Похожие презентации:
Дәрігердің жұмысындағы қарым-қатынас кедергілері
1.
Қарағанды мемлекеттік медицина университетіПсихология негіздері және коммуникативтік дағдылар кафедрасы
Тақырыбы: Дәрігердің жұмысындағы қарым-қатынас
кедергілері
Орындаған: Талғатбек Арайлым
Топ:1-010.ЖМФ
Қабылдаған: Гульбахрам Сериковна
Қарағанды 2017
2.
Жоспар:3.
Дәрігердің коммуникативтідағдыларды жүргізе алу дәрежесі
дәрігердің науқаспен, әріптестерімен
жақсы қарым-қатынас құра алуына оң
әсерін тигізері сөзсіз.
Емхана дәрігері коммуникативті дағдыларды
жоғары дәрежеде жүргізе алса, бұл емхананың да,
дәрігердің де беделін асырады. Сол себепті, дәрігер
басқа дәрігердің де, өзінің де коммуникативті
дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалай алуы тиіс.
Коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін
бағалау арқылы, дәрежені одан ары арттыруға
мүмкіндік аламыз.
4.
Тиімді коммуникацияға кедергілерЕкі адамның бір жағдайды түрліше қабылдауы, тиімді коммуникация
Үшін үлкен кедергі болып табылады.Ең алдымен қарым-қатынастың екі
жақты процесс екенін ұмытпау керек.
Ақпарт алу кезінде кездесуі мүмкін кедергілер:
Тыңдамау(әдейі)
Естімей қалу
Түсінбей қалу
Дұрыс түсінбеу
Мәліметті қабылдағысы келмеу
Естігенін асығыс асығыс талқылау
Әңгімені бөлу
Айтушының дене қимылы мен дауыс ырғағы жағымсыз
Айтушы жөнінде асығыс қорытынды шығару
Тым көп ақпарат айту немесе аз мәлімет айту
Қате немесе бір-біріне қайшы келетін мәліметтер беру
Тыңдаушының қажеттіліктері мен қызығушылығын ескермеу
5.
Коммуникация құруда науқасқа бағытталғанұстанымның рөлі
Науқасқа бағытталған ұстанымды қолдану, яғни жағдайға науқастың
көзімен қарау, науқастың
неғұрлым еркін, сенімді болуына мүмкіндік
туғызады және тиімді кеңес беруге көмектеседі.
Науқас адамдарға көңіл бөлу - бүкіл дәрігерге ортақ парыз. Өз қызметін
дамыту үшін әр дәрігер өзінің түрлі қасиеттері мен қылықтарын талдай
алатын, қоғам мен ұжым қоятын талаптарды ескере отырып, бұларға сын
көзбен қарай алатындай қабілетке ие болуы тиіс. Кім жақын адамдарына
бақыт әкелгісі келсе немесе еңбекте табысқа жеткісі келсе, сол адам өз
бетімен өзін-өзі тәрбиелеу жолында еңбегін сарп еткені жөн.
6.
7.
С.А.Левин және оның ізбасарлары қағидасында «қарымқатынас жасауда кездесетін қиындықтардыңкөпшілігі дәрігерлердің көбінесе адамдарға жіне олардың
денсаулығына емес, ауруғағ оны емдеуге көп мән
бермейтіндігінен туып жатады. Науқасқа бағытталған ұстаным оң
бағаға ие болып , денсаулық сақтау қызметкерлерін дайындау
шараларына енгізілді», - деді.
8.
Дәрігердің коммуникативтік біліктілігін төмендететінжағдайлар
Дәрігердің кәсіби іс –әрекеті терапевтік әсер ету тактикасы
мен стратегиясын меңгерумен байланысты және жағдайды
болжай алу, аурудың асқынуын, фармакологиялық емдеу
салдарын болжай алу іскерлігін талап етеді.Осыған орай
дәрігерде адаптивті жіне кейде дезадаптивті рөл ойнайтын
мазасыздықтың болуы маңызды.
9.
Мазасыздану - адамның тынышсыздыққа, үрейлілікке, әсерленугедеген бейімділігі . Мазасыздық белсенді елестетудің, болашақты
қиялдаудың нәтижесі болып табылады. Мазасыздық адамды қозуды
бәсеңдетуге мүмкіндік бермейтін, аяқталмаған ситуациялардың,
шектелген белсенділіктің болуы салдарынан пайда болады.
Осыған байланысты, мазасыздық индивидтің санасында сәтсіздікті,
қауіпті болжаумен немесе белгісіздік жағдайында адам үшін маңызды,
ауқымды нәрсені күтумен байланысты өте күшті ішкі азапқа салатын
мазмұнсыз мазасыздану деп түсінілетін эмоциялық ахуал. Анық
байқалатын мазасыздық дененің түрлі бөліктеріндегі анықталған,
көбіне кеуде тұсындағы «жайсыздықты», «дірілдеуді», «буырқануды»,
«қайнауды» сезіну және ол көп жағдайда түрлі сомато-вегетативтік
ауытқулармен (тахикардия, тершеңдік, терінің қышуы және т.б.)
қатар жүреді.
10.
Мазасыздықтың негізгі түрлері:•Жасырын және ашық ;
•Мобилизациялық және босаңсыту мазасыздығы;
•Тұлғалық «мазасыздану мінездің көрінісі» және жағдайға
байланысты мазасыздану;
•Қалыпты және невротикалық сипаттағы мазасыздану;
•Жағдайға байланысты мазасыздану – тұлғааралық, топішілік,
іс-әрекеттік;
•Жасөспірімдермен қарым-қатынасқа түсу барысында
көрінетін мазасыздану;
•Жайсыздықты сезіну кезінде көрінетін мазасыздық, «Менмазасыздығы» өз-өзін бағалауы жеткіліксіз.
11. Мазасыздық жағымды жағымсыз қасиеттері
ЖағымдыМазасыздықтың жеңіл түрі қобалжу – бұл белгісіздік
пен болуы мүмкін қауіпті жағдайды ескертетін
әдеттегі реакция. Қобалжудың пайдасы зор яғни ол
қауіпке қарсы тұру мүмкіндігін арттырады.
Жағымсыз
Қарұынды мазасыздық мына нәрселерге кедергі
келтіреді:
• Жағдайды қалыпты бағалау
• Дәрігердің науқаспен коммуникация жасауына
• Дәрігер мен науқас арасындағы психологиялық
12. Қазіргі заманғы дәрігерге қойылатын талаптар
Дәрігердің науқаспен сөйлесу әдістеріНауқас ынта білдірсе оның диагнозын дәрігердің
арнайы мәліметтеуі;
Қысқаша, анық және нақтылы сөйлесу арқылы
сенімділігін тудырады;
Дерті күрделі болса, консилиум құрылады;
Ауруының барысы күрделі болса, сауығуы күмәнділік
тудырса болжамды мәлімет құпия қалдырылады;
Обыр ауруының диагнозы айтылмайды;
13. Қорытынды
Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізеалу дәрежесі дәрігердің науқаспен, әріптестерімен
жақсы қарым-қатынас құра алуына оң әсерін тигізеді.
Сол себепті де әрбір дәрігерге коммуникация жүргізу
кезінде қойылатын талаптар бар. Дұрыс емес
коммуникацияға көптеген коммуникация кедергілері
әсер етеді.
Мысалы, тыңдамау, естімей қалу, түсінбей қалу,
дұрыс түсінбеу, мәліметті қабылдағысы келмеу,
естігенін асығыс асығыс талқылау, әңгімені бөлу және
т.б.
14. Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Н.М. Амосов. Денсаулық туралы2. Г.Л. Апанасенко. Л.А. Панова.
3. Г.Л. Билич, Л.В. Назарова.
KazMedic.kz 2016.
4.О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков,
Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев,
Т.С.Хайдарова. Аурудың алдын алу және
сақтандыру бойынша орысша-қазақша
терминологиялық сөздік. Шымкент. “ҒасырШ”, 2005 жыл.