5.07M
Категория: ПедагогикаПедагогика

«Ой қозғау» әдісі

1.

2.

Қызығушылықты ояту.
«Ой қозғау» әдісі.
1) «Халық қаһарманы» сөз тіркесінің мағынасын білеміз бе?
2) Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлардан кімдерді
білесің?
3) Суретте бейнеленген адам кім деп ойлайсың және не үшін
берілгенін болжап айт.

3.

Мамырдың жиырма төрті
Сағадат Нұрмағамбетов-халық қаһарманы.

4.

Бүгінгі сабақта:
Оқу мақсаты: мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты
анықтай білу;
мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге баға беру, өзіндік
көзқарасын жүйелі, дәлелді жеткізу.
•Сабақ мақсаттары: мәтіндегі негізгі ойды анықтау және көтерілген мәселеге
баға беру;
-мәтін мазмұны бойынша өзіндік көзқарасын жүйелі, дәлелді жеткізу.
-батырдың биік тарихи тұлғасын тереңірек тану; оның өнегелі өмірін, ерлігін
бүгінгі ұрпаққа кеңінен үлгі ету;
Бағалау критерийлері:
• мәтіндегі негізгі ойды анықтайды және көтерілген мәселеге баға береді;
• мәтін мазмұны бойынша өзіндік көзқарасын жүйелі, дәлелді жеткізеді.

5.

6.

Жаңа сөздер
Қаһарман-ер,батыр,ержүрек
Генерал-жоғары әскери атақ
Тарихи тұлға-белгілі бір елдің танымал
адамы,қоғамға еңбегі сіңген қайраткер
Бітімшілік-дау-жанжалдарды тоқтатып,бейбіт
тұрмыс құруды көздейтін әрекет.
Байыптылық-шыдамдылық

7.

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС. ОҚЫЛЫМ. 1-тапсырма.
Мәтінді оқыңыз.
Халық Қаһарманы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов – еліміздің тәуелсіздігі мен тыныштығын сақтауға
үлкен үлес қосқан тұлға. Сағадат Нұрмағамбетовтің жастық шағы Ұлы Отан соғысымен қатар келді. Жас кезінде
С. Нұрмағамбетов география және тарих пәнінің мұғалімі болуды армандаған. Тарих пен географияны жақсы
көрген болашақ генерал әлем картасын өте жақсы меңгереді. Ол кез келген елдің тарихы мен жер ерекшелігін жетік
білген. Мұғалім болуды армандаған Сағадат Ұлы Отан соғысы кезінде Еуропа елдерін жаудан азат етті. Ол кісі —
1942-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, жеңісті жақындатқан қазақ батырларының бірі. Белоруссия,
Солтүстік Кавказ, Украина, Молдавия, Польша, Германия майдандарында соғысқан. Польша жерiнде көрсеткен
ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берiлдi. Ол кезде С. Нұрмағамбетов небары 20 жаста ғана еді. Батыр
Германияда Гитлер канцеляриясын шабуылдауға қатысып, Берлинде соғысты аяқтады. Қаһарман С. Нұрмағамбетов
соғыстан кейінгі бар өмірін әскери қызметке арнады. Еліміз егемендік алған 1991 жылы Мемлекеттік Қорғаныс
комитетін басқарып, 1992-1996 жылдар аралығында Қорғаныс министрі қызметін атқарды. Елдің
ұлттық қауіпсіздігінің дамуына қосқан еңбегі үшін 1994 жылы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовке Халық
Қаһарманы атағы мен №1 «Алтын Жұлдыз» берілді.
Генерал Сағадат Қожахметұлы егемен елдің тарихын жасауға қатысып, өзі де тарихи тұлғаға айналды.
Қазақстан Республикасының алғашқы қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов білікті әрі
талапшыл қолбасшы болды. Ол еліміздің Қарулы Күштерiн қалыптастырып, нығайтуда өлшеусiз еңбек етті.
Осы еңбегі үшін Сағадат Қожахметұлына Халық Қаһарманы атағы берiлді.
www.inform.kz

8.

2-тапсырма. Мәтіндегі ақпараттарды «Уақыт тізбегі» әдісі
бойынша ретімен диаграммаға орналастырып жаз.
Дескриптор:
• мәтінді оқиды.
• мәтіндегі ақпараттарды анықтайды;
• ақпараттарды ретімен диаграммаға орналастырып жазады.

9.

3-тапсырма. «Сандар сөйлейді» әдісі. Мәтіннен берілген сандарға
қатысты мәліметтерді тауып оқы, кестеге орналастыр.
Мәтінде кездесетін сандар Қатысты деректер
Дескриптор:
• Мәтіннен сандарға қатысты деректерді табады;
• Санға қатысты деректермен кестені толтырады.

10.

4-тапсырма. Мәтіндегі негізгі ой мен көтерілген мәселе туралы ой
қозғау.
Мәтіндегі негізгі ой
Көтерілген мәселеге баға
беріңіз.
Мәтінді тұжырымдау
Дескриптор:
• Мәтіндегі негізгі ойды табады.
• Көтерілген мәселеге баға береді.

11.

12.

13.

Қосымша тапсырма:
Халық қаһарманы Сағадат Қожахметұлы
Нұрмағамбетов туралы қосымша ақпарат жинау .

14.

Қорытынды:
•Берілген мәтіннің мазмұнын түсіндік;
•Мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтадық;
•Мәтін мазмұны бойынша өз көзқарасымызды жеткіздік.

15.

16.

17.

1. Еліміздің тәуелсіздігі мен тыныштығын сақтауға үлкен үлес
қосқан қандай тұлғаларды білесің?
2. С. Нұрмағамбетовтің жас кезіндегі арманы қандай еді және
ол неге орындалмай қалды?
3. Батыр Ұлы Отан соғысы кезінде қай елдерді жаудан азат
етті?
4. Кеңес Одағының Батыры атағы не үшін берілді?
5. Қаһарман С. Нұрмағамбетов соғыстан кейін немен
шұғылданды?
6. Сағадат Қожахметұлына Халық Қаһарманы атағы не үшін
берілді?
English     Русский Правила