"нан"
Нан туралы
Тарихы
4.32M
Категория: КулинарияКулинария

Нан

1. "нан"

2. Нан туралы

Нан – ас атасы. Ол бидай
ұнынан жасалады. Дәстүрлі
қазақ қоғамрында нан
пісірілуіне, қоспасына қарай әр
түрлі аталған. Әдетте пешке
пісірілгендерін нан, отқа көміп
пісірілгендерін күлше, табаға,
тандырға пісірілгендерін бәтір,
қазанға пісірілгенін қарыма,
майға пісірілгенін бауырсақ,
жайма деп аталады.

3.

Нанды қастерлеуге,ас атасы –нан екендігін, нанның
адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін,оның оңай
жолмен келмейтіндігін айтып ұғындыру. Нанның қалай
дастарханға келетінін айтып оған көптеген адамдар
еңбек еткендігін түсіндіру.
Өмірден алған білімдерін, түсініктерін жетілдіру.
Еңбек адамдарын сыйлай, нанды қастерлей білуге
тәрбиелеу.

4.

Нанды жерге тастамайды, үстінен аттамайды, үстіне
ешбір затты қоймайды. Нанды бір қолмен үзіп
жемейді. Қазақтар нанды қасиетті деп санайды.
Алайда нан ұннан , судан жасалады .Нанға тұзды да
қосады , тұздан басқа нанға ашытқылар (дрожи)
қосады , олар өз кезегінде нанды пешке салу үшін
қабығын қалындатып көтереді.

5. Тарихы

Нан - неолит дәуірінде-ақ пайда болып, даярлануы тарих
тереңінде жатқан өнімнің бір түрі. Алғашқы нан жарма мен
судан даярланған, сол сияқты су мен ұнды кездейсоқ немесе
арнайы мақсатта тәжірибелеу қорытындысынан туындаған
пісірме ботқаның түрінде болды. Қазіргі уақытта ертеректегі
нанның жалғасын бүкіл әлемде әр алуан жармадан даярлайды,
мысалы, мексикалық тортилья, үндінің чапатиі, қытай poa
ping-і, шотландық сұлы жұқа наны, солтүстік америкалық
жүгері жұқа наны және эфиопия инжері.

6.

Шелпек түріндегі нан көптеген ежелгі өркениетті елдердің
тағамы болды: шумерлер арпа шелпегін жеді, ал б.з.д. ХІІ
ғасырдағы мысырлықтардың көшедегі шатырлардан та деп
аталатын қатты шелпектер сатып алуға мүмкіндіктері болды.
Ашытқыдан жасалған нан алғашқы рет Мысырда жергілікті
жерде астықтың өсуіне қолайлы жағдайлардан пайда болды деп
есептеледі, ал мұндай нанды даярлауға екі қасиетке ие болған
бидай сұрпын шығару қажеттігі туындады. Мысырдың
ертединастиялық кезеңінде жасалған алғашқы жетілдіруде алдын
ала отқа кептірмей бастыратын бидай түрі табылды және
өсірілді.

7.

English     Русский Правила