Похожие презентации:
Кейбір сыртқы орта жайттарының организмге (механикалық жайт, электр ағымы, иондаушы сәуле, гипокинезия) ауру туындатушы әсері
1.
Семей Мемлекеттік Медицина УниверситетіСӨЖ
Тақырыбы: Кейбір сыртқы орта жайттарының
организмге (механикалық жайт, электр
ағымы, иондаушы сәуле, гипокинезия)
ауру туындатушы әсері.
Орындаған:Ақажанова А.
236 топ, ЖМФ
Тексерген:
Cемей 2016 ж.
2.
I.КіріспеII.Негізгі бөлім
1.Механикалық әсер
2.Иондаушы сәулелер
3.Гипокинезия
III.Қортынды.
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
3.
Дерт туындататын сыртқы ортаның ықпалдарымеханикалық,физикалық,химиялық,биологиялық және әлеуметтік болып
ажыратылады.Бұл ықпалдар жиі бірігіп әсер етеді.Мәселен,механикалық
жарақаттардың нәтижесінде дамитын қан кетулер қоршаған ортаның
температурасымен,оның химиялық заттармен немесе иондағыш сәулелермен
ластануымен,организмнің өзінің жағдайларымен т.б.көптеген ықпалдардың
бірігіп әсер етуімен қабаттасады.
Маникалық күштер ағзаға жалпы және жергілікті әсер етеді. Механикалық
әсерлердің ағзаға жалпы әсері кезінде ол букіл ағза жуйелеріне әсер етеді. Ал
жергілікті әсер кезінде белгілі бір тіндер мен мүшелердің бүліністерін
туғызады. Әсер ету нәтижесі әр түрлі және ол әсердің күшіне сонымен
қатар мүшелер мен ұлпалардың физикалық, физико-химиялық,механикалық
сипаттамаларына байланысты.
4.
Ауру сезімін тудыратын механикалық ықпалдың әсері оның күшіменанықталады(кг/см²) және сонымен қатар белгілі жылдамдықта қозғалып
келе жатқан заттың кинетикалық қуатына да
байланысты(MV²/2).Сондықтан механикалық ықпалдың күшіне байланысты
созылу,қысылу болса,оның кинетикалық қуатына байланысты
соғылу,құлау,оқ тию т.с.с.жарақаттар дамиды.
Механикалық әсерден ағзада пайда болатын өзгерістерді
қарастыратын медициналық ғылымдардың бөлімібиосопранат.Механикалық күш әсер еткенде биологиялық
құрылымдарда,кез келген физикалық денеде деформация пайда
болады.Деформация серпілмелі және пластикалық болу
мүмкін.Деформация кезінде денеде ерекше жағдай пайда болады,ол
“кернеу” деп аталады.Дененің бұзылуын тудыратын кернеу
беріктіліктің шегі деп аталады.
5.
Иондаушы сәулелер- кез-келген сәуленің ортаменәрекеттесуінен әр
түрлі белгідегі электрлік зарядтар иондалады.
Иондау және онымен бірге пайда болатын
атомдар мен молекулалардың қозуы биологиялық
құрылымдар: клетка, ткань, органдар жүйесі мен
барлық органдардың сәулелік жойылуына әкеп
соғатын процесстердің басқару механизмі болып
табылады.
6.
Радиоактивті заттардың (иондағыш сәулелердің)адам ағзасына әсері.
Радиоактивтілік – кейбір атом ядроларының
өздігінен немесе кенеттен басқа ядроларға айналу
барысында әртүрлі радиоактивті сәулелер мен
элементарлы бөлшектер шығара алу.
Радиоактивтілікті табиғи (табиғатта болатын
тұрақсыз изотоптарда байқалады) және
жасанды (ядролық әсерленіс нәтижесінде алынған
изотоптарда болады) түрлерін ажыратады.
7.
Радиоактивті сәулеленудің үш типінажыратады:
- а-сәулелену – электрлік және магниттік толқындармен ауытқитын,
жоғары иондаушы қабілеті бар; аз ену қабілеті бар; өзімен гелий
ядроларының ағымын көрсетеді; а – бөлшектердің заряды - +2е; ал
массасы гелий изотобының массасымен сәйкес келеді, 42Не
- в-сәулелену – электрлік және магнитті толқындармен ауытқиды; оның
иондаушы қабілеті төмендеу; ал ену қабілеті а-бөлшектерге қарағанда
біршама көп; тез электрондық ағыммен сипатталады.
g-сәулелену – электрлігі магнитті толқындармен ауытқымайды; әлсіз
иондаушы қабілеті бар; жоғарғы ену қабілеті бар; өте аз толқын
ұзындығы бар 1<10-10м аз толқында электромагниттік сәулеленуімен
көрініс береді және осының нәтижесінде айқын көрінетін
корпускулярлы қасиеті бар, яғни g-кванттық (фотондар) ағымы болып
табылады.
8.
Терең және созылмалы сәулелік ауру.Радиациялық күйіктер.
Ядролық қаруды сынаған кезде ядролық зақымдану ошағы бар
территория қалыптасады. Онда адардарды дерлік қауіпке
ұшырататын ауалық соққы толқыны, жарықтық сәулелену,
радиация таралады.
Негізгі зақымдаушы факторларға ауалық соққы толқыны жатады.
Ол өте үлкен жалу мен сығылу нәтижесінде жарылыстың тез
және үлкен көлемде жарылуында болады. Содан кейін ауаның
қабаттарын бұзу басталады. Ауаның соққы толқыны жарылыс
эпицентрінен тыс жерлерде орналасқан ғимараттар мен
адамдарды зақымдайды.
9.
Жарықтық сәулеленудің зақымдаушы әсерінің нәтижесінде біріңғайлық күйіктермен көздің зақымдануы орын алады. Қорғану үшін әр түрлі қалқаларды
қолданады. Ал ашық алаңдарда арнайы киім мен көзілдірік тағады.
Енгіш радиация гамма-сәулелер мен нейтрондар ағымын көрсетеді. Олар
жарылыс аймағынан тарайды. Олар бірнеше метрлеген аймақтарға таралып, әр
түрлі орталарға еніп, атомдар мен молекулалардың ионизациясын тудырады.
Организм тіндеріне енген гамма-сәулелер мен нейтрондар ағзалар мен тіндердің
биологиялық процестері мен функциясын бұзады. Нәтижесінде сәулелік ауру
дамиды. Зақымданған аймақтағы адамдар үшін негізгі қауіпті бета-гаммасәулелену болып табылады. Олар жарылыс нәтижесінде ағзаға және тері астына
енуі мүмкін.
10.
Терең сәулелік ауру.Бұл дегеніміз организмнің барлық органдары мен жүйелерінің бір мезгілде
бұзылуы, яғни травмасы болып табылады. Сәулелік аурудың аз мөлшердегі енуі
сыртқы көріністер бермеуі мүмкін. Ал үлкен мөлшерде енуі тез арадағы өлімге де
алып келуі мүмкін. Сәулелену мөлшерін екі түрде қарастырады: биологиялық
және клиникалық сәулелену дозасының эффектісі. Сәулелену мөлшері мен
олардың өлшем бірліктері жұту мөлшеріне , оның күштілігіне ткандар мен
органдардың сәулелену көлеміне, сәулелену типіне байланысты. Сәулелену
мөлшерінің күштілігінің төмендеуі биологиялық эффекті төмендетеді.
Организмнің қалпына келу қабілеті белгілі бір деңгейде сақталады. Ал мөлшер
күштілігінің артуы қайта қалпына келу процесін төмендетеді.
11.
Иондауыш сәулелерТікелей иондауыш сәуле
Жанама иондауыш сәуле
12.
Тікелей иондайтын сәулелер-дегеніміз зат атомыменсоқтығысу кезінде иондауға жеткілікті кинетикалық
энергиясы бар зарядталған бөлшектер.
Тікелей иондайтын сәулелерге корпускулярлы сәулелер жатады.
Олар: электронды позитрондар, ауыр зарядталған бөлшектерпротондар, нейтрондар альфа бөлшектер, басқа атомдардың
ядролары, зарядталған мезондар мен гиперондар.
13.
Жанама иондайтын сәулелер фотондар мен зарядмалмағанбөлшектерден тұрады. Олардың ортамен әрекеттесуінен екінші
рет зарядталған бөлшектер босайды. Жанама иондайтын
сәулелерге электромагнитті сәулелер, оның ішінде рентген
және гамма сәулелер және нейтрондар мен зарядтал-маған
мезондар мен гиперондар Бірақ қысқа толқынды ультракүлгін
сәулелер ортаны иондай алады, оларды иондаушы сәулелерге
жатқызбайды.
14.
15.
Иондаушы сәулелердің биологиялық әсеріИондаушы сәулелердің биологиялық объектіге әсерінен болатын алғашқы
физикалық процесстер химиялық белсенділігі жоғары заттар түзуге
көмектеседі.Биологиялық сәуленің әсері негізінен судың радиолизі
өнімдеріне байланысты.Оларға Н, ОН, НО2 бос атомдары мен радикалдары
жатады.
16.
Иондаушы сәулелер биологиялық молекулалар менмолекула үстілік құрылымдарға тікелей әсер ете
алады. Сәулелер түрлі денатурациялық өзгерістер
жасайды, берік байланыс-тардың
үзілуі,радикалдардың бөлінуі, деполимерлеу және
басқа да өзгерістер.
17.
Иондаушы сәулелердің әсері кезінде клеткада физика –химиялық бүлінушілер болады:
- биологиялық маңызы бар молекулалар бүлінеді;
- ферменттік жүйенің белсенділігі кемиді;
- клетканың көп фазалы жүйесінің құрылымы
өзгереді.
Бұл мембраналардың өткізгіштігін арттырады, диф-фузиялық
процестерді өзгертеді, белоктар денатура-цияланады,
клетканың ішкі ортасы бұзылады.
18.
Ядро мен цитоплазманың радио сезгіштігі бірдейдеп есептелінеді. Алайда, клетка ядросының бүлінуі
осы құрылымның биологиялық маңыздылығымен
анықталады. Хромосомдық аппараттағы
құрылымдық өзгерістер митоз процесінде
клеткалардың жойылуына, өмір
сүруге қабілеттілігінің пайда болуына
әкеледі. Ядролық хромосомдардың өзгеруіне
байланысты жыныс клеткаларының бүлінуінің
цитогенетикалық зардабы білінеді.
19.
Клетканың бүлінуі митотикалық бүлінудің қарқынды-лығына және заталмасуына клетканың дамуына қатысты болады. алмасу процестерінің
деңгейінің көтерілуінен ткандердің радио бүлінуі артады. Осы аталған
шкала ткандердің радио сезгіштігі мынадай түрде көрінеді:
гемопоэтикалық ткань, ішек эпителийі, гонадтар, тері эпителийі, хрусталик
терісі, фиброз ткані, шеміршек, сүйек, бұлшық ет, нерв
ткандері.
20.
Организмге иондаушы сәулелердің биология лық әрекеті сәуле түрі менмөлшеріне байланысты, энергияның тізбекті берілуіне, сәулелену
шартына организмде сіңірілген дозаның жайылуына, шекті межелік
органдардың бүлінуіне, сәуле алу алдындағы организмнің жағдайының
функцияларына байланысты.
21.
Егер адам 150-400 рад сыртқы сәуле алса, онда ауырлығы жеңіл жәнеорташа деңгейдегі ауруларға шалдығады, 400-600 рад мөлшерде – ауыр
сәулелік аурулар, 60 радтан жоғары алса, егер профилактика мен емдеу
әдістері қолданылмаса, онда өлімге соқтыруы мүмкін.
22.
100- 1000 рад диапазонда сәуле алу кезінде сәулелік аурудамудың сүйек жұлын механизмін зақымдайды. Ішті
локальды немесе жалпылай сәулелену кезінде 1000-5000 рад
мөлшердегі сәуле алуда ішектік механизмдер зақымдалады.
5000 радтан артық дозада сәуле алу кезінде адам
қалшылдайды, жалпы қозу жүреді, құсады. 20000 рад
мөлшерде сәулелену болса , организм өледі.
23.
Иондаушы сәулелердің нерв жүйесіне әсері рецептор-лық жүйе арқылыда, сондай-ақ нерв клеткаларының тікелей бұзылуының нәтижесінде
жүзеге асады. Нервтік регуляцияның бұзылуы организмдегі
патологиялық өзгерістің пайда болуына әкеледі.
24.
Дене қимылының кемдігінен (гипокинезия)пайда болатын аурулар.
Гипокинезия адам денсаулығына,әсіресе жүрек-қан айналу жүйесіне
зиянды әсер етеді.
Гипокинезияның салдарынан адам қажиды да кез келген органында ауру
қозады
Дене қозғалысының көлемі азайғанда ішкі органдардың,жүйелердің қызметі
де баяулап,қоздырғыштарға қарсы күресі нашарлайды,ауру туады.
Гипокинезия холестеролдың,этирифицирленген полиенді май
қышқылдары құрамының артуына,перекисті тотыққан осы қышқылдар
өнімдерінің қан плазмасындағы липидтерде жинақталуына жағдай
туғызады.Балалармен жасөспір-імдерде гипокинезия қалыпты кездегі
жүрек соғуының жоғарлауына,тері асты майының қалыңдауына,дем
шығару қарқынының артуына,қандағы холестерол құрамының көбеюіне
әкеледі
25.
Қозғалыс аппаратындағы өзгерістер-бұлшық ет атрофиясы,шеміршек,сүйек,буындар мен байламдарда кездесетін дегенеративтікпроцестер негізінен пайда болады.Қозғалыс белсенділігі тірек-қимыл
аппаратының пассивті құрамдарына әсер ете,оның жағдайын да
анықтайды.Мұндай статикаляқ мәліметтер түрлі арқа ауруларының
басты себептерінің бірі,арқа бұлшық еттерінің жағдайы болып
табылады.Статикалық жұмыс қалпындағы ширығу,бұлшық еттердің
босаңсу уақыт өте келе, бұлшық ет ұлпаларында спазм және
дегенеративтік өзгерістерге әкеледі.Арқа аурулармен ауыратын 5000дай адамды тексергенде,олардың тек 20%-ті ғана зақымдану немесе
органикалық патология табылған.Ал отырып жұмыс істейтіндерде
кездесетін арқа және сүйек аурулары,қимылдың аздығынан.Арқа
еттеріндегі әлсіздік 6-16 жас аралығындағы балалар жасөспірімдерде
де байқалған.
26.
Гипокинезия буын жағдайына да көп әсер етеді.Ұзақ уақыттық статикалықжүктемелер әсерінен буын шеміршегі жалпақтанады,ондағы зат алмасудың
бұзылуынан,дегенеративтік өзгерістер пайда болады да буындағы қозғалыс
амплитудасы шектеліп,серпімділігі азаяды.
27. Қорытынды:
Сонымен,механикалық ықпалдардың бүліндіргішәсерлері жалпы организмнің және жергілікті ағзалар
мен тіндердің бүліністерін туындатады. Дер кезінде
медициналық көмекке жүгінбесе ағзаның өлімімен
аяқталуы әбден мүмкін.
28. Қолданылған әдебиеттер:
1.2.
3.
Қайдарова С.Б.”Клиникаға кіріспе бір”
Нұрмұхамбетұлы “Патофизиология оқулық”
Оразұлы С.О “МедиWиналық биохимия оқулық”
4.
Новицкова Е.Д “Патофизиология учебник”