3.64M
Категория: ФилософияФилософия

Адамгершілік пен сана сезімі

1.

Адамгершілік
пен сана сезімі
Дайындаған: Сембин Бекзат, Қазыбек Рахман,
Сайрамбай Әли
10 “В” сыныбы

2.

Мақсаты: адам өміріндегі адамгершілік пен
сана сезімінің рөлін анықтау.
Міндеті: әрбір жеке тұлғаға сана сезімінің
маңызы мен адамгершілікті не үшін сақтау
керектігін жеткізу.
Өзектілігі: адамға сана берілген сәттен
бастап келе жатқан асыл қасиеттерді сақтап
қалу қай уақыт болса да өзекті.

3.

Адамгершілік
Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. "Кісілік", иізгілік", "имандылық" тәрізді
ұғымдармен мәндес. Адамгершілік - адамшылық, каталдықпен салыстырғанда жаксылық тілеу қарымқатынастары.
Халықтық дүниетанымда мінез-кұлықтың әр түрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінезқұлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей Адамгершілік белгілерін атап өтуге болады:
адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен
кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық, т.б.
Адамгершілік принциптері әлеум.-мәдени дамудың жемісі. Адам тумысында жақсылыққа да, зұлымдыққа
да үйір емес. Адамгершілік белгілерінің қалыптасуына ерекше әсер еткен мынадай факторлар бар:
жыныстыққа қа-тынастарды реттеу, қандастарын өлтіруге тыйым салу, әлсіздерге қамқорлық ету, еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі және адамдар арасындағы ынтымақтастықтың қалыптасуы.
Адамгершілік құндылықтар-дың қалыптасуы үшін жүйелік (қоғамдық, мемл.) және тұлғалық мүшелердің ара
салмағын дұрыс айқындаудың маңызы зор. Жеке адамды әлеум. қатынастардың жемісі деп қарастыру
адамды бағаламауға әкеп соғады (соц. идея). Тота-литарлық қоғамдағы "Ортақ мүдде жеке адам
мүддесінен жоғары" деген ұран Адамгершілік қағидаттарыныңнұқсан келтірді.

4.

5.

Сана сезімі
Сана — дегеніміз адам сезінген және аңғарған ішкі-сыртқы болмыс күйі. Ол таным, қиял, түйсік, ой, тілдік ұғым және
жадыны қамттиды. Ол адам миында болатын ерекше құбылыс. Сананы адамның ең басты артықшылығы деуге болады,
өйткені адамзаттың бүкіл прогрессінің басында оның санасының прогрессі тұр.
Санаға қатысты екі негізгі мәселе бар: бірі, сана мен дененің байланысы, әсіресе сана мен нерв жүйесінің байланысы
мәселесі әлі де зерттелу үстіндегі тақырып. Дуалистер мен идеалистер сананы физикалық емес нәрсе деп түсіндірді.
Ал, қазіргі заманғы функционализм – яғни сананы нейрондардың қозғалысы деп түсінеді. Екінші мәселе, хайуандарда да
сана бар ма деген тақырып. Егер сананы адамға ғана тән құбылыс десек, онда хайуандарда болатын кейбір саналыға
ұқсап қалатын әрекеттерді жаңаша түсіндіруге тура келеді.
Сана — өмірде белсенді бола алатын адамның ішкі қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және
мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінезқұлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған
ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде
әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар
байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара
алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі.

6.

Гуманистік көзқарастар:
Біз ауада құстар ұқсап ұшуды үйрендік, суда балықтар сияқты жүзуді де
үйрендік. Енді жерде адам сияқты өмір сүруді үйренсек болды.
Бернард Шоу
Бір адамның кім екенін білгің келсе, қолына билік бер
Наполеон Бонапарт
Адамның шын мағынасымен "Адам" болуы үшін өзін сүю, жақындарын
сүюмен қанағаттанбайды, жалпы адамзатты сүюі шарт.
Мағжан Жұмабаев

7.

Қорытынды
Адамгершiлiк мәдениеті адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасады, әрбiр
дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен бiте қайнасып, жетiледi. Әрбiр қоғам өзiнiң даму
процесiнде адамгершiлiк категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер
енгiзiп отырған. Адамгершiлiк — адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып,
пайда болған әдет- ғұрыптар мен дәстүрлердi тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал
мораль болса, шындыққа қарама- қарсы, терiс қарым- қатынаста пайда болады және
адамның өзiне субьективтi түрде мiндет қоя бiлумен туындайды. Адамгершiлiк
қасиеттерi отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте,
адамдардың iс-әрекетiнiң барысында бiр- бiрiмен араласуы нәтижесiнде, қоғамдық
тәжiрибе алуын өмiрмен байланыстыру арқылы қарлыптасады.
Сана-сезім, бір жағынан, танымдық, екінші жағынан, әрекеттік рухани құбылыс.
Сондықтан, адам өзін-өзі танып қана қоймай, өзіне-өзі баға береді, ісін елекке
салады, өзін басқамен салыстарады. Сонымен, сана-сезім философия,
социология, этика, психиология, педагогика, этнография сиқты бірнеше
ғылымдардың басын біріктіретін құбылыс.
English     Русский Правила