Похожие презентации:
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау
1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ҰлттықМедицина
Университеті
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды
сертификаттау
Орындаған: Ережімбетова А.Т.
Қабылдаған: Испаева Г.Б.
Тобы:13-001-01
Факультет: ҚДС
Курс: 4
Алматы 2016 жыл
2. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі
8-бөлім. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫБІЛІМ БЕРУ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ
29-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру
қызметі
3. Сертификаттау
Сертификаттау(куәландыру) - азаматтардың
өміріне, денсаулығына, мүлкіне және айналадағы
ортаға өнімнің қауіпсіз болуы талаптарына сай
келуін тексеру. Мамандандырылған мемлекеттік
ұйымдар жүргізеді. Сертификаттау деп
сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің,
көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға
сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсімді де
атайды.
4.
8-бөлім. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ БІЛІМБЕРУ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ
29-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі
176-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау
1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау орта
(техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары медициналық білімі бар
адамдардың, сондай-ақ кадрларды қайта даярлаудан өткен және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білім алған адамдардың медициналық қызметті жүзеге
асыруға дайындығын айқындау және оларға маман сертификатын бере отырып,
оларды клиникалық практикаға (пациенттермен жұмысқа) жіберу мақсатында
жүргізіледі.
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау уәкілетті
орган айқындайтын тәртіппен уәкілетті орган аккредиттеген денсаулық сақтау
саласындағы кәсіптік даярлықты бағалауды және мамандар біліктілігіне
сәйкестікті растауды жүзеге асыратын ұйымдар жүргізетін кәсіптік даярлықты
бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандар біліктілігіне сәйкестікті растау
негізінде жүргізіледі.
5.
2. Тиісті сертификаты бар маманның басшылығымен клиникалық практикаға(пациенттермен жұмысқа) жіберілетін резидентура тыңдаушыларын қоспағанда,
тиісті маман сертификаты болмаса, жеке тұлғаның клиникалық практикамен
айналысуына тыйым салынады.
Денсаулық сақтау саласындағы маманның сертификатынан айыру Қазақстан
Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүзеге
асырылады.
3. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауды
жүргізу тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ кәсіптік даярлықты бағалау және
денсаулық сақтау саласындағы мамандар біліктілігіне сәйкестікті растау тәртібін
уәкілетті орган айқындайды.
4. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде медициналық білім
алған адамдарды денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификатталуға
жіберу тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган айқындайды.
5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық қызметтi
жүзеге асыруға шақырылған шетелдік мамандардың шет елде алған медициналық
қызметпен айналысу құқығын беретін немесе біліктiлiк санатының берілгені
туралы куәландыратын құжат маман сертификатына теңестіріледі.
Ескерту. 176-бап жаңа редакцияда - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа
енгізілеті).
6.
176-1-бап. Біліктілік санаттарын беру және керіқайтарып алу
1. Біліктілік санатын беру тиісті біліктілік санатын
беру арқылы нақты мамандық бойынша біліктілік
санатын беру туралы куәлік бере отырып, медициналық
және фармацевтикалық білімі бар мамандардың
біліктілік деңгейін айқындау үшін жүргізілетін ерікті
рәсім болып табылады.
Біліктілік санатын беруді уәкілетті
орган айқындайтын тәртіппен уәкілетті орган
аккредиттеген, кәсіптік даярлықты бағалауды және
денсаулық сақтау саласындағы мамандар біліктілігіне
сәйкестікті растауды жүзеге асыратын ұйымдар кәсіптік
даярлықты бағалау және денсаулық сақтау саласындағы
мамандар біліктілігіне сәйкестікті растау негізінде
жүргізеді.
7.
2. Денсаулық сақтау саласындағы маман уәкілетті орган бергенбіліктілік санатын беру туралы куәлігі болған кезде маман
сертификатын алуға құқылы.
3. Біліктілік санаттарының тізбесін уәкілетті орган бекітеді.
4. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда,
денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын
беру туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу тәртібін,
мерзімдерін уәкілетті орган айқындайды.
5. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын
беру туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу тәртібін,
мерзімдерін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.
Ескерту. 29-тарау 176-1-баппен толықтырылды - ҚР 06.04.2015
№ 299-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
алты ай өткен соң қолданысқа енгізілеті).
8.
КіріспеДенсаулық сақтау саласындағы мамандарды
сертификаттауды жүргізу қағидаларын бекіту
туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28
тамыздағы № 693 бұйрығы. Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігінде 2015
жылы 2 қазанда № 12134 болып тіркелді.
9.
1. Жалпы ережелер1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды
сертификаттауды жүргізу қағидалары (бұдан әрi –
Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау
жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы
18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 176бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық
сақтау саласындағы маманның, оның ішінде Қазақстан
Республикасынан тыс жерде білім алған адамдардың
сертификат алу тәртiбiн айқындайды.
10.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдарпайдаланылады:
маман
• медициналық бiлiмi бар, оның ішінде
Қазақстан Республикасынан тыс
жерде білім алған жеке тұлға;
бағалау
• маман біліктілігінің денсаулық сақтау
саласындағы кәсіптік стандарт талаптарына
сәйкестігін растау мақсатында жүргізілетін
білім мен дағдыны бағалау рәсімі;
маман
сертификаты
• жеке тұлғаға тиісті клиникалық мамандығы
бойынша медициналық қызметті жүзеге
асыру және оны клиникалық практикаға
(пациенттермен жұмысқа) жіберу құқығын
беретін құжат;
үміткер
• осы Қағидаларға сәйкес маман сертификатын
алуға үміткер маман.
11.
2. Сертификаттауды жүргізу тәртібі3. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау орта
(техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары медициналық
білімі бар адамдардың, сондай-ақ кадрларды қайта даярлаудан өткен және
(немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған адамдардың
медициналық қызметті жүзеге асыруға дайындығын айқындау және
оларға маман сертификатын бере отырып, оларды клиникалық
практикаға (пациенттермен жұмысқа) жіберу мақсатында жүргізіледі.
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015
жылғы 10 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау
саласындағы аккредиттеу қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10735 болып тіркелген),
уәкілетті орган аккредиттеген денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік
даярлықты бағалауды және мамандар біліктілігіне сәйкестікті растауды
жүзеге асыратын ұйымдар жүргізетін кәсіптік даярлықты бағалау,
денсаулық сақтау саласындағы мамандар біліктілігіне сәйкестікті растау
негізінде жүргізіледі.
12.
4. Сертификаттаудан өту үшiн үміткерлермынадай құжаттарды ұсынады:
- осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
сертификат алуға өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
- Бағалаудың оң нәтижесінің көшірмесі (санат беру туралы куәлік
болған кезде мәлімделген кезден 1 жылдан кеш емес мерзімде
алынған Бағалау нәтижесі);
- орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі немесе
жоғары медициналық білімі туралы дипломның көшірмесі;
- мәлімделген мамандық бойынша интернатураны не
резидентураны немесе клиникалық ординатураны бітіргені
туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
- мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлау туралы куәліктің
көшірмесі (болған жағдайда);
13.
- соңғы 5 жыл ішінде мәлімделген мамандықбойынша біліктілігін жоғарылатқаны туралы куәліктің
көшірмесі (сертификаттаудан өтуге өтініш берген кезде
5 жылдан кешіктірмей оқуды бітірген, интернатура,
резидентура, орта оқу орнының түлектерін қоспағанда,
үміткерлер ұсынады);
- Қазақстан Республикасынан тыс жерде
медициналық білім алған адамдар үшін білімі туралы
құжаттарды тану және (немесе) нострификациялау
туралы куәліктің көшірмесі;
- білімі туралы құжаттарды алғаннан кейін тегін,
атын немесе әкесінің атын (болған жағдайда) өзгерткен
адамдар үшін тегін, атын, әкесінің атын ауыстырғаны,
некеге отырғаны немесе некені бұзғаны
туралы куәліктің көшірмесі.
14.
5. Тиісті мамандық бойыншасертификат осы Қағидалардың 4тармағында көрсетілген құжаттарды
ұсынған кезде және осы
Қағидалардың 9, 10, 11, 12-тармақтарында
белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде
беріледі.
15.
6. Сертификатты Қазақстан Республикасы Денсаулықсақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық
және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің
тиісті аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – Комитет
департаменті) береді.
Мамандардан өтініштерді қабылдау Комитет
департаментінің кеңсесі арқылы немесе «электрондық
үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Үміткерлер сертификат алу үшін құжаттарды осы
Қағидалардың 4-тармағына сәйкес тізбе бойынша қолда
бар сертификаттың қолданылу мерзімі өткенге дейін
күнтізбелік 30 күннен кейін береді.
7. Сертификат беру мерзімі үміткердің өтініші
Комитет департаментінде тіркелген күннен бастап 5
жұмыс күнін құрайды.
16.
8. Сертификат (бұдан әрі - Номенклатура)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774
бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5885
болып тіркелген) Медицина және фармацевтика
мамандықтарының номенклатурасына сәйкес
мамандықтар бойынша осы Қағидаларға 3қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық
түрде беріледі.
17.
Жоғары медициналық білімі бар үміткерлер Номенклатураның 1бөлімінде көрсетілген мамандықтар бойынша сертификат алу үшінинтернатурада және (немесе) клиникалық ординатурада,
резидентурада оқуды (жоғарғы оқу орнында оқуды бітіргеннен кейін
интернатура, резидентураны бітіргенін көздемейтін мамандықтар
бойынша) және (немесе) мәлімделген мамандық бойынша қайта
даярлауды бітіргенін растайтын құжаттарды ұсынады.
Үміткерлер Номенклатураның 3-бөлімінде көрсетілген
мамандықтар бойынша сертификаттарды алу үшін орта (техникалық
және кәсіптік), орта білімнен кейінгі медициналық білімін және
(немесе) мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлаудан
(маманданудан) өткенін немесе «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс
медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары
медициналық білімін, «Жалпы медицина», «Мейірбике ісі»
мамандықтары бойынша бакалавритатты бітіргенін және (немесе)
мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылатқанын
растайтын құжаттарды ұсынады.
18.
9. Клиникалық практиканы жүзеге асыратын жоғары,орта және орта білімнен кейінгі медициналық білімі бар
үміткерлер үшін сертификаттау кезінде соңғы 5 жыл
ішінде мәлімделген мамандық бойынша жалпы 108 сағат
көлемінде біліктілікті жоғарылатудан өту қажет.
Мамандығы бойынша еңбек қызметінде 5 жылдан
артық үзілісі бар мамандар сертификатты алу үшін жалпы
216 сағат көлемінде мәлімделген мамандық бойынша
біліктілікті жоғарылатудан өтеді.
19.
Орта медициналық білім беру ұйымдарын бітірген және атқаратынлауазымдарына жіберілген адамдар сертификат алу үшін
1) 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі», «Акушериялық
іс» мамандықтары бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, «Емдеу ісі»,
«Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандығы бойынша жоғары
білімі туралы дипломды, «Жалпы медицина», «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша
бакалавриатты және «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша соңғы 5 жыл ішінде
біліктілігін жоғарылату туралы құжатты ұсынады;
«Емдеу ісі» мамандығы бойынша «Емдеу ісі», «Акушериялық іс» мамандықтары
бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс
медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары білімі туралы
дипломды, «Жалпы медицина», «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша бакалавриатты
және «Емдеу ісі» мамандығы бойынша соңғы 5 жыл ішінде қайта даярлау немесе
біліктілігін жоғарылату туралы құжатты ұсынады;
«Акушериялық іс» мамандығы бойынша «Акушериялық іс», «Емдеу ісі»,
«Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша орта медициналық білімі туралы дипломды,
«Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары
бойынша жоғары білімі туралы дипломды, «Жалпы медицина», «Мейірбике ісі»
мамандықтары бойынша бакалавриатты және «Акушериялық іс» мамандығы бойынша
соңғы 5 жыл ішінде қайта даярлау немесе біліктілігін жоғарылату туралы құжатты
ұсынады;
20.
2) 2012 жылғы 1 қыркүйекке дейін «Зертханалықдиагностика» мамандығы бойынша атқаратын
лауазымдарына жіберілген адамдар «Зертханалық
диагностика», «Акушериялық іс», «Емдеу ісі»,
«Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша орта
медициналық білімі туралы дипломды, «Емдеу ісі»,
«Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы
медицина» мамандығы бойынша жоғары білімі туралы
дипломды, «Жалпы медицина», «Мейірбике ісі»
мамандықтары бойынша бакалавриатты және
«Зертханалық диагностика» мамандығы бойынша
соңғы 5 жыл ішінде қайта даярлау немесе біліктілігін
жоғарылату туралы құжатты ұсынады.
21.
Маман сертификатын беру туралы шешім осыҚағидалардың 4-тармағында көзделген ұсынылған
құжаттар негізінде қабылданады және Комитеттің
тиісті департаменті басшысының бұйрығымен
ресімделеді.
Сертификат Қазақстан Республикасының
аумағында Комитет департаментінің басшысы оны
беру туралы шешім шығарған күннен бастап 5 жыл
бойы қолданыста болады. Осы мерзiм аяқталғаннан
кейiн сертификаттың қолданыс мерзімі
тоқтатылады.
22.
Сертификатты беруден бас тарту үшін:1) үміткердің Бағалаудың теріс нәтижесін ұсынуы;
2) мәліметтер нысанының толық әрі дұрыс толтырылмауы;
3) үміткердің білімі туралы құжаттарының (дипломы,
интернатура, резидентура, клиникалық ординатура, қайта
даярлау, біліктілігін жоғарылату куәлігі) мәлімделген
мамандыққа сәйкес келмеуі;
4) оқу мерзімі бойынша қайта даярлаудан және біліктілігін
жоғарылатудан өту туралы құжаттардың сәйкес келмеуі;
5) Біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидаларымен
бекітілген нысанға даярлау және біліктілігін арттырудан өту
туралы құжаттардың сәйкес келмеуі;
6) осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттардың
ұсынылмауы негіз болып табылады.
23.
Біліктілік санаты берілмейтін және берілетінсертификаттар, сондай-ақ мамандарға 2015 жылғы 9
қазанға дейін берілген мерзімсіз сертификаттар
клиникалық практикаға жіберуге арналған
сертификатқа теңестіріледі және онда көрсетілген
мерзім өткенге дейін қолданыста болады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерде медициналық
білім алған үміткерлер олардың білімі және (немесе)
біліктілігі «Білім туралы құжаттарды тану және
нострификациялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы
10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135
болып тіркелген) Білім туралы құжаттарды тану және
нострификациялау ережесіне сәйкес танылғаннан кейін
сертификаттауға жіберіледі.
24. Пайдаланылған әдебиеттер:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі»Кодексі, 2009 ж. 18 қыркүйек
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды
сертификаттауды жүргізу қағидаларын бекіту
туралы