Қазақстандық цифлық білім беру үдерісінің қалыптасуы мен дамуы. Дәріс №2

1.

Білім берудегі цифрлық технологиялар
Қазақстандық цифлық білім беру
үдерісінің қалыптасуы мен дамуы
Тақырыбы:
Дәріс №2

2.

Жоспар:
1. Қазақстандық цифлық білім беру үдерісінің қалыптасуы мен дамуы
2. Заманауи цифрлық технологиялар
3.Бүгінгі күні мұғалімдердің тәжірибесінде ұғымдар
4. Қазақстандық білім беру платформалары

3.

Бүгінгі күні интернет экономикасы дамушы елдерде жылына 25%-ға
дейінгі қарқынмен өсіп келеді, бұл ретте экономиканың бірде бір саласы
мұндай қарқынға тіпті жақындай да алмайды. Барлық жаһандық
деректердің 90%-ы небәрі соңғы екі жылдың ішінде жасалды. Қазірдің
өзінде интернетке 35 миллиард құрылғы қосылған және деректермен
алмасуды жүзеге асырады, бұл цифр әлемдегі тұрғындардың жалпы
санынан бес есе артық. Бірақ, сонымен бірге Үкімет пен корпорация жыл
сайын кең таралған жаңа құбылыс – кибершабуылдарға қарсы іс-қимыл
жасауға жарты триллионға жуық АҚШ долларын жұмсайды.

4.

Цифрландыруға күш салу адами капитал белсенді түрде дамитын –
болашақтың білімі мен дағдылары ерте жастан бастап тәрбиеленетін,
автоматтандыру және басқа да жаңа технологиялар есебінен бизнес
жұмысының тиімділігі мен жылдамдығы артатын, ал азаматтардың өз
мемлекеттерімен диалогы қарапайым әрі ашық болатын жаңа қоғамды
құруға әкеледі. Цифрлық рефолюция біздің көз алдымызда өтуде. 2018
жылдан бастап 2022 жылға дейін бес жылға жоспарланған «Цифрлық
Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы халықтың цифрлық сауаттылық
деңгейін көтеру және барлық мектептерді компьютерлермен,
мультимедиялық жабдықтармен және кеңжолақты желімен жабдықтау
қарастырылған. 2018 жылы Қазақстандағы базалық цифрлық сауаттылық
деңгейі 77%- ға тең болды.

5.

Жоспары бойынша
2019 жыл-78,5%;
2020 жыл-80%;
2021 жыл-81,5%;
2022 жыл-83%

6.

Егер бағдарлама толығымен жүзеге асырылса, ол барлығына білім беру
ресурстарына тең қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ал электронды оқулықтар мен
білім беру сайттарын құру, атап айтқанда, қандай да бір себептермен мектептерге
бара алмайтын балаларға сапалы білім алуға мүмкіндік береді . Таяудағы бес жыл
– цифрлық трансформацияның бетбұрыс кезеңі, онда digital-технологиялар тіпті
аналогтық технологиялар басым болған салаларды да қамтиды. Мемлекеттік,
қаржылық, медициналық қызметтер онлайн-форматқа көшуде, электрондық
паспорттардың алғашқы прототиптері және жеке валюталар мен банктерге
байланыссыз цифрлық төлем жүйелері пайда болуда

7.

Бүгінде мектепке дейінгі білім беруде балабақшаларға автоматты
түрде бөлу жүйесі енгізілген.Жолдаманы электронды беру,
процесті автоматтандыру тікелей байланыстар мен сыбайлас
жемқорлық тәуекелдерін жояды, рәсімдердің ашықтығын
қамтамасыз етеді, өйткені мұның бәрі автоматты режимде іске
асырылады.
Министрліктің
мәліметінше,
Қазақстанда
студенттерді киберқауіпсіздік бойынша оқыту басталды.

8.

Цифрлық мектеп – бұл білім беру процесінде цифрлық жабдықты,
бағдарламалық жасақтаманы саналы және тиімді қолданатын және сол
арқылы әр оқушының бәсекеге қабілеттілігін арттыратын білім беру
мекемесінің ерекше түрі. Цифрлық мектептерді ерекше және одан да жаңа
құбылыс ретінде қарастыруға болмайды, өйткені ақпараттық технологиялар
мектептерде белсенді қолданылады. Оқытудың цифрлық технологияларына
көшетін мектептер техникалық және ақпараттық жабдықталуы,
педагогтердің жаңа жағдайларда жұмысқа дайындығы, білім беру ортасын
басқару деңгейі бойынша түбегейлі ерекшеленеді. Әдістемелік тұрғыдан
алғанда, «цифрлық мектеп» құзыреттілік көп деңгейлі тәсілді қолдана
отырып, жаңа білім беру стандарттарына сүйенеді.

9.

Цифрлық технологиялар дегеніміз не?
Бүгін цифрлық
технологиялар
- бұл жаңа білім беру
ортасын құру құралы:
дамушы және
технологиялық
- бұл оқытудың тиімді
тәсілі;
- білім алушыларға
ақпарат пен білімді тиімді
жеткізу құралы;
- бұл оқу материалдарын
жасау құралы;

10.

Заманауи цифрлық технологиялар – бұл:
- Мұғалім мен оқушының бірлескен
эксперименттік зерттеулерінің технологиясы.
- «Виртуалды шындық» технологиясы.
- «Панорамалық бейнелер» технологиясы.
- «3D модельдеу» технологиясы.
- «Білім беру робототехникасы» технологиясы.
- Мультимедиялық оқу мазмұны.
- Интерактивті электрондық мазмұн.

11.

Оқушылар өз жоспарларын тәуелсіз зертханалық экспериментте
жүзеге асырады, оның нәтижелері (жаңа фактілер) теориялық
болжамдармен салыстырылады және қорытынды жасайды.
1) білім алушыларды таным
процесімен таныстыру;
Цифрлық технология мүмкіндік
береді:
2) одан әрі оқыту мен өмір сүру
үшін маңызды болып табылатын
жалпы көзқарасты білім
элементтерімен қаруландыру;
3) білім алушыларды әртүрлі оқу
іс-қимылдарына тарту:
практикалық және ақыл-ой,
осылайша танымдық іс-әрекеттің
кең спектрін, олардың
психологиялық дамуы мен
тәуелсіздігін қамтамасыз етеді

12.

Интерактивті электрондық мазмұн
Интерактивті
электрондық
мазмұн

бұл
пайдаланушының
электронды
білім
беру
мазмұнымен
интерактивті өзара әрекеттесуінің әртүрлі формаларын құру
мүмкіндігі бар мазмұнды айтамыз. Бұл дегенміз: экран
нысандарын басқару, сызықтық навигация, кері байланыс,
конструктивті өзара әрекеттесу, рефлексивті өзара әрекеттесу,
модельдеу және т.б.

13.

Мультимедиялық оқыту мазмұны
Мультимедиялық оқыту мазмұны - бұл әр түрлі
ақпаратты
(мәтіндік,
графикалық,
анимациялық,
дыбыстық және бейне) синтездейтін мазмұн, оны
құрылымдаудың, интеграциялаудың және ұсынудың
әртүрлі тәсілдері мүмкін.

14.

Білім беру стандарттары бізді оқу үдерісін ұйымдастыруды қайта құруға
бағыттайды. Бұл көбінесе мұғалімдер мен студенттердің эксперименттік
қызметіне қатысты. Неліктен? Мәселе мынада, студенттер нақты
практикалық дағдыларды ғана емес, сонымен қатар жалпы білм беру
дағдыларын да игеруі керек: оқу процесін жаратылыстану-ғылыми таным
әдісі игерілуі үшін ұйымдастыру керек. Мұғалім мен студенттерді бірлесіп
зерттеу технологиясы, әрине, оқытудағы проблемалық-іздеу тәсілін жүзеге
асырады және белгілі ғылыми таным циклын жүзеге асыруды қамтамасыз
етеді: фактілер – модель – нәтиже – эксперимент фактілері.

15.

Мұғалімдердің тәжірибесінде интерактивті электрондық мазмұн және
мультимедиялық оқу мазмұны сияқты технологиялар қолданылады.
Интерактивті электрондық мазмұн – бұл пайдаланушының электронды
білім беру мазмұнымен интерактивті өзара әрекеттесуінің әртүрлі
формаларын құру мүмкіндігі бар мазмұнды айтамыз. Бұл дегенміз: экран
нысандарын басқару, сызықтық навигация, кері байланыс, конструктивті
өзара әрекеттесу, рефлексивті өзара әрекеттесу, модельдеу және т.б.
Мультимедиялық оқыту мазмұны – бұл әр түрлі ақпаратты (мәтіндік,
графикалық, анимациялық, дыбыстық және бейне) синтездейтін мазмұн,
оны құрылымдаудың, интеграциялаудың және ұсынудың әртүрлі тәсілдері
мүмкін.

16.

Бүгінгі күні мұғалімдердің тәжірибесінде төмендегі ұғымдар
кеңінен пайдаланылып келеді
1) Қашықтықтан білім беру технологиялары-тыңдаушы мен тьютордың жанама
(қашықтықта) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттықкоммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып
жүзеге асырылатын оқыту;
2) Білім беру порталы – әкімшілік-академиялық оқуәдістемелік ақпаратты қамтитын
ақпараттық ресурстар мен интернет сервистерінің жүйелі-ұйымдастырылған өзара
байланысты жиынтығы;
3) Оn-line оқыту (ағылшын тілінен «to be on line» –«желіде болу») – нақты уақыт
режимінде интернеттің көмегімен жаңа білім алу әдісі;
4) Оff-line оқыту (ағылшын тілінен off-line, «желіден ажыратылған») – бос уақыт
кеңістігінде интернет арқылы жаңа білім алу әдісі;
5) Аралас оқыту (Blended learning) – білім беру тұжырымдамасы, оның шеңберінде
тыңдаушы оқытушымен дербес on-line 17 және күндізгі білім алады. Бұл тәсіл материалды
зерттеу уақытын, орнын, қарқынын және жолын бақылауға мүмкіндік береді.

17.

Бүгінгі күні мұғалімдердің тәжірибесінде төмендегі ұғымдар
кеңінен пайдаланылып келеді
6) Электрондық білім беру ресурстары (ЭОР) – курс бойынша электрондық ортада оқу процесін
ұйымдастыру және сүйемелдеу үшін электрондық-цифрлық нысанда (оқыту, бақылау,
анықтамалық-ақпараттық және басқа да материалдар) ұсынылған білім беру ресурстары;
7) Контент – оқу материалдарын ақпараттық толықтыру (мәтіндер, графика, мультимедиа және
өзге де ақпараттық маңызды толықтыру);
8) Тыңдаушы – білім беру ұйымында қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім
алып жатқан адам;
9) Тьютор – тыңдаушының қосымша білім беру жүйесіндегі жеке білім беру процесін
сүйемелдейтін маман.;
10) Тыңдаушыны өз бетінше оқыту – қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, оқу
аудиториясынан тыс жерде білім мен практикалық дағдыларды алу;

18.

Бүгінгі күні мұғалімдердің тәжірибесінде төмендегі
ұғымдар кеңінен пайдаланылып келеді
11) Тыңдаушының аралық бақылауы- тыңдаушының курстың оқу бағдарламасы Модулінің бір бөлігін немесе
бүкіл көлемін зерделеуі аяқталғаннан кейін оның мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін
рәсім;
12) Тыңдаушыны қорытынды бақылау – тыңдаушының оқу бағдарламасының көлемін меңгеру дәрежесін
айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
13) «Deadline» – тапсырма орындалатын соңғы мерзім (күн және / немесе уақыт);
14) Өзіндік жұмыс-тыңдаушының тьютормен тікелей байланыссыз орындайтын оқу қызметінің түрі;
15) Вебинар – (ағылш. «webinar» қысқ.,«Web-based seminar») – тікелей трансляция режимінде веб-технологиялар
көмегімен ұйымдастырылған on-line семинар, дәріс, презентация. Әр қатысушы географиясы мен орналасқан
жеріне қарамастан өз компьютерінде болады;
16) On-line-форум – веб-сайтқа кірушілер арасында on-lineпікірталас өткізуге арналған Интернетсервис;
17) Тьютордың білімін кеңейту және тереңдету, әдістемелік көмек көрсету мақсатында On-line-кеңес беру – online әңгімелесу.

19.

Қазақстандық білім беру платформалары
Цифрлық білім беру ресурсы (ЦБР) деп, қазіргі заманғы білім берудің
мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған графикалық,
мәтіндік, цифрлық, сөйлеу, музыкалық, бейне, фото және басқа да
ақпаратты қамтитын ақпараттық дереккөз түсініледі. Бір цифрлық білім
беру ресурсында ақпараттық (немесе ақпараттық-анықтамалық) көздер,
ақпаратты жасау және өңдеу құралдары, басқару элементтері бөлінуі
мүмкін. Цифрлық білім беру ресурсы CD, DVD немесе кез келген басқа
электрондық тасымалдағышта ұсынылуы, сондай-ақ телекоммуникациялық
желіде жариялануы мүмкін.

20.

Бүгінгі таңда қашықтан оқуда қолданылатын Қазақстандық онлайн білім
платформаларының
саны
8-ге
жеткен.
Олардан
бөлек,
шетелдік
WhatsApp,Telegram мессенджерлері, Zoom видеоконференциясы, Microsoft Teams,
Google Classroom платформалары қосымша қолданыста. Бір қарағанда бәрі жақсы.
Алайда, осы аталған ресурстардың да бастапқыда біраз кемшіліктері көрініс
тапты.
Бір қатарын атап айтсақ:
• Оқудың алғашқы күні BilimLand онлайн платформалары қолданушылардың
көптігінен істен шықты;
• Zoom арқылы оқу кезінде байланысқа бөгде адам қосылып, порно бейнелерін
көрсетуінің бірнеше дерегі тіркелді.
Бұдан бөлек, оқушылар мен ата-аналардың аталған платформаларға қосыла алмау
мәселесі де өзекті болып отыр. Оған негізгі екі себеп бар:
• интернет сапасы төмендігі;
оқушының платформаны қолдана білмеуі.
Осы орайда Қазақстандық бірқатар онлайн платформаны қолданылуы ұсынылып
отыр.

21.

BilimLand. Көптілді білім беру онлайн-платформасы.
Платформаны 2011 жылы Bilim Media Group компаниясы құрды.
Қызмет Қазақстан (bilimland.kz), Ресей (bilimland.ru),
Өзбекстан (bilimland.uz) және АҚШ (bilimland.com)
елдерінде жұмыс істейді. Bilimland 20 мектеп пәндерін оқытуға
арналған бірнеше онлайн-платформаларды қамтиды.
Бұл басқа онлайн платформалар үшін туыстас жобасы,
мысалы: www.twig-bilim.kz, www.itest.kz, www.imektep.kz, www.onlinemektep.kz.

22.

Daryn.Online. Платформаға 2,7 млн астам оқушы мен 200 мұғалім тіркелген.
Күн сайын 700 мыңнан астам оқушы білім алады. Күніне 60-тан астам
арнайы бейнесабақтар түсіріледі. Оқушыларға республикалық физикаматематика және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, сондай-ақ орта
мектептердің үздік мұғалімдері сабақ береді. Офлайн сабақтарға арналған
мобильді қосымшасы да бар. Оқыту 2 форматта өтеді: • синхронды –
мұғалім видеоконференция ұйымдастырып, оқушылармен тікелей эфирде
сабақ өткізеді; • асинхронды – мұғалім дайын онлайн курстар,
презентациялар, оқулықтар мен мультимедиа материалдарын оқуға береді.
Әр оқушының жеке кабинеті болады. Кез келген адам тегін тіркеле алады.
Жеке пайдаланушылар үшін барлық пәндер айына 2 мың теңге.
Daryn.Online-мен келісімшартқа отырған мектеп оқушылары сабақты тегін
пайдалана алады. Бүгінде мұндай мектептер саны – 1 491.

23.

Kundelik. 2016 жылы 1 қыркүйекте Қазақстан мектептері Kundelik
электронды журналын қолдана бастады. Бұл жерде мұғалімдер баға қойып
қана қоймай, оқушыларға тапсырма беріп, кері байланыс орната алады.
Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, электронды күнделікке
күніне 700 мың баға қойылып, 1 млн тапсырма беріледі.

24.

Оpiq.kz. Оpiq.kz электронды
оқулықтар платформасы 1
қыркүйектен бастап
лицензия сатып алғаннан
кейін ғана қолжетімді.
Оқушылар платформаны
тегін пайдалану үшін
мектеп "Алматыкітап"
баспасымен шарт жасасады.
Ал оқулықтардың
электронды нұсқасы
almatykitap.kz сайтында
орналасқан.
Mektep.EDUS және
ok.edus.kz платформасы.
Mektep.EDUS
электронды мектеп
платформасын
Kundelik.kz баламасы
деуге болады. Қазіргі
таңда жүйеге 160-қа
жуық мектеп қосылған.
«Сфера». Бұл –
мұғалімдерді, оқушылар
мен ата-аналарды
біріктіретін және
қашықтан оқыту
процесін тиімді
ұйымдастыруға
мүмкіндік беретін
онлайн білім беру
платформасы.

25.

26.

Назарларыңызға рақмет!
English     Русский Правила