Қазақ халқының әдеби және музыкалық мұрасы
Қазақ халқының әдеби мұрасы
Қазақ халқының музыкалық мұрасы
Қазақ халқының атақты күйшілері: Құрманғазы Сағырбайұлы Дәулеткерей Шығайұлы Дина Нүрпейісова (1818-1889) (1820-1887)
844.08K
Категория: КультурологияКультурология

Қазақ халқының әдеби және музыкалық мұрасы

1. Қазақ халқының әдеби және музыкалық мұрасы

2. Қазақ халқының әдеби мұрасы

* Қазақ
әдебиеті
— қазақ халқының ғасырлар
қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани,
мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы.
Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес
тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай
тұрған кезiнен басталады.Халық фольклоры мен
поэзиясының негiзi сол тайпалар шығарған ертегi,
аңыз, мақал-мәтелдерде жатыр. Батырлардың
отаншылдық сезiмi, туған халқының азаттығы
жолындағы күрестерiн жырға қосқан батырлық
эпостар («Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр»,
«Ер Тарғын», «Қамбар батыр», т.б.), халық арасына
кең тарап, сүйiктi шығармасына айналған,
жастардың адал махаббаты, алмағайып тағдыры
жырланған лиро-эпикалық дастандар («Қозы
Көрпеш — Баян сұлу», «Қыз Жiбек», т.б.) қазiргi
қазақ әдебиетінiң өз алдына мол мұрасы болып
саналады.
*
Жыраулар – сөз өнерінің ілкі авторлары, ақындыққа
жол ашқан асыл сөз шеберлері, халықтың
шешендікпен ұштасқан ойлы – сырлы толғау, арнау,
термелер мен эпостық жырлардың бастау
бұлақтары.

3.

Жырау әдебиетінің негізгі өкілдері:
Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбет,
Ақтамберді жырау,Қазыбек,Бұқар,
Шалкиіз,Жиембет,Марқасқа және
т.б.

4.

Лиро-эпостық жырлар немесе ғашықтық
жырлар — оқиға желісі бірін-бірі құлай сүйген
екі жас арасындағы махаббатқа құрылған
лирикалық әрі эпикалық шығарма. Көпшілігінің
оқиғасы сүйгеніне қосылуды аңсаған, жастарға
ескі салт-сана қарсы тұрып, мерт қылумен
аяқталады.
* Қазақ
Лиро-эпостық жырлары негізінен екі
түрге бөлінеді:
* 1.Қазақ әдебиетінің төл
туындылары - "Қозы
Көрпеш - Баян Сұлу", "Қыз Жібек", "АйманШолпан"; "Күлше қыз", "Құл мен қыз",
"Мақпал қыз", "Есім - Зылиха"
* 2.Шығыс
әдебиеті негізінде назира гөйлік
дәстүрде жазылған қиссалар "Мұңлық Зарлық", "Сейфілмәлік", "Бозжігіт", "Таһир Зуһра", "Жүсіп - Зылиха", "Шәкір - Шәкірат",
т.б.

5. Қазақ халқының музыкалық мұрасы

Қазақ халық музыкасы – қазақ ұлтының дәстүрлі
музыкасы, қазақ фольклорының маңызды саласы.Қазақ
музыкасы ауызекі дәстүрге негізделген суырып
салмалық өнермен қатар жеке өнер саласы, тіпті ілім
ретінде де қалыптасып келеді. Ертедегі орхон-енисей
жазбалары, орта ғасырлардағы Қорқыт, оғыз еліндегі
қобыз культі туралы деректер түркі тайпаларының
музыкалық мәдениетінен хабар береді. Одан бергі жерде
әл-Фараби, Ибн-Сина, Әбдірахман Жәми, Дәруіш Әли,
т.б. көптеген шығыс ойшылдарының музыка өнеріне
қатысты теориялық еңбектері де болған. Фарабидің
“Музыканың ұлы кітабы” күні бүгінге дейін ғылыми
мәнін жоймаған, әлі де толық зерттеліп болмаған мұра.
Мұның өзі қазақ музыкасының бірде шаманизм, бірде
зороастризм, бірде ислам мәдениетінің аясында
қалыптасып келгенін аңғартады. 15 – 18 ғасырлырдағы
жыраулық өнер тудырған эпик дәстүрдің Қазақ
музыкасынан алатын орны ерекше.

6.

Қазақ музыканың үлкен бір арнасы –
қобыз, сыбызғы және домбыра күйлері.
Бұл үшеуінің де арнайы музыкалық
қоры мол сақталған, сол себепті халық
аспаптары ретінде танылады. Ал
жетіген, адырна, үскірік, шаңқобыз,
асатаяқ секілді музыкалық аспаптар
фольклорлық сатыда ғана көрінеді.
Олардың ұлттық сипатынан гөрі
типологогиялық табиғаты үстем.
Мысалы, бір ғана шаңқобыз аспабын
кеңес дәуіріндегі халықтардың
барлығынан дерлік кездестіруге
болады. Музыкалық аспаптар бүгінде
олардың дыбыс шығару
ерекшеліктеріне сай хордофон,
идиофон және аэрофон болып жіктеліп
жүр.

7. Қазақ халқының атақты күйшілері: Құрманғазы Сағырбайұлы Дәулеткерей Шығайұлы Дина Нүрпейісова (1818-1889) (1820-1887)

8.

Назарларыңызға
рахмет!
English     Русский Правила