135.88K
Категория: ЭкологияЭкология

Қоршаған ортаны халықаралық құқықтық реттеу. Қоршаған ортаны қорғайтын халықаралық бірлестіктер

1.

12-тақырып. Қоршаған ортаны
халықаралық құқықтық реттеу

2.

Жоспар:
• 1. Қоршаған ортаны халықаралық
қорғаудың ұғымы, қағидалары
• 2. Қоршаған ортаны қорғайтын
халықаралық бірлестіктер

3.

Халықаралық
экологиялық
құқық
жеке
мемлекеттердің қоршаған ортасының ұлттық
жүйелеріне және ұлттық юрисдикция әрекетінен
тыс жердегі қоршаған орта жүйелеріне түрлі
сипаттағы және түрлі қайнар көздерден
келтірілетін залалдардың алдын алу және жою
жөніндегі мемлекеттердің әрекеттерін реттейтін
қағидалар мен нормалар жиынтығын көрсетеді.

4.

Халықаралық экологиялық құқықтың нормалары
зиянды салдардың болмауын, оны шектеуді немесе
алдын алуды қамтамасыз етеді. Бір табиғат
объектісінің өзі бір мезгілде түрлі әсерге ұшырауы
мүмкін. Ол жеке-жеке зиянсыз болғанымен,
жиынтығында зиянды нәтижелерге әкеп соқтыруы
ықтимал.
Түрлі кезеңдерде, түрлі авторлар қүқықтың осы
саласының мазмұнын белгілеу үшін әр түрлі
терминология қолданып келді. Олардың ішінде кең
таралғаны “табиғатты халықаралық-құқықтық
қорғау”, “қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық
қорғау”, “халықаралық табиғат қорғау құқығы”,
“қоршаған ортаның халықаралық құқығы” деген
атаулар кездеседі.

5.

Қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық
қорғаудың негізгі объектілеріне:
• құрлық, жер қойнауы, Дүниежүзілік мұхит,
аспан денелері, әуе кеңістігі, ғарыш кеңістігі,
жердің өсімдіктер және жануарлар дүниесі;
• негізгі ластау көздері: а) өнеркәсіптік
химиялық қалдықтар, ядролық қару, мұнай
және газ, көлік құралдары; б) адамның
құқыққа сай және құқыққа қайшы әрекеттері
жатады.

6.

Қоршаған ортаны қорғау мәселелеріндегі
халықаралық ынтымақтастық мақсаттары мынадай:
адамды және оны
қоршаған ортаның ауасын
ластанудан қорғау;
мемлекеттік аумақтағы
қайнар көздердің ауаны
ластауын шектеу, қысқарту
және оның алдын алу;
ауа сапасын реттеудің және
оны ластаумен күрес
шараларының ең жақсы
жүйесін жасау;
ақпараттар,
консультациялар, ғылыми
зерттеулер және
мониторинг алмасу арқылы
ауаны ластаумен күресу
стратегиясын жасау;
кез келген қайшы
әрекеттерге тыйым салу
және алдын алу бойынша
кез келген заңды
шараларды қабылдау.

7.

Халықаралық экологиялық
құқықтың қайнар көздері
• 1975 ж. Хельсинки Қорытынды актісінде
“Экономика, ғылым, техника және қоршаған орта
саласындағы ынтымақтастық” деген арнайы бөлім
пайда болды.
• 1979 ж. Женевада кеңес өткізілді, онда мынадай
құжаттар жасалды: атмосфералық ауаны едәуір
қашықтықта шекарааралық ластау туралы
Конвенция;
• 1992 ж. Қоршаған орта және даму жвніндегі Рио
Декларациясы; Биологиялық алуан түрлілік туралы
Конвенция; Климаттың өзгеруі туралы негіздемелі
Конвенция.

8.

Бағдарламалық құжаттар халықаралық
қауымдастықтың ынтымақтастық саласын
айқындап берді:
Суларды және ауыз суларды пайдалануды ластанудан қорғау.
Ауаның ластануымен күресу.
Теңіздің қоршаған ортасын қорғау.
Топырақ қабаты мен жерді пайдалануды қорғау.
Табиғат пен қорықтарды қорғау.
Қоршаған орта мен елді мекендердің жағдайын жақсарту.
Қоршаған ортадағы өзгерістерді іргелі зерттеу, бақылау, болжау және бағалау.

9.

Халықаралық
экологиялық
құқық
қағидаларының
жүйесі
мемлекеттер мен халықаралық құқықтың басқа да субъектілерінің
халықаралық табиғатты қорғаудағы ынтымақтастықтарының қағидасы;
қоршаған ортаға зиян келтірмеу қағидасы;
жоспарлы қызметтің шекарааралық салдарын бақылау қағидасы;
қоршаған ортаны ұтымды пайдалану қағидасы;
мемлекеттік шекаралардан тыс жердегі қоршаған табиғи орта барлық
адамзаттың ортақ игілігі болып табылады;
экологиялық залал үшін халықаралық жауапкершілік қағидасы;
қоршаған ортаны және оның құрамындағы бөліктерді зерттеу және
еркін пайдалану қағидасы.

10.

Халықаралық экологиялық құқықтағы
халықаралық ұйымдар
• БҰҰ
• Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының
(ФАО)
• Халықаралық теңіз ұйымы
• Халықаралық азаматтық авиация ұйымы
• Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ)
• ЮНЕСКО
• ХЕҰ

11.

Ұсынылатын әдебиеттер:
• Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі
• Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы
N 212 Кодексі.
• И.С. Уханова. Экологическое право: учебник. Изд-во
СПб ун-та МВД России. ‒ СПб. : ООО «Р-КОПИ», 2018. ‒
216 с.
• Стамқұлов Ә.С., Стамқұлов Г.Ә. ҚР жер құқығы. Жалпы
бөлім. Оқу құралы. – Алматы. Заң әдебиеті. 2004. - 334
бет
• О.Р.Саркисов, Е.Л. Любарский . Экологическое право:
учеб. -5-е изд. переработанное и доп – Казань:
• Центр инновационных технологий, 2014. – 335
English     Русский Правила