазақтың ілім-біліміне сүйенеді,олардың ұстаным қағидаларын басшылыққа
алып,заманауи тəрбиелеу,дамыту жолдарын айқындайды,келешегіне бағыт-бағдар береді.
Имандылық тəрбиенің бүкіл жүйесі гуманистік мазмұнға толы, рухани негізде жеке
адамның жан- жақты дамып жетілуіне бағытталған.Алайда,иманипедагогика-ислами
педагогика,гумани педагогика жəне этнопедагогикалардың жəй көшірмесі ғана емес,
сондай-ақ материалистік педагогиканың заманға лайықталған жаңа атауы да емес.
Иманипедагогика-заманауи тəрбие теориясы.Ол осы дəуірдегі іргелі педагогикалық
ілімдердің бір арнаға тоғысуы.Анығырақ айтқанда: Материалистік педагогика, Гуманипедагогика, Этнопедагогика, Исламипедагогика ғылымдарының заңды байланыстарына
сүйеніп,олардың өзара ықпалдасуынан туған синтездік ғылым. Иманипедагогика əлеуметтiк жəне қоғамдық жағдайлардың ықпалымен орныққан ұлттың өзiне тəн тəрбие саласында
қалыптасып, жүзеге асқан өзiндiк ерекшелiктерiнде: дiни iлiмдерде; халық шығармашылығында;отбасы өмiрiнде; тұрмыста;салт- дəстүрлерде орын алған халықтың жалпақ жұртты тəрбиелеу мен үйрету (оқыту) туралы бiлiмiн, халықтың бүкiл даналығын, сондай-ақ
кісінің əлеуметтiк жəне тарихи-мəдени тұрғыда қалыптасуына ықпал ететiн философиялық,
этикалық, педагогикалық ой-пiкiрлерi мен көзқарастарын зерттеу барысында қалыптасқан
педагогикалық қағидаларын, ережелерiн, заңдылықтары мен принциптерiн, құралдарын,
əдiс-тəсiлдерi мен амал-жолдарын жинақтап, жүйеге келтiредi, зерделейді.
Тəрбие процесінде мұғалім, мектеп, отбасы жəне қоғамдық ұйымдардың күш-қуатын
үйлесімді педагогикалық бірізділікке бағыттау.Тəрбиенің əлеуметтенуі , əлеумəлеуметтік
педагогиканың қажеттілігі өте артқан мына заманға сай,қай педагогика болмасын жеке дара
қызмет ету мүмкіндігі мүлдем болмай қалғанын ескеріп, иаманипедагогика барлық
адамтану ғылымдарымен тығыз байланыста болады. Иманипедагогика-бауырмалдық
ынтымақ береке педагогикасы болуы тиіс.Қазақтың отбасылық педагогикасы имандылық
педагогикасымен өте жақсы үйлеседі.Айталық:əулет педагогикасында елжандылықтуысжандылық,ауылжандылық,ружандылық,ұлтжандылық деген сатылармен қалыптасады. Иманипедагогика осы ұстанымды тура басшылыққа алады.Алайда оның көшірмесі
емес.Анығырақ айтқанда иманипедагогика-отбасылық қазақ педагогикасын, этнопедагогиканы, гуманипедагогиканы, материалистік педагогиканы ығыстыруды көздеген
тəрбие теориясы да емес.Бір дəуірде тəрбие теориялары жеке бағыт алып,өте дəлдікпен
салаланып,тармақталып дамығаны белгілі.Ендігі бір дəуір де олар қайта бірігіп ұштасу
дəуірі болуға тиіс деген ұстанымды басшылық етіп,оларды бір арнаға бейімдеу үшін
жасалып отырған талпыныс.Әлем педагогикасында ондай үрдіс осы күннің өзінде
бар.Ал,шындыққа келсеңіз қазақтың отбасылық педагогикасы-иманипедагогика болатын.
Иманипедагогиканың осы бағытты ұстануының басты себебі,тəрбиелік іс əрекеттер
əлеуметтік тəрбиелік институтары мектеп,медіресе,білім ордасы,сонымен қатар мəдениет
өнер шаңырақтары қатарлы сан-салалы қоғамдық мекемелерде:музей,кітапхана,театр т.б.
əдебиет жəне мəдениет,техникалық ұйымдарда,бұқаралық ақпарат құралдар жүйесі арқылы
жүзеге асырылып жатқандықтан қоғамның барлық қатпарына бірдей етене араласып кіріге
алатын педагогоикадық көзқарастың жалпыға ортақ үлгісі қажет болды. Осы қажеттілікке
сай иманипедагогика өмірге келді.Оны қоғамдық орта жатсынбай қабылдауда.
Қазақ тарихында топқа кіріп сөз бастаған билер мен шешендердің,атқа мініп қол
бастаған батырлардың, ұлтын ұйытып ел бастаған көсемдердің,ақыл-парасатымен даналығы арқылы əлемге танылған ғұламалардың барлығы дерлік-қазақ дəстүріндегі ұлттық
тəрбиенің жемісі.Қаныш атаның сөзімен айтқанда «оқымаған академик əжелер мен
аталардың» алдын көріп,үлгі өнегесін алып, біліміне қанығып,Ана жəне Дана мектептерін
110
113.
бітірген,Дала консерваториясын тамамдаған өнер иелері, Жыраулық жəне Ақындықакадемиясының түлектері; философ-жырау,əнші-ақын,сері-сал,т.б. қазақтың ақылман
ойшылдары,əулие абыздары, көріпкел білгіштері, бақсы-бəлгері, адамтанушы сыншылары,
шипагер-тəуіптері, тарихшы-шежірешілері,дін күтіп, жалпақ жұртқа иман таратқан пірлері
бəрі-бəрі-Қазақ Педагогикасынан нəр алған,оның ұлт өкілін қалыптастыру қазанында
қайнап пісіп, өңделген,шыңдалған-КІСІЛЕР. Олардың тəрбиелік үлгі өнегелері,білімдері
тым терең,шексіз аумақты,өте асыл қазына. Осы қазынаны зерттейтін педагогика
ғылымының бір саласын-ИМАНИПЕДАГОГИКА деп отырмыз. Қазақ халқының жалпы
ұлттық қасиетті ұғымына айналған имандылық сөзінің түп төркіні мен ілкі бастауының да
мұсылман дінімен тоқайласып жататындығы белгілі. Иман ұғымы əуел баста Құран арқылы
адамдардың санасына сіңсе де, уақыт өте келе халықтың ежелден қалыптасқан салтдəстүрімен, таным-түсінігімен, наным-сенімімен біте қайнасып, жаңа бір сапалық деңгейге
көтерілген ұғым. «Имандылық» деген ұғымның аясына бір Аллаға деген сеніммен бірге
адам бойындағы барлық ізгі қасиеттер жатады.Қазақ барын қанағатпен пайдаланып,
сабыры мен шүкірін тең ұстаған адамды «иман таразысы түзу» деп айтады Имандылықбіздің ұлтымыздың адамгершілікке қатысты негізгі өлшемі. Халық түсінігіндегі иман сөзі
діни шеңберден шығып,жалпы ұлттық, бүкіл адамзаттық құндылықтарды қамтитын
ауқымды дүниетанымдық категорияны білдіреді
Иманипедагогикада тəрбиелеудің түпкі мұраты -кемел кісі қалыптастыру болып
табылады.Кемел кісі қалыптасутыру іс-əрекеті ұзақ уақыт бойында,ыждаһаттылықпен
жүргізілген педагогикалық кешенді процесстің нəтижесінде жүзеге асады.Ол бірнеше
кезеңдер мен белестерді басып өтіп,дамудың сан-салалы сатыларын бастан кешіріп,түпкі
мұратына жету жолында алдына ашық айқын мақсаттар қояды.Осы мақсаттың алғашқысы«иманды ұл,ибалы қыз» тəрбиелеу болмақ.Иманды ұл,ибалы қыз балалық шағында(3-15
жас аралығында)мына үш адами сапаны игеруге тиіс.
Бірінші.Жаратушыдан берілген ақыл-парасаты молығып,нұрлануы шарт.Көкірек көзі
ашылу басталып,ақыл көзі айқындала түсу керек.Бұл оқу-тоқу жасалмаса,оның интеллектуалдық дамуы жасалмаса иманды ұл,ибалы қыз қалыптаспайды. Осы заманғы ғылымның
анықтауы бойынша Адам интеллектісінің 40-50% бес жаста, 60-70% жеті жаста, 9 жаста
92%-ға дейін жəне 15 жаста толық қалыптасады.Қазақта осы жастағы балалардың
интеллектісін қалыптастыратын арнаулы ойын-ойынщық,тақпақ,жаңылтпаш,жұмбақ
(оның өзі бес бағытта),ертегі,есеп,əңгіме бар екен.Бұларды жинақтап, іріктеп, эерделеп,
отбасында,балабақшада,мектепте оқытып үйретіп,пайдаға асырушылар да бар.
Екінші.Кемел кісі қалыптастыру қазақ ілімінде адамның əрбір даму кезеңінде,
жасының ерекшелігіне сай игертуге тиісті биязы əдеп,жібек мінез дағдылары бар олардың
игерілу дəрежесіне қоятын талап,игерілу дəрежесін сынау амал-айласы өте айқын болған
оны бақылап байқап,сынап тексеріп отыратын жүйелі безбендеу əрекетін қатаң ретпен
жүзеге асыратын.Айталық,бала 3-13 жас аралығында биязы əдепке жаттықпаса,жібек мінез
игермесе,дағдыланбаса əдепті өз бетімен ізденіп,қалауы бойынша кез-келген ұлттың əдебін
бойына сіңіреді. Оны қайыра түзеу қиынға соғады.Әдеп пен мінез «қайта тəрбиелеуге оңай
көнбейтін» сезім. Бұл турасында талай келеңсіздікті бастан кешіріп келеміз. Әлі де,секем
ала қойған жоқпыз.Соңы қайырлы болсын делік.
Үшінші.Иманипедагогиканың ең елеулі бір заңдылығы баулу іс-əрекеті-бір ізді,
сабақтас əрі жүйелі болу керек.Осы заманғы отбасында,балабақшада,мектептегі тəрбиелеу
ісінде жүйелілік жоқ.Әр сатылы мектептің əр сыныбына аталмыш оқу жылында биязы
əдеппен жібек мінездің қандай үлгілерін ұқтырып үйретіп,келесі сатысында қандайын
үйретуге тиісті екені белгісіз,жоспарсыз,бағытсыз,есепсіз күн кешуде.Үйретіп ұқтырғанымыздың қаншасы қай оқушының бойына қаншалықты сіңгеніне бағам жасауға тіптен
дəрменсізбіз. Солай бола тұра, «биязы əдеп-адамшылық айнасы», «жібек мінез-бақытқа
жету бастамасы»-деп сарнаймыз.
111
114.
Имандылық,ізгілік,сүйіспешілік- иманипедагогиканың асыл өзегі.Тəрбиелеу қазақілімінде мынандай түжырым бар: «Басына бақ жұғысып,құт қонатын қазақтың ұлы
құлықты,қызы қылықты келеді.Себебі-қазақ, Алладан сұрап, қалап алған ұрпағын олар
қанша көп болса да, «Алла аманаты , Тəңір сыйы»,- деп көріп,оларды-«Сүйіспеншілік
бесігіне бөлеп, Махаббат жөргегіне орап,Мейірім уызымен ауыздандырып өсіреді.»
Сондықтан қазақ баласына сүйіспеншілік, махаббат,мейірім, сыпайылық, имандылық
қатарлы асыл қасиеттер ана сүтімен беріліп,дамып жетіледі.Қазақ ұрпағын жетімсіретпейтін,тіптен уақытша болса да сəбилік шағында бөгдеге асыратып бақтырмайтын себебі
осында.Жастай жетім өскен ұрпақ аталмыш бесікке бөленбей мейірімділік уызына
жарымайды.«Мейірімділік- мылқаулар сөйлей алатын, кереңдер ести алатын тіл» »,дегенге жүгiнсек, iзгiлiк қазақтың қанында бар қасиет екендігіне көзіміз əбден жетеді.
Сүйіспеншілік аталатын нәзік сезімнен көптеген адами сапалар туындап,махаббат
алақанында әлпештеніп,жайсаң мінездер қалыптасады.Перзенттік борыш, ата-аналық
махаббат,туысқандық мейірім, достық мейірім, ұлтжандылық, отансүйгіштік, елжандылық, бауырмалдылық- осы асыл қасиеттің тарамдалып жетілуі,көгеріп көркеюі-ізгіліктің,
сүйіспеншіліктің шынайы көрінісі.Бұл басқаның беретін бағасы,қайрымдылардың тартар
сыйы емес. Ал адамның жан дүниесі сүйіспеншілік болғанда ғана өзгеріске түседі.
Сүйіспеншілік қорқынышты білмейді, сүйіспеншілік өтірікпен өш.Сүйіспеншілік тілдің
ұшында, ақылдың шыңында емес – ол жүректің төрінде.Сүйіспеншілік кешірімділер мен
жаны жомарттармен бірге, өзімшілдік ала берсем деп ойлап, жақсылықты тез ұмытып
кететіндермен сиыспайды. Сүйіспеншілік-барлық руханилықтың тамыры, барлық шығармашылық пен ізденістердің мəні, барлық талпыныстардың қиылысқан тұсы, адамдардағы
шабыт көзі.Қиянат жасамау, яғни басқаларға зиян келтірмей өмір сүру-бұл сүйіспеншілік
пен ынтымақтастық рухы, кешіре білу, қайырымдылық, қоршаған орта мен өзгелерге
қамқорлық, бауырмалдық жəне теңдік сезімі ұлттық сана, өзгелердің мəдениеті мен түрлі
рухани дəстүрлеріне деген құрмет.Ұлттық рух-ұрпақ тәрбиесінің арқауы. Ұлттық рух
дегеніміз-өз ұлтыңа деген ерекше сүйіспеншілік. Ол сүйіспеншілік қайдан пайда
болады? Егер де ұлттың топырағында туып өссең, оның тәніңе сіңірсең, тілін
меңгерсең, тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын білсең сүйіспеншілік пайда болады.
Жалпы,Сүйіспеншілік атты адамның асыл қасиеті Жасағанның сыйлаған нәзік
сезімі,ерекше несібесі.Оның нышаны тілі шықпаған «жанды бақа» нәрестеден де
сезіліп тұрады.Сүйіспеншілікті Яссауи бабамыз,Абай данамыз Аллаһты танудың
жолы,оны «көрудің» ерекше көзі десе Шәкерім атамыз Әлемді танудың, саналы ісәрекеттің басы деп көрсетеді. Қазақтың зеректігі дін мен ділдің, тіл мен сөздің, өмір мен
тарихтың, ұлт пен ұрпақтың қасиетін біріктіретін қабілеттің рухына қол жеткізе алуында.
Бұл деңгейде бабаларымыздың өмір сүруіне ықпал еткен бір ғана қасиет тектілік,
қанағатшылдық ұғымы. Барлық ізгі қасиеттерді тізбелегенде, «кісілік» деген бір-ақ ауыз
сөзге саяды. Өйткені, бұл сөздің өзі адамның бүкіл болмысын ашып беретін ұғым. Яғни,
адамгершілік адамға ғана тән сипат. Әрбір ақыл иесі бойындағы адамгершілікті басты
ізгі қасиет деп санаса, сол адамгершіліктің тұғыры имандылық болып саналады. Иманқазақ халқының рухани дүниетанымындағы парасат пайымымен сабақтасып жататын өте
кең өлшемді ұғым. Ата-бабаларымыздың ақиқатқа жетелер сенімінің де басты тірегіосы.Барлық бет-болмысының, мінез-құлқының айнасы. Имандылық(атауы əр түрлі
болғанымен)- барлық наным-сенімдерге ортақ ұғым. Адамдардың діни сеніміне
байланысты, имандылықты алалауға болмайды.Қай діндегі болсын адамдардың баршасын
имандылыққа баулу қажет. К.Д. Ушинский өнегелі тəрбиеге үлкен мəн берген, оның негізін
дін деп санаған. Дінді ол, ең алдымен, өнегелі тазалықтың кепілі деп түсінген. К.Д.
Ушинскийдің «Тəрбие халықтық ілтипатқа ие болған жағдайда ғана өз мақсатына жетеді»
- дейді.Иман ұғымы бізде ұлттық сипатқа ие болған. Имандылық-ұлттық шеңберде
шырмалып қалған тар ұғым да емес. Имандылық- қазақ үшін,жалаң ислами ұғым да емес.Ол
наным-сенім ретінде,қашаннан бар,ұласып келе жатқан түсінік.Асылында,исламдық иман
112
115.
ұғымымымен астарлласып іштей қабысқан қазақтың дүниетанымдық сенімі,тарихи дамубарысында өзіндік имани əдет-ғұрып,салт сана,əдеп-ереже қалыптастырып,қазақи иман
ұғымын өмірге әкелді.Қазақтың бұл ұғымы, ой-пікірлері,түсінігі жалғасып,сабақтаса
отырып санаға сіңіп, имани қазақ дәстүрін түзді.Тарихи даму барысында ол жүйеде
өзгеріс, даму, іркіліліс, сондай-ақ бұлқыныс, сілкініс болғаны да рас. Алайда,ұлттық
тамырынан мүлдем арылып, сабағынан үзілмегендіктен, адамдар арасындағы қатынас,
жұрттың күнделікті өмір тіршілі-гінен олардың көрініс беріп отырғаны баршаға аян.
Иманипедагогикада текті жан (үш жастан) қырыққа дейін (кей нұсқада 45-ке дейін)
қалыптасып,жетіледі.Қырық жас-қынынан суырылған қылыштай жарқыраған,ақыл-естің
толысқан,қүш-қуаттың молайған,өнер білімнің өрістеген мезгілі. Қырық жас-Мұхеммед
(с.у.с.)-ға пайғампарлық қонған жас,Алла Тағаланың адам денесін өз қолымен саз
балшықтан илеген уақыты.Ер жігіттің қамал бұзар толысқан жасы.Ал,ғылым бойынша:
Кісі - ержеткен, бұғанасы қатқан, ақылы толған, өз ісіне өзі жауап бере алатын, өзінің
дүниеге көзқарасы бар адам. Кісі əлеуметтік іс-əрекет иесі ретінде өндірістің,қоғамдық
қатынастың, қоғамдық сананың субъектісі болып табылады. Тұлға - əртүрлі дəрежедегі
қоғам топтарының да жауапкершілігін өзіне ала алатын кісі.
Иманипедагогикада тəрбиелеу дегенді біздің осы күнгі түсінігімізден бөлекше
сипаттайды.Ол бойынша:ізгілікті іс-әрекет,ниет,көмек –тікелей жүргізілген татымды
тәрбие.Оның орны тым бөлек. Қазақтың тəрбиелеу ілімінде алтын əріппен жазлған қағида
мынау: «Тəрбиенің пəрменділігі мектептің, жанұяның, əлеуметтік ортаның балаға,жалпы
жасқа мінез-құлықтың пайдалы дағдылары мен əдеттерін қалыптастыру туралы
қаншалықты қамқорлық жасалуына байланысты.»Қамқорлық шанақты,пəс болса,
тəрбие нəтижесіз, жұтаң не көлгір келеді. Фараби бабамыз: «...тəрбиелеу дегеніміз
қамқорлық жасау»- десе ата бабамыз тəрбиелеуді –баулау –деген.Баулау-баптау,жəйкүйін келтіру.Жасөспірімдер биязы əдеп, жібек мінез игеретіндей,көкірек көзі ашылатындай олардың жəй-күйін келтіріп, қамқорлық жасап аяласаң еңбегің далаға кетпейді.
Ізгілік педагогикасының ұлттық мəні осында жатыр. Иманипедагогика тұп тура осы
заңдылыққа сүйенеді. «Жақсы ниет – ниет қана қарасаң, дұрысы оны іс қылуға жарасаң»деп
Ж.Баласағұн атамыз айтқандай, əрине, ізгі жолда əрқашан дұрыс іс-əрекет жасау керек.
Иманипедагогикада отбасы – адамзат ұрпағы үшін еш нəрсемен салыстыруға
жатпайтын алтын діңгек, қасиетті өмірлік мектеп. Мектеп деп баланың ақыл-парасаты
мен ой-өрісін жетілдіретін тәлім-тәрбие алатын орданы,ошақты, ұжымды айтамыз.
Мəселен өмірлік мектепке отбасы, ошақ қасы, той мереке,ойын сауық алаңы,медіресемектеп,еңбек мейрамы,ақындар айтысы,кітапхана,музей,жастардың техникалық үйірме
өткізетін немесе спорттық жаттығулар жасайтын ордалары,спорт алаңдары бəр-бəрі
жатады.Қазақта мұндай мектептер көп болған,кəзір де жұмыстап жатқандары баршылық:
Ақсақалдар мектебі, Қарашаңырақ мектебі,əжелер мектебі,ана мектебі,жеңге жезде
мектебі,т.б.Баланың алғашқы тəрбие алатын мектебі – отбасы.Барлығына қойылатын талап
мынау:балалардың,жастардың,ересектердің ақыл-парасаты мен ой-өрісін жетілдіруге,
оларға дене жəне патриоттық, сондай-ақ, жалпы тəлім-тəрбие беруге асқын мүмкіндік
жасалған,қайырымдылық пен мейірімділікке малшынған,жағдайлы жəй-күйдің толық
болуы.Ол-мəжбүрлеп білім беріп,тəрбиелейтін орын емес.Жəй-күйі ,мүмкіндігі шəкірттің
өзбетімен ізденіп білім алып,тəрбиеленуінеОнмүмкіндігі толық «мектептерде» кейде ұстаз
да болмайды.Шəкірттер қаласа ,əрине қасынан табылады ғой! Жұмыр Жерде ондай
мектептер көп болмаса да жұмыстап тұр.
Ыбырай атамыз: «бала тəрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт-дəстүрі
рухында тағлым болса, оның сана-сезімінің дамып, жетілуі де ұлты мен халқына қызмет
ететін көкірегі ояу, тұлға болып өседі» деп, сонау заманда айтып көрсетіп,ескертіп
түйіндеген екен.Атамыздың айтқаны осы заманға дəл келіп тұрғандықтан оны іске
асыру,зерделеп түйіндеу баршамызға парыз болып тұр.
113
116.
Иманипедагогиканың негізі. Теоритические основы иманипедагогики2.1 § Ізгілікке баулу ілімі
2.1 § Учение гуманиой воспитания казахского народа
3.1§.Имандылыққа баулу ілімі
3.1.1§.Иманның ислами түсінігі жəне оның тəрбиедік мəні.
3.1§. Учение иманной воспитания казахского народа
3.1.1§.Исламкоое значение имана и её воспитательный роль
3.1.2§.Иман туралы ұлттық ұғым жəне ғұламалар пайымы
3.1.2§.Народная понятие имана и рассуждение педагог- мыслытелей
4.1§. Кемел кісі ілімі
4.1.1§. Жетілген адам туралы ұғымның бастаулары
4.1§. Учение казахского о зрелого челевока
4.1.1§. Начало понятие о зрелого человека
4.1.2§.Текті жан-Тəңір сыйы, Кісі -тəрбие жемісі
4.1.2§. Путь формирования зрелый человек
4.1.3§. Көкірек көзін ашпаса рухани байлық толысып құтаймайды
4.1.3§. Пути открытия зорько зрелости человека
5.1§. Еңбекке баулу жəне өмірге дайындау қазақ ілімі
5.1.1§.Еңбекке баулу
5.1§.Подготовка подрастащего поколения к труду и жизнь
5.1.1§.Подготовка к труду в семье
5.1.2§.Өмірге дайындау ұлы мұрат
5.1.2§.Полготовка подросток и девучек к семейному жизни
Түйін сөз ( Заключение )
31
31
45
45
45
45
50
50
67
67
67
67
69
69
81
81
91
91
91
91
97
97
110
В этой книге говорится, о том, что религия Ислам ведет к гуманизму, в данном слове
лежит большой смысл, большое значение. К гуманизму относится совесть, чистота,
духовность, тактичность. А религия и образование всегда развивается в взаимо поддержке.
Только в этом случае открывается главная основа воспитателной системы –духовнонравственные ценности. Религия служит для формирования духовный умственной
культуры человека которая является связ звеном между человеком и обществом. Раскрывая
чистату души и тела, и на основе религиозенного воспитания у молодежи формируется
ценносные и духовные развития. И таким образом воспитвается ценностные ориентации.
Иманипедагогика—канал на стыке учений о воспитательной сознания казахского народа,
религии, убеждений.
The book article says that Islam leads to human kindness and this word has a deep sense and
a big importance. Consciousness, purity, intelligence and tact human kindness. Religion and
education always develop within a mutual support. Only in this case moral values are developed
as the main basis of education system.Religion is for the spiritual formation of mental culture of
man which is the connecting link between man and society. Revealing chistatu body and soul. And
based on the education of young people religiozennogo formed tsennosnye and spiritual
development. And so vospitvaetsya value orientations
114
117.
РезюмеИманипедагогика - тюркской кочевой культуры и духовного начала бытию народа и т. д.,
которые, согласно опыту народного воспитания детей и взрослых, изучающая законы и
закономерности развития. Он - зрелый человек, формирование нравственности, гуманизма,
приобщение к жизни и труду ведущих воспитание в наука опирается на знание, правил,
руководствуясь их позиции современного воспитания, развития, определяет пути,
перспективы направления. Иманипедагогика—канал на стыке учений о воспитательной
сознания казахского народа, религии, убеждений. Иманипедагогика теория современного
воспитания- но,не простой копия исламского педагогики. Некоторые,принципы и правила
педагогики, исламского,пути и способы воспитания принимается на иманипедагогике.
Действительно, русский эквивалент гуманистической педагогики,дословно перевод-иманипедагогика. Иманипедагогика-тоже не копия гуманной педагогики.Но ей фундаментальные
принципы и законы: беречь природу, захотить челевеку,добра с любовью, рассматривающий его исповедует. В соответствии с принципом трех любить(Аллаһты сүю,адамды
сүю,əділдікті сүю) Абая,перейти на новый уровень поднимает. Религии это, прежде всего,
следует понимать, что залог чистоты нравственных. У нас имеет национальный характер,
понятие вера(иман). Нравственность человека в обществе, в повседневной жизни действияразгрузочных духовного регулятора внутреннего состояния, достоинства, нравственного
человека, доброжелательность, коллективизм знак.
Иманипедагогика-не обновленная наименование этнопедагогики.Но он опирается
его опыта воспитание казахского национального и обосновается теоритические выводы,
положении воспитания совершении узлы и обучения на основе стабилизировалась.
Перспектива формирования глубокой корневой казахского случае, учение, человек,зрелый
человек, определенных происхождения, обслуживаемых путь становления, этапы ее
становления и четко,на каждом этапе процесса становления оценить, взвесить, попробовать уловка оценке подход,тщательный фундаментальной образования.Поэтому он, может
быть, практически опора иманипедагогики. Иманипедагогика совершенствовать развитие
человека,создание условий для творческого развития молодого поколения, для воспитания
вырастить направления,для их благоустройства, чистоты духовной,теории происхождения
воспитания личности исходя из теоретической педагогики.Но, Иманипедагогика - не
приспособленных, обновленные форма современная материалистической педагогикой.
Иманипедагогика-современные теории воспитания. Он переплетение фундаментальных педагогических учений этой эпохи в одно русло. Точнее: Иманипедагогика как
педагогический наук преемственных,интеграционных, закономерных связей,исходя из их
взаимного синтеза науки: Исламской педагогика, Этнопедагогика, Гуманипедагогика и
Материалистическая педагогика. Иманипедагогика ситуаций, сложившихся под влиянием
общественных и социальных нации характерные области воспитания, формируется
себестоимость (ценность) реализованных спецификации: народной в творчестве
(поэтического, музыкального, декоративно-прикладного);в жизни семьи; традиции и
обычаи населения, воспитание и обучение людей в место всего населения, а также его
социальных и историко-культурных плане, влияющих на формирование философской,
этической, педагогической мысли и мнения в ходе исследования сложившихся педагоги
ческих взглядов, правил, положений,принципы, закономерности, средства, приемы и
средства обобщения путей.Он-плод эпохи возрождения казахского народа. Однако,общечеловеческой ценностью, которая составляет основу европейской педагогики, открывая
классиков педагогики воспитательной теоретические закономерности и опора, практически
смыслов,причем направление может стать оплотом подачей. Так,многие теории личности,
совершенных теорий отработки,ни в коем случае не отменяет значимости учения закономерностей развития подростков и юношей иностранных. Поэтому, принимает их в качестве
научных ключевые иманипедагогика. Действительно,
диалектического мышления,
материалистическая точка зрения жизни, что не характерно, что никто не заменяет.
118.
Иманипедагогика- көшпелі мəдениет пен түркі өркениетінен рухани бастау алатын қазақ халқының ұлттықболмысына, халықтық тəжірибесіне сай балалар мен
ересектерді тəрбиелеу, дамыту заңдары мен заңдылықтарын зерттейтін ғылым.Ол-кемел кісі қалыптастыру,
имандылыққа, ізгілікке, еңбекке жəне өмірге баулу
қатарлы тəлім-тəрбие беру қазақтың ілім-біліміне
сүйенеді, олардың ұстаным қағидаларын басшылыққа
алып,заманауи тəрбиелеу,дамыту жолдарын айқындайды,келешегіне бағыт-бағдар береді.Имандылық
тəрбиенің бүкіл жүйесі гуманистік мазмұнға толы,
рухани негізде жеке адамның жан- жақты дамып жетілуінебағытталған.Алайда,иманипедагогика-исламипедагогика,гуманипедагогика жəне этнопедагогикалардың
жəй көшірмесі ғана емес, сондай-ақ, материалистік
педагогиканың заманға лайықталған жаңа атауы да
емес.Иманипедагогика-заманауи тəрбие теориясы.Ол
осы дəуірдегі іргелі педагогикалық ілімдердің бір
арнаға тоғысуы. Асылында:Материалистік педагогика,
Гуманипедагогика,Этнопедагогика,Исламипедагогика
ғылымдарының заңды байланыстарына сүйеніп, олардың өзара ықпалдасуынан туған синтездік ғылым.