Құзіреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттері
Эпидермис – терінің сыртқы өлі жасушалар жиынтығынан тұратын қабаты. Эпителий – терінің сыртқы эпидермис қабатын құрайтын ұлпа.
1.36M
Категория: МедицинаМедицина

Құзіреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттері

1.

2. Құзіреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттері

Құзіреттілікке жеткізетін мақсатміндеттері
Ақпараттық құзіреттілік- студенттерге тері, оның
құрылысы және атқаратын қызметтері туралы.
Коммуникативті құзіреттілік- әңгімелесу, электрондық
оқулық, түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып
сабаты түсіндіру.
Проблеманы шешу- тері тақырыбы төңірегінде
туындайтын сұрақтар.

3.

Тері

4.

5.

Сыртқы қабат –
эпидермис
Нағыз тері –
дерма қабаты
Шел қабаты

6.

Тері – дененің сыртқы жабыны. Тері негізгі үш қабаттан тұрады. Сыртқы
қабат, нағыз тері қабаты және шел
қабаты.
1. Сыртқы қабат – эпидермис
көпқабатты эпителий ұлпасынан түзілді.
Оның терең қабатында пигмент болады,
терінің түсі осыған байланысты.
Эпидермистің қалыңдығы барлық жерде
бірдей болмайды. Ол қысым көп түсетін
және көп үйкелетін жерлерде (алақанда,
табанда ) қалыңдау болады.Ол үнемі
түлеп, тереңірек орналасқан
жасушалардың есебінен жаңарып
отырады. Эпидермис өлі, мүйізденген
жасушалардан тұрады. Балалардың тері
эпидермисі өте жұқа болады.

7.

8.

2. Ортаңғы қабаты – дерма
немесе нағыз тері орналасқан.
Онда жүйке талшықтарының ұштары мен
қан тамырларының жиі торы орналасқан.
Балалар мен жасөспірімдерде нағыз
тері қабаты 16 жасқа дейін өседі.
Бұнда көптеген рецепторлар, май
және тер бездері, түк түбірі орналасады.

9.

3. Шел қабаты – терінің ең терең қабаты.
Ол жұмсақ дәнекер ұлпасынан және
жасушалардың шоғырынан тұрады. Ол
“төсеніш” қызметін атқарады. Қоректік
заттардың және энергияның “қоймасы”
болып есептеледі.

10.

Май бездері – нағыз теріде түк түбірлерінің
маңында орналасады. Алақан мен табанда
мүлдем болмайды. Адам тәулігіне 20 гр
дейін май бөледі. Ол теріні құрғап кетуден,
жарылудан сақтандырып, шаш-түкті жұмсартып оған жылтыр рең береді.
Тері бездері - нағыз терінің терең қабатында және шел қабатында болады. Олар
шумаққа оралған түтікшелер болып табылады. Тері бездерінде терінің бетіне бөлініп
шығатын тер түзіледі. Олар табанда, алақанда көп болады. Әдетте тер аздаған
мөлшерде бөлініп отырады да , сол сәтте
терінің бетінен буланып отырады. Қоршаған
ортаның температурасы жоғарылағанда
немесе қызу дене еңбегі кезінде тер бөліну
күшейеді.

11.

Түктер – бұл тері түзінділері. Олар
жануарлар сыртында өсетін ерекше
түзіліс.
Олар терінің бетінде көлбеу орналасқан. Әрбір түктің түбірі мен өзегі
болады. Түбір түк қалтасында
орналасқан.
Кез-келген түкте бірыңғай салалы
бұлшықет талшығы, эфференттік
жүйке
ұштары және қан тамырлары
болады.

12.

13.

Тері барлық ұлпалар мен мүшелерді
механикалық зақымданудан
сақтандырып, ағзаға бөгде заттардың, ауру тудыратын
микроағзалардың енуіне жол бермейді. Тірі ағзаны өтпе
сәулелердің артық мөлшерінің зиянды әсерінен қорғайтын қоңыр пигмент жасап шығарады. Теріде
балалардың мешел ауруының дамуына кедергі жасайтын Д
дәрумені түзіледі.
Теріде қысымды, ауырғанды, суық пен жылуды қабылдайтын
әртүрлі рецепторлар болады. Олар адамды жарақаттанудан,
күюден, үсуден сақтайды.Тері сезімталдығы ағзаның қоршаған
ортамен өзара байланысында маңызды роль атқарады. Тері
сезімталдығынан айырылса, адам көп жарақаттанады, себебі
ешнәрсені сезбейді. Сонымен қатар терінің бактерияны жою
қабілеті бар. Таза тері микроағзаларды жоятын зат –лизоцим
жасап шығарады.

14.

15. Эпидермис – терінің сыртқы өлі жасушалар жиынтығынан тұратын қабаты. Эпителий – терінің сыртқы эпидермис қабатын құрайтын ұлпа.

16.

17.

Гигиенасы

18.

Шынығу дегеніміз- бұл жылу реттеуші
механизмдерді жаттықтыру және
жетілдіру, ағзаның қоршаған орта жағдайларына
бейімделу және
төзімділік қасиетін арттыру.
English     Русский Правила