Похожие презентации:
Кейбір сыртқы орта жәйттарының организмге
1. Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Физиологиялық пәндер кафедрасы
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ
СӨЖ
Пәні:Патафизиология
Тақырыбы:Кейбір сыртқы орта жәйттарының
организмге(механикалық жайт,электр ағымы,иондаушы
сәуле,гипокинезия) ауру туындатушы әсері.
Орындаған:Кабулова Г.К
Топ:222 ОМФ
Тексерген:Нурмадиева Г.Т
Семей 2017
2. Жоспар
ЖОСПАРКіріспе
Негізгі бөлім:
1. Дерт туындататынсыртқы орта әсері
2.Механикалық жайт,электр ағымы
3.Радиоактивті сәулелердің өтімділігі
4.Иондаушы сәуленің бүліндіргіш әсері
5.Сәулелік ауру туралы түсінік
6.Гипокинезия
Қорытынды бөлім
Қолданылған әдебиеттер
3. кіріспе
КІРІСПЕАуру - жарақат, жаралану, сырқат, шектен тыс күшті
тітіркендіргіштер әсерінен болатын
патофизиологиялық күйді білдіреді. Мұндай кезде
әдетте «ауырады», «сырқырайды», «қақсайды»,
«ауырсынады» сияқты сөз тіркестері айтылады.
1. Ауру (Morbus) - сырқат, ауру. Аурудың әртүрлі
анықтамасы белгілі, соның бірі:
2. Ауру-сыртқы және ішкі себептердің әсерінен
организмнің құрылысы мен функциясы бұзылған,
сонымен қатар оның бейімделу - өтем реактивтегі
өзіндік сапада жұмылдырылған өмір, ауруға адамның
ортаға толық не жартылай бейімделуі тежеліп, оның
өмір әрекеті бостандығының шектелуі тән.
4.
Аурулар туғызатын заттар мен факторлар.Ағзаларға қолайсыз әсер ететін және ауруларға әкеліп соқтыратын заттарды төмендегідей топтарға
бөліп көрсетуге болады:
1) концерогендер (латын тілінен аударғанда cancir — рак, генезис —
шығу тегі) қатерлі ісіктер туғызады.
Қазіргі уақытта шамамен 500 осындай заттар белгілі. Олардың ішіндегі ең
күштілеріне бензо(а)пирен және басқа да
полициклді ароматтық көмірсулар,ультракүлгінсәулелер,
радиоактивті изотоптар, эноксидті смолалар,
антриттер, нитрозаминдер, асбест және т.б. жатады;
2) мутагендер (латын тілінен аударғанда mutasio — өзгеру) –
хромосомалар саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады.
Оларға: рентген сәулелері, гамма-сәулелер, нейтрондар, бензо(а)пирен,
колхицин, кейбір вирустар және т.б. жатады;
3) тератогендер (грек тілінен аударғанда teras, teralos — құбыжық) —
жеке дамуда кемістіктерге әкелетін, кемтарлықтардың пайда болуына
әкелетін заттар.
5. Механикалық жайттар
МЕХАНИКАЛЫҚ ЖАЙТТАРМеханикалық ықпалдар жалпы организмнің
және жергілікті ағзалар мен тіндердің бүлінісін
тудырады.
Механикалық әсер жарақаттары
Тіннің созылуы;
Жаншылып қалу;
Жыртылуы;
Соққы;
Қысылып қалу;
Шайқалу.
6.
Электр ағымының әсеріАдамға найзағай түскенде оның денесі арқылы өте
қысқа мерзімде тым үлкен кернеудегі электр ағымы
өтеді. Нәтижесінде денеде күйік пайда болып,
тіндерге ерекше тармақталған қан құйылулар,
тіндердің қарайып кетуі және өлеттену байқалады.
Электр ағымы күші бірдей болғанда, тұрақты
электр ағымына қарағанда ауыспалы электр ағымы
организм үшін қауіпті.
Электр ағымы кернеуі 40 В дейін организмнің
зақымдалуына әкелмейді.
7. Электр ағымының әсері
ЭЛЕКТР АҒЫМЫНЫҢ ӘСЕРІКедергілік қасиеті. Ауыспалы электр ағымына адам
денесінің жалпы кедергілерінің жиынтығын импеданс
дейді.ОЛ тіндердің белсенді / омдық/ және қайта
әсерленген / сыйымдылық/ кедергілерден тұрады.
Электр ағымының бүліндіргіш әсер ету жолдарында
электрохимиялық әсері маңызды. Электр ағымы теріден
өтіп әр түрлі тіндердің жасушаларда электролиздік тепетеңдікті бұзады, олардың биологиялық әлеуетін
өзгертіп, жасуша мембранасынң поляризациясына
әкеледі.
8. Иондаушы сәулелер
ИОНДАУШЫ СӘУЛЕЛЕРРадиоактивті сәулелер
кейде радиация немесе иондағыш сәулелер деп
аталады. Олардың кинетикалық және
электромагниттік энергиялары үлкен шама
құрайды. Сөйтіп, биологиялық денелер де,
басқа табиғи денелер де өзгеріске ұшырайды.
Әсіресе тірі табиғат: адам мен жан-жануарлар,
өсімдіктер мен басқа да тіршілік иелері зор
зардап шегеді.
9.
Атом бомбалары мен уран кеніштерін айтпағанның өзінде,атомдық реакторлар мен атомдық электр станциялары да
радиацияның көзі болып табылады. Сондай-ақ Күн
радиациясының, ғарыштан келетін басқа да бөлшектердің
зиянды әсерін де білуіміз қажет. Ол үшін изотоптардың
сәуле атқылау белсенділігін, сондай-ақ радиацияға душар
болған денелердің алған сәулелерінің мөлшер-дозасын
нақты білу қажет. Қандай доза шегінде жұмыс істеуге
болады, қандай доза денсаулыққа зиян немесе адам өміріне
қауіпті деген сұрақтарға да жауап беруіміз керек.
Иондағыш сәулелерден қорғана білу үшін олардың
өтімділік қасиеттерін білген жөн. Радиоактивті
изотоптармен жұмыс істегенде, олардың өтімділігіне орай
тиісті қауіпсіздік ережесін бұлжытпай орындау керек.
10.
Радиоактивті сәулелердің өтімділігіАльфа-бөлшек парақ қағазға
тұтылып, одан өте алмайды.
Алайда адам терісінде қалып
қойса немесе ішкі органдарына
тыныс жолымен, яғни жеген
тағамы арқылы етіп кетсе, өте
қауіпті.
Бета-бөлшектердің өтімділік
қабілеті үлкен. Олар адам
ағзасына 1—2 см тереңдеп ене
алады. Алайда бірнеше
миллиметр алюминий қаңылтыры
оны толық жұтып алады.
Гамма-сәуленің өтімділік
қабілеті аса күшті. Сондықтан
одан қорғану үшін корғасынның
немесе бетон плиталардың калың
қабаты пайдаланылады.
11.
Радиацияның ағзаға беретін энергия мөлшері сәулелену дозасы депаталады. "Күн өтіпті" деген халық диагностикасы мен "сәулелік
ауру" деген қазіргі медицина диагностикасы арасында тура
байланыс бар. Жаздың ыстық күндерінде білмеген адамға ерсі
көрінгенімен, өзбек пен тәжіктің ала шапан киюінде, қырғыз бен
түрікменнің ақ киіз қалпағы мен елтірі бөрігін, дала қазағының
түйе жүн шекпенін тастамауында, халықтың радиациядан
қорғануының ғасырлық тәжірибесі жатыр. Күні шуақты елдердегі
әйелдердің бетін, денесін бүркеп жүруінің де бір сыры осында жатыр.
Шынында да, Күн бетінен келетін радиация біркелкі емес. Алапат
қысым, ғаламат температура жағдайында Күн түсуінен ыстық
плазма оқтын-оқтын буырқана атқылап, жүздеген мың километрге
шапшып, төңірегіне тарайды. Осындайда өте өтімді күн
радиациясынан денені қорғамау денсаулыққа зиян келтіреді.
12.
Радиацияның биологиялық жүйелереге әсерітолық анықталмаса да көптеген зерттеулердің
нәтижесінде мына жағдайлар анықталған.
Біріншіден, иондаушы сәулелер жұтылғанда
жұтылған ортада иондар пайда болады. Екіншіден,
химиялық, биохимиялық реакциялар кезінде еркін
радикалдар бөлініп, ол радикалдар ортада
бірсыпыра өзгерістер әкеледі. Үшіншіден, ортадағы
өзгерістер клетка, ұлпа, мүшелерінің
функцияларын /атқаратын қызмет/ және өзгерген
ұлпада, клеткада құрылым (құрылыс) өзгерістерін
туғызады. Биологиялық жүйелер өте күрделі
болғандықтан иондаушы сәуленің әсер механизмін
түсіну үшін, осы үш жағдайды бір уақытта, бір
тұрғыдан байланыстыра қарастыру керек.
13. Иондағыш сәуленің бүліндіргіш әсері
ИОНДАҒЫШ СӘУЛЕНІҢ БҮЛІНДІРГІШӘСЕРІ
Иондағыш сәулелер организмге сырттан немесе ішінен әсер
етулері мүмкін. Адам организмі рентген құралдарымен,
ядролық реакторлармен және дәрменделген (зарядталған)
бөлшектердің тездеткіштерімен (бетатрондар, циклотрондар,
синхрофазотрондар, сызықтық тездеткіштермен),
радийбелсенді изотоптармен, радийбелсенді қазбаларды өңдеу
т.с.с.. жұмыстар атқарғанда иондағыш сәулелердің әсеріне
душар болады. Ауруханаларда науқастарды емдеу үшін
иондағыш сәулелер қолданылады. Сонымен бірге атом
бомбаларын сынағанда немесе соғыста қолданылғанда,
ядролық реакторлардың апаттары кездерінде адам
организміне иондағыш сәулелер әсер етеді.
14.
Организмге иондағыш радиацияның әсер етужолдары.
Иондағыш радиация организмнің жергілікті
бүліністеріне және жалпы бұзылыстарына әкеледі.
Иондағыш сәулелердің бүліндіргіш әсері шартты
түрде үш кезеңге бөлінеді:
● иондағыш сәулелердің алғашқы әсері;
● радиацияның жасушаларға әсері;
● радиацияның тұтас организмге әсері.
15. Сәулелік ауру
СӘУЛЕЛІК АУРУОрганизмнің сыртынан 1-10 Гр мөлшерінде жалпы
сәулеленудің нәтижесінде жіті сәулелік ауру дамиды. Бұл
кезде негізінен сүйек кемігінің бүліністері байқалады.
Бұны сүйек-кемігілік синдром дейді. 10-20 Гр
мөлшеріндегі иондағыш сәулелердің әсерінен жіті сәулелік
аурудың ішектік түрі, 20-80 Гр мөлшерінде қан тамырлық,
токсемиялық түрі, 80 Гр - астам мөлшерінде —
церебралдық (милық) түрі дамиды.
Жіті сәулелік ауру әсер еткен сәуленің мөлшеріне қарай төрт
топқа бөлінеді:
● жеңіл түрі (1-2 Гр.);
● орташа түрі (2-4 Гр);
● ауыр түрі (4—6 Гр);
● тым ауыр түрі (6 Гр-ден асгам). Ол 4 - сатыда өтеді:
♣ алғашқы серпілістер сатысы;
♣ клиникалық жалған сәттілік сатысы (жасырын
саты);
♣ аурудың айқындалу сатысы;
♣ сауығу сатысы.
16. Алғашқы серіспе
АЛҒАШҚЫ СЕРІСПЕАлғашқы серпілістер сатысы сәулеленуден кейін әсер еткен
сәулелердің мөлшеріне қарай бірінші минуттардың немесе
сағаттардың ішінде дамиды. Бұл кезде организмнің жалпы қозуы,
бас ауыруы, жалпы әлсіздік байқалады. Артынан тәбетгің
жоғалуы, жүрек айну, құсу болады, қанда лимфоциттердің азаюы
нейтрофилдік лейкоцитозбен қабаттасады.
Орталық жүйке жүйесінің қозымдылығы артып, дербес
(вегетативтік) жүйке жүйесінің межеқуаты құбылмалы болады.
Осыдан артериялық қан қысымы құбылып тұрады, жүректің
аритмиялары дамиды. Бұл кезде гипоталамус - аденогипофиз бүйрек үсгі бездерінің сыртқы қабатының белсенділігі артады.
Иондағыш сәулелердің мөлшері 8-10 Гр болғанда артериялық қан
қысымы төмендеп, естен тану, дене қызымының көтерілуі, іш өтуі
байқалады. Жүйкелік-рефлекстік бұзылыстар байқалады.
Сәулелік аурудың бұл сатысы алғашқы 1-3 күн арасында көрінеді.
17.
Жіті сәулелік аурудың ішектік түрі. 10-20 Гр мөлшерінде сәулеленгенадамдар 7-10 күннен кейін жан тапсырады. Аурудың бұл түрінің
әйгіленімдеріне жүрек айну, құсу, қан араласқан іш өту, дене қызымының
көтерілуі, ішектердің түйілуі, іш кебу жатады. Сонымен қатар қатты
лейкопения дамиды, лимфоциттер шеткері қанда мүлде болмайды, жиі қан
кетулер болады және сепсистің көріністері байқалады.
Жіті сәулелік аурудың ішектік түрінде адамның өлімі дененің
сусыздануынан болады. Бұл кезде организмнен сумен бірге тұздар мен
нәруыздар шығарылады. Микробтардың уыттарымен және тіндердің
ыдырауынан пайда болған уытты өнімдермен организмнің уыттануы
болады, сілейме дамиды.
18. Гипокинезия
ГИПОКИНЕЗИЯГипокинезия адам денсаулығына,әсіресе жүрек-қан
айналу жүйесіне зиянды әсер етеді
Гипокинезия
жүрек-тамыр
ауруларының
этиологиясында семіздік пен тірек-қимыл аппаратының
бұзылуында едәуір орын алатынын дәлелдеген.
Гипокинезияның салдарынан адам қажиды да кез
келген
органында
ауру
қозады.Мысалға,қатерлі
өскіндерді қояндардың денесіне еккенде ауыр жұмыс
істеуге жаттыққан қояндарда қатерлі өскін баяу,ал
жаттықпаған
күші
жоқ
қояндарда
жылдам
дамиды.Дене қозғалысының көлемі азайғанда ішкі
органдардың,жүйелердің
қызметі
де
баяулап,қоздырғыштарға қарсы күресі нашарлайды,ауру
туады
19. Гипокинезия
ГИПОКИНЕЗИЯГипокенезияның әсерінен
адам семіздік ауруына
шалдығады.
Семіздік дегеніміз-тері асты
шеліне және басқа да
организмдегі тіндерде
майдың жиналуының
нәтижесінде ден
салмағының 20%-ке,немесе
одан да көп артуын айтамыз
20.
Гипокинезия және тыныс алужүйесіне әсері
Жүрек қан тамыр
жүйесіне әсері
Гипертония,Атер
осклероз,Демікпе
,Перикардит
және т.б. Аурулар
тудырады
21. Қорытынды
ҚОРЫТЫНДЫИондағыш
сәулелердің адам
өмірінде әртүрлі әсер етуі
мүмкін.Мысалы:адам
ағзасындағы рентген
құралдары,циклотрондар кері
әсерін тигізсе,кейде аурухана
жағдайында иондағыш сәулелерді
қолдануда!!!!!
22. Пайдаланылған әдебиеттер:
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:Коган А. Х. «Патофизиология» Москва, 1991
жыл
П.Қазымбет,Л.Аманжолова,Қ.Нұртаева «
Медициналық биология»
Интернет желісі
Әділман Нурмухамбетұлы Патофизиология
2007-647 бет