257.37K
Категория: МедицинаМедицина

Күн сәулесі радиациясы және оның гигиеналық маңызы

1.

Гигиена және эпидемиология
кафедрасы
Тақырыбы: Күн сәулесі радиациясы және оның
гигиеналық маңызы
Орындаған: Әсен Камила
Тобы: В-ЖМҚА-307
Қабылдаған:

2.

Жоспар
Кіріспе
Негізгі
бөлім
Күн радиациясы және оның гигиеналық маңызы
Күн радиациясының спектрлері
Қорытынды

3.

Күн
Кіріспе
радиациясы және оның гигиеналық маңызы.
Жердегі барлық тіршіліктің өмір сүруі, жер
шарындағы жылудың, жарықтың және энергия көзі
болып табылатын, күн радиациясына тәуелді.

4.

Күн
радиациясы айқын биологиялық әсер етеді.
Күн сәулесі энергиясының ағзада,
фотобиологиялық үрдістер деп аталатын, әр түрлі
биохимиялық және физиологиялық айналымдар
жүреді. Олардың негізінде: фотоиондану,
фотоқалпынакелу және тотығу,
фотодиссоциация деп аталатын фотохимиялық
реакциалар жатады. Фотобиологиялық
үрдістердің сипаты сәулелену энергиясына
байланысты. Күн сәулесінің энергиясының
әсеріне байланысты зат алмасу үрдістері,
көмірсулардың, майлардың, ақуыздардың,
дәрумендердің және пигменттердің синтезі
сонымен бірге өсімдіктердегі хлорофилдің
синтезі және т.б. ынталандырылады.

5.

Күн
спектрін құрайтын бөліктер жануар
ағзаларының көру үрдісін қамтамасыздауда
және өсімдіктердің фототаксис, фототропизм,
фотопериодизм қасиеттеріне байланысты
дамуы мен өсуін реттеуде маңызды рөл
атқарады. Сонымен бірге едәуір энергиясы бар
сәулелер ағзаға зақымдайтын әсер береді.

6.

Күн
сәулесінің энергиясы оның толқын
ұзындығымен анықталады: ұзындығы неғұрлым аз
болса, энергиясы соғұрлым көп болады. Жер
бетіне жететін күн спектрінің ішіндегі ең үлкен
толқын ұзындықтағы (760-1400 нм) сәуле –
инфрақызыл сәулесі, ал содан кейінгісі (400-760
нм) көрінетін сәуле болып табылады. Ең аз толқын
ұзындықтағы (290-400 нм) сәулелерге ультракүлгін
сәулесі жатады, сондықтан бұл сәуленің
кванттары ең көп энергия қорына ие болады.
Жасушаларға берілетін энергияның әр түрлі
деңгейіне байланысты инфрақызыл, көрінетін
және ультракүлгін сәулелері адам ағзасына
біркелкі әсер етпейді.

7.

Күн радиациясының спектрлік құрамы.
Күн
көзінен корпускулярлық және
электромагниттік сәулелер шығады.
Корпускулярлық сәулелену күн желі деп аталады,
оның құрамына электрондар, протондар, гелий
ядролары және басқа бөлшектер кіреді. Күн
сәулесінің электромагниттік спектрі өте кең, оған
радиожиілік диапазонындағы сәулеленулер,
инфрақызыл, көрінетін, ультракүлгін, гамма және
ретген сәулелері кіреді. Күннің электромагниттік
сәулеленуі 300 000 км/сек жылдамдықпен
таралып, жерге 8 минутта жетеді. Ал күн желінің
бөлшектерінің жылдамдығы оларға қарағанда
аздау – 300 км/сек сондықтан олар жерге
бірнеше тәуліктен кеін ғана жетеді.

8.

Жарық
Жер
климты.
бетіне тек орта, ұзын толқынды ультракүлгін
сәулелер мен көрінетін және қысқа толқынды
инфрақызыл сәулелер ғана жетеді. Әр түрлі
жерлердегі жер бетіне жететін күн сәулесінің
мөлшерін жарық климаты деп атайды. Жарық
климаты табиғи (географиялық ендік, жергілікті
жер, жыл мезгілі, тәулік уақыты, жер бедері,
климаты, ауа – райы), антропогендік
факторларда ( атмосфераның ластануы)
байланысты болады.

9.

Инфрақызыл
Күн
сәулелену, оның биологиялық әсері.
радиациясының электромагниттік спектрінің
негізгі бөлігі инфрақызыл сәулесі болып табылады.
Күннің тұру биіктігі жер бетінде 60 0 болғанда, ол
53 %, ал көкжиекке жақындағанда – 72 % құрайды.
Толқын ұзындығы жоғары болатын ИҚ сәулелер
атмосферадан өткен кезде ұсталып калады да,
жер бетіне толқын ұзындығы қысқа ИҚ сәулелер
жетеді. ИҚ сәулесінің тигізетін негізгі әсері – жылу
әсері. Нақ осы әсері ИҚ сәулесінің масштабты
ғаламдық үрдістердегі маңызды рөлін анықтайды.
ИҚ сәулесінің энергиясы әсерінен жер бетінің
жылынуы жүреді, жылынудың біркелкі еместігі
жердегі ауа мен су массаларының қозғалысына
және ауа райы мен климаттық жағдайлардың
қалыптасуына себеп болады.

10.

Күннің
ИҚ сәулесінің тікелей әсері тіндердің беткі
немесе терең қабаттарының қызуына әкеледі.
Қысқа толқынды 760-1500 нм ИҚ сәулелер тіндерге
терен 4-5 см дейін енеді, ал толқын ұзындығы
1500-4000 нм сәулелер, терморецепторлары көп
, терінің беткі қабатында сіңіріледі, сондықтан
ұз.толқынды сәулелердің әсерінен дененің
күйгенін сезіну басымырақ болады.
Фотондарының энергиясының аздығына
қарамастан ИҚ сәулелер әлсіз болса да
фотохимиялық әсер береді. Ол зат
алмасулардың біршама жоғарылауымен,
ферментативті және иммунобиологиялық
әсерлерінің күшеюімен сипатталады.

11.

ИҚ
сәулесі әсер еткенде, тіндердің қызуы, терінің
жүйке рецепторларының тітіркенуі нәтижесінде
қан айналым күшейеді,бұлшықет пен
тамырлардың тонусы төмендейді, вегетативті
реакциялар қалпына келеді, осыған байланысты
ауруды басатын және қабынуға қарсы әсері
білінеді.
Көрінетін
сәуленің ағзаға әсері.

12.

Күннің
көрінетін сәулесінің фотохимиялық әсері,
ИҚ сәулесіне қарағанда едәуір жоғары, ол
көбіне фотосенсибилизаторлардың қатысуымен
іске асырылады. Фотосенсибилизаторлар деп
сәуле энергиясыныі кванттарын алып, қысқа
уақыттық өзгерістерге ұшырайтын содан кейін бұл
энергияны қоршаған тіндерге шоғырланған
түрінде беріп, өз қасиеттерін қайтадан қалпына
келтіретін заттарды айтады. Осындай
фотосенсибилизаторлардыі бірі – көз торының
пигменттері. Күннің көрінетін сәулелері бұл
пигменттермен әсерлесіп , көру талдағышының
жұмысын қамтамасыз етеді.

13.

Бұл
кезде көрінетін сәуленің ең маңызды
қабілеттілігі біртүсті емес, түрлі – түсті көру
ақпараттарын қамтамасыз ету болып табылады,
себебі оның спектрінде түрлі-түсті сәулелер:
қызыл, күлгін, қызғылт – сары, жасыл, сары, көк
түстер кіреді. Күн жарығынан пайда болған
түстердің гаммасы ағзаға әртүрлі әсер етеді, ең
әуелі психоэмоционалдық саласына: көк және
күлгін – көңіл күйді төмендетеді, көгілдір –
тыныштандырады, жасыл – индифферентті
болады, ашық сары түс – тітіркендіреді, қызыл –
қоздырады. Жасыл және сары диапазонындағы
толқындар көру талдағыштарының жұмысына ең
қолайлы деп есептеледі. Күн жарығы сонымен
қатар шеткі жүйке ұштары арқылы әсер етіп
жалпы биологиялық әсер береді.

14.

Ол ағзада зат алмасуды ынталандырады, үлкен
ми сыңарларының белсенділігін жоғарылатады,
гипофиз секрециясын күшейтеді, адамның
тіршілік тонусы жоғарылайды, өзін – өзі сезінуі
және эмоционалдық күй жағдайы жақсарады.
Сонымен қатар ол жылылық әсер береді. Оның
үлесі күн сәулесінен берілетін жылу энергиясының
жартысын құрайды.

15.

Ультракүлгін сәулеленудің биологиялық маңызы.
УК сәулелер ИҚ және көрінетін сәулеге қарағанда
энергияға едәуір бай.УК сәулелер пайдалы
(биогенді) және зақымдаушы (абиогенді) әсер етуі
мүмкін. Әсер ету сипаты толқын ұзындығына және
оның дозасына байланысты. Биогенді эффектісі ұзын
және орта толқынды сәулелердің, дозалары қолайлы
деңгейден аспайтын, аз мөлщерде әсер ету кезінде
байқалады. Абиогенді әсерлері, ең алдымен
энергиясы басқа диапазондардағы ультракүлгін
сәулелердің энергиясынан анағұрлым жоғары
болатыг, қысқа толқынды ультракүлгін сәулеленулрге
тән. Алайда ұзын толқынды да, орта толқынды да
абиогенді әсер ете алады егер олардан алатын
дозасы табалдырықтық мөлшерден көп артық болса.

16.

Биогенді әсері жалпы ширататын, эритемды – күнге
күю, рахитке қарсы ( Д дәруменін түзуші) әсер
салдары түрінде білінеді. УК сәулелердің әсер ету
механизмінде бірнеше компоненттерін ажыратады:
биофизикалық, гуморалдық, жүйкелік –
рефлекторлық. Гуморалдық компоненті ағзада
фотохимиялық реакциялар нәтижесінде зат
алмасуды белсендіретін ББЗ-ң (гистамин, гистамин
тәрізді заттар, ацетилхолин, серотонин) түзілуімен
байланысты.
Биофизикалық компоненті УК сәулесінің
фотоэлектрлік әсері салдарынан жасушалардағы
ақуыздың коллоидтық жағдайы мен иондық құрамының
өзгеруімен байланысты.
Ал жүйкелік – рефлекторлық компоненті ағзадағы
көптеген қызметтерді ширатуымен сипатталады.

17.

Гуморалдық,
биофизикалық және жүйкелік –
рефлекторлық әсерлерінің бірге жүруі
арқасында УК сәулесінің айқын жалпы
ширататын әсері пайда болады. Атап айтқанда
тіндік тыныс алуға қатысатын ферменттердің
белсенділігі жоғарылайды, ақуыздың, майдың,
көмірсулардың, минералды заттардың зат
алмасу үрдістерінің белсенділігі артады.
Сонымен қатар ағзаның жұқпаларға қарсы тұру
қабілетінің жоғарылауы да маңызды. УК
сәулелердің әсерінен ағзаның төзімділігі
иондаушы сәулелердің, уландыратын және
канцерогенді агенттердің, фиброгенді
шаңдардың әсеріне де жоғарылайды.

18.

УК
сәулесінің ширататын әсері ұзын толқынды,
орта толқынды УК сәулелерде бар, бірақ ең
айқын әсері орта толқынды УК сәулеленуде
байқалады. Әр УК сәулелердің өзіне тән ерекше
әсерлері бар. Ұзын толқынды УК – эритемды –
күнге күю әсер көрсетеді, ал орта толқынды - Д
дәруменінің синтезін ынталандыратын және әлсіз
бактерицидтік әсер етеді.
English     Русский Правила