119.37K
Категория: ПедагогикаПедагогика

Педагогика тарихы пəн сипатында. Ең ежелгі дəуірлерден VII ғасырға шекемгі тəлім-тəрбие жəне педагогикалық пікірлер

1.

Тақырып. Педагогика тарихы пəн сипатында. Ерте дəуірдегі тəрбие. Ең
ежелгі дəуірлерден VII ғасырға шекемгі тəлім-тəрбие жəне педагогикалық
пікірлер.
Жоспар:
1. Педагогика тарихы пəнінің мақсаты жəне міндеттері.
2. Ежелгі дəуірлерден VII ғасырға шекемгі тəлім-тəрбие жəне педагогикалық
пікірлер.
3. Ежелгі жазба ескерткіштерде
тəлім-тəрбие мəселелері «Авесто» дағы
тəлім-тəрбиелік көз-қарастар.
Тірек ұғымдар: Педагогика тарихы, ұлттық-мəдени мирас, ұлттық
тəлім-тəрбие тізімі, педагогика тарихының тізімі, педагогика тарихының
предметі, педагогикалық шеберлік, педагогикалық мəдениет, халық ауыз
материалдары, археологик қазбалар, педагогикалық көзқарастар
Əдебиеттер:
1. Xodjayev B.X. Umumiy pedagogika nazariyasi va amaliyoti. Darslik – T.:
SANO-STANDART, 2017.
2. Ro’ziyeva D.I., Tolipov O’.Q. Pedagogik texnologiyalar va pedagogik
mahorat. –T.: INNOVATSIYA-ZIYO, 2019.
3. Sh.Abdullayeva, D.I.Ro’ziyeva. Pedagogik diagnostika va korreksiya. .
Darslik. – T.: Fan va texnologiyalar, 2019.
4. Xodjayev B.X., Choriyev A., Saliyeva Z.T. Pedagogik tadqiqotlar
metodologiyasi. Darslik. – T.: IQTISODIYOT DUNYOSI, 2018.
5. Mutalipova M.J., Xodjayev B.X. Qiyosiy pedagogika. Darslik. – T.: TDPU,
2015.
6. Юзликаева Э., Мадьярова С., Янбарисова Э., Морхова И. Теория и
практика общей педагогики.Учебник.– T.: ТГПУ, 2014.
7. Калдыбекова А.С.Жалпы педагогика теориясы жəне практикасы. I.
Педагогика теориясы. – Т.: ТДПУ, 2013.
Педагогика тарихы ежелгі замандардан бастап, дəл бүгінгі күнге дейін
болған
түрлі
тарихи
дəуірлердегі
тəрбие,
мектеп
жəне
педагогика
теорияларының дамуын дəуірлер талабы негізінде қарастырып келді. Кез–
келген қоғамдық тізім, оның келешегі, адамзаттың өсіп–жетілуі адамдардың

2.

өмір сүруі мен тұрмыс дəрежесі, ғылым мен мəдениеттің дамуымен тікелей
байланысты болып табылады.
Жас ұрпақты тəрбиелеу жəне оқыту теориясымен практикасының қалай
дамып келгендігін білмей тұрып, жас ұрпақты жан–жақтама жетілген тұлға
етіп тəрбиелеу мəселелерін ғылыми түрде шешу қиын.
Қəзір түрки халықтары жасап тұрған өлкелерде зардуштілік діні кең
таралған дəуірлерде де педагогикалық идеология болған. Бұл зардуштилік
дінінің қасиетті кітабы «Авестоның» бізге дейін жетіп келген кейбір
тарауларында өз көрінісін тапқан.
Бірақ исламға дейінгі дəуірлердегі тəрбиетанушылықтың, ғылым мен
мəдениеттің
тарихын
білу
мүмкіндігі
шектелген.
Себебі:
Құтайба
басшылығында арабтар жүргізген басқыншылық соғыстар, тонаушылықтар,
қиратушылықтар кезінде сол дəуірлерге тиісті барлық шығармалар мен
жазбалар дерлік жағып жіберілген. Алайда ислам діні мен исламнан кейінгі
дəуірлерде пайда болған педагогикалық көзқарастарды, ұлттық тəлім –
тəрбиеге
сəйкес
дəстүрлерді,
ескерткіштермен
естеліктерді,
қадір

қасиеттерді, халық педагогикасын ғылыми негізде зерттеу, үйрену, мұқият
талдау жасау жəне өмірге, практикаға ендіру бүгінгі күннің маңызды да
негізгі мəселелерімен ділгірліктері болып отыр.
Кеңес
өкіметі
дəуірінде
біз
тəрбие
жұмыстарымызға
европа
педагогикасын негізгі үлгі етіп алдық жəне үйрендік. Ендігі міндет шығыс
педагогикасын үйренуге көңіл бөлу, мəн беру керек. Өйткені түркі
халықтарының да үлкен мəдени мұрасы бар. Сондай–ақ ұлттық қадір–
қасиеттер мен мұраларды жалпы азаматтық қадір–қасиеттермен мұралармен
сыбайластыру қажет. Өйткені ешқандай ұлт өз мұраларын басқа ұлттар
мұраларынан бөліп алып, бөлек жарата алмайды. Əрқандай
ұлттың
руханиятында өзіне тəн ерекшеліктер болса да, ол жалпы адамзаттық
мұралардың бір бөлігі болып табылады. Сондықтан өткен өмірімізде
ұмытылған тарихи мұраларымызды ғылыми, мəдени, берік, мұқият, жан–
жақтама үйрену бірінші кезектегі міндеттеріміз болып табылады.

3.

7–12 ғасыр аралығында Орта Азияда мəдениет, ғылым–білім айрықша
жоғары дамыды. Əсіресе анық пəндерге қызығу ерекше артып отырады. Сол
тарихи дəуірлерде Əл– Харезмий, Əл–Фарабий, Əл–Фарғоний, Беруни, Ибн–
Сино, Аз–Замахшарий сияқты ұлы ғалым білімдарлар жасады, ғылым-білімді
дамытты. Бұл ұлы ғұламалар адамның рухани жəне ойлау дүниесін байытуда,
адамзат санасын, мəдени–ағарту көзқарастарын дамытуда өз дəуірлерінде
жəне кейінгі дəуірлерде де маңызды роль атқарады, адам өсіп жетілуіне
қажетті құнды білім мен мəліметтер жаратты.
15–16 ғасырға келіп ежелгі Түркістан əлемге танылған. Қазизада Румий,
Улығбек, Əл-
Құшшы, Хайдар Хорезми, Хофиз Хорезмий, Лутфий, А.
Навоий, Бабыр, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Қосынұлы Жалайыри
т. с. с. ғұламалар, бірқатар ғылыми жəне мəдени орталықтар пайда болды.
Сөйтіп, Орта Азия халықтарының мəдени – ағарту саласындағы жетістіктері
ғасырлар бойына дамып отырған. Сол сияқты олардың адамгершіліктері,
əдепке сəйкес көзқарастары үлкен мазмұнға ие.
Октябрь революциясынан кейін, яғни 1917 жылдан бастап Кеңес
өкіметінің алғашқы жылдарында Түркістанда жаңа мектептер ашу жəне
оларды нығайту міндеттері қойылды. Онда жастар санасына жаңа қоғам
пікірлерін сіңдіру, сол жұмыстарды жүзеге асыратын педагог–кадрлер
даярлау жұмыстарына көңіл бөлінді. Сол жұмыстарды жүзеге асыруда
Россия халық тəлімінің жүйесімен бағыты басшылыққа алынды.
Қай өкімет не мемлекет өзге елді жаулап алғанда, сол халыққа өз
идеологиясын, мəдениетін, мінез–құлық, əдеп нормаларын сіңдіруге əрекет
етіп отырғаны тарихтан да белгілі, мəлім жағдай.
Кеңес өкіметі дəуірінде ұлттық мəдениетпен діни білімдер кемсітіліп,
тосыла бастады. Араб алфавитінен 1929 жылы латын графикасына, 1941
жылы орыс графикасы негізінде құрылған жазуға өтілді. Бұл бастама Орта
Азия халықтарының өз мəдениеті мен тарихын үйренуінде қиындықтар
тудырды. Мұсылман дүниесінің қасиетті кітабы Құран – Кəрімді, Мұхаммед
пайғамбар хадистерін оқып – үйрену шектелді.

4.

Ал мектептерде мəн етілді. Бухарада, Ташкентте діни оқу орындары,
медреселер белгілі бір мақсаттар мен сақталды. Атеистік тəрбие жаратылды
жəне жандана түсті. Нəтижеде түрік халықтарының ұлттық адамгершілікəдебі мен тəрбие дəстүрлері жоғала бастады. 1991 жылдан яғни Егемендіктен
кейін ұлттық ғылым–білім мен мəдениетке, педагогика тарихына да жаңаша
жандасу
мүмкіндігі
туды.
Репрессия
құрбандары
болған
қоғам
қайраткерлеріміздің əдеби, мəдени, тарихи, педагогикалық мұраларын
зерттеу мен үйрену жанданды. Өткен дəуірлерде де прогрессив педагогтар
мен атақты ғұлама – ойшылдар да педагогикаға тиісті маңызды пікірлер
айтып қалдырған. Оларды үйрену педагогикалық ойлаудың, педагогтың
мəдениеттің артуына мүмкіндік жаратады.
Педагогика тарихы–қоғам дамуының заңдылықтарына сүйене отырып
түрлі
педагогикалық
теорияларды,
тəлім–тəрбиенің
мазмұны
мен
методтарын қарастырады, үйретеді. Өткен дəуірлердің педагогикалық
системаларында
бар болған озат та, прогрессив пікірлердің бəрінен
творчестволықпен пайдаланады. Сондықтан педагогика тарихы қоғамдық
пəн болып табылады. Ол тарихи қоғамдық пəн жəне тарихи педагогикалық
жағдайлармен құбылыстарға дəуір талабы негізінде жандасады, тəрбие
теориясы мен практикасының түрлі басқыштарда түрліше болғандығын
ашып көрсетеді, озат көзқарастардың даму жолын көрсетіп береді.
Педагогика тарихын үйрену оқытушылардың педагогикалық мəдениетін
арттырумен
қатар,
оларға
педагогикалық
шеберлікті
меңгеруге
де
көмектеседі. Сондай–ақ өткен дəуірлердің тəлім–тəрбиесі саласындағы ең
жақсы тəжірибелерін үйренеді. Бұл үйрену
болса оның күнделікті
педагогикалық қызметінде көмектеседі жəне оны тікелей практикалық
қызметке даярлайды.
Педагогтық мамандықтың өзіндік ерекшеліктері бар. Ол өте күрделі
жəне сан қырлы. Педагогтық мамандық иесі адамнан ең алдымен терең жəне
жан–жақты ғылыми білімді болуын, мамандық шеберлігі шынықққандықты,
саяси адамгершілікпен ұстамдылықты талап етеді. Мұндай зор талап өз

5.

өмірлерін жас ұрпақты тəрбиелеу ісіне арнаған педагогтық оқу орындарының
студенттеріне көптеген міндеттер жүктейді.
Педагогика тарихы арқылы болашақ мұғалімдер педагогика ғылымының
бай қазынасы мен мұраларын меңгереді, əр түрлі тарихи дəуірлердегі
педагогтардың прогрессивтік жəне реакцияшыл теорияларының арасындағы
шиеленіскен күрестермен танысады.
Педагогика тарихын оқу үстінде болашақ ұстаздардың педагогикалық ой
- өрісі кеңейеді, олар педагогикалық тұрғыдан ойлануға, оқу мен тəрбие
жөніндегі əртүрлі пікірлерді салыстыруға, бағалауға, қажетті жағдайда
пайдалануға үйренеді.
Педагогика тарихы тəрбиенің , тəрбие мəселелерімен айналысатын
мекемелердің жəне педагогикалық теорияның дамуын зерттейді. Педагогика
тарихы қоғамды құруда жəне оның мəдениетін дамытуда адамзаттың қол
жеткен тəжірибесінен бас тартпайды, керісінше, жаңа қоғам құруға
қажетсізін шығарып тастап,
ол тəжірибенің барлық бағалы
жағын
пайдаланады.
Қоғамдық тəрбие мəселелерін дұрыс шешу үшін тəрбие жəне оқыту
теориясы мен практикасының өткенде қалай дамығанын мұғалімнің білуі
керек. Өткен дəуірлерде алдыңғы қатарлы педагогтармен ойшылдар тəрбие
мəселесінде көптеген бағалы педагогикалық идеяларды ұсынған. Соларды
сын көзбен қарап зерттеу болашақ мұғалімдердің педагогтық дайындығын
күшейтеді.
Педагогика тарихы мұғалімнің білімі мен шеберлігінің қалыптасуына
əсер
етеді,
олардың
қоғамдық
тəрбие
мəселелерін
дұрыс
шешуіне
көмектеседі.
Педагогиканың дамуы мен пайда болуын жəне мектептің даму тарихын
білу арқылы мұғалім біздің қазіргі мектептеріміздің осы күнге дейінгі
жинақталған бай тəжірибесімен танысады, сол арқылы ол өзін мұғалімдік
қызметке даярлайды.

6.

Мектеп тəжірибесі мен педагогикалық ой – пікірлер қоғам дамуының
əлеуметтік- экономикалық талаптары мен дəрежесіне тəуелді болады деген
объективті заңдылықты сүйене отырып, педагогика тарихының зерттеушілері
мектеп білімінің мазмұнын, ұйымдастырылуы мен əдістерін қайта құрудың,
педагогикалық көзқарастардың өзгеріп отыруының шын себептерін ашып
отырады.
Педагогика тарихы педагогика ғылымы мен мектеп тəжірибесінің
дүниежүзлік
маңызын жəне оның азаматтық, прогрессивтік педагогика
ғылымының дамуындағы ерекшелігін ашып көрсетеді.
Педагогика тарихын біз төмендегідей бөлімдерге бөліп үйренеміз.
1.
Адамзат қоғамының түрлі дəуірлердегі тəрбие, мектеп жəне педагогикалық
пікірлер.
2.
Мавероуннахр халықтарының педагогика тарихы.
3.
Орта Азия мен Қазақстанның Россия тарапынан жаулап алынуы кезеңіндегі
мектеппен педагогикалық ой пікірлер.
4.
19 – ғасырдың 2 – жартысындағы жəне 1917 жылға дейінгі Орта Азия мен
Қазақстандағы озат қоғамдық педагогикалық ой – пікірлер .
5.
Өзбекстан мен Қазақстанда мектеп пен педагогикалық ой – пікірлердің даму
тарихы.
6.
Шет ел жəне Россиядағы озат педагогикалық пікірлер .
Қазiргi түркi халықтарының ата-бабалары бұдан бiрнеше мың жылдар
бұрын жасаған болып, олар жоғары жəне өздерiне тəн мəдениеттi жүзеге
келтiруде қиын да ауыр, үлкен де күрделi жолды басып өткен. Алғашқы тас

7.

құралдарынан тiршiлiк үшiн пайдаланудан бiр қанша жетiлдiрiлген еңбек
құралдарын жасауға дейiн, одан рулық-қауымдық, тайпалық дəуiрлерiне
келiп, шаруашылық пен мəдени дамуда жеткен жетiстiктерге дейiн болған
тарихымыз ата-бабаларымыздың бай мəдениетке ие болғандығынан дерек
бередi. Қазiргi түркi халықтары
жасайтын өлкелерде өзiне тəн мəдени
дəуiрлер пайда болып, қалыптасып келген. Ата-бабаларымыздың бұндай
мəдениетiне тəлiм-тəрбиеге сай бай мұрасыда кiредi.
Зерттеушiлер тарапынан көрсетiлген, тiркелген мəлеметтерге қарағанда,
ең бұрынғы ескi бiрiншi тəрбие туралы естелiктер бiзге дейiн дəл жетiп
келмеген. Түркi жəне парсы тектес халықтардың «өмiр сүру мəдениетi,
даналық пiкiрлерi мен ойлары түрiнде көрiнiп, өмiрде бар болған нəрсеге
практикалық қатынаста болу үлгiсi бейнеленген рухани мəдениет естелiктерi
мен ескерткiштерi ежелгi грек тарихшысы Геродоттың «Тарих», Страбонның
«География» шығармалары, Махмуд Қашқаридiң «Девону луғатит турк»,
«Орхон Енесей» жазулары жəне баска сол сияқты əдеби тарихи жазбаларда,
естелiктерде сақталған жəне солар арқылы бiзге дейiн жетiп келген.
Бұл ескерткiштер адамның қалыптасуында материалдық жəне рухани
мəдениет қай дəрежеде маңызды роль атқарғандығынан дерек бередi.
Сондай-ақ тəрбие адамның мiнез-құлық пен адамгершiлiк жағынан жетiлiп
отыруына əсер еткен болса, адамның қалыптасып, жетiлiп отыруы да, өз
кезегiнде адамзат қоғамының қалыптасып, дамып отыруына ықпал жасаған.
Сонымен адамның өзiн-өзi байқауы
мен қоғам дамуы бiр-бiрiмен
тiкелей байланыста болған.
Адамдар жəне адамзат қоғамының пайда болуы кезеңiнде адам əрi
биологиялық жағынан əрi адам есебiнде қалыптасып, жетiлiп отырған.
Алғашқы
дiни
сезiмдер
мен
қарапайым
сиынулар
мен
көзқарас,
нанымдардың қалыптасып отыруы адам санасының дамып отыруына түрткi
болады. Бұл кезең мыңдаған
жылдарға созылып, адам санасының
қалыптасуы мен жетiлуiне негiз болған мiнез-құлық, əдеп, адамгершiлiк
ережелерi (нормаларымен қағидалары) пайда болады.

8.

Ең ежелгi адамдардың қарапайым тiлектерi, армандары мен үмiттерi,
қадiр - қасиеттерi ертедегi эпостарда, олардағы аңыздық образдар бейнесiнде
өз көрiнiсiн тапқан. Рухқа (əруаққа) сиыну тотемизм, сиқыршылық сияқты
дiни сенiмдер мен мерекелер, үрдiстер бейнеленген, сипатталган аңыздар мен
жырларда ең ертедегi ата-бабаларымыздың ойлау дүниесi көрiнiс тапқан.
Алайда бұл жырлар, аңыздар, массагеттер, сақтар, хорезмилер, соғдылар,
парсылар жасаған дəуiрлерге барып тақалады.
Мiне
осыларға
қарап
тарихи,
философиялық,
педогогикалық
əдебиеттерде зерттеушiлер жалпы ең ежелгi мəдени байлықтарымызды
үйренуде үш негiзгi тiрекке (негiзге) сүйенгендiгi көрiнедi.
1.
Халық əдебиетiнiң материалдары.
2.
Ұлы
данышпандар,
даналар,
ғұламалардың
творчестволық
мұрасы.
3.
Археологиялық қазбалар нəтижесiнде табылған заттар мен
бұйымдар.
Өткен замандарда адамдар еңбек əрекетi негiзiнде өз қажеттерiн өтеген
жəне бұл кезең жас ұрпаққа еңбек дағдылары мен шеберлiктерiн тудырумен
қалыптастыруға көмектескен
тарихшылар, педагогтардың көрсетуiнше
адамдардың еңбек əрекетi мен қабiлетi жас жағынан үш топқа бөлiнедi.
1.
Балалар мен жеткіншектер
2.
Өмiр мен еңбекке толық қатысушылар
3.
Кекселер.
Алғашқы қауымдық құрылыста бала өзi атқара алатын əрекетке
(еңбекке) тiкелей араласып, ол өмiр сүрумен, еңбек етуге үйренген.
Ер балалар еркектер атқаратын аңшылық, құрал жасау т.с.с. жұмыстарды
атқарса, қыздар, əйелдер еңбегiмен танысатын едi. Бала белгiлi бiр
даярлықтан соң сынақтан өтiп, кейiн практикалық əрекетке қатыса бастайды.
Рулық қоғам дəуiрiнде балалар еңбегiнде кəсiпке ұмтылу активтенiп
отырды. Тəжiрибелi адамдар балаларды тəрбиелеумен бiрге оларды жазуға
да үйрете бастады. Бiрте-бiрте тəрбие құрамына əскери патриоттық

9.

(отансүйгiштiк)
тəрбиесiнiң бастапқы түрлерi, алғашқы элементтерi ене
бастады.
Қоғам дамуымен бiрге балаларға жер өлшеу, тасқындардың алдын алу,
адамдарды дауалау əдiстерiне сай бiлiмдер беру жұмыстарыда кең өрiс ала
бастады. Нəтижеде мектептерге жəне жазуға қажеттiлiк сезiле бастайды.
Алғаш суретшiлiк дамып, пиктографик жазу (ең ежелгi суреттi бейнелi жазу)
пайда болған болса, кейiншелiк көршi мемлекеттерден енген əрiппен жазу
пайда болады да, ол тез тарала бастайды.
Зерттеушiлер əрамыздан алдынғы бiр мың жылдықтың орталарында А
Македонский болса, Юнон мəлiм бiр уақыттарда қолданылып келгенiн
мəлiмдейдi. Сол кездерде Хорезм, Орхан-Енесей (Рун) ұйғыр жəне басқа
жазулар бұл бағыттағы тəлiм-тəрбиенiң дамуында негiзгi орын иелейдi.
Себебi Адам алғашқы қауымдасып, жасау түрiн бiрте-бірте дамыта отырып,
əлем мəдениетінде үлкен өзгерістер жаратты. Сол сияқты Қытайда қағаздың
шығарылуы, Үндістанда есептеудің ондық системасының пайда болуы,
Месопотомияда
жер
шарын
градустарға,
тəулік,
сағатқа,
минутпен
секунттарға бөлудің пайда болуы, жариялануымен жүзеге асырылуы, Орта
Азияда Жерорта теңiзi Үндiстанды
байланыстыратын керуен жолының
пайда болуы, кейiн Орта Азия арқылы Қытайдан Жерорта теңiзiне дейiн
«Ұлы Жiбек жолының» ашылуы сияқты маңызды оқиғалар мəдениеттiң
дамуымен жазудың таралуына себеп болды.
Б.э.б шамамен 484-480, 431-425 жылдарда жасаған юнон (грек)
тарихшысы Геродоттың жасаған «Тарих» кітабында ертедегi парсылар,
сақтар мен массагеттер тəлiм-тəрбиелiк көзқарастарына сəйкес маңызды
мəліметтер берiлген. Халқымыздың тəлiм-тəрбиеге сай көзқарастары, мiнезқұлқына сай ерекшелiктерi ең ежелгi ескерткiштерде, мифтер мен аңыздарда
«Авесто», «Шахнаме» сияқты шығармаларда сақталып бiзге дейiн жетiп
келген. Ежелгi ата-бабаларымыздың адамды өте көп қадiрлейтiн қасиеттерi
ерлiк, батырлық, əдiлдiк, адалдық, адамгершiлiк т.с.с. болған. Табиғат пен
қоғамдағы өзгерiстер алғашқы қауымдық құрылыс, рулық, тайпалық өмiр

10.

сүру сияқты дəуiрлер бұл қасиеттердi дамытып отырғандығы мəлiм. Екi
үлкен күш яғни жақсылық пен жамандық арасындағы аяусыз күрес адамдағы
бұл қасиеттердiң тiкелей дамуына түрткi болған.
«Авесто» - ең ежелгi жазба ескерткiш есебiнде.
Əрамыздан алдыңғы мыңыншы жылдардың орталарында ең ежелгi атабабаларымыз тарапынан ерлiк, батырлық мазмұнындағы өте көп аңыздар,
жыр-дастандар айтылған болып, олар Зардушт дiнiнiң негiзгi (қасиеттi)
кiтабы «Авестоға» енгiзiлген. «Авесто»ның өзi кiм тарапынан жазылғаны
туралы түрлi пiкiрлер бар. Солардан Шығыстанушы ғалым Е.Э.Бертельстiң
пiкiрiнше, Райд Зардушт ибн Бахрам ибн Пажду деген кiсi тарапынан 1278
жылы жазылған «Зардуштнаме» дастанында Авестоны Зендани Зардушт
өмiрге келтiргендiгi, оның тууы мен өмiрi жайлы кiтап екендiгi айтылған.
Зардушттың өзi тiрi кезде-ақ оның дiнi көптеген өлкелерге таралады.
Ал Зардушт өлгеннен соң Зардуштiлiк дiнi жəне де кең тарала бастайды.
Кейбiр мəліметтерге карағанда «Авесто» э.б. VI ғ сонымен VII ғ бастарында
жаратылған болып, толық кiтап түрiнде б.э.б I ғ қалыптасқан (Оны зерттеу де
көп болған) «Авестоның» тəлiм-тəрбиелiк жақтарыда бар. Онда адамның
жеке басының қалыптасуымен дамуына сəйкес ағартушылық педагогикалық
пiкiрлердiң мəлiм бiр жүйесi көрініс тапқан. Тiптi «Авестоны» ерте
дəуiрлердегi ата-бабаларымыздың табиғи, ғылыми, ағартушылық, тəрбиелiк
пiкiрлерi топталған алғашкы педагогикалық шығарма деп есептеу мүмкiн.
Сондай-ақ, зерттеушiлер оның дiни сипаттылығын көрсетумен қатар
философия, саясат, тəлiм-тəрбие, əдебиет мəселелерiнде қамтыған шығарма
түрiнде көрсетiледi. Беруни «Авестоның» отаны туралы айта келiп, оны
Азербайжанда пайда болған дейдi де, Өткен буындардың ескерткiштерi
шығармасында Зардушттi жүзекi пайғамбарлар қатарында келтiредi. Зардушт
дiнi ежелгi Қорасан, Парсы, Ирак, Монғол, Балхтан тартып, Сурия жерлерiне
дейiн таралғанын айтады.
Тарихшы ғалым В.М.Абдиев болса, «Авесто» атты ежелгi дiни
жинақтың ежелгi бөлiмдерi осы Орта Азия жерiнде жүзеге келген болуы

11.

мүмкiн дейдi. Зараасризм дiнiнiң бiрiншi қасиеттi оты Хорезмде (болған
болуы мүмкiн дейдi). жазылған дей келiп «Авестода» суреттелген «Ариана
Вайжо» деген мемлекет Хорезм болған болуы мүмкiн дейдi, ол мемлекеттiң
«Авестода» сақталып қалған көрiнiсi Хорезмнiң географиялық жағдайларына
өте сəйкес келедi,- деп көрсетедi. (Абдиев «Ежелгi шығыс тарихы» Т.1961ж
646 бет) «Ғалымдардың көрсетулерiнше» «Авестоның» ең ежелгi заманға
тиiстi бөлiмi Орта Азияда, Хорезмде б.э.б бiр мың жылдықтың орталарында
жазылған болып шығады.
Олардың айтуларынша: Зардушт б.э.б VIг Хорезмде жасаған шаруалар
семьясы Спитама руынан болған. Əкесiн Паурушаспа, анасын Дугдова деп
атап, олар ат пен түйе бағумен айналысқан. Зардушт көп құдайлыққа сиыну,
құрбандықтар шалу нəтижесiнде малдар қырылып кетiп жатқанын жəне
тайпалар арасындағы келiспеушiлiктердi, қырқысулар мен наразылықтарды
көрiп, олардың алдын алуға əрекет етедi. Зардушт құдайдан келген көрсетпе
арқылы көп құдайлыққа қарсы бiр құдайлықты жақтап, соны таратады, күштi
өкiмет орнатып, жер жүзiнде тыныштық орнату үшiн күреседi, жақсылық пен
ізгiлiк құдайы Ахурамазданы қорғайды, жақтайды. Зардушттың мұнысын
жақтырмаған тайпа басшылары оны қуғындайды. Ол (Рай) Иранға қашады
да, өз дінiн сол жерде таратады жəне онда қолдау табады. «Авесто» кiтабы
бiзге дейiн 2 нұсқада жеткен. «Авестода» 5 бөлiм болып, онда жаман рухтар
мен диюларды жеңу жағдайлары, күнəлардан пəк болу, тазару ережелерi
жəне
мифологиялық
аңыздар
келтiрiледi.
Дiни
сиынулар
кезеңiнде,
құрбандық беруде айтылатын өлеңдер, күн, ай, от т.б. құдайлар мен белгiсiз
күштерге сиынулар туралы жазылған. Кейiнгi баптарында күнə жəне оның
жазасы, пəктiктiң маңызы көрсетiледi. От, су, жер, шаруашылық, ағаштар,
өсiмдiктер құрметтеледi, ең үлкен күнə жануарларға зұлымдық жасау, азар
беру қараланады. Сонымен қатар гигиеналық талап-ережелерге де мəн
берiлген. Жақсылық пен жамандық түсінiктерi талданады, еңбек арқылы
адам барлық жамандықтардан, жауыздықтардан құтылу мүмкiндiгi туралы ой
қозғалады. Барлық пiкiрлер, сөздер мен iстер негiзiнде iзгiлiк пен жауыздық

12.

жататыны аталады. Жақсы пiкiр дегенде жақын адамына мейірiмдi болу,
мұқтаждарға көмектесуге, жауыздыққа қарсы күресуге əрқашан даяр тұру,
адамдардың жақсы тұрмысы үшiн əрекет, ниеттер мен пiкiрлер арақатынасын
жасау, бiрлiк пен достыққа, татулықта жасауға ұмтылулары түсiнiлген. Адам
өз пiкiр қиялында басқаларға қастандық жасамауы керек. Жақсы ниеттi адам
қор болмайды, кем болмайды жəне басқа жамандықтарға берiлмейдi. Егер
Адам жаман ойға берiлсе, ондай жағдайда, ол жақсы ниетiнен айырылады,
борыш пен əділеттiлiк, адалдықты ұмытады жəне жағымсыз iстер iстеп қоюы
мүмкiн.
Зардушт жауыздық күштерiне көмектескендер мен аяусыз күреседi,
шаруашылықтың гүлдеп жайнауына кедергi жасайтындарға жалғандықты
жақтаушыларына қарсы аяусыз күреседi. Зардушт тəлiмiнде 15 жас балағат
жасы саналған. Жас өспiрiм балағат жасына жеткенде оған Зардушт
заңдарымен
қағидалары,
адамгершiлiк
белгiлерi
үйретiлген.
Жеткiншектердiң құдайшыл, еңбеккер, адал, əдiлеттi ой ниеттерiнде,
сөздерiнде, iстерiнде
адалдыққа айрықша мəн берiлген. Зардуштықтын
адамгершiлiк бағыттарына сəйкес адамның өз борышын сезiнуiнiң ең бiрiншi
белгiсi рухани тазалық деп есептеген. Мұнда əсiресе əйелдерге қамқорлық
жасау негiзгi адамгершiлiк борыш деп саналған. Тазалықты сақтауға, сан
қатар адамның өз тазалығын сақтауына, каналдар, көлдер, су қоймаларының
тазалығына айрықша мəн берiлген. Зардушттықта тамақтану ережелерi де
белгiлеп көрсетiлген. Себебi адам тамақтанбаса əрi (азаматтық, адамдық)
борышын, əрi қызметтiк борышын, əрi адамгершiлiк борышын өтей алмайды,
сондай-ақ адамның рухани өмiрi материалдық өмірімен жан-жақтама
ажыралмастай байланысқан. Жеп-ішпеген адамның сиынуға күш-қуаты
жетпейдi делінедi. Адамды күш-қуаттан айырады, əлсiретедi. Зардушттыққа
ораза тұту мəн етiледi.
Адам күш-қуатынан айырылса, əлсiресе, өз мойнына жүктелген мiндеттi
жəне Ахурамаздаға жəрдем беру мiндетiн атқара алмайды, ал олай болатын
болса, жауыз күштердiң жеңуiне себепшi болады делiнедi. Аш қалу мен

13.

жақсы, дұрыс тамақтанбау адамның мiнез-құлқына да əсер ететiндiгiн атап
көрсетедi.
Зардушттықта шарап iшуге тыйым салынбаған. Зардуштық дүниенiң
қызығынан бас тартуды талап етпейдi, керiсiнше дүниенiң қызығынан
шамасынша лəззат алуға, адам өз өмiрiн «жақсы күн көру үшiн» қажет
болған нəрселердiң мол- көпшiлiгiнде қызықты жəне бақытты өткiзуi
керектiгiн ұсыныс етедi. Қорыта айтқанда «Авестода» адамның жан-жактама
өсiп-жетiлуiнде оның сөзiнiң, пiкiрiнiң, iсiнiң бiрлiгiне үлкен мəн берiлген.
Бұл адамгершiлiктiң 3 белгiсi ең ежелгi дəуiрлерден бастап одан кейiнгi
жаратылған ағартушылык шығармаларға негiз болған десек қателеспеген
боламыз. Тiптi онда адамның жан-жақтама қалыптасып, өсiп-жетiлуi үшiн
қажет болған барлық талаптар, өмiрлiк тəжірибелiк жөн-жосық, бағыт-бағдар
өз көрiнiсiн тапқан. Сол себептi «Авесто» шығыс халықтарының да, Батыс
халықтарының да қасиеттi рухани мұрасы болып калған.
VIғ Жетiсу, Алтай, Орта Азияны мекен еткен ру тайпалары бiрiгiп, Түрiк
қағанаты дейтiн үлкен мемлекет құрды. (Зерттеушiлердiң айтуынша «Түрiк»
деген халықтың аты 542 жылдан белгiлi болса керек). Түрiк қағанатының
қоғамдық-экономикалық, саяси əлеуметтiк өмiрiнде сол кездерi жаугершiлiк
дəстүр маңызды орын алады. Олардың алғашқы көсемдерiнiң бiрi-Бумын
қаған айналасындағы көршi елдердi өзiне қаратады. Қағанаттың орталығы
Орхон өзенiнiң (қазiргi Монголияда) жағасында болады. Истими қағанның
тұсында VIғ елдiң териториясын бұрынғыдан да ұлғайтып, əскери қуаты арта
түстi. Көп ұзамай өзара қырғын соғыстар басталады да қағанат екiге (бiрi
Орталық Азиядағы Шығыс Түрiк, екiншiсi – Жетiсу шығыс Түркiстан Орта
Азиядағы Батыс Түрiк қағанаты болып) бөлiнедi.
VI-XII ғасырлардағы ежелгi түркi жазбаларындағы тағылымдар.
(VIғ Жетiсу) Батыс Түрiк қағандығы (астанасы Шу өзiне алқабындағы
Суяб қаласы) аварларды батысқа ығыстырып, Едiл, Жайық бойын өзiне
қаратты. Бiлге қаған мен оның iнiсi Күштеген осы ұлан-ғайыр қағанаттың
тəуелсiздiгiн Тан Қытай империясының шабылуынан үнемi қорғап келдi.

14.

Батыс Түрiк қағандығына қараған əртүрлi тайпалар кейiннен қазақ халқының
құрамына енгенi тарихтан өмiрiн баяндайтын жазба ескерткiштер бiзге жетiп
отыр.
Солардың бiрi «Құлтегiн», 2. Бiлге Қаған», «Тоныкөк» дастандары.
Құлпы тасқа жазылған осы ескерткiштер Орхон-Енесей деп те аталады.
Бұлардың авторы Иоллығ Тегiн дейтiн шежiрешi екендiгі белгiлi болып отыр,
бiрақ қайда туып, қашан өлгендiгi жөнiнде мағлұмат жоқ. Шамамен VIIIғ
орта шенiнде өмiр сүрген болуы керек. Жазба ескерткiштердiң мазмұнына
қарағанда ол өз заманында бiлiмдi адамдардың бiрi болғаны байқалады. Бiлге
қаған iнiсi Құлтегiн кайтыс болғаннан кейiн 731 ж өмiрлiк есте қалдыру үшiн
шет жұрттан шеберлер алдырып Қожа Сайдам ойпатына үлкен ескерткiш
орнатады да мұндағы өсиет сөздердi өз ағайыны Иоллығ тегiнге жаздырады.
Кейiннен Бiлге қаған қайтыс болып, iнiсiнiң қасына жерленедi. Осы
ескерткiштiң текстiн жазған да Иоллығ тегiн «Құлтегiн» (Түркi қағанаты
туралы сөз) ескерткiшiне дейiн де халық жадында сақталған ежелгi
бабаларымыздың ерлiк iстерiн, тұрмыс салтын жұртқа паш еткен шежiрелер
болуы ықтимал. Бiрақ ол жайында əзiрше еш мəлімет жоқ. Автор Түркi
тарихын олардың саяси аренаға шыққан кезi VIғ ортасынан бастайды, яғни
Түркi ордасын құрған дəуiрден бергi 200 жылдық тарихты сөз етедi.
«Құлтегiн» ескерткiшi желiсi жағынан екi бөлiм (Кiшi Құлтегiн, Үлкен
Құлтегiн ) нен тұрады. Бiрiншiсi жазылу мерзiмiнiң кейiн тұрғанына қарамай
түркi тарихының кiрiспе бөлiмi iспеттес де, екiншiсi мемлекет тарихының
негiзгі бөлiмi «ел өсиетi» болып есептеледi. Құлтегiн ежелгi түркiлердiң
тамаша ерлiк сипаттарын бойына жан-жақты дарытқан жау жүрек батыр,
ұланғайыр кең даланы еркiн билеген дала халқының қайсар жауынгерi. Ал
Тоныкок болса талай қанды жорықтардың куəсi, үлкен өнер иесi, ойшыл,
философ, соғыс пен бейбiтшiлiк халық дипломатиясының бiлгiрi. Тас
жазуларда ерлiк пен ездiк, құлдық пен тəуелсiздiк тəлiм-тəрбие, тұрмыс салт
мəселелерi, əсем айшық өрнектер мен жанды бейнелерге толы сезiм
толғаныс, баяндалады. Мəселен, «Бiзге жеңiс əперген - суымыз, отанымыз

15.

деп бiлу керек. Қандай қағанат болмасын, оның халқының арасында пəтуасыз
(жалқау, оңбаған) табылса, онда сол халықтың қанша соры бар десеңiзшi.
Құлақ қойып тыңдаңыздар, тереңiнен ойлап толғаныңыздар…… су
ағысы тартылса жас жапырық қурайды, адамдардан күш кетсе жат кiсiге
бағынады…..
менiң
ағам
менi
Адам
еттi…..
Аштықта,
тоқтықта
түсiнбейсiң…. Жақын отырған сайдың құрметтiсiн алады, алыс отырған
сайдың немкеттiсiн алады», деп келетiн сөз тiркестерiнiң тəлiм-тəрбиелiк
мəнi зор. Құлпы тастарда осы iспеттес жас жеткеншiктердi халқын сүюге,
жақсы
ұнамды
əдет-ғұрыптарға
баулу,
үлкендi сыйлау,
зеректiкпен
ойшылдыққа, батылдыққа үйретiп тəрбиелеу жайындағы мəселелер сөз
болады. Бұлардың қазiргi жастарымыз үшiн тəлiмдiк мəнiн жоймайтыны
анық.
Тасқа жазылған дастандардан тəлiм- тəрбиелiк идеясымен астарлас
рухани мұраның бiрi – Қорқыт ата тағылымдары. VIII-IXғ төңiрегiнде
Сырдарияның
орта
жəне
төменгi
бойын
жайлаған
Оғыз-Қыпшақ
тайпаларының мемлекетi болды. Оғыздар арасынан шыққан əйгiлi күйшi,
музыкант, жыр алыбы, аңыз кейiпкерi ұзақ өмiр сүрiп, жазмышқа қарсы
күресiп, адамның мəңгi жасауын арман еткен кемеңгер, ғұлама Қорқыт едi.
Өлiм қатері, одан құтылу туралы өзiнiң асыл ойлары мен тебiренiстерiн
қобыздың зарлы əуенiне қосқан Қорқыт туралы аңыз-жырлар бізге жеткен.
Қорқыт ата кiтабы - Орта Азия, Қазақстан жəне Əзербайжан халықтарының
аса көрнектi жазба ескерткiшi Қорқыттың музыкалық- этнографиялық
мұрасы бұрынғы совет одағын мекендейтiн түркi тiлдес халықтардың
барлығының рухани игiлiгі. Қорқыт ата тағылымдарының тəлiмдiк мəнi
күштi түрлi офоризмдер, қанатты сөздер, ұстаздық ұлағаттар көптеп
кездеседi. Бұлар тек тарихи этнографиялық тұрғыдан ғана емес сонымен
бiрге осы аймақтағы тəлiм-тəрбиелiк ой- пiкiрлерiнiң өзiндiк ерекшелiгiн
бейнелейдi. Қорқыт есiмi көшпелi қазақ жұртының арасында ерте заманнанақ ерекше қастерленiп келедi. Сондықтанда халқымыз:
Жыраудың үлкен пiрi-Қорқыт ата

16.

Бата алған барлық бақсы ақын ата
Таңқалып жұрттың бəрi тұрады екен
Қобызбен Қорқыт ата күй тартқанда-деп тегiн жырламаған.
1960 жылы Сырдарияның төменгi ағысында, жосалы (Қызылорда
облысы, Қармақшы ауданының орталығы) станциясының солтүстiк батысына
таман Қорқыт мекенiнен бiр жарым шақырым жердегi оның зиратының
басына тамаша ескерткiш орнатылды.
Қорқыт ата нақылдарында тəлiм-тəрбиелiк сипаттағы ақыл-кеңестер əр
қырынан сөз болғанын жоғарыда айттық. Мəселен, имандылық, кiсiлiк,
қанағатшылдық, əрекетшiлдiк жайында айтылған мынадай ақылдарға құлақ
түргенiмiз абзал. «Тəңiрiне сиынбаған адамның тiлегi қабыл болмайды. Жiгiт
тiрiсiнде Қаратаудай қылып бiр күн тыныштық көрмей дүние жияды,
байиды. Бiрақ соның iшiнен ол өзiне тиiстi үлесiн ғана жейдi. Менмен,
тəкəппар адамды тəңiрi сүймейдi. Басқалардан өзiн жоғары ұстаған адамға
тəңiрi бақ бермейдi…..»
Дана ойшылдың ата-ананы сыйлап, құрметтеу жарасымды қарымқатынас, ұл мен қыз тəрбиесi, адамның əр-түрлi мiнез-құлық сипаттары
жайында айтқан тағылымдары да бүгiнгi ұрпаққа өнеге боларлықтай «Өзiнен
тумаса ұл өгей; қаншама бағып қаққанмен ол саған ұл болмайды….
Мыңдаған мал жиғанмен адам жомарт атанбас. Анадан өнеге көрмеген қыз
жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай болса ел басын құрып,
үйiнен дəм беруге де жарамайды. Ананың көңiлi балада болар… Ұлың өсiпжетiлсе,
от
басының
мерейi,
бас
көзi»
Қорқыт
ата
жеткiншек,
жасөспiрiмдердiң жанымен қоса тəнiмен шынығуына, елi мен жерiн жан
тəнiмен сүйiп қасықтай қаны қалғанша жаудан қорғайтын жау жүрек батыр
болғанын аңсайды. Осыған орай ол былай дейдi: « Жол қиындығын
көрмеген, жабы мiнген жiгiтке Кавказ арғымағын мiнгiзуден келер пайда
жоқ. Қолына өткiр қылыш алып, соны жұмсай бiлмеген қорқаққа қылыш
сермеп, күшiңдi сарп етпе. Батыр туған жiгiттiң садағының оғы да қылыштай
кесiп түседi… Қолына ұстаған болат қылышың мұқалмасын.
Жауға атқан

17.

садағың өткiр, жеткiншектiң көпшiл, қонақжай ата жолын қуған ақ пейiл
Адам болғанын қалайды. («Қонағы жоқ қараша үйден құлазыған түз артық..
Ата даңқын шығарып, өзiнiң тегiн қуған балаға ешкiм жетпейдi. Өтiрiк сөз
өрге баспайды, өтiрiкшi болғаннан жарық көрiп, өмiр сүрмеген көп артық,
сөзiне берiк, шыншыл адамға бұл дүниеде 30 жылды 3-ке көбейтiп өмiр сүрсе
де аз») Отбасы ошақ қасының, үй iшi тыныс тiршiлiгiнiң берекесi, ұрпақ
тəрбиесi əйел жұртының кескiн - келбетiмен қатар əдептi, көрегендi,
адамгершiлiк, иманжүздiлiк қасиеттермен де тiкелей байланысып жатады.
Осыған орай Қорқыт атаның айтқандары көңiл аударарлықтай. Ол əйелдердi
төрт түрге бөледi, бiр тобы отбасының тiрегi, үйдiң құты, қонақжай, үрiм
бұтақтары өсiп-өнген жандар. Мұндайлар «Айша мен Фатимадан бата
алғандар». Əйел қауымының екiншi бiр өкiлi ынсапсыз, қанағатсыз, есiлдертi тамақ; мəселен бiр шелек айранды басына көтерiп, қарнын қампитатын,
содан соң маңдайын сабалап жалана бастайтын доптай жан. Əйелдердiң
үшiншi түрi: салақ, түске дейiн ұйықтайтын, кiр-қожалақ, мал-мүлкi, көрпе
төсегi жиналмай шашылып жататын, қазан –аяғын ит жалап, үйiне тайынша,
бұзау сүйкенiп, сауылмай тұрған сиыры мөңiреп тұрған үйдiң иелерi» Бұл
өсек айтып, есiк - тесiктен сығалар, үрген доптай əйелдер. Бұлардың 4-шi
түрi адам тiлiн алмайтын қасарыспа кесiр, барынша қырсық əйелдер. Қанша
айтсаңда баяғысындай мiзбақпайтындар. Бұлар ерi «Орныңнан тұрып, нан
əкел, желiк, қонағыңда жесiн-десе. «Үйде пiскен нан жоқ» дейдi. «Барыңды
бер»-десе əйелi «Не айтып отырсың, үйiңнiң əлде қашан қу молаға
айналғанын бiлмейсiңбе? Дастарқаныңды төсесе берерiм жоқ - деп бармағын
көрсетедi, ерiне сыртын берiп дастарқанды кiсi алдына тастайды». Қорқыт
атаның əйел халқының түрлi типтерi туралы осылай айтқандары өзiнiң
тəлiмдiк мəн-мағынасын ешқашанда жоймайтын, қайта мəңгүрттiк пен
имансыздық жайлап келе жатқан қазiргi қазақ қауымы үшiн ақиқат.
English     Русский Правила