1.29M
Категория: ПромышленностьПромышленность

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі

1.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ
МИНИСТРЛІГІ
С.СЕЙФУЛЛИН атындағы ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
“ҚазАгро” АҚ
Дайындағандар:Серікұлы.І, Сәлім.Қ, Сулейменов.Т,
Сәден.Е, Советова.Д, Сарқыншақ.Ә
Тексерген:Икматова.Э
Астана 2018

2.


Құру тарихы
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі (бұдан әрі - Холдинг) Қазақстан Республикасы Президентіні ң 2006
жылғы 11 желтоқсандағы №220 «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ң кейбір м әселелері туралы»
Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жыл ғы 23 желто қсанда ғы Қаза қстан
Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы №1247 « Қаза қстан Республикасы Президентіні ң
2006 жылғы 11 желтоқсандағы №220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қаулысына
сәйкес құрылған.
Холдингке Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 24 а қпанда ғы №748 « Қаза қстан
Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы №220 Жарлы ғына өзгерістер енгізу туралы»
Жарлығына және и Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жыл ғы 13 наурызда ғы №297 « Қаза қстан
Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы №1247 қаулысына өзгерістер мен толы қтыру енгізу
туралы» Қаулысына сәйкес ұлттық басқарушы холдинг ат берілді.
Холдинг АӨК саласында қызметін жүзеге асыратын ЕАҚ инвестициялы қ активтерін тиімді бас қаруды ж әне
корпоративтік мәдениетін дамытуды қамтамасыз ету арқылы Қаза қстан Республикасыны ң А ӨК дамытуды
ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру ма қсатымен құрыл ған.
Холдингтің миссиясы нәтижелілік, ашықтық және холдингтің құрылымдарын тиімді корпоративтік бас қару
қағидаттарында АӨК индустриялық дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру
болып табылады.
Ауыл шаруашылығын дамытудың маңызды стратегиялық жобаларыны ң қаржылы қ операторы бола
отырып, холдинг АӨК өндірістік, ақпараттық және сервистік инфра құрылымын әрі қарай дамытуды ж үзеге
асыру арқылы мемлекеттік және тартылған қаражатты қолжетімді, мақсатты ж әне тиімді пайдалануды
қамтамасыз ететін болады.

3.


Миссия, мақсаттар, даму стратегиясы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қо ғамыны ң 2011-2020 жылдар ға арнал ған Даму стратегиясын бекіту
туралы» 2011 жылғы 31 қантардағы № 52 қаулысына сәйкес «ҚазАгро» холдингі» АҚ миссиясы, пайымдауы, 2011-2020 жылдар ға арнал ған қызметіні ң
стратегиялық бағыты, мақсаттары, міндеттері, қызметінің т үйінді көрсеткіштері анықталды.
Холдингтің миссиясы
Холдингтің миссиясы нәтижелілік, ашықтық және Холдингтің құрылымдарын тиімді корпоративтік бас қару принципінде А ӨК индустриялы қ дамытуды
ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
Холдингтің пайымдауы
Холдинг 2020 жылға қарай Қазақстан Республикасының АӨК салаларының тиімділігін арттыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласында ғы
жетекші басқарушы компания болады.
Ауыл шаруашылығын дамытудың маңызды стратегиялық жобаларыны ң қаржылық операторы бола отырып Холдинг А ӨК өндірістік, а қпаратты қ ж әне
сервистік инфрақұрылымын әрі қарай дамытуды жүзеге асыру арқылы мемлекеттік ж әне тартыл ған қаражатты қолжетімді, ма қсатты ж әне тиімді
пайдалануды қамтамасыз ететін болады.
2020 жылы Холдинг және оның барлық еншілес құрылымдары корпоративтік басқару рейтингіне ие болады, ол қызметіні ң ашы қты ғы мен адам әлеуетін
дамытудың жоғары өлшемі негізінде Холдинг компаниясы тобыны ң корпоративтік дамуыны ң жо ғары м әдениетін д әлелдейді.

4.

5.

Қызметі
Халықаралық ынтымақтастық
Әлеументтік жауапкершілік
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Екінші деңгейлі банктерді қорландыру бағдарламасы
Холдинг қызметінің нәтижесі
100 нақты қадам

6.


Кредиттік қызметі
2016 жылы Корпорация ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржыландыруға 122,2 млрд теңге жұмсады, бұл
алдындағы жылы берілген қаражат көлемінен 73% артық. Корпорация барлық көрсеткіштер бойынша тұрақты өсімді
көрсетеді. 2016 жылы жарғылық капитал бір жылда 68% ұлғайып, 158,6 млрд. теңге деңгейіне жетті. Меншікті капитал 150,4
млрд теңгені, ал жиынтық активтер 218,4 млрд теңгені құрады. Несие қоржыны жылына 21% өсті және 161,8 млрд теңгені
құрады.
Қомақты капитал мен ауқымды филиалдық желі, бүкіл Қазақстан бойынша құрылған 185 кредиттік серіктестік, екінші
деңгейдегі банктер, лизинг компаниялары және микроқаржы ұйымдарымен ынтымақтастық түріндегі барлық қажетті
құралдарға ие бола тұра, Корпорация мүмкіндігінше көп АӨК субъектілерін қолжетімді қаржыландырумен қамту үшін
барлық қажетті жағдайды жасайды.
Қазіргі таңда "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ кредиттеудің келесі түрлерін жүзеге асырады:
"Агротехника" бағдарламасы
"Агрокоммерция" бағдарламасы
"Іскер" бағдарламасы
"Агроэкспорт" бағдарламасы
"Агробизнес" бағдарламасы
"Кең дала" бағдарламасы
ҚРҰҚ қарызға алынған қаражат есебінен инвестициялық бағыттарды кредиттеу бағдарламасы
Мүдделі әлеуетті қарыз алушылар Корпорацияның Орталық аппараты кеңсесі мен барлық аймақтық филиалдарынан қағаз
және электрондық түрінде ақпарат ала алады.

7.


Құқықтық база
Қазақстан Республикасының негізгі заңнамалық актілері
1. Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңы
2. Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының
2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы
3. Астық туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңы
4. Мақта саласын дамыту туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы
5. Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңы
6. Ветеринария туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңы
7. Қаржы лизингі туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шілдедегі Заңы
Қазақстан Республикасының басқа құқықтық актілері
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы
23 желтоқсандағы N 1247 Қаулысы
2. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік
міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 205 бұйрығы
Ішкі нормативтік құжаттар
Жарғы
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының тәуекелдерін басқарудың корпоративтік жүйесінің
Тұжырымдамасы
Жалғыз Акционердің Бұйрықтары

8.


Басшылық
Директорлар кеңесінің құрамы
Шөкеев Өмірзақ Естайұлы Директорлар кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Ауыл
шаруашылығы министрi
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрі
Сүлейменов Тимур Мұратұлы Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі
Жәмішев Болат Бидахметұлы Директорлар кеңесінің мүшесі, «Қазақстан даму банкі» АҚ Басқарма төрағасы
Егімбаева Жанна ДачерқызыТәуелсіз директор
Жандосов Ораз Әлиұлы Тәуелсіз директор
Мұхамбетжанов Берік КөпжасарұлыТәуелсіз директор
Жұмағазиев Эльдар Тынышбайұлы Тәуелсіз директор
Құрманов Рүстем Жомартұлы Директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы
Басқарма құрамы
Құрманов Рүстем Жомартұлы «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы
Жолдасов Елнар Расылханұлы «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қаржы жөнінде басқарушы директоры, басқарма мүшесі
Мунжасаров Жұмағали Ахметғалиұлы «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Құқық мәселелері жөніндегі басқарушы директор,
басқарма мүшесі
Джувашев Асылхан Болатұлы
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Активтер және инвестициялар жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі
Раисова Гүлмира Болатқызы «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ HR мәселелері жөніндегі басқарушы директор, басқарма мүшесі

9.


«ҚазАгро» АҚ қаржы институттарымен қаржыландыру
«Сыбаға» бағдарламасы
Еттi тұқымды жас төлдiң ұдайы өндiрiсi үшiн IҚМ
аналық басын және асыл тұқымды өндiрушi бұқаларды
сатып алуға АӨК субъектiлерiн кредиттеу бағдарламасы
(«Сыбаға») кредиттеудiң келесi талаптарын қарастырады:
Бағдарлама мақсаты Етті және етті-сүтті бағыттағы
жылқылар санын ұлғайтуды қамтамасыз ету

10.


Жылқыларды сатып алуға төлем нысаны мен қарыз берудің тәртібі Корпорация/КС
қарыз алушыларына қарыз қолма-қол ақшасыз нысанмен беріледі. Жылқыларды сатып
алуға төлеу нысаны – қолма-қол ақшалай және ақшасыз:
Жылқылар үшін қолма-қол ақшалай төлеу нысаны Корпорация/КС қарыз
алушыларымен сомасы 15000000 (он бес миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде
қолданылады. Егер кредиттің жалпы сомасы 15000000 (он бес миллион) теңгеден асқан
жағдайда қарыз 15000000 (он бес миллион) теңгеден аспайтын транштармен беріледі.
Жылқылар үшін төлемнің қолма-қол ақшасыз беру нысаны жеке тұлға-Корпорация/КС
қарыз алушысының қарауы бойынша қолданылады.
Заңды тұлғалар — Корпорация/КС қарыз алушылары үшін жылқылар үшін қолма-қол
ақшалай төлеу нысаны заңды тұлғалармен есеп айырысқан жағдайда тиісті қаржы
жылына белгіленген 1000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде ғана
қолданылады.
Транштармен қаржыландырылған жағдайда екінші және кейінгі транштарды беру
алдыңғы транш бойынша ақша қаражатының нысаналы пайдаланылуын растайтын
құжаттарды Корпорация/КС қарыз алушысы ұсынғаннан соң жүргізіледі, егер өзгесі
Корпорация/КС Кредиттік комитетінің шешімімен белгіленбесе.

11.


СомаҚарыз алушылар үшін, КС қоспағанда — 4500000 теңгеден бастап
Корпорация меншікті капиталының 25% дейін; КС үшін — 2500 000
теңгеден бастап 100000000 теңгеге дейін.
Кредиттердің түрлері Жылқылардың аналық басын сатып алуға, негізгі
құралдарды сатып алу мен жөндеуге қарыз (КС қоспағанда)/
жаңартылмайтын кредит желісі, тұқым айғырларды сатып алу мен
айналым қаражатын толтыруға жаңартылатын кредит желісі.
Кредит желісінің мерзімі 120 айға дейін
Кредит/транш мерзімі
жылқылардың аналық басын және тұқым айғырларды сатып алу — 120
айға дейін;
негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеу — 120 айға дейін;
айналым қаражатын толтыру — 24 айға дейін.

12.


Қойылатын негізгі талаптар
сатып алынатын жылқының (биенің) жасы 12-ден бастап 36 айды
қоса;
сатып алынатын жылқылардың аналық басын қаржыландыру көлемі
жылқының бір басы үшін 350000 (үш жүз елу мың) теңгеден аспауы
тиіс;
жасы 24 айдан артық, жылқылар саны өсімпаздық жастағы 15
аналық биеге жарамсызын шығару және өлім-жітімді шегере отыра 1
өндіруші арасалмағымен меншікті және/немесе кредиттік ресурстар
есебінен сатып алынатын өндіруші тұқым айғырлардың болуы;
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережелеріне сәйкес
қолда бар және сатып алынатын жылқылар басын бірдейлендіру.

13.


Агроөнеркәсiптiк кешенi субъектiлерiн көктемгi егiн егу және күзгi жиын-терiм жұмыстарын жүргiзудi несиелеу
бойынша «Егiнжай» бағдарламасы
Бағдарлама мақсаты — көктемгi егiн егу және күзгi жиын-терiм жұмыстарын жүргiзудi несиелеу арқылы АӨК
субъектiлерiн қолдау.
Мақсатты топ — заңды және жеке тұлғалар — АӨК субъектiлерi.
Мақсатты бағыттау — көктемгi егiн егу және күзгi жиын-терiм жұмыстарды жүргiзуге АӨК субъектiлерiн
несиелеу.
Бiр қарыз алушыға берiлетiн қарыздың/несиелiк жүйенiң максималды сомасы — 6 000 000 (алты миллион) теңге.
Бiр қарыз алушыға берiлетiн қарыздың/ несиелiк жүйенiң максималды сомасы — 1 000 000 (бiр миллион) теңге.
Қаржы инструментi — қарыз, жаңартылатын/ жаңартылмайтын несие желiсi.
Сыйақы үстемесi — жылдық 9,5%.
Тиiмдi сыйақы үстемесi — жылдық 10,2% аспайды.
Несие желiсiнiң мерзiмi — 36 айдан аспайды.
Қарыз/транштың мерзiмi
18 айдан аспайды;
жем-шөп дақылдарын (көпжылдық шөптер) өсiруде — 36 айдан аспайды.
Негiзгi борышты қайтару бойынша мерзiм — ай сайын/ тоқсан сайын/ жарты жылда 1 рет/ жылда 1 рет, несиелеу
мерзiмi бойынша жартылай/ толық мерзiмнен бұрын қайтару мүмкiндiгiмен.

14.


Сыйақыны қайтару бойынша мерзiм — ай сайын/ тоқсан сайын/ жарты жылда 1 рет/ жылда 1 рет, несиелеу мерзiмi бойынша
жартылай/ толық мерзiмнен бұрын қайтару мүмкiндiгiмен.
Негiзгi борышты қайтару бойынша жеңiлдетiлген мерзiм:
12 айдан аспайды;
жем-шөп дақылдарын (көпжылдық шөптер) өсiргенде — 18 айдан аспайды.
Сыйақыны қайтару бойынша жеңiлдетiлген мерзiм:
12 айдан аспайды;
жем-шөп дақылдарын (көпжылдық шөптер) өсiргенде — 18 айдан аспайды.
Қаржыландыру көлемi — қарыз алушы көрсеткен егiстiк алаңдардың Ауыл шаруашылығы министрлiгi тиiстi қаржыландыру
жылына ұсынған 1 га көктемгi-дала жұмыстарын жүргiзуге шығындар нормативiнiң есебi бойынша, оның iшiнде бiрiккен қызмет
туралы келiсiм-шарттар бойынша.
Қамтамасыз ету — Қоғамның кепiлдiк саясатына сәйкесi.
Қарыз алушыға қойылатын негiзгi талаптар:
өтiнiш берген күнiне салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң болмауы;
соңғы есептi күнге (өтiнiш беретiн айда) ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзiмi өткен берешегiнiң болмауы;
несиелеуге болатын несие тарихы (несие тарихы бар болса);
3 жылдан ұзақ емес мерзiмдегi дақылдарды көрсетiп, нақты егiн егiлген жерлердiң әрi қызметтi атқарудың нақты уақытындағы
өнiмдiлiк туралы мәлiметтiң болуы;
егiн егетiн жерлердiң бар екенiң растайтын құжаттың болуы, оның iшiнде бiрлесе жұмыс iстеу туралы келiсiм-шарт та;
Қоғамға қарызды мақсатты түрде пайдалануды тексеру үшiн қажеттi және жеткiлiктi құжаттарды тапсыру.

15.

Назарларыңызға
рахмет!
English     Русский Правила