1.22M
Категория: МедицинаМедицина

Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалау

1.

Семей қаласының мемлекеттік медициналық университеті
Нервология ,психиатрия, жұқпалы аурулар кафедрасы
Тексерген:Алмагамбетова А.А
Орындаған:Тұрсынова А.Е
Семей 2017

2.

Жоспар
К
—іріспе
Н
—егізгі бөлім:
Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін
бағалау
1—)Дәрігер-пациент қарым-қатынасы,модельдері
2—)Дәрігердің емдік жоспарының орындалмауының
3—)Дәрігер -Мейірбике арасындағы өзгерістердің факторлары
себептері
Қ
—орытынды
П
—айдаланған әдебиеттер

3.

Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізе алу дәрежесі дәрігердің
науқаспен, әріптестерімен жақсы қарым-қатынас құра алуына оң әсерін
тигізері сөзсіз. Емхана дәрігері коммуникативті дағдыларды жоғары
дәрежеде жүргізе алса, бұл емхананың да, дәрігердің де беделін асырады.
Сол себепті, дәрігер басқа дәрігердің де, өзінің де коммуникативті
дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалай алуы тиіс. Коммуникативті
дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалау арқылы, дәрежені одан ары
арттыруға мүмкіндік аламыз.

4.

Д
Қарапайым, жан-жақты
Ә
Төзімді, сабырлы
Р
Ақылды, парасатты
І
Г
Е
Р
Жауапкершілігі мол
Білімді, білікті
Батыл, берік

5.

Науқасқа тиімді ем шараларын тағайындау үшін емдеуші дәрігер, мамандығы
басқа әріптестерімен дұрыс қарым-қатынас жасауы өте маңызды болады.
Дәрігердің коммуникативтік дағдылары, оның адамгершілік, психологиялық
қасиеттеріне байланысты болады. Дәрігердің бұл қасиеті хирургиялық
мамандықтарда, төтенше және жедел жәрдем көрсетуде маңызы өте зор.
Мұнда дәрігердің жайлы мінез-құлқы, көңіл-күйі, шыдамдылығы,
өркөкіректігі, жеңілтек мінезділігі оның әріптестерімен қарым-қатынас
құруына, медициналық ұжымда қалыпты қызмет атқаруына талай
қиыншылықтар тудырады және бұл жағдай жұмыс нәтижесін жоққа
шығарады.

6.

Ежелгі заманда дәрігерлер саны өте шамалы болағандықтан, олар бір
өздері қызмет атқарып, басқа әріптестерімен көп қатынасқа түспеген.
Қазіргі таңда дәрігерлер саны күрт өскендіктен, медициналық
амандардың да саны артты. Диагностикалық және емдеу
технологияларын, ақпараттарды қолдануға байланысты, медициналық
мекемелерде көптеген техникалық мамандарда жұмыс атқарады.
Сондықтан, бүгінгі таңда дәрігер жұмыс бабына орай күнделікті
көптеген әріптестерімен, медициналық орта буынды қызметкерлерімен,
науқас және оның жақын туыстарымен тікелей қарым-қатынаста болады.
Мұндай жағдайда, дәрігер жұмысының нәтижелілігі, қарамағындағы
аурулардың тағдыры, оның әріптестерімен және басқа медициналық
қызметкерлермен дұрыс қатынас құруына байланысты.

7.

Дәрігер жұмыс бабы бойынша орта және кіші буынды медициналық
қызметкерлерімен де тығыз қатынаста болады. Олармен дұрыс қарымқатынас құруы, тіл табысуы, міндеттерін бір бағытта атқаруы емдеудің
нәтижесіне оң әсер беретіні ақиқат.
Диагностикалық зерттеулер және ем шараларын жүргізуде мейірбике
дәрігерге көмек көрсетіп, ол ауруға күтім шараларын жүргізіп, науқастың
бақылауын тікелей өзі іске асырады. Егер, дәрігер мен мейірбикенің
арасында дұрыс қарым-қатынас орнамаса, тағайындалған ем шараларын
мейірбике тиісті дәрежеде орындамаса, емнің нәтижелі болуы екіталай.

8.

Дәрігер өз міндетін атқару барысында, басқа адамдармен түрлі қарым
қатынас, байланыс, сұқбат жасауға мәжбүр болады: оның ішінде – науқаспен,
оның туысқандарымен, басқа медициналық қызметкерлерімен, т.б. дәрігер
мен сырқат адамның қатынасының жоғары дәрежеде болуы, маманның кәсіби
дамуына үздіксіз әсер етеді.
Қатынасуда субьектілер сөз, мимика және дене қимылы арқылы, бір-біріне
мәлімет тасымалдап, әрекеттеседі. Вербальды коммуникация – адамдардың
қатынасу үшін белгі жүйесі ретінде сөзді қолдануы.
Вербальды емес коммуникация – қатынасу үшін тілден басқа белгілерді
қосымша пайдалану(жест, мимика, дауыс ырғағы, көзбен жанасу). Өзара
мәлімет алмасу арқылы қарым-қатынасқа түскен адамдар сұқпаттаса келе,
бірін бірі түсініп, танысады.

9.

Медбике-емделуші» арасындағы қарымқатынастар:
Медициналық бике емделушімен сабырлы әрі ашық жарқын сөйлесуге
міндетті. Дөрекі, тұрпайы немесе тым ресми сөйлесуге тыйым салынады.
Науқастарға «Сіз» деп және аты мен әкесінің атын атап сөйлескен жөн.
Науқастың жанында тұрып оның диагнозын, емдеу жоспарын талқылауға,
палатадағы өзге де науқастардың денсаулығын әңгімелеуге тыйым салынады

10.

Дәрігер-медбике қарым-қатынасы
«Медбике-дәрігер» арасындағы қарым-қатынастар:
Сұхбаттасу кезінде дөрекі сөйлесуге тыйым салынады;
Дәрігерлік тағайындаулар уақытында нақты, нақты және кәсіби орындалуы
тиіс;
Науқастың денсаулық жағдайындағы кенеттен болған өзгерістер туралы
дәрігерге жедел хабар берілуі тиіс;
Тағайындалған дәрігерлік емді қолдану барысында күмән туындаған
жағдайда , науқас жоқ уақытта, сыпайы түрде, осы жөнінде дәрігермен мәнжайды талқылауы қажет.

11.

Қорытынды Қорыта келгенде, дәрігердің коммуникативтік дағдыларды
жоғары деңгейде жүргізе алуы, оның жұмысының нәтижелі болуына оң әсерін
тигізеді және әріптестерімен жақсы қарым-қатынас орнатуына ықпалын
тигізеді. Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін дәргердің
қарым- қатынасқа түсе алу деңгейін бақылау арқылы бағалауға болады.

12.

Қолданылған әдебиеттер:
https://www.google.kz/url?sa=t&rct=j&q=&esrc=s&source=web&cd=1&cad=rja
&uact=8&ved=0ahUKEwji7reS5YDSAhUnQZoKHTVlAfkQFggdMAA&url=http%3
A%2F%2Fshava.kz%2Fprezentaciyalar%2Fmedicina%2F137-drger-nauasmeyrbike-arym-atynasy16.html&usg=AFQjCNHe64afETjp-e86Lo1ZXzCvUNr46Q
https://www.google.kz/url?sa=t&rct=j&q=&esrc=s&source=web&cd=8&cad=rja
&uact=8&ved=0ahUKEwji7reS5YDSAhUnQZoKHTVlAfkQFghbMAc&url=http%3A
%2F%2Fikaz.info%2Fdariger-men-naukas-arasyndagykatynas%2F&usg=AFQjCNFuhFXXDtlnjr5zL5x186XxkwCHsg
https://www.google.kz/url?sa=t&rct=j&q=&esrc=s&source=web&cd=3&cad=rja
&uact=8&ved=0ahUKEwji7reS5YDSAhUnQZoKHTVlAfkQFggwMAI&url=http%3A
%2F%2Fmedkz.ucoz.com%2Fpubl%2Fdariger_maqalalary%2Fmedicina_qyzmetkerinin_pacie
ntpen_qarym_qatynas_erekshelikteri%2F2-1-0-440&usg=AFQjCNE3x3qbyZitBzI8opB0B7CY5ooUw
English     Русский Правила