Похожие презентации:
Ақтөбе бекінісінің қалануы
1. Ақтөбе бекінісінің қалануы
Дайындаған: Айтжанов Орынбасар2.
1869 жылдың мамыр айының басында Елекжәне Қобда өзендерінің аралығына №4 Орынбор
казак батальонының екі ротасынан, жүздеген
орынбор казактарынан, губерндік батальонның
169 адамдық тобынан және 14 артеллиристен
құралған отряд Елек уезді қазақтарының
көтерілісін басуға және Орта Азияға жылжуына
тосқауыл қою үшін пайдаланатын плацдарм
болатын бекіністің негізін қалау үшін жіберілді.
3.
Ақтөбе қаласының іргетасы әскери бекінісретінде 1869 жылы қаланды. Сол жылы
мамырдың 14-і күні Ақтөбе шатқалына полковник
Ю.Борх бастаған әскери отряд келіп, 5 күннен соң
артиллериядан бірнеше дүркін оқ атып, Торғай
облысының әскери губернаторы Л.Баллюзектің
рұқсатымен бекіністің негізі қаланғанын
жариялады. Бұл тарихи оқиға туралы
Петербургтен шығатын «Биржевые новости»
газеті жазған.
4.
Бекініс құрылысына Елек өзенінің солжағалауындағы Орынбор-Қазалы керуен
жолына жақын биіктеу төбе жер
белгіленді. Себебі көктем кезінде Елек
өзені арнасынан тасып, жағалауын
түгелімен шайып кетіп отырған. Ол
Илецкая Защита бекінісінен 180 шақырым,
Ильинка станцасынан 170 шақырым
жердегі Қарғалы өзенінің құйылысындағы
жер болатын. Бекіністің жер көлемі
алғашында 8 900 десятина, ал кейіннен 27
101 десятина жерге дейін жеткен.
5.
1869 жылғы Ақтөбе бекінісінің бас жоспары6.
Ақтөбе аумағы Баллюзек өзінің есептемелерінде«сенімсіз» деп сипаттаған табын руынан шыққан
Арынғазиевтердің қарамағында болды. Баллюзек
жергілікті тұрғындардың бағыныштылығын атап
өткеніне қарамастан, орыс жасақтары келгеннен
кейін олардың көп бөлігі көршілес Орал
облысына көшіп кетті. Қалған қазақтардың
арасынде тек Арынғазиев әулетінің сұлтандары
мен казактардан жеңіліс тапқаннан кейін
қарсыласуды доғарған Айжарық би
Бекбауұлының көтерілісшілер жасағы болды.
7.
Халық ақыны Нұрпейіс Байғанин Ақтөбеатауының шығуына байланысты мынадай
дерек келтіреді: «Бұл өңір ер Мамайдың
жайлауы болған. Бір жазда оның Қырым
ханзадасына ұзатылғалы отырған сүйікті
қызы қайтыс болып, Мамай қатты
қайғырады. Қызын биік төбенің басына
жерлеп, аппақ болып көрінуі үшін бор
тастармен қоршатады. Заман өте келе бор
тастар үгітіліп, төбе ақ төбеге айналады.
Содан бұл төбе Ақтөбе атанған».
8.
Бекініс құрылысының жоспары алғашрет 1874 жылы жасалды. Шағын
бірінші аудандар құрылды: Құрмыш,
Татарская слабодка, Отарвановка.
Тұңғыш көшелер Гарнизонная,
Крепостная, Оренбурская, Елекская,
Гиоргиевская деп аталды. 1891
жылы Ақтөбе гарнизондық бекініс
Торғай облысының Ақтөбе қаласына
айналды.